Маркетинг қызметінің саласы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Аманжолұлы Әділет

БИЗНЕС ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В090900 - «ЛОГИСТИКА»

Алматы 2022

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«БИЗНЕС ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ »

тақырыбында

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В090900 - «ЛОГИСТИКА»

Орындаған Аманжолұлы Ә. А

(қолы)

Ғылыми жетекші Аскаров. Ғ. А

(қолы)

Бизнес-технологиялар

кафедрасының меңгерушісі, э. ғ. к., доцент Ахметова З. Б.

(қолы және мөрі)

Норма бақылаушы

(қолы)

Алматы 2022

ТҮЙІНДЕМЕ

РЕФЕРАТ

SUMMARY

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 БИЗНЕС ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Бизнес құрылымдардағы логистика мен маркетинг түсінігі
  2. Бизнес құрылымдардағы сату саясатын басқарудағы логистикалық-маркетингтік әдіс - тәсілдер
  3. Логистика мен маркетингтік байланыстың шет елдік тәжірибесі
  1. «SHANYRAQ AZIA LOGISTICS» ЖШС - нің ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГТІК БАСҚАРУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ«Shanyraq Azia Logistics» ЖШС - нің негізгі экономикалық көрсеткіштері«Shanyraq Azia Logistics» ЖШС - нің маркетингтік қызметін талдау«Shanyraq Azia Logistics» ЖШС - дегі тауарларды жылжытудың маркетингтік - логистикалық саясатын бағалау
  2. БИЗНЕС ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ СТРАТЕГИЯСЫН ҚҰРУ«Shanyraq Azia Logistics» ЖШС - нің логистика мен маркетингтік стратегиясын әзірлеу«Shanyraq Azia Logistics» ЖШС логистика мен маркетингтік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Өнімді бөлу сатысындағы маркетинг пен логистика бірін-бірі толықтырып қана қоймайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты және өзара тәуелді . Осылайша, логистика мен маркетингтің мәні оңтайлы шығындармен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде тығыз байланысты . Бизнес құрылымдарда маркетингтің функциялары алғашқы және негізгі болып табылады . Олар « Не қажет » деген сұраққа жауап береді. Ал логистиканың рөлі қосалқы болып табыла отырып, мынадай сұраққа жауап береді : « Бұны қалай жүзеге асыру қажет ? » .

Бизнес құрылымдарда өнімді сату жөніндегі қызметті ұйымдастыру үшін сату қызметі құрылады немесе делдалдық ұйымдар арқылы сату ұйымдастырылады . Өнімді логистикалық сатуды ұйымдастыру барлық маркетингтік әрекеттердің негізі болып табылатын зерттеулерге негізделген . Сату саласындағы мұндай зерттеулерге - бұл өнімге деген қажеттілік пен сұранысты зерттеу, нарықтың сыйымдылығын зерттеу, осы ассортименттің өнімдерін сатудың жалпы көлеміндегі кәсіпорынның үлесін анықтау, нарықтық жағдайды талдау, сыртқы нарыққа шығу мүмкіндіктерін зерттеу, сату динамикасын зерттеу, сату арналарын талдау, тұтынушылардың пікірлері мен тұтынушылық қалауларын зерттеу жатады .

Дамыған нарықтық қатынастар үшін басқарудың екі концепциясының өзара әрекетін құрайтын маркетинг пен логистиканың интеграциялық процестері өзекті болады . Маркетингтің өзара әрекеттесуі - нарыққа бағытталған басқару концепциясы ретінде, ал логистика - ағынға бағытталған басқару тұжырымдамасы ретінде сатып алушы немесе клиент бағалайтын өнімнің материалдық және ақпараттық пайдалылығы мен құндылығын арттыруға мүмкіндіктер жасайды .

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты - «Shanyraq Azia Logistics» ЖШС - нің маркетингтік қызметін талдай отырып, тауарларды жылжыту саясатындағы маркетинг пен логистика байланысын анықтау болып табылады .

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет :

  • бизнес құрылымдардағы логистика мен маркетингтің теориялық негіздерін қарастыру ;
  • отандық логистикалық қызметтер нарығының жағдайына талдау жүргізу ;
  • «Shanyraq Azia Logistics» ЖШС - нің негізгі экономикалық көрсеткіштері мен маркетингтік қызметін талдау ;
  • «Shanyraq Azia Logistics» ЖШС - дегі тауарларды жылжытудың маркетингтік - логистикалық саясатын қарастыру ;
  • «Shanyraq Azia Logistics» ЖШС - нің логистика мен маркетингтік стратегиясын әзірлеу ;

Зерттеу объектісі - «Shanyraq Azia Logistics» ЖШС

Зерттеу пәні - «Shanyraq Azia Logistics» ЖШС - нің маркетинг пен логистикалық байланысы .

Дипломдық жұмысты жазу кезінде Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ танымал экономистер мен менеджерлердің монографиялары, ресми экономикалық журналдардағы мақалалар, логистикалық қызметті басқару мәселелері туралы әдістемелік әзірлемелер, сондай-ақ «Shanyraq Azia Logistics» ЖШС-нің ағымдағы материалдары мен есептері қолданылды.

Дипломдық жұмыс : кіріспеден, үш тараудан тұрады : теориялық, аналитикалық және практикалық, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрайды.

Зерттеу барысында әр түрлі пайдалы әдебиеттер пайдаланылды : кітаптар, мақалалар, статистикалық мәліметтер, кестелер, графиктер, мамандандырылған интернет - көздер .

1 БИЗНЕС ҚҰРЫЛЫМДАРДАҒЫ ЛОГИСТИКА МЕН МАРКЕТИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Бизнес құрылымдардағы логистика мен маркетинг түсінігі

Бизнес бір жақты анықтауға болмайтын барынша ауқымды және сан қырлы ұғым . Бизнес дегеніміз не ? Экономикалық әдебиетте бизнес терминінің бірнеше түсініктері бар . Бизнес - бұл жеке тұлғалардың, кәсіпорындардың немесе ұйымдардың табиғи игіліктерді алу, тауарларды өндіру және сатып алу және сату немесе басқа тауарларға, қызметтерге немесе мүдделі тұлғалардың немесе ұйымдардың өзара пайдасына ақшаға айырбастау бойынша жүзеге асыратын қызметі . Бизнес үрдіс ретінде белгілі бір функцияларды топшылайды : қаржылық есеп жүргізу, кадрлық және материалдық - техникалық қамтамасыз ету, өндірістік, маркетинг, логистикалық, ғылыми - зерттеу және жобалау жұмыстары .

Бизнес ұғымы өте ауқымды : бизнес тек қызмет процесі ретінде ғана емес, сонымен қатар сатуға, кепілге салуға, сақтандыруға болатын меншік обьектісі ретінде қарастырылады . Бұл жағдайда бизнес мәміле нысанына, тауарға айналады .

Бизнес ағылшын тілінен аударғанда ( business) пайдалы қызметті, өнімдерді өндіру немесе белгілі бір қызмет түрлерін көрсету арқылы ақша ресурстарын құруды ұсынады . Бизнес - бұл тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру және пайда табу мақсатында іскер адамдардың іскерлік қарым -қатынасының жиынтығы . Іскерлік қарым қатынас яғни, бизнесті жеке тұлғалар, кәсіпорындар, немесе ұйымдар табиғи игіліктерді алу, тауарларды өндіру немесе сатып алу және сату немесе басқа тауарларға, қызметтерге немесе ақшаға айырбастау арқылы жүзеге асыра алады . Басқа сөзбен айтқанда, бизнес табыс әкелетін кез-келген іс - әрекет.

Бизнестің мақсаты негізінен кәсіпорындардың ұзақ уақыт бойы өз қызметінде ұмтылатын нәтижесі . Бизнестің мақсаты даму сатысына байланысты түрлі болып келеді :

  • пайда алу ;
  • бизнесті дамыту үшін қажетті қор жинақтау ;
  • қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтерді ұсыну ;
  • нарықта, салада алдыңғы қатарлы позицияларға қол жеткізу ;
  • тұтынушылардың сұранысын оңтайлы қанағаттандыру ;
  • өз қызметкерлеріне өзін тануға мүмкіндік беру .

Бизнестің негізгі мақсаты пайданы барынша көбейту, яғни экономикалық әсер алу болып табылады .

Бизнес мақсаттары негізінде міндеттер қою жүзеге асырылады. Олар тығыз байланыста болады . Егер мақсат қызметтің белгілі бір нақтыланған бағытын анықтаса, онда міндет - бұл осы мақсаттың сандық, сапалық анықтамасы.

Бизнес құрылымында логистика мен маркетингтің атқаратын аса зор маңызы бар . Соның бірі логистика ғылымына келетін болсақ, отандық және шетел экономикалық әдебиеттерінде логистика түсінігінің көптеген анықтамаларын кездестіруге болады, онда басқару обьектісі материалдық ағымдармен шектелмейді . Сондай-ақ «банктік логистика», «маркетингтік логистика» сияқты бірқатар басқа терминдер пайда болды .

Материалды ағымдарды басқару бойынша дәлелді шешімдер қабылдау үшін белгілі бір білім қажет . Осы білімді жасайтын қызметті логистикаға жатқызады, сәйкесінше көптеген анықтамалар логистиканы ғылым немесе ғылыми бағыт ретінде пайымдайды : логистика - материалдық ағымдардың тиімділігін жоғарылатудың жаңа мүмкіндіктерін іздеумен тікелей байланысты .

Ғылым ретінде логистика мынадай міндеттер атқарады :

- сұранысты болжамдау және соның негізінде қорларды жоспарлау ;

- өндіріс пен көліктің қажетті қуаттылығын анықтау ;

- материалды ағымдарды оңтайлы басқару негізінде дайын өнімді бөлудің ғылыми принциптерін жасау ;

- өндіріс пунктінде және тұтынушылардағы тиеу үрдістерін және тасымалдау - қоймалау операцияларын басқарудың ғылыми негіздерін жасау ;

- логистикалық жүйелердің қызмет етулерінің түрлі математикалық модельерінің варианттарын құру ;

- дайын өнімдерді бірлесіп жоспарлаудың, жабдықтаудың өндірістің, қоймалаудың, өткізудің және тасымалдаудың әдістерін жасау және т. б .

Ғылыммен алынған білім материалды ағымдарды басқару саласында дәлелденген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді . Қабылданған шешімдерді тәжірибе жүзінде жүзеге асыру үшін нақты әрекеттер қажет . Сондықтан да анықтамалардың басқа тобы логистиканы шаруашылық қызмет ретінде қарастырады : логистика - өндіріс және айналыс сфераларындағы материалды ағымдарды басқару болып табылатын шаруашылық қызметтің бағыты .

Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімнің қозғалысын басқару
Тауар қозғалысын басқару

№ n

Өндіріс

№1

Өндіріс

ТҰТЫНУШЫ

ШИКІЗАТ

Сурет 1 .

Ескерту [ ] әдебиет негізінде автормен құрастырылған .

Бұл схемадағы материалдар қозғалысының бүкіл жолын үлкен екі учаскіге бөлуге болады :

  • Бірінші учаскідегі өндірістік - техникалық бағыттағы өнімдер қозғалады ;
  • Екіншісінде - халық тұтынатын бұйымдар ;

Тізбек бойынша қозғалуына байланысты сапалық құрамы өзгеріп отырады . Ең алдымен, шикізат көзі мен алғашқы өңдеуші кәсіпорын арасында, сондай - ақ түрлі өндірістер арасында жаппай біртекті жүктер қозғалады . Тізбектің соңында материалды ағымдар тұтынуға дайын әр түрлі тауарлар ретінде көрінеді . Кейбір өндіріс орындары ішінде, материалды ағымдар бар . Мұнда цехтар арасында немесе цехтардың ішінде түрлі бөлшектер, жартылай фабрикаттар, дайындамалар орын ауысып отырады . Логистикалық процесс кезінде материалдық ағым кәсіпорынға дейін жеткізіліп, қойма және өндірістік учаскілер тізбегі арқылы оның тиімді жылжуы ұйымдастырылады, содан соң дайын өнім тұтынушыға оның тапсырысына сәйкес жеткізіледі . Түрлі сапалы материалды ағымдарды басқару бойынша аталған қызмет түрлері логистиканың мазмұнын құрайды, оны логистикалық терминологиялық сөздік былайша анықтайды : логистика - шикізат пен материалдарды талаптарына сәйкес дайын өнімдерді тұтынушыға дейін жеткізу үрдісінде жүргізілетін материалды және материалдық емес операцияларды, тасымалдауды, қоймалауды басқару, жоспарлау және бақылау туралы ғылым .

Бұл анықтама, оның мазмұнына сәйкес, логистиканы ғылым ретінде пайымдайды . Шаруашылық қызмет ретінде логистика келесі анықтамада ұсынылған : логистика - дайын өнімді жеткізгені үшін ақша алу мезетіне дейінгі шаруашылық айналымдағы шикізаттың, бөлшектердің және дайын өнімдердің қозғалысын және сақталуын басқару үрдісі .

Материалды ағымдарды басқарудың негізгі обьектісі ретінде бөліп қарастыру экономикалық үрдістерді жеңілдетеді . Бірақ мұндай жеңілдік жүктердің қозғалысын, шикізаттың бірінші көзінен бастап барлық аралық үрдістер арқылы соңғы тұтынушыға жеткенге дейін іштей бақылаудың мақсаттарын қоюға және оны шешуге мүмкіндік береді . Бірқатар факторларды абстракциялау және зерттеу мен басқарудың негізгі обьектісі ретінде материалды ағымдарды бөліп қарастыру үлгілеу есептерінің шамаларын қысқарта отырып, ішкі логистикалық тізбектерді жобалауға, олардың жүру тәртібін зерттеуге және болжауға мүмкіндік береді, сондай-ақ экономикалық үрдістерді ресми зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашады .

Сонымен қатар Америка, Франция, Германия, Ресейдің ғалымдары мен тәжірибешілері қалыптастырған логистиканың бірқатар анықтамаларына көз сала қарайтын болсақ :

Логистика - бұл шикізатты сатып алу орнынан соңғы тұтыну орнына дейін материалды және сонымен байланысты ақпараттық ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін, тасымалдау және қоймалау бойынша барлық қызметтерді жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау ;

Логистика - өнімге қажеттілік туған жерде, алдын ала бекітілген орында, бекітілген уақытта қажетті өнім көлемін алуға бағытталған түрлі қызмет түрлерінің жиынтығы туралы ғылым ;

Логистика - шығындар тұрғысынан тиімді және үнемді материалдарды, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімдерді сақтау және тасымалдау операцияларын, сондай - ақ солармен байланысты клиенттердің талаптарына сәйкес өндіріс орнынан тұтыну орнына тауарларды жеткізу жөніндегі ақпараттарды жоспарлау, жүзеге асыру және бақылау туралы ғылым .

Енді бизнес құрылымындағы маркетинг түсінігіне келетін болсақ, маркетингтің бизнес саласындағы атқаратын рөлі зор .

Маркетинг деген түсініктің ар жағында не жатыр ? Көпшілік маркетингті тауар өткізумен және ынталандырумен теңестіреді . АҚШ əдебиетінде « маркетинг » термині XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында пайда болды . Маркетингтің жарнама, тауарды өткізу, сауданы ұйымдастыру сияқты элементтері бұдан біраз уақыт бұрын белгілі болғанымен, экономика пəнінің құрамына енбеді . Қазіргі заманғы маркетингтің пайда болуы мен дамуының алғышарттары мыналар болып табылады : əлемнің дамыған елдеріндегі нарықтық қатынастардың дамуы жəне заңдардың жетілдірілуі, халықаралық еңбек бөлінісіне ықпал еткен ғылыми - техникалық, технологиялық өрлеу, бəсекелестік күрестің өсуі . Осының барлығы маркетингтің ғылым, өнер, экономикалық пəн ретінде теориялық жəне практикалық негіздерінің қалыптасуына себеп болды . Маркетинг ғылымының негізін американдық профессор Филип Котлер қалады . Ол маркетинг пəнінің құрылымын жасап, басты түсініктерін анықтады, негізгі тұжырымдамасын қалыптастырып, оларды жүзеге асыру жолдарын көрсетті . Маркетинг тұжырымдамасының негізгі идеясы - тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру .

Котлердің пайымдауынша, маркетинг дегеніміз - айырбас жолымен мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің бір түрі ( сурет 2 ) .

Маркетингтің басты назар аударатын нысандары : адам қажеттіліктерін түсіну жəне басқару, сұраныс, тауарлар, айырбас, келісім, нарық, тапсырыс . 3 - суретте маркетинг нысандарының қарапайым байланысы көрсетілген . Маркетинг адам қызметінің бір түрі ретінде өндірісті, ұсынысты, тауарлар айырбасын осы тауарлар қоғамның əрбір мүшесіне жəне оның жекелеген топтарына қажет болатындай дəрежеде басқарудегенді білдіреді . Маркетингте зейіннің, зерттеудің, егер мүмкін болса, басқарудың негізгі нысаны адамдардың қажеттіліктері, мұқтаждықтары, сұраныстары, тауар, айырбас, келісім, нарық болып табылады. 3 - суретте маркетинг нысандарының қарапайым өзара байланыстары ұсынылған . Оларды жан - жақты қарастырып көрелік .

Сурет 2 . Маркетинг қызметінің саласы

Ескерту [ ] әдебиет негізінде автормен құрастырылған .

Сурет 3 . Маркетинг жүйесіндегі негізгі түсініктер байланысының схемасы

Ескерту [ ] әдебиет негізінде автормен құрастырылған .

Жалпы алғанда бизнес құрылымында маркетинг пен логистика бір -бірімен тығыз байланысты . Маркетинг тауарлардың тиімді сатылуын қамтамасыз ету үшін өндірісті рынок талаптарына сай икемдеуге мүмкіндік беретін басқару жүйесін білдіреді . Маркетинг логистикаға қарағанда тарихи ертерек пайда болды, себебі сол кездегі тауарларды өткізу қиындықтарына байланысты практика жүзінде қажет етілген . XX ғасырдың ортасында өндірісті рынокқа қажетті тауарларды шығаруға бейімдеу және сұранысты зерттеуде, сұранысқа әсер етуде маркетингтік әдістерді қолдану бәсекеге қабілеттілікті жоғарылататын шешуші фактор болды . Материалды ағымдарды іштей басқаруды қамтамасыз ететін жүйелерді құру мәселесі ол кезде актуальді болмады, себебі, біріншіден экономикада мұндай жүйелерді құрудың техникалық мүмкіндіктері жоқ еді, екіншіден сол кездегі жаңа маркетингтік мысалдарды пайдалану есебінен күрт алға шығып кетуге болар еді . Бүгінгі жағдайларда тек қана маркетингті пайдалану негізінде алға шығу мүмкін емес . Маркетинг бойынша анықталған сұраныс уақтылы, тез және дәл жеткізілуі арқылы қанағаттандырылуы тиіс . Пайда болған сұранысқа бұл «тез жауап» тек бір қалыпқа түскен логистика жүйесінде ғана мүмкін болады .

Тарихи тұрғыдан алғанда, логистика экономикалық аренаға едәуір кеш шыққан, ол тұтынушыны, көлікті және жабдықтаушыны мобильді, техникалық -технологиялық және экономикалық үйлескен жүйеге байланыстыру арқылы маркетингті толықтырып дамытады .

Маркетинг пайда болған сұрнысты бақылайды және анықтайды, яғни төмендегідей сұрақтарға жауап береді . Қандай тауар, қандай сапада, қандай көлемде, қашан және қайда қажет ? Логистика қажет болған тауар массасының тұтынушыға физикалық жылжуын қамтамасыз етеді . Логистикалық интеграция талап етілген тауарды қажетті жерге, қажетті уақытта минимальді шығындармен жеткізілуіне мүмкіндік береді . Маркетинг тауар қозғалысын ұйымдастыруға жүйелі тәсіл міндеттерін қояды : тауар қозғалысын тиімді ұйымдастыру кезінде, бұл үрдістің әр сатысы жақсы құрылған жалпы жүйенің бөлінбес бөлігі ретінде жоспарлануы тиіс . Дегенмен, тауар қозғалысы үрдісінің барлық қатысушыларының техникалық - технологиялық интеграциясының әдістері маркетингтің емес, логистиканың негізгі зерттеу пәні болып табылады .

Маркетинг рынокты зерттеуге, жарнамаға, сатып алушыға, психологиялық әсер етуге және т. б бағытталған . Ал, логистика, ең алдымен, тауар өтуші тізбектер бойынша материалдарды өткізудің техникалық -технологиялық жүйелерін, сондай - ақ олардың өтуін бақылап отыратын жүйеелрді құруға бағытталған .

Маркетинг пен логистика арасындағы ең маңызды ерекшеліктер 1 - кестеде көрсетілген .

Маркетинг
Логистика
: Зерттеу обьектісі
Маркетинг: Нақты тауарлар мен қызметтер рыногы мен конъюнктурасы
Логистика: Осы рыноктарда айналатын материалды ағымдар
: Зерттеу пәні
Маркетинг: Тауарлар мен қызметтерді өткізу бойынша рыноктық тәртіпті оңтайландыру
Логистика: Материалды ағымдарды басқару үрдісін оңтайландыру
: Зерттеу әдістері
Маркетинг: Нақты тауарлар мен қызметтер бойынша конъюнктураны, сұраныс пен ұсынысты зерттеу әдістері
Логистика: Материал өткізуші тізбекті құрудың жүйелі тәсілі, сондай-ақ өндірістік және экономикалық жүйелерді жоспарлау және басқару кезінде қолданылатын жалпыға белгілі әдістер.
: Қорытынды нәтижелер
Маркетинг: Компанияның өндірістік-өткізу стратегиялары және тактикасы бойынша ұсыныстар, нені, қай көлемде, қай рыноктарға және қандай мерзімде, өндіру керек. Қандай қорытындылар болуы мүмкін.
Логистика: Логистиканың мақсатына жауап беретін жүйелер жобалары: қажетті тауар, керекті орында, қажетті көлемде, керекті сапада, қажетті уақытта минималды шығындармен

Кесте 1 . Маркетинг пен логистика саласындағы зерттеу обьектілері мен пәнінің салыстырмалы сипаты

Ескерту [ ] әдебиет негізінде автормен құрастырылған .

1. 2 Бизнес құрылымдардағы сату саясатын басқарудағы логистикалық-маркетингтік әдіс - тәсілдер

Логистика және маркетинг саласындағы ғылыми көзқарастардың дамуының қазіргі жағдайында маркетинг мүдделерінің логистика қызметіне енуі барған сайын байқалады. Бұл жағдайдың ғылыми және тарихи түсіндірмесі бар. Тарихи тұрғыдан алғанда, маркетинг бірінші болып компаниялардың экономикалық өміріне еніп, өз қызметін бәсекелестік артықшылықтарды қамтамасыз ететін нарықтық бағдарға бағыттады, әсіресе маркетингтік стратегиялар көбінесе компаниялар үшін флагмандық сипатқа ие болды және олар көбінесе корпоративтік стратегияларды анықтады. Маркетингтік идеяларды жүзеге асыру көбінесе компанияның қызметтері арасында қақтығыстар тудырды: өндіріс, жабдықтау (сатып алу), көлік, қойма, сату. Қақтығыстардың негізгі тақырыптары қорлар мен қызмет көрсету деңгейі болды. Компаниялардағы өсіп келе жатқан кросс-функционалды қақтығыстарды шешу үшін логистиканы шақыру туралы шешім қабылданды. Практиктер үшін логистиканың тартымдылығы кез-келген мәселелерді шешуде зерттелетін объектінің қызметіне әсер ететін барлық ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, оның жүйелік көзқарасы болды . Логистиканы бизнеске енгізу кезінде логистиканың негізгі құралдары - қолда бар ресурстарды пайдалануды оңтайландыру маңызды болды. Логистика бизнеске ағындарды операциялық деңгейде оңтайландыруды ғана емес, сонымен қатар стратегиялық деңгейде ресурстардың қажеттілігін есептеуді де қамтамасыз етеді. Сондықтан компанияның қызметіне логистиканы енгізу операциялық қызметті жүзеге асыру қажеттілігімен де, шешім қабылдаудың кез - келген деңгейінде компанияның ресурстарын оңтайландыруды (ең алдымен материалдық) қамтамасыз ететін экономикалық ымыраларды іздеумен де анықталды. Бұл өз кезегінде кросс - функционалды қақтығыстарды шешуге ғана емес, сонымен қатар кросс - функционалды логистикалық үйлестіруді ұйымдастыру арқылы олардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Логистика мен маркетингтің өзара әрекеттестігі стратегияны бірлесіп жасаудан басталады, өйткені стратегиялық деңгейдегі кез-келген маркетингтік бастама негізінен логистикалық күштермен жүзеге асырылады. Логистика мен маркетингтің өзара әрекеттесудің көптеген салалары бар, бірақ ғылымда да, практикада да логистика саласындағы маркетинг тарапынан түсініспеушілік жиі байқалады. Бұл әсіресе терминологияда және ғылымның әр саласының зерттеу объектілері мен объектілерін анықтайтын негізгі ұғымдарда айқын көрінеді.

Логистика мен маркетинг арасындағы дау - дамайдың басты тақырыбы -компанияның сату қызметі. Сату әрқашан коммерциялық функция болды және сату үшін нарық субъектілерін анықтауды ұсынды. Шын мәнінде, сату кезінде тауарға меншік нысаны беріледі. Бәсекелестіктің артуы компанияларды сатудың өсіп келе жатқан проблемаларына жаңа көзқараспен қарауға мәжбүр етті. Маркетинг және оның құралдары сұранысты қалыптастыруға және коммерциялық функцияны орындай отырып, оған қол жеткізу әдістерін анықтауға, өнімді (тауарлық-материалдық қорларды) сату нарығында таратуға және оны бір кездері физикалық бөлуді жүзеге асыру деп саналған. Тапсырыс талаптарына сәйкес тұтынушыға жеткізуге арналған логистика.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық саласында маркетингті қолдану
Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдіру
Икемді және тиімді банктік маркетинг
Банктердің маркетингтік қызметіндегі көрсеткіштер жүйесі
Маркетингтің ресейлік моделінің қазақстандық модельден айырмашылығы
Туризм индустрия құрылымы
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Өнеркәсіптік маркетингтің мәні
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Туризм мамандығы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz