Жазушы прозасындағы тұлғаның психологиялық болмысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ҚAЗAҚСТAН РEСПУБЛИКAСЫ БІЛІМ ЖӘНE ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Т. Әбдіков прозасындағы психологизм»

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

Филология фaкультeті

Қазақ тілі мен әдебиеті кaфeдрaсы

Бeкітeмін

Кaфeдрa мeңгeрушісі:

Дипломдық жұмысты дaйындaу тaпсырмaсы

Студент :

Мaмaндығы: 6B01707 - Қaзaқ тілі мeн әдeбиeті

Тaқырыбы: «Т. Әбдіков прозасындағы психологизм»

Унивeрситeт бұйрығымeн бeкітілгeн «___» 20___ж.

Дипломдық жұмысты aяқтaу мeрзімі «___» 20___ж.

Тaпсырмaлaр жәнe диссeртaциялық жұмыстың қысқaшa сипaттaмaсы:

Ұсынылaтын әдeбиeттeр:

Тaпсырмaлaр бeкітілгeн мeрзім «___» 20___ж.

Ғылыми жeтeкші:

Тaпсырмaлaрды aлдым

Студент:

AННОТAЦИЯ

Дипломдық жұмыстың тaқырыбы: «Т. Әбдіков прозасындағы психологизм»

Дипломдық жұмыстың құрылымы: зeрттeу жұмысы кіріспeдeн, eкі тaрaудaн (тaрaушaлaрдaн), қорытынды жәнe пaйдaлaнғaн әдeбиeттeр тізімінeн тұрaды.

Дипломдық жұмыстың көлeмі: 60 бeт, суреттер бар, зeрттeу бaрысындa 40 әдeбиeт қaрaлды.

Кілт сөздeр:

  1. Дипломдық жұмыстың бірінші бөліміндeжазушының даралық қасиеті, шығармаларының аз да болса саз, санынан сапасы басым екендігін айта отырып, жазушының жеке басына сол замандағы әдебиет өкілдерінің пікірлерін арқау еттік. Бірінші бөлімде жазушы шығармаларындағы адам мен қоғам мәселесіне тоқталдық. Әр шығармасынан сол замандағы қоғам бейнесі мен қазіргі кезеңдегі жалғасы, ұқсастығын баса айтылды. Шығармалардың ерекшелігі болып отырған кейіпкерлердің рухани әлеміне үңіле отырып, әр адамның бойындағы кездесетін қасиеттерді анықтауға тырыстық.
  2. Дипломдық жұмысының eкінші бөліміндeжазушының көркемдік ерекшеліктері, психикалық талдау тәсілдері шығармаларды талдау барысында көптеген сыншылардың, жазушылардың ойлы пікірлері айтылады.

Дипломдық жұмыстың қорытынды бөліміндe

КІPІСПЕ
КІPІСПЕ: I. Т. ӘБДІКОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АДАМ МЕН ҚОҒАМ МӘСЕЛЕСІ
:
КІPІСПЕ: 1. 1. Жазушы шығармаларындағы замана бейнесі
:
КІPІСПЕ: 1. 2 Кейіпкерлердің рухани әлемі
:
КІPІСПЕ:
:
КІPІСПЕ: II. Т. ӘБДІКОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
:
КІPІСПЕ: 2. 1 Жазушы прозасындағы тұлғаның психологиялық болмысы
:
КІPІСПЕ: 2. 2 Тұлға дихтомиясы (тұлғаның екіге жарылуы) «Парасат майданы» повесі, («Өліара» романы негізінде)
:
КІPІСПЕ:
:
КІPІСПЕ: Қорытынды
:
КІPІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиетТЕP тізімі
:

КІРІСПE

XX ғасырдың 60-жылдардың жартысы 70-жылдардың бас кезінде прозадағы лирико-психологиялық бағыт тереңдей бастады. Сонымен қатар, философиялық ойға құрылған интеллектуалды мотивтегі әңгіме, повестер туа бастады. Психологиялық шығармалардың кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне, өз қиялына, психологиясына терең бойлап, жан сырына, нәзік сезіміне үңілген бағыты әдебиет тарихында жарыққа шыға бастады. Қазақ үшін таңсық әдебиет бағыты оқырманға да ерекше әсер етті. Бұл тұрғыда қазақ философиялық прозасы мен психологиялық прозасы өзара жақын байланысты дамығанын атап өткен жөн. Қазақ әдебиетінің 1960-1990 жылдардағы қазақ прозасына өзінің тосын тақырыптарымен келген талантты да талапты Т. Әбдіков қазақ әдебиетінің озық дәстүрлерін жаңашылдықпен жалғастырушысы, қазақ әдебиетін мазмұн, түр, тақырып жағынан ерекше байытты.

Жазушы Төлен Әбдіковтың шығармашылығы туралы Қ. Құрманғалиев: «Әбдіковтің әдебиеттегі қолтаңбасының ерекше екендігін өзінің жазу мәнері, сөз қолданысы, кейіпкерлерінің іс-әрекетін, мінез-құлқын сомдауы, оқшау образдар жасауы, тосын түлғалар табуы тайға таңба басқандай дәлелдеп-ақ тұр. Төленнің кез-келген шығармасының кейіпкерлері сөз саптасынан бастап дүниетанымына дейін ерекшеленіп тұруымен дараланады», - деп жазды [1, 2] . Сонымен бірге, Т. Әбдіковтің «әдеби туындылары алғашқы жарияланған әңгімесінен соңғы жазған романына дейін жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, айтыс-талас тудырып, әйтеуір жайбарақат қалдырған жері жоқ» екендігі де рас. [2, 224] .

Орыс әдебиетінің сынында «психологиялық талдау» деген терминді алғаш Н. Г. Чернышевский, Л. Н. Толстой шығармаларын талдау барысында қолданған екен. Бұл термин басқа да әдебиетші, сыншылар тарапынан қызу қолдау тауып реалистік әдебиеттегі көркемдік әдістің басты элементі ретінде қолданылады.

Психологиялық талдаудың алғашқы үлгісі Л. Н. Толстой туындыларында көрініс берсе, Ф. Достаевский творчествосында ол шын мәніндегі дәстүрге айналып одан кейін А. П. Чехов, И. А. Бунин, М. Горкий, А. И. Куприн шығармаларында тамырын тереңге жайды. Орыс әдебиетінде Л. Толстой мен Ф. Достаевский Қазан төңкерісінен кейін Кеңес әдебиетінде М. Шолохов, Л. Леонов, К. Федин, А. Толстой, А. Фадеев, Л. Собольев сияқты белгілі жазушылардың шығармаларында жемісті жалғасын тапты.

Біріншіден, қазіргі қазақ әдебиетінің қай жанырына көз салмайық, оның профессионалдық деңгейінің өскендігіне, өмірлік шындықты өнерлік мұрат деңгейіне көтеруге де жазушыларымыздың ізденіс үстінде екеніне көз жеткіземіз. Мәселен, ХХ ғасырдың басында дүниеге келген бір ғана роман жанрының өзі бүгінде қандай биік деңгейге, кемелдікке жетті.

Мұндай кемелдіктің түп - төркіні М. Әуезов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Б. Майлин сынды жазушыларымыздың әдебиет пен мәдениеттің озық үлгілерін творчестволықпен меңгерген көркемдік ізденістерде жатыр. ХІХ ғасырда пайда болған прозадағы психологизм ағымын қазақ әдебиетінде көркемдік дәстүрге айналдырып оның кең қанат жаюына олардың қосқан үлесі зор. Алайда, тақыр жерге еш нәрсенің шықпайтынын ескерсек, психологизм мәселесі қазақ әдебиетінде бүгін ғана пайда болған құбылыс емес. Оның тарихи тамыры сонау есте жоқ, ескі заманда пайда болып, қалыптасқан ауыз әдебиеті үлгілерін де жатыр. Мысалы, ауыз әдебиетінің құнарлы бір саласы ертегі, өлең - жырларда қаһарманның қайғы - зарын суреттейтін тұстарда психологизм элементтері бұрыннан - ақ бар.

Ал ХХ ғасырдың басындағы өзге жазушыларға тоқталып жатпай - ақ, бір ғана М. Әуезовтің «Қаралы сұлу», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т . б. әңгімелеріндегі терең психологизмді айтпағанда, психологиялық очерк деп ат қойып, айдар тапқан «Қасеннің құбылыстары» атты шығармасының өзі психологиялық прозаның алғашқылары еді.

Екіншіден, қазақ әдебиетінің 70 - 80 жылдардағы көркемдік көкжиегіне көз салғанда, әсіресе, қазақ прозасына тосын тақырыптарымен келген талантты да, талапты бір топ жастарды байқайтынымыз анық. Қазақ әдебиетінің озық дәстүрлерін жаңашылдықпен жалғастырып, қазақ әдебиетін мазмұн, түр, тақырып жағынан ерекше байытты.

Осы кезеңнің әдебиетіміздегі ерекше көзге түсер өкілдеріне О. Бөкей, Д. Исабеков, Қ. Ысқақов, Ә. Тарази, Ә. Сараев, М. Сүндетов, Т. Нұрмағанбетов т. б. жатқызуға болады. Әдебиетке «Көкжиек» атты тұңғыш әңгімелер жинағымен келіп қосылған Т. Әбдікұлы, бүгінде біршама әңгімелер мен повестер жинақтарының авторы.

Төлен Әбдік әдебиет әлеміне 1964 жылы жарияланған «Райхан» атты әңгімесімен келді. Алғашқы туындысымен-ақ әдебиет сүйер қауымды елең еткізген жазушы қаламынан әр жылдары «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме-повестер жинақтары, «Өлара» (1985) романы жарық көрді. Соңғы жылдары жазылған «Парасат майданы» повесі - жазушының қаламгерлік қырын барынша танытқан. Ол грек аңыздарын қазақ тіліне аударып, «Эллада ертегілері» (1977) деген атпен жариялады. Ол өзінің шығармашылық кеңістігінде 10-нан астам повесть, эңгіме, 1 роман, 2 пьесаның авторы.

Зeрттeу жұмысының өзeктілігі.

Төлен Әбдікұлы шығармалары оқырманды адамгершілікке, ізгілікке, мейірімге, еңбексүйгіштік сынды қасиеттерге шақыра отырып, тұлғаның екіге бөлінуі сынды психологиялық мәселені де қозғаған. «Оң қол», «Парасат майданы», «Тозақ оттары жымыңдайды» атты шығармаларында автор тұлғаның екі ойда болуы, екі тұлғада өмір сүруі көрініс табады. Адам бойындағы мұндай құбылыстарды сөз өнерімен жеткізе білу, оқырман көз алдына елесетете отырып, фантазиялық құбылысты сезінуі автордың шеберлігінің зор екендігін дәлелдейді.

Тұлғаның екіге жарылуы туралы жазылған шығармаларынан соң, автор біраз сынға да ұшыраған. Автордың «Әке», «Ақиқат» повестері мен «Қайырсыз жұма», «Бассүйек», «Жат перзент» сынды әңгімелеріндегі «жалғыздық» философиясының мәтіндегі көрінісі мен идеясы анықталады. Автордың «тұлғаның екіге жарылуы» құбылысы 1970-жылдары жазылған «Оң қол» әңгімесінде көрініс тапты. Әңгіме жарыққа шыға салысымен сындарға ұшырап, бірақ кейіннен өзінің оң бағасын алды. Сол кезден бастап Төлен Әбдікұлы шығармаларының көркемдік ерекшелігі, ұлттық құндылықтары зерттелді. Төлен Әбдікұлы сол кезден бастап әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптарының біріне айнала бастады. Әсіресе, Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы «тұлғаның екіге жарылуы» тақырыбы - ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың басты зерттеу нысанына айналды. 2002 жылы шыққан «Парасат майданы» әңгімесі де «тұлғаның екіге жарылуы» тақырыбына ғалымдарды қайта айналдырып әкелді. «Парасат майданы» әңгімесі негізіндегі постмодернистік бағыт жайлы Амангелді Кеңшілікұлы, Мауленов Алмас сынды ғалымдар еңбек жазды. Бұл жұмыста Төлен Әбдікұлы шығармаларындағы автор-оқырман-көркем мәтін концепциясының негізінде талдау жасалынады. Төлен Әбдікұлы - қазіргі оқырман қауымның ұсыныс қамтамасыз етіп жүрген бірден бір жазушы.

Зерттеудің мақсаты:

- Т. Əбдікұлының прозалық шығармаларындағы қазақ халқының тағдыры, тақырыптық-проблемалық тұрғыда қарастыру;

- Қаламгердің суреткерлік шеберлігі, прозалық шығармаларындағы образдар жүйесі, кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесі, адамның қоғамдағы алар орны психологиялық аспектіде талдау.

Зерттеудің міндеттері: Негізгі мақсатты орындау үшін дипломдық жұмыста мынадай басты міндеттерді шешу алға қойылды:

- Қаламгердің шығармаларындағы қоғам мен адам мәселесін қарастыру

- Жазушының прозалық шығармалардағы өзіндік қолтаңбасын айқындау;

- Қазіргі замандық таңдаулы қазақ әңгімелері мен повестерінің қазақ прозасынан алатын орнын белгілеу.

- Прозалық шығармаларындағы образдар жүйесі, кейіпкерлердің ішкі болмысын анықтау.

Зерттеудің практикалық маңызы :

  • Т. Әбдікұлының әңгімелері мен повестерін және сол кезеңдегі өзінің замандастарының шығармаларын ала отырып психологиялық, философиялық тұрғыдан салыстыру.
  • Жұмыстың нәтижелерін әдебиеттанудағы жаңа бағытты қалыптастыруда пайдалануға болады. Жазушының прозалық шығармаларындағы адам мен қоғам, психологиялық құбылыстарды зерттеудің теориялық негізін қалыптастыруда көмек береді.

Зерттеу нысаны. Жұмыста Төлен Әбдікұлының шоқтығы биік «Әке», «Оралу», «Ақиқат», «Оң қол», «Жат перзент», сынды әңгімелері, «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт», «Тозақ оттары жымыңдайды» шығармалары, негізгі басымдық көрсеткен «Парасат майданы» повесі мен «Өліара» романы.

  1. Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері

Әлем әдебиеттанушыларынан М. М. Бахтин, В. Е. Хализев, В. В. Савельва, Б. О. Корман, Б. С. Мейлах, қазақ әдебиет зерттеушілерінен Т. Есембеков, К. Жанұзақова, Нұрғалиев Р. Құрманғалиев Қ. Майтанов. БАсылбекұлы С. Мұханбатқалиұлы Қ. Пірəлиева Г., Қ. Жұмалиев, еңбектеріндегі ой-тұжырымдар жұмысымыздың негізі болды.

Зерттеу әдіс-тәсілдері. Жұмыс ғылыми сипаттама әдісі негізінде жүзеге асты. Сондай-ақ, салыстыра отырып зерттеу, кешенді талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері мен тәсілдері де тиісінше пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құpылымы: Зepттeу жұмысы кіpіспeдeн, eкі тapaудaн, төрт тapaушaдaн, қоpытындыдaн жәнe пaйдaлaнылғaн әдeбиeттep тізімінeн тұpaды.

I. Т. ӘБДІКОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АДАМ МЕН ҚОҒАМ МӘСЕЛЕСІ
I. Т. ӘБДІКОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АДАМ МЕН ҚОҒАМ МӘСЕЛЕСІ: 1. 1. Жазушы шығармаларындағы замана бейнесі

Кеңестік кезеңде көптеген этникалық ұлт жазушылары өздерінің әдеби шығармашылығын биік деңгейге көтере алды, олар үкіметтің этникалық топтар әдебиеті мен жазушыларына қолдау көрсету саясатын мықты пайдалану арқылы, әртүрлі этностарара әдеби достық орнатып, әр ұлт қаламгерлері өздерінің ұлттық жазба әдебиетінің негізін қайта қалыптасыруға күш салды. 1990 жылдардың басында 70 жылға жуық дәурендеген Кеңес Одағы әп-сәтте ыдырап, оның қанды шеңгелінен босаған жаңа ел ретінде, Қазақстан өзінің әлемдік тарих сахнасындағы орнын тез арада қайта тіктеуі қажет болды. Ал Кеңестік кезеңдегі этникалық ұлт жазушысы саналатын, Кеңес Одағының ыдырауын да, тәуелсіздікті де қатар көрген Төлен Әбдіков сынды жазушылар, кеңестік идеология мен ұлттық саясаттың ықпалында өсті. Т. Әбдіков бастаған қазіргі заман қазақ жазушылары, өз шығармалары арқылы қазақ болымысының өзгеру жүйесіне қалай әсер етіп жатқанын бағамдау - Қазақстандағы ұлттық бірегейлікті зерттеуде тиіптік және бірегейлік мәні бар. Т. Әбдіков Қазақстандағы ең беделді жазушылардың бірі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2002ж. ) . 2002 жылы жарық көрген «Парасат майданы» атты повесі Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлығын, халықаралық Ф. Кафка атындағы орденін және Еуропалық алтын медалді иеленген (2003ж. ) . 2004 жылы осы шығармасымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алған. Шығарманы орыс тіліне аударған ресейлік прозаик, аудармашы Анатолий Ким: «Шығарма күрделі де шиеленісті, оқырманды метафизикалық әлемге жетелейді . . . Автордың шығармашылық философиясы символдық мәнге, өмірдегі трагедиялық тартысқа толы . . . Бұл - адамдардың жүрегіндегі жарық пен қараңғылықтың күресі» деген екен. (Орыс тіліндегі «Дружба народов» журналының 2007 жылғы №6 саны)

Талантты жазушы Төлен Əбдікұлының қаламгерлік қасиеті туралы айтқанда, оның екінің бірі батылы бара бермейтін өткір əлеуметтік мəселелерді қозғайтындығын жəне нені жазса да, биік парасаттылықпен терең зерттеп, жеріне жеткізе жазатындығын жете сезіне білуіміз керек. Қиялы ұшқыр суреткердің өзіндік қолтаңбасы аз жазса да саз жазатындығымен, сөйлемдер қысқа əрі нұсқа болып келетіндігімен ерекшеленеді. Бұл жайында жазушы Дулат Исабеков: «Жалпы Төлен бұрқыратып жазған жігіт емес. Əлі күнге шейін сол ырғағын сақтап келеді», - деп өте орынды айтқан [3] . Ол қай мəселені қозғаса да, қай уақыттың шындығын жазса да, өмірлік, адами проблемаларды алға тартқандығымен көзге түседі. Төлен Əбдікұлының шығармашылығы бүгінгі заман шындығын арқау еткен. Ішінде кеңес дəуірінің шындығын, əсіресе 1930-жылдар аумағында өткен тарихи, əлеуметтік-саяси оқиғаларды («Əке» повесі, «Өліра» романы) т. б. суреттейтін туындылар бар. Бір ерекшелігі, жазушы қай кезеңнің оқиғаларын арқау етпесін, алдымен адам тағдырын, оның тыныс-тіршілігін, өмірдегі күрес-тартысын, əлеуметтік ортадағы əрекетін, қоғамдағы алар орнын тереңнен аршып танытуға мақсат етеді. Жазушы адам мен қоғам, адам мен əлеумет қатынасын əрдайым басты назарда ұстайды. Əрқилы тағдыр иелері өздерінің арман-мұңымен, қасірет-қайғысымен, қуаныш-ренішімен бой көрсетіп жатады. Осы қатардағы қарапайым жандардың қоңыр тіршілігінің өзінен заман шындығын, уақыт бедерін танып, таразылауға тырысады. Жалпы, жазушы күнделікті өмірдегі кейіпкерлерді көрсете отырып, заманымыздың ауқымды шиеленістерін, философиялық тұрғыдан саралаған. Жазушы Т. Əбдікұлының қаламгерлік даралығына оның шығармаларында өмірдің əр құбылысын, оқиғасын бірқалыпты, аспандатпай беруі, қаһармандардың диалогы, монолог арқылы олардың жан əлемін жарқырата аша отырып, болмыс-бітіміне үңілуі, ұлттық болмысқа тəн алуан түрлі қасиет-сипаттарды əндете зерттеуі жатады дегіміз келеді. Қаламгер Т. Əбдікұлы барлық шығармаларында дерлік тарихи зердеге барлау жасап отырады, сол арқылы кешегіні бүгінгімен, бүгінгіні ертеңімен тығыз байланыста, бірлікте қарауға ұмтылады.

40-шы жылдары дүниеге келген Т. Әбдіков, «орыс әдебиетінің ықпалында өстіңіз бе?», - деген сұраққа: «Менің жазушы болып қалыптасуыма орыс әдебиетінің ықпалы өте зор болды», - деген екен. Қос тілде білім алған ол Гоголь, Толстой, Достоевский, Чехов сынды көптеген орыс классик жазушыларының әдеби шығармаларымен кішкентайынан таныс болған, тіпті орыс тіліндегі кейбір көркем мәтіндерді де бес саусағындай білген.

Төлен Əбдіковтың прозалық шығармаларының жанрлық сипаты əр алуан болып келеді. Жазушының «Қайырсыз жұма», «Қонақтар», «Бас саүйек», «Оң қол», «Жат перзент», «Бір күндік ашу», «Көктерек», «Сəби туралы сыр», «Қарасын», «Қойшығұл», «Таласбай» жəне тағы да басқа əңгімелері, «Парасат майданы», «Əке», «Оралу», «Ақиқат», «Қыз Бəтіш пен Ерсейіт», «Тозақ оттары жымыңдайды» аударма-повестері, «Өліара» романы бар. Əдебиет атаулы қай кезде де ашық та, сыншыл көзқараспен қарап, адамгершілікті, ізгілікті дəріптеп келеді. Осынау өмірдегі тек қана ізгі қасиеттер мен жақсылық, зұлымдық пен жамандықтың күресін ғана емес, сол əлемде, үлкен кеңістікте өмір сүретін жəне адам баласының санасы жетуі мүмкін емес нəрселер де болатындығы туралы ой толғап, ешкім ешқашан жауап бере алмайтын «Неге?» деген бір сұрақтың төңірегінде қалам тартқан бұл прозаның көтерген жүгі қашанда ауыр. Себебі адам баласы қашанда өмірден бақыт іздеп жүреді. Бірақ, ақиық ақын М. Мақатаев айтпақшы, сол бақытты іздеуді бастаған күннен бастап, немесе бақыт дегеннің болатынын білген күннен бастап адам бақытсыздыққа ұрынады. Сол сияқты ақылды, саналы адамдар санасыз, ақымақтарға аяп қарауын қоймайды, бірақ сол ақымақтан өзінің əлдеқайда бақытсыз екенін білмейді. Осындай сенгің келмесе де, шындық жағдайларды суреттеу қандай суреткерге де болса ауыр. Бұл туралы белгілі қаламгер Ə. Кекілбаев Т. Əбдіков шығармашылығына баға берген «Адамстанға саяхат» деген мақаласында: «Өмірге сонау ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы қалпынан көп өзгере қоймаған қазақы қырынан келіп, əдебиетке көркем ойдың ғарыштық биіктерін игере бастаған XX ғасырдың бел ортасында араласқан Төлен Əбдіков өзі білетін ұлттық болмысымызға өзі игерген жаңа дүние түйсіктік көзімен үңілуге тырысты. Сөйтіп, біз өмір сүріп жатқан ортаға атымен ұқсамайтын, атымен басқаша, атымен жаңа дүние деген таптық ұғымды жоққа шығара бастады. «Өліара» мен «Əкеде» бұрын қызыл-жасылды қып, жалтылдата бейнелейтін Қазан төңкерісінің кезеңі беймаза қысқа тап болған бей-берекет қыр тұрмысының үйреншікті жадау иін, салпы етек, жыртық көкірек жадағай қалпында бейнеленді. Тығырыққа тығылып, дымы құрыған бидəрмен ахуалдағы қауым да «перілерсіз», «періштелерсіз», «пайғамбарларсыз», өмірде қандай болса, дəл сондай қалпында қарастырылды. Оқтын-оқтын өзі қолдан жасаған зілзаладан өзі оңбай таяқ жеп, ойсырап жататын пенделер тауқыметінің қандай да болмасын асыра дəріптеу мен асыра табалауға лайықты еместігі жан-жақты ашылып, мұқият байыпталды» . . . [4; 33], - деп жазды. Шындығында да адам атаулы өзіне-өзі көр қазып жатқандай, өзін-өзі жерлеуге асығып, қоғаммен арпалысып жүргендей етіп көрсететін шығармалар осы жылдарда көбірек жазылды. Интеллектуалдық ізденіс деген де өте күрделі ұғым. Ол суреткерлік пен ойшылдықты, философиялық ой толғаудағы шынайылық пен нанымдылықты, өмірге деген көзқарас пен дүниетанымдағы диалектикалық тереңдікті жəне олардың табиғи бірлігін талап етеді. Жəне бұндай шығармалар оқырманға да ауыр. Алайда əдебиеттің қызметі тек көңіл көтеріп, ермек ету ғана болмаса керек. Ол адам жанын зерттеуге эстетикалық лəззат беріп қана қоймай, сол лəззатты ала білуге үйретуге де міндетті.

Әбдікұлының қоғамның дертіне айналған ділгір мәселені көтерген келесі бір әңгімесі «Қайырсыз жұма». Жазушының президент аппаратында, жалпы әкімшілік қызметтерде көптен бері жұмыс істейтінін білеміз. Бір сөзбен айтсақ шенді де шекпенді шенеуніктердің қатарында. Жазушының бұл қызметі де өз творчествосына әсер етпей қалмапты. Әрине кез келген жазушы өзіне таныс, өзі зерттеп білген, миы мен жүрегінің «мың градустық домнасында» балқып, (С. Мұқанов) піскен шындығын ұсынатыны белгілі. «Қайырсыз жұманың» кейіндеу жазылуына қарап, бұл тақырыптың да толғағы жетіп, жазбауға мүмкіндігі қалмағанда барып хатқа түскені көрінеді.

Күнделікті өмірде «Баянсыз бақ, талайсыз тақ» деп екінің бірі айтқанымен, екінің бірі мойындап, ұстана бермейтін фәни дүниедегі осы бір қағида, осы бір шындық, бұл әңгіменің негізгі түйіні. Ия бір қарағанда бір адамның жұмыстан босатылуында тұрған пәлендей ештеңе жоқ сияқты (тіпті ол министр болса да) . Бұл жер кім келіп, кім кетпей жатқан орындық. Ал шын мәнісіне келсек солай ма? Т. Әбдікұлы оның тіпті арғы жағына үңіліп, адам психологиясының терең қатпарларына дендейді.

Кейіпкер психологиясын, жан тебіреністерін суреттеп отырып-ақ автор адами құндылықтар мен адамгершілік қағидаларға философиялық астар береді. Міне бұл ащы да болса шындық. Шындықтың жүзіне тура қарау әрқашан да ауыр. Оны мойындау одан да қиын.

Концепция автордың белгілі бір шығармада қолы жеткен табысы десек, «Қайырсыз жұма» әңгімесі де өзіндік табысымен келген, қазақ әдебиетінің төрінен ойып орын алуға лайық шығарма деп білеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Психологизм - көркем шығарманың жұлын жүйесі
Қазіргі қазақ повесть - әңгімелеріндегі лиризм
А.КЕМЕЛБАЕВА ПРОЗАСЫНДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМ
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Халық прозасында жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы
Мектеп үлкен мектеп
Мінез және лиризм
Жаяу қазақ - жартылай қазақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz