Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуындағы қарым - қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

І ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Ертегі айтуда коммуникативтік дағдыларға сипаттама 5
1.2Бастауыш сынып оқушыларына ертегі арқылы тыңдалым дағдыларын дамытудың тиімділігі 9
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқыту кезіндегі жас ерекшелік педагогикасы арқылы оқылым дағдысын қалыптастыру 15
1.4 Ертегі бойынша жазылым дағдысы арқылы шығармашылық әрекетінің тиімді жолдары 20

ҚОРЫТЫНДЫ 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде, оқу тәрбие жұмысының жаңару заманнында ағарту саласының мектеп жасына дейінгі жасына дейінгі тәрбиелеу, білім беру барысында шешуін күткен келелі мәселелер тұр. Атап айтқанда, ол балалардың жеке басына дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшеліктерін, ішкі потенциалын анықтап, жан-жақты зерттеу негізінде оқу-тәрбие жұмысын балалардың жақын арадаға даму аймағына бағыттау. Ал балалар тәрбиесіне, бастауыш сынып оқушыларының кездің ықпалы аса зор екені белгілі.
Мектеп жасындағы балалар тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе қарым-қатынас мәселесінде қиылысады. Ал балардың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін, және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, әмбебап ерекшелік - балалардың қарым-қатынас саласы [1].
Мектеп жасындағы балалар қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми қорда аз емес. Аталмыш кеңістікте Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен таралған. Қарым-қатынас негізінде балалардың барлық жеке басының қасиеттері дамып, психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар қарым-қатынас балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор және жағдай болды. Ал балалардың өзін-өзі дамытып, жетілдіруі, реттей алуы, олай болса, өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де балалардың ересектермен және басқа балалармен жасайтын өзара әрекеттестігі, өзара қатынасы және өзара ақпарат алмасуында болады. Ғылымдағы балалар қарым-қатынасының мәнділігі әркімге - психологтарға, педагогтарға, ата-аналарға аян, және ол әртүрлі балалардың әлеуметтенуіне қатысты зерттеулерден белгілі болғанымен, балалар қарым-қатынасында шешілмеген мәселелер жеткілікті.
Мектеп жасындағы балалардың қарым-қатынас генезисіндегі негізгі заңдылықтар ашылған. Алайда, балалардың жеке басының қалыптасу заңдылықтары өз халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне тікелей байланысты болып келеді. Осыған орай қазіргі кезең жағдайында ұлттық құндылықтарды балалар тәрбиесі мен дамуында пайдалану белсенділігі артып, ұлттық мәдениеттің өзекті педагогткалық, психологиялық мәселелерін шешу, оны дамсыту жолдарына деген қызығушылық арта түсуде. (Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов).
Мектеп жасындғы балалардың қарым-қатынасын зерттеп, сол арқылы баланың психикалық тұрғыдағы дамыту және түзету мәселелерінің шешімі әлі күнге дейін жүйелі табылмаған. Қазақ баларының тәрбие, оқыту үрдістерін психологиялық, педагогикалық жағынан қамтамасыз ететін мамандардың арсеналында арнайы контингентке бейімделген зерттеу әдістері жоқтың қасы. Осы контксте ертегілік сюжеттік ойындар, құндылықтар баланың жеке басын дамыту үрдісінде таптырмайтын әмбебап құрал және әдіс болуы керек. Себебі ертегілік сюжеттік ойындардың, жаңылтпаштар мен жұмбақтардың халықтық педагогика тақырыбын қамтымайтыны бомайды. Алайда ертегілік сюжеттік ойындардың, құндылықтардың балалардың жеке басын дамытудағы мәні белгілі болғанымен, психодиагностикалық мүмкіндігі бүгінгі күнге дейін ғылыми зерттеу мәселесіне айналған жоқ.
6-7 жастағы балаларды оқыту, тәрбиелеу мекемелері өз функцияларының тізгінін босатып жіберуі, ересектердің қоғамдық дағдарыстан әрқалай күй кешуі-бір жағынан, екіншіден - экологиялық, медициналық мәселелердің бала дамуында орын алуы, үшіншіден - қазақ баларының мектеп жасына дейінгі кезеңдегі қарым-қатынас ерекшеліктерін ескеру негізінде оқыту, тәрбиелеу және дамытудың назардан тыс қалуы, ғылымда бала қарым-қатынасын жетілдіру жолдарының бір жүйеге келмеуіне әкелді.
Соңғы 30-40 жыл ішінде қарым-қатынас механизмдерін дамытудың белсенді, жедел әдісі-тренингтер ұйымдастырылып, қолданылуда. Олар топтық жұмысқа негізделіп, тиімділігі дәлелденген [2].
Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің әр түрі - сензитивті, оқытып-жаттықтырушы, өнер-би, арт (сурет) тренингтердің - бастауыш сынып балаларға тигізетін психологиялық әсері әлі де болса кеңейтіле зерттелмеген. Ал қазақ балаларымен жүргізілетін тренингтер ерекшеліктері осы күнге дейін назардан тыс қалып отыр. Осыларды ескере отырып біздің зерттеу жұмысымыз 6-7 жастағы қазақ баларының қарым-қатынасын тренингтік әдістермен жетілдіру жолдарын қамтиды.
Зерттеу мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын ертегі арқылы дамытудың ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуындағы қарым-қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру.
2. Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын жетілдірудегі ертегі тренингтерінің мүмкіндіктерін анықтау.
3. Оқушылардың қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін жетілдіретін тренингтік сабақтарды модификациялау және оларды ұйымдастырудың тиімді жолдары мен әдістерін айқындау.
4. Бастауыш сынып оқушылардың оқу-тәрбие үрдісіне тренингтік сабақтарды енгізу және оның апробациясы.
Зерттеу пәні - Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасын жетілдіру үшін ертегі тренингтік сабақтарды қолдану мүмкіндіктері.
Зерттеу әдістері. Эксперимент барысында балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған Г.А.Урунтаева, Т.А.Репина, К.Т.Шерьязданова, т.б. әдістемелері, эксперименттік баға, бақылау әдістері қолданылды. Эксперименттен алынған нәтижелерге статистикалық өңдеу әдістері қолданылып, мәнділігі анықталды.

І ТАРАУ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЕРТЕГІЛЕР АРҚЫЛЫ КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ертегі айтуда коммуникативтік дағдыларға сипаттама

XX ғасырдың ортасында дүниенің әр түкпірінде қарым-қатынас мәселесіне арналған зерттеулер шамамен бір уақытта пайда болып, тарала бастайды.
Мұндай зерттеулердің ішінде балалардың қарым-қатынас сферасына қатысты еңбектер ерекше орын алады. Ғылымда мектеп жасына дейінгі балалар психикасының дамуындағы қарым-қатынас аса маңызды фактор ретінде тағайындалған.
Қарым-қатынас адамның өзара әрекеттестік және өзара қатынас жасауының ерекше формасы.
Қарым-қатынас мәселесін психологиялық, педагогикалық тұрғыдан зерттеу әлемдік ғылымда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңде өзекті мәселе болып көтерілді. Осы уақыттан бастап қарым-қатынасқа анықтамалар беріліп, оны зерттеуде бағыттар пайда болды.
Сонымен қарым-қатынас деп - екі (немесе одан да көп) адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз. Олай болса, біз зерттеуімізде қарым-қатынастың мазмұнды жағына, іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынастың орнына, 6-7 жастағы балалардың психикалық дамуының қарым-қатынас байланысын анықтауға баса назар аудардық. Іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.А.Н.Леонтьевтің қарым-қатынасты іс-әрекеттің өзгеше түрі деп талдау концепциясы, Б.Г. Ананьевтің А.А.Бодалевтің коммуникативтік әрекет жайлы ілімдер біздің зерттеуіміздің әдіснамалық негізі болды [3].
Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынас жасауы әр-түрлі ғылыми позициядан түсіндіріледі. Сол кезден бүгінгі күнге дейін бала (лар) мен ересек (тер) жүйесіндегі қарым-қатынас бала - бала (лар) жүйесіндегі зерттелген көне ілгері және жан-жақты қарастырылған.
Психология мен оған салалас ғылымдарда қарым-қатынас құралдарының сипаттамалары, жүйелері келтіріледі.
М.И.Лисинаның қарым-қатынас құралдарының үш тобын экспрессивті-мимикалық, заттық-әрекеттік және тілдік құралдарына бөліп қарастыруы біздің зерттеуіміз үшін де маңызды.
Қарым-қатынас құралдарын қолданып, жалпы нәтиже алу тәсіліне де талдау жасалық. Қарым-қатынас тәсілі оның бірлігі деп танылады.
Біздің зерттеу жұмысымызда 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасындағы стиль ұғымын, ересектердің, ата-аналардың, педагогиканың балаларға психологиялық әсері, ықпалы деп тағайындаймыз.
Қарым-қатынастың қажеттіліктері, мотивтері, тәсілдері, құралдары, формалары, стильдері. бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынастарын жетілдіру, коррекциялау мәселері үшін аса мәнді деп санаймыз.
Оқушылармен жүргізілетін зерттеу, әсересе диагностикалық жұмыс, олармен қарым-қатынас саласында профилактикаға және коррекцияға негіз болатындығымен маңызды.
Осыған орай психологиялық әдебиеттерде балалардың қарым-қатынасын анықтау әдістемелерінің тиімді түрлері жасалынған. Біз реттеу барысында мұндай еңбектерді талдай отырып, 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасын айқындау мақсатында жасалынған әдістемелерді бірнеше топқа бөлді. Оқушының коммуникативті іс-әрекетінің тиімділігін оның жеке бас, когнитивті қасиеттерімен байланыстырып, осы қасиетттерді зерттеп, бағалауға мүмкіндік беретін әдістемелер жасалынды.
1. Әр - түрлі қарым-қатынас жағдайларын талдауға негізделген зерттеу тәсілдерінің тобы белгілі. Мұнда қарым-қатынас жағдайы экспериментатор вербалды түрде немесе көрнекі құралдар көмегімен жасайды. Қарым-қатынас жағдайын талдау әдістемелері оқушылардың жас және даралық ерекшелігін, әлеуметтік ортасын және қарым-қатынас сферасын ескеруге мүмкіндік береді.
2. Қазіргі кезде нақты қарым-қатынас жағдайын талдау әдістерін диагностикалық мақсатта қолданудың өрісі кеңейген. Мұнда қарым-қатынас субъектілерінің коммуникативтілік біліктіліктерін тиімді қолдана алуын анықтау мүмкіндігі бар [4].
Осы тұжырымдар негізінен зерттеу жұмыстарға арқау болады. Біздің зерттеулер үшін айрықша маңызды жайт, ол жоғарыдағы қарым-қатынас себептілігін, яғни адам психикасын дұрыс қалыптастыру және реабилитациялау міндеттерін шешуде қарым-қатынастың әрі құралы, әрі мақсаты болып табылатындығы. 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасы, екі жазықтықты қамтиды:
1) оқушылардың ата-анасымен, педагогтармен және басқа ересектермен қарым-қатынас жасауы,
2) оқушылардың басқа балалармен өз қатарластырымен, өзінен кіші және ересектеу балалармен қарым-қатынас жасауы. Бұл аспектілер негізіндегі зерттеуді ең алғаш рет 1945-1952 жылдары Рене Спитц, Анна Фрейд жүргізілген. Олар оқушының анасымен қарым-қатынас жасауындағы кемшіліктер баланың психикалық және физикалық дамуына кедергі болатындығын көрсеткен.
Балалардың қарым-қатынасын зерттеуге арналған әдістемелер негізінен байқауға, әңгімелесуге, сауал-сұраққа, вербалды тестік әдістерге сандық, сапалық жағынан бағалауға, эксперттік бағалауға негізделген. Мұнда балалардың жас ерекшелігіне, тәжірибесіне байланысты диагностикалық жұмыстар табиғи жағдайда өтуі жөн болады. Осы орайда техникалық құралдар - аудио, видео, жазба, таспа, аппаратураларын - қолдану аса тиімді (Л.А.Петровская). Бұл зерттеу сенімділігімен дәлдігін арттырады. Балалардың белсенділігі қарым-қатынас жасауына, өз-өзін танып білуіне мүмкіндік береді. Біз қазіргі балалар қарым-қатынасын анықтауға арналған әдістемелерді толық (саны жағынан) қолданса ғана балалардың коммуникативті іс-эрекетін диагностау дәлдікке ие болады деп ұйғарамыз. Алайда барлық қарым-қатынас компоненттерін зерттеуге арналған әдіс тәсілдерді толық қолданудың қандайда болсын уақыт шеңберіне симайтындығы даусыз. Ал екінші жағынан, әрбір бала белгілі бір әлеуметтік ортаның ықпалында болады. Сол ортаның құндылықтарын өзінің жеке басына сіңіреді, бұл жағдай балалар қарым-қатынасының логалды әлеуметтік этикетпен, ритуалмен, құндылық есебіндегі мінез-құлық, жұріс-тұрыс стандарттарымен әрленіп, өзіндік әлеуметтік таңбасы болатындығы белгілі. Әсіресе ұлттық өзіндік сананың интенсивті дамуына барынша жағдай жасалынып жатқан қазіргі қоғамда қарым-қатынас субъектілерін ұлттық ерекшеліктерінен, салт-санасынан бөліп алып, тексіз, ұлтсыз пенде күйінде қарауды, зерттеуді заттың футлярын ғана қызықтаумен салыстырар едік.
Сонымен қатар бастауыш сынып балалармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстың коррекциялық, дамытушы әсері де оған пареллель болуы керек деп санаймыз. Ал 6-7 жас кезеңдегі бала-бала жүйесі В.С.Мухина еңбектерінде сипатталынады. Ғалым баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруы оның психикалық дамуына жағдай жасайтынын тағайындайды [5].
Онда негізгі 3 жағдай баса көрсетіледі:
1. оқушылардың өзге балалар тобымен қарым-қатынас құруында ерекше, ересектермен жасалған қарым-қатынастан айрықша қатынас тағайындалады;
2. бала-бала жүйесінде ғана кейбір іс-әрекет түрлерін меңгеруге болады, яғни балалар топпен ғана ересек адамдардың қатынасын бірлесіп қайта жаңғыртуға алады.
3. Бастауыш сынып мінез-құлық, жүріс-тұрыс нормалары мен адамгершілік қасиеттерді қолданып, жаттығуға мүмкін болады.
И.А.Бойкова 6 жастағы балалардың ересек адамдармен қарым-қатынас құруы жеткіліксіз болса, олардың қатарластарымен контакт жасау мүмкіндіктері де шекті болатындығын көрсетеді. Ал Д.Б.Годовикова балалардың ересек адамдармен құрған қарым-қатынасы қатарластармен арадағы қарым-қатынасқа проекцияланатындығын тағайындаған.
Балалардың өз қатарластарымен қарым-қатынас құруы осы қарым-қатынасты қажетсінуімен анықталады. Бұл қажеттілік 3-жасқа келген балаларда қалыптаса бастайды.
6-7 жастағы балалардың басқа балалармен қарым-қатынасты қажетсінуін А.И.Фукин 3 топқа бөледі.
1-ші топқа қарым-қатынаста белсенді балалар жатады. Олар басқа балалармен байланыс жасағанда жағымды эмоциялы реакция, жұптасуға қызығушылық танытып, аса назар аудару, сезімталдық көрсетуі, жұптасының қарым-қатынас құруына түрткі болу сияқты мінез-құлық, жүріс-тұрысын көрсетеді.
2-ші топқа қарым-қатынаста енжар балалар жатады. Олар өздерін топ ішінде ұстай алмай, беймаза күй кешеді, жағымсыз эмоция танытады.
3-ші топ қарым-қатынаста аумалы болатын балалармен сипатталады. Оларға 1-ші де және 2-ші де топ балаларының тенденциялары тән болады. Ал Х.Т.Шерьязданова еңбектерінде 6-7 жастағы балалардың ойын әрекетінде ересектер мен бала арасындағы қатынасқа құрымдылық-логикалық тұрғыдан сипаттама жасалады ғалым оны сурет түрінде көрсетеді.
Сонымен баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында әрбір баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық жас ерекшеліктері айқын көрінеді.
Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ отбасындағы әлеуметтік роль мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ халқының адамгершілік құндылықтарын қарым-қатынаста ескерілуі қажет деп пайымдаймыз. Алайда, қарым-қатынас әсіресе бастауыш сынып балалардың коммуникативтік іс-әрекеттік мәселелерінде қатысты зерттеулерде балалардың әлеуметтік ортасындағы этно-мәдениеттік факторлар әлі күнге қарастырылмауда. Сондықтан біздің жұмысымыз қазақ балаларының қарым-қатынас сферасын зерттеп, дамытуды (тренинг әдісімен) басты максат етіп отыр.
Біздің зерттеу болжамымызға сәйкес 6-7 жастағы балалар ересектермен, басқа балалармен тиімді қарым-қатынас құруға жаттығулары қажет, ал, бұл жаттығулар балалар тобында ерекше ұйымдастырылған үрдіс болса ғана, қарым-қатынасты балалардың қажетсінуі, оған мотивтері пайда болып, жағдайдан тыс - жеке бастық қарым-қатынас формасының қалыптасуы жүзеге асырылады, қарым-қатынастың жалпы нәтижесін алуға мүмкіндік болады. Мұндай ерекше ұйымдастырылатын үрдіс-топтың іс-әрекетке негізделеді [6].
Сонымен, қорытынды жасайық:
1. 6-7 жастағы балалардың психикалық дамуының басты факторы қарым-қатынас болады. Балалар бұл кезеңде қарым-қатынасты ересек адамдармен және өз қатарластарымен құра алады.
2. Қарым-қатынас ұғымы психология, педагогика және олармен салалас ғылымдарда қарастырылады. Педагогикалық-психологиялық ғылымдарда қарым-қатынастың құрамдас компоненттері нақтыланған. Оларды анықтау арқылы ғана балалардың қарым-қатынас сферасына қатыыты қажеттіліктер, мотивтер, тәсілдер, формалар, әрекет-актілер, жеке-дара стильдер, яғни жалпынәтиже белгілі болады.
3. 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасы жағдайдан тыс жеке бастық формамен сипатталады. Бұл кезеңде балалардың басқа адамдарды, қарым-қатынас жасауда өзара түсінісумен әрекеттестікті қажетсінуі, вербалды, вербалды емес қарым-қатынас тәсілдері дамиды. Айтылған форма негізінде балалар моральдық, адамгершілік құндылықтарын меңгереді, дискусивті ойлана алады, эмоциялық жағымды реакциялар қалыптасады, өз-өзін аффективті - когнитивті тұрғыдан тани алады. Мектепте оқуға мотивациялық, интеллектуалдық және коммуникативтік тұрғыдан даяр болады. Олай болса, балалардың 6-7 жасар кезеңінде қарым-қатынасты жетілдіруге баса назар аударылуы қажет.
4) Ғылыми зерттеулерді талдай отырып, 6-7 жас балалардың қарым-қатынас сферасын дамыту, кеңейту үшін ең қолайлы кезең екенін анықтадық.
5) 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасына арналған зерттеулерде әлеуметтік орта ерекшеліктері, ұлттық құндылықтар аспектісі ескерілмейді.
6) Жанұядағы тәрбиеге ересек адамдар позициясына, жалпы балалардың қарым-қатынасты қажетсінуіне байланысты жоғарыдағы қарым-қатынас формасы қалыптаспай, оқушылардың мектепке келетіндіктері, олардың қарым-қатынас сферасындағы кемістіктері, дамусыз қалған жақтары Х.Т.Шерьязданова зерттеулерінде тіркелген. Сондықтан 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынасты қажет етуін, коммуникативтік мотивтерінің болуын, қарым-қатынас тәсілдерін меңгеруді, қарым-қатынас құралдарын (вербалды және вербалды емес) жетілдіруді, қарым-қатынастан жалпы нәтиже алуды қамтамасыз ету қажет болады. Ол үшін ересектің жетекшілігімен, балалардың бір-біріне әсері болатындай ерекше топтық жағдай ұйымдастыруды тиімді педагогикалық, психологиялық әсер деп санаймыз.
Енді келесі тармақта бастауыш сынып балаларға психологиялық әсер етудегі тренингтерді қолдану негіздері мен ерекшеліктеріне талдау жасаймыз.

1.2Бастауыш сынып оқушыларына ертегі арқылы тыңдалым дағдыларын дамытудың тиімділігі

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі бір әрекетпен айналысуына байланысты. Адам өз психикасын түрлі жолдармен жарыққа шығарады. Ойын арқылы адам психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Ойынның әсіресе оқушылардың психологиясына тигізетін әсері көп. Ойын кезінде оқушылардың ортамен қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өсіп, мінез-құлқы қалыптасады. Балалар ойынының түрі де, мазмұны да әртүрлі ойынның барысында көрінеді. Ойынның сан алуандығы балаларды достыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа, шапшаңдыққа баулытады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар. Мысалы: Баланың істегені білінбес, Баламен ойнама шаршарсың, Ойнай білмеген, ойлай білмейді деген қазақтың мақал-мәтелдеріне қарасақ, балалардың ойынға аса құмар келетіні, ойын арқылы балалардың сана-сезімі, ақыл-ойы өсіп жетілетіндігі дұрыс көрініс береді. Балалық шақ ойыннан бөлінбек емес. Балалар ойындарының қандай болмасын мәдени ұлттық орталармен мазмұндастығы және мерзімдік жағынан әлдеқайда тұрақтылығы ойын феноменалогиясын бір жағынан ғана ашады. Ал екіншіден, ойынның полифункционалдығы балалардың психологиялық құрылымдарының қалыптасуына және педагогикалық-психологиялық диагностикаға, яғни мониторингтік іс-әрекетке мүмкіндік береді. Ойын әр уақытта және әр халықта болатын бірден-бір балалардың негізгі іс-әрекеті [7].
Ойынның қоғамдық-әлеуметтік сипаты ең алғаш рет Г.В.Плеханов еңбегінде көрсетілген. Ол аса мол педагогикалық жайттарды жалықпай талдай отырып, балалар ойынының мазмұны, сипаты қоғамдық өмірмен байланысты болатынын тағайындаған. Біздің жұмысымыздағы оқушы ұғымын бала сөзімен синоним ретінде қарастырсақ қате болмайтын сияқты.
Ең алдымен әдептілік құндылықты анықтап алайық, бұл үшін Н.Елікбаевтың берген сипатамасымен түсіндіру жөн сияқты. Ұлттар өміріндегі ұлттық психологиямен тығыз байланысты көкейтесті мәселенің бірі - ол ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ұлттық психологияның ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде де айқын көрінеді. Осы мәселелерге арналған әдебиеттерде ұлттық әдет-ғұрыптардың, дәстүрлердің саяси-әлеуметтік өмірдегі орны мен рөлі, оның таптық сипаты, прогресивтік рухани маңызы ұлттық қатынастардың жетілу процесіндегі әдептілік мәдени құндылықтарына талдау жасалынады.
Әрбір халық өздерінің әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, салт-жораларын ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырады, әрі сақтайды. Олардың ұлттық мәдениетінде, тұрмысында бөлінбейтіндей болып қалыптасады. Ұлттық әдептілік, мәдени құндылық олардың өмір ерекшеліктеріне сәйкес сол ұлттық көпшілік өкілдеріне тиісті болатын қоғамдық дему мен табиғат құбылыстарының қайталану заңдылықтарының нәтижесі. Олар адамдар арасындағы қатынастарды ойша шамалаудың, топшылаудың эмоцинальдық көріністердің түрлері мен формалары ретінде пайда болады. Әдептілік, мәдени құндылықтар адамдардың бүкіл психологиясымен неғұрлым терең байланыста болады.
Қоғамдық өмір қоғамдық қатынастардың әр-түрлі формаларымен-өзара әрекеттестік, өзара қатынас, кәсіби қатынас т.б. микро-мезо-микросоциумда көрінеді. Сондықтан Б.Ф.Ломов психологиялық зерттеу үшін жеке адам өміріндегі қоғамдық қатынастардың көрінуін анықтап алуды дәріптеген. Олай болса балалар ойындарының мазмұны әлеуметтік ортадағы қарым-қатынастың барлық деңгейін бейнелейді. Макро-мезо-микросоциумның жеке адамға әсер ету механизмдері мен нәтижелері мәдени ұлттық құндылықтарымен айшықтық болады [8].
Ойындағы балалар әрекетінің барлығы дерлік әлеуметік ортаның бейнесі болатындығын Л.С.Выготскийдің 20-шы жылдары бастаған ойын мәселесін зерттеуін жалғастырушы А.Н.Леонтьев көрсеткен. Сол сияқты ірі ғалым Д.Б.Эльконин еңбектері балалар ойынның әлеуметтік табиғатын ерекше мәдени құрылым ретінде түсіндіріледі. Ол ойынды ересектердің қоғамдық өмірін бейнелеу деп анықтайды.
Біздің зерттеуімізге қазақтың ертегілік сюжеттік ойындары, жалпы ойын жайлы қазақ ғалымдарының теориялық және тәжірибелік негіздері арқау болды.
Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған айрықша саласы балалар ойындары. Рухани мұрамыздың өзге түрлері сияқты оның да даму тарихы, толымды арнасы, әркез қоғамда атқарып келе жатқан қызметі бар.
Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерлеу жоқ. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Демек, халықтың этикасы мен эстетикасының, педагогикасы мен психологиясының, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдерінің, шаруашылығы мен кәсібінің шоғырланған көрінісі балалардың ойын-сауық түрлерінде жатыр десек асыра айтқандық емес.
Әрбір қоғамның балаларға жасап отырған қамқорлығына, жеткіншек ұрпаққа деген көзқарасына қарап, сол қоғамның болмыс - бағдарын байқауға болады. Түптеп келгенде, ұлттық қасиет пен дәстүрдің қалайша жалғастық табуы да сол қоғамның ұрпаққа деген мәмілісіне байланысты. Сондықтан болар, қазір көптеген дүние жүзі халықтарының педагогика мен психология ғылымында Халықтық педагогика мен ұлттық психология деген арнайы ғылыми бағыттар қалыптасты. Олар халықтың дәстүрлі тәрбиелеу салтын, мәдени құндылықтарын балаларға қатысты әдет-ғұрпын, өлең-жырларын, ойын-сауықтарын жан-жақты қарастырады. Мұндай игілікті істердің нәтижесінде әрбір халықтың мәдениетін кеңірек тануға, психологиясын терең түсінуге, этникалық мәдениет, дәстүрін ұрпақтар бойына сіңіру жолдарын нықтылы білуге, балалардың психикалық дамуын тиімді етуге, сөйтіп халықтық педагогиканың тиімді жақтарын бүгінгі күннің қажеттілігіне жаратуға болатындығы анықталып отыр.
Әр халықтың өз ұлт ойындары және әр ұлт ойынының өз ерекшеліктері бар.Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделіктегі тіршіліктің қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.
Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамиды да, кейін келе жасөспірімдерде қалды. Себебі үлкендерден көргенін балаларда да, үй ауласында, далада ермек етеді: түйе құмалағынан қой бағып, қой құмалағынан қозы бағып, бір жерден, екінші бір жерден, екінші бір жерге көшіп-қонумен тағысын тағы сәбилер уақытын өткізеді. Бұдан өзі ертеңгі ортаның азаматы болғанда басынан өткізетін өмірін, болашақтағы еңбегін қазір ермек етіп отырғандығы байқалады [9].
Адамзаттың дүниеге келген күнінен бастап - ақ ақыл-ой, қабілетінің ортаға, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын реттейтін, белгілі бір жүйеге келтіретін осы балалар мен жас өспірімдер ойындары сондықтан да ойын балалар еңбегі, балалардың уақытымен ғана санасады. Мұндай пікірді қостаған орыс ғалымы Е.А.Покровский де,-ойын кезіндегі балалар жұмысы-дейді.
Ұлт ойындары адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны, бар өнердің бастамасы. Қазақ халқының ертегілік сюжеттік ойындары әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамыды. Олай дейтініміз, қазақ халқының ертегілік сюжеттік ойындары ертеден туып, тұрмыс жағдайларына үйлесімді келеді, яғни көшпелі тұрмысқа лайықталып, материалдық даярлық өте береді және халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.
Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өн бойынан халықтың ұлтық ойындарының алуан түрлерін кездестіреміз.
Жырлардың негізгі кейіпкерлері де ойын үстінде көрінеді. Ол негізгі кейіпкерлер: болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері т.т.
Ойын арқылы қазақ балалары өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түскен. Ойынды қазақ халқы тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қарамаған. Ең бастысы-ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.
Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне пайдасын тигізеді.
Манаш ұлы Тұяқбай жырында: Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала, кеудеге ақыл ойлайды,- деп, ойынның ойлауға да көп маңызы барын айтады.
Ұлттық психика ойынның өнерге қатысты саласында ерекше көрінеді, өйткені өнер адамының өз саласын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін, біртіндеп қалыптасқан халықтың эстетикалық талғамдарын көрсететін қоғамдық сананың бір формасы.
Шоқан Уәлиханов қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлтық психологиясынан елеулі орын алып келе жатқан айтыс өнері, адамның төгілдіре жырлау, суырып салма сияқты ой қабілетін, үлкен тапқырығын қиыннан қиыстырар қас шеберігін, ерекше қажет етеді. Мұндағы түйдек-түйдегімен айтылатын сөз нөсері, бұлтаруға ырық бермейтін ащы шындық, әзіл-шыны аралас өткір сөзбен қарсыласының қапысын тауып, оны кенеттен мүдіртіп тастау, беталды мақсатсыз айтылған пікір-таласының орын алмауы, әр сөзінің мірдің оғындай болуы- Шоқан айтқандай қазақтың шешендік өнерге қабілетті, өнер мен жырға икем келетіндігінің айқын айғағы. Бұл арнада 6-7 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасын ғана емес, психикасының бар жағын дамытуда балалардың айтыс ойындары бірден-бір универсалды (әмбебап) құрал болмақ.
Профессар Т.Тәжібаев, Ы.Алтынсаринді Қазақстандағы педагогикалық ойдың пионері деген. Ы.Алтынсарин қазақ балалары жоқ, ежелгі әскери жорықтардың сілемдері. Бұл ойын өнеріне баулумен қатар, рәсім (ритуал) қызыметінің атқағандығын жорамалдауымызға болады. Себебі, жорыққа аттанар алдында осыған ұқсас рәсімдар көптеген ежелгі тайпаларда болған [10].
Ойындарда ежелгі заман көріністерінің молынан сақталу себебі, олар халқымыздың ізгі қасиеттеріне, шаруашылық кәсібіне (этикалық және статистикалық дәстүріне) тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы болды.
Ойындар арқылы балалардың тәні де, жан дүниесі де ойдағыдай жетіліп отырған; көпшілік ортасында өзін-өзі ұстаудың, қысылғанда жол табудың қоғамда өз орнын сезінудің алғашқы мектебі де осы ойындар болды десек асыра айтқандық емес.
Ойындардың осындай қызметтерінің ішінде айрықша орын алатыны - шаруашылыққа, еңбек кәсіпке баула қазақ өмірінің негізгі күн көру кәсібі төрт түлік малға байланыста болғандықтан, олардың бейнесі ойындардан да мықтап орын алады. Ойында, қойышы, қой, қасқыр, ит (Ай құлақ), түйе, бота, теке (Соқыр теке) рөлдеріне еніп, олардың арасындағы қарым-қатынасты көрсету - таза көшпелі тұрмыс-тірішіліктен туған. Төрт түліктен басқа да үй жануарларының басты жауы қасқыр бейнесінде берілсе, кейде қасқырдың орнына ескі сенімдерге байланысты жалмауыз кемпір тұлғасы көрініс береді (Етек-етек, Көш-көг).
Көшпелі тұрмыс тіршіліктің негізінде пайда болған мал шаруашылығымен сабақтас асық ойындары да қазақ даласында кең тараған.
Түрлі түсті бояумен боялған асықтармен, қорғасын құйып, арнайы даярланған сақамен түрлі ойындар ойналған. Кейінгі жылдарда олардың көбі ұмыт болды, бірақ енді біразы жаңа тәртіппен ойналуда.Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын, отырып та, қозғалып та, жүріп те ойнайтын түрлері аса мол. Олардың арасында түрлі заттар арқылы және сөзбен ойналатындарын қарастырылып көрелік.
Түрлі заттарды пайдалану арқылы ойналатын ойындар көбінесе қимыл-қозғалыстармен байланысты өрбиді. Ондай заттар айнала қоршаған орта және тұрмыс-тіршілікте кездесетін тас, ағаш, балшық, құмшыбық, таяқ, сүлгі, орамал, бөрік, белбеу, жіп, ине т.с.с. болып келеді. Кейде ойынға, арнайы даярлайтын заттар да болады. Оларға тазартылып, боялған асықтарды, түрлі ойыншықтарды, қуыршақтарды, ертеректе қолданылған сиырдың түлеген жүнінен басылған допты, жонылған және кесілген ағаштарды т.б. жатқызамыз. Заттарды пайдаланып ойнау кейде іс-әрекет барысында қара сөз, не өлең-тақпақтармен қосақталып айтылады. Сөз текстері ойынның кезекті шартын, іс-әрекеттің себебін түсіндіреді. Мәселен, Аспау мәстек ойынында керілген арқанның үстінде отырып, жерден еңкейіп тақия алуды былай түсіндіреді: ережесі бола бермейді. Олар түрлі ойындарға көмекші, ал кейде өзінің мазмұнының қызықты, тартымдылығы мен ойын қызметін атқарады.
Осындай ойын жырларының бірі санамақ. Жас баланың қолын ұстай отырып, саусақтарына ат қойып, оларды бірде бүгіп, бірде жазып ойнау арқылы балалардың көңілін аулау, алдандыру мақсатында айтылатын бұл ойын көбінесе нәрестелерді уату (потешки) жырларына жатқызылып жүр. Дегенмен, санамақты сұрақ түрінде келетін, кейде ойланып жауап беруді қажет ететін, үлкендер мен балалардың бірлесіп отырып атқаратын қимыл-әрекеттері бар. Бұл ойын жыры негізінен оң-солын әлі толық танымаған бір-үш жастағы сәбилерге арналып айтылған [11].
Санамаққа қызметі бойынша жақын тұрған ойын жырларының келесі бір түріне сұрамақ жатады. Бұл көбінесе 7-8 жасқа дейінгі балалар ортасында сұрақ-жауап (диалог) түрінде орындалады. Сұрамақ көбінесе жан-жануарлар мен табиғат құбылыс атына балалардың өзінше берген жауап-түсінігі іспеттес.
Түрлі ойындарда әркімнің атқарар қызметін, орнын, рөлін. Кімнің ойынға кіріп, кімнің ойыннан шығытынын кімнің басқаратынын белгілеу үшін балалар арасында арнайы тақпақтар айтылады. Оларды қаламақ деп атайды. Қаламақта айтылатын сөздердің мазмұны ойындағы іс-әрекетке сәйкес болуы шарт емес, тіпті олар мүлде басқаша болуы мүмкін. Шарты сол - тақпақ сөздері рет-ретімен айтылғанда кімге кезегі келгеніне байланысты (күні бұрынғы келісім бойынша) қызметтерді бөлісу үшін орындалатындығы. Мұндай тақпақтар құрылысы қарапайым, тез жатталатын, көлемі шағын, ұйқасы мығым, ойнақы жолдардан құралады.
Балалар ойындарының үлкендер фольклорында үндес келетін, соның қайталайтын бір арнасы-айтыс ойындары. Олар орындалу ерекшеліктері, формасы бойынша әдет-ғұрып, салтпен байланысты айтыстарға (бәдік, жар-жар) жақын. Дегенмен, айтыс ойындарының өзіндік белгілері де жоқ емес.
Бұларда жанынан табан астында өлең шығарып айту жоқтың қасы, тексті, көбінесе жаттамалы, тұрақты болып келеді. Сыртқы формасы болмаса, айтыс ойындары айтысқа қарағанда шығуы, орындалуы бойынша табиғаты мүлдем басқаша. Мұнда балалар белгілі бір рөлдерге еніп, қой, ешкі, сиыр, жылқы, қасқыр, малдың иесі, ұл мен қыз болып айтысады. Сондықтан да айтыс ойындарын жанды, буырқанған импровизациялық ақындық өнерден гөрі, жаттапайтылатын драмалық ойын ретінде қарастыруға толық негіз бар. Мұндай мәдени құндылықтардың қатарын қуыршақ, үйшік-үйшік, сұрамақ, рөлдерге бөлініп ойнайтын драмалық үлгідегі жанрлармен болашақта толықтыруға болады.
Балалардың ойын-жырлары мен ойындарынан аздап өзгешелеу тұратын, бірақ іс-жүзінде ойынның қызметін атқаратын тағы бірер ұлттық құндылықтарға жаңылпаштар мен есеп ойындарын жатқызуға болады.
Жаңылтпаштар - ересектерге де, балаларға да ортақ жанр. Балалар арасында жаңылтпаштар көбінесе ойын қызметін атқарған. Санамақ айту арқылы тағайындалған ойын жүргізушілер жаңылтпаштар айтып, ойынға қатысушылардың шапшаң қайталауын талап еткен. Дұрыс айтылмаған жаңылтпаштар отырғандарды күлкіге батырып, жағымды эмоциялық фон жасаумен бірге, дәл қайталай алмаған ойыншы айып тартатын болған. Жаңылтпаштар кейде кезектесіп отырып та айтылған. Кім аз ұпай жинаса, сол өз өнерін көрсеткен.
Ал есеп ойындары үлкен тапқырлықты, шындап ойлануды қажет ететін қазақ халқының айрықша құндылығы. Ұлттық есеп ойындарының мазмұны мен шешуі негізінен көшпелі тұрмыс-тіршіліктің, мал шаруашылығы мен аңшылық-саясаткерліктің көріністеріне байланысты қалыптасқан. Ауызша есеп күрделі болса, оны шешуге нұсқау, түсініктемелер берілген.
Ойыншы есеп шешімін таппаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының ата - аналарына психологиялық кеңес беру
Жеке тұлғаның ерекшеліктерін зерделейтін бағыт
Қазіргі ауыл мектептеріндегі педагог-психолог қызметі ерекшеліктерінің мазмұны мен әдістемесі
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын ертегі арқылы дамытудың ерекшеліктерін зерттеу
Ауыл мектебіндегі педагог-психолог қызметінің ерекшілігі
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Бастауыш мектепте тұлға - аралық қатынасты қалыптастыру тәжірибелері
Бастауыш сынып оқушыларының темпераментін анықтау жолдары
Пәндер