Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық- коммуникациялық технология факультеті
«Автоматика және есептеу техникасы» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:
"Қазақ қоғамына сапалы өзгерістер алып келген әлеуметтік реформалар мен оның нәтижелері"
Орындаған:Ақтаев. М. О
АУ-901
Тексерген:Кариева. Т. А
Семей
2020 жыл
Қазақ қоғамына сапалы өзгерістер алып келген әлеуметтік реформалар мен оның нәтижелері
Жоспар:
1. 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президенттінің Қазақстан халқына жолдауы
2. Денсаулық сақтау
3. Спорт және дене шыңықтыру
4. "Серпін-2050" әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау
мәселесі.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Жалпыұлттық жоспарды орындау жөніндегі іс-шаралар
жоспарын
әзірлесін және бекітсін;
2) Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауының қағидалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;
3) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары:
1) Жалпыұлттық жоспардың іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау - азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және өзге де шаралар жиынтығы.
Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесі Өңдеу
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.
Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштер өңдеу
Республикадағы барлық мамандық бойынша дәрігер саны 50, 6 мың немесе әрбір 10 мың тұрғынға 33, 9 дәрігерден келеді. Орта буын медицина қызметкерлерінің саны 104, 4 мың адамды құрайды (10 мың тұрғынға 74, 1) . Жоғары білімді медицина кадрларын мамандандырылған 6 жоғары оқу орындары даярлайды. Барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда орта буынды медицина қызметкерлері даярланады.
Қазақстанда тұрғындарға емдеу-профилактикалық қызмет денсаулық сақтау ісінің аумақтар бойынша тарамдалған нысандары арқылы жүзеге асырылады. Халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін мекемелер саны 1999 жылы 3057, әйелдер консультациялары, балалар емханалары мен жеке амбулатория саны 1738 болды. Тұрғындарға стоматологиялық көмек көрсететін мекемелер саны көбейе түсті. 1990 жылы республикада 88 жеке стоматологиялық емхана жұмыс істесе, қазір олар 3 есе көбейіп, қазіргі уақыттағы саны 243-ке жетті. Сондай-ақ, халыққа стоматологиялық қызметті 1042 стоматологиялық кабинеттер де көрсетеді.
20 ғасырдың 90-жылдары жекеменшік медицина кең етек жая бастады. Ірі кәсіпорындар мен мекемелерде, ауылдық елді мекендерде санитарлық, дәрігерлік, фельдшерлік-акушерлік пунктер жұмыс істейді. Республикада (негізінен, облыс орталықтары мен Астана, Алматы қаласында) әр түрлі ауру-сырқаттарды емдейтін ірі мамандандырылған медицина орталықтары бар. Соңғы жылдары, Қызылорда мен Жезқазған қалаларында, еліміздің экологиялы қолайсыз аймақтарының тұрғындарына көмек көрсететін ірі, қазіргі заманғы жаңа құралдармен жабдықталған медициналық орталықтар іске қосылды. 1990 жылы Қазақстанда 440 санаторий мен басқа да емдеу-сауықтыру мекемелері жұмыс істеді. Оларда 64 мың орын болды; Денсаулық сақтау
Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың қағидаттары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат:
1) барлық жеке адамдар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi және олардың жалпыға бірдей қолжетімділігі;
2) халықтың әртүрлi жас топтарына дене тәрбиесiн берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы;
3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағыты;
5) дене шынықтырумен, әуесқой және кәсіпқой спортпен айналысуға тең құрмет көрсету;
6) кемсітушілікке тыйым салу және қатігездікті, зорлық-зомбылықты және адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу;
7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктер спортының басымдығы;
8) бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу қағидаттары негізінде жүргiзiледi.
2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттері:
1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық, паралимпиадалық емес, сурдлимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту;
3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
5) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
«Серпін-2050» − кең ауқымды әлеуметтік жоба. Оның жүзеге аса бастағанына биыл үшінші жыл. Осы аз ғана уақыт ішінде 12 мыңнан астам қыз-жігіт жастар үшін өте маңызды саналатын әлеуметтік бастаманың игілігін көрді.
Халықтың жоба туралы ой-пікірі де жақсы. Алғашында сенімсіздікпен әрі күдікпен қарағандар аз болған жоқ. Оның үстіне «Тұрмыс-тіршілікке қолайлы, ата-анасы мен туған-туыс, жора-жолдастарының жанындағы жылы-жұмсақ орынды тастап оңтүстіктің жастары қысы қытымыр солтүстік өңірлерге оқу-білім іздеп бара қоюы екіталай» деп болжам жасағандардың да болғаны рас. Бірақ осындай күдік-күмәндардың барлығы уақыт өте келе сейілді.
Қазір жұрт «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы туралы жан-жақты хабардар. Осы бағдарлама арқылы балаларының білім алып, жұмысқа орналасуын қалайтын ата-аналар көп. Оған дәлел - алғашқы жылы мемлекеттік грант үшін бір орынға бес талапкер бақ сынаса, кейінгі жылы 7-ге жетті. Биыл да конкурсқа қатысушылардың қарасы қалың. Жүзден жүйрік шыққандар ғана «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша республиканың солтүстік, шығыс өңірлеріндегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарында білім алатын болады.
Негізгі «Серпін» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасынан кейін бастау алған еді. Мемлекет басшысы осы мақаласында елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың маңызды жолдары мен міндеттерін көрсетіп берген болатын. Елбасы тұтынушылық қоғам түсінік-тұжырымдамасының орнына балама ретінде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын ұсынды. «Елімізде жұмыс орындарын құрудамыз, жаңа өндірістер салудамыз. Сондықтан, жұмыс бар жерге бару керек», деп жол сілтеді.
Мемлекет басшысының осындай келешектің қам-қарекетін ойлаған маңызды идеялары мен бастамасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жастар мәселесіне орай арнайы бағдарлама қабылдаған болатын. Бұл бағдарлама «Мәңгілік ел жастары − индустрияға» деп аталады. Ал осының алдында Елбасы Н. Ә. Назарбаев үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына дәнекер болып, бұл бағытта республика көлемінде ауқымды жұмыстар қолға алынып, нарықтық экономиканың талап-міндеттеріне толық жауап беретін заманауи өндіріс орындары ашыла бастаған еді. Қазақстанда шикізаттық өндірістің орнын отандық өнімдер өндіретін кәсіпорындар алмастыра бастады. Сол өндіріс орындарында қазақстандық жастардың жұмыс істеуі қажет болды. Ол үшін олардың лайықты білім алуы тиіс екендігі айдан анық. Мемлекет басшысының «Жұмыс бар жерге бару керек» деп меңзегенінің түп-төркіні осында.
Тағы бір баса айтатын мәселе - «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарының таңдап алынуы жайдан-жай емес. Бұл облыстарда бала туу көрсеткіші өте жоғары. Халық тығыз. Тұрғындар саны жылдан-жылға қарқынды өсіп келеді. Оның үстіне сырт жақтан көшіп келушілер осы облыстарға қоныстанғанды қош көреді. Міне, осындай себеп-салдарларға байланысты тұрғын үй, мектеп, балабақша және басқа да әлеуметтік нысандардың жеткіліксіздігі анық байқала бастады. Оның үстіне аталған облыстардағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына мемлекеттік грант бойынша оқуға түсу қиынның қиыны. Өйткені, талапкерлер көп, конкурс күшті. Тіпті білім ордаларын бітірген күннің өзінде жастардың көбі мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай, сенделіп бос жүреді.
Ал Қазақстанның солтүстік пен шығыс өңірлерінде жағдай бұған керісінше. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және басқа да аймақтарында бала туу деңгейі төмендей бастады. Сонымен бірге, бұл өңірлерден сыртқа көшу көбейді. Өндіріс орындарында мамандар тапшы болып, еңбек күші қажет екендігі айқын байқалды.
Халық тығыз орналасқан оңтүстік облыстардың тұрғындарын, әсіресе, жастарды солтүстік пен шығыс өңірлерге тарту, оларға мемлекеттік грант бойынша білім беріп, жұмысқа орналастыру, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерін түбегейлі шешу - «Серпін-2050» жобасының негізгі мақсаттарының бірі.
Бұл бағдарлама бойынша жоғары оқу орындарында білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттарды иеленген жастар шәкіртақымен, жатақханамен толық қамтамасыз етіледі, олардың барып-қайту темір жол шығындары төленеді. Жастардың оқу бітірген соң қиналмай жұмыс тауып, өздерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуына толық мүмкіндігі бар. Республикадағы көптеген білім ордаларында жоғары курс студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету өзекті болса, «Серпін» жобасы бойынша оқуға түскен қыз-жігіттер оқуды бітіргенге дейін орын-жаймен қамтамасыз етіледі.
Ал «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша колледждерге оқуға түскен жастарға жасалатын жағдай тіпті жақсы. Оларға жылына екі рет жол шығындары төленіп, қыстық киімдер алуға қаражат бөлінеді, күніне үш мезгіл ыстық тамақ беріледі. Колледж студенттерінің білім ала жүріп, өндіріс орындарында жұмыс істеп, табыс табуына мүмкіндік бар.
«Серпін» жобасы бойынша мамандық алудың аясы кең. Педагогикалық, ауыл шаруашылығы мен ветеринария, техникалық, тіпті медициналық бағыттар бойынша жастардың білім алуына жол ашылып отыр.
Қазақстанның 7 облысындағы жеті жоғары оқу орны «Серпін» бағдарламасымен студенттерді қабылдайды. Бұл үшін бөлінген мемлекеттік грант -
1 050. Әр жоғары оқу орнына 150 грант қарастырылған. Педагогика бойынша 19 мамандық түрі бар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz