Ағаш өңдеу


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу» Университеті

Факультет:Агробиология

Реферат

Тақырыбы:Ағаш өндірісі

Орындаған:Маханбет Аяулым, экология-20-05

Тексерген:Куандыкова Эльнара

2021ж

Ағаш өндірісі

Жоспары:

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2. 1. Ағаш қалдықтары

2. 2. Ағаш өңдеу

2. 3 Ағаш қңдеу жабдықтары

3. Қортынды

Қалдықтар

Қалдықтар басқа түрдегі немесе көлемдегі өнімдерді өндіруде негізгі шикізат ретінде пайдаланылуы мүмкін. Осылайша, қалдықтар қайталама шикізат немесе материал болып табылады.

Қалдықтардың жіктелуі

Қалдықтар жіктелуі мүмкін:

шикізаттың ассортименті бойынша (ағаш қалдықтары, фанер және талшықты қалдықтар, қоқыс тақтайының қалдықтары) ;

ағаш түрлеріне (қылқан жапырақты, жапырақты) ;

ылғалдылық (құрғақ 15%, жартылай құрғақ 16-30%, ылғалды 31% және одан жоғары, аса ылғалды 100% және одан жоғары) ;

құрылымы бойынша (ақшыл, қалың бұқтырылған, түйіршікті орта, кішкентай, ұсақ) ;

қайта өңдеу сатылары бойынша (бастапқы, екінші) .

Ағаш өңдеу - Ағаштан жасалған бұйымның арнаулы өңдеуден откізіп кәдеге жарату жолдары.

Дайындалатын заттың бетін тегістеу, оймыштап бедер салу, бояу ағаш бетін қыздырылған металлмен қару, біздің ұшымен қарып өрнек, жазу түсіру, т. б. тәсілдер жатады.

Аталған тәсілдерді көбінесе үй жиһазы (көбіне ыдыс-аяқ түрлерін), саз аспаптарының, үй, ғимараттың ағаш бөлшектерін (ұстын, тіреу, есік, қақпа және т. б. ) өңдеуге қолданған. Ол үшін әшекейленетін ағаш бетіне өрнектің нобайын біз тәрізді өткір аспаппен немесе қызған иненің ұшымен батыра сызып алып, әртүрлі мәнерде иілген теміртек (металл) қалыптарды отқа қыздырып, өрнектің бойын қуалай, қарып (күйдіріп) шығады.

Қарағай, самырсын, шырша тәрізді шайырлы ағаштардан жасалған бұйымдардағы ағаштың табиғи өрнегін (текстурасын) айқындай түсу үшін, өңделген бұйымды оттың жалынына шарпытып алса, ағаш талшықтарының шайырлы жерлері сақталып, шайыры жоқ тұстары күйіп, қарақоңыр түске еніп, жолақты табиғи өрнек пайда болады. Ертеректе шеберлер ағаш бұйымдарға ру таңбаларын, адам аттарын, ою-өрнек түрлерін қарып түсірген.

Ағаш бөліктерін қатарластыра қари отырып, сарғыш қоңырдан шымқай қаратүстің арасындағы реңдерді шығарған.

Ағаш өңдеу жабдықтары - ағаш өңдеу жұмыстарында пайдаланылатын қол немесе механикаландырылған аспаптар. Оған: қоласпаптар - балта, ара, сүргі, қашау, бұрғыт. б. ; қосалқы қоласпаптары - ұста балғасы, ағаш балға, қышқаш, бұрауыш, тістеуік, егу т. б. ; механикаландыр ылғанаспаптар - электр ара, электр сүргі, электр қашау, электр бұрғы, электрфреза, электрлік және пневматикалық ажарлау аспаптары т. б. ; механикаландырылған қосалқыаспаптар - электр және пневматикалықбұрауыш; өлшеу-белгілеуаспаптары - метр, рулетка, сызғыш, кронциркуль, ішкі өлшеуіш, деңгейлік, рейсмус, циркуль т. б. жатады. Жоғары механикаландырылған ағаш өңдеукомбинаттарында, шеберханаларда: ірі дөңгелекағаштар мен бөренелерді тақтай етіп тілетін ағаштілгіш рамалар; тақтайларды ені және қалыңд. бойынша қысаң білте тәрізді тақтайшаларға келтіретін дөңгелек аралар; сызықты элементтер жасайтын таспалы аралар; ағаш сүргілеу станоктары; ағаш фрезалау станоктары т. б. қолданылады.

Ара - ағаш кесу үшін қолданылатын құрал.

Аталғы - екі қолмен ұстап, ағаштың қабығын аршитын қисық пышақ.

Байтесе - шаңырақ ағашын беттеп шауып, белгілі қалыпқа келтіретін құрал.

Балта - өткір жүзді, ағаш шабатын сабы бар құрал.

Жоңғы - ағаш жонатын құрал.

Қобы - ағаштың бетін оюлап, өрнек салуға арналған аспап.

Елдің ағаш өңдеу өнеркәсібінің шикізат базасы толық жеткілікті емес. Ағаш дайындау өнеркәсібінің кәсіпорындары ағашты дайындау, өңдеу және тасумен айналысады.

Механикалық өңдеу мынадай салаларға бөлінеді: ағашты кесу, жиһаз өнеркәсібі, ағаш жоңқасын және ағаш талшығын дайындау.

Кесілген материалдар ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының шикізаты болып табылады. Олар Семей, Өскемен, Риддер, Шемонаиха, Черновинск, Көкшетауда жұмыс істейді. Олар құрылыс материалдарын, терезе және есік жақтауларын, ұсталық бұйымдарды, плиталарды шығарады. Ағаш өңдеу өнеркәсібі елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда Шығыс Қазақстанда жақсы дамыған.

Жиһаз шығаратын кәсіпорындар тұтыну аудандарында орналасады. Бұл жиһазды тасымалдау ағаш тасымалына қарағанда қымбатқа түсуімен байланысты, ал өндірістің өзі маманданған кадрлардың болуын талап етеді. Жиһаз фабрикалары Алматы, Өскемен, Қарағанды, Павлодар, Шымкет және басқа қалаларда орналасқан.

Қарағанды облысы, Оскаровка кентінде музыкалық аппаратура, ал Үштөбеде (Алматы облысы) Қазақстандағы жалғыз киіз үй жасайтын фабрика қызмет істеуде.

Бүгінгі күнде елімізде жиһаз өнеркәсібінің дамуына мүмкіндіктер бар, оның өнімі ішкі нарықты ресейліктермен бәсекелес бола алады.

Орман-химиялық өңдеуге целлюлоза, картон, қағаз және т. б. өндірісі жатады. Оған қылқанды орман ағаштары, арзан шикізат ағаш аралау қалдықтары, құрақ пайдаланылады.

Өндіріс энергия, су, шикізат, күрделі құрылғылар мен технологиялар қолданысының жоғары мөлшерімен ерекшеленеді.

Қазақстандағы ең бірінші гофрақағаз және гофрокартан шығаратын қағаз комбинаты Алматы облысы, Қарасай ауданының Абай кентінде жұмыс істейді.

Ағаш өнімдерін механикалық өңдеуден алдыңғы орындарда АҚШ, Ресей, Жапония, Бразилия, Турса ағашты химиялық өңдеуден жетекші орындарды АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Финляндия иеленеді. Оңтүстік орман белеуінен өндірілетін ағаш өнімдерінің дені Бразилиядан алынады. Солтүстік орман белдеуінде дайындалған ағаш өнімдерінің іске жарайтыны 80-100 пайызға жетсе, оңтүстік белдеуде ол бар-жоғы 10-20 пайызды құрайды.

Ағаш дайындау жұмыстары -ағаш құлату, құлатылған ағашты орманнан тасып шығару, бұтақтарын кесу, алғашқы өңдеу, оларды өзен мен ағызатын орынға немесе басқа да транспорттық қатынас орындарына тасымалдау және тиеу. Кейде ағаш дайындау жұмыстарына тек ағаш құлату мен тиеу жұмыстарының комплексі ғана жатқызылады. Ағаш дайындау жұмыстарындағы процестер жоғарғы және төменгі қоймаларда орындалады. Жоғарғы қоймаға ағаш құлататын орын, ал төменгі қоймаға ағаш материалдарын тұтынушыларға жөнелтетін транспорттық орындар жатады.

Ағаш құлату, жығу-ағашты түбірінен кесу не түп тамырымен жұлу. Ағашты электр және бензин маторлы аралармен кейде қол ара, балтамен де кесіп құлатады. Ол үшін құлайтын жақ түбірінен ағашты аздап кесіп, қарсы жағынан құлағанша еңістеп кеседі. Ағаш құлату жұмысы жыл бойы жүргізіледі. Түп тамырымен құлату жоғарғы сортты ағаш алу үшін және жер участоктарын ағаштан тазарту үшін жүргізіледі.

Бұтақ кесу қолмен атқарылады. Бұл операция РЭС-1 және РЭС-2 дискілі электр бұтақ кескіштермен механикаландырылған Ағаш сүйрету операциясы жермен де, аспалы не жартылай аспалы минералмен де жүргізіледі. Ағаш сүйрету тракторымен тасымалдау да кең тараған. Батпақты жерде сүйреу лебедкалары, ал таулы жерде аспалы қондырғылар пайлаланылады.

Ағаш тиеу-ірі пакет түрінде жүзеге асырылады. Шынжыр табанды крандар мен т. б. көтергіш құралдармен жабдықталады. Ағаш сорттау, үю және оны транспортқа тиеу үшін төменгі қойма ағаш тасығыштарымен, консальды крандармен қамтамасыз етіледі.

Ағаш тілгіш рама - бөренелерді, кеспектер мен брустарды бойлай тілетін машина. Қайталамалы -ілгермелі қозғалысқа келетін аралары болады. Ағаш тілгіш рамасы өндірісте кең тараған. Онымен бөрене және кеспектер тілінеді, 12 не одан да көп арасы болады. Көлденең ара тілгіш рамада горизонталь бекітілген бір ғана ара бар. Ол фанер өндірісінде қолданылады. Өңделетін ағашты рамаға беріп тұратын және тілінген материалдарды қабылдайтын арбалар мен рольгангілер. Ағаш тілгіш рама құрамына кіреді.

Фанера - екі не одан да көп жұқа ағаш тақтайларды бір-біріне беттестіріп желімдеу арқылы алынатын ағаш материал. Фанера жасау үшін көбінесе қайың, сондай-ақ қанды ағаш, қарағай т. б. ағаштың түрлері пайдаланылады. Фанера тақтайларының қалыңдығы 1-19 мм, ұзындығы мен ені 725-2440 мм болады. Фанераның арнаулы түріне бакелиттендірілген. Фанера сәндік, фанера профильденген фанера жатады. Фанера құрылыста сондай-ақ автомовиль, вагон, кеме және тік ұшақ жасауда, мебель өндірісінде т. б. қолданылады

Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында - Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы «Қазақстан» өндірістік кооперативі кесілген материалдар, діңгек, ағаш бұйымдарын шығарады. Кооператив ұжымы 70 адамнан тұрса, жылдық қайта өңдеу көлемі 5 мың текше метрді құрайды.

Елімізде Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында - 1, 5 миллион гектар жерді алып жатыр. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50%-ы сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2, 1% ғана. Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады.

Соңғы жылдары облыста ағаш өңдеу саласы жақсы дамып келеді. Әсіресе, ағаштан баспана тұрғызу қарқын алуда. Ол үшін өңірдегі орман шаруашылығы мен оны пайдаланушылар өзара ынтымақтастық орнатқан. Тек Зырян ауданының өзінде ағаш өңдеумен ондаған жеке кәсіпкер айналысады. Нәтижесінде ауданда осы салада 100-ден астам адам тұрақты жұмыс тапса, таза ағаштан тұрғызылатын үй мен моншаға еліміздің басқа өңірлерінен сұраныс артқан. Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын 2 мың текше метр ағаш өңдеуге рұқсат беріледі. Дегенмен өңірдегі орман қорын пайдаланып, ағаш өңдеушілер осы берілген шекті көлемінің 10-15 пайызын ғана игереді. Малеев - облыстағы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім беруде оқушылардың мектеп оқушыларына ағаш өңдеу технологиясын теориялық тұрғыда түсіндіру
Ағаш өңдеудің технологиялық процестері
Ағаш өнімдері мен сүрек қалдықтарын пайдалану түрлері
Ағаш өңдеу токарь станогын оқытудың әдістері мен формалары
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу
Ағаш конструкциялары және материалдары
Ағаш діңінен жасалатын әсемдік бұйымдар
Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі зиянды және қауіпті факторлар
Ағаш өңдеу жұмыстары
Технология пәнін оқытудың негізгі мақсаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz