Ортағасырлық сурет өнеріндегі кеңістіктің қабылдануы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ
Өнер, мәдениет және спорт институты
Көркем білім кафедрасы

Қорғауға жіберілді
___________________
Каф меңгерушісі_______________доцент Е. Асембайұлы

6В02114 - Графика мамандығы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кеңістік пен уақыт мәңгілік қозғалу бейнесі

Орындаған: _______________ Кеңесова Д.М.

Ғылыми жетекші: _______________ аға оқытушы Канленов Ғ.М.

Алматы, 2022

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1 Теориялық және әдістемелік негіздемелер
1.1 Кеңістік композициялық фактор ретінде
1.2 Графикадағы уақыт категориясы
2.

АННОТАЦИЯ
Дипломдық тақырып атауы: Кеңістік пен уақыт мәңгілік қозғалу бейнесі
Дипломдық жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны пәні көрсетілген.

Дипломдық жұмысқа кеңес

КІРІСПЕ

Кеңістік пен уақыт категорияларын зерттеу - ХХ-ХХІ ғасырдағы көркемдік мәтіндерді талдаудың ерекше сипаттамасы. Яғни, кез-келген көркем шығармаларға кеңістіктік-уақыт шеңбері міндетті түрде ықпал етеді. Кез-келген көркемдік шығармаларды талдау барысында осы компоненттерге басым назар аударылады.
Көркемдік уақыт пен кеңістік кез-келген шығарманың, атап айтсақ, ән, әдебиет, көркемсурет, театр және т.б. жасаудағы ажырамас бөлігі. Кеңістік пен уақыт ең алдымен, сюжеттік мағынаға ие. Автор сипаттайтын жағдайдың ұйымдастырушылық ортасы. Ол жағдайды барлау, тану және түсіну құралы болып табылады.
Бейнелеу өнеріндегі кеңістікті қабылдау мен суреттеу өте өзекті. Сол себепті кеңістік сурет салудағы ерекшеліктерді зерттеу және тереңнен талдау қажет. Біздің дипломдық жұмысымызда осы сурет өнеріндегі кеңістік пен уақытты мәңгілік қозғалу бейнесі ретінде қарастыра отырып, әртүрлі тұғырдан оның бейнеленуіне барынша назар аудардық.
Кеңістік пен уақыт - бейнелеу өнеріндегі маңызды элементтердің бірі. Сонымен қатар, әлемнің тілдік суретінің маңызды фрагменті. Сурет өнерінде уақыт пен кеңістікті зерттеу өзекті міндеттердің бірі және жобалы бағыты болып саналады.
Кеңістік пен уақыт үлгі, символ ғана емес, бейнелетін нысанның субъектісі.
ХХ ғасырдың аяғында кеңістік абстракты түсінік ретінде қалыптасып қана қоймай, көптеген мәдениет үшін көрнекілікке айналды. Бұл кеңістік ұғымын ғылым мен мәдениеттің барлық өкілдері пайдаланады. Соның ішінде, сурет шеберлері. Живописьтік кеңістік туралы айтқанда олар бір-бірін тереңнен түсінеді.
Соңғы жылдары кеңістік мәселесіне деген сурет шеберлерінің арасындағы ерекше қызығушылықты байқауға болады. Бірақ тарихи тұрғыдан материалдардың аздығы кеңістікті сурет өнерінде жан-жақты сипаттауға мүмкіндік бермейді.
Картинаның кеңістігін зерттеуші сурет шебері кеңістікті дайын күйінде алғанымен, оны жан-жақты талдағанымен, пайда болу тарихы жайындағы ақпараттарды толық меңгере бермейді. Сол себепті ол картиналық кеңістікті көбіне физикалық кеңістікпен байланыстырады да, физикалық кеңістіктің қасиетін өзінің кеңістігінде байқауға тырысады. Әр кеңістік бір ғана типтегі нысанды алады. Сол себепті, әр мәдениеттегі кеңістіктің қалыптасу ерекшеліктерін немесе пайда болу себептерін ескеру қажет.
Бізді физикалық кеңістік қоршап тұр. Яғни нақты өмірдің нысандарымен (заттар, құралдар). Олар көбіне физикалық тұрғыдан зерттеледі. Кеңістік туралы физикалық-геометриялық көзқарас координаттар мен бастапқы нүкте жүйесі арқылы бейнелеу өнеріне қарай ауысады. Сондықтан суретшілер живописьте кеңістікті құруда геометриялық сызбаларға назар аударады. Бірақ суретшілер живопистік кеңістікте геометриялық әдістердің жеткіліксіздігін сезінді. Тек қана ХХ ғасырдың аяғында ғана кеңістік мәселесі жалпылама емес, тек әр мәдениет пен ғылымның нақты саласына қарай қарастыру қажет екендігі түсінікті болды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты кеңістік пен уақытты бейнелеу өнерінде мәңгілік қозғалу бейнесі ретінде қарастыру және ерекшеліктерін ашу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
кеңістіктің қалыптасу тарихының негізгі кезеңдерін ашу;
живописьтік кеңістіктегі образдық ерекшеліктерді айқындау

1 ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕМЕЛЕР

1.1 Кеңістік композициялық фактор ретінде

Кеңістік мәселесі - бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Жазықтықтағы кеңістіктердегі өзгерістердің тарихи мазмұны бар. Сонымен қатар, әлемге деген көзқарастың өзгеруімен олар да үнемі жетілдіріліп отырған. Соған сәйкес суретшінің тілі де өзгеріп оның шығармашылығындағы эстетиткалық әрекеттерге де ықпалын тигізген.
Суретшілер ерте кезден-ақ қоршаған ортаны үш өлшемде беруге талпынған. Өнер әлеміндегі әртүрлі құралдар арқылы мысалы, перспектива, қатынас, өлшем, сызық қабаты және басқа да элементтер арқылы суретшілер табиғатпен және оның заңдылығын сипаттауға кіріскен. Перспектива сөзі өнерде екіөлшемді беткі қабаттағы нақты нүктелі нысанды бейнелеуде қолданылады. Яғни олардың бір-біріне қатысты биіктігі, кеңдігі және орналасуы суреттегі тереңдікті құрайды.
Қоршаған орта элементтерін көрсете білу суретшілер үшін өнер әлемінде үнемі ізденісті қажет етіп отырған. Әлем жазық емес екендігін және ондағы нысандар орналасу орнымен қозғалу шеңберіне қарай үлкен немесе кішірейіп отыруын суретшілер өнер тарихының ерте кезеңінде-ақ өз зерттеулерінде қарастырған. Перспектива шығармашылықтың дәстүрлі ережесі ретінде қалыптасты да, ХХ ғасырдың басында ірі аванграты қозғалыстармен, атап айтқанда испресионизм, кубизм және абстракты өнер секілді ірі қозғалыстармен өзгеріске ұшырады. Тіршілікті сипаттаудағы жаңа перспективаны зерттей келе, авторлар бейнелеу өнеріндегі перспектива ережелерінен бас тарта отырып, шығармашылық ережелерін толығымен өзгерткен болатын.
Сурет немесе картинадағы композициялық міндеттердің ішінде кеңістікті құру ең маңыздысы болып табылады. Кеңістік - бұл үздіксіз және тұрақты дамып отыратын әлемнің негізгі нысаны. Кеңістік аумағымен, көлемімен, құрылымымен сипатталады, ол философия, дін, сурет өнері секілді нақты ғылымдарда әртүрлі нысанда түсіндіріліп сипатталады.
Картинадағы кеңістік - бұл әрекет ету, яғни әрекеттің маңызды компоненті. Бұл физикалық және рухани күштердің қиылысу нүктесі. Сонымен қатар, бұл жерде өмірді, тіршілікті көруге болады.
Кеңістікті суреттеу заттарды бейнелеуге тәуелді. Суреттегі кеңістік заттармен, олардың орналасуымен, нысанымен және осы нысанды беру сипатымен құрылады.
Ортағасырлық сурет өнеріндегі кеңістіктің қабылдануы. Ортағасырлық суретшілер бейнелеу өнеріндегі перспектива идеясынан бас тартып, жазық, әдемі жеңіл түсінетін діни сипаттағы суреттерді салуға назар аударған деп есептейді. Бірақ бұл қате пікір. ХІІІ ғасырда кеңістікті талдау және тереңдік мағынасына суретшілер барынша назар аударған.
Ренессанс дәуірінде италияндық қала Флоренция суретшілер күшінің орталығына айналған. Сол кезде танымал жанұя Медичи қаланы басқарады, ол сол дәуірде инновациялық қажеттіліктерді бейнелеу үшін суретшілер мен архитектураларды жалдаған болатын. Сол кезеңдегі өнер, шіркеу және ғимараттарда жасалынған дүниелер ғылым мен шығармашылықтың бір-бірімен байланысуын көрсетеді.
Негізгі инновацияны құрудағы басты жауаптылық сызықтық перспектива болатын. Филиппо Брунеллески италяндық жаңарудың басты архитекторы және инженері болды. Оның экспериментімен саңылауы бар айна пайдаланылды. Филиппо Брунеллески жазық пен қағаздың үстінде екі өлшемді кеңістікте үшөлшемді әлемді бейнелеудің математикалық жүйесін суретшілерге ұсынды (1-сурет).

1-сурет Сызықтық перспектика және айна

Сурет өнеріндегі кеңістіктің қабылдануы орталық жобаға қарама-қарсы негізде құрылған. Мұндай кеңістікке қарсы көрініс ортағасырлық мәдениетке тән. Оның принциптері Византиядағы роман стиліндегі дәуірге сәйкес келеді. Ал готика дәуірінде Италиядан шыққан жаңа дүниеге көзқарас әсерінен өзгеріске ұшырайды. Ал антикалық сурет өнерінде композицияның өзіне тән белгілерін таба аламыз. Мұнда кеңістіктің оптикалық бірлігі байқалады. Мысалы, әртүрлі уақыттағы болып жатқан жағдайлардың бір кеңістікте бейнеленуі, болмаса бейнеленген фигураларда жалпы масштабтың болмауы. Мысал ретінде Ватикан кітапханасындағы бұрандалы қағаздағы бейнені алуға болады (2-сурет).
Кез-келген суретшінің шығармашылығы ерікті және еріксіз адамның көзбен қабылдау мүмкіндігі мен қасиетін ескеруге негізделеді. Сурет өнеріндегі маңызды мәселенің бірі тақтада, қабырғада немесе белгілі бір кеңістікке бейнені түсірумен тығыз байланысты. Суретті көруді қабылдау үдерісінде екі маңызды мәселені ескеру керек. Олар: картинаның кеңістігі мен көру кеңістігі. Мұны келесі төменде көрсетілген сурет арқылы да бейнелеуге болады (3-сурет).

2-сурет Сальвадор Дали Таинство тайной вечери

Ұзақ уақыт бойы Еуропаның бейнелеу өнерінде картинадағы кеңістік шартты түрде бейнеленеді. Византияда, Ежелгі Русьта икондағы символдық кеңістік кері жобада бейнеленген. Батыс пен Орталық Еуропада Ортағасырлық кеңістік дәуірінде картиналармен фрескалардағы кеңістік екі өлшемде - нығыз болып көрсетіледі. Бірақ оның өзіндік кемшіілктері де бар. Екі өлшемді етіп көрсету заттың көлемділігін арттырып қана қоймай, шартты кеңістіктік тереңдікті туындатады. Осыған байланысты адамдар да мұндай кеңістіктік белгілеулерді бейнелеу өнерінде ғана кездеседі деген түсініктер қалыптасқан.

3-сурет Пространство картины и пространство зрителя (схема)

Бейнелеу өнеріндегі жаңа дәуірді ұлы италияндық суретші Джотто ди Бондоне (1267-1337) ашқан. Оның шығармашылығы соңғы ғасырларда еуропалық бейнелеу өнерінің даму жолын анықтауға мүмкіндік берді.
Осыған байланысты, византиялық және ежелгі орыс иконындағы фресканы салыстыруға болады. Бұл шығармалардағы иконография жалпы бірдей. Сол жылдардағы Византиядағы беделділік өте жоғары. Көптеген византиялық икондар діни картиналарды жазуда еуропалық суретшілер үшін үлгі ретінде қолданылды.
Бейнелеу өнерінде кем дегенде үш кеңістікті байқауға болады. Біріншіден, ол екі өлшемді кеңістік - композиция саласы. Екіншіден, бейнеленген үш өлшемді кеңістік сюжеттік құрылым саласы. Үшіншіден, кеңістіктің үшінші түрі картинаның тығыздығы мен көруші көзқарасы арасындағы байланыс нәтижесі. Бұл кеңістік В.В. Бычков айтқандай, форма-мазмұн феноменіне сәйкес келеді.
Сюжет құрылымы мен композицияны қолдану саласындағы шектер олардың әртүрлі кеңістікке жататындығын көрсетеді. Ең алдымен, алғашқы екіөлшемді кеңістік суретшінің қылқаламы тигеннен басталады. Тағы да композиция кеңістігінің маңызды сапасын да атап кеткен жөн. Ол сюжеттік бейненің негізі болып табылғанымен, үнемі абстрактылы болып табылады. Композицияның екі өлшемді кеңістігіне бейнеленетін үш өлшемді кеңістік сюжеттік құрылым саласы болып табылады.
Н.Н. Волков Бейнелеудегі композиция деген еңбегінде Жазықтық композициясында көз қозғалысы бағытталады, суреттің бір бөлігіне ерекше назар аударуды туындатады, көз тоқтағанда ритм қайталау байқалады, симметрия осі бір нүктеге бағытталып, қайта қарауға, оқуға негіздейді, қарапайым геометриялық фигуралармен байланысқан сызықтар мен нүктелерді жеңіл қамтуға мүмкіндік береді. Мұндай қойылым табиғи болып табылуы мүмкін. Жазықтық композициясы жақсы оқылуы үшін картинаның жазықтығын құрайды. Абстракты композиция картина сюжетін оқуды анықтайды. Картинада не бейнеленгенін түсінгенше, біз ең алдымен көру арқылы көріністі бағдарлай аламыз.
Италияндық Ренессанс суретшілері картинадағы кеңістік нақты көрініс табу үшін әртүрлі жаңалықтарды енгізе бастады. Жарықтық, тоналдық, тікелей және қисық жобаларды меңгере отырып, олар көптеген табысты жаңалықтарға қол жеткізді.
ХХ ғасырдағы суретшілер өз табиғаты бойынша бүлікшілер болып саналады. Олар үшін картинадағы кеңістік күрес алаңы іспеттес болып табылатын. Олар нақты мақсатқа қол жеткізу үшін белгілі бір бейнеде кеңістікті құруға баса назар аударды.
Кузьма-Петр-Водкин кеңестік суретші және өнер теорисының негізін қалаушы жаңғырту мен символдар арқылы сурет өнеріне едәуір жаңалықтарды енгізді. Ең қызығы, оны үнемі діндік және революциялық туындылар қызықтыратын. Суретші картиналарда ең бірінші жанды және жансыз фигураларды шығарды, ал оның түстеріне көруші басты назар аудару үшін барынша мән беретін. Тереңдік эффектісі әсерінен, яғни ашық бояулар алға қарай шығыңқы болуынан оның картиналары дөңес болып келеді.
Оның картиналарындағы орталығын іргелі персондар қамтитын: ана мен бала, жұмысшы мен шаруа, еркіндік үшін күрес.
Поль Сезанн француз постимпрессионисті. Ол өз суреттерінде сызықтық жобадан бас тартты. Ойдан шығарылған перспективаларды ол ескіні құрту емес, керісінше өзінің жаңа көзқарасы деп түсіндірді. Алдыңғы орындағы заттарды ол кеңейтіп, ал артқы жағындағыларды кішірейтті. Сонымен қатар, Сезанн тік сызықтарды да әдейі бұрмалап отырды. Көптеген мысқыл мақсаттағы суреттерін сыншылар суретшінің көру қабілетімен байланыстырып отырды, яғни көру қабілетінде ауытқушылық бар деп жариялады.
Ал өнертанушылар мұндай эффектіні сфероид деп атайды. Суретші шындығында кеңістікті молекулалар еріп жатқан секілді бейнеде келтіреді. Оның мақсаты үйлескен кеңістікті құру болып табылатын.
Пабло Пикассо - суретшінің шеберлігі. Пабло Пикассоның шығармашылығын талдау қиынырақ, себебі оның шығармашылық жолы бірнеше кезеңдерден тұрады. Қызғылт кезең үшін кеңістікті геометрияландыру сипаты тән, бірақ бейнеде өзгеріс бар болғанымен, картинадағы бірлік бұзылмайды. Сонымен қатар суретші ерте бастан түстерді шектеуге мән берген, басты жауапкершілігі картинадағы кеңістікті құруға аударылған. Қызғылт кезеңдегі жұмыстарды қаарйтын болсаң, онда перспектива үнемі араласып жатқандығын байқауға болады, суреттің бір бөлігі көрушіге қарай жылжитын болса, кей бөлігі керісінше алыстан байқалатын.
Кубизм ағымына көңіл бөлген кезеңде суретші картиналарындағы кеңістік керісінше тар көрсетіліп, қалыңдатылғандығын байқауға болады. Заттар формасы жарылып, заттар бір-бірінен кейін алмасып жатқандығын көреміз.
ХХ ғасырдың 10-жылдарындағы картиналардың жалпы идеясы жоғалғандығы көрінеді. Мағына құрайтын картиналар перифериямен араласқан. Картина ішке қарай айналып, кеңістік дөңес күйінде көрінеді. Картинадағы заттар мен персонаждың сенімсіздігі картинаның толық аяқталмағандығын, нақты емес екендігін көрсетіп тұрғандай. Осы кезеңде Пикассо салған картиналарда сұрақ көп, жауап аз.
Паблоның жарықпен байланысты эксперименттері картинаны көрушілер үшін жоғарыдан төңкеріліп тұрғандай әсер қалдыратын. Алдыңғы жағы көрушіге тым жақын, көрінбейтін кеңістікпен ұштасып, картинаның кеңістігін және көрушілердің кеңістігін бөліп тұратындай. Картиналар символикалық мағынаға ие, ол бейнеленген заттарды біріктіріп тұрады. Суретші көбіне айналық композицияға жиі назар аударған, яғни картинада екі әртүрлі шамадағы бөліктерді де байқауға болады.
Осылайша, әртүрлі тарихи кезеңдердегі бейнелеу өнеріндегі кеңістік сол кездегі қоғамның басты көрінісін сипаттайды.
Кеңістіктік композицияның негізгі үш түрі бар. Олар: фронтальды, көлемдік және тереңдетілген-кеңістіктік. Оларды кеңістікте орналасу белгілерібойынша сонымен қатар, көрушінің қабылдауы бойынша бөлуге болады.
Фронтальды композиция (жазықтықтық) екі фронтальды координаттың дамуымен сипатталады - горизонтальды және вертикальды. Ғимараттардың сыртқы тысының композициясы көлемді рельеф. Композицияны құраушы элементтер оның жазықтығы мен масштбаының ерекшеліктерін сипаттайды.
Көлемдік композицияда кеңістіктің үш координаты бойынша біркелкі даму бар. Шын мәнінде, ол осындай композицияны құрайтын тұйықталған жоғары элементтермен сипатталады. Архитектурада ол ғимараттар. Ал декоративті өнерде жиһаздар, ыдыстар. Мұндай композицияны көрушінің қозғалысы бойынша қабылдауы - жан-жақты болып келеді.
Тереңдетілген-кеңістіктік композиция - бірнеше көлемдерден тұрады. Бұл жоғарыда аталғандарға қарағанда өте күрделі. Саны және сапасы бойынша да.
Негізгі белгісі бойынша жалпы қабылданған жіктеме бар. Олар: кеңістіктік, уақыт-кеңістіктік, уақыт. Кеңістіктік жіктеме көбіне архитектурада, живописьте, графикада, скульптурада, декоративті-қолданбалы өнерде, фотошеберлікте қолданылады.
Кеңістікті бейнелеу заттардың бейнесіне тікелей тәуелді. Бейнелеу өнеріндегі кеңістік заттармен, олардың орналасуымен, беру сипатымен, заттың орналасуымен түзіледі.
Адамзат баласы кеңістіктің тереңдігін түсіну үшін бірнеше белгілерді пайдаланады, оларды шартту түрде екі топқа бөлуге болады:
1-монокулярлы.
2-бинокулярлы.
Алғашқы топта оған қосылған тереңдік белгілері адам бір көзбен қарағанда ғана әсер ете бастайды. Тереңдіктің монокулярлы белгілеріне мыналар жатады:
Жабу - ең жақын заттар алыстағыны көлегейлеуі мүмкін;
Заттардың көлемін кішірейту, бұл әдіс егер де заттардың шынайы көлемі белгілі болғанда қолданған ыңғайлы;
Ауа перспективасының құбылысы - алыстағы заттардың көрінуі анық емес және өзінің түсін өзгертіп отырады;
Алыстағы заттар жоғарыдан төмен түсірілген бейнеде көрінуі мүмкін;
Күнмен жарықтандырылған үлкен заттар әр бөлігінде әртүрлі көлеңкелі бейнелермен көрінеді, ал бақыланатын көлеңке жүйесі осы заттардың алыс немесе жақындығы туралы ақпараттарды беруге қабілетті болады, әсіресе бұл қисық сызықты жазықтықтар үшін тиімді.
Бинокулярлы белгілерге мыналарды жатқызуға болады:
Конвергенция - қарастырылатын заттың бағытына көздің оптикалық осін айналдыру, әдетте алысқа қарағанда, көздің оптикалық осі параллельді болып келеді, ал егер жақын заттарды қарағанда көздің оптикалық осі кеңістіктің қарастырылатын саласында бір-бірімен қиылысады, соған сәйкес бұлшық ет күші заттың не алыс не болмаса жақындығы туралы сигналды береді.
Дискреттілік - қандай да бір затқа қарамағанның өзінде оң және сол көзбен алынған бейне әртүрлі болуы мүмкін.

1.2 Бейнелеу өнеріндегі уақыт категориясы

Уақыт - әлемдегі тіршіліктің негізгі формаларының бірі. Уақыт категориясы табиғаттағы тіршіліктің, адамзат өмірінің және сананың дамуының кезеңдерімен тығыз байланысты. Сол себепті, уақытты қабылдау өткен, қазір және болашақпен байланысады.
Уақыт түсінігі қазіргі адам өмірінде үлкен рөл атқарады. ХХ ғасырдың басындағы ұлы ғалым Эйнштейн уақытқа қатысты өзінің жаңа физикалық теориясын әзірлеген болатын. Уақыт шеберлігіне қатысты кино әлемі де осы ХХ ғасырда құрылған еді.
Кеңістік пен уақыт жай қарапайым құбылыстар емес, олар тұрмыстың обьективті-ұтымды формасы. Өнер де қоғамдық сананың бір бөлігі ретінде әлемді игеру тәсілі ретінде кеңістік пен уақыт категориясына бағынады.
Сурет өнерінде уақытты қалай бейнелеуге болады? Мысалы, римдік саркофагтар рельефтерді жаңа маусымның келуімен байланысты уақытты жемістермен, гүлдермен безендіріп отырған.
Питер Брейгель Солтүстіктің жаңаруының өкілі ретінде жыл мезгілінә уақыт бойынша бөліп қарастырып отырған. Төмендегі суретке назар аударсақ, аңшылар таза қарда аңға шықты, тоған жағасында балалар ойнап жүр. Суретте уақыт қысқы суық күндерде ғана, емес соғыс уақытында да жалғасып жатқандығы үнемі көрсетіліп отырған.

Охотники на снегу. Питер Брейгель Старший. 1565 г.

Өмірдің өзі қозғалыстан, уақыттан тұратындығы үнемі суретшілердің суреттерінде көрініс тапқан. Мысалы, Клод Мон цикліндегі Руан шіркеуі портретінде күннің қозғалысы бейнеленген.
Руанский собор. Клод Моне. 1893 г.

Бейнелеу өнерінде уақытты үлгілеу ерекшелігі бар: бейнелеу өнерінде уақыт сурет арқылы беріліп отырады, ал оны көруші, қабылдаушы өз деңгейінде қабылдай алады.
Живопись пен графикада ең алдымен, уақыттың сапасын қалай беруге болады? Живопись пен графикадағы уақытты бейнелеуді живописьтік және графикалық кеңістіктегі фактура мен ритмнен, сызықтардың бағыты мен қарқынынан, композиция қасиетінен, түс пен көлеңкенің және т.б. іздеуге болады.
Бейнелеу өнеріндегі уақыттың ең басты көрсеткіші қозғалыс. Живопись, графика өздігінен қозғалысты бейнелей ала ма деген сұрақ туындайды. Әрине, суретшінің қиялына тікелей байланысты.
Қозғалыс бар жерде уақыт та бар. Қозғалыс сипатына байланысты, уақыт туралы түсінік қалыптасады. Мысалы, В. Борисов-мусатовтың Алқа атты картинасында қыздар тобы бейнеленген. Ескі бидің фигуралармен қайталануы сол кездегі уақыт ағынын көрсетеді. Қозғалыстың болмауы, форманың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
Қытай өнері
Конструктивизм стильдегі жастарға арналған шығармашылық кеңістіктің дизайн жобасын әзірлеу
Станоктық кескіндемедегі композиция
Қытай әдебиеті
Жетісу жеріндегі таңбалы тастардың тарихы
Кеңістік локалдылығының негізгі сипаттамалары
Еуразия мәдениеті және еуразияшылдық мәдениет
Адамның ақыл - ойы аса күрделі ұйымдасқан биопсихоәлеуметтік құбылыс
Романдық өнердің стильдік формалары
Пәндер