Құран аяттарына полемикалық талдау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

НҰР - МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІ

Бектұрсынов Айбек Сәкенұлы

Құран Кәрімдегі полемика және оның әдептері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B021500 - «Исламтану»

Алматы 2022

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Исламтану кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Исламтану кафедрасының

меңгерушісі:

PhD докторы Анарбаев Н. С

«__» 2022 жыл

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Құран Кәрімдегі полемика және оның әдептері»

5B021500 - «Исламтану» мамандығы бойынша

Норма бақылаушы Диплом жұмысының

жетекшісі

п. ғ. к, қауымдастырылған PhD доктор Мухиддинов Рашид

профессор Исабаева С. Н «___» 2022 ж

«___» 2022 ж

Диплом жұмысының

кеңесшісі

«___» 2022 ж

Орындаған:

Бектұрсынов А. С

Алматы 2022

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

НҰР - МҮБАРАК ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИЕРСИТЕТІ

ИСЛАМТАНУ КАФЕДРАСЫ

«Бекітілді»

Исламтану кафедрасының

меңгерушісі

PhD докторы Анарбаев Н. С

«___» 2022 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА

Студент: Бектұрсынов Айбек Сәкенұлы

1. Жұмыстың тақырыбы: «Құран Кәрімдегі полемика және оның әдебі»

2022 жыл «__» № университет бұйрығымен бекітілді.

2. Аяқталған жұмыстың тапсыру мерзімі

3. Диплом жұмысына бастапқы берілгендер:

а)

ә)

Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі - 40 бет.

4. Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негізі және дереккөздері ретінде еңбектері қолданылған.

Тапсырманың берілген уақыты

Диплом жұмысының жетекшісі Мухиддинов Рашид

Тапсырманы орындауға қабылдап алған студент А. Бектұрсынов

Алматы 2022

Құран Кәрімдегі полемика

1. 1 Полемика дегеніміз не және полемикалық терминдердің өзара айырмашылықтары: (муназара, мунақаша, жәдл, мукабара барлығы осының ішіне кіреді) .

1. 2 Құран аяттарына полемикалық талдау:

2. 0 Құран аяттарындағы келген әдептер жазылады, (фирғауын мен муса) муса мен қауымының арасындағы диалог (көп сұрақ қоймау)

2. 1 Сүннетте келген полемикалық әдептер

КІРІСПЕ

Құран Кәрім мәңгі мұғжиза және оның сырлары заман қаншалықты дамып, ғылыми жетістікке жетіп жатса да, құран өзінің актуалды рейтингін жоғалтқан жоқ. Бұл кітап өзімен бірге тарихты, адамдардан өзге де тіршілік йелерін, бұл дүние мен ақыретті, ғайып пен болашақты, адамдар арасындағы құқық пен коммункация секілді тақырыптарды қамтитын иләһи энциклопедия. Соның бірі әрі бірегейі болып отырған біз қарастыратын тақырып - ол полемикалық көзқарас.

Құран Кәрімнің көп бөлігі «хиуар» диалог форматында келген. Бұл дегеніміз Алла тағала диалогқа, адам баласына бірнәрсені түсіндіру үшін осы стильді қолданды деген сөз. Мысалға алып қарайтын болсақ: «Алла мен періштелер арасындағы диалог» (бақара сүресі) , «Алла мен пайғамбар арасындағы диалог» (мусамен сияқты) , «Пайғамбар мен қауымы арасындағы диалог» (нух сүресі сияқты) , «Екі адамның арасындағы диалог» (каһф оқиғасы) (абыл мен қабыл ) , «Адам мен жануар арасындағы диалог» (сулеймен мен құмырсқа) осы сөзімізге дәлел бола алады. +

Полемикалық ұғымды түсінуіміз үшін, полемиканың ең бірінші қандай терминмен байланысты екенін түсініп аламыз. Полемика «дауласу», «айтысу» өнері. Ал бұл өнер белгілі бір ережелер мен негіздерді қамтитын екеуара немесе одан да көп адамдардың сөйлесуінен туындайды. Осы мәселелні жіті түсінуіміз үшін алдымен «хиуар» сөзіне тоқталып өтсек.

«Хиуар» терминіне тілдік тұрғыда толық талдау жасасақ. «Хиуар» сөзі араб тілінде « ح », « و », « ر » асли үш әріптен тұрады. Ибн Манзур (Алла оған разы болсын) حور бір нәрсенің бір нәрсеге қайтуы деген мағына береді, - деп анықтама берді. (сәқафә фил құран 5 бет ) . Ибн Фаристің анықтамасы бойынша 3 мағынаны қамтиды.

1 мағынасы: Түс деген мағына

2 мағынасы: қайту, оралу

3 мағынасы: белгілі нәрсенің айналуы, айналшықтауы, қайту мағынасына саяды. (сәқафә фил құран 1 бет)

Сонымен қорыта айтқанда: «Хиуар дегеніміз сөз алмасу мен оған жауап беруді айтады. Ол туралы Құран Кәрімде келген. Атап айтсақ:

«Кәһф» сүресінде: «Бірде ол жолдасымен әңгіме барысында оған . . . »

«Мүжәдәлә» сүресінде: « . . . сенімен дауласқан әйелдің сөзін естіді»

Осы аяттарды негізге ала отырып біз «диалог» ұғымы тараптар арасындағы презентациялар мен талқылаулар екенін аңғарамыз.

Енді «диалог» терминдік тұрғыда көз жүгіртеміз. Хиуар дегеніміз екі адамның немесе топтың арасындағы ауызекі сөйлеу стилі. Ауызекі сөйлеу түрінде екі тарап бір-бірінің ойын тыңдайды, бірінен соң бірі кезек-кезек пікір алмасады. Бұл өз алдына жеке өркениет боп қалыптасқан ежелгі ғылым саласының бір түрі. Жеке ғылым саласында екеуара қатынаста да жеңіс пен жеңілістен, мойындау мен мойындамаудан тұрады.

Диалог өркениеті екінші тарапты мұқият тыңдаудан, ойын құрметтеуден, дәлелге сүйенуден, эмоциялық тізгіннен құралды. Диалог - екі немесе одан да көп адамдардың пікір алмасуы деп айтқан болатынбыз.

Қазіргі халықаралық және этносаралық қақтығыстарды реттудің тиімді тәсілдерінің бірі. Саяси ғылым тарихында бұл тәсіл ежелгі грек философы Платон шығармаларында сәтті қолданылды. (саяси түсіндірме сөздік, 193 бет)

Құран Кәрімде диалог форматында келетін аяттар өте көп, тіпті басым көпшілігі деп айта аламыз. Алла мен періште арасында (бақара) , пайғамбар мен қауымы арасында (нух) , екі адамның арасында (кәһф), пайғамбар мен перғауын арасында (муса мен перғауын) Алайда диалог ұқсас келгенімен, оның атқаратын қызметіне қарай түрлі терминдерге жолығамыз. Атап айтсақ: дебат, диалог, диспут, диалектика, полемика, т. б. Аталмыш терминдер тек екуара және одан да көп адамның арасындағы коммуникация болып табылғанымен, атқаратын қызметі әр түрлі.

Диалог - екі адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы алмасатын ауызекі сөйлесу форма түрі. Диалогта сұрақ қою арқылы сұхбаттасушы өзі күткен мәліметті алады. Ол қысқа түрдегі сөйлемдерден құралады, ол дегеніміз екі немесе азы үш сөйлем болуы мүмкін. Диалог тек қана сөйлеумен ғана шектелмейді, сөйлесуші кейде сөз орнына ым-ишара қолдануы ықтимал. Сонымен қатар диалогта тыңдаушы тарап ішінен сұрақ қоюшы, қарсы пікір айтушы, келіспеушілік танытушы немесе керісінше қолдап сөйлеушілер болуы да мүмкін.

Диалог бұл әдіс - тәсіл. Диалогта адам өзінің пікірімен, санасымен, ойын жеткізеді. Ал бірнәрсе дамуы үшін, алға қарай жетілуі үшін оған ой керек.

Диалогтың ойып алар орны ерекше. Ішкі ойы әртүрлі боп жүрген, күдікті сейілте алмай немесе өз ойы дұрыс деп санап жүрген екі түрлі ойды бір жерге жинауға алып баратын таптырмас құрал - ол тілдесу, яғни диалог. Диалогта осы әкелген дәлелдің бар болуын немесе әкелген ойдың жоққа шығуының нақты бекіту үшін қолданылатын қосымша фактор.

Диалогтың негізгі мақсаты - өзгені қабылдау. Диалог стилін алғаш түсіндірме жасағанымыздың себебі біреу ғана, ол негізді жақсылап түсініп алу. Өйткені осы негізден қалған стильдер шығады.

«Муназара» дегеніміз не?

Мұназара мен хиуар бір-біріне өте ұқсас, тіпті мұназара хиуардың бір түрі деп айтсақ қателеспейміз. Дегенмен екеуінің арасында белгілі бір айырмашылықтар жоқ емес. Диалогта екеуара тілдесудің қатты қағидаттары болмаса, мұназара стилінде талқыланатын тақырып туралы білім мен талқылау шарттарын білуді қарастырады. Себебі «мұназара» тілдік мағынасы жарыссөз, талқы мағынасын береді.

Жарыссөзде екі тарап тек ауызекі сөйлеумен ғана шектеліп қалмайды, ол жерде екі жақты ғылыми ойлар сайысқа түседі. Екі жаққа да берілетін белгілі бір уақыт пен ереже болады.

Терминдік мағынасына келер болсақ. Дауласушы екі тараптың бір мүддеге ортақтасуын зерттейтін ғылым саласы. (сәқафә фил құран)

Муназара - пікірталас жүргізушілердің келісуге боларлық немесе кері қайтарылмайтын мәселелер қызметін зерттейтін ғылым. Муназараның бізге берер пайдасы - пікірталас жүргізген сәтте қате ойлаудан сақтау. Адам баласының ойында шек жоқ, әртүрлі әрі сан алуан мүмкіндігі бар. Бұл табиғи нәрсе және адам баласына тән қасиет. Пікірталас жүргізудің ең ежелгі әрі басты екі қағидасы бар. Ең біріншісі - тақырыптың болуы, екіншісі - екі тарапың болуы. Бір тарап қозғалған тақырыптың дұрыстығына көз жеткізеді, әрі сол қағиданы ұстанады. Екінші тарап әкелген дәлелге екінші қосарлама ой айтып, өз ойының басым екенін алға тартады. Көз алдымызға осы көріністің эскизін сызып көрсек. Екі жақты тараптағы екі адам, ортадағы талқыланатын мәселе «Құран Кәрімде келген әмір сиғалары қай категорияны меңзейді?»

Айман: - Құран Кәрімнің басым бөлігі әмірмен келгенін барлығымыз білеміз, ал Алла тарапынан келген әмірді біз орындауға міндеттіміз. Сондықтан да әмір сиғасы «уәжіп» дегенді білдіреді, - деді.

Шолпан: - Жоқ, Мен бұл оймен келіспеймін, себебі Құрандағы әмір сиғалары тек қана «уәжіпті» ғана білдіреді деген сөз ол жаңсақ пікір. Сөзіме дәлел ретінде Құранның мына аятын айтқам келеді: «Егер иеліктеріңдегі құлдарың мен күңдеріңнің арасында белгілі мөлшерде төлем төлеп, құлдықтан біржолата босау үшін өздеріңмен жазбаша келісім шартқа отыруды қалайтын болсаңдар, олармен өздері қалаған келісім шартқа отырыңдар» (Нұр сүресі, 33 аят) . «Келісім шартқа отырыңдар» - деген сөзін міндетті түрде жасау керек деген нәрсе жоқ. Сондықтан бұл уәжіптік категорияға апармайды, керісінше «мәндуп» амалға апарады, - деген позиция айтады.

Айманның әкелген дәлелі Шолпанның әкелген дәлеліне қарағанда әлсіз болады да, Шолпанның дәлелі қабыл алынады. Муназаралық стиль міне осыны зерттейді, айтылған дәлелді қабыл алу немесе қабыл алмау қызметін зерттейтін ғылым саласы. Ендігі жерде бізде сұрақ пайда болады: пікірталасқа түсуші адамдардың қызметі не? Пікірталасқа түсуші адамдардың негізгі қызметі ол - қарсы пікір айту, жауап беру.

Муназара термині сәйкесінше екі мағынаны да қамтиды. Әуелгісі пікірталасқа түсуші тараптардың қабыл алуы немесе қабыл етпеу қызметтерін зерттейтін ғылым саласы ретінде. Екіншісі екі немесе одан да көп объектілердің ақиқатқа жету үшін жасалатын коммуникация түрі ретінде. Неге ақиқатқа жету үшін деген сөзге фокус қойып отырмыз? Себебі Муназара ілімінен өзге де ұқсас ілімдер бар.

Мүжәдәлә - екі немесе одан да көп объектінің дұрысзатқа жетуі үшін емес, керісінше қалайда болсын жеңіске жету үшін жасалатын коммуникация түрі.

Мукаабара - екі немесе одан да көп тараптардың өздерінің оқыған, білімді екенін көрсету үшін жасалатын коммуникация түрі. Байқап отырғанымыздай үш трминнің болмысы бір - біріне ұқсас болып келеді, алайда атқаратын қызметтері әр түрлі. Қорыта айтқанда диалогтык форматтың қызметтері мен мақсатына қарай жеке үшке бөліп қарасақ артық болмайды.

Муназара - ақиқатқа жетуге мақсат етеді

Мужәдәлә - өз ойының дұрыстығына жетуді мақсат етеді

Мукаабара - білімді екенін көрсетуді мақсат етеді.

Ойкөкпарға түсуші жандар кейде ақиқатқа жетемін деп мақсат етіп, кейіннен ол өз ойының дұрыстығын дәлелдеп, одан кейін өзінің сол тақырыпта оқығанын көрсеткісі келетін жағдайға ұшырауы мүмкін. Сондықтан Муназараның нақты қызметін білуі шарт, олар қырсы пікір білдіру, екіншісі сол пікірді қорғап шығу. Қарсы пікір айтушы тарап ол - Сұраушы. Ал оған жауап беруші, әрі ойды қорғаушы - «Муғаллил» (түсіндіруші, дәлелдеуші) деп аталады. Ойымды түсіндіріп кетер болсақ. Мысалы: атеист пен дін ұстанатын адам бір пікірсайысқа түсті делік. Дін ұстанушы адам - әлемде жаратушы бар деген позицияны ұстаса, екінші тарп ол қағиданы жоққа шығарады.

Осы жерде алғашқы өкіл түсіндіруші тарап болады, өйткені ол Жаратушының бар екенін бекітіп тұр. Ал құдайдың бар екенін жоққа шығарушы тарап болса, ол Сұраушы (сұрақ қоюшы) болады. Өйткені оның келтірген көзқарасына қояр сауалдары бар. Осы жердесауал қоюшы жақтың үш түрлі қызметін айтқымыз келеді. Олар:

  • Мәнғ (бас тарту) кедергі жасау, тыйым
  • Нақд (жою, болдырмау)
  • Муғарада (оппозиция) қарсы әрекет немесе салыстыру

«Мәнғ» - негізгі дәлелге дәлел талап ету. Мысал ретінде екі тарап арасындағы пікірталасты көрсетсек. Бірінші жақ - «Исаұлы Мәсіх - Құдай». Себебі ол дүниеге әкесіз келді. Демек әкесіз жаратылғанның барлығы да құдай. Екінші тарап: «Мен бұл пікірге келіспей, оған үзілді - кесілді бас тартатын болса» - бұл мәнғ кубра болады. Оған ешқандай да дәлел келтірмейіді, қажет етпейді де, бұндай «мәнғ» түрін «мәнғ кубра» деп атаймыз. (ал уадғ фил муназар)

«Нақд» - Әкелген дәлелдің кереғар тұсын көрсету арқылы екінші тараптың дәлелін жоққа шығару. Мысалы: «Исаұлы Мәсіх ол Құдай, оған дәлел ретінде оның әкесіз жаратылғандығы, ал әкесіз жаратылған шүбәсіз Құдай» - деді. Екінші (Сұраушы) тарап: «Бұл дәлел жоққа шығарылады, себебі дәл осындай нәрсе Адам (а. у) да бар. Ол да ешқандай әкесіз де, анасыз да жаратылды, егер әкесіз жаратылғандарды Құдай дер болсақ, Адам (а. у) да Құдай дейміз бе?» - деп дәлелдің кереғар тұсы арқылы алғашқы тараптың дәлелін жоққа шығарады. Нақд деп отырғанымыз да осы.

«Муғарада» дегеніміз - дәлел келтірілген тараптың дәлелін кереғар өзге дәлелмен салыстыру арқылы жоққа шығару. Мысалы: «Исаұлы Мәсіх ол Құдай, өйткені ол әкесіз жаратылды, әкесіз жаратылыс ол Құдайға тән» - деген позицияны ұстанса, екінші тарап: «Жоқ, Исаұлы Мәсіх ол Құдай емес, ол құл. Себебі ол әкесіз жаратылса да, ананың құрсағына мұқтаж болды. Ал ана құрсағында болу ол құлдарға тән қасиет» - деді. (ал уадғ фи гилм ал муназара)

Ескерте кететін бір жайт бар. Мұназара стилі міндетті түрде екі адамның арасында болуы керек деген шарт жоқ, ішкі түйсігі арқылы, өз - өзіне сұрақ қойып екіжақты пікір алмасар болса соның өзі - мұназара болып табылады. Сөзімізге дәлел ретінде әділ халифа Омар (р. а. ) оқиғасын баяндай кетсек. «Омар (р. а. ) қара тасты сүйген уақытында былай деді: «Мен сенің пайдасы да жоқ, зияны да жоқ жай ғана тас екеніңді білемін, бірақ пайғамбарымыздың (с. а. с. ) жасаған амалын тастап кетуді біз жөн көрмейміз», - деп Қағбаны (истәлим) жасады. Истәлим дегеніміз - қара тасты сүю ритуалы. (бухари, бәб ар рамл уәл хадж, усуль жәдл уа муаназара)

Мүжәдәлә дегеніміз не?

Мүжәдәлә - «Жидәл» сөзінің мағынасына тоқталып өтеміз. Тілдік тұрғыда алғанда ширатылған, тығыз өрілген, шатасқан деген мағына береді. Бұл сөздің шығу төркіні қаттылық, қарқындылық яғни көзделіп отырған негізгі мәселесі - өз пікірнде қаттылықты ұстану немесе радикалды болу.

Бұл типтағы тартыс стиліндегі кейіпкер айтылған пікірге немесе ойға дәлелмен және күмән келтіру арқылы екінші тарапты мойындату стилін ұстанады әрі өзінің сөзін ғана дұрыс деп есептейді.

Осы орайда ғалым Мұхаммед Амин Шанқити берген анықтамасы бойынша: «Ақиқатты көрсету үшін емес, керісінше жанжал орнату» - деген анықтама берген. Ибн Фарис «Жәдл» сөзінің тілдік мағынасын «Сөзді қайталау, дәлелді айта беру немесе сол дәлелді ұстанымда беріктік таныту» (усуль ал жәдл уал маназара )

Бір қарағанда бұл стиль түрі «хиуар» стиліне ұқсауы мүмкін. Екеуінде де екеуара ой білдіру жағынан, екеуара әңгіме жүргізу жағынан ұқсас болғанымен, мақсаттары әртүрлі.

Құран Кәрімде «жәдл» сөзі 29 рет келген. Аталмыш аяттарда келген контекстерге мән беріп қарайтын болсақ, жәдл сөзінде келген аяттар «жанжалдасу, дауласу кезіндегі дұшпандылық таныту, бір мүддеге жету деген ұстанымды ұстанбау, білімсіз талас-тартыс жүргізу, иман келтірмеген қауымның негізсіз сөз сөйлеуі» - жөнінде баяндалған. Мысалы: «Сонда: «Әй, Нұх! сен бізбен әбден сөз таластырдың, тіпті шектен шықтың. Егер айтқаның рас болса, бастарыңа келеді деп қорқытып жүргеніңді келтірші, көрейік»» (худ 32) - деген аяттар дәлел бола алады.

Аятта қолданылып тұрған сөйлеу стилінде «жәдл» сөзінің жағымсыз дауласу деген мағынасын түсінеміз.

Алла Құран Кәрімде 3 жерде «жәдл» сөзін басқаша контекстте келтірді. Сондықтан нақты түрде «мүжәдәлә» деген тек қана өзгенің ойын құрметтемеу, өз райынан қайтпай қасарысып тұрып алу, өз ұстанымында радикалды болу, - деп айта алмаймыз, жәдл тек араздасуға апарады деген сөз емес. Олар:

1. «Қос бақшаның йесінің алатын өнімі мол, дүниесі түгел еді. Бірде ол әңгіме барысында оған: «Мен дәулет тұрғысынан да, әулет бала - шаға тұрғысынан да анағұрлым зор, әрі үстеммін» - деді (Кәһф 34)

2. «Сол кезде өзімен сөйлесіп тұрған жолдасы: «Сонда Сен негізіңді топырақтан, аодан кейін өзіңді бір тамшы судан жаратқан, Келісті де, келбетті адам қылған Раббыңа күпірлік қылып тұрсың ба?» - деген аяты (Кәһф 37)

3. «Алла күйеуіне қатысты өзіңе жолығып, сенімен дауласқан һәм Аллаға арыз айтып, мұңын шаққан әйел адамның сөзін естіді» (Мүжәдәлә сүресі 1)

Аяттар бізге екеуара адамның арасындағы конфликтті суреттіп тұрғаны бізге мәлім. Енді сұрақ пайда болуы мүмкін, осы орайда бұл үш аяттағы келген «жәдл» сөзі басқа аяттағы келген сөзден не айырмашылығы бар? - деген. Бұл сұраққа жауап беріп кетсек, алдымен аятта шынымен де екі тарптың арасындағы сұхбат стилі өрбуде, сонымен қоса бұл жерде өз ойының дұрыс екенін, өзгенің ойымен санасай дау - дамайды одан әрі жандандыру деген позициялық миссия жоқ.

Ал өзге де кітаптардағы ақпарат көзіне сүйенетін болсақ - «Жәдл» сөзінің мағынасы екіге бөленеді. (усуль жәдл уал муназара )

Әуелгісі - жағымды түрі. «Раббыңның жолына даналықпен әрі жанға жағымды уағыз - насихат айту арқылы шақыр! Сондай - ақ Алла жолында сөз таластыру керек болғанда әрдайым ең жақсысын таңда!» - деген аятынан білсек болады. (нахл 125)

Құран Кәрім этикалық мәдениет стилін қалыптастырушы кітап деп айтсақ қателеспейміз. Олай дейтін жөніміз бар, өйткені бір істі жасаған кезде көркем түрде орындау, әдепті түрде жеткізу деген контексттік сөдерден - ақ байқауымызға болады.

Екіншісі - жағымсыз түрі. «Олардан бұрын Нұхтың қауымы, олардан кейінгі бірқатар қауым да пайғамбарларын өтірікшіге балап, мойындамаған еді. Әр қауым өз пайғамбарын қапелімде қолға түсіріп, қастандық жасауға шындап кірісті. Сөйтіп, жалғанға сүйеніп, сол арқылы ақиқаттың тұғырын жығып сындыру үшін барын да, нарын да салды» (ғафир 5)

Жоғарыдағы аяттар бізге қауымдардың арасындағы шиеленісті баяндағысы келді, ал шиеленіс негізінен ой - пікірдің сан алуан болғанынан туындайды. Бұрынғы қауым өздерінің үйреншікті әдеттеріне айналған қасиетті саналатын субъектілеріне табынатынын білеміз. Ал пайғамбарлар болса шынайы иләһи шариғат әкеліп екеуара ой қақтығыстары пайда болды. Пайғамбарлар адамдарға өзінің әкелген дінінің шынайы екенін түсіндірді, ал адамдар болса, айтылған дәлелінің нақтылығын, Құдайдан екендігіне көздерін жеткізу үшін мұғжизаларға дейін талап етті. Біздер құран тарихынан немесе құран тәпсірлері энциклопедияларын қарап, көз жүгіртіп шықсақ болады. Біз осы орайда полемкикалық қақтығыстардың себептері мен әдептеріне назар аударамыз.

«Жәдл», «жидәл», «мүжәдәлә» дегеніміз - екі түрлі дәлелдің әрі ақиқат пен жалғанның ұштасуы. Оның негізі бір нәрсені қатты ұстануды білдіреді». Не үшін жәдл сөзі ең қатты ұстану мағынасын қамтиды - себебі диспутқа түсуші екі тарап та шама - шарқы жеткенше өз дегендері мен ойларын дәлелдеп бағуға тырысады. (усуль жәдл уал мназара 11 бет)

«Жәдл» сөзі жеңу, басып озу мейлі ақиқат жағынан болсын, жалған жағынан болсын. (11 беттегі ссылка усуль жәдл уал муназар)

Ал Ибн Халдун секілді өзге ғалымдар «жәдл» сөзіне мүлдем басқаша анықтама берген: «Дәлелдер келтіруде шекаралар мен әдептерден тұратын, сонымен қатар ойды сақтауға апаратын ережелер жиынтығы». (бәдәиғул фәуәәид 133 бет. ахкамул құран куртуби 272, 3 том)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман құқығының жалпы түсінігі
ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?
МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Нұрсишылар» жамағаты
Мұсылман Құқығы
Ұлық имам – Имам Ағзам Әбу Ханифа туралы
Мұсылмандық құқықтық жүйе
Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер
Имам Матуриди және Имам Ашари көзқарасындағы негізгі айырмашылықтарға талдау жүргізу
Таурат кітабы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz