Компьютерлік желіні басқару принциптерін зерттеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Саканов Темирлан Габитулы

Компьютерлік желілерді басқару әдістері мен құралдарын талдау және бағалау ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»

мамандығы

Нұр-Сұлтан 2021

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

«Қорғауға жіберілді» Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасының меңгерушісі т. ғ. к., профессор

Бурамбаева Н. А.

« » 20 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Компьютерлік желілерді басқару әдістері мен құралдарын талдау және бағалау»

5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша»

Орындаған: Саканов Т. Г.

Ғылыми жетекші: Еслямов С. Ғ.

т. ғ. к., РЭТ каф. профессоры

Нұр-Сұлтан 2021

АҢДАТПА

Дипломдық жұмыс аясында компьютерлік желілерді басқару әдістері мен құралдары зерттелді. Халықаралық тәжірибені талдай отырып, компьютерлік желілерді басқару құралдары және оларды Жүйеге енгізу жолдары сипатталды.

Зерттеу барысында әлемдік вендорлан ұсынған заманауи желілік бағдарламалар егжей-тегжейлі талданды. Компьютерлік желілерді басқарудың заманауи құралдарын енгізу бойынша ұсыныстар жасалды.

АННОТАЦИЯ

В рамках дипломной работы были изучены методы и средства управления компьютерными сетями. Анализируя международный опыт, были описаны средства управления компьютерными сетями и пути их внедрения в систему.

В ходе исследования были детально проанализированы современные сетевые программы, предложенные мировыми вендорами. Разработаны рекомендации по внедрению современных средств управления компьютерными сетями.

ABSTRACT

Within the framework of the thesis, methods and tools for managing computer networks were studied. Analyzing the international experience, the management tools of computer networks and the ways of their implementation in the system were described.

In the course of the study, the modern network programs offered by the global vendor were analyzed in detail. Recommendations for the introduction of modern computer network management tools have been developed.

6

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

  1. СМК Дипломдық жұмыс туралы ережелер П ЕНУ 33-18 - 2018.
  2. 05. 07. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасының №567-2 «байланыс туралы» заңы.
  3. ҚР СТ 1953-2010 «Қазақстан Республикасы телекоммуникация ортақ желісі. Терминдер мен түсініктер».
  4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 128-VI ) ҚР заңы
  5. МСТ 7. 1-84. Ақпараттық, кітапханалық және баспалар бойынша стандарттар жүйесі. Құжаттың кітапханалық жазбасы. Қолданылған әдебиеттер тізімін жазудың жалпы талаптары мен ережелері. М. : Стандарттар, 1984.
  6. ҚР СТ 1. 48-2005 «Қазақстан Республикасының техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. Стандарттарға өзгерістер енгізу тәртібі»

АББРЕВИАТУРАЛАР

ABP Activation By Personalization

ADR Adaptive Data Rate

AES Advanced Encryption Standard

AMF Access and Mobility Management Function API Application session key

AppSKey Application session key

AUSF Authentication Server Function

DL DownLink

GPRS General Packet Radio Service

GTP GPRS Tunneling Protocol

IoT Internet of Things

IP Internet Protocol

IPsec IP Security

ISM Industrial, Scientific, Medical LoRaWAN Long Range Wide Area Network LPWAN Low-power Wide Area Network LTE Long-Term Evolution

NB IoT NarrowBand IoT NwkSKey Network Session Key OTAA Over The Air Activation

PGW Packet Data Network Gateway

QoS Quality of Service

RAN Radio Access Network

RFID Radio Frequency Identification

SCEF Service Capability Exposure Function

SF Spreading Factor

SGW Serving Gateway

SMF Session Management Function

TLS Transport Layer Security

UDM Unified Data Management

UE User Equipment

UL UpLink

UPF User Plane Function

ХЭБО Халықаралық электр байланыс одағы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 10

  1. Компьютерлік желілерді басқару әдістерін зерттеу 12Компьютерлік желіні басқару принциптерін зерттеу 12Компьютерлік желілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін зерттеу 16
  2. Желіні басқарудың заманауи құралдарын талдау және шолу 20Ansible көмегімен компьютерлік желілерді басқаруды автоматтандыру 20Мониторинг жүйелерін Zabbix жүйесі негізінде зерттеу 23Splunk көмегімен желілік қауіпсіздік инциденттерін тергеу жүйесін зерттеу 26
  3. Желіні басқарудың заманауи технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу 28Ansible бағдарламасын жүйеге енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу 28Zabbix мониторинг жүйесін енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу 30Splunk көмегімен желілік қауіпсіздік инциденттерін тергеу жүйесін әзірлеу. 36

Дипломдық жұмыстың техникалық-экономикалық негіздемесі… 40

Қорытынды 41

Әдебиеттер тізімі 43

Қосымша . . 45

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Физика-техникалық факультеті

Мамандығы 5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасы

Бекітемін

Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар кафедрасының меңгерушісі т. ғ. к., профессор

Бурамбаева Н. А.

« » 2021 ж.

Диплом жұмысын орындауға арналған ТАПСЫРМА

5В071900 - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының күндізгі бөлімінің РЭТ-45 тобының 4 курс студенті Саканов Т. Г.

  1. Диплом жұмысының тақырыбы «Компьютерлік желілерді басқару әдістері мен құралдарын талдау және бағалау»2020 жылдың «22» желтоқсанында берілген № 67ректордың бұйрығымен бекітілген.
  2. Диплом жұмысының тапсырмасына сәйкес:

Есеп берудің бірінші аралық кезеңі - 13. 01. 2021 Есеп берудің екінші аралық кезеңі - 20. 03. 2021 Есеп берудің үшінші аралық кезеңі - 13. 05. 2021

Алдын-ала қорғауға дипломдық жұмысты әкелу мерзімі - 23. 04. 2021 Норма бақылау тексерісі - 29. 04. 2021

Дипломдық жұмыстың соңғы нұсқасын әкелу мерзімі - 22. 05. 2021 Дипломдық жұмыстың қорғау мерзімі - 31. 05. 2021

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі - 22. 05. 2021 3 Жұмысты орындаудағы бастапқы деректер:

  • Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 5 шілдесінен № 567-II

«Байланыс туралы» заңы;

  • Радиотолқындар, олардың жіктелуі және таралу ортасы;
  • Радиоарналардың параметрлері мен сипаттамалары;
  • Цифрлық радиобайланысты дамыту мен жетілдірудегі әлемдік үрдістерге шолу;
  1. Диплом жұмысын әзірлеудегі сұрақтар тізімі:Жұмыстың мақсаты. Жұмыстың өзектілігіҚойылған тапсырмасы:Компьютерлік желілерді басқарудың заманауи технологияларын және құралдарын зерттеу; Компьютерлік желілерді басқарудың халықаралық тәжірибесін бағалау; Компьютерлік желілерді басқарудың тиімді әдісін құру; Жұмыстың техникалық-экономикалық негіздемесі.
  2. Графикалық материалдың тізімі (сызбалар, кестелер, диаграммалар және тағы басқалары) :SNMP протоколы сұраныстары; Ansible конфигурациясы; Zabbix Web интерфейсі; Splunk құрылымы.
  3. Негізгі ұсынылатын әдебиеттер тізімі:J. Leping, W. : Technology Transformation for Telecommunication Networks and Development and Evolution of Next Generation Networks // Telecommunications Science. 2005. Janevski, T. : NGN Architectures, Protocols and Services // John Wiley and Sons. 2014Koptelov, A. : Telecommunication company business processes improvement: mobile telecommunications, vol. 6, 2006, pp. 40-50. Huber, J. : Mobile next-generation networks // IEEE MultiMedia. Vol. 11. 2004. pp. 72-83. Kuzyakin, M., Lihtzinder, B. : Intelligent telecommunication networks // Eco- Trends. 2002. pp144-149. Knightson, K., Morita, N., Towle, T. : NGN architecture: generic principles, functional architecture, and implementation // IEEE Communications Magazine. Vol. 43. 2005. pp. 49-56.
  4. Жоба бойынша тиісті бөлімдерді көрсетілген кеңестер (оларға қатысты жоба бөлімдерінің көрсетілуімен) :
Нөмір, бөлімнің, бөлімшенің аты
Ғылыми жетекші, кеңесші
Тапсырманы алу уақыты
Тапсырма бердім (қолы)
Тапсырма алдым (қолы)
Нөмір, бөлімнің, бөлімшенің аты: Кіріспе
Ғылыми жетекші, кеңесші: Еслямов С. Ғ.
Тапсырманы алу уақыты: 08. 01. 2021
Тапсырма бердім (қолы):
Тапсырма алдым (қолы):
Нөмір, бөлімнің, бөлімшенің аты: Негізгі бөлім
Ғылыми жетекші, кеңесші: Еслямов С. Ғ.
Тапсырманы алу уақыты: 08. 01. 2021
Тапсырма бердім (қолы):
Тапсырма алдым (қолы):
Нөмір, бөлімнің, бөлімшенің аты: Практикалық бөлім
Ғылыми жетекші, кеңесші: Еслямов С. Ғ.
Тапсырманы алу уақыты: 20. 03. 2021
Тапсырма бердім (қолы):
Тапсырма алдым (қолы):

Дипломдық жұмыстың техникалық - экономикалық

негіздеме бөлімі

Еслямов С. Ғ.
22. 04. 2021
Дипломдық жұмыстың техникалық - экономикалықнегіздеме бөлімі:

Еңбекті қорғау

бөлімі

Еслямов С. Ғ.: Еслямов С. Ғ.
22. 04. 2021: 24. 04. 2021
:
:
Дипломдық жұмыстың техникалық - экономикалықнегіздеме бөлімі: Қорытынды
Еслямов С. Ғ.: Еслямов С. Ғ.
22. 04. 2021: 27. 04. 2021
:
:
Дипломдық жұмыстың техникалық - экономикалықнегіздеме бөлімі:

Қолданылған

әдебиеттер тізімі

Еслямов С. Ғ.: Еслямов С. Ғ.
22. 04. 2021: 27. 04. 2021
:
:
Дипломдық жұмыстың техникалық - экономикалықнегіздеме бөлімі: Норма бақылау
Еслямов С. Ғ.: Корғанбаева Л. Н.
22. 04. 2021: 29. 04. 2021
:
:
  1. Дипломдық жұмысты орындау графигі
Жұмыс кезеңдері

Жұмыс кезеңдерін

орындау мерзімі

Ескерту
№: 1
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыстың тақырыбын бекіту
Жұмыс кезеңдерінорындау мерзімі: 22. 12. 2020
Ескерту:
№: 2
Жұмыс кезеңдері:

Дипломдық жұмысты дайындау үшін

мәліметтер жинау

Жұмыс кезеңдерінорындау мерзімі:

23. 12. 2020 -

23. 01. 2021

Ескерту:
№: 3
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыстың теориялық бөлігін дайындау (1 Бөлім)
Жұмыс кезеңдерінорындау мерзімі: 08. 01. 2021
Ескерту:
№: 4
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмыстың аналитикалық бөлігін дайындау (2-3 Бөлім)
Жұмыс кезеңдерінорындау мерзімі: 13. 03. 2021
Ескерту:
№: 5
Жұмыс кезеңдері:

Дипломдық жұмыстың толық мәтінінің

қолжазбалық нұсқасын аяқтау

Жұмыс кезеңдерінорындау мерзімі: 20. 04. 2021
Ескерту:
№: 6
Жұмыс кезеңдері: Алдын-ала қорғауға жұмысты әкелу
Жұмыс кезеңдерінорындау мерзімі: 23. 04. 2021
Ескерту:
№: 7
Жұмыс кезеңдері: Рецензияға дипломдық жұмысты жіберу
Жұмыс кезеңдерінорындау мерзімі: 04. 05. 2021
Ескерту:
№: 8
Жұмыс кезеңдері: Ғылыми жетекшінің пікірі мен рецензиясы бар жұмыстың соңғы нұсқасын әкелу
Жұмыс кезеңдерінорындау мерзімі: 22. 05. 2021
Ескерту:
№: 9
Жұмыс кезеңдері: Дипломдық жұмысты қорғау
Жұмыс кезеңдерінорындау мерзімі: 31. 05. 2021
Ескерту:

Тапсырманың берілген уақыты «29» қараша 2019 жыл

Ғылыми жетекшісі: Еслямов С. Ғ.

т. ғ. к., РЭТ каф. профессоры (қолы)

Тапсырманы орындаған РЭТ-45 тобының студенті

Саканов Т. Г (қолы)

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда компьютерлік желілер технологиялары қарқынды түрде дамуда.

Цифрлық технологияларды енгізу бойынша алғашқы қадамдардың бірі көптеген ұқсас объектілерден деректерді агрегациялау және визуализациялау мүмкіндігімен нақты уақыт режимінде бақыланып отырған объектіден деректерді жинау болып табылады. Алынған деректерді талдауға сүйене отырып, адам немесе автоматтандырылған жүйе бақылаудағы объектінің жұмысына араласуына немесе араласпауына байланысты қандай да бір шешім қабылдайды [1, 14 бет] .

Мұндай жүйелерді құру үшін замануи технологиялар, байланыс жүйелері және ақпаратты жинау және талдау жүйесі, сондай-ақ жобалау бойынша конструкторлық жұмыс, өрістету және пайдалану бойынша монтаждау жұмыстары қажет [1, 25 бет] .

Сондықтан цифрлық экономиканы құруда компьютерлік желілердің заманауи технологияларын еңгізу маңызды рөл атқарады.

Дипломдық жұмысты әзірлеудің мақсаты халықаралық тәжірибелерді қолдана отырып, компьютерлік желілерді басқарудың заманауи әдістері мен құралдарын талдау және бағалау болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатын негізге ала отырып, жүргізілген зерттеулер кешенін нақтылауға мүмкіндік беретін қосалқы міндеттер құрылды:

  • Компьютерлік желілерді басқарудың заманауи технологияларын және құралдарын зерттеу;
  • Компьютерлік желілерді басқарудың халықаралық тәжірибесін бағалау;
  • Компьютерлік желілерді басқарудың тиімді әдісін құру;
  • Жұмыстың техникалық-экономикалық негіздемесі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны. Компьютерлік желілерді басқарудың заманауи технологиялары болып саналатын Ansible, Zabbix және Splunk жүйелері.

Дипломдық жұмыстың практикалық маңыздылығы. Компьютерлік желілерді басқарудың заманауи технологиялары болып саналатын Ansible, Zabbix және Splunk жүйелерін еңгізуді болжайды.

Дипломдық жұмыстың теориялық негізі. Дипломдық жұмыстың теориялық негізін ғалымдардың, ресейлік және шетелдік профессорлардың зерттеулері құрайды, мұнда сымсыз байланыс технологиясының негізгі ерекшеліктері зерттелген, сипаттамаларға талдау жүргізу, сымсыз желілердің артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттелген: Галкин В. [7], Кульгин М. [8], шетелдік авторлардың арасында, W. Leping, [1], M. Kuzyakin, B. Lihtzinder [5], K. Knightson, N. Morita, T. Towle [6] және т. б.

Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негіздерін радиотехникалық жүйелер мен бұйымдарды жобалаудың қазақстандық және шетелдік әзірлеушілер ретінде ғылыми концепциялар, әдістері мен процедуралары құрайды.

Дипломдық зерттеулерді жүргізу кезінде отандық В. Н. Васильев пен шетелдік ғалымдар Г. Алексеев, И. И. Бриденко, Е. И. Верболоз М. И. Дмитриченко, Dashamir h., С. Л. Макаров және т. б. ғылыми зерттеулердің нәтижелері пайдаланылды.

Бұл авторлардың жұмыстарында сымсыз технологиялар жүйесі кеңінен қолданылады және IoT технологияларын енгізу кезінде оларды қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтіледі.

Дипломдық жұмыс орындалуының практикалық базасы «Қазақ инфокоммуникация академиясы» АҚ, CISCO желілік академиясы және «Астел» АҚ болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, 4 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, аббревиатурадан тұрады. Жалпы, дипломдық жұмыс мәтіннің 45 беттерін құрайды, кіріспе - 3 бет, негізгі бөлім - 28, қорытынды - 1, қолданылған әдебиеттер тізімі - 2, қосымша - 1 бет, 1 кесте, 43 сурет.

Кіріспе - дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін, практикалық маңыздылығын негіздеу, компьютерлік желіні басқару принциптерін зерттеу. Дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері және объектісі анықталды, дипломдық жұмыстың құрастырылатын конструкторлық есептерге зерттеу жүргізудің теориялық және әдістемелік негізі, тәжірибелік базасы сипатталған.

Бірінші тарау - Компьютерлік желілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін зерттеу нәтижелері туралы ақпарат келтірілген.

Екінші тарау - желіні басқарудың заманауи құралдарын талдау және шолу жұмыстарына арналған.

Үшінші тарау - желіні басқарудың заманауи технологияларын енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу туралы ақпарат ұсынылған.

Төртінше тарау - жұмыстың техникалық-экономикалық негіздемесінің нәтижелері және жұмысты әзірлеу үшін қажетті шығындар туралы ақпарат ұсынылған.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша пайдаланылған ғылыми мақалалар, оқулықтар, электрондық ресурстар тізімін көрсетеді.

Қосымша А - Zabbix архитектурасы.

  1. КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЗЕРТТЕУКомпьютерлік желіні басқару принциптерін зерттеу

Қазіргі заманғы компьютерлік желілер әрқашан таратылған жүйелер болып табылады. Пайдаланушылардың жұмыс станциялары, қосымшалар серверлері, дерекқор серверлері және басқа желілік тораптар үлкен аумақта бөлінген, бұл ретте әртүрлі коммуникациялар, технологиялар, желілік құрылғылар, бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылады. Бұл жағдайда басқарудың негізгі міндеті өнімділіктің қажетті деңгейімен бүкіл жүйенің сенімділігін, үздіксіздігін және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету болады [3, 51 бет] .

Желіні басқару-бұл компьютерлік желілерді құру, конфигурациялау және қалыпты және тұрақты жұмыс қабілеттілігін қолдау, сонымен қатар белгілі бір жұмыс тобына қосылған барлық пайдаланушыларға техникалық қолдау көрсету [3, 74 бет] .

Әкімшілік бағдарламалық және аппараттық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады.

Желіні басқару жүйесі - желі тораптарын мониторингтеу және басқару үшін қолданылатын аппараттық және бағдарламалық құралдар. Желіні басқару жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы желілік құрылғыларда локализацияланған және желіні басқару платформасына ақпарат беретін агенттерден тұрады [4, 23 бет] .

Желіні басқарудың жалпы қабылданған стандарттары бар, оған сәйкес ол келесі функцияларды орындауға жауап береді [4, 55 бет] :

  • Жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету: желінің тұрақты жұмысына кедергі келтіретін кез-келген мәселелерді іздеу және жою.
  • Конфигурацияны басқару: операциялық жүйелер параметрлерін реттеу және жүйелік компоненттерді техникалық жаңарту.
  • Желінің жұмыс істеуін талдау: желілік ресурстарды пайдалануды үздіксіз бақылау.
  • Өнімділікті басқару: желілік ресурстарды пайдалануды ұтымды ету, сондай-ақ ілеспе шығындарды азайту мақсатында белгілі бір уақыт аралығында желінің жұмыс істеуі туралы Статистика жинау.
  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: желіге қол жеткізуді ұйымдастыру және барлық деректердің сенімді сақталуын қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта желілерді басқару үшін Hewlett-Packard фирмасының HP OpenView жүйесі, AIX for NETVIEW, SunNet Manager, Spectrum, NetWare Management Systems және басқа да кросс-платформалық басқару құралдары

сияқты желілік басқару платформалары негізінде жұмыс істейтін қосымшалар пайдаланылады [5, 69 бет] .

Бұл құралдардың негізінде SNMP (Simple Network Management Protocol) протоколын пайдалану жатыр.

SNMP протоколы әкімшілерге компьютерлік желісіндегі серверлер, жұмыс станциялары, маршрутизаторлар, қосқыштар және ақпараттық қауіпсіздік құрылғылары сияқты түйіндерді басқара алатындай етіп жасалған. Оның көмегімен желі әкімшілері желінің жұмысына мониторинг жүргізе алады, проблемаларды тауып, шеше алады, сонымен қатар желінің өсуін жоспарлай алады [5, 74 бет] .

SNMP-бұл диспетчерлер мен агенттер арасында мәліметтер алмасу үшін хабарлама форматын беретін қолданбалы қабат протоколы. SNMP жүйесі келесі үш элементтен тұрады [5, 85 бет] .

  • SNMP менеджері;
  • SNMP агенттері (басқарылатын түйін) ;
  • басқарудың ақпараттық базасы (MIB)

Желілік құрылғыда SNMP орнату үшін алдымен диспетчер мен агент арасындағы қатынасты көрсету керек.

SNMP диспетчері желіні басқару жүйесінің, яғни network management system бөлігі болып табылады. SNMP менеджері SNMP басқару үшін бағдарламалық жасақтаманы іске қосады. Суретте көрсетілгендей, SNMP менеджері get сұранысы арқылы SNMP агентінен деректерді жинай алады және set сұранысы арқылы агенттегі параметрлерді өзгерте алады. Сонымен қатар, SNMP агенттері тұзақтарды (trap пакеттерін) қолдана отырып, ақпаратты тікелей желі менеджеріне жібере алады [6, 75 бет] .

Сурет 1 - SNMP протоколы сұраныстары [6, 56 бет]

SNMP агенті және MIB дерекқоры SNMP клиенттік құрылғыларында орналасқан. Коммутаторлар, маршрутизаторлар, серверлер, брандмауэрлер және жұмыс станциялары сияқты басқарылатын желілік құрылғылар SMNP агентінің бағдарламалық модулімен жабдықталған. MIB деректер базасында құрылғылар және олардың жұмысы туралы мәліметтер сақталады. Олар аутентификациядан өткен қашықтағы пайдаланушылар үшін қол жетімді болуы керек. SNMP агенті жергілікті MIB дерекқорына қол жеткізуге жауап береді [6, 112 бет] .

SNMP желіні басқару қосымшалары мен басқару агенттері арасында басқару туралы ақпарат алмасу әдісін анықтайды. SNMP менеджері агенттерден сұхбат алып, UDP 161 порты арқылы MIB-ден SNMP агенттері туралы ақпаратты сұрайды. SNMP агенттері барлық SNMP тұзақтарын UDP 162 портына SNMP менеджеріне жібереді [6, 120 бет] .

Басқарылатын құрылғыларда орналастырылған SNMP агенттері құрылғы және оның жұмысы туралы ақпаратты жинайды және сақтайды. Агент бұл ақпаратты MIB базасында жергілікті түрде сақтайды. Содан кейін SNMP менеджері MIB базасында сақталған мәліметтерге қол жеткізу үшін SNMP агентін пайдаланады.

SNMP менеджерінің екі негізгі сұранысы бар - get және set. Get сұрауын NMS желісін басқару жүйесі құрылғыға деректер сұрауын жіберу үшін пайдаланады. Set сұрауын NMS желісін басқару жүйесі агент құрылғысындағы параметр айнымалыларын өзгерту үшін қолданады. Set сұрауы құрылғымен белгілі бір әрекеттерді бастай алады. Мысалы, set сұрауы маршрутизаторды

қайта жүктеуге, конфигурация файлын жіберуге немесе конфигурация файлын алуға әкелуі мүмкін. SNMP менеджері кестеде сипатталған әрекеттерді орындау үшін get және set сұрауларын пайдаланады [6, 132 бет] .

Кесте 1 - SNMP протоколы сұраныстары және анықтамалары

Операция
Анықтамасы
Операция: get-request
Анықтамасы: Белгілі бір айнымалыдан мән алады.
Операция: get-next-request
Анықтамасы: Кестедегі айнымалыдан мән алады; SNMP менеджері айнымалының нақты атауын білуі міндетті емес. Кестеде қажетті айнымалыны табу үшін дәйекті іздеу жасалады.
Операция: get-bulk-request
Анықтамасы: Кестеде бірнеше жолдар сияқты үлкен деректер блоктарын алады, бұл әдетте көптеген шағын деректер блоктарын беруді қажет етеді. (Тек SNMPv2 немесе одан кейінгі нұсқаларында жұмыс істейді. )
Операция: get-response
Анықтамасы: NMS жүйесі жіберген get-request, get-next-request және set-request сұрауларына жауап береді
Операция: set-request
Анықтамасы: Мәнді белгілі бір айнымалыда сақтайды

SNMP агенті SNMP менеджерінің сұрауларына келесідей жауап береді [7, 56 бет] .

  • MIB айнымалысын алу. SNMP агенті бұл функцияны желі менеджерінің GETREQUEST-PDU сұранысына жауап ретінде орындайды. Агент сұралған MIB айнымалысының мәнін алады және бұл мәнді желі менеджеріне жібереді.
  • MIB айнымалысын өзгерту. SNMP агенті бұл функцияны желі менеджерінің SetRequest-PDU сұранысына жауап ретінде орындайды. SNMP агенті MIB айнымалы мәнін желі менеджері көрсеткен мәнге өзгертеді. SNMP агентінің set сұрауына жауабы құрылғыдағы жаңа параметрлерді қамтиды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желі сипатын бағалау
Жергілікті желілер
Компьютерлік желі - коммуникация құралы ретінде
ЭЕМ - нің буындары
Электронды есептеуіш машиналардың даму буындары
Машиналық оқыту әдісімен әлеуметтік желілердің деректер анализаторын әзірлеу
Корпоративті ақпараттық жүйелер үшін желілік технологиялардың сенімділігін арттыру әдісі
Әлеуметтік желілерді талдау
IP адресі туралы түсінік
PPP байланысын басқару хаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz