Мұхтар Әуезов - фольклортанушы ғалым



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті

МӘНЖАЗБА
Тақырыбы: Мұхтар Әуезов - фольклортанушы ғалым

Орындаған: Аманиязова Амангүл ҚТӘ-202
Тексерген: Ұлықпанова.Ә.Ж

Ақтөбе,2021ж.

Жоспар
Кіріспе
М.Әуезовтің алғашқы фольклортанушылық ізденістері
М.Әуезов қазақ фольклорын жанрлық тұрғыдын зерттеуші
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі қалың жұртшылыққа әйгілі керемет талант иесі, кемеңгер жазушы ғана емес еді; ол энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым, өте көрнекті қайраткер ретінде де әйгілі. Оның осындай әр жақты жазушылық және ғылыми педагогтік шығармашылығына арналған ірі монографиялық зерттеулерден бастап баспасөз бетіне әр жылдары жарияланған ірілі-ұсақ мақалалардың жалпы саны қазірдің өзінде бес мыңның үстінде.
М.О.Әуезовтің ұзақ жылғы жемісті әдеби мұрасына зер салсақ, оның екі үлкен арнасы зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар зерттеуші Ә.Молдаханов атап айтқандай: Біріншісі - абайтанушылығы, екіншісі - фольклортанушылығы жазушының әдеби-ғылыми мұрасының екі алтын діңгегі де осыла. Дүниежүзіне әйгілі Абай жолы эпопеясы авторының әдеби мұрасы тарихшы, филолог, педагог ғалымдарының еңбектерінде зерттеліп келді. Ал енді, фольклортанушы ғалымның еңбектері әлі де өз дәрежесіне зерттеліп, көпшілікке таныла қойған жоқ. Дегенмен, М. Әуезовтің жазушылық және ғылыми шығармашылықтарындағы фольклортанушылық мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалды деуге болмайды. Ғұламаның фольклор саласындағы еңбектері туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым, белгілі сыншы: Ғ.Тоқжанов. Ол 1927 ж. Әдебиет тарихына бір жақты бағамен сын айтқан. Бұрын жазба әдебиет дамымай тұрған кезде, қазақ-кеңес әдебиетінің алғашқы дәуірлерінде, алдымен халқымыздың бай мұрасы фольклордан үйренуіміз керек, соған сүйеніп жазба әдебиет жасауымыз керек деп жиырмасыншы жылдардың бас кезінде айтқан М.Әуезовтің орынды пікірін Ғ.Тоқжанов: Мұхтар бүгінгі қазақ жігіттеріне Біржанның салдығын, Ақанның серілігін, қарияларға Асанның қайғысын үлгі етеді. Үлгіні ертегі әңгімелерден, батырлық жырлардан алу керек екенін үгіттейді - деп өрескел бұрмалайды.Тұрпайы социологиялық сын тұрғысынан келе етіп, мін тағады. Сол кездерде ресми жағынан үстем болған пролеткульттік әдеби сынның бір белгісі осындай еді. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы М.Әуезовтің фольклорлық еңбектері жайлы мәселе қозғалып сөз болмады. Кейін 50 жылдары Абай жолы эпопеясы арқылы аты дүние жүзіне әйгілі болған кезде ғана М.Әуезовтің жазушылық шығармашылығы ішінара ғылыми еңбектері арнайы мақала очерктердің объектісіне айналды. Соның өзінде, жазушылық жағы басымырақ қаралып, фольклортанушылығы тиіп-қашты ғана айтылды. Әуезұлы Мұхтардың 1932 жылғы 10 маусымда Социалистік Қазақстан газетіндегі ашық хатынан кейін ғалымның 20-шы жылдардағы еңбегі мүлде айтылмай, жабылып қалған болатын. Бұл жағдай М.О.Әуезовтің фольклортанушылық қырының осы уақытқа дейін жете зерттелмей, көпшілік танылмай келуінің басты себебі еді.
Солай болғанымен де асыл тас су түбінде жатпайды дегендей М.Әуезовтің фольклорды зерттеген еңбектері оның тұтас шығармашылығына арналған жинақтарда әдебиетші - ғалымдар З.Кедринанның, А.Нұрқатовтың, Е.Лизунова мен Ы.Дүйсенбаевтің, М.С.Сильченко мен М.Смирнованың еңбектерінде сол секілді ұлы жазушы ғұламаның творчествосына арналған газеттік журналдың мақалаларында көрініс тауып отырды.
Дегенмен де, ғалымдар М.Әуезовтің фольклортанушылығы туралы мәселені оның жалпы ғылыми педагогтік қызметімен байланысты көріп, фольклор туралы ішінара ғана тоқталып елуінші, алпысыншы, жылдардағы еңбектері ішінен, әсіресе, Манас туралы зерттеулерінің ғылыми мәнін ашып береді.
М.Әуезовтің шығармашылық жолына арналған профессорлар Сильченко мен Смирнова очерктерінде оның әр кездерде жазған фольклорлық еңбектері жайлы біраз сөз болады.Бірақ олар М.Әуезовтің фольклорды жинау зерттеу жұмысы Жиырмасыншы жылдары профессиясына айналмаған болса, отызыншы, қырқыншы жылдары қазақтың халық поэзиясын зерттеуге барлық уақыты мен күшін түгел арнады деп оның ғылыми еңбектеріне емес, жалпы дәуірге шолу жасайды.
Әсіресе, 60 - жылдары М.О.Әуезовтің мұрасын зерттеудегі олқылықтардың орны толтырылды. М.О.Әуезовпен ұзақ жылдар қызметтес болып келген, қазақ фольклортану ғылымында әр жылдары онымен қоян-қолтық бірге жемісті еңбек етіп, осы ғылымды кеңес дәуірінде ілгері дамытқан ғалымдар: Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Е.Ысмайлов тағы басқалары фольклордың өз тараптарынан қарастырып отырған әр жақты проблемаларының түйінін шешеуде аса беделді Әуезовтің айтқан ғылыми қағидаларына әрқашан иек артып отырды.Алғашқы жылдары М.Әуезовтің қазақ эпостарын алғашқылардың бірі болып зерттелген қажырлы да жемісті еңбектеріне баға берудің орнына М.Ғабдуллин, оны автордың жіберген қателіктері ретінде айтқан еді. Ал кейінгі жылдары М.Ғабдуллин студенттерге сабақ бергенде зерттеушінің теориялық қағидаларын басшылыққа алады.
М.О. Әуезовтің алғашқы фольклортанушылық ізденістері
М.О.Әуезовтің көп қырлы ғылыми творчествосының iшiнде көрнектi орын алатын ең бiр көлемдiсi - фольклор туралы зерттеулерi. Ауыз әдебиетiн зерттеуге 20-жылдардан бастап кiрiскен ол, фольклорды зерттеудiң түбiрлi мәселелерiне тынбай араласып отырды. Әр кезеңдердегi фольклортану ғылымының талабына сай үлкендi-кiшiлi қыруар ғылыми еңбектер жазды. Бұл саладағы қырық жылға жуық ғылыми қызметi iшiнде қазiргi фольклортану ғылымының көшбасшысы ретiнде оның алғаш рет iрге тасын қаласып, бұрын бетi ашылмаған көптеген тың мәселелерiн дер кезiнде көтерiп отырды. Қазақ фольклорын зерттеудегi әрбiр жаңа бастаманың үнемi басы-қасында болып, оларды ғылыми тұрғыда зерттеуге мол бiлiмiн, күш-қуатын аямай жұмсады.
Зерттеушi Ә.Молдаханов М.Әуезовтiң фольклор жайлы ұзақ жылғы ғылыми еңбектерiн, ғалымның ғылыми көзқарасындағы эволюцияға байланысты үш кезеңге бөлiп қарастырады. Олар:
1. 20-жылдардағы зерттеулерi - iзденiс жылдары.
2. 30-жылдардағы зерттеулерi - кемелдену кезеңi.
3. 40-жылдардан өмiрiнiң соңында дейiн - ғұламалықтың шыңы.
Ғұлама зерттеушi Әуезовтiң алғашқы iзденiс жылдары 20-жылдардағы жүргiзген еңбектерiн айтпас бұрын, оның сол фольклорға келуге әсер етке әлеуметтiк ортасын сөз еткенiмiз абзал. М.Әуезов, сөз жоқ, бiртуар табиғи талант. Әуезов ұлылығының бiр қыры - оның тумысынан бiткен ақылдылығы мен зерделiлiгiнде. Ал екiншi жағы - қазақ халқының аса бай фольклорлық дәстүрдiң молдығы, онымен жастайынан жете қанық болып, бойына мол сiңiрiп, осы дәстүрдi ерекше құрметтеушi, сақтаушы, дамытушы ортада ер жетуi, тәрбие алуы.
Әңгiме-жырдың дүкенi болған Абай ауылында туып, ержеткен жас Мұхтардың қазақ фольклорына деген құштарлығы ерте оянады. Сол себептi оның фольклоршыл өмiртанымын сөз еткенде, ұлы Абай дәстүрiн сол топырақтың құдiретiн, сол ортаның тәлiм-тәрбиесiн әрқашан естен шығармаған жөн. Абай 6 жастағы Мұхтардың басынан сипап батасын берген.
Бала Мұхтардың Абай дәстүрiне, сол арқылы халық фольклорына шексiз сүйiспеншiлiгiн алғаш оятып, оны оқып бiлуге, құрметтеуге бiрiншi баулыған ұстазы өз атасы Әуез қарт Абаймен рухани жағынан көңiлдес, әрi ескi әдебиеттен мағлұматы көп адам болған. Жас немересiнiң тумысынан зеректiгiн, зерделiгiн жете байқаған атасы Әуездiң көп немерелерiнiң iшiнде кiшкентай Мұхтарға деген ықыласы ерекше болады. Оны бес жасынан Абай өлеңдерiнiң қолжазбасы арқылы оқытып, сауатын ашып, бiлiмге тартады.
Бұл мәселе туралы М.Әуезов өз өмiрбаянында атасы Әуездiң таң атқанан күн батқанға дейiн кiтаптан бас алғызбай Абай өлеңдерiнiң бәрiн жаттатқанын айтады. Дiни мағлұматы мол, мұсылманша сауатты атасы Әуез құран кiтаптары арқылы өз немересiнiң сауатын ашып қоймай, ауыз әдебиетiнiң небiр көркем үлгiлерiнен де мол мәлiметтер берiп отырған. Осы жайында М.Әуезовтiң тетелес iнiсi Ахмет Әуезов естелiк кiтабында төмендегi деректердi келтiредi:
"Атамыз ескiше оқумен ғана шектелмей, халық ауыз әдебиетiнiң жар-жар, көрiсу, қоштасу, естiрту, сыңсу жаңылтпаш жұмбақтарының небiр үлгiсiн, "Күн астындағы Күнекей қыздан" таратып салт-дәстүр, қиял-ғажайып ертегiлердi, "Қобыланды", "Алпамыс", "Едiге", "Ер Қосай", "Көрғұлы", "Айман-Шолпан" дастандарын, күнi кеше ғана өткен "Еңлiк-Кебек", "Қалқаман-Мамыр", "Сабалақ" оқиғаларын сабақ ретiнде өтедi" - дейді.
Осындай қабiлеттi жастың естiп бiлгендерi жадында берiк сақталып, ой-қиялына ерiк бередi. Кейiнiрек кезде балалық шағынан етене жақын, рухани дос болған сүйiктi ақын-жыршыларға елiктеп, өзi де өлең жазады. Бiрақ бұл өлеңдерi сақталмаған. Оны тек жазушының естелегiнен ғана көремiз.
Мұхтар әрқашан үлкен кiсiлердiң қасынан шықпай, солардың сөзiн тыңдап қана қоймай, жазып алып отыратындығын, сондықтан достары қалжыңдап оны "қара шал" деп атайды екен.
Семейдегi бес кластық училищенiң оқушысы жазға каникулда ауылына келiп, ақын-жыршылардың, әңгiмешiлердiң ауызынан естiген қазақ халқының өрнектi сөз үлгiлерiн дәптерiне жазып алып, ауыз әдебиет нұсқаларын жинай бастайды. Жазу дәптерiнде кездесетiн мынадай мәтелдер бар: "Қара күш ақылға төтеп бере алмас", "Ар-ұят ақшадан қымат", және т.б.
Адамды әлеуметтiк орта тәрбиелейдi, билейдi, тағылым бередi. М.Әуезовтiң табиғи дарындылығымен туған, өскен ортасының осылай тоғысып келуi болашық фольклортанушы ғалымға ықпал еткен басты себеп болады.
М.Әуезовтiң фольклорды зерттеудегi алғашқы iзденiстерi 20-жылдардың басынан Ташкент, Ленинград университеттерiнде оқып жүрген шағынан бастау алады. Оның жоғары оқу орындардағы алғашқы студенттiк дәуiрi 1922 жылы Ташкент, Орта Азия университетi қабырғасында басталғаны белгiлi. Осы алғашқы студентiк қадамынан-ақ ол бiр ғана оқумен шектелмей, ғылыми зерттеу жұмыстарымен де айналыса бастайды. Бұл жөнiндi ол өзiнiң өмiрбаянында: "Жазушылық қызметпен қатар, мен ерте уақыттан, сонау, студенттiк кезiмнен бастап ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып келемiн, - деп жазады ".
Болашақ фольклортанушы ғалым М.Әуезовтiң халық әдебиетiн зерттеушiлiк көзқарасының ерте қалыптасуына табиғи тумасынан ерекше зерделiлiгi, ес бiлгеннен үлгiлi, өнегелi фольклорлық дәстүр мен ортада өмiр сүрiп, ер жетуi басты себеп болады.
Семейдегi бес кластық училищенiң оқушысы кезiнде басталып, осы қаладағы оқытушылар семинариясы қабырғасында жалғастырған фольклорды жинаушылық талпыныстары Ташкент университетiнiң студентi кезiндегi зерттеушiлiк қызметiмен ұштасты. Соның нақты бiр дiлелi осы кезде Ташкентте шығып тұратын "Шолпан" журналының 1922 жылғы №2,3 және 1923 жылғы № 4,5 сандарында М.Әуезовтiң "Қоңыр" деген бүркеншек атпен атпен "Қазақ әдебиетiнiң қазiргi дәуiрi" деп аталатын тырнақалды ғылыми-зерттеу мақаласы жарияланды. Қазақ фольклоры мен жазба әдебиетiнiң сол кездегi жай-күйiне арналған жас қаламгердiң осы бiр алғашқы мақаласынан-ақ оның зерттеу нысанасының ауқымдылығы, көтерген мәселелерiнiң өзектiлiгi, әрi ғылыми тереңдiгi бiрден көзге түсiп, санаға ұялайды. Өзiне дейiнгi көрнектi фольклортанушы ғалымдарының пiкiрiне ой жүгiрте келiп,мақалының авторы Европа ғалымдары бiрауыздан мойындаған мазмұнға бай, жанры жағынан сан-салалы көркем де кестелi сөз өнерiмен өрнектелген ескi әдебиетiмiздi ерекше құрметпен, терең сүйiспеншiлiк сезiммен тiлге тиек етедi: "Өткен күннiң әдебиетiн еске түсiргенде, ескiлiктен со белгiнi қалдырып кеткен адамды ойлағанда, айтылған өлең, жыр, тақпақ, мәтелердiң аузынан шыққан кезiн ойлағанда, бәрiмiз де өткен күннiң өнерiне iшiмiзден бас игендей боламыз, сөзi қалған кiсiнiң атын құрметпен атағандай боламыз... ескi әдебиетiмiздi сүйемiз, сүюiмiз дәлелсiз емес. Құрметтеймiз, құрметiмiз орынсыз емес".
Осылайша мақаланың авторы өзiне дейiнгi фольклоршы ғалымдардың пiкiрiне сүйене отырып, "ескi ел әдебиетi туралы келелi ой қозғайды". Қазақтың кең даласындай ұшан-теңiз мол ауыз әдебиетiн, оның мәңгiлiк дәстүрiн, сөз өнерiнiң қазақ баласы үшiн қадiрлi орнын, оны сақтаушы, дамытушы ақындардың өлшеусiз қызметiн жоғары бағалайды. Тереңiрек ойлап, байыптап қараған зерттеушi үшiн бұл еңбекте фольклортану жайынан бiраз тосын, тың пiкiрлер бар екендiгi күмән келтiрмесе керек. Оларды жинақтап айтсақ төмендегiдей:
1.М.Әуезов аталған мақалада әдебиетiмiздiң әлi "iргесi" нығайып, бетi ашылып болмаған жазба әдебиетке негiз боларлық мәнiн фольклор зерттеушiлердiң iшiнде алғаш рет атап көрсетедi. Оған мақала авторының мына бiр пiкiрi толық дәлел сияқты: "Сол ескi сөздiң iшiнде ескi қазақ өмiрiнiң әрбiр дәуiрi, әрбiр мезгiлi және әрбiр жеке-жеке суретерi, жазба әдебиетте кездесетiн үлгiлi мiнездер - типтер, ел iшiнде айрықша таптардың өзгеше психологиясы дәл айтылған"...Мысалға, "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырындағы Қарабай Пушкиннiң "Скупой рыцарының" қазақ фольклорындағы айқын типтiк бейнесi екендiгiн аңғартады. Ескi әдебиеттiң жөн-жосығын қарастырып зерттеу, ең алдымен жаңа әдебиет үшiн керектiгi - жаңа әдебиетке дұрыс бағыт беру жолында оның өткенiне тұтастай бет бұру қажет. Онсыз да жаңа әдебиеттiң болашағы болмайтындығын мақала авторы дер кезiнде , әрi батыл түрде күн тәртiбiне қоя бiлген.
2.Мақаланың өз кезi үшiн келесi бiр тың мәселе - жас ғалымның ескi ел әдебиетiн халықтың сөз өнерi деп танығандығы, оның өзiне тән ерекшелiктерi мен заңдылықтарын осы тұрғыда айқындаудағы алғашқы талпыныстары. Мәселен, батырлар жырындағы тек қазақ халқының ақындық өнерiне тән өрнектi сөз орамдары әдеби жағынан талдай келiп, бұл құбылыс ықшам жанрларға келгенде тiптi анық көрiнетiндiгiн бiлдiредi: "Әдебиеттiң ұсақ түрлерiне келгенде алдымыздан көздi қуантып, жайнап шығатын асыл тас сияқты қымбатты бұйымдары, қара сөзбен айтылатын аңқаулықтың исi аңқыған қарапайым ертегiмен қатар, Сарыарқаның ақ көде малға шүйгiн шөбi, кiр жуып, кiндiк кескен жерi, көлеңкелi ағашы, қоңыр желiне шейiншеберлiктiң оралымына кiргенiн көремiз.
3.Фольклор бiр ғана сөз өнерi емес, ол халықтың өмiр-тiршiлiгiнiң, әдет-ғұрпының, тұрмыс салтының ұлттық санадағы көркем бейнесi. Мәселенiң осы жағы да зерттеушi нысанасынан тиiстi орнын алған. Мысалға: "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырындағы бақташыл көшпендiлiк өмiр салтынан туған Қарабай мен Қодардың мiнез-құлықтары; Қарабайға тән сараңдық, Қодарға тән тұрпайылық. Керiсiнше, жаугершiлiк өмiр тудырған батырлар жыры Қобыланды, Ер Тарғындағы басқа жұртқа ұқсамайтын тек қазаққа тән халықтың асқақ қиялы тудырған көркем бейнелер iрi қалпымен, өзге жұрттiкiне ұқсамай, таза қазақтiкi болып шығатындығы туралы тұжырымдардан жас зерттеушi М.Әуезовтiң көркенмдiк биiк талғамын аңғарамыз.
Жоғарыда айтылған мақаланың назар аударарлық елеулi жақтарымен қатар, зерттеу тәжiрибесiнiң балаңдығынан туған үстiрт пiкiрлер де кездеседi. Автор қазақ өмiрiнiң өткендегi тұрмыс-салты толық көрiнетiн "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырындағы Қарабайға тән сараңдықты , Қодарға тән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
Ә.Қоңыратбаев - фольклортанушы
Қобыланды батыр жыры туралы
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ХХ ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫ
Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезовтың жаңашылдығы
Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде
М.Әуезов және фольклортану мәселелері
Ыбырай Алтынсарин - ақын
Ысқақ Дүйсенбаев - фольклортанушы
Пәндер