Білім саласындағы мәтіндердің тілдік ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

КІРІСПЕ1

1 ТАРАУ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ 2
1.1 Білім саласындағы мәтіндердің тілдік ерекшеліктері 3
1.2 Білім саласындағы құжаттардың сипаттамасы, сұрыптамасы 4

2 ТАРАУ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ МӘТІНДЕР МЕН ҚҰЖАТТАРДЫҢ АУДАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 5
2.1 Мәтіндердің лексика-грамматикалық аудару жолдары 4
2.2 Мәтіндердің аудармасына салыстырмалы талдау 3

ҚОРЫТЫНДЫ1

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1

КІРІСПЕ
Аударма ісі ертеден келе жатқан және қазір де әлеуметтік қоғамда үлкен орын алатын салалардың бірі болып табылады. Себебі, аударма ісі тек аудармашыларға ғана қажет емес, ол барлық адамға керек дүние. Мысалы, сіз қарапайым студент делік, АҚШ-тың бір университетіне түскініңіз келеді, ол университет сізден керек құжаттар мен мәліметтерді талап етеді. Бірақ, ол университет құжаттардың ағылшынша нұсқасын сұрайды, сол кезде аудармашылар сізге көмекке келеді. Өйткені, құжаттарды бір тілден екінші тілге аудару күрделі процесс, әсіресе білім саласындағы құжаттарды аудару біршама қиындықтар тудыруы мүмкін. Біздің өміріміз әрдайым құжаттармен тығыз байланысты, мысалы, туғаннан бастап туу туралы куәлік, одан ауруханаға қажет медициналық кітапша, мектептегі құжаттар (денсаулық паспорты, аттестат, т.б.), университеттегі диплом, жеке куәлігіңіз, жұмысқа кіретін кездегі құжаттар, яғни олар қоғамда айрықша рөл атқаратыны анық. Соның негізінде, білім саласындағы мәтіндермен, құжаттармен жұмыс жасау, оларды аудару, зерттеу қиын әрі ұқыптылықты талап ететін іс.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл дипломдық жоба білім саласындағы ағылшынқазақ мәтіндер мен құжаттарын ағылшынқазақ тілдеріне аудару кезінде туындайтын мәселелерге арналған. Бүгінде осы саладағы мәтіндер мен құжаттарды аудару көптеп кездесетіндіктен бұл салаға көңіл бөліну керек.
Дипломдық жобаның мақсаты. Ағылшын немесе қазақ тіліндегі мәтіндер мен құжаттардың аудару тәсілдерін, аударма ерекшеліктері мен жолдарын анықтап, оларға салыстырмалы түрде талдау жүргізу.
Дипломдық жобаны орындау барысында осындай міндеттерді шешу қарастырылды:
oo жалпы білім саласындағы құжаттарға түсініктеме беру;
oo оның қолданысын анықтау;
oo жоғарғы оқу орнындағы мәтіндер мен құжаттарды аудару жолдарын қарастыру;
oo ағылшын және қазақ тіліндегі мәтіндер мен құжаттарды салыстырмалы түрде талдау;
Зерттеу жұмысының нысаны. Білім саласындағы ағылшынқазақ тіліндегі мәтіндер мен құжаттар және олардың ағылшынқазақ тіліндегі аудармалары.
Зерттеу пәні. Білім саласындағы ағылшынқазақ тіліндегі мәтіндер мен құжаттарды аудару ерекшеліктері мен жолдары.
Зерттеу әдістері мен тәсілдері. Дипломдық жобаны орындау барысында міндеттелген тапсырмаларды орындау үшін сипаттау, топтастыру, салыстыру, салғастыру, жүйелеу, қорытындылау, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл дипломдық жоба аударма факультетінде оқитын студенттерге білімс саласындағы мәтіндер мен құжаттарды аудару кезіндегі өзіндік ерекшеліктерімен, аудару жолдарымен таныстырады.
Зертттеу жұмысының тәжірибелік мәні. Дипломдық жобаның материалдары білім саласында, аударма ісінде, линвистикада қолданысқа ие. Қазіргі таңда білім саласындағы құжаттарды аудару тек аудармашыларды ғана қызықтырмайтыны анық.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі және дайындық үрдісіне сипаттама береді.
Бірінші тарауда
Екінші тарауда
Қорытындыда

1.1 Аударма тамырын тереңге жайған, өз алдына кәсібилікті, асқан шыдамдылықты және ұқыптылықты талап ететін саланың бірі екені бәрімізге айқын дүние. Аударманы қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, аударма дегеніміз бір тілдегі ойды екінші тілге өзгеріссіз, түсінікті етіп мазмұндау. Оңай сияқты болғанымен, бұл өте күрделі әрі жауапты жұмыс. Ал аудармашының мақсаты берілген ойды не мәтінді ешқандай өзгеріс енгізбей, нақты қылып екінші тілге аудару болып табылады. Барлығы білетіндей, аударма ауызша және жазбаша болып екіге бөлінеді. Ауызша аударма - ақпаратты ауызша аудара отырып жеткізу. Ол ішінара жүйелі және синхронды болып бөлінеді. Жазбаша аударма дегеніміз ақпаратты жоғарғы деңгейде, еш өзгеріссіз екінші тілге жаза отырып аудару және жазбаша аудармада аудармашыға ауызша аудармадағыдай (1-5 минут, т.б.) уақыт қойылмайды. Екі аударманың айырмашылықтары мен өзіндік ереешеліктері бар. Бірақ әр салада аударма жүйелі түрде әртүрлі жолдармен жүзеге асады. Мединица саласындағы аударманы біз көркем әдебиет саласындағы аудармамен салыстыра алмаймыз. Өйткені, әрбір саланың қолданатын терминдері және оларды аударатын өз әдіс-тәсілдері болады.
ХХІ ғасыр - технология мен жаһандану ғасыры, оған қоса білімнің күшейіп дәуірлейтін кезеңі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы білім жүйесі және білім беру саласына аса мән беріп, мектептер мен университеттердің базасына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Яғни, еліміздің білім беру жүйесі жылдан жылға даму үстінде, күн сайын сан түрлі жаңалықтар, ғылыми ашулыларды көріп естудеміз. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған күннен бастап, білім берудің жағдайы, тарихы, болашағы өзгеріп, даму үрдісінде. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі келесі білім деігейлерін қамтиды:
oo мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
oo бастауыш білім беру
oo негізгі білім беру
oo орта білім (жалпы орта білім, техникалық және кәсіптік білім беру)
oo орта білімнен кейнгі білім беру (арнайы орта білім)
oo жоғары білім беру (бакалавриат)
oo жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (магистратура)
oo докторантура.
Білім саласындағы мәтіндер мен құжаттар өзіндік тілдік және стилистикалық ерекшеліктеріне ие. Себебі, кез келген мәтін түрі лингвистикалық аспекті ретінде айқындалады, оның мақсаты - тілді түсіндіру. Яғни, оның құрылыс, жалпы қызметі туралы белгілі бір ғылыми көзқарас тұрғысынан баяндау. Мысалы, 6-сыныптың информатика пәнінің операциялық жүйе жайлы мәтінін мысалға алайық. "Операциялық жүйелердің дамуы көбінесе компьютерлердің аппараттық базасының жетілдіруімен байланысты. ОЖ шығу тарихы компьютерлердің ең алғаш пайда болуынан басталды. ОЖ -нің ары қарай дамуы олардың басқарушылық және жоспарлаушы функцияларының күрделенуінде, қарапайым мультипрограммалық және диалогтық режимдердің пайда болуында көрінеді. Операциялық жүйелер компьютердің жүйелік программалық жабдықтамасының негізін қалайды.

ОЖ көптеген түрлері бар. Соның ішінде ең көп қолданылатыны WINDOWS жүйесі. Оның мынадай нұсқалары бар: WINDOWS 3.X, WINDOWS 9X, WINDOWS NT, WINDOWS 2000 және WINDOWS XP."
Біріншіден, мәтіннің ғылыми стильде құрылғандығы белгілі. Оны мәтіннің тілдік ерекшеліктеріне қарай айтуға болады. Берілген мәтіннен монологтық сипат көрінеді және жазылуда әдеби тіл нормалары сақталынған. Оған қоса, баяндаудың толықтылығы мен ойды жеткізудегі нақтылық, терминдердің қолдануы мәтіннің ғылыми стильде жазылғандығын дәлелдейді. Екіншіден, ғылыми стильдің ең басты сөздік құрамы терминология екені анық. Мәтіннен "операциялық жүйе, мультипрограммалық режим, WINDOWS жүйесі. WINDOWS 3.X, WINDOWS 9X, WINDOWS NT, WINDOWS 2000 және WINDOWS XP" секілді терминдерді көруге болады. Мәтінді морфологиялық құрылымынан қарайтын болсақ, автор дерексіз зат есімдерді (операциялық жүйе, компьютер, аппараттық база, және т.б.), етістіктердің белгілі бір уақытсыз қолданылуы (пайда болу, көрінеді, негізін қалайды, бар және т.б.), аббреавиатураларды (ОЖ, NT, XP) қолданғандығы арқылы ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктерін айқындайды.
"Жекпе-жек үшін гвардия полкынан қуылған офицер осы болар деп топшыладым. Дәл сол мерзімде танысып та қалдық. Швабрин онша ессіз жігіт болмай шықты. Кісіні қызықтыра, өткір сөйлейді. Ол күлдіргі сөздермен капитан үй-ішінің жағдайын, оның қатынасып тұратын адамдарын, билеп тұрған мекенін қызық сипаттап берді. Мен рахаттанып тұрып, енді күле бастағанымда кенеттен есік ашылды да, кешегі комендант үйінің алдыңғы бөлмесінде жамау жамап отырған жарымжан келіп кірді, ол мені Василиса Егоровнаның атынан түстік жеуге шақырды. Швабрин да менімен бірге жүрді.
Біз комендант үйіне тақала бергенде, алаңға көзіміз түсті: бастарына үш бұрыш қалпақ киген, жиырма шақты кілең жарымжан кәрілерді көрдік. Олар сапта тұр екен Олардың алдында қытай тоқымасын киген, ұзын бойлы, қалпақты, кәрі комендант тұр. Әрі ширақ, әрі шадыман көрінді бейнесі. Ол бізді көргесін, қарсы жүріп келді де, маған бірнеше сөз айтып, қайтадан командасына кірісті. Біз оның қалай үйрететінін көру үшін кідірдік; бірақ комендант біздің Василиса Егоровнаға баруымызды өтінді. Өзінің де кешікпей келетінін білдірді." Бұл мәтін жолдары А.С.Пушкиннің "Капитан қызы" повестінен алынған. Мысал келтірілген үзінді әңгімелеу мәтіні болып табылады. Себебі, автор оқиғаны ретімен баяндайды. Әңгіменің сөйлемдері тізбектеле байланысады. Бұл мәтінді авторы мен жанры айтып тұрғандай көркем әдебиет стиліне жатқызамыз. Мәтінде көбіне құрмалас сөйлемдер, бірақ жай сөйлемдер де кездеседі (Швабрин да менімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік тілдегі өндірістік салада, нақты техникалық мәтіндерді аудару барысындағы ерекшеліктерін анықтау
Техникалық мәтіндерге сипаттама және техникалық мәтіндердің функционалды стилдік ерекшеліктері
Мұнай-газ саласындағы техникалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері
Қаржы - экономикалық мәтіндердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
Ғылыми - техникалық мәтіндердің функционалды стильдік ерекшеліктері
Техникалық аудармаға қойылатын талаптар
АРНАЙЫ МӘТІНДЕРДІҢ ЛИНГВОАУДАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН СИПАТТАУ
Мұнай газ саласындағы мәтіндердің техникалық аудармасы
Корей тілі
Техникалық мәтінді аударуда кездесетін грамматикалық мәселелер
Пәндер