Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық әлеуеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
 Ақтау қаласы
химия-биологиялык бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан тарихы (ҚӘҚ)
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ

Тақырып: Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық әлеуеті

Сөз саны - ?
Бірегейлік -? %

Орындаған:Рахметова Аделина _____________
(қолы)

Жетекші: Жалгасбаева Салтанат Турарбековна _____________
(қолы)

Актау, 2022
МАЗМҰНЫ
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Деректерге талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Тәжірибелік әдістерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Зерттеу қорытындысын бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
Жұмыста пайдаланылған нақты тәжірибелік материал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

КІРІСПЕ
Қазақстанда күннен күнге бизнес саласы даму үстінде. Оған себеп, 2020 жылы 1 қаңтарда жүргізілген санақ бойынша Қазақстанда тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің субьекті саны - 1 603 839 болуы [1]. Бұл дегеніміз қазақстандықтар өздерін бизнес саласында сынап көруге ұмтылады және нәтижесінде олар сәтті түрде кәсіпорындарын ашады. Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық әлеуеті деп алдым.
Ең алдымен, шағын бизнес ұғымына анықтамасына тоқталайық және орта мен ірі бизнестен айырмашылықтары неде екенін аңғарайық. Уикипедияға сүйенсек, шағын бизнес -- ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы [2]. Ал оның орта және ірі кәсіпкерліктен айырмашылығы жылдық табысы мен кәсіпорындағы жұмысшылар санында. Яғни, шағын кəсіпкерлік субъектілері - бұл жеке кəсіпкерлер жəне заңды тұлғалар, олардың 50 адамнан көп емес жұмысшылары бар жəне орташа актив құны (баланста көрсетілген жеке кəсіпкерлер мен заңды тұлғалардың мүліктері) жылына 60 000 минималдық есеп көрсеткішінен аспайтын, 2010 жылы 84 780 000 теңгені құрады (активтердің максималды құнын есептеу оңай - 60 000 əрбір жылға республикалық бюджеттен заңда бекітілген айлық есептік көрсеткішке көбейту керек, мысалы 2010 жылы ол 1 413 теңгені құрайды) [3].
Шағын кәсіпкерлік мемлекеттің экономикасына әсер ететін факторлардың бірі болып табылады. Сол себепті, зерттеу жұмысының өзектілігі қазіргі таңдағы кіші бизнестің жұмысы негізінде келешектегі дамуын әртүрлі болжайтын тұжырымдардың болуында. Зерттеу жұмысының мақсаты - Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайын талдай отырып, экономикалық әлеуетін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Қазақстандағы кіші бизнес туралы ғаламтордан, бұқаралық ақпарат құралдарынан деректерді іздеу, жинақтау;
Қоғам арасында онлайн сауалнама жүргізіп, адамдардың шағын бизнеске қатысты ой-пікірлерін анықтау, қазіргі таңдағы әлеуеті мен перспективаларын болжау;
Жиналған мәліметтерді талдау үшін стратегиялық SWOT анализін қолдану ;
Зерттеу жұмысын жасалған анализ негізінде қорытындылау.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
А) Деректерге талдау жасау
Шағын бизнес - бұл жеке және заңды тұлғалардың өз мүмкіндіктерін көрсетудің тиімді жолы. Оған қоса, шағын бизнеспен айналысу кәсіпкерлердің өзіне деген сенімділігін, өзін-өзі бағалауын арттырады және бизнестегі білімінің, іскерлігінің дамуына ықпал етеді. Көпшіліктің ойынша, бизнеспен айналысу үшін қомақты түрдегі қаржының қажеттілігі бар. Алайда, мемлекет көмегімен іске асып жатқан кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бар екенін білу керек. Солардың бірі, Бизнес Жол Картасы бағдарламасы. Бағдарламаның пайда болу тарихына шолу жасайтын болсақ, Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңа онжылдық - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стартегиялық даму жоспарын іске асыру үшін әзірленген. Бағдарламаның мақсаты экономиканың шикізаттық емес секторларындағы өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады[4]. Бұл бағдарлама аясында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерді қолдау мақсатымен қаржыландыру жүогізілді. Бизнестің жол картасы мемлекеттік бағдарламасы 2018 жылы 173 млрд теңгенің 1403 жобасын, 2019 жылы 154 млрд теңгенің 2402 жобасын мемлекет тарапынан қолдаған. Статистика көз жүгіртсек, жыл сайын бағдарлама аясында бизнесті дамытуға арналған қаржы көлемі ұлғайып келе жатқанын көреміз. 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 257 млрд.теңгеге 7, 3 мың жобаға қолдау көрсетілді. БЖК-2025 аясында құны 103 млрд.теңге болатын 1,7 мың жобаға қолдау көрсетілді [5]. 2019 жылы қаржылық қолдауды жақсартуға бағытталған түзетулер енгізе отырып, Бизнестің жол картасы 2020 мемлекеттік бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды. Бағдарламада қойылған міндеттерді орындай отырып, 2025 жылға қарай келесі мақсатты индикаторларға қол жеткізу жоспарлануда:
1. ЖІӨ -дегі ШОБ үлесін кемінде 33,8%-ға жеткізу.
2. Бағдарламаға қатысушылардан түсетін салық түсімдерінің 2017 жылғы деңгейден 2 есе артуы.
3. Бағдарламаға қатысушылардың 30 мың жаңа жұмыс орындарын құруы.
4. ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 13,4%-ға жеткізу.
5. Экономикадағы орта бизнестің үлесін кемінде 13,7%-ға жеткізу.
Шағын кәсіпкерліктің басты артықшылықтарының бірі- бизнес жас талғамайды. Яғни, кәсіпкерлікті бастау үшін белгілі-бір жаста болу міндеттелмейді. Оған дәлел ретінде, Halyk қайырымдылық қорының демеушілігімен бастау алған Атамекен академиясының Өзгеріс жобасы. Бұл бағдарлама жасөспірімдерді кәсіпкерлік қырынан ашуға көмектеседі. Ол үшін еліміздің бизнес саласындағы мықты мамандарымен онлайн сабақтар түсіріліп, тегін әрі сапалы білімге қол жеткізуге мүмкіндік ұсынады. Яғни, бұл жоба бизнес планды қалай дұрыс жазудан бастап, алғашқы Оған қоса, ұйымға үнаған бизнес идеялар әрі қарай өз жұмысын өркендету маұсатымен ұйымдастырушылар тарапынан материалдық қолдауға ие бола алады. Бір жағынан, кәсіпкерлікке қызығушылығы бар жасөспірімдердің, студенттердің финанстық сауаттылық деңгейін жақсартады.
Өзгеріс жобасының алғашқы түлектерінің бірі 18 жасар Алихан Талипбаев болып табылады. Оның жұмысы жылыжайларда көкөністі гидропоникалық түрде өсіру туралы. Алиханның осы жобаға берген сұхбатынан оның Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуына не кедергі екені туралы пікірін білуге болады. Оның ойынша, Қазақстан кәсіпкерлік саласында ерекше дамымаған. Егер Forbes тізіміндегі ең бай адамдарды қарастырсақ, онда көпшілігі шикізат есебінен көтерілген. Олардың минералды шикізатпен айналысатын және осы тауарларды экспорттаудан пайда көретін компанияларда үлесі бар. Бірақ Қазақстандағы мәселе - біз ештеңе өндірмейміз, тек сатамыз. Тіпті жас кәсіпкерлер қайта сатумен айналысады. Осы бағытта көп ақша табу мүмкін емес, өйткені бәрі тікелей сатылымға және аудиторияның сұранысына байланысты. Сондықтан Алихан өндіріспен айналысқан дұрыс деп есептейді [6].

В)Тәжірибелік әдістерді талдау
Курстық жұмыс жазу барысында ғаламтордан алынатын мәліметтердің сенімділік деңгейіне назар аудару қажет болды. Себебі, қолданылатын ақпараттар шынайы әрі нақты болуы талап етіледі. Оны дереккөздердің (вебсайттардың) сенімділігі анықтайды. Мысалы, уикипедия сенімді дереккөзі болып көрінгенімен, ол ашық энциклопедия. Яғни, кез-келген адам бұл энциклопедияға өзгерістер енгізе алады. Мен курстық жұмысымда бұл әдебиеттен тек анықтамалық ақпаратты қолдандым. Зерттеу жұмысында бұдан бөлек ақпараттардың бірнеше түрі қолданылған. Олардың бірі- сандық және статистикалық деректер. Бұл ақпараттың нақтылық деңгейін жоғарылайды. Әлеуметтік топтың шағын кәсіпкерлікке қатысты көзқарасын білу мақсатымен сауалнама әзірленді. Сауалнама қорытындысы сызбалық графиктер мен талдау жасалып жазылды.
Онлайн-сауалнаманың қорытындысы:
Әлеуметтік топ арасында жүргізілген сауалнамаға 24 адам қатысты. Сауалнаманың мақсаты қоғамның шағын кәсіпкерлікке қатысты ойын, болжамын анықтау болып табылады. Респонденттер сұрақтарға өз пікірін ашық түрде білдіру үшін еш қысылмай жауап берді.
1-сұрақ. Бұл сұрақ сауалнамаға қатысқан адамдардың жас ерекшеліктері бойынша қай диапазонға тиесілі екенін анықтайды. Респонденттердің 75%-ы әлі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер екен. Яғни, 18 адам 12 мен 17 жас аралығында. Ал қалған 25%-ы 18 бен 24 арасындағы жаста. Өкінішке орай, сауалнамаға 25 жастан үлкен қатысушылар жоқ.

2-сұрақ. Бұл сұрақ сауалнамаға қатысушылардың гендерлік ерекшеліктері бойынша қай топ өкілі екенін анықтайды. Төменде көрсетілген диаграммаға назар аударсақ, респонденттер теңдей екіге бөлінгенін аңғарамыз. Яғни, 50%-ы ер адамдар болса. 50%-ы әйел адамдар. Сәйкесінше әр топтан 12 адам сауалнама сұрақтарына жауап берді.

3-сұрақ. Сіздің түсінігің бойынша кіші кәсіпкерлік деген не? Бұл сұраққа респонденттер өз ойына сәйкес немесе ұқсас келетін жауап нұсқасын таңдау тиіс. 24 адамның 58,3%-ы шағын бизнесті орта бизнестің бастаасы деп түсінеді. Ал 33,3%-ы біреуге бағынышты болмай өз-өзіңді басқару деп қабылдайды. Қалған 8,3%-ы қомақты табыс әкелмесе де, өз жаныңа жақын дүниемен шұғылдану деген тұжырымды меңзейді. Сандық қатынаста алатын болсақ, жауап берушілер сәйкесінше 14-8-2 пропорциясының мәнін білдіреді.

4-сұрақ. Қазақстандағы шағын бизнес туралы ойыңыз қандай? Бұл сұрақты қою арқылы әлеуметтік топтың еліміздегі кіші кәсіпкерлікке қатысты пікірін анықтадық. Респонденттердің 50%-ы шағын кәсіпкерлік экономиканы дамытуға үлес қосады, себебі ресурсқа бай елміз деп тұжырымдаса, 45,8%-ы пайдасы болғанымен де, оны көру үшін ұзақ күтуіміз қажет деп есептейді. Ал қалған 4,2%-ы кері пікірде, яғни шағын бизнес біздің мемлекет үшін тиімді жол емес деп ойлайды.
5-сұрақ. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің әлеуетін (потенциалын) бағалаңыз. Бұл сұраққа респондент шағын бизнестің қазіргі кездегі жұмыс жағдайын ескеріп, оның келешекте дамуына ықпал ететін әлеуетін 5 баллдық шакаламен бағалау қажет. 1 деген өте төмен дегенді білдірсе, 5 деген өте жоғары дегенді білдіреді. Сәйкесінше, 3 деп жауап бергендер орташа бағалайды, ал 2 орташадан төмен, 4 орташадан жоғары бағалауды білдіреді. Астындағы диаграммаға назар аударсақ, орташа бағалайтын респонденттердің саны жоғары екенін байқаймыз. Олардың пайыздық өлшемі 37,5%- құрайды. Орташадан төмен деп жауап берген адамдар саны біреу, бұл 24 адамның 4,2%-ы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтері
Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету саласында шағын кәсіпкерліктің қызмет ету ерекшеліктері (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде
Қазақстанда шағын бизнесті жүргізу тәжірибесі
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың экономикалық-әлеуметтік мәні
Индустриалды - инновциялық қызметтің басымдықтары
Кәсіпкерліктің экономикада алатын орны
Шағын және орта бизнесті қолдауды жетілдіру
Шағын кәсіпкерліктің тиімді, әрі жылдам дамуы
Пәндер