Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақстан-Американдық еркін университеті

Қорғауға жіберілді
____________2022ж.
Педагогика және психология
кафедрасының меңгерушісі
_________ Н.Ә. Нурланкызы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Шет елдер әдебиетін қазақ мектептерінде оқыту

6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша

Орындаған Жанатова А.Ж.

Ғылыми жетекші
ф.ғ.к., доцент
___ ________2022 Нурланова А.Н

Норма бақылаушы
____________2022

Өскемен 2022

Мазмұны:

Кіріспе 3

1.1 Шет елдер әдебиетінің тарихына шолу 7

1.2

2

2.1

2.2

2.3

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі

1 Әлем әдебиетінің тарихы

1.1 Шет елдер әдебиетінің тарихына шолу

Жазба әдебиетінің арғы тегі Еуропа елдерінен бастау алды. Оның ішінде кішкене ғана мемлекет Грекиядан шамамен 2700-2800 жылдардан кездеседі. Кейiн жоғары даму сатысына көтерiлген бұл әдебиет бiздiң заманымыздан бұрынғы III ғасырда Рим мәдениетiнiң қалыптасуына негіз болды. Осы ежелгі халықтар жасаған мәдениет, өнер және әдебиет антика мәдениеті, антика әдебиеті деп аталады. Латын тiлiндегi антика (antiguus) сөзi ежелгi деген мағынаны бiлдiредi. Антикалық әдебиет бірнеше мыңдаған жылдар бұрын туындаған және Еуропаның ең көне және тұңғыш әдебиеті болып табылады. Грек әдебиетінен бізге белгілі ең көне туынды Гомердің Илиада және Одиссея эпостары. Екi поэманың да мазмұны жалғыз қаһарман жайлы, оның басынан өткен оқиғалар айналасында өрбидi.
Еуропалық антикалық әдебиет - біздің заманымызға дейінгі VІІ ғасыр мен біздің заманымыздың V ғасырын қамтитын ежелгі Грек және Рим әдебиеті. Бұл кезеңдегі сөз өнері батырлық, гуманистік идеяларымен, көркем образдарымен ерекшелене білді.
Грек әдебиеті грек халқының құл иелену заманында туған, Еуропадағы ең көне әдебиет болып табылады. Архаикалық кезеңнің бастау алуы (біздің заманымызға дейінгі VIII - VIII 6 ғ.ғ. дейін). Гректер әдебиеті бай халықтық шығармалар - мифтер негізінде дамыды. Жазба әдебиетiнiң бiзге дейiнгi жеткен ең көне мұралары - Илиада мен Одиссея дастандары. Одиссея поэмасында ерлiк, батырлық жайында жыр айтып, жиналған жұртты шаттыққа бөлеген Демодок секiлдi тамаша жыршы-рапсодтарды кездестiруге болады. Грек мифтерінің басты қаһармандары - құдайлар мен батырлар. Ең жоғарғы грек құдайы - Зевс. Ол Олимп тауының ұшар басын мекендейді. Зевстің жұбайы Гера - ерлі - зайыптылардың қорғаушысы. Зевстің інілері: Посейдон - теңіз құдайы болса, Аид - жердің астын басқарған өлілердің тәңірісі. Зевстің ұлы Аполлон - жер бетіндегі келісім, өнер құдайы. Аполлонның серіктерін музалар деп атаған. Грек мифтерінде құдайлармен бірге жартылай құдайлар ретінде сипатталатын адам мен құдайлар арасындағы алтын көпір саналатын батырлар да болған. Олардың бірі тарихи тұлғалар болса (Мильтиад, Солон), енді береулері халық қиялынан туған аңыз кейіпкерлері. Грек батырларының ішіндегі ең танымалы - Прометей. Халық аңызы бойынша адамдарға құдайлардан от ұрлап әпергені үшін азап шегеді. Сол сияқты, қаһарман Геракл - өзінің көзсіз ерліктерімен ұмытылмас миф кейіпкеріне айналған. Афинадағы мемлекеттік құрылысты құрған деп танылатын Тесей де осы батырлардың қатарына жатқызылады.
Грек лирикасына тоқталатын болсақ, грек тiлiндегi лирика сөзi ішектi музыкалық аспап лираның атынан келiп шыққан, мағынасы музыка сүйемелдеуiнде орындалатын жыр дегендi бiлдiредi. Бұл атау лирикалық поэзияның дамыған дәуiрлерiнен әлдеқайда соң, шамамен б.з.б. II ғасырларда эллиндік дәуiрдегi ғалымдар тарапынан қолданысқа енгiзiлген. Бiзге жеткен деректерге қарағанда грек лирикасы өте бай және жан-жақты болған. Бiрақ сол көркем, мазмұнды әрi құнды мұралардан тым аз көлемi ғана сақталған
Соның ішінде Архилок (б. з. д. VІІ -ғ. ортасы). Архилок мұңды махаббат туралы жырлаған алғашқы грек ақыны. Ақынның жырлаған келесі тақырыбы - ерлік, батырлық.
Элегия жанрының шебері, Спартадан шыққан Тиртей де артынан мол мұра қалдырды. Ол әсіресе эмбатерея (марштық өлеңдер) және әскери элегиялары, өсиетнамалары мен нақылнамалары, арнауларымен танымал болды. Элегия жанрында қалам тербеген Солон (б.з.д. VІ ғ.) ақын, ірі мемлекет қайраткері. Ол тарихта Афин мемлекетінің демократиялық негізін салған реформаларымен танымал. Солон негізінен өзінің саяси бағытын түсіндіретін үгіт - насихаттық мазмұндағы элегиялар жазған. Анакреонта (Анакреон) - сезім мен махаббат, достық, ойын - күлкі мен қызық өмірді дәріптейтін жырларымен әлем әдебиетіне аты мәлім ақын. Тіпті жастық мен махаббат, қызық пен құмарлықты жырлаған поэзия кейінгі әдебиетте оның есімімен анакреондық поэзия деп те аталған. Лесбос аралын мекендеген әйел ақын - Сапфо поэзиясының негізгі жанры - гимндер, үйлену той өлеңдері, тұрмыстық әуендер. Ол көбінесе әйел жаны, сезімі, оның махаббаты туралы жырлар тудырған. Аталған сол дәуірдегі грек лирикасында үлкен қоғамдық мәні бар өлеңдер, шығармаларды жазып өсет етіп кеткен ежелгі Грек лирикасы поэзиянын дамуына үлкен әсерін тигізді.
Классикалық кезең (біздің заманымызда дейінгі VІІ - VІ ғ.ғ.). Бұл кезең Грек әдебиеті мен өнерінің, мәдениеті мен ғылымының өркендеуімен ерекшеленеді. Әдебиетте батырлық дастандарды енді драма жанры кейінге ысырды. Осы кезеңде әлемдік театр өнерінің қайнар бұлағы саналатын грек театры дүниеге келді. Антикалық театрда әлемдік драматургияының классиктері Эсхил, Софокл, Еврипидтің туындылары қойылды. Комедияның атасы аталған Аристофан да осы уақытта өмір сүрген. Біздің заманымызға дейінгі V-VІ ғасырларда драматургиямен қатар проза дамиды. Ол кезең прозасы үшке бөлінеді: тарихи, шешендік, философиялық. Герадот (б.з.д. V ғ.) Тарихи прозаның атасы Герадот - грек тарихшысысы, прозашысы Ол грек - парсы соғыстарын, Ахименидтерді, Египет және т.б. мемлекеттер тарихымен ұштастырып жазға.Сол сияқты Грекия мен Спарта арасындағы соғысты баяндаған Фукидид, македониялықтарға қарсы гретермен төңкеріс ұйымдастырған батыр Демосфен, грек философия мектебінің қалаушысы Платон, Поэтика, Риторика атты еңбектерінде әдебиет пен өнер мәселелерін көтерген Аристотель есімдерімен тікелей байланысқан,гүлденген кезің бола білді.
Бұл кезеңмен қатарласа Эллинизм кезеңі де (біздің заманымызға дейінгі ІV - І ғ.ғ.) дамыды. Яғни Александр Македонскийдің жорықтарынан бастап, Египетті римдіктер басып алғанға дейінгі кезең болып сиппатталады. Эллиндік мәдениеттің негізі- Антиохия, Пергам, Афины қалалары болды. Бұл кезеңде арнаулы білімдер - математика, механика (Евклид, Архимед), астрономия (Аристарх Самосский), медицина, география, филология дамиды, философиялық мектептер көбейеді. Бұл дәуірдің көрнекті жазушысы Плутарх әдебиет тарихына өмірбаян жанрын енгізуші ретінде енді. Ол өмір сүрген уақыт Грекия өзінің тәуелсіздігін жоғалтып, Римнің бір провинциясына айналған кез. Плутарх әр түрлі тақырыпта жазылған екі жүздей кітаптың авторы. Олардың ішінде мораль мәселесіне арналған.
Грек халқы өзінің тәуелсіздігінен айрылып, ғылым мен білім, мәдениет пен әдебиет саласындағы күйзеліске түскен дәуірде, Италияның батыс өңірінде антикалық дүние әдебиетінің екінші тармағы - Рим әдебиеті туа бастайды. Соның ішінде қос кезеңді бастан өткереді, оның бірі Республиканың соңғы дәуіріндегі әдебиет (б.з.д. ІІ ғ. ортасы - б.з.д. І ғ. ортасы). Ірі өкілдері - Цицерон Марк Тулий (б.з.д. 106-43 ж.ж.) - шешендік сөз өнерінің теоретигі, одан 19 трактат және 800 ден астам хаттар сақталған. Және Империя кезінің әдебиеті (б.з.д. І ғасырдың екінші жартысы - б.з.д. І ғасырдың басы). Республика құлап, империялық дәуір,Август ғасыры басталады. Бұл уақытта, әсіресе, поэзия шарықтайды. Оның белді өкілдері ретінде мифтік батырлық эпос Энеиданың авторы - Публий Вергилий Марон, сатира, арнау, мерейтой гимндерінің, саяси - әлеуметтік, философиялық, этикалық, махаббат туралы, ақын мен поэзия жайлы одалардың авторы Гораций, махаббат жыршысы, Метаморфоздың авторы - Овидий, элегия шеберлері Тибул мен Проперция сияқты ақындармен ерекшеленеді. Луций Апулей (125-180 ж.ж. шамасы) - императорлық кезеңнің әдебиетін аяқтайтын қаламгер. Ол әдебиетте өзінің 11 кітаптан тұратын Метоморфозаларымен (басқаша аты Алтын есек) әйгілі.
Ежелгі Қытай әдебиеті біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтан біздің заманымыздың ІІІ ғасырына дейінгі үш дәуірді қамтиды. Олар Шань - иньдік тайпалық одақ дәуірі (б.з.д. ХVІІ- ХІІ ғ.ғ.), Қала - мемлекеттік Үжбулық дәуір (б.з.д. ХІІ - VІІІ ғ.ғ.) және импуниялық дәуір (б.з.д. - VІІ ғ. - б.з. ІІІ ғ.).
Көне Қытай мәдениетіндегі гуманистік ой - пікір өкілдері - Конфуций мен Мо Ди. Конфуций халықтық дәстүрге мен этикаға деген ерекше назар аударады. Ежелгі Қытайдағы тағы бір ілім, діни - философиялық мектеп - даосизм шамандық сенім негізінде б.з.д. І ғасырда туған. Даосизмнің философиясына натурализм, қарапайым диалектика мен діни мистиканың негізі тән. Оның негізгі өкілі - Цзы - Лао. Дао - цзы болды. Сол сияқты, Сыма - Сян - жу (б.з.д. 179 - 117 ж.ж.) - Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі. Оның шығармалары Цзы - сю туралы дастан, Империялық аңшылық - прозалық әрі поэзиялық дастандар. Шығармалардан Қытай табиғатының, аңшылық салттың, халықтық көңіл - күйдің шынайы суреттерін көруге болады.
Ежелгі Үнді әдебиеті - қазіргі Үндістан, Пәкістан, Бангладеш халықтарына ортақ ұлттық мұра. Үнділер шығармашылығында кез келген тақырып - діни, ғылыми, ертегілік, эпикалық, тарихи - бәрі де өлеңмен де, прозалық пішінде де жазыла берген. Ежелгі Үнді әдебиетінің мақтанышы Махабхарата дастаны - көлемді шығарма, моральдық, саяси, әлеуметтік өмір мазмұнының энциклопедиясы. Ол шамамен жүз мың екі тармақтық блоктан тұрады. Дастан оқиғаларының арқауы - каурава және панадава атты бхарат тайпаларындағы билеуші рулардың таласуының соғыстары. Басты кейіпкерлері - сиқыр Дхритараштар патша, оның әйелі патшайым Гандхари және олардың үлкен ұлы Дурьодхон - Арджуна батыр.Үндінің келесі бір классикалық эпосы - Рамаяна 24000 тармақтық блоктан тұрады. Сюжеттік сипат 7 кітапқа бөлінген. Эпостағы Рама - индуизмнің жоғары құдайы Вишнудың бейнесі. Оның образы - қайырымдылық пен рақымшылдықтың жиынтығы ретінде көріне білген.
Сол сияқты Иран әдебиеті, б.з.д. мыңжылдықтың бірінші жартысында өмір сүрген халықтардың бірі. Көшпелі және отырықшы ирандықтан болып бөлінген. Геродот, Ктесия және т.б. антикалық авторларлардың жазбаларында ежелгі ирандықтардың, әсіресе көшпелілерінің салт - санасы туралы мәліметтер кездеседі.
Авеста. Ежелгі Иран жазба ескерткіштерінің озық үлгісі -
Авеста. Гаттар (жыр жырлау) - он жеті мұрағат дұғаларының жинағынан тұратын Авестаның көне бір бөлігі. Оның авторы - ежелгі
иран дінінің негізін салушы Заратуштра (грекше берілуінде Зороастру). Заратуштра есіміне қатысты бақсылық, арбау әнұрандары, шешендік өнер дәстүрі қалыптасқан. Гат шығармаларындағы образдар
табиғаттағы, қоғамдағы қарама - қарсы күштерді бейнелеген.
Авестаның басқа да кітаптары жарық көрген. Атап айтатын болсам:
1. Вендидат (дию - перілерге қарсы қағидалар) 22 тараудан тұратын бұл кітап Заратуштра мен Ахура Мазданың әдет - ғұрыптық, тазалық, қайғы - қасіретке ұрынбау, мифологиялық ұғымдар және т.б. туралы диалогтарына құрылған.
2. Висперед (барлық жоғары тірі жәндіктер туралы кітап) - салт
- жоралар туралы 24 тараулық кітап.
3. Ясна (салттық жора) - қырғыншылықты санамалау, мадақтау
және литургиялық тұрғыда тәңірге табыну дұғасы.
4. Яшты (Әнұрандар кітабы) - Зоратралық әр түрлі тәңірілікті
мадақтаудан, көптеген мифологиялық элементтерден құралатын 22 діни өлеңнен тұратын мадақтау әнұрандарын айта кеткен жөн.
5. Кіші Авеста - қысқаша дұғалық мәтіндердің жинағы болып табылады.
Әдебиеттің тағы бір дамуына орасан зор әсер еткен Орта ғасырлар дәуірін айрықша айтуға болады. Ондағы басты мақсат - эпостың, ауыз әдебиетінің, романның және басқа да жанрлардың ақсүйектер әдебиетінде пайда болуы, қалыптасуы қандай жолдармен дамығанын ашып беруі болды. Соның ішінде ерте орта ғасыр әдебиетінде (V - XI ғ.ғ) тұрмыс біршама кедей болғаныменен, эпикалық шығармаларға бай болды. Викингтер көтерілісінің сипатын ашты. Әдеби жетсітіктер скандинавиялық Эдда жырлары, скальдттер поэзиясы мен прозасы, сагалары болды. Феодалдық қатынастар дамыған орта ғасыр жетістігі мен ерекшелігі - ол иерархияның билігімен тұспа тұс келді. Жаңа қалалар салынып, мемлекет гүлденді. Әр сословиенің өзіне тән әдебиеті болып, батырлық эпостар көптеп жазылды. Олар: Францияда Ұлы Карлдың жорығы жайлы Роланд туралы жыр, Германиядағы Нибелунга туралы дастан, Испанияда Сид туралы жыр. Сол сияқты, әдемілік пен бекзадалықты көрсететін серілік романдар мен трубадорлар романы ерекше белең алды.
Ең соңғы деген ортағасырлық кезең кейінгі (XV - XVII ғ.) географиялық ашылулар мен сауда - саттықтың, саяси өмірдің дамуымен байланысты. Әдебиетте жаңа стильдер шығып, жанрлық жүйеге өзгерістер енеді. Мысалы, демократиялық дәстүрлерді біріктіруші ағылшын Джеффи Чосердің Кентерберий әңгімелерінде реалистік әдіс көрініс тапқан. Сонымен қатар шаруалар поэзиясының дамуымен жаңалық әкелді. Мысалы, Лонглендтің Петр диханның көрінуі поэмасында шаруалар бейнесі сомдалған.
Орта ғасырларда үнді әдебиетінде драмалық шағын жанрлар - бхана (пьеса - монолог) және прахасана; эпикалық поэзия (махакавья). Ортағасырлық үнді әдеби ескерткіштері - Шактибхадрының (ІХғ.) Ашчарья, Мураридің (ІХ-Х ғ.ғ.) Анаргхарагхана, Раджашекхараның (Х ғ.) Беларамаяна пьесалары болды.
Осы орайда таяу шығыс және Орта Азия әдебиеттерін тыс қалдырмаған жөн. Араб әдебиетінің қайнар бастауы - ежелгі ауызша араб поэзиясы: өсиет, мақал - мәтел, шешендік сөздер. Тағы бір үлкен жетістік ол Құран - араб әдебиетінің классикалық ұлы ескерткіші. Ол 114 сүреден тұрады. Құранның ең ұзақ сүресі екінші сүре 286 аяттан, ең қысқа 103, 109, 110 сүрелері үш - аяттан тұрады. Құран кітаптың ішіне тарихи естелік тәрізді оқиғалы көркем әңгімелер енген. Осы көркем
әңгімелерде Адам Ата мен Хауа Анадан бастап, ең соңғы Мұхаммет
пайғамбарға дейінгі адамзат тарихының елеулі оқиғалары суреттелген.
Араб әдебиетіндегі сопылық поэзияның өкілі - Ибн - әл - Фарид Әбу Хафс Умар ибн Али ас - Сағади. Орта ғасырлардағы араб әдебиетінің ескерткіші Мың бір түн - араб тілінде жинақталған әлем әдебиетінің озық үлгісі. Онда араб, үнді, парсы, түркі халқытарының әр ғасырда туған ертегілері жинақталған.
Адамзат тарихында ортағасырлық өркениеттің аяқталуы Қайта өрлеу немесе Ренессанс (ренессанс - француз сөзі, қайта өрлеу деген мағынаны білдіреді) дәуірі деп аталатын мәдениет пен әдебиеттің өрлеген кезеңінің келуімен байланысты болды. Әдебиетте үлкен жаңғыру болып, ғылым мен әдебиет, музыка мен сурет өнері, архитектураның ұлы таланттарын тудырды. Олар - Петрарка мен Леонардо да Винчи, Рабле мен Коперник, Боттичелли мен
Шекспир т.б. Римдегі әулие Петр шіркеуі, Петрарканың Лаура туралы өлмес өлеңдері, Рафаэлдің әйгілі Сикстинская Мадонна суреті және опера мен балет сияқты музыкалық - драмалық жанрлардың дүниеге келуімен, Гамлет пен Донкихотты тудырған дәуір. Сол сияқты ХV ғасырдағы неміс өнертапқышы Гутенбергтің кітап басуды ойлап шығаруы, типографияның дамуына әкелді.
Бұл Европалық ренессанстың отаны - Италия. ХІV ғасыр - бұл ғалым, гуманист 41 лирик ақын Петрарканың, атақты новеллист Боккаччоның дәуірі. §Есейген, дамыған ренессанс (кватроченто) - ХV ғасыр - философия, этика, педагогика ғылымдарының дамуымен байланысты ғылыми гуманизмнің кезі.
Францияға гуманистік идеялар ХІV-ХV ғасырлар айрығанда Италиядан келеді. Дамыған Қайта Өрлеу - ХVІ ғасырдың 20-60 жылдары. Францияда реформация қозғалысы жүреді. Маргарита Наваррскаяның Гептамерон новеллалар жинағы, Ф. Рабленің Гаргантюа мен Пантагрюель романы жазылады. Ренессанстың соңғы дәуірі - ХVІ ғасырдың соңы Италия сияқты манерьизмнің кең қанат жайпы, ренессанстың құлдырау уақыты. Дегенмен, бұл ғасырда П. Ронсар, Ж. Дю Белле сияқты ірі ақындар мен философ, эссеист М. Монтеннің әйгілі туындылары жазылады.
Неміс әдебиетіндегі ренессанс кеш келуімен (ХV-ХVІ ғасырлар.), солтүстіктік гуманистердің (Италиядан солтүстікте орналасқан елдердегі Ренессанс өкілдерін осылай атаған) діни мәселелерге көбірек көңіл бөлуімен, шіркеу реформаларына қатысуға ұмтылуымен, университеттер мен гуманистік үйірмелердің молдығымен ерекшеленеді. Неміс және Нидерланды гуманистерінің ерекшелігі - филологиялық білімділік пен діни мәселелерге қызығушылық. Аталған елдердің ХV ХVІ ғасырлардағы әдебиетінің түп көздері - орта ғасырлық аңыз, христиандық әпсана, қалалық фольклор, рыцарьлық роман. Бранттың Ақымақтар кемесі шығармасы - неміс өрлеуінің шыңы саналады. Роттердамскийдің гуманист шығармаларының ішіндегі ең атақтысы - 1509 ж. Жазылып, 1511 ж. жарық көрген, досы, ағылшын гуманисі Томас Морға арналған Ақымақты дәріптеу трактаты. Кітаптан антикалық сатирамен қатар ақымақтар туралы неміс сатирасының дәстүрі көрінеді.
Испания мемлекетіне қайта өрлеу ХV - ХVІ ғасырларда келеді. Елге ренессанстың келуіне Италия мәдениеті мен Солтүстік аймақтардағы өрлеу әсер етті. Испандық Өрлеу әдебиетінің негізгі жанрларының бірі - роман. Ол, ауызша лиро - эпостық поэзия, романыстар дамиды, ең атақты дегені Мигельдің Дон Кихот Өрлеу дәуірінде жаңа заманның алғашқы романы ретінде бағаланды.
Ал Англиядағы Өрлеу басқа Европа елдерінен кеш бастау алса да, ілгерінді дамыды. Ағылшын әдебиеті ренессанстық әдебиетті белсенді сіңіріп, антикалық авторлар- 47 дан, итальян, француз жазушыларынан өте көп аудармалар жасалды. Англиядағы қайта өрлеу мәдениетінің ерекше гүлденген тұсы - Королева Елизаветаның билік еткен жылдары (1558-1603). Олар: Спенсер мен Сидни сияқты ақындар, Лили, Делон мен Нэша сияқты прозаиктер, Кид, Крин, Марло сияқты драматургтер. Солардың ішінде кезең театрындағы ерекше құбылыс болған У. Шекспирдің шығармашылығы - ағылшын Өрлеуінің шарықтау шегі, сонымен қатар гуманизмнің құлдырауы, жаңа заман әдебиетінің басы болып есептеледі. У. Шекспир шығармашылығын 3 - ке бөліп қарастырған жөн. Олар, комедия жанрыАсауға тұсау, Жазғы түнгі түс т.б. Трагедия, Гамлет, Король Лир, Отелло, т.б. Үшіншісі трагикомедиясы, шығармасы Буря.
Ал ХVII ғасыр әдебиеті ерекшелігі Батыс Еуропа тарихында аса бір тынымсыз уақыт болды: католиктер мен протестанттар арасындағы діни конфликт болып жатты. Ортағасырлық Ренессанс гуманизмі құлдырап, бароккалық адам бейнесі қалыптасты. Барокко - көпсырлы, көтеріңкі стильі алға үстемдік етті. Себебі оған театрлық қасиет те, бұлдыр сағым мен фантастика да, ақиқат та тән болды. Бұл стильге тән тақырыптар мен сарындар - өлімнің қай жерде болмасын өмір сүруі және жердегі өмірдің жалғандығы, уақыт пен мәңгілік, махаббат трактаты т.б. Ақын Дж. Мильтонның Жоғалған жұмақ поэмасы - барокко - классицистикалық эпикалық синтездің шыңына айналды. Драматургияда да испандық барокко драмасы мен француздық классицистиклық театры ерекшеленді.
ХVІІ ғасырдағы Италиядағы экономикалық және саяси жағдайды нығайтуда Папа үкіметі үлкен әсерін тигізді. Әдебиеттегі бостандық, азатшыл сүйгіш ойлар Т. Кампанелланың (Күн қаласы утопиясы), Мариноның шығармашылығында көрініс тапты. Сол сарындағы неміс әдебиетіндегі жазушылар болса соғысқа қарсылық тақырыбында шығармалар жаза бастады. Мысалы, Грифиустың Отанның көз жасы туындысы. ХVІІ ғасырдағы келесі бір неміс жазушысы Гиммельсхаузеннің Симплицин Симплициссиммус романы да соғысқа, феодализмге қарсы бағытта жазылды. Романада демократтық, бостандық сүйгіш ойлар, философиялық ирония және фантастика көрініс тапқан. Бұл ғасырдағы ағылшын елдерінде буржуазиялық төңкеріс әдебиетте өз елесін қалдырады. Ғасыр басында әдебиеттегі ренессанстық дүниелер біртіндеп ренессанстық реализмге ауысты. Мысалы, Бен Джонсон шығармаларындағы демократтық бағыттар, гуманистік көзқарастар классицизм мен барокко өкілдерімен полемика тудырса,сол сияқты, ақын Дж. Мильтонның көзсемсөздік шығармаларына, Жоғалған жұмақ, Оралған жұмақ атты поэмаларында, Самсон - күрескер атты трагедиясында пуритандық дүниетаным мен гуманистік ойлар арасындағы қайшылықтар байқалады. ХVІІ ғасырдағы Испан әдебиеті болса ренессанстық реализмнен өтті. Себебі испандық классицистикалық театр әлеуметтік - мәдени феномен болды. Осы кездегі әйгілі драматургтар - Лопе де Вега, Турсо де Молина, Педро Кальдерон де ла Барка. Испан пьесаларының жанрлық - тақырыптық циклдері - намыс драмасы, тарихи пьесалар, шаруаның ар - ождан драмасы, тарихи трагедиялар, әулиелер туралы пьеса, діни - философиялық драмалар. Испан драмасының қайнар көзі - романсеро, тарихнама, ренессастық новелла, агиография, Библия, антикалық мифтер. Лопе де Вега - испан әдебиетіндегі - жаңа комедияны тудырушы (Қой қайнары батырлық драмасы). П. Кальдерон - испан драматургиясындағы барокконың саяси және көркемдік принциптерін басты бейнелеуші (Өмір деген түс философиялық драмасы). Оның театры еуропалық барокколық драманың шыңы бола білді. Француз әдебиетінің ХVІІ ғасырдағы ең басты көркемдік - стильдік бағыты - классицизм. Пьер Корнель (1606-1684) - ХVІІ ғасырдағы француз драмургиясының ұлы классигі, Франциядағы классицистік трагедия жанрының негізін қалаушы. Оның: Мелите немесе Жалған хаттар, Жесір немесе Жазаланған сатқын комедиялары, Сид трагикомедиясы, Гораций, Цинна немесе Августың рақымы, Родогуна, Серторий, Эдип трагедиялары т.б. Және Мольер кейіпкерлерінде классицизм заңдылығына сай бір мінез ғана доминат болады. Сондықтан да болар оның кейіпкерлерінің аты жалпы есімге айналып кетті: тартюф - екіжүзділікті білдірсе, гарпагон деп сараң адамды айтады. Мольердің Тартюф, Дон Жуан, Мизантроп сияқты классицистік комедияларында философиялық - моральдық мәселелер алға тартылады.
ХVІІІ ғасыр - адамзат мәдениетінің тарихындағы керемет дәуірлердің бірі. Европа тарихында екі төңкеріс аралығындағы (Англиядағы (1688-1689) және Франциядағы (1789-1795) бұл кезең Ағартушылық дәуір деп танылады. Оған прогресс, еркіндік, әділетті және саналы қоғамдық құрылыс, ғылыми білімнің дамуы, діни толеранттылық сияқты қоғамдық, саяси идеялар енді. Ағартушылық толқыны публицистиканың дамуына да ықпал етті, ХVІІІ ғасыр басында газет-журналдар ерекше маңызға ие болды, бұл ғасырдағы көптеген қаламгерлер өз шығармашылығын журналистикадан бастап, және журналист, және жазушы болды. ХVІІІ ғасырдағы Англиядағы алғашқы ағартушы роман дүниеге келді - Даниэль Дефоның Робинзон Крузо романы болды. Ағартушылық әдебиеттің тағы бір Отаны - Франция. Вольтер, Руссо, Андро, Даламбер т.б. француз ағартушылары жас буынның дем берушісі, тәрбиешісі бола білді. Шарль Луи Монтескье (1689 - 1755). Француз ағартушылық әдебиетінің бастаушысы Шарль Луи Монтескье - көсемсөзші, философ, жазушы. Оның Парсылық хаттар атты эпистолярлық еңбегінде 63 Францияның мемлекеттік құрылысына сын айтылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим империясында саяси дағдарыстын шиеленісуі
ӘЛЕМДІК МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ӨРКЕНИЕТТЕР
Ежелгі Рим сәулет өнерінің тарихын жазу
Қытайдағы мемлекет пен қоғамның қалыптасу негіздері
Ежелгі Римдегі сәулет өнері
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Қарағанды облысының Ұлытау аймағының туристік мүмкіндіктері
Жаңа заман мәдениетіндегі ағартушылық
Сасанид дәуіріндегі Иран мәдениеті
ҰЛЫТАУ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
Пәндер