Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыштар
Н.Әбдіров атындағы жалпы білім беретін мектебі КММ
Тақырыбы: Ұлы Отан кезіндегі қазақ ұшқыштары және Тәуелсіз Қазақстан
Жоба авторы: Қарағанды облысы, Н.Әбдіров атындағы
жалпы білім беретін мектебі
КММ - ның 10 А Жас сарбаз сынып оқушысы
Шинтасова Алима
Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі
Тұтқыш Айдана Жаңбырбайқызы
Қарағанды 2022 жыл
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
І Ұлы Отан соғысының басталуы, оның сипаты
ІІ Майдандағы Қазақстандықтар
ІІІ Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыштар
IV Қазақстан Ұлы Отан соғысының аяқталу кезеңі және Тәуелсіз Қазақстан
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Аннотация: Жобада Ұлы Отан соғысқа аттанған азаматтардың өмірі мен қызметі және Тәуелсіз Қазақтанның сабақтастығы туралы баяндалады. Осы тұрғыдан алғанда оқушының зерттеу жұмысында тың деректер қарастырылған. Ұлы Отан соғысы жылдарының ауыртпалығы мен сол кездегі жауынгер аталарымыздың ерлігін насихаттау.
Аннотация: Проект рассказывает о жизни и деятельности граждан прошедших Великую Отечественную войну и преемственность независимого Казахстана. В связи с этим исследования учащихся дают новые данные. Пропаганда тягот Великой Отечественной войны и героизма наших предков.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ұшқыштардың ерлігін насихаттау. Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағын патриоттыққа тәрбиелеу.
Жұмыстың өзектілігі: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Отанын, қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерліктерін қастерлеп, рухын көтеріп үлгі өнеге тұту.
Зерттеу әдісі:
Бұл жұмысты жазу барысында әдебиеттермен жұмыс, жинақтау, жүйелеу,зерттеулер қолданылды.

Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде - ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР - ге басып кірудің Барборосса жоспары деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы) қысқа мерзім ішінде (3 - 4 ай), қауырт соғыс идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді.
Барбаросса жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО - ны сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі, өзінше бір ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат деп қарастырды. Россияның кең - байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық - түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап Барбаросса жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ - Орал, Түркістан сияқты рейх комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген Үлкен Түркістан отарының құрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып - жою жолына осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін, - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада 2 млн. - нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 - жеке атқыштар бригадасы 30 - дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 - атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164 (1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР - нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 - 1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.
ІІ Майдандағы Қазақстандықтар
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, В. Фурсов, К. Тұрдиев, Ш. Шолтырев, К. Иманқұлов, Е. А. Качань т. б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 1941 жылы 24 маусымда 219 атқыштар полкі Литваның Шяуляй қаласында алғаш рет ұрысқа кірісті. Қазақстандықтар жау әскерлерімен Перемышев, Мурманск, Одесса, Севостополь, Сталинград түбіндегі, Украина, Белоруссия жеріндегі жанқиярлық қарсылығына қарамастан немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдылыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Біріншіден, басынан бақайшағына дейін қаруланған, Европаның көптеген елдерін бағындырған жау әскерінің соғыс жүргізу тәжірибесі мол болды. Екіншіден,тұтқиылдан жасалған шабуылға Кеңес әскерлері әзір емес еді. Үшіншіден, Кеңес әскерін қайта құру, қаруландыру тиісті дәрежеде болмады. Төртіншіден, 1939 - 1940 жылдардағы Қызыл Армияны тазалау кезінде әскердің көптеген қолбасшылары, жоғары, орта буындағы офицерлері ұсталып атылып кетті. Осының бәрі Қызыл Армия бөлімдерінің соғыстың бастапқы кезінде үлкен сәтсіздікке ұшырап, мыңдаған жауынгерлерден айырылуына соқтырды.
Москва шайқасы (1941 жыл 30 қыркүйек - 1941 жыл 6 желтоқсан).
Қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы, әсіресе, Москва түбіндегі шайқаста шықты. Республикада жасақталған 316 - атқыштар дивизиясына Маскваға апаратын негізгі өзекті жолдың бірі - Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі жау шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. 28 танк жоюшылар (28 панфиловшы) тобы Дубосеково разъезінде жаудың 18 танкісін жойып жіберді. Ротаның саяси жетекшісі В. Г. Клочков Россия кең - байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва ұранын көтерді. Оның бұл сөзі бүкіл майданға тарады. Кейіннен 28 панфиловшы ерлігі аңызға айналды. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай - ақ Москва қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Габдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Амангелдиев мәңгі өшпес із қалдырды.
316 - дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған 8-ші гвардиялық дивизия атағы беріліп, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Төлеген Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
1942 жылы 3 мамырда 238 атқыштар дивизиясы ұйымшылдығы және ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталды, ал 1942 жылы бұл дивизия 30 - гвардиялық дивизия болып қайта құрылды.
Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтар:
1. Партия ұйымдастырушысы Султан Баймағанбетов А. Матросовтың ерлігін қайталап жау дзотын кеудесімен жауып, Батыр атанды.
2. 372-атқыштар дивизиясының 1236-атқыштар полкі 5-атқыштар ротосының бөлімше командирі Қойбағаровұрыста неміс траншеяларына бірінші болып кіріп, ержүректілік көрсетті.
3. 48-атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде шайқасты. 314-дивизияның мергендер қозғалысын Солтүстік Қазақстан облысындағы Степан Разин атындағы ауылшаруашылық артелінің бұрынғы колхошысы, қатардағы жауынгер Г.П. Зубков бастады.
4. Ленин қаласы үшін болған шайқастарда артеллериялық бақылау аэростаттарының дивизион командирі С. Жылқышев та ерекше көзге түсті.
Ленинград қоршауының аса қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл Кеңес мемлекеті халықтары тарапынан қолдау жасалғанын үнемі сезеніп отырды.
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінда қазақтың халық ақыны Жамбыл ленинградтықтарға Ленинградтық өренім деген жырын арнап, онда көп үлттық еліміздің бүкіл енбекшілірінің ойпікірін, сезімі мен аландатушылығын білдірді. Ақын жыры достықтың шынайы ән ұранына айналды. Қоршау жылдарында 850 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. 1943 жылы қаңтарда 900 күнге созылған Ленинград қоршауы бұзылды, ал 1944 жылы Ленинград басқыншылардан толық азат етілді.
Ленинград шайқасының тарихы маңызы
- Гитлершіл Германияның ірі жеңілісі болды,
- Халықтар достығы мен ерлігінің көрінісі болды.
Сталинград шайқасы (1942 ж. шілде- 1943 ж. ақпан).
1942 жылы 17 шілде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар басталды. 1942 жылы күзде Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 1942 жылы күзде КСРО жоғарғы Кенесі Төралқасының жарлығымен Каспий алабында соғыс жағдайы енгізілді, ал 1942 жылғы қыркүйектің 1-інде Атырау қорғаныс комитеті құрылды. 1942 жылғы қыркүйектың 15-інде облыстық мемлекеттік қорғаныс комитеті соғыс жағдайын енгізді, ал 1942 жылы 26 қазанда Орал аймағы әуе шабуылынан қорғану бөлімдерінің қатарына енгізілді.
1943 жылғы желтоқсанда белгіленген шекара бойынша Қазақстан Сталинград облысымен шектесті (Каспий теңізінен Александров - Гайға дейнгі 500 км.)
1942 жылы 9 қазанда Қазақ КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.
Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайнақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс қүрылыстары салынды.
Сталинград майданының көптеген әскери бөлімдері, материалдық, техникалық базалары Батыс Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты Батыс Қазақстан жерінде 70-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн. сом шығын келтірілді.
Сталинград майданың барлық жағынан Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден өтті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Каспий бассейнде орналасқан Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен байланыстыратын негізгі көпірге айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы т.б. Сталинградты қорғауға тікелей қатысты. Сталинградтың түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г.Сафиулин, М.Баскаков сияқты азаматтардың басқарған әскери бөлімдері жауды талқандау барысында көп үлес қосты. Мысалы, М.А.Баскаков басқарған батареяның 43 зенитшісі трактор заводын қорғап, жаудың 11 танкісін жойып жеберді. 36 зенитші қаза тапты, бірақ бір адам да шагінбеді. 1942 жылы 19 желтоқсанда қарағандылық ұшқыш Нуркен Әбдіров Боховская-Пономаревка ауданындағы әуе шайқасында ұшағын жау танкілері шоғырына қүлатып, ерлікпен қаза тапты. 29 және 38-атқыштар дивизиясының жауынгерлері жауды Сталинградтың Киров ауданына енгізбей, танкі мен зеңбіректер жөндейтін заводттың тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. 1943 жылы бұл дивизиялар 72 және 73-гвардиялық дивизияларға айналып, Сталинград дивизиясы құрметті атағына ие болды. Оңтүстік Қазақстандық жауынгері Толыбай Мырзаев Павлов үшін қорғауға ерлік көрсетті.
Сталинград түбінде қазақстандықтар К.Сатпаев пен А.А.Бельгин өздерінің ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағынын батыры атағына ие болды.
116-атқыштар дивизиясы, 565-атқыштар полкінің 7-ротасының жаунгерлері Сталинград көшелерінде ерлікпен шайқасты. Олардың ерлігі құрметіне Сталинградта Қазақ көшесі ашылды. 11 жауынгер 300 фашистке қарсы шайқасып, түгел қаза тапты (араларында Лениногорскілік комсомол Кәміл Хузин болды). Ержүрек жауынгерлер қорғаған төбе Шығыстың 11 батырының төбесі деп аталады. Қазақстандық Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасындағы ірі операцияларда шешуші роль атқарды. Сөйтіп, 1943 жылғы қыста Сталинград түбінен жау 600-700 км. жерге қуылды.
Сталинград шайқасының жарығы маңызы.
Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды.
-Екінші дуниежүзілік соғыстағы түбегейлі бет бұрысқа шешуші үлес қосты.
-Қызыл Армия стратегиялық инициативаны берік қолға алды.
-Гитлерлік Германияның тағдырының шешілу ұақытын жақындата түсті.
-Еділдегі (Волгадағы) шайқас бүкіл дүниежүзілік тарих шежіресіне ұмытылмас ерлік беттерін қосты.
ІІІ Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұшқыштар
2014 жылдың 11 шілдесінде дүниеден озған Кеңес Одағының Батыры Тоғанбай Қауынбаевтан кейінгі көзі тірі қазақ батыр өзі ғана еді.
Ол Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған төрт Қазақстандықтың (П.Беда, С.Луганский, И.Павлов) бірі болды. Жалпы алып қарасақ, екінші дүниежүзілік соғыста 500 Қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды. Кеңес Одағы бойынша төрт-ақ адам алған Даңқ орденінің толық иегерінің бірі де біздің отандасымыз еді.
Талғат Жақыпбекұлы 1922 жылы 5 тамызда, Ақмола облысы Майбалық ауылында дүниеге келген. 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға түседі. Ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін-де аяқтайды.Ал майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан Ил-2 штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады.
Талғат Бигелдинов
Сол күннен бастап әскерилер арасында ұшқыш танк деп аталып кеткен Ил-2 мен 1942 жылы майданға аттанады. Ол ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz