Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сайттарының жұмысы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ . . . 5

1. Әлеуметтік желі және ондағы діни ресурстар

  1. Әлеуметтік желінің әдебі . . . 8
  2. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны . . . 22
  3. Әлеуметтік желілердегі ресурстардың ашылу мақсаты . . .

2 Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сайттарының жұмысы

2. 1 Ресурстарға шолу . . . . . . …… ……… . . . . 30

2. 2 Статистикалық мәліметтер . . . . . . ………37

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 56

Дипломдық жұмыс

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мақұлдауымен ислам дінін насихаттап жатқан әлеуметтік желідегі ресурстар

Кіріспе

1. Әлеуметтік желі және ондағы діни ресурстар

1. 1. Әлеуметтік желінің әдебі

1. 2. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

1. 3. Әлеуметтік желілердегі ресурстардың ашылу мақсаты

2. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының сайттарының жұмысы

2. 1. Ресурстарға шолу

2. 2. Статистикалық мәліметтер

Қорытынды

Кіріспе

Адам баласын ең көркем түрде жаратып, ақыл мен сана берген Аллаға мақтаулар мен шүкірлер болсын. Оның сүйікті құлы болған Пайғамбарымыз бен әулетіне, сахабаларына салауаттар мен сәлемдер жолдаймыз.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының мақұлдауымен ислам дінін насихаттап жатқан әлеуметтік желілердегі ресурстар» деп алуымызда ерекше мән бар. Қазіргі заманның ағымына қарай әлеуметтік желілердің дамуы кең етек алуда. Адамдардың құлшынысы да, тәуелділігі де артуда. Сондай бір уақытта біздің діни басқарманың сайттары немесе басқа желілердегі парақшалары қалай жұмыс жасауда сол туралы мәліметтермен кеңірек танысатын боламыз.

Тақырыпты алуымыздағы тәрбиелік мән - жастарға керек мәліметтерді бере отырып, өз ұсыныстарымызбен бөлісу. Мүмкін адамдар үшін пайдалы дүниеге жарап қалар.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі : Қазіргі таңда интернет біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналғандай. Бұлай деуміз артық айтқандық емес. Себебі, бұрындары жаңалықтарды, әлемдік ақпараттардың барлығын тек теледидар арқылы көріп, білетін болсақ, қазір бұл мәліметтердің барлығы интернеттің себебімен қол жетімді бола түсті. Иә, әрине интернет желісі өз пайдасымен өмірімізге біршама жеңілдіктер әкелді. Мысалы, адамдардың мыңдаған шақырымдарға қарамастан бір-бірін көріп, соның себебімен бірге отырғандай тілдесуі, оны тек ақпарат не байланыс көзі ретінде емес, тіпті қазіргі таңда сауда не кәсіп жүргізудегі (клиника, қызмет, емшара т. б. ) басты құралға айналдыруы. Десе де, оның адам өміріне зиянды тұстары да жоқ емес-ті. Бұл тұста алғаш айтуды қажет ететін нәрсе ол - денсаулыққа тигізетін зияны. Сол зияндардан адамдардың өмір сүру сапасына тигізер зардабы. Яғни, кей адамдардың өз өміріне қажетті не қажетсіз деп сараламастан интернет желісі арқылы алдынан шыққан ақпараттарды тым көп алу зияны себепті миға жүктеме түсіп, зейіні төмендеп, істерінде сапасыздық зардабына ұшырау қаупі.

Әрине, олай болуы да заңдылық, себебі таяқтың екі ұшы бар секілді, әр жаратылыстың жақсы және жаман, яғни пайдалы және зиян тұсы болады. Оған «Фалақ» сүресінің 2ші аяты дәлел. Аяттың түсіндірмесі бойынша, әр нәрседен пайда мен зиян көріп, зиянды жағынан Алла Тағаланың сақтауын сұраймыз.

Интернетті исламды дамыту жолында жақсы жағынан пайдалану өзекті тақырып болып отыр. Себебі әлемдік дағуат, оның ішінде бұрыс жолды насихаттаушылар да бүкіләлемдік интернет желісіне көшті. Сондықтан интернет желісін, қияметке дейін хақ жол болып қалатын ислам дінімізді жаю үшін берілген нығмет ретінде қарап, сөзсіз пайдамызға асыруымыз қажет.

Адамдарды көбірек жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюда бұл таптырмас құрал болып отыр.

Алдау, арбау, біреудің атынан хейт жазу, жалған ақпарат таратуда пайдалану дұрыс емес. Алланың шексіз нығыметін жақсылыққа пайдалану біз үшін міндет. Сол үшін бұл тақырып зерттеуге негізделіп отыр. Адамдар интернет желісін қаншалықты жақсылыққа пайдаланып жатыр? Қанша ҚМДБ -мен мақұлданған діни сайттар жұмысын тұрақты түрде жасап жүр? Осы сынды сұрақтарды қоя отырып, тақырыпты зерттейміз. Өзектілігін анықтаймыз.

Тақырыптық зерттелу деңгейі:

Зерттелу жұмысының мақсаттары мен міндеттері: Сайттар арқылы ислам дінінің дұрыс жеткізілуін қадағалау. Жалпы халыққа дінді насихаттаушы сайттарды дұрыс пайдалануды насихаттау, пайдасы мен зиянын айту, әдебін түсіндіру. Дінді бұрмалаушылардың ізінен еріп, Алладан басқаға бойұсынып кетпеулері үшін дұрыс ақпарат көзін ұсыну. Ондағы ақпараттарға жалпы шолу жасау.

Зерттелу жұмысының ғылыми жаңалығы: Дипломдық жұмысымыздың ерекшелігі әрі ғылыми жаңалығы-зерттеп отырған тақырыбымыздың ауқымдылығында және мұндай тақырыптың алғаш рет зерттелуінде. Яғни, осы уақытқа дейін рұқсат етілген сайттар туралы насихат жариялау тақырыбында ауқымды зерттеу болған емес. Жеке обьекті ретінде зерттеліп, арнайы ғылыми еңбектерге арқау болмаған-ды. Және де бұл тақырыпты бір дипломдық жұмыс деңгейінде қамту мүмкін емес. Себебі, арнайы үлкен зерттеуді талап етеді.

Зерттеу жұмысының дерек көздері : Дипломдық жұмыста ҚМДБ сайттарының барлық түрлері, статистикалық сайттар, сонымен қатар үгіт-насихат мақсатында тыйым салынған сайттар пайдаланылды. Сондай-ақ Құранға, уақыт жоғалту туралы діни кітаптарға және хадистерге баса назар аударылды.

Зерттеу жұмысының теориялық практикалық мәні:

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Бұл зерттеу жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлім әрқайсысы екі және үш тармақшадан тұратын екі үлкен тараудан құралған.

1. Әлеуметтік желі және ондағы діни ресурстар

  1. Әлеуметтік желінің әдебі

Қазіргі әлемдегі интернеттің маңыздылығы жайында Ислам діні тұрғысынан қарастырамыз. Қазіргі уақытта, әсіресе пандемия кезінде интернет үлкен рөл атқарды, өйткені, адамдардың көпшілігі, әсіресе жастар оны көп пайдаланады. Қазіргі жастар адам өмірінің барлық саласына қатысты негізгі ақпаратты, соның ішінде дінге қатысты ақпаратты интернет арқылы алады. Интернетте жұмыс істейтін және пайдаланатын адамдарға қатысты кейбір әдептерді атап өтейін:

Бірінші: Ниет: Әрине, мұсылман барлық нәрседегі сияқты интернетті пайдалануда шариғатта рұқсат етілген нәрсеге сай жақсылық жасауға ниет етуі керек. Ғаламтордан алатын игіліктермен қатар, дінінің ілімдерін ұстанғаны үшін де сауап алады. Ал егер ол діни ілімді ұстанбай, ниетін жақсартып, инетернетті тек игілікке пайдаланса, ол алған пайдасын сақтайды, бірақ сауап болмайды, өйткені ол жақсы ниетті діни іліммен араластырып, білдірмеген. Мұсылман адам таза ниетпен жақсылық жасаса сауап алады, ал ниет еткенін орындаса сауабы он сауапқа дейін артады.

Әбу әл-Аббас Абдулла бин Аббас бин Абдул Муталибтен, (Алла олардың екеуіне де разы болсын) Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Раббысынан риуаят еткен хадисте: Жақсы істі істеуге ниет етіп, бірақ оны орындай алмасаңыз да Алла Тағала оны Өз қасында толық бір жақсы іс орындалғанға жазады! Әрі жасаған жақсы амалыңыз өзіңізге оннан жеті жүзге дейін, Алла қаласа одан да көп еселеніп қайтады.

Екінші: Өмірдің қадірін білу. Ғаламторға кірмей тұрып, уақытты босқа өткізбеу үшін өмірдің қадірін, әр сәттің Раббысының алдында жауапкершілігі барын, Қиямет күні есебі бар екенін ұмытпау керек. Осы сезімнің жоқтығынан көптеген адамдардың интернетте уақытын босқа өткізетінін, өмірінің қымбат күндерін инетернетте ұзақ уақыт өткізетінін көреміз, мұсылман болса өмірінің әр сәтін ақыретте тіпті интернетті пайдаланған кезде де сұрайтынын ешқашан ұмытпайды.

Ибн Масуд, ( оған Алла разы болсын), Пайғамбардан, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: "Қиямет күні мына төрт нәрседен сұралмайынша, құлдың аяғы қимылдамайды:

  • бірінші, өмірінен, оны қайда өткізді?
  • екінші, денесінен, оны қайда тоздырды?
  • үшінші, малынан, оны қайдан тапты және қайда жұмсады?
  • төртінші, ілімінен, онымен не жасады?"

Үшіншіден: Іс-әрекет жоспарын анықтау: Интернетке кірер алдында жақсы іс-әрекет жоспарын жасау керек, кез келген бизнестегі сияқты Интернетті пайдалану жақсы ұйымдастырылған жоспарға негізделуі керек. Мақсат пен пайданы анық көрсетіңіз. Сіз кіргіңіз келетін сайттың атауына және сол сияқты барлық нәрсеге дайын, ақпарат алдын ала көрсетілуі керек. «Не істесем болады?» деген оймен отырғанда. Ойланып отырып, уақытты босқа кетіру.

Төртіншіден: «Бисмилләһир рахманир рахим» деп интернетте жұмыс бастаңыз және мүмкіндігінше көбірек дұға оқыңыз. Көптеген хадистерде мұсылманның әр нәрсенің басында «Бисмилләһир рахмани рахим» деп айтуы керектігі баса айтылған. «Бисмиллә, бисмилләсіз іс қылма» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұл жайында: «Алланың атымен басталмаған әрбір сөздің және істің бәрі шолақ» -деген.

Бесіншіден: Интернетте көрген, оқыған, естіген нәрсенің бәрі шариғат рұқсат еткен нәрсе болуы керек. Расында, мұсылманның әр жерде, әр уақытта және барлық жағдайда сөздері мен істері ислам шариғатына сай болуы керек.

Алайда, өкінішке орай, сайтқа кірген кейбір адамдар қарбалас өмірінде ұнатпайтын нәрселерді ұнататыны соншалық, олар «өмірде бұл қалыпты жағдай емес» деп ойлауы мүмкін. Бұл жаман ақпаратты интернеттен көретін адамгершілігі жоқ, өйткені оны адамдар шындығында көріп, біледі, басқалар ол туралы айтпау үшін жамандықтан аулақ жүреді. Ал веб-сайтқа келсек, сайттағы атын басқа атқа ауыстырмайынша, олар оны көрмейді және не істеп жатқанын білмейді. Осының бәрі оның екіжүзді екенін, халықты көрсету үшін жұмыс істейтіндігін көрсетеді.

Сондықтан сайтқа кірген кез келген адам өзінің исламдық парызын ұмытпауы керек, өйткені оны адамдар көрмесе де Алла көреді. Адамдар оны білмесе де, Алланың бәрін білетінін үнемі сезінуі керек. Құранда: «Ол көздің қиянатын және көкіректердің жасырғанын біледі» делінген Ғафир (19)

Яғни Алла Тағала үлкенді-кішіні, кіші-үлкенді, нәзік пен нәзік нәрселерді қамтитын толық білімі туралы хабар береді. Адамдарға оның олар туралы білімін ескерту үшін, сондықтан олар ұяттылықпен Алладан ұялулары керек, және Оның тақуалығымен қорқулары керек.

Алтыншыдан: көзді түсіру: ғаламторды қолдануда адам баласын Раббысына құлшылық етуден алшақтататындықтан сақтанып, көздері мен жүректерін шайтанның азғыруынан сақтау керек. Қашан адам шіркін, харам нәрселерге қарап, жүрегі тас болып, Аллаға деген сүйіспеншілік, білімге деген сүйіспеншілік, ұят, адалдық, пәктік, тақуалық, т. б. болмай қалса, күнәға батады. Олар барлық мұсылмандарды, еркек пен әйелді, ұл мен қызды одан ескертуі керек. Алла Тағала құранда: «Мүміндерге айт, көздерін төмен түсірсін» деген. (Нур 30) Яғни: Уа, Мұхаммед, сенуші үмбеттеріңе айт, олардың көздерін намахрам әйелдерге қараудан тый, өйткені көзқарас жүректерге нәпсісін себеді, ал нәпсілердің Раббысы ұзақ қайғы тудырады. «және олардың пәктігін сақта» деген, яғни, олар ұятты жерлерін зинадан және әшкерелеуден және әшкере етуден сақтайды. «бұл олар үшін тазарақ» яғни, Мағынасы: Нәзіктік пен сақтау жүректер үшін таза, дінге тақуа және азғындыққа түсуден де сақтық.

Интернет - байланыс құралы. Басқаларға зиян келтірмеу және оларға көмектеспеу. Интернетті пайдалану уақыты сіздің күнделікті міндеттеріңізден асып кетпеуі үшін уақытты реттеңіз және ұйымдастырыңыз. Интернет қауымдастығының этикеттерін сақтау

  1. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Қазір әлеуметтік желіні пайдаланбайтын адам кемде кем. Жас не кәрі деместен жұртшылықтың басым көпшілігі жайсыз ақпараттарды алуға бейім келеді. Жоғарыда айтқанымыздай кез келген нәрсенің жақсы және жаман тұсы қатар жүретіні секілді интернет желісінің пайдасы мен зияны туралы төменде тарқатып айтатын боламыз.

Пайдалары:

1. Жылдам ақпарат алмасу. Бұрын ата-әжелеріміз ақпаратты бір айда не бір жылда алатын еді. Яғни бір ақпаратты алу үшін ауылдан ауылға адамдар жіберіп, хабар жеткізетін. Одан бертін келе телефон құралы пайда болды, бірақ бір ауданда бір ғана телефон кеңсесі болатын. Содан соң әрбір үйде сым арқылы жүргізілген жекелей телефондар пайда болды. Содан соң кезек қалта телефондарға келіп, кейін ғана смартфондармен қатар интернет желісі пайда болды. Соның себебімен қазір тек жалпы Қазақстандағы емес, бүкіл әлемдік ақпараттарды алуға мүмкіндік бар. Бірнеше секундтардың ішінде-ақ басқа елдегі ахуалды біле аламыз.

Әрине, оның ішінде діни тұрғыдан болып жатқан ақпараттарды да жылдам әрі оңай түрде алатын хәлге жеттік. Бұрын ғалымдарымыз бір ақпаратты алу үшін жылдар бойы сапар шеккен болса, қазір әп сәтте сол ақпаратты табуға зор мүмкіндіктер бар.

2. Көрісуге арақашықтық кедергі болмауы. Яғни, екі адамның арасындағы мыңдаған шақырымдарға қарамастан бейнебайланыс арқылы дәл бірге отырғандай сезімде тілдесуі.

3. Интернеттің ауқымды мүмкіндіктері. Бүкіләлемдік ғаламтор бізге үйден шықпай-ақ көптеген істерді аз уақытта атқаруға мүмкіндік береді. Құжат алу, кез-келген затқа тапсырыс беру үшінде сыртқа шығып көп уақыт жоғалту қажет емес. Үйде отырыпта бұл жұмыстарды атқара беруге болады. Қашықтықтан білім алуға, өзіңді дамытуға мүмкіндік жетерлік. Оның дәлелі ретінде онлайн түрде түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орын алып жүрген адамдарды да көрудеміз.

Діни көзбен қарайтын болсақ баршамызға мәлім, миһраб. кз каналы онлайн түрде фиқһ саласы бойынша жарыстар ұйымдастарып, шәкірттерді ынталандырды. Бұл бір ғана мысал. Әльхамдулилляһ қазіргі таңда ұстаздардың себепкерлігімен жүлдеге діни құнды кітаптар мен құлшылыққа қажетті құралдарды, тіпті УМРА сапарына жолдама атап өткізетін онлайн түрде діни сайыстар қатары артуда. Мұның өзі дағуат саласы бойынша біз үшін үлкен жетістік.

4. Мұсылмандықтың сапасы артуда. Елімізде біршама жыл бұрын ғана мұсылманмын деп айтқанымен, оның шарттарымен таныс не оны ұстануға асыққан жандар қатары көп емес-ті. Қазіргі интернет желісінің себебімен ұстаздардың арқылы жүргізілген дұрыс дағуат арқылы дінді түсіне ұстануға ұмтылған адамдар көбейе түсті. Әрине бұл мұсылмандық сапаның артуына себеп болады.

Зияндары:

  1. Біз шынайы қарым-қатынасты азайттық.

Интернет біздің жақындарымызбен қарым-қатынасымызды азайтты. Көпшілігі серуендеуге, кітап оқуға осы интернеттің кесірінен уақыт таба алмай жатады. Жаман және жақсы ақпаратты мөлшерден тыс алып, миына жүктеме түсі себепті жүйкелері сыр бере бастайды. Және үнемі энергиясы таусылған күйде, шаршаңқы жүреді.

Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уа саллам) хадисінде былай делінеді: «екі нығмет бар, көптеген адамдар бағалай алмайды: Ол-денсаулық пен бос уақыт».

Интернетте шектен тыс отыру не қажетсіз ақпараттарға көңіл қою уақытты бос өлтіруге жатады.

  1. Білім деңгейі төмендеу.

Бұрын барлығы кітаптардан ізденіп мақала жазса, қазір рефераттарды интернеттен алып дайын күйі тапсыра салатын студенттер көбейген. Әрине бұл өз кезегінде білім деңгейін төмендетеді. Дайын ақпаратты алып үйренген ми ізденгісі келмейді.

Желіде адамдар әдеп нормасынан ауытқып қалай болса солай сөйлесетін дәрежеге жеткен. Басқалардың өмірін талқылайтындарда жетерлік. Адамдар интернет пайда болғалы адамдармен тірі қарым-қатынас жасауды ұмытты.

  1. Интернет бізді шынайы өмірдегі танысу мүмкіндігінен айырды.

Қазіргі таңда танысу мүмкіндігі жоғары. Себебі адамдар тез таныса алады. Таныстық тірідей болғанның өзінде әлеуметтік желіде барма соны сұрап әлек боламыз. Көп адамдар танысып жәйсіз жағдайларға душар болып жатыр.

  1. Интернет бізді құпиялылықтан айырды.

«Неге олай?» - деген сұрақ туындауы мүмкін. Бірақ бұл шындық. Қазір интернет арқылы кімнің не істеп жүргенін, жасының қаншада екенін, өзі туралы маңызды мәліметтерді білуге болады. Тіпті кей адамдар жеген тамағын, тапқан табысын салатын жағдайға жеткен. Бұл кей адамдардың морально құлдырауына әкеп соқтыруы ғажап емес. Интернетті барынша халыққа пайдалы болу ниетімен блок жүргізуге қолданған дұрыс деп ойлаймын.

  1. Интернет бізді өздігімізден ойлау мүмкіндігінен айыруда.

Мәселе туындаған жағдайда, мәселеңізді, негативіңізді біреуге шығарып жеңілдейтін ауру түрі пайда болды. Бұл басқа адамдардың ашуын келтіріп, денсаулығына зиянын тигізеді.

Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уа саллам) жеткен бір хадисте: «Нағыз мұсылман-өзгелерге тілімен де, қолымен де зиян келтірмеген адам». Сол үшін біреуге зиян келтіруден сақ болайық.

  1. Уақыт құндылығын ұмыттық.

Ең құнды алғашқы игіліктің бірі - уақыт, оның білім саласындағы маңызы осы кітаптың тақырыбы. Уақыт - бұл біздің өмірімізден тұрады. Адамның тіршілігі осында орын алады. Бұл адам рухының қорғаны және оның біздің және басқа адамдардың игілігі үшін қоректенуі. Құран Кәрім осы ең басты нығметтің ұлылығына тоқталып, көптеген аяттарда оның басқа нығметтерден артықшылығы туралы айтылған. Біз бұл аяттардың шағын ғана бөлігін тізіп береміз. Адамзатқа берілген нығметтердің ең үлкені туралы Алла Тағала былай дейді: «Алла - көктер мен жерді жаратқан, аспаннан жаңбыр жаудырып, онымен күн көрулерің үшін жеміс-жидек өсірген, жүзетін кемелерді сендерге бағындырған. Оның қалауымен теңіздерде сендерді өзендер бағындырды, күн мен айды өздеріңе бағындырды, үнемі өз орбиталарында қозғалады, түн мен күнді сендерге бағындырды. Ол саған сұрағанның бәрін берді. Алланың нығметтерін санай бастасаң, санай алмайсың. Расында, адам залым әрі шүкіршіліксіз».

Сонымен, Алла Тағала күндіз-түні жаратылыстарына нәсіп етті, бұл шын мәнінде бұл мәселе туралы әңгімеміз өтетін және бұл дүние басынан аяғына дейін өмір сүретін уақыт. Алла Тағала басқа бір аятта бұл нығметтің ең үлкенін былай түсіндіреді: «Ол түн мен күндізді, күн мен айды бағындырды. Жұлдыздар да Оның қалауымен бағынады. Расында бұл жерде түсінетін қауым үшін белгілер бар».

Шынында, қазір ғаламтор салдарынан өміріміздің ең қызық бөлігін жіберіп алып жатқанымыз анық. Қолымызда ұялы телефонсыз жүру мүмкін емес, ал санамыз болса әлеуметтік желідегі жағалықтарға толы.

Ұстаз Ахмад Аминнің уақытты пайдалану және оны босқа өткізудің салдары туралы мақаласы:

"Егер біздің мақсатымыз тек уақытты өлтіру болса, онда мұндай мақсаттың өмір сүруге құқығы жоқ, өйткені уақыт - өмір: уақытты өлтірсеңіз, сіз өз өміріңізді өлтіресіз! Сондықтан, шахмат пен нард ойнап, бос әңгімемен айналысатын немесе тыйым салынған адамдар. ойын-сауық, олар бұл жолмен лайықты мақсатты көздемейді. Бұл уақытты өлтіруге тырысып, өз жауы сияқты кафелерге, клубтарға, көшелерге баратындарға да қатысты.

Бұл мәселені шешудің кілті - адам өзінің жақындары мен ұнатпайтын нәрселерін өзгертуге қабілетті деген сенім. Сіз өзіңіздің талғамыңызды өзгертіп, бұрын ешқашан көрмеген нәрселерді жақсы көруге және бұрын жақсы көрген нәрселерді ұнатпауға жаттыға аласыз. Өздерін біріктіру арқылы адамдардың көпшілігі бос уақыттарын физикалық, психикалық және рухани пайда әкелетін әрекеттер арасында бөле алады.

Өкінішке орай, адамдардың көпшілігі жеңіл-желпі әңгімелер мен арзан журналдарды оқуды санаға азық деп санайды. Олар осылайша олардың миы қоректенетініне сенеді, ал мұның бәрі олардың санасын улап, зұлым құмарлықтарды қоздырады. Кішкене күш пен шыдамдылық - және олар нақты білім алып, пайдалы кітаптарды оқи алады»

1. 3 Қазақстанда интернеттің, оның ішінде әлеуметтік желілерде діни ақпарат көздерінің қалыптасуы және мақсаты

Қазақстанда ақпараттандыру процессі 1990 жылдан бастап жүре бастады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діни басқармаға филиал
Діни басқарма қорында статистикалық сипаттағы құжаттар өте көп
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ДІНИ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Дін және бақ: кеше және бүгін
Егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі
Мұсылмандық қозғалыстың пайда болуы және қазақ қоғамы
БАҚ ЖӘНЕ ДІН НАСИХАТЫ - ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ НЕГІЗІ
Жергілікті атқарушы органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынасын реттеу туралы
ЕЖЕЛГІ ТАШКЕНТ
Мұсылмандардың қасиетті орындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz