Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
НҰР-МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ
Толымбек Серікбосын
«Хужурат» сүресінің адам және қоғамға берер тәрбиесі мен әдебі
ДИПЛОМ
5B021500 - «Исламтану»
Алматы 2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Исламтану кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Исламтану кафедрасының
меңгерушісі PhD Н. С. Анарбаев
«__»2020 жыл
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «Хужурат» сүресінің адам және қоғамға берер тәрбиесі мен әдебі.5B021500 - «Исламтану» мамандығы бойынша
Алматы 2020
Норма бақылаушы
п. ғ. к,, қауым. проф. Исабаева С. Н.
«___» 2020 ж
Диплом жұмысының жетекшісі
PhD доктор Нурул Ғазаб
«___» 2020 ж
Диплом жұмысының кеңесшісі
Стамбакиев Нұржан
«___» 2020 ж
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Нұр- Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті
Исламтану кафедрасы
«Бекітілді»
Исламтану кафедрасының
меңгерушісі
PhD доктор Н. С. Анарбаев
«___» 2020 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ТАПСЫРМА
Студент: Толымбек Серікбосын
- Жобаның тақырыбы:«Хужурат» сүресінің адам және қоғамға берер тәрбиесі мен әдебі
2019 жыл «_ _» № университет ғылыми кеңесі бұйрығымен бекітілді.
- Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі
3. Жобаға бастапқы берілгендер:
а) диплом жұмысы бойынша жоспар-тапсырма;
б) диплом алдындағы тәжірибені өту барысында жиналған материалдар;
в) тақырып бойынша әдебиет.
Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі - __ бет.
4. Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі және дереккөздері ретінде
Сынды бірқатар дінтанушылар мен отандық және шетелдік дінтанушылардың еңбектері қолданылған.
Тақырыптың берілген уақыты
Диплом жұмысының кеңесшісі Стамбакиев Н
Тапсырманы орындауға қабылдап алған студент Толымбек С
Алматы, 2020
МАЗМҰНЫ
- ХУЖУРАТ СҮРЕСІНІҢ ТҮСУ СЕБЕПТЕРІ МЕН МАҚСАТТАРЫ . . . 7
3 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 44
4 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 45
КІРІСПЕ
Барлық мақтау мадақ және құрметке ие атаулының барлығы бүкіл жаратылыстардың иесі, һәм патшасы болған серігі жоқ жалғыз Аллаға болсын. Раббысының адал құлы болған мінезі мен қасиеті жағынан кемеліне жеткен, Раббысының бұйрығы берілген күннен бастап, барша адамзат пен жын атауына елшілік еткен, адамдарды қараңғылықтан нұрға қарай жол бастап шыққан, сөйлесе тек құранның ілімімен сөйлеген Раббысының соңғы елшісі Мухаммед (с. а. с) -ға және оның отбасына, сахабаларына олармен бірге сол жолда ізгілікпен ергендерге Алланың игілігімен сәлемі болғай. Расыменде Алла тағала адамдарды өзіне құлшылық етуден артық басқа мақсатта жаратпаған, құлдарына сансыз нығметтерді беріп, сондай-ақ адамдарды ер әйел, ұлт-ұлысқа ру аймаққа бөліп, бір-бірлерін танып білулері мақсатында жаратылған бұл адамзат баласына берілген нығметтің бірі тіршілік көзі емеспе. Әр бірімізді сан қилы тағдырлар мен түрлі мінездерді салып берген. Өмір сүру жолдарымыз әр түрлі болса да, барар жолдарымыз түйісетін торабымыз бір болары анық. Адамзат өмірінің өзектілігі мәнді де үйлесімді болуы, ол Алланың өлшеп берген заңдылықтарында. Алланың өлшеп берген заңдылықтары дегенміз ислам шариғаты. Шариғат ілімінің қайнар көзі ол Алланы және ахретті тану, жаратқандарынан таным көзбен қарап, олардан ғибрат алып иманның кемел нұрымен нұрлану. Ислам шариғаты негізінде жақсылыққа бастаушы, жамандыққтан алыстатушы бір кемелділік жолы. Оның ішінен яғни шариғат ілімдерінен түрлі категорияларға бөліп керекті мағұлматтарды реттеп те қойғанды. Мысалға Аллаға тағалаға қатысты ілімдер, құлшылыққа қатысты ілімдер, қоғамға және адамға қатысты қарым-қатынас аясындағы ілімдерде қамтылған. Осы айтылған қоғаммен адамға қатысты әдеп ілімдері аясында тоқталғанымыз жөн болар. Өйткені қазірде қоғам атауында әдептілік функциясы мен этикалық және эстетикалық ресурстары жеткіліксіз болуда. Алла мен және оның елшісімен мұсылман адамның қандай байланыста болуы туралы әдептерден алыстағандай. Тіпті адам баласының бірін-бірі бағаламау, ар ұжданына қол сұғу, жаман ойда болу сында тақырыптар белең алуда. Осы сында және өзгеде тақырыптар аясында тоқталып өтсек. Алла тағала «Тин» сүресінің 4 аятында айтады: «Біз ақиқатында, адамды асқан сұлу бейнеде жарттық». Имам ас Сабунидің тәпсірінде: Біз адам ұрпағына ең кәміл және ең көркем сипаттар белгілеп, көркем түрде жараттық. Яғни, түр-сипаты көркем, бойы түзу, ағзалары бір-біріне келіскен; білім, түсіну қабілеті, ақыл, жақсылық пен жамандықты айыра білуге, сөйлесу және әдеп сипаттарымен көркем жараттық. Бұл жерде берілген түсініктемеде «әдеп» сөзі келген. Яғни бұл жерден түсінетініміз адамды Алла тағала әдепті болу нысанында жаратқандығында аңғарамыз. Тәлімгер тағалымы болған пайғамбарамыздың бүкіл әдеп тәрбиесі осы құранмен негізделген. Айша анамыздан сахабалар пайғамбарымыздың мінезі, әдеп ахлағы жайында сұрағанда Айша анамыз ол-(пайғамбарымыз) Құран секлді дегені де бар. Міне осындай құранмен әдеп тәрбие алған пайғамбарымыздан сахабаларда, табиғиндер, ғалымдар салих құлдарда сусынданған. Сол сусындардың тамшыларының біріде қазақ даласынада жеткені де мәлім. Қазақ даласына әдептілік тәрбие мектептері алыс дүние еместігі белгілі. Керісінше бойында тектілікпен тазалық нышаны бірге қалыптасқан қазақ жұртында әлі күнге дейін бардың қасы. Сол шақпен ұштассақ кезінде әдеп тәрбиені бергенде мынау болады мынау болмайды немесе жаман болады ға балап тәрбиелегенді. Сол кезде ол нәрселерге мән берместен ее үлкендер айтты болды деп кете берген. Әлі күнге дейін сол нәрсенің пайдасын көруде сол жылдарда өмір сүрген қазақ халқымыз. Әйтседе, жыл ғасырлар өте келе көне тарихтан тек бір екі үзіктері қалғаныда байқалады. Өйткені заманына қарай өзгерген адамзат баласының жоғарыда айтылған әдептілік тәрбиенің аса қатты мән беріліп жатқаны шамалы. Халық қазынасынан мынандай сөз бар: “Әдепсіз өскен адамнан, Тәртіппен өскен мал артық”, - деген. Әдеп тәртіп болмаса адамның ешқандай да мәні болмайтындығын анық айтқан. Қазіргі қоғамға да адамның адамдығында сақтайтұғын әдеппен тәрбие солардың қайнар көзі екендігін ескермей келеді. Әдеппен тәрбие шариғаттың мәнімен мақсаты болып табылады. Ол адам өмірінің бір тұсын ғана немесе оның жүріс тұрысының бір қырын ғана қамтумен шектелмейді. Қазіргі кезде қоғамда және адамдарда мынандай түсінік бар « Әдепті ұстану немесе ұстанбау-адамның өз еркіндегі іс» бұл қате түсінік бұндай ойлардан аулақ болу қажет. Осындай түсініктен кейін әрине қоғам және адам бұзылмағанда не болды? Сонда баяғы ата-бабамыздың ұрпақтар үшін берілген әдебі мен тәрбиелерінің мәнісі болмағандығыма? Олар әдеп тәрбиені бергенен кейін ары қарай өзі білсін деп айтыппа? Әрине олай демегені де анық. Осындай келеңсіздер қоғамда орын алып бастағандығы мәлім. Жалпы алғанда қоғамдағы осындай мәселерге қатысты шариғатымыз келісе қоймады. Өйткені шариғат жақсылыққа шақырып жамандықтан алсытатушы деп жоғарыда баян еткен едік. Осындай түйіткілдердің аясында түбін ақтарып біздің қозғайтын тақырыпта осы әдеппен тәрбие жөнінде құрандағы хужурат сүресінде не деп айтылғандығы жайында баян етеміз. Әдептілікпен тәрбиенің адам баласына және қоғамға берер пайдасы тұрғысында, Алла және оның елшісімен болған әдептілік жайында, мұсылмандардың бір бірінің арасындағы әдептілікті сақтау керек екендігі жайында сөз етеміз. Мұсылмандардың арасын жарастыру оларды бөліп жармау, бойларында жоқ кемшілік атаулары мен атамау жайлы да айтамыз. Яғни, хужурат сүресі осындай тақырыптарды айқын таразылап, түсіндіріп беретіндігі жайлы баяндайды.
1 ХУЖУРАТ СҮРЕСІНІҢ ТҮСУ СЕБЕПТЕРІ МЕН МАҚСАТТАРЫ
1. 1 Сүренің тілдік және терминдік анықтамалар
Тілдік терминдік мағыналары: Қазақ тілінде «әдеп» сөзі кеңінен қолданысқа ие. Бұл инабаттылқ, имандылық, адамгершілік пен сыпайылықтың мағынасын білдіретін, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді қазақы тәлім-тәрбие, ізгілікке баулу барысында қолданып жүрген сөз. «Әдеп» ادب (әдәбун) араб сөзінен шыққан.
Тілдік мағынасына келетін болсақ; көркем мінез, жүрс-тұрыс, тәрбие, сыпайылық ұғымдарын білдіреді. «Лисанул-араб» сөздігінде Ибн Манзур: «Адамдарды жақсы қасиеттерге үйретіп, жамандықтан тыйып, тәрбиелегендіктен «әдеп» деп аталған», -деп түсіндірген [1, 2-том, 141-б] .
Бұл сөзге қатысты ғалымдар әртүрлі анықтамалар айтақан. Мысалға: «Әдеп- көркем мінезді кемеліне жеткізу білу»[2, 448-б] . «Әдеп- қателіктің барлық түрінен сақтана білуді үйрететін сөз. «Әдеп- адам бойындағы жақсы сипаттардың жиынтығы»[3, 2-том, 356 -б] .
Кейбір түсіндірмелерде былай айтылады: «Әдеп» ол ілімді үйреніп білумен нәпсіні жаттықтыру және білімді үйретіп, оны ары қарай дамыту арқылы мінез құлықты тәрбиелеу. Осыған байланысты тағыда мынадай сөздерде кездеседі: «Әдеп» құранға немесе пайғамбар әдебіне ұқсауға тырысу. Ахмад фауад Ауһани айтады: Барлық ислам тәрбиесінің жиынтығы исламның алғашқы көрнісіндегі жылдардан, сол аралықпен қатар нәпсініңде тәрбиесіде басталған, ол дегенеміз дінмен тәрбиелену, мінезбен, іліммен, күш қуаттылықпен тәрбиелену, осылардың қай түрімен болмасын тәрбиеленуді айтады.
Сонымен қатар тәрбиені уйден баста дегеніміз үйрету мен еліктеуден басталады. Осылайша түрлі анықтамалармен танысып, қандай мағыналармен үйлесетіндігін және ол адам бойында табылса сол әдеп тәрбиенің нағыз иесі екенін түсіндік.
Әдеп ғылымының артықшылығы турасында дінімізде өз орны бар маңызды саналатын іс. Осы орайда бұрынғы ғасырларда білім ізденушілер ғалым адамнан білім алмас бұрын, оның әдебін үйренетін болған. Өйткені ғалымдар арасында: «Тәрбиесіз қолға білім берме», -деген сөз бар. Ибн әл-Мубарак атты ғалым былай деген: «Әдепті отыз жыл үйрендім, одан соң жирма жыл білім алдым». «Олар (ғалымдар) бірінші әдепті үйреніп, кейін білім алатын болған». [4, 15-б] .
Әл-Қарафи атты ғалымның «Әл-Фаруқ» атты еңбегінде: «Көп амал жасағаннан гөрі, бойыңда аз да болса әдебің болғаны жақсы. Сол үшін де салихалы ғалымдар қатарында болған Рауим өз ұлына: «Әй, балам, амалың тұз болса, әдебің ұн болсын (яғни, ұн мен тұзды араластырғанда ұнның мөлшері қаншалықты көп болса әдебің соншалықты болсын) », -деп өсиет айтқан екен.
Алғашқы мұсылмандардан болған бір ғалым баласына: « Әй, балам, басқа ғылымның жетпіс бабын үйренгенше, әдептіліктің бір бабын үйрену мен үшін сүйіктірек», -деп айтыпты.
Имам Заһабидің айтуынша, Имам Ахмадтың тәліміне, яғни сабағына бес мыңдай адам қатысатын. Соның бес жүзі имамның айтқанын жазып отырса, қалғандары оның келбетінен, мінезі мен әдебінен өнеге алатын.
Яхия ибн Муғаз: «Кім Алла Тағаланың әдебімен әдептенсе, Алланың сүйген құлдары қатарында болады»
Сүренің аталуы: Бұл мәселеде кейбір тәпсір ғалымдары сүренің атауын «ахлақ сүресі» деп те атаған. [5, 3-том, 1199-б] . Бұл сүреде аят саны аз болғанымен көптеген мәнді ой түйіндейтін мәселелер жазылған. Тәрбие мен әдеп ахлақтың мәнін қоғам мәдинетінің негіздерін қамтиды. Хужурат сүресінің түсуіне байланысты ислам ғалымдарының арасында түрлі айтылу көз қарастары бар. Сол айтылғандардың бірнешеуіне тоқтала кетсек. Имам аль- Бағауи айтады: Хужурат сүресі 18 аяттан тұратын мадиналық сүре. Имам Құртуби: Ижмағпен келісілген мадиналық сүре. [6, 16том, 300 -б] . Сонымен қатар Имам ибн А`шур айтады: Ол мадиналық сүре хижреден кейін түскен бір ауыздан тәуил иелерімен келісілген. Имам ас-Суютидің (Ал-итқон) кітабында: “Ол меккелік сүре бірақ оның осылай айтушысы белгісіз”, деп келген. Хужурат сүресінің 13-ші аятына байланысты тәпсір ғалымдары көз қарастарын білдірген болатын «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық»
Имам аз-Заркаши: Бұл аят негізі мекке фатх етілген кезде түскен, хижрет кезінде мадинада түскен үкім жағынан мадиналық. Имам Алуси айтады: Сүре мадиналық Хасан, Қатада, Икрима олардан басқалары (мажмул баян) -да Ибн Аббастан айтқандары секілді: «Әй, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық» басқалары мадиналық деген. Ғалымдар бұл сүренің түсуі жайында осындай түрлі анықтамаларды айтады. Дегенмен сүренің жоғарыда айтқандай «ахлақ» сүресі деген атқада ие болған. Өйткені, сүреде ең маңызда әрі мағын жағынан әсер беретін тақырыптар айтылады. Бұл сөзді айтумен басқа сүрелердің дәрежесін түсіру емес, тек әр сүренің өзіндік ерекшілігі, тақырыптары мағыналы әрі Алла тағаланың әр нәрседе тақырыптарды ашық айтатындығының айқын көрнісі.
Ислам әдебінің ерекшеліктері бар:
1. Илаһи 2. Кәміл 3. Тірілікте жүзеге асыруға жарамды 4. Орта жолды ұстанушы
1. Илаһи (Жаратушы тарапынан болуы) . Ислам әдебі жкек бір адамның, топтың немесе қоғамның ойдан шығарған заңдылықтары емес. Ол Алланың кітабы мен Пайғамбар (с. а. у) сүннетіне, шариғат қағидаларына негізделеді. Алла Тағала қасиетті құранда адамдарды әдептілікке шақырып қана қоймай, сонымен қатар, өз елшісін адамар арасына әдептіліктің үлгісі етіп жібергенін айтқан. Осы айтылған сөзге байланысты Алла Тағала Ахзаб сүресінің, 21 аятында былай айтады: «Расында сендір үшін, алланы да ахрет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар», -дейді.
Адам өз өмірінің әр сәтінде Пайғамбар (с. а. у) еліктейтін болса, Ислам әдебіне шынайы амал етушілерден болады.
2. Кәміл. Ислам - адамды, оның отбасын, әрі қоғамды тура жолға бастаушы, адамзатқа бақыт сыйлаушы дін. Сондықтан да Исламның этикалық нормалары барлық мәселені толықтай қамтыған. Мысалға, Алла Тағала мен Оның елшісінің(с. а. у) қатысты қандай әдеп амалдар бар соның барлық нормаларын орындау арқылы әдептілік функциясын орнату болып табылады.
3. Тіршілікте жүзеге асыруға жарамды. Ислам әдебі кез келген уақыт пен қоғамға сай дін. Ислам әдебі адамның шамасы келмейтін іс-әрекеттерді бұйырмайды. Ол айналадағы тіршілікпен, әрі адаммен байланысты бүкіл құбылыстармен бірге үйлесе өмір сүреді. Оларды қадағалайды, жағымды жақтарын толықтырып, жағмсыз жақтарын түзетеді.
4. Орта жолды ұстанушы. Адам баласы тән мен жаннан жаратылғаны белгілі, Кей адамдар өз діндерінің талабы деп, аскеттік өмірге түсіп, тәннің хақын беруден тыйса, ал кейбіреулері өмірден тек тән рахатын іздеп, әртүрлі күнәлі істерге бой алдырып жатады. Ислам әдебінде адам тәнінің де, жанының да хақысы толықтай беріледі.
Жалпы осындай нормалар әдеп ахлықтың арнасын қосылуына себтігі тиері сөзсіз. Әдепті болудың артықшылғының сырлары өте көп, десе де соның бірлеріне тоқтала кетсек: 1. Әдептілік-Алланың бұйрығына құлақ асу;
2. Пайғамбар (с. а. у) сүннетін іс жүзінде амалға асырудың көрінісі; 3. Әдепті адамды айналасындағылар құрметтейтін болады; 4. Қателік пен күнәға бой алдырудан сақтайды; 5. Басқаларға үлгі болады; 6. Мұсылмандықты жақсы қырынан көрсетеді; 7. Қияметте шексіз сауапқа кенеледі. Жалпы әдеп осындай істерге жетелейтін бір дара жол.
Бұл сүренің мақсаты және аяттың саны жағынан аз болғанымен Алланың шариғаты мен пайғамбардың сүннетіне ұстамдылықты әдеп тәрбие негіздерін үйретумен басталады. Сүреде айтылатын негізгі қағида-мүміндердің Пайғамбармен кеңесіп, сол кісінің кемел ой ұщқырлығын алғаннан кейін, сөз айтуды, үкім айтуды әдетке айналдырғаны. Сондықтанда аятта: «Әй, Иман келтіргендер! Алла және Пайғамбардан бұрын қандай да бір нәрсе істемеңдер. Расында Алла, естуде, білуде», -делінген. Сонымен қатар, бұл сүреде айтылған ахлақи қағида - сахабалардың Пайғамбармен сөйлескенде оның абыройын, кемел дәрежесіне құрмет көрсетіп дауыстарын басулары. Өйткені Алланың елшісі ол қарапайым адамдар қатарынан емес. Ол - Раббысы тарабынан әлемге оның бұйрығын құлдарына баян етуші, сүйіншілеуші, ескертуші елшісі. Мүміндер Алла елшісімен байланысқанда сөйлескенде құрметтілік көрсету, әдепті болу керек екенін мына аятта: «Әй, иман келтіргендер! Дауыстарыңды, Пайығамбардың даусынан көтермеңдер», - деп ескертеді.
Сүреде, әділ халық болмысын қалыптастыру мақсатында жеке адамдарға қатысты тәрбие жайында айтылғаннан кейін жалпы халыққа арналған тәрбиелеу әдісіне көшеді. Осылайша, сүреде мүміндерге дауысқа мән беру керектігі және жеткен хабарлардың анық-қанығына көз жеткізу керектігін бұйырады. Әсіресе, бұл хабар сенімсіз, күмән тудыратын немесе жалғаншы өтірікші деп айып тағылған адамнан болса, оны анықтау міндетті, дейді. Сондай-ақ мінезі нашар, пасық адамның жеткізген қаншама сөздері көптеген қайғылы жағдайларға ұшыратып, бөлінуге, қасыретке себебкер болған. Сол үшінде сүреде: « Әй, иман келтіргендер егер бір пасық сізге бір хабар жеткізсе, оны нақтылаңдар», -деп бұйырып отыр,
Бұл сүреде сонымен қатар адамдарды мазақ етуден, қас-көз әркеттермен оларды ұялтудан және кемсітуден аулақ болу керек екенін айтады. Ғайбаттау, кемшілік іздеу және мүміндер жайында жаман ойда болу сынды істерден алыстатады. Көркем мінезділікке, игі амалдарға итермелейді. Ғайбат айту турасында өте ауыр әрі ойландыратындай сөзбен жеткізеді. Құран ғайбат айтпайтындай дәрежеде жан түршігерлік сөз айтады. Ол, өлген бауырыңның қасында отырып оның етін қасқырша талап, жеген адам күйінде бейнелеп: « Сыр-құпия тексермеңдер, біреуді-біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін жеуді жақсы көре ме? Әрине, ондайды жек көресіңдер», -делінеді.
Сүре бәдәуилердің иман жайындағы ойларымен тәмәмдалады. Онда бәдәуилер иманды тек тілмен айту деп түсінетіндіктерін және олар иман еткендіктеріне Пайғамбарға міндетсініп келгендігін айтады. Осылайша, Иман мен Исламның ақиқаты және Иман, Ықылас, Жиһад және ізгі амал сынды шарттарды бойына жинау арқылы кемел мүмін болатындығы түсіндіріледі.
Бұл жайында: «Мүмін деген Аллаға, Елшісіне иман келтірген, сосын
күдіктенбейтін және малдарымен, жандарымен Алла жолында жиһад жасағандар. Міне, солар, нағыз шыншылдар», - делінеді.
Сүре атауы:
Алла бұл сүреде Пайғамбардың үйлерін, яғни, мүміндердің аналарының мекен еткен қасиетті үйлерін әнгімелегені үшін сүреге «Хужурат» (бөлмелер) деген атау берілген.
Сүренің түсу себебі: а) Риуаяттарда кейбір бәдәуилер Пайғамбардың жұбайылары отырған бөлмелерге келіп оған: «Уа, Мұхаммед! Шық, бізге кел! Уа, Мұхаммед! Шық, бізге кел!», - деп айқайлай бастайды. Сол сәтте Алла Тағала: «Расында, саған хұжыралардың арт жағынан айғайлағандардың көбі түсінбегендер», - деген аятты түсіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz