Түркі тілдерінен енген сөздер


Мазмұны
КІРІСПЕ БӨЛІМ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау Кірме сөздерді топтау мәселелері
1. 1. араб-иран тілдерінен енген сөздер
1. 2. моңғол тілінен енген сөздер
1. 3. түркі және моңғол тілдеріне ортақ сөздер
1. 4. орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілден енген сөздер
ІІ тарау Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасаудағы қызметі
2. 1. Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасамдық қасиеттері
2. 2. Қазақ тіліндегі кірме сөздер негізінде сөзжасам
2. 3. Қазақ тіліндегі кірме сөздердің семантикалық арақатынасы
ІІІ тарау XX ғасырдағы кірме сөздер сипаты
3. 1. XX ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының кірме сөздерді аударудағы басты ұстанымдары
3. 2. 20-ғасыр прозадағы кірме сөздер және олардың стильдік қызметі
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Кірме сөздер жайындағы жалпы түсінік
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ халқының ертедегі даму тарихына көз жіберсек, көптеген елдермен тығыз байланыста болғандығын көреміз. Бұл жайында «Қазақ ССР тарихында» былай деп жазылған: «Қазақстан жеріндегі халықтардың Қытаймен, Орта Азиямен, Волга Булгариясымен және Киев Русімен сауда байланысы өрістеген. Қазақстанның, әсіресе батыс, солтүстік-батыс аудандарының халқы Русьпен өте-мөте берік байланыс жасап тұрған. Русьпен, Шығыс Еуропаның басқа халықтарымен арадағы осы сауда байланыстарында негізгі делдалдыққа жүргендер булгарлар, хазарлар, онан кейін печенегтер мен половецтер болған. Византияның деректемелері Орта Азия халықтары мен Шығыс Еуропа халықтарының арасында біздің заманымыздың VI ғасырынан бастап-ақ керуен саудасы болғанын айтады. Осындай айырбас пен мәдени өзара байланыстар Қазақстан тайпалары мен халықтарының мәдениетінің дамуында үлкен роль атқарған. » 1 [1, 86]
Ел мен ел арасындағы ежелгі достық қарым-қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан да айқын байқалады. Бір халық пен екінші халық ертеде тек мал-мүлік пен киім-кешек, ыдыс-аяқ сияқты жалаң заттарды ғана алмастырып қоймаған, соған қоса рухани байлық та бір-бірінен молынан ауысқан. Әсіресе бір тілден екінші тілге көптеген сөздер енген. Осымен байланысты тіліміздегі қыруар кірме сөздерді қоғам тарихымен, қазақ халқының басынан кешкен даму тарихымен тығыз байланыстырып зерттеген жөн.
Қазақ халқының басынан кешкен ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, әр кезеңде түрлі қарым- қатынастар жасағандығы мәлім. Ертеде тәжік, өзбек, татар халықтары арқылы 8-11 ғасырларда араб-парсы елдерімен, 12-13 ғасырларда моңғол халқымен күшті байланысты болса,
18 ғасырдан, яғни Қазақстанның Ресей қарамағына ене бастаған кезеңінен
(1731ж. ) бастап күні күні бүгінге дейін орыс халқымен тікелей үздіксіз қарым-қатынас жасап келеді. Осындай ұзақ ауыс-түйіс, мол байланыстан кейін қазақ тілінің сөздік құрамында қыруар шетел сөздері пайда болған.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Ғалым К. Аханов өз оқулығында кірме сөздер жайында былай жазады: «Кірме сөздер, яғни шығу төркіні жағынан басқа тілдік сөздер, әрбір тілдің лексикасында да бар». [2, ?]
Профессор Әмеди Хасенов мынадай анықтама береді: «Кірме сөздер - тіл-тілдің лексикасын байытудың аса өнімді жолы; халықтар мен олардың тілдері қарым-қатынастың айқын көрінісі; мемлекет пен мемлекет, халық пен халық арасындағы экономикалық, саяси, мәдени байланыстардың нәтижесі. Осындай қарым-қатынастар арқылы бір тілден екінші тілге көптеген сөз ауысады. Бір тілдің сөздері екінші не үшінші, төртінші бір тілге тікелей де, жанамалап та, сатылап та, екінші бір аралық тіл арқылы да, сондай-ақ, ауызша да, жазбаша нұсқалар арқылы да ауыса береді. [3, 103] Сондықтан қазіргі дүние жүзінде кірме сөздер болмайтын тілдер жоқ деуге болады».
1998 жылы жарық көрген лингвистикалық түсіндірме сөздігінде былай делінеді: «Кірме сөздер - бір тілден басқа тілге енген бөтен тілдің элементі (сөз, морфема, синтаксистік құрылыс т. б. ) Сөздің басқа тілге кіруі тілдің қатынас нәтижесінде болатын тарихи құбылыс». [4, 118]
Қазақстан ұлттық энциклопедиясында: «Кірме сөз - басқа тілдерден енген сөздер, »- делінеді. [5]
Лингвист Ә. Болғанбаевтың пікірінше, кірме сөздер (заимствование) дегеніміз тілдің өзіндік сөзжасам тәсілімен емес, басқа тілдердің ықпалымен жасалған немесе олардан енген сөздер. Яғни сөздің дыбыстық тұлғасы да, мағынасы да өзге тілге қатысты сөздер кірме сөзер делінеді . Жер шарында өмір сүріп келе жатқан үлкенді -кішілі халықтардың қай-қайсысында болсын өзге тілдерден сөздер көптеп кездеседі. Мәдениеті кенжелеп дамыған ұсақ халықтарды былай қойғанда, мәдениеті гүлденіп өскен ең озат деген халықтардың сөздік құрамы да таза тума сөздерден құралмайтындығы дәлелденген. Зерттеушілер ағылшын тілінің сөздік құрамының не бары 30 проценттейі ғана өзінің төл сөздері, ал қалғаны өзге тілдерден ауысып келген дегенді айтады. Түркі тілдері мен басқа тілдердің арасында да сөз ауысу тек бір жақты болмай, екі жақты болып отыр. [6, 140]
Лексиколог Ғ. Мұсабаевтың пікірінше, аң атаулары, әсіресе, құс атауларының көпшілігі иран тіліне түркі тілдерінен ауысқан. Сонымен қатар араб-парсы тілдеріндегі мынадай сөздер түркі тілдерінен ауысқанын атап айтады, Мысалы: ата, аталық, адырна, орда, ақша, елші, адас, ұлы, ту, темір, шабар, сорпа, тоқпақ, қаймақ, құл, ұлус, олжа, өлік, жылқы, қаз, қарға, қарақұс, сұңқар, қызыл, қылшық, қамшы, қосын, қарауыл, қарақшы, қайық, аю, арыстан . [7, 97]
Орыс тілінің сөздік құрамындағы айран, алтын, кумыс, серьга, чулан, т. б. сөздер ертеде түркі халықтарынан ауысқан.
Н. К. Дмитриевтің пікірінше, түркі тілдерінің ықпалы славян тілдерінің тек лексикасына әсер етіп қоймаған, славян тілдерінің грамматикасы мен фонетикасына, бір сөзбен айтқанда, жалпы тілінің жүйесіне күшті ықпал еткен. Бұған қарағанда өзге тілдер түркі халықтарының тілдері де сол тілдерге кем ықпал етпегендігі байқалады. Алайда, бір тілден ауысқан сөздердің сан мөлшері әрдайым тең болады деген теріс ұғым тумауға тиіс. [8, 3-33]
Профессор К. Ахановтың пікірінше, шығу төркіні жағынан алып қарағанда, сөздердің тілден тілге ауысуының тікелей ауысу және жанама түрде ауысу деп аталатын екі түрі болады. Бірінші тәсіл бойынша белгілі бір сөздер бір тілден екінші тілге тікелей енеді де, екінші тәсіл бойынша кейбір сөздер бір тілден екінші тілге тікелей емес, басқа бір тіл арқылы енеді. Мысалы, қазақ тіліне көшір, сөздер орыс тілінен енген. Ал бұларды шығу тегі жағынан алып қарасақ, олар неміс тілінің сөздері болып табылады. Дегенмен,
көшір (көш, ) түрме(тор) деген сөздері неміс тіліне түркі тілдерінен ауысқан. Кірме сөздер өзімен бірге жаңа ұғымдарды ала келуі әр уақытта шарт емес; кейде олар қабылдаушы тілде бір тектес ұғымды білдіретін сөздермен бірге өмір сүреді.
Бір тілден екінші тілге сөздердің ену процесінде кері ену (возвратное заимствование) құбылысы да болады. Мысалы, поляк тіліндегі buda («будка», «шалаш» деген мағынада), чех тіліндегі bouda, budka - шығу тегі жағынан неміс тілінің Bude (лавка) деген сөзі. Бұл сөз кейіннен поляк тілінен Baude түрінде («тауға салынған жұпыны үй» деген мағынада) неміс тіліне қайта енген. [9, 17]
Тіл - тілдің лексикасында ауызша енген кірме сөздер де, жазбаша енген кірме сөздер де бар. Ауызша енген кірме сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары болып келеді. Мұнымен бірге олардың ішінде мәдениетке байланысты ұғымдардың да атаулары болады. Ауызша енген кірме сөздерге өте-мөте тән ерекшелік сол - олар қабылдаушы тілдің дыбыстық (фонетикалық) заңдарына, орфоэпиялық ерекшеліктеріне бағынып, соған сәйкестендіріледі. Мысалы, орыс тіліндегі волость деген сөздің қазақ тіліне енгенде, болыс болып өзгерілуі қазақ тілінің ол сөзді өзіне тән дыбыстық ерекшеліктеріне икемдеп игеруінен.
Бұл жөнінде 20 ғасырдың бас кезінде -ақ Х. Досмұхаммедұлы : «Қазақ -қырғыздың түбір сөзінде бір дыбыс екіленіп (таштидтеніп) келмейді. Сондықтан жат сөздердегі екіленіп айтылатын дыбысты қазақ -қырғыз не бір дыбыс қылып айтады, не соңғысын бөтен дыбысқа аударады. Молла - молда, суннат - сүннет, үммет - үмбет. Тіліміздің заңы осылай болған соң жат сөздерді алғанда ішіндегі дыбысты екіленіп айту, жазу керек емес» деген болатын. [10, 179]
Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер көбінесе ғылыми - техникалық әдебиет пен өнер т. б. арқылы енген және солардың белгілі бір саласына бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген сөздер болу қасиетімен сипатталады. Сөздердің бұл тобы білдіретін ұғымы мен мәніне байланысты ұлтаралық сөздер болуға икемделеді де, олардың тілден тілге ауысу, кең түрде таралу қасиеті басым болады.
Академик І. Кеңесбаев пен профессор Ғ. Мұсабаев кірме сөздерді былай жіктеген: шығыс халықтары (араб-парсы, моңғол, түркі және моңғол тілдеріне ортақ сөздер ) және орыс тілдерінен енген сөздер. Орыс тілінен ауысып келген сөздерді олар төрт кезеңге бөлген:
І кезең. 17 ғасырдың басына дейінгі кезең.
ІІ кезең. 17 ғасырдан бастап, 19 ғасырдың 2 жартысына дейінгі уақыт.
ІІІ кезең. 19 ғасырдың 2 жартысынан бастап, Қазан төңкерісіне дейін
ІV. Қазан төңкерісінен кейінгі кезең
Қазақ лексикологтары Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиұлы қазақ тілінің сөздік құрамындағы сөздерді негізінен төртке бөлген: 1) араб 2) парсы 3) моңғол 4) орыс - тілдерінен енген сөздер.
Ал зерттеуші А. Ниязғалиева «Қазақ сөйленістеріндегі орыс тілінен енген сөздер» атты кандидаттық диссертациясында «Қытай тілінен енген сөздер деген айдармен тағы бір топ қосу керек сияқты пікір білдіреді. Үйткені, Шыңжан қазақтарының тілінде көптеген сөздердің бар екені анықталып отыр» дейді . Мысалы: жергілікті тілдік ерекшелікте кездесетін порми \ борми сөзі «жүгері» мағынасында қытай тілінен енген (баоми), изогоссасы Шығыс Қазақстан аймағын қамтиды, ақпорми, сарыпорми түрлері бар.
Қазақ тілінің лексикасынан қытай тілінен енген сөздер ұшырасып қалады, бірақ мұндай элементтер көп емес. Мұндай қытай сөздері қазақ тіліне тегінде ұйғыр тілі арқылы ауысқан болса керек: заң-қытайша: ян, (модель, үлгі, түр) ; лағман (ұйғырдың ұлттық тағамы) - қытайша: латяормянь, мянь - ұн деген сөз; мәнті - қытай тілінде: маньтау деп айтылады; жамбы (құйма күміс) - қытайдың: юаньбао деген сөзінен шыққан. [11, 97]
Халықтардың арасындағы қарым-қатынас дамымаған кезеңде де сөз алмасу болатынын ғалымдар - түрколог Н. Баскаков, қазақ тіл білімі ғалымдары Н. Т. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ә. Қайдар, Ө. Айтбаевтың дәлелдеп келгені белгілі. Бұл мәселе туралы академик Ө. Айтбаевтың сөзін келтірейік: «Ал көне иран кірме сөздерінің қатарына арна (arna) - жер суландыру үшін жасалған үлкен канал, кент (kent) - қала, бөз (bőz) - мақтадан жасалған материал тәрізді бірнеше сөз жатқызылып жүр.
Сондай-ақ қазіргі қазақ тілінің құрамындағы заң, шай, шанақ сөздерінің бір кезде қытай тілінен ауысқанын бұл күнде ескере де бермейміз.
Бұлар, яғни санскрит, ескі иран және қытай тілінің элементтері, өте көне дәуірлер жемісі болып есептеледі, біз сөзбен айтқанда, бұлар көне дәуірде пайда болған кірме сөздер» Лексикология ғылымының маманы Ғ. Мұсабаев араб, иран тілдерінен енген кірме сөздер деп мына сөздерді келтірген: 1) шаруашылық, үй тұрмысына байланысты бұйымдардың атаулары: айна, таға, атырап, торап, шырақ, байрақ, базар, таба, орамал, бадам, перде, батпан (4-тен 6 пұтқа дейін) ; 2) мәдени-ғылыми ұғымдарды білдіретін сөздер: қалам, дәуіт, қағаз, мектеп, медресе, мәлім, мағлұмат, мереке, емтихан, ғалым, ғылым, пән, мешіт, кітап, тарих , тағы сол сияқтылар; 3) діни қызметті білдіретін сөздер: ораза, намаз, дәрет, парыз, аруақ, құдай, құдірет, аят, күнә, мәйіт, өсиет, бейіт, т. т.
Бұл сөздердің бәрі Л. З. Рүстемовтің «Қазіргі қазақ тіліндегі араб-парсы кірме сөздері» деген еңбегінде де беріліп толықтырылған. Л. Рүстемов парсы сөздерінің араб сөздерінен түркі халықтары тілдеріне кіруін бұрын деп санайды, оны ғалымның өз сөзімен берейік: «…түп-төркіні иран тілдес болып келетін сөздердің түркі халықтарының тіліне ауысуы, парсы және түркі тілдерінің өзара инфильтрация жасау процесі ертеректе, арабтар мұнда келмей тұрған кезде, араб мәдениетінің гүлденуінен әлдеқайда бұрын басталған».
Ғалым С. Исаев та: «…араб, иран тілдерінің әсері дегенде иран тілдерінің әсері араб тілдерінен гөрі ертерек басталатынын да жоққа шығармаймыз, » -деген.
Қазақ тіліне араб-парсы сөздері тікелей қарым-қатыс арқылы емес басқа тілдер арқылы сатылап кірген деп саналады. Бұл сөздердің кейбіреулері кейін термин сөздерге ауысқан. Осы араб-парсы тілінен қазақ тіліне ауысқан сөздердің ерекшелігі - олар қазақ тілінің айтылуы бойынша қазақ тілінде қалыптасқан. Сондықтан қазір олардың басқа тілдің сөздері екенін ажырату қиын.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері
Диплом жұмысының мақсаты 20 ғасыр басындағы көркем шығарма тіліндегі кірме сөздердің ерекшелігін, олардың стильдік ерекшелігін, қолдану сипатын қарастырып, кірме сөздерді топтау мәселелеріне көз жеткізіп, сөзжасамдағы қызметін зерттеу.
Мақсатқа жетудегі қойылатын міндеттер:
- кірме сөздерді зерттейтін ғалымдардың пікірлерін саралап, нақты анықтама беру;
- кірме сөздердің аффиксті және аффиксіз тұлғаларының өзара және төл сөздермен арақатынасқа түсуі, жаңа сөз жасау мәселесін қарастыру;
- көркем шығармадағы кірме сөздерді теріп жазып, олардың мағынасын көрсете отырып, ерекшелігін сипаттау;
Тақырыптың өзектілігі:
А. Байтұрсынұлы және алаш зиялылары тілде баламасы жоқ жағдайда шетел терминдерін қабылдауға болады, бірақ шетел терминдерін қазақ тілінің дыбыстық заңдарына сәйкестендіріп алу керек деп санаған. Е. Омарұлы: «Пән сөзді өз тілімізден таба алмаған күнде иаурыпа қолданған латынша пән сөздерді алуға болады. Бірақ ондай жат сөздерді алғанда, - оны тіліміздің заңына келтіріп өзгертіп алу керек». «Тілдің заңына келмейтұн жат сөздер көбейіп кетсе, тіл бұзылады, - тілдің негізгі қасиеттері тұрлаулы заңдары бұзылады» - дейді
Ал Х. Досмұхамедұлы термин сөздерді қабылдау тұрғысында мынадай тұжырымдар айтқан: «Тілге кірген жат сөздер сіңу үшін тілге өзілік болуы үшін сол тілдің заңымен өзгеріп, танымастай халге келуі керек». «Жат сөздерді қолданғанда тіліміздің заңымен өзгертіп, тілімізге лайықтап алу керек. Жат сөздерді өзгертпей, бұлжытпай алатын жер дүниеде тіл жоқ деп айтса да болады» дейді
Қазақ халқы кеңес саясатының тіліміздегі зардабын әлі ұмытқан жоқ. Орыс тілі арқылы тілімізге кірген терминдер - тіліміздегі ең көп кірме сөздер. Оларды ғалымдар түрлі себептерге байланысты әр кезеңде көрсетіп келеді. Сондықтан қазақ тіліндегі кірме сөздердің көбі орыс тілінен келген сөздер және олар орыс тілінен қазақ тіліне тікелей қарым-қатыс арқылы ауысқан сөздер болып саналады. Ол туралы Ғ. Мұсабаев былай деп жазған: «Қазақ тіліне орыс сөздері басқа бір үшінші тіл арқылы емес, тікелей ауысады, өйткені қазақтар орыс халқымен көрші тұрып, тығыз қарым-қатынаста болды». 21 ғасырда - ақпарат ағыны тоқтаусыз ағылған, жаһандану кезеңінде - тілімізге жат сөздер бұрынғы кезге қарағанда жиірек ене бастады. Тіліміздегі басты мәселе - кірме сөздердің ана тілімізде игерілуі болып тұр.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
диплом кіріспеден, негізгі 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І тарау Кірме сөздерді топтау мәселесі
1. 1. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер
Бір кездегі араб шапқыншылығында бізге араб-парсы сөздері көптеп енді. Пайызға салғанда, қазіргі орыс тілінің ықпалынан кем соқпайтын шығар. Бұл халықтардың тілінен сөз ауысу орта ғасыр шамасында басталды деп ұйғарылып жүр. Оған дәлел:
а) Араб пен иран тілдерінен енген сөздер көне түркі тілі сөздіктерінде кездеспегенімен, иллюстрациялық материалдарда (өлеңдерінде, мақал мен мәтелдерде ) кездеседі.
ә) Ол тілдерден енген сөздер 16 ғасырдың құжаты болып саналатын жарлықтарда бірлі- жарым кездеседі. Бұл жарлықтар араб әрпімен жазылған. Ол кезде араб әрпімен бірге ескі ұйғыр әрпі де қолданылған болса керек.
18-19 ғасырларда реакциялық бағыттағы панисламизм қозғалысымен байланысты қазақ тіліне араб, иран тілдерінен сөз ауысу процесі күшейе бастады. Өйткені бұл кезеңде қазақ жеріндегі үстем тап халықты құлдыққа салу құралы етіп, ислам дінін пайдаланды.
Зерттеуші Л. З. Рүстемов пен ғалым С. Исаев пікірінше, араб, иран тілдерінің әсері дегенде иран тілдерінің әсері араб тілдерінен гөрі ертерек басталады.
«Басқа түркі тілдерінен өзінің бейнелігімен, суреттілігімен оқшауланып, айтарлықтай монолитті, әрі біртұтас болып келетін» қазақ тіліне шеттен енген сөздердің ішінде ең көрнекті орын алатыны араб-парсы элементтері болса керек. - деген В. В. Радловтың пікірін ғалым Л. З. Рүстемов те қолдады. [12, 17]
Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер атқаратын қызметі жағынан өзара бірдей деуге болмайды. Бұларды негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:
- Тілге әбден сіңісіп, қазақтың байырғы төл сөзіндей жымдасып кеткен актив сөздер. Бұлар қазақ тілінің сөздік қорына басыбүтін еніп, әбден тұрақтанған. Ұзақ өмір сүріп, тілде жиі қолданылғандықтан, жаңа сөз, тың мағына тудыруға ұйытқы болып келе жатқан, жұрттың бәріне өте-мөте танымал сөздер деп есептеледі. Мысалы:ас, бақыт, ар, дүние, шаруа, әл, дос, зат, қас, айна, дастарқан, астар, нан, шам, сабын, сынапт. б.
- Жалпы халыққа таныс әрі түсінікті бола отырып, әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында басым жұмсалатын терминдік сипаты бар арнаулы сөздер.
Мысалы: нарық, хал-ахуал, жәрдем, сабақ, дәлел, т. б.
- Әр түрлі экспрессивті -эмоциялық мәні бар, ерекше стильдік реңк тудыратын сөздер. Мысалы:махаббат, нұр, бісмілла, іңкәр, пәрмен, арай, ажар, дария, сапар, мырза, ғұлама, апат, мәшһүр, ғаламат, тәубе, ақырзаман, ақырет т. б.
- Әдеби тілдің щеңберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жағын жүрген сөздер. Мысалы, уалаят, мизам, інжір, жарапазан, дәркер, баһадүр, зәңгі, шаһар, т. б.
Бірқатар сөз жергілікті говорларға айналды: мәнпағат (тұрмыс, жағдай), сада (тәрбиесіз), мұш (жұдырық), бәдірең (қияр), мұззафат (облыс), бипая (ұятсыз), пұшайман (уайым, қайғы), қайбарт (өсек) , т. б.
Араб-парсы сөздері тілімізге негізінен үш сала бойынша енген:
- Ғылым мен мәдениетке, әлеуметтік өмірге байланысты:тарих, әдебиет, салтанат, медресе, парасат, мансап, бұқара, дидар, бишара, аброй, дұшпан, хакім, пән, әдет, тәрбие, тәржіме, т. б.
- Үй тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты:бәс, жиһаз, қаражат, ауқат, диһан, бағбан, зембіл, мақта, шерік, шарап, несие, т. б.
- Дінге байланысты:құран, имам, мешіт, мұфти, құдірет, ораза, әулие, жәһәннам, жаназа, құтба, қажы, зікір, зекет, намаз, тамық, т. б.
Бұдан басқа адам аттарына байланысты сөздер енген: Ғали, Садағат, Мәлік, Дария, Жақып, Фатима, Айман, Жәңгір, Назым, т. б.
Оңтүстік сөйленістерінде мынадай араб, иран сөздері кездеседі: кәшек, ақыр, зуала, дәліз, айуан, бадыраң, дәсте, дуал, жанан, пәрмен, әтішкір, кепсер, дәліз, пешехана, қоза, қыш, мұрап, наубайхана т. б. Бұлар басқа сөйленістерде кездесе бермейтін оңтүстікті жеке бөліп тұратын өзгешеліктер.
Актив қолданыстағы сөздер:
жегене, қоза, мұрап сияқты кәсіптік атаулар да;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz