Құқық нормасының құрылымының алғышарттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің

жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті

КОЛЛЕДЖ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Мемлекет және құқық теориясы

Тақырыбы: Құқықтық норма

Мамандық: Құқықтану

Шифр: 0201000

Курс: 2

Топ: ПК-201

Білім алушы: Самархан Әмірхан

Жетекші: Сапирова М. М.

Алматы, 2022

ЖОСПАР

Кіріспе

ТАРАУ Құқық нормасына жалпы сипаттама

1. 1 Қукык нормасының түсінігі және белгілері

1. 2 Құқық нормасының түрлері

ТАРАУ Құқық нормасының құрылымының алғышарттары

2. 1 Құқық нормасының құрылымы

2. 2 Құқық нормасы мен нормативтік актілердің байланысы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Құқық - күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі - қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау. Құқық - жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы. Ал құқықтық норма дегеніміз құқықтың бір ғана ереже қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіш, торшасы.

Құқықтық норма - мемелекет тарапынан қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма,

Құқық норма - заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқық норма жария айқындық, нақтылық мәнге ие болады. Оның шешімін табуға мүмкіндік береді.

  1. Қукык нормасының түсінігі және белгілері

Құқық нормасы - қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінен туатын, жалпыға міндетті мемлекет бекіткен мінез - құлық ережелері.

Құқықтық норма заңды ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Сондықтан оны мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, лауазымды адамдар мен барлық азаматтар сақтауға міндетті. Заң нормасы - құқық жүйесінен пайда болатын алғашқы құқықтың клеткасы. Соған байланысты ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде өзіне тән белгілері бар. Құқық және құқық нормалары бір-біріне сай келмейді. Олар жалпы және жеке түрде қатынаста болады. Құқық - бұл құқықтық нормалардың жиынтығы, ал құқықтық норма ең маңызды қоғамға және тұлғаға қатысты өте қажет қоғамдық қатынастарды реттеуші. Құқықтық нормада қоғам және тұлға үшін зиянды қатынастар да бейнеленеді. Құқық нормаларын өз органдары атынан мемлекет бекітеді және ол орындалуға міндетті, оны бұзғандар заң алдында жауапкершілікке тартылады.

Құқық нормалары міндетті түрде әрбір құқық саласына сәйкес арнайы кодекстерде тұжырымдалады.

Құқық нормаларының ерекше белгілері мыналар :

1. Жалпыға міндеттілігі - бұл мемлекет азаматтарының мінез - құлқындағы орындалуға міндетті мемлекеттік билік жазбалары;

2. Формальды анықтылығы, яғни құқық нормаларының белгілі ережелерге сәйкес қатаң түрде арнаулы құжаттарда жазылуы;

3. Құқық нормалары мемлекеттің күштеу әдістерінің әсерінен бұзылудан қорғалады;

Құқықтық нормалардың белгілері :

  1. Норма мемлекеттік органның қабылдаған бекіткен актісі, оның заңды күші бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлесіне айналады. Өйткені ол нормаларды халықтық басым көпшілігі дұрыс орындайды.
  2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық көрсетіледі. Егер де көрсетілмесе субъектілердің еркінде, тек заңға нышан келтірмеулері керек.
  3. Норма ерікті түрде орындалмаса, еріксіз орындатылуы.
  4. Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.
  5. Құқықтық норма адамдардың, қоғамның тәртібінің кепілдігі болуы.

Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы, қарым - қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде - оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде - қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін елементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.

Сонымен, құқықтық норма - қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен қамтамасыз етілетін ереже - қағида. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол - жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді.

  1. Құқық нормасының түрлері

Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл - шаруашылық құрылыс, мәдениет, эканомика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы нормалар.

2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя, азаматтық, қылмыстық, азаматтық - пролцессуалдық, қылмыстық - процессуалдық тағы басқа салалардағы нормалар.

3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар; қорғаушы нормалар.

4. қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым салуша нормалар; ерік беруші нормалар.

5. Норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке бөлінеді: нақты белгілі нормалар - мазмұны толық анық жазылған элементтері түгел; салыстырмалы нормалар - мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар - істің орындалуының, норманың жүзеге асыуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.

6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар, арнаулы нормалар.

7. Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының қарым - қатынасын реттеп, басқратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер инженерлер бағыттағы нормалар.

2. 1 Құқық нормасының құрылымы

Кез келген құқықтық норма белгілі бір құрылымнан, яғни ішкі құрылысынан түрады. Құқық нормаларының құрылымын айтпастан бұрын оның қандай бөліктерден (элементтерден) тұратындығын және олардың арасындағы байланысты анықтау қажет.

Құқық нормаларының құрылымы - бұл қажетті элементтердің функционалдық еріктілігін қамтамасыз ететін ықшамдалған жиынтығы. Ондай бөліктер (элементтер) үшеу:

1) гипотеза - бұл сондай құқық нормаларының элементі, мұнда норманың іс жүзіне асырылуға тиіс жағдайларды көрсетеді, оның әрекет ету саласын анықтайды. Басқаша айтқанда, норманың қашан және қандай нақтылы өмірлік жағдайларда күшіне енеді және ол кімдерге қатысы бар екендігін көрсетеді. Мысалы, Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Занда адамның жасына байланысты зейнеткерлікке шығу құқығының нақтылы жағдайлары көрсетілген: орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін, 2001 жылғы 1 шілдеден бастап, еркектерге 63 жас, әйелдерге 58 жас, ал бүлардың тиісінше еңбек стажы, 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап, 25 және 20 жыл болулары тиіс. Зейнеткерлікке жеңілдетілген жағдайлар бойынша да шыға алады (айталық, төтенше және барынша радиациялық қатерлі өңірлерде зардап шеккендер; ауылдық жерде тұратын, 5 және одан да көп бала тауып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер, т. б. ) .

2) диспозиция - бұл гипотезадағы көрсетілген құқық нормасының іске асырылу жағдайларының тууына байланысты пайда болатын субъектілердің құқықтары мен міндеттері тағайындалуы арқылы нақтыланатын мінез-құлық ережесінің моделі. Демек, диспозицияда құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттері көрсетіледі (олар не істей алады немесе істеуге тиіс деген сұраққа жауап береді) . Басқаша айтқанда, диспозиция - мінез-құлық ережесінің (құқықтық талап) жазылу мазмұны. Мысалы, Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы Заңының (2000 ж. ) 9-бабында жеке еңбек шартының мазмұны берілген. Қылмыстық құқықта мысалы, ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау, - делінген (175-бап, 1-тармақ) .

3) санкция - осы мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін қолданылатын мемлекеттің ықпал ету шаралары. Яғни, диспозицияның іске асыру күй-жайын қамтиды (ынталы ықпал ету және жазалау шараларын қолдана отырып) . Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілгендей, өнегелі еңбектері үшін қызметкерлерді ордендермен, медальдармен, айрықша белгілермен, сыйақымен марапаттау. Немесе, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабында: «Адамды ұрлау - 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады», - делінген. Әрбір сөз етілген элементтердің құқық нормалардың құрылымында өз еркі және атқаратын рөлі ерекше болады. Гипотезасыз норма өзіндік мазмұнын жояды. Ал санкциясыз норма өз күшінен айықылады. Сондықтан, құқық нормаларының конструкциясын мынадай модельде көрсетуге болады: «Олай болмаса… былайша…».

Санкция диспозицияның бұзылуына байланысты туатын қолайсыз жағымсыз жағдайларды көрсететін нормалардың бөлігі. Құқық нормалары құқықтағы өзінің рөлін атқара алмас еді, егерде олардың құрылымдық элементтерінің біреуі болса да заң актілерінде көрсетілмесе.

Демек, құқық нормалары, олардың барлық элементтері заң баптарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көрсетіледі. Кей кездерде, қандай да болмасын құқық нормаларының элементтері нормативтік құқықтық актінің баптарында толық тұжырымдалмауы мүмкін, тек түсініледі, оны логикалық ойлау арқылы анықтауға болады, өйткені олар сол актінің немесе өзге нормативтік актілердің басқа баптарынан (тармақтарынан) қисынды түрде туындап жатады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің барлық баптары бір принципке негізделініп құрылған. Онда диспозиция гипотезада айқындалған іс-әрекетті жасауға тыйым салуды көздесе (мәселен, қасақана кісі өлтіру), ал санкция - оны жасаған кінәлы адамға жазаның түрін қолдануын анықтайды. Бірақта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 96-бабының 1-бөлігінде: Кісі өлтіру, яғни басқа адамға қүқыққа қарсы қасақана қаза келтіру 6 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, - деп жазылған. Өзіміз көріп отырғанымыздай, мүнда қасақана кісі өлтіруге тыйым салынсын деген жазу жоқ. Соған қарамастан әрбір дені-сау адамға диспозиция айрықша жазылмаса да түсінікті, қасақана адамды өлтіруге болмайтындығы (диспозиция), егерде бола қалған жағдайда қылмыстық жазаға кінәлы адамның тартылатыны (гипотеза) бәрімізге мәлім. Мүндай жағдайларда гипотеза мен диспозиция бірігіп кеткендігі білініп түр, ойткені келтірілген мысалдан қандай да болмасын іс-әрекетке тыйым салу (диспозиция) арқылы оның белгілерін анықтауға (гипотеза) болады.

2. 2 Құқық нормасы мен нормативтік актілердің байланысы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастар құрылымы
Қазақстан Республикасының құқығы құқық ұғымы және оның мәні
Құқықтық қатынастың құрамының бөлшектері
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқықтық қатынастардың түрлері
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Құқықтық қатынастар жайлы
Мемлекеттің құрылым нысаны
Құқықтық қатынастар
Құқықтық қатынастарының ұғымы, олардың белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz