Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Қонақжайлылық - бұл қонақ пен үй иесінің арасындағы қатынас, онда үй иесі қонақты ізгі ниетпен қабылдайды, соның ішінде қонақтарды, қонақтарды немесе бейтаныс адамдарды қабылдау мен көңіл көтеру. Луис, шевалье де Джокурт Энциклопедиядағы қонақжайлылықты адамзат байланысы арқылы бүкіл ғаламға қамқор болатын ұлы жанның қасиеті деп сипаттайды. [1]
Қонақжайлылық - бұл адамдардың басқаларға деген қарым-қатынасы, яғни қонақтарды қонақ күту қызметі. Қонақжайлылық ұйымның сату көлемін ұлғайту немесе азайту үшін негізгі рөл атқарады, сондықтан оны кез-келген бизнес игеруі керек.
Латын тілінен шыққан хосптер, «үй иесі», «қонақ» немесе «бейтаныс» дегенді білдіреді. Хоспистер бастап қалыптасады хостис, «бейтаныс» немесе «жау» деген мағынаны білдіреді (соңғысы «дұшпандық» сияқты терминдер туындайды) . Авторы метонимия «Аурухана» деген латын сөзі қонақ бөлмесі, қонақ үй, қонақ үй деген мағынаны білдіреді. Хоспес / хостис - бұл ағылшын сөздерінің түбірі хост, қонақжайлық, хоспис, жатақхана және қонақ үй.
Ежелгі мәдениеттерде қонақжайлылық бейтаныс адамды қарсы алып, оған тамақ, баспана және қауіпсіздік ұсынған.
Курстық жұмыстың өзектілігі - қонақ үй шаруашылығың даму үрдісімен танысу. Қонақжайлылықтың мәнің тереңірек түсініп, қонақжайлылықтың еуропалық жіне американдық үлгілерінің артықшылықтарын талдау. Қонақжайлық индустриясының эволюциясы мен қазіргі жағдайына баға беру.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қонақжайлылық индустриясының даму үрдісін талдай отырып, теориялық білімді бекіту. Қонақжайлылықтың даму тарихымен және үлгілерімен жүйелі түрде танысу.
Зерттеу объектісі ретінде таңдалып алынғанThe Ritz-Carlton Berlin қонақ үйінің сипаттамасымен танысу.
Қойылған мақсаттарға жету барысында келесі міндеттер анықталды:
Осы курстық жұмысты таныстыру барысында қонақжайлылық терминінің мәні мен түсінігі, әр кезеңдегі қонақжайлылықтың даму үрдісі мен тарихына тоқталатын боламын. Қонақжайлылық индустриясы Қазақстанда қалай дамуда, әрі сапа стандарттарына сай екендігіне көз жеткіземіз. Қонақжайлылықтың еуропалық және американдық үлгілеріне талдау жасап, еуропалық және американдық қонақ үйлердің айырмашылығын анықтаймын.
1 ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ТҮСІНІГІ МЕН ДАМУ ҮРДІСІ
1. 1 Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы
Қонақжайлылық индустриясы - туристерді орналастыру, түнеу орындарын ұсыну, қонақтарды тамақ пен көңіл-көтеру іс-шараларымен қамтамасыз ететін туризм индустриясының секторы болып табылады. «Қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді яғни - қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар - дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. «Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Сауда жасау, жерді жаулап алу мен игеру, ресурстар мен жаңа көлік жолдарын іздестіру мақсатында дүниені тану мен жаңа құндылықтарды жасау деген - адамның бүкіл көпғасырлық тарихындағы мызғымас қасиеті. Өркениетіміздің шынымен көзге көрінерлік уақыт аралығы онша ұзақ емес, бес мың жыл мерзімді қамтиды. Алайда, саяхаттардың сенімді түрде жасалған сүреттемелерінің жасы одан да кем, тек жақында өткен дәуірлерге жатады. Жаңа құрлықтар мен аймақтарды, халықтар мен табиғи құбылыстарды ашқан, географиялық және басқа білімдердің негізін қалыптастырған ұлы саяхатшылардың аттары адамзат тарихында мәңгі сақталып келе жатыр.
Қонақ үй бизнесі индустриясындағы орналастыруға және тамақтанып
демалуға арналған кәсіпорындар эволюциясын қарастыра отырып, тарихи
жоспарға сай келетін адам қоғамының дамуын келесі кезеңдерге бөлуге
болады:
Сурет 1. Қонақ үй бизнесінің қалыптасу кезеңдері
Ескерту - мәліметтер [1] әдебиет негізінде автормен ұсынылған
«Қонақжайлылық» түсінгі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себептерімен тығыз байланысты. Кейбіреулері «қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреуі латын сөзі «hospitalis» дегенді, яғни - қонақжайлылық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар - дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісім құрған.
Алғашқы қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускрипптерде - Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын көрсеткен. Тавернаға келушілердің құрамы әр түрлі болған.
Ал қазақтар қонақ үй деп атап келе жатқан «отель» сөзі XVIII ғасырда «Ресторан» сөзімен бірге шыққан. «Отель» (hotel) сөзі латын тілінен ежелгі Римдік хоспитеумс сөзінің түбірінен пайда болған. Алғашында отель деп пәтерлері айға, аптаға, тіпті бір күнге тұруға берілген көп пәтерлі үйлерді атаған. Францияда қолданылған бұл сөз кейінірек Америкада да қолданысқа енді. Көптеген таверналарды сол ғасырларда отель деп атай бастады.
Қонақжайлық кәсіпорындардың дамуына орта ғасырдағы діндік дәстүрлер де үлкен әсерін тигізді. Осы кезеңде киелі жерлерге қажылыққа баратын адамдардың саны бірден көбейді. Шіркеулер қажылық жасаушыларға түнейтін жерлер мен тамақтануды ұйымдастыруды монастырға міндеттеді. Сол кезеңде осыған ұқсас қызмет көрсететін жерлер пайда болды. Мысалы, Франкийстік патша, кейіннен Ұлы Карл императоры (742 - 814) шіркеулердің қорғаушысы VIII ғасырда қажылық жасаушылардың демалысына арналған үйлер ұйымдастырды. Осындай үйлердің бірі, Ронсельваль шатқалындағы монастырлер - өз қақпаларының алдында келген қонақтарды кең пейілмен күтіп алып, тегін нан, жеміс-жидек таратты, етікшілер қосымша қызметтерін ұсынды[2] .
Уақыт өте келе, мұндай орындар тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға арналған мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу Шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылап, шатырларда, кей кездері керуен-сарайдарда, әртүрлі адамдардың түнеу орындары мен қонақ жай кешендеріне жайғасты. Сауда байланысының дамуының әсерінен Еуропада қонақ үй шаруашылығының жағдайы біршама деңгейге жоғарылады. Мысалы XIV ғасырда Миланда 150 қонақ үй орын алды. Дегенмен ол кезеңдегі қонақ үй шаруашылығының деңгейі ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, санитарлың деңгейі өте төмен болды.
XVIII-XIX ғасырағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өсуі, Еуропа қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының дамуына өз ықпалын тигізді. Қонақ үй жұмысы осы ғасырлар аралығында үлкен табыс әкелетін маңызды салаға айнала бастады.
Сондай-ақ, дәл осы кезеңде теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында, табиғаты керемет жерлерде ірілі-ұсақты қонақ үйлер құрылысы бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте жақсы жағдай жасалынып, қызмет көрсетудің түрлері мен әдістері өзгерді.
Қонақ үй шаруашылығының дамуының келесі кезеңі Еуропадағы ат күшімен іске асқан пошталық және транспорттық желінің пайда болуымен байланысты. Пошталық жолдар бойында қазіргі мотельдерге ұқсас саяхаттаушыларды орналастыруға арналған кәсіпорындар орналасты. Сонымен қатар, онда тұру тәртібі де осы күнгі орналастыру орындарында бекітілген тәртіптерге ұқсас болды.
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Америка мен Еуропаның ірі қалаларында жаңа миллионерлердің сұраныстарын қанағаттандыратын қымбат отельдер пайда болды.
ДТҰ мәліметі бойынша ХХ ғасырдың басында 17 млн. адамдар тоқтай алатын қонақ үй жүйелері қалыптасқан. Солардың ішіндегі ең ірілері «Шератон», «Рамада», «Марриот», «Редиссон» қонақ үй класстарына орай «Апартамент», «Кондоминниум» түрлері пайда болды.
Жоғарыда айтылғандай, қонақ үйлер ұзақ уақыт бойы даму сатысынан өтіп, қалыптасты. Бүгінгі күні «Қонақжай индустриясы» дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын-сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайтын, кең көлемді комплекс болып табылады.
Соңғы он жылдықта дамыған қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар тенденциясына келесілерді айтуға болады:
қонақ үй ұсынысының мамандандырылуының тереңдеуі,
халықаралық қонақ үй шынжырларының пайда болуы;
кіші кәсіпорын жүйелерінің дамуы;
жаңа компьютерлік технологияның қонақжайлық индустриясына енуі.
Соңғы уақытта дәстүрлі толық сервисті отельдермен қатар, қызметтері қысқартылған мамандандырылған кәсіпорындар пайда бола бастады. Кәсіпорындардың мамандануы әр түрлі болуы мүмкін. Қонақ үйлер қызметі анықталған туристік нарық сегментімен бағыт алады: мысалы, өз демалыстарын гольф ойындарына, шаңғы тебуге арналған клиенттерге, жәрменкеге, конгрестерге, көрмеге келген туристерге арналған.
Қонақжайлық кәсіпорындарының мамандануының тереңденуі халықырылық шынжырлардың қажетті тенденцияларымен өзара байланыста, олар жоғары қызмет ету стандартын жылжытуда және өңдеуде үлкен рөл атқарады.
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресейдің қонақжайлылық индустриясының ғылыми зерттеу орталығының директоры Е. А. Джанджугазова әлемдік қонақжайлылық индустриясының сегіз даму тенденцияларын бөліп көрсеткен. Ол бойынша қонақ үй әлемдік нарығының негізгі даму тенденцияларына келесілер жатады:
Қонақ үй бизнесі мүдделерінің басқа саладағы кәсіпорындар ұсынатын өзге қызмет көрсетулер мен өнімдер сферасына таралуы; мысалы, тамақтану, ойын-сауық, көрмелік қызметтегі ұйымдары және т. б. ;
Көпшілік тұтынушылар үшін қонақ үй қызметінің қол жетімділігін көтеруге айтарлықтай деңгейде жағдай жасайтын қонақжайлылық индустриясын үдемелі демократияландыру;
Әртүрлі белгілерді ескере отырып тұтынушылардың белгілі бір буынына барынша нақты бейімделуге мүмкіндік беретін қонақ үй бизнесінің мамандандырылуына күш салу;
Тақырыптық бағыттары тұтынушылардың кез-келген категориясының қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік беретін және туристік өнімді сан қырлы қып көрсететін жаңа туризм түрлерінің дамуы, мысалға, экстремалдық, экологиялық, шытырман оқиғалы;
Туристік бірлестік және конақ үйлік тізбектің құрылуында қажет ететін қонақ үй бизнесінің шоғырлануы мен жаһандануы, сонымен қатар қонақ үй қауымдастығы, одақ, халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың құрылуы;
Қызмет көрсетуді жетілдіру және клиенттің сауалдары мен қажеттіліктеріне толық зер салу;
Терең және жүйелік экономикалық диагностикалауды өткізуге мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар мен байланыстың жаңа құралдарын енгізу;
Қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының іскерлік стратегиясына жаңа технологияларды енгізу. Соның ішінде, қонақ үй қызметі мен өнімдерін алға жылжыту мақсатымен кең түрде Ғаламтордың қолданылуы, сонымен қатар брондау мен резервтеудің заманауи компьютерлік жүйесінің таралуы.
Қонақжайлылық индустриясы екі топқа бөлуге болатын факторлардың әсерінен дамып келеді-сыртқы және ішкі. Сыртқы факторлар қонақжайлылық индустриясының қызметіне қатысы жоқ қоршаған болмыстың құраушыларының өзара іс-әрекетімен анықталады. Ішкі факторлар қонақжайлылық индустриясы кәсіпорындарының қызметі мен ұйымының ерекшеліктерімен тікелей байланысты.
Сауданың дамуы. Орналастырудың көптеген кәсіпорындары туристік тауарлардың саудасының дамуынан түсетін пайданы сезіне бастады, және қазірде әрбір отель туристік тауарларды иемдену, туристік тауарлардың орындалуы бойынша қызметтерді, және туристік жұмыстарды қонақ үй өнімінің кешендік құрылымы ретінде де, бөлек қосымша қызмет ретінде де ұсынады.
Технологиялық факторлар. Ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктері қонақжайлылық индустриясында да кеңінен қолданылады, соның ішінде көліктік тасымалдау, дистрибуция және тұтынушылық ақпарат секілді облыстарда да. Телебайланыс технологиясының дамуы онлайн режиміндегі орналастыру құралдарында орындарды брондауға мүмкіндік беретін брондаудың компьютерленген жүйесінің құрылуына әкелді. Дистрибуцияның ғаламдық жүйесі миллион қолданушылар үшін жеңіл қолжетімділікті қамтамасыз етеді: енді қолданушы өзі өзінің турпакетін құра алады, қажетті брондауды жүргізе алады және өзі құрған маршрут бойынша сапарға аттанады.
Халықаралық туризмнің дамуын анықтайтын сыртқы факторлардан бөлек, салаішілік факторлардың үлкен тобын да бөліп, нақтылау керек, оларға келесілер жатады: қонақ үй өнімінің жетілдірілуі; қонақ үй қызметінің даму сферасы; қонақ үй тезбегі мен қауымдастығының құрылуы; дистрибуция жүйесінің дамуы; еңбек ресурстарының факторы, маркетингтік факторлар.
Қонақ үй өнімінің жетілдірілуі. Қонақ үй қызметі турөнімнің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған сәйкес конақ үй қызметінің одан арғы модернизациясы мен сапасына көп көңіл бөлінеді. Қонақ үй қызметінің сапасы көп жағдайда қоршаған ортаның жағдайы мен инфроқұрылымға байланысты, бұл қатынаста қонақжайлылық атмосферасын құру үшін күш біріктіруге және қажетті инвестицияларды тарту үшін туристік ұйымдардың рөлі үлкен: аймақтық туристік әкімшілік, үкіметтік құрылым, кәсіби қауымдастықтар.
Қонақ үй қызметінің даму сферасы. Қазіргі таңда қонақ үй бизнесі туристік нарықтың ең табысты сегменттерінің біріне айналды. Қонақ үй қызметтері туристке максималды жайлылықты ұсынатын кешендік қонақ үй өнімі түрінде жиі елестетеді. Қонақ үй кәсіпорындарының автономды өмір сүруін көлік, байланыс, турпораторлар мен турагенттер, экскурсиялық және анимациялық ұйымдастыру кәсіпорындарымен отельдерді біріктіру процессімен алмастырылды.
Қонақ үй тізбегі мен қауымдастығының құрылуы. Соңғы онжылдықта ақпараттық технологиялар мен байланыстың пайда болуы мен дамуына байланысты ірі қонақ үй бизнесінің құрылымын қонақ үй тізбегіне бизнестің дамуына реттеу, сонымен қатар табыстың біркелкі таралауы мен өсуі мақсатымен біріктіре бастады. Атақты қонақ үй тізбектері «Мариотт», «Шератон», «Холидей» және басқалары туристтерге ұсынылып отырған қызметтің сапасының кепілі ретінде қызмет атқарады. Сонымен бірге қонақ үй қауымдастықтары да кең тарала бастады. Ең ықпалды фирма болып Халықаралық қонақ үй қауымдастығы (ХҚҚ) табылады.
Дистрибуция жүйесінің дамуы. Бұндай жүйелер қонақ үй өнімін жеткізушілерді, сатушылар мен сатып алушыларды бірыңғай тізбекке түйістіреді. Жаңа ақпараттық технологиялар қонақ үй қызметінің дистрибуция жүйесін айтарлықтай жеңілдетуге, оны барлық қатысушылары үшін барынша ақпараттық және тиімді етуге мүмкіндік береді.
Еңбек ресурстарының факторы. Қонақжайлылық индустриясының дамуы дамушы елдердің дамуында да жұмысбастылықтық санын көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге дамыған елдер және белігілі туристік дестинацияларына тән нәрсе (Түркия, Египет, БАӘ) , ол- жұмыс күшінде жеткіліктерге ие бола отырып, белсенді түрде басқа әлем елдерінен жұмыс күшін импорттау. Түркия мен Египет отельдерінде осылайша Ресей мен Украинадан келген аниматорларды, Польша мен Белоруссия, Қазақстаннан келген экскурсия жетекшілерін оңай кезіктіруге болады.
Қонақ үй басшылығы, кызметкерлер мен келушілер бір - бірімен тығыз байланыста болып қарым-қатынас тiзбегiн кұрайды. Бұл ретте қонақ үй қызметкерлері мен тұтынушылар әр қайсысының өзiндiк атқаратын кызметi айқындалады: қонақтар тұтынған қызметіне төлем төлейді, қызметкерлер сапалы қызмет көрсетеді, басшылык тиiмдi басқару шараларын қолданады. Мұндай жағдай американдықтардың басқару және өндiрiстiк қатынастағы тажiрибесiнде көптеп кездеседі. Сондықтан сапа туралы сұрактар көптеп пайда бола бастады.
Сапаға деген әртүрлі сұрактардың пайда болуы қызмет көрсету барысындағы жетiстiкке жетудiң бiрден бiр жолы болып табылады.
Қазақстандағы қонақ үй секторынын тұракты түрде даму барысында, оның даму болашағы қонақ үйлердегі қызмет көрсетудiң сапасына байланысты болады. Қонақ үйлердегi кызмет көрсетудiң сапасы дегенiмiз қонақ үй шеңберіндегі тұтынушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыруға бағытталған, стандартпен бекітілген қызмет көрсетулердiң жиынтығы. Қонақ үйлердегi қызмет көрсетудiң керектi сапасын калыптастырып жане үнемi тура және тұракты түрде ұстап тұру үшін сапаны баскару маселелерiне жүйелі түрде қарау керек.
Кызмет көрсетудін сапасы күтілетін және көрсетілген кызмет көрсетудiн катынасына байланысты болады.
Бiрiншiсi қонақ үйлердегi кызмет көрсету алдында жүргiзiлсе, ал екiншiсi сапаны бағалаудың технологиялық және функционалдық процесiнiң әсерiнен тұтынушының күтіп отырған қызмет көрсету көрсеткiшiне байланысты болады. Тұтынушы көрсетілген қызмет көрсетуді оған жіберген шығынмен бағалайды, яғни оған кеткен ақша, уакыт, психологиялык шығындар және т. б
Қонақ үй кәсiпорындарында бес сатылы қызмет көрсету сапасының моделі колданылады, ол көрсетiлген қызмет көрсету сапасына канағаттануына байланысты болады. Егер керiсiнше болған жағдайда “сападағы ақау” пайда болады. Қонақ үйлердегi кызмет көрсетудiң сапасы кауiпсiздiк, қорғаныш, сенiмдiлiк, кол жетiмдiлiк, онын атағы тәрізді факторлар әсер етеді.
Қонақ үйлердегі кызмет көрсетудің сапасын баскару тұжырымдамасы қонақ үй интерьері, ұсынылатын негізгі және қосымша қызмет, сонымен қатар тұтынушылардың айткан шағымдары мен ұсыныстары тәрiздi техникалық және функционалдық сипаттағы сапаға негізделген.
Қазақстанда тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыруға арналған қонақ үйдегі кызмет көрсету сапасын реттеп отыратын ISO 9000 сапа менеджмент жүйесi және (ТQМ) жалпы сапаны басқаруга бағытталган стандарттар қолданылып жатыр. Қазакстандағы қонақ үйлердегi кызмет көрсету сапасын басқару, бақылау және есеп сиякты негiзгi аспектілерге негізделе отырып, өз дәрежесiнде өтiп жаткан жок. Казiргi кезде, қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшiн көптеген қонақ үй кәсiпорындары корпоративті және кәсіби стандарттарды дайындап, олармен жұмыс жасап жатыр.
Қонақ үйлердегi кызмет көрсетуді категориялау мәселесі сапаны баскаруда маңызды рөл атқарады. Казiргi кезде қонақ үйлердегi қызмет көрсетуді категориялау дүниежүзi бойынша 64 мемлекетте қабылданған, оның 11 мемлекетінде ол дайындық үстiнде, ал 58 мемлекетте қонақ үйлерде категория жок.
Қазақстандық сертификаттау жүйесі бойынша барлық қонак үйлер бiр жұлдыздыдан бес жұлдыздыға дейiнгi категорияны ала алады (ҚР МСТ 28681. 4-95) . Жұлдыз алу ушiн қонак үй касiпорындары КР сауда және индустрия Министрлiгiнiң техникалық реттеу және метрология Комитетiнiн сарапшы аудиторлары мен аккредиттелген сертификаттау органдарына өтiнiш береді. Ол өтініш екі апта бойы каралып, екi аптадан сон шешім қабылданады. Сертификаттау бойынша барлық шығындарды өтініш берген қонақ үй кәсіпорын өз мойнына алады. Сонымен қатар, жұлдызды жүйемен бiрге категориясыз қонақ үйлер де болады (ҚР СТ 1141-2002) .
Қонақ үй шаруашылығы Қазақстан егемендiгiн алғаннан кейiн үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Кәсiпкерлiктiң бұл түрі нарықтағы сұраныстың өзгеруiне жиi ұшырайды. Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету белгiлi бiр экономикалык және каржылык көрсеткіштерге базаланады. Олар бiрiншiден, сырткы ортамен, екiншiден, менеджментпен аныкталатын iшкi ортамен байланысты[3] .
1. 2 Қонақ үй шаруашылығының даму үрдісі
Қонақжайлық - қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.
Орта ғасыр кезеңінде қонақжайлылық кәсіпорындар қызметінің үдейуі, алғашқы мамандандыру ассоцияциясын құруға түрткі болды. Солай, 1282 жылы Флоренция мен Италия қалаларының трактирлері өзінің гильдиясын негіздеді.
Қонақжайлық кәсіпорындарының дамуына ерекше рольді АҚШ атқарды. Тарихшылардың ойынша, алғашқы керуен сарайлар Еуропадан кейін 1607 жылдан бастап пайда бола бастады.
Америка континентіне келген Еуропалық көшкіндер өздерімен қонақ сарайлардың құрылысы мен басқарудың тәжірибесін алып келді.
Сәулетшілердің көзқарасымен қарағанда, американдық қонақ үйлер еуропалықтарға ұқсас келіп, кішкене ғана ерекшеленді. Мысалы, адамдарды орналастыруға, таптық белгілеріне қарай дискриминация болған жоқ. Әлеуметтік қызметті атқаратын еуропалық кәсіпорындарға қарағанда американдық қонақ үй сарайлары коммерциялық бағытта болды, пайда табу мақсатында құрылды.
Ең алғашқы АҚШ-тағы қонақ үй Нью-Йорк Бродвейіндегі 70 бөлмелі «Сити-отель» болды. Бұл мәнді оқиға 1794 жылы болды. 1829 жылы Бостонда «Тремонт» отелі ашылды - АҚШ-тағы алғашқы классты отель - коридорлы, тіркелетін орнымен, әр номерде құлпы бар және қонақтарға арналған тегін сабын болды. Мұндай отельдің ашылуы қонақжайлықтың бастамасы болып, ең алғашқы АҚШ-тың Шығыс, кейіннен Оңтүстік жағалауларындағы қалаларға жайылды.
ХІХ- ғасырдың аяғында бұд жерде қонақ үйлер екі типті болды. Біреулері үлкен және сән-салтанатты, кей біреулері кең вестибюльді, балға арналған зал, лифт, сантехника, электрожарығы және де бір қатар басқа ыңғайлығы бар архитектуралық шедевірлі болды. Басқалары - төмен бағамен ұсынушы кішігірім және ескірген.
1898 жылы Лондонда «Савай» отелі ашылды. Оның басқарушысы атақты Цезарь Ритц (қазіргі уақытта Ритц-Карлтон отельдері оның атымен аталған) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz