Түркістан облысының ауыл шаруашылық жерлерінің қазіргі жағдайы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Әйтбек Диас Батырханұлы
«Түркістан облысының ауыл шаруашылық жерлерінің қазіргі жағдайы»
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
Мaмaндығы 5В011600 - «География»
Шымкeнт 2022
Қaзaқcтaн Рecпyбликacының Бiлiм жәнe ғылым миниcтpлiгi
Oңтүcтiк Қaзaқcтaн мeмлeкeттiк пeдaгoгикaлық yнивepcитeтi
«Қopғayғa жiбepiлгeн»
Кaфeдpa мeңгepyшici
Темирова Ж. Ж.
«»2022 жыл
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Түркістан облысының ауыл шаруашылық жерлерінің қазіргі жағдайы»
Мaмaндығы 5В011600 - «География»
Орындаған: Елубай Б. Ә.
Ғылыми жетекшісі,
Жаратылыстану факультетінің
деканы, г. ғ. к., аға оқытушы Саулембаев А. Т.
Норма бақылаушы: Жаксыбек А. Н.
Шымкент, 2022
Мазмұны
Кіріспе . . . 4-5
1 Ордабасы ауданының физикалық-географиялық жағдайы
1. 1 Климаттық ерекшеліктері . . . 11-15
1. 2 Аудан аумағының гидрологиясы . . . …. . 16-17
1. 3 Топырақ - өсімдік жамылғысының ерекшелігі . . . 17-20
2. Ордабасы ауданының әлеуметтік - экономикалық жағдайы
2. 1. Аудан халқының әлеуеті . . . 21-24
2. 2 Ордабасы ауданының экономикалық даму тарихы . . . 24-29
2. 3 Экономиканы дамыту мақсатында тартылған инвестициялардың аудан әлеуметі мен эконмикасына әсері . . . 30-37
Қорытынды . . . 38-39
Пайдаланған әдебиеттер . . . 40-41
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Ордабасы ауданының әлеуметтік экономикалық даму жағдайы тақырыбында жазылған. Ордабасы ауданының халқының басым көпшілігі ауылдық елді мекендерде тұруына байланысты, аудан халқының әлеуметтік жағдай сырттан тартылған инвестиция мен ауыл шаруашылығына байланысты болып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының алдына қойып отырған стратегиялық мәселенің бірі елдің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыру болып отыр. Ол өз кезегінде Республика халқының 45 пайызға жуығы ауылдық елді мекен тұрғындары болып табылатын азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға тікелей байланысы бар. Аудан құрамында №№ ауылдық округ пен ауыл бар. Елдімекендердің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, Аудан көлемінде жер тапшылығы сезілетін болғандықтан, елдімекендер малшаруашылығы мен егіншілікті бірдей игере алмайды. Ауылдардың басым бөлігі егін шаруашылығымен айналысады. Себебі, аудан көлемінде су тапшылығы сезілмейді. Қалаға жақын орналасқан елдімекендерде ірі зауыт-фабрикалар жұмыс жасайды.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда ғаламдық проблемалардың бірі азық-түлік қауіпсіздік мәселесі болып отыр. Оған бір себебі жалпы адам санының өсуі болса, екінші бір үлкен себебі құнарлы жерлердің адамның бұрыс шаруашылық әрекетінен тозуы болып отыр. Сол үшін жер ресурстарын пайдалануда заманауи технологияларды пайдалану, су ресурстарын үнемдеу, қоршаған ортаға құрметпен қарау, топырақ қабатын әлемдегі стратегиялық ресурс ретінде мойындау жұмыстың қаншалықты өзекті екенін көрсетіп отыр. Ал Түркістан облысы еліміздің азық-түлік және көкөніс, бау-бақша өнімдерін қамтамасыз ететін басты аймақтардың бірі болғандықтан зертеу нысаны зерттеу мақсатымен айқындалып отыр. Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың мақсаты Түркістан облысында ауыл шаруашылық санатындағы жерлерге талдау жасау
Егіншілік жерлердің таралу аймақтары мен оларда болып жатқан экологиялық жағдайына сипаттама беру
Облыс көлеміндегі жайылымдық жерлердің жағдайы, ондағы өсімдік жамылғысының жай күйіне сипаттама беру
Алуыл шаруашылық жерлерге антропогендік ықпалдың қаншалықты әсер етуі
Облыс аумағында ауыл шаруашылық санаттағы жерлердің таралу заңдылығы
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
Түркістан облысы аумағы меридиан бойымен солтүстіктен оңтүстікке созылуы және де жер бедерінің қалыптасуындағы күрделігігі, ондағы ландшафт түрлерінің алуан болуы септігін тигізді.
Жер бету сулары алабының нашар дамуы облыс аумағында егіншілік шаруашылығы аумағы біршама аз және де тек өзен аңғарлары бойына жақын жерлерде тараған. Облыс аумағы шөл зонасында жатуына байланысты және атмосфералық жауын-шашынның аз түсуі, бұл жерде мал көптеп кездеседі.
Зерттеу барысында алынған ақпараттар ауыл шаруашылығы саласы бойынша мекемелерге, мектептерде өлкетану сабақтарында топырақ қабаты туралы мәлімет жинауда, оқушылар мен студенттерге экологиялық тәрбие бойынша ақпарат беруде білімін жетілдіру үшін маңызды болады. Түркістан облысында жер ресустарын мониторинг жүйесін құрып, онымен жұмыс жасауда, облыс экономикасына сипаттама беру кезінде, оның өзіне тән ерекшелігін түсіндіруде, сол аймақтың физикалық-географиялық жағдайына байланыстылығы болады. Облыс аумағында жер бету су торабының нашар дамуы бұл жерде егіншілік шаруашылығының аз таралуына алып келді және де осы ерекшелік осы аумақта мекендеген халықтардың көшпелі өмір сүру салтымен жүруге септігін тигізді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Мәтіндік бөлімі 41 беттен тұрады, 2 картамен, 6 суретпен, 1 кестемен безендірілген.
Ордабасы ауданының физикалық-географиялық жағдайы
Ордабасы ауданы - Түркістан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік аумақтық бөлік. 1964 жылы іргесі қаланған. 1993 жылға дейін Бөген ауданы деп аталып келді. Ордабасы - аудан атауы. Сәрсен Бек Сахабат нұсқасы: «Ордабасы оронимін Ғардабасы деп түзеп оқуымыз керек-ақ. Тәңірі тілінде ғарда - тау, ғар - йурт, жұрт. Ал бас көне тілімізде ғылымда «аллофондық» деп аталатын қосымша мағынаны иеленбек, бас - анатомиялық атау, дене мүшеміз, баш - көне тілімізде шың, таудың биігі дегенді білдіреді». Жалпы ауданы 2700 километр квадратты құрайды. Тұрғыны 118 916 адам (2019) . Аудандағы 59 елді мекен 10 ауылдық округке біріктірілген.
Бадам ауылдық округі - құрамына Бадам, Қарабастау, Дербес, Ордабасы, Ақбұлақ, Мамыр ауылдары кіреді. Орталығы - Бадам ауылы. 12 747 халық қоныстанған. Халықтың басым бөлігі зауыт фабрикаларда жұмыс жасайды.
Бөген ауылдық- аудан орталығынан солтүстік -батысқа қарай 38 км-дей жерде орналасқан. Бөген бөгенінің батыс жағында ораналасқан. Ауылдық округ мақта кеңшары негізінде қалыптасқан қазіргі кезде округте бес мыңға жуық адам қоныстанған. Ауыл халқының басым бөлігі кәсіпорындар мен шеберханаларда, өндірістік коорперативтерде жұмыс жасайды. Ауыл халқы егіншілікке жақсы бейделген. Себебі Бөген бөгетінің маңында орналасқан.
Бөріжар ауылдық округі немесе Ұялыжар округі - аудан орталығынан 6 шақырым солтүстік бағытта орналасқан. Құрамына Бөріжар, Қайнар, Темір және Ынтымақ ауылдары енеді. Халқының басым бөлігі «Ордабасы Құс» ЖШС жұмыс жасайды. Ауылда егіншілік саласы қарқынды дамып келеді. Себебі ауылдың солтүстік - батыс бөлігінен Бөріжар өзені ағып өтеді және жасанды Ұялыжар көлі бар.
Жеңіс ауылдық округі- аудан орталығынан солтүстік-батысқа қарай 49 км-дей аймақта орналасқан. Ауылдық округ 1960 жылы мақта кеңшарының 2-бөлімшесі негізінде құрылды. Халық саны 2168 адамды құрайды. Ауыл Арыс-Түркістан каналының бойында орналасқандықтан, егіншаруашылығы жақсы дамыған. Соңғы деректерге сүйенетін болсақ, үш мың гектарга жуық суармалы жер бар.
Қажымұқан ауылдық округі - құрамына Темірлан, Амангелді, Боралдай, Ынталы, Көктөбе, Қажымұқан, Қызылсеңгір ауылдары кіреді. Соңғы халық санағының қорытындысы бойынша округтегі халық саны 19 956 адамды құрады. Ауыл тұрғындары мемлекеттік қызметте, кәсіпорындарда және шеберханаларда жұмыс жасайды.
Қарааспан ауылдық округі - аудан орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-дей жерде орналасқан. Халық санағының соңғы мәліметіне сәйкес 2439 тұрғыны бар. Халықтың негізгі шаруашылығы - егіншілік
Қарақұм ауылдық округі - Ордабасы ауданыңдағы шалғай ауылдық округтердің бірі. Халық саны 3114 адамды құрайды. Ауыл тұрғындары малшаруашылығына жақсы бейімденген. Жайылымдық жерлері көп, малшаруашылығына өте ыңғайлы орын.
Төрткөл ауылдық округі - Темірлан ауылынан солтүстік-батысқа қарай 48 км жерде. 1962 жылы құрылған Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаев атындағы және 1978 жылы құрылған “Көкарал” мақта өсіретін кеңшардың орталығы негізінде құрылған. Кеңшар негізінде Төрткөлде және округке қарасты ауылдарда мақта шаруашылығымен айналысатын "Ізбасар" ЖШС, "Қызылту", "Саға", "Иген" ӨК-тері жұмыс жасайды. Округте жеті мыңға жуық халық тұрады.
Шұбар ауылдық округі - аудан орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде, Арыс, Шұбар өзендерінің бойында орналасқан. Іргесі 1905 жылы қаланған. Ауылда көптеген шаруа қожалықтары бар. Кеңес дәуірінде мал тұқымын асылдандыру стансасы болған. Қазіргі кезде ауыл көлемінде егіншілік жоғары деңгейде дамыған. Шамамен 4 мыңға жуық тұрғыны бар.
Шұбарсу ауылдық округі -аудан орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 17 км жерде орналасқан. 18650 тұрғыны бар. Іргесі 2002 жылы саяжай негізінде құрылған. Ауыл округінің негізгі ерекшелігі елімізге оралған қандастардың орталығы болып есептелінеді. Аудан тұрғындарының басым бөлігін, нақтырақ айтатын болсақ 95% қазақтар құрайды. Халықтың орташа тығыздығы бір километр квадрат жерге шаққанда 32 адамнан келеді.
Климаттық ерекшеліктері
Ордабасы ауданың жер бедері жазықты болып келеді. Ауданның оңтүстік бөлігі солтүстігік бөлігімен салыстырғанда біршама көтеріңкі болып келеді және оңтүстік бөлігі Арыс өзенінің салаларымен көп тілімденген. Ордабасы ауданның ең биік нүктесі Ұялыжар ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылының шығыс бөлігі болып табылады. (383 метр) . Климатына тоқталатын болсақ, климаты қоңыржай континенттік. Қыс мезгілі қысқа әрі жұмсақ болады. Жаз мезгілі ұзақ, ыстық және аңызақты болып келеді. Ауа темперетурасына тоқталатын болсақ, қаңтар айының жылдық орташа температурасы -3 -5°С, ал шілдеде 26-28°С құрайды. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 - 380 милиметр. Аудан көлеміндегі желдің басым бөлігі шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан болады. Желдің орташа жылдамдығы 4-5 м/с - тең. Желдің әсерінен жазда ауданның гидротермиялық көрсеткіші төмендеп (0, 3-0, 4), ылғалдылық мөлшері кемиді де аңызақ, құрғақ және ыстық кезеңдер қалыптасады.
Өсімдігі
Ауданның өсімдік жамылғысына тоқталатын болсақ, оңтүстік бөлігінде қияқ, қоңырбас өсетін болса. Ауданның солтүстігінде бозжусан, ши аралас эфемероидті өсімдіктер өседі. Аудан аумағында дәрілік өсімдіктерде кездеседі. Тоқтала кететін болсақ күріш қонағы, қара меңдуана, тұмаршөп (жұмыршақ), тағы басқа кездеседі.
. Ауыл шаруашылықтарына жарамды жердің аумағы 246, 5 мың гектар. Егіс аумағының құрылымында дәнді дақылдар мен бұршақ (37, 0%) басым. 24, 8%-ы мақтаға тиесілі. Ауданда облыстағы барлық мүйізді ірі қараның 7, 3%-ы, қой мен ешкінің 5, 9%-ы, жылқының 6, 6%-ы, құстың 9, 1%-ы өсіріледі. Аудан орталғы - Темірлан ауылынан Шымкент қаласына дейінгі қашықтық 45 километр. Аудан аумағы арқылы Шымкент-Қызылорда темір жолы және Шымкент-Түркістан-Қызылорда автомагистралі өтеді. Қазіргі таңда Батыс Қытай - Батыс Еуропа жолы жүргізілуде, бұл жол бұрынғы Ұлы жібек жолы болған.
Ордабасы мәдени-ұлттық тарихи қорығы 1993 жылдың 23 мамырында аудандағы жәдігерлерді сақтап қалу мақсатында ел Президентінің көмегімен құрылды. Қазіргі таңда көптеген жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде «Бірлік монументі» туралы мақтана айтуымызға болады. Авторы Є. Садырбаев. Монумент 1997 жылы ерте көктемде басталып, осы жылдың 19қыркүйегінде Елбасшысы Нұрсүлтан Әбіш Назарбаевтың қатысуымен ашылды. Ескерткіштің биіктігі - 27 метр. Төменгі шеңберінің диаметрі - 8 метр. Ұшбүрышындағы үш үстыны - Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің асқақ тұлғаларын білдіреді. Үш бидің үлағатты сөздері үш бетінен орын алған. Ескерткіштің орта тұсынан жоғарылау қазақтың қасиетті шаңырағы ру- руға бөлінбей, үлт болып бірігуге ұндегендей әсер етеді. Шаңырақтың төменгі жағына ілінген тұмар бірлік- ынтымағымызға көз тимесе дегенді білдірсе, одан төменде шашбау сияқты сылдырауық бабаларымыздың «қүлақтарын түріп жүрсін» деген өсиетін үғындырады. Жел түрғанда сылдырап айналасына дыбыс беріп түрады. Монументтің сол жағында орналасқан ескерткішке Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Ордабасым-ел жүрегі, жер кіндігі» деген сөзі жазылған. Кезінде қазақ даласының әр түпкірінен осы Ордабасыға жиналып, елім, жерім деп еңіреген, бастарын ажалға байлап, көп қан төккен ата-бабаларымыздың аруағы разы болсын десек, біз елімізді қорғауды азаматтық та, перзенттік те борышымыз деп санауымыз керек.
Аудан аумағының гидрологиясы
Ордабасы шағын тау болғанымен мүнда 20 шақты бұлақ бар. Көшпенділікпен өмір сүрген бабаларымыз Ордабасын жаз жайлау етіп, бұлақтарының басына он-он бес үйден кұзге дейін отыратын көрінеді. Бүгінде сол бұлақтардың біразы тартылып қалған. Оған басты себептің бірі - таудың тастарын қиыршықтайтын зауыттың жасаған жарылыстары. Қолдан жасалған күнделікті жарылыстар әсерінен бұлақтың көздері бекітілген. Бұлақтарға қысқаша шолу жасасақ:
«Басбұлақ»-Ордабасы тауының оңтүстік-шығыс жағында бірінші болып ағып жатыр. Ең шеттен қарағанда алғашқы кездескендіктен Басбұлақ аталып кеткен.
«Қамыстыбұлақ»- ну қамыстың арасынан шығып жатыр. Реті бойынша Басбұлақтан кейін екінші кездеседі. Қамысы өте ірі, біркелкі өседі. Жергілікті тұрғындар қамысын орып алып ши тоқиды.
«Жаманбұлақ» - суы шалшық әрі аз ғана қайнар көзі - ұйық, батпақ. Су ішуге келген малдар ұйыққа батып, не нәрсеніде тереңіне батырып жібереді. Осы себепті Жаманбұлақ аталған. Кейбір аңыз - әңгімелерде жын-шайтан жұретін бұлақ деп те аталған.
«Ұзынбұлақ» - суы мол, 2-3 шақырымға дейін ағып баратындықтан, осылай аталған. Бұлақтын бойына ертеректе диқандар қауын-қарбыз, жоңышқа, көкеніс т. б. дақылдар еккен. Бұлақтын бойын қазірде 20 шақты отбасы мекен етеді.
«Көкбастау» - айнала төңірегі көкорай шалғын, тоғайлы жерде, көкмайса құрақтың ортасынан бастау алады. Басқа бұлақтардың суы қысы жазы жылы болса, бұның суы жаздың аптап шілдесінде де өте мұздай. Ертеректе суы өте мол, төменгі етегінде үлкен айдын көлі болатын. 1980 жылдардан бері шілде, тамыз айларында тартылып қалуда.
«Әліхан әулие бұлағы». Ордабасы тауының оңтүстік бетіндегі қүз жартастың дәл төбесінде Әліхан ата әулиенің мазары бар. Жартастың төменгі жиегінде, тастың арасынан ертеректе азғантай ғана мөлдір тұщы су сылдырап ағып жатқан. Әліхан ата әулиеге зиярат етіп келгендер бұлақ суын пайдаланып сонда түнейді. Бұлақтың жанындағы жартаста 10-15 адам еркін сиып отыратын үлкен үңгір болған. Зиярат етуге келгендер қолайсыз ауа райында осы үңгірді паналап аялдаған.
«Қылышбұлақ». Жоғарыдан қарағанда бұлақтың ағып жатқан саласы қылыштың бейнесіне ұқсайды. Содан осылай аталуы мүмкін. Екінші бір әңгіме-бұлақтың суы аз болғандықтан қылыштай қысқа ғой, алысқа ұзап ақпайды деп Қылышбұлақ атаған.
«Баянбайбұлақ». Қай жылдар екені беймәлім, отырықшылық өмірге енді ене бастаған кезде, Сыр бойындағы Шілік жақтан көшіп келген Баянбай деген бір қария басқа бұлақтардан орын тимеген соң ылғалы болар-болмас, ыза табы ғана бар жыра сайлы өзектің етек жағынан кетпенімен біраз қазса, бұлақтанып су шығады. Қайратты кісі екен сол төңіректі тағыда екі-үш жерден қазып су шығарады. Су бірте-бірте молайып, өзі бас жағына қоныстанады, диқаншылықпен айналысады. Содан Баянбайбұлақ аталып кеткен.
«Таңбалыбұлақ». Жоғары жағында қатпар-қатпар тас көп. Оларға әр түрлі малдың бейнесі, жазу, таңбалар қашалып түсірілген. Сол себепті Таңбалыбұлақ делінеді. Кезінде Таңбалыбұлақ суының молдығы соншалықты бір өзеннің суына жетерлік болған.
«Тоқбайбұлақ»-жота қырдың еңісінде, Тоқбалыбұлақтың арнасына қарай ағып жатқан шағын бұлақтардың бірі. Бұлақтың басын Тоқбай деген кісі мекендеген соң Тоқбайбұлақ атағын алған.
«Терісбұлақ»-Ордабасы тауының батысындағы жотаның жоғары жағына құбылаға яғни батысқа қарай теріс ағатындындықтан осы атауға ие болған.
«Төсбұлақ»-Батыс жақтағы дәу жотаның Ордабасы қараған түскейіндегі тастың арасынан шығатындықтан осылай аталады. Суы орташа.
«Кезеңбұлақ»-Биік жонның солтүстік шетіне жақын, кезеңнің үстінен шығып жатыр. Осыған қарап Кезеңбұлақ атауы берілген.
«Ақбұлақ»-Төсбұлақтың төменгі жағында 500 метрдей жерден бастау алатын шағын бұлақ.
«Шұңқырбұлақ»-Ордабасының батыс беткейіндегі еңісте, тереңдеу ойпат, шұңқыр сияқты жердің дәл ортасынан шығады. Алыстан қарағанда көрінбейді, бұлақтың бар екені білінбейді. Суы да алысқа ұзамайды, тоған-көлшіктеніп тұрған соң Шұңқырбұлақ аталған.
Бөген бөгені - Түркістан облысындағы Бөген өзенінің төменгі ағысында орналасқан. 1967 жылы Ордабасы, Отырар аудандарының егістігін сумен қамтамасыз ету мақсатында салынып, пайдалануға берілген.
Гидрологиялық сипаты
Аумағы 65 км2, ұзындығы 13 км, ені 6 км, орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 15 м. Жиналатын су көлемі 377 млн м3. Арыс, Бөген өзендерінің суымен толығады. Суы тұщы. Бөген бөгенінде шармай, Түркістан шабағы, торта, табан, сазан, жайын, көксерке, дөңмаңдай, ақ амур, т. б. балықтар өсіріледі. Жылына шамамен 300 т балық ауланады
Өңір басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына тоқталып, Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер туралы баяндады.
2016 жылы аудандағы 20 инвестициялық жобаға бюджет есебінен 3 млрд 961 млн. теңге бөлініпті. Биылдың өзінде өңірге тартылған инвестиция көлемі 7 млрд. 177 млн. 400 мың теңгені құрап отыр екен. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 515 млн. 100 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2 млрд. 365 млн. 600 мың теңге, меншікті қаражат есебінен 2 млрд. 353 млн. 100 мың теңге, басқада қарыз қаражаттар есебінен 837 млн. 200 мың теңге.
Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі - ауыл шаруашылығы. 2015 жылдың бес айында ауыл шаруашылық саласында 6 млрд 353 млн. 900 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 111, 2 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығының өндірісі 5 млрд 691 млн. 800 мың теңге, нақты көлем индексі 112, 2 пайыз, ал егін шаруашылығы бойынша 662 млн. 100 мың теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100 пайызды құрады.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерінің жалпы көлемі 193 мың 682 гектар, оның ішінде егістік жер көлемі 91 мың 146 гектар, мұның 40 мың 587 гектар жері тәлімі, 33 мың 300 гектары суармалы, жайылым 101 мың 107 гектар, көпжылдық қондырғылар 1 мың 429 гектар, тыңайған жер көлемі 17 мың 559 гектар.
Үш жақты келісім бойынша тапсырма 56 800 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдарын егу жаспарланған. Ағымдағы жылдың төрт айында 55 мың 342 га жерге ауылшаруашылық дақылдары егіліп, жоспар 97, 5 пайызға орындалды. Атап айтқанда барлық дәнді дақалдар 16 мың 096 га, оның ішінде: күздік бидай 11 420 га, жаздық бидай 3 мың 200 га, жаздық арпа 1 мың 476 га. Барлық майлы дақыл 6 мың 312 га, оның ішінде: мақсары 4 мың 290 га, күнбағыс 2 мың 022 га. Барлық мал азығы 18 мың 519 га, оның ішінде: жаңа жоңышқа 5 мың 234 га, ескі жоңышқа 13 мың 285 га, бақша 1 мың 971 көкөніс 2 мың 924 га және картоп 539 га, мақта 4 мың 400 га, дәндік жүгері 3 мың 421 га.
Аудан бойынша сүдігер айдау бойынша берілген тапсырмадағы 32 мың гектар жер толығымен айдалып, тапсырма 100 пайызға орындалды.
Аудан бойынша тапсырмадағы 33 мың 300 га суармалы жерді игеру бойынша бүгінгі таңға 32 мың 641 га жерге ауылшаруашылық дақылдары егіліп, тапсырма 98 пайызға орындалды. Егілген 11 мың 420 га күздік бидай алқаптары қоректендіріліп тапсырма 100 пайызға орындалды.
Аудан бойынша 2 мың 500 га суармалы жердің көлемін ұлғайту тапсырылса, бүгінгі таңға тапсырма 354 га орындалып тапсырма 14, 2 пайызды құрады. Техникаларды жаңартуға 42 дана алу керек болса қазіргі таңға 20 данасы алынып, жоспар 47 пайызды құрады, жылыжай құрылысын салуға 6 га жоспарланса, нақты 5, 24 га жылыжай құрылысы іске қосылып, тапсырма 87, 3 пайызды құрады.
Нақты аудан көлемінде 2899 гектар жерге тамшылатып суару әдісі қолданылуда, 2015 жылға тамшылатып суғару әдісін енгізу бағдарламасы бойынша 800 гектарға жеткізу жоспарланса, ағымдағы жылдың бес айында нақты 579 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 72 пайызды құрап отыр.
Қой басын асылдандыру бағытында ауданда 3 шаруашылық жұмыс жүргізуде, олар: Бадам ауыл округінен «Сералы» ш/қ қойдан, «Ортай» ш/қ қойдан, Бөржар ауыл округінде «Сабыр» ш/қ жылқы және қазақтың қылшық жүнді қойын асылдандырып жұмыс жасауда.
Аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасымен 1 мың 150 бас аналық және 39 бас асыл тұқымды бұқа сатып алуға тапсырма беріліп, бүгінгі таңға 274 аналық сатып алынып, тапсырма 23, 8 пайызға, 10 бас асыл тұқымды бұқа алынып тапсырма 25, 6 пайызға орындалды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша ауданға 1 мың 500 бас асыл тұқымды уақ мал сатып алуға тапсырма берілген, бүгінгі таңға 702 асыл тұқымды қойлар сатып алынып, жоспар 47 пайызды құрады.
«Құлан» бағдарламасы бойынша ауданға 250 бас асыл тұқымды жылқы сатып алуға тапсырма берілген, бүгінгі таңға 297 бас асыл тұқымды жылқы малы сатып алынып, тапсырма 119 пайызды құрады.
Аудан бойынша 50 бас асыл тұқымды бұқаларды сатып алып табынға қосу тапсырма берілген болса, қазіргі таңға 48 бас бұқа алынып тапсырма 96 пайызды құрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz