Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
МИРАС УНИВЕРСИТЕТІ

Сапар Арайлым Ержанқызы

Қазақстан Республикасы экономикасын қаржылық реттеу әдістері: жағдайы, мәселелері, жетілдіру жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В050900 - Қаржы мамандығы

Шымкент 2022 ж.

МИРАС УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
Сектор менеджеры Коптаева Г.П.
__________ (қолы)
______ ______________2022 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қазақстан Республикасы экономикасын қаржылық реттеу әдістері: жағдайы, мәселелері, жетілдіру жолдары

5В050900 - Қаржы мамандығы

Орындаған Сапар А.Е.

Ғылыми жетекшісі д.э.н.
Курманбаев С.К.

Шымкент 2022 ж.

Мазмұны

Кіріспе
3
1
Экономиканы қаржылық реттеудің теориялық негіздері
5

1.1
Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі
5

1.2
Экономиканы қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы
10

1.3
Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
15
2
Қазақстан экономикасының қаржылық реттеудің әдістерін талдау
16

2.1
Қазақстан Республикасындағы экономиканы реттеудің қаржылық әдістерін талдау
16

2.2
Мемлекеттік қаржылық реттеудің экономикадағы құрама бөлігі - салықтық реттеу
23
3
Қазақстан экономикасын қаржылық реттеуді жетілдіру жолдары
39
Қорытынды
49
Қолданылған әдебиеттер тізімі
51

Кіріспе

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғамның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы реттеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да реттеуді қажет етеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері маңызды болып табылады, олар: ұлттық қорғаныс, фундаменталды ғылым, космостық зерттеулер, денсаулық сақтау, қала құрылысы, заводтар салу, мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу, ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану, монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары, жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру, әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары: жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту; бәсекелік ортаны барынша қолдау.
Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:
oo экономикалық өсім;
oo жұмысбастылық жағдайы мен деңгейі;
oo бағаның тұрақтылығы;
oo сыртқы экономикалық тепе-теңдік.
Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және реттеуді қажет ететін салалары мен аумақтары.
Қаржы саясаты нақты шаруашылық өмірде қаржы механизмі арқылы іске асырылады, ол қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің , нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады. Қаржы механизмі арқылы шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде және қызмет сфераларында экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау үшін мақсатты ақша қорлары мен ақша қорланымдарын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі қаржы қатынастары басқарылады.
Қаржы механизмі мемлекет белгілеген қаржы шараларын атаулы, нақты нәтижелерге - қоғамдық-экономикалық өмірдің барлық деңгейлері мен сфераларындағы қоғамдық өнімдерінің, матриалдық емес игіліктердің, қызметтер көрсету мен құндылықтардың толып жатқан барлық элементтері құнының құрамына кіретін қаржы ресурстарының ұдайы өндірілуіне айналдырып, іске асырады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде болып отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын ендігі жерде дамыған елдердің экономиканы реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар мен даму жолдарын мемлекеттік реттеудің рөлі орасан зор болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мазмұнын сипаттау арқылы тиімді қаржылық реттеу механизмдерін ұсыну. Мақсатқа жету барысында төмендегі міндеттерге қойылды:
- экономиканы қаржылық реттеудің қажеттігін, маңызын және қалыптасқан реттеу бағыттарын айқындау;
- экономиканы қаржылық реттеудің қажеттігі мен ерекшеліктеріне тоқталу;
- нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттік қаржылық реттеудің әдістерін талдау;
- еліміз үшін бүгінгі таңдағы маңызды болып табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау болып табылады.
Зерттеу объектісі - экономиканы мемлекеттік реттеу механизмдері.
Зерттеу пәні - мемлекеттік реттеуді қажет ететін экономикалық қатынастар.
Аталған мәселе бойынша Дж.М.Кейнс, А.Смит, Людвиг Эрхардт, Д.В.Валлов шетелдік ғалымдары және Есиркепов Г.А., Төреғожина М.Б., Чиркин В.Е., Ихданов Ж., Сансызбаева Ғ.Н. сияқты отандық ғалымдар зерттеулер жүргізген.
Зерттеу әдістері ретінде салыстырмалы және логикалық талдаулар қолданылған.
Ақпараттық база ретінде монографиялар, Президент Жолдауы, оқу құралдары, лекция курстары, заңнамалық актілер, ұзақ мерзімді стратегиялар, Статистика агенттігінің жарияланымдары, БАҚ көздері қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайлаланылған әдебиеттерден тұрады. Бірінші бөлімде экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері қарастырылған. Екінші бөлімде Қазақстан Республикасы экономиканысының даму жағдайы талданған. Үшінші бөлімде Қазақстан экономикасын мемлекеттік реттеуді жетілдіру бағыттары ұсынылған.

1 Экономиканы қаржылық реттеудің теориялық негіздері

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімінің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады". Экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік - шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді. Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігін анықтайтын факторларды ұғымдық түрде анықтап алу керек.
Ең алдымен мәселе "таза қоғамдық тауарлар", яғни нарықтық қатынастар механизмдерінің әсерін қабылдамайтын тауарлар жөнінде болмақ. Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен дамуы барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мүжбүр етті, оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі.
Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға арналған мәжбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар көрсеткіштерін қалыптастырады. Мұндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың заңды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды, тұтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын-ала ескертуді және тағы басқаға жатқызуға болады.
Мемлекеттік реттеу қажеттілігін айқындауға мүмкіндік беретін келесі маңызды түсінік - тауарларды өндірушілер мен оларды тұтынушылардың нарықтың өзара қатынастарының күшеюі мен тығыздылығының "сыртқы әсерлері" болып табылады. Мәселен, бұл қарым-қатынастар аумағында тауарлар өндіруге кететін шығындар құрамында табиғатты қорғау шаралары мен соған арналған қорларды тиімді пайдалануға кететін шығындарды ескеруді ынталандыру механизмі жоқ. Осыдан келіп, өз қызметін тек қана сұранысты қанағаттандыруға және пайда табуға бағыттайтын кәсіпкердің ой-өрісінен қоршаған табиғи ортаның ластануын болдырмау және шикізатты тиімді пайдалану мәселелері толықтай шет қалатындығы әбден түсінікті. Адамдардың өндірістік тұтыну қызметінің сыртқы әсері ретінде пайда болатын бұл мәселенің шешімі ең алдымен мемлекеттің араласуын талап етеді [1].
Нарық субъектілерінің өзара іс-әрекетінің шарттарын анықтауға және олардың сақталуын бақылауға арналған трансакциялық шығындарды төмендетуде де мемлекеттің рөлі зор. Мұндай шығындардың салыстырмалы түрдегі төменгі мөлшерін көбінесе мемлекет тарапынан мәжбүр ету тетіктерін қолдану арқылы қамтамасыз етеді, ал оған нарықтық бәсекеге қатысушылардың бәрі де мүдделі.
Ең соңында халықты әлеуметтік жағынан қорғау мен қамтамасыз ету мәселелерін атап айту керек. Өйткені бұл мәселелердің саясатпен "көршілес" тұратындығын ескеріп, оларды дер кезінде шешіп отыру керек болса, бұл істегі мемлекет ролі айрықша жоғары болып келеді.
Мемлекеттік реттеудің объективті қажеттілігі белгілі шарттылықпен алғанда өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер жүйесін ескере отырып бұл жүйенің негізін микроэкономикалық, ал жоғарғы деңгейін макроэкономикалық көрсеткіштер құрайтын пирамида түрінде елестетуге болар еді. Макро және микроэкономикалық көрсеткіштердің бірқалыпты түйісуі пирамиданың орталық бөлігінде жүзеге асады, бұл тұста халық шаруашылығын басқарудың аймақтық-салалық органдарының шаруашылық қызметінің көрсеткіштері басым болып келеді. Экономиканы реттеу - мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыда қолданатын іс-әрекеті екендігін атап өту керек. Бұл - үкіметтің болжамы емес, оның объективті қажеттілігі, өйткені ерікті кәсіпкерлік жүйесі мен нарықтық қатынастар тиімді теңгермешілік жағдайындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесін мемлекетке қалдырады. Келесі жағдайларға байланысты тиімділік бұл жерде барынша күрделі мазмұнға ие болады:
oo өндірістік немесе әлеуметтік сипаттағы нақтылы мәселелердің тиімді шешімі оны макроэкономикалық деңгейден қарастырғанда, яғни , тек жиынтық табыстарды жиынтық шығындармен салыстыру жағынан келгенде тиімсіз болып шығуы әбден мүмкін. Егер жиынтық шығындардың абсолюттік көрсеткіштері жиынтық табыс бойынша көрсеткіштер деңгейінен жоғары болса-бұл шешімнің тиімділігі күмәнді болады:
oo халық шаруашылығының тиімді аймақтық-салалық құрылымын құру жөніндегі мемлекеттік шаралар жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілердің салалар мен аймақтардың тұрғысынан тіпті де тиімді болмай шығуы мүмкін, өйткені соңғылардың деңгейінде мемлекеттің макроэкономикалық мүдделері әрдайым қарастырыла бермейді:
oo егер экономиканы өсіңкілі ұдайы өндіретін жүйе ретінде қарастыратын болсақ, онда макроэкономикалық теңгермешіліктің өзі осы жүйенің болашақтағы даму тиімділігінің факторы ретінде алынады.
Осыларды ескеретін болсақ, мемлекеттік реттеу барысы өз кеңінде нақтылы бір мерзімге есептелген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының туындысы болып табылатын тұтастай экономикалық жүйе дамуының бағдарламалы - мақсатты нұсқауларына бағындырылуы қажет екендігі туындайды [2].
Мемлекеттік реттеудің әкімшіліктің нормалары мен әдістері Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алады. Ол үшін арнаулы заңдық, қызметтік, техникалық және тағы басқа да нормативтер мен ережелер жасалуда. Олар экономиканың барлық салаларында әлеуметтік қызмет нарығын реттеуде, жұмыссыздықпен, жоқшылықпен және кедейшілікпен күрес жолында, зейнетақымен қамтамасыз етуді жетілдіруде және тағы да басқа жағдайларда қолданылады. Нарықтық шаруашылық жағдайында экономиканы мемлекеттік тұрғыдан реттеу әлеуметтік - экономикалық жүйені жағдайдың өзгеруіне қарай бейімдеп тұрақтандырып отыратын құқыққа ие мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын заңдық, атқарушылық және бақылау сипатындағы тұрпатты шараларды білдірмек.
Мемлекеттің экономиканы басқарудағы рөлін санмен көрсету мүмкін емес. Оның кеңдігі әрі жан-жақтылығы соншалықты, оны қандай болмасын сандық өлшеммен көрсету қиын. Мемлекеттің барлық іс-әрекеттері салықтар, жәрдем қаржылары демеу қаржылары, бюджеттік, ақша-несие саясаты, зейнетақымен қамту және тағы басқа да адамзат дамуына ықпалын тигізеді. Сондықтан дамудың әр түрлі деңгейіндегі мемлекет халықты толғандырған мәселелерден тыс қала алмайды, және қалуға тиіс емес.
Қазіргі уақытта жергілікті және аймақтық органдар жекешелендіруді ынталандыруда негізгі рөл атқарады, өйткені олар көптеген мемлекеттік активтер мен кәсіпорындарды иеленіп отыр [3].

1.2 Экономиканы қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен ұйымдық-әдістемелік негіздері

Қазақстандық экономистер Ихданов пен Мамыров экономиканы мемлекеттік реттеуді мемлекеттің өзіне негізгі административті-экономикалық және ұйымдық-құқықтық араласуы, әсіресе әлеуметтік-экономикалық процеске, яғни оның рационалды балансын және макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау көрсету екендігін атап өтті.
Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және дамытуға ынталы болады. Жалпы нарық механизміне тән кемшіліктерді мемлекет экономикалық реттеу арқылы түзетіп отыруға тиісті. Бәрімізге белгілі нарықта негативті жағдайлар бар. Яғни, барлық адамзат қарамағындағы, теңіздердегі барлық байлықтар толығымен пайдаланылмайды.
Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар:
oo шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;
oo нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр түрлі нұсқасы;
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері:
oo адаптациялық үлгі - мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;
oo белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:
oo құқықтық реттеу - мемлекеттің тарапынан;
- өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібінің белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер жүйесі меншік формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарны келісім-шарт жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;
- әкімшілік реттеу - лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау шараларымен айналысады.
- экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатына жәнеұлттық экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің әдістерін келесідей жіктеуге болады:

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ

ЖАНАМА РЕТТЕУ
ТІКЕЛЕЙ РЕТТЕУ

Экономиканы индустриалды-инновациялы реттеу
Ресурстарды пайдалану шарттары мен ақысын реттеу шаралары
Лимиттерді бекіту
Амортизациялық саясат
Ақша -несие саясаты
Салық саясаты
Мемлекеттік сатып алу немесе тапсырыстар жасау

Орталықтандырылған күрделі қаржы жұмсау

Баға мен табысты реттеу

Сурет 1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері кең тараған:
oo ұлттық қорғаныс;
oo фундаменталды ғылым;
oo космостық зерттеулер;
oo денсаулық сақтау;
oo қала құрылысы, заводтар салу;
oo мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу;
oo ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;
oo монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;
oo жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;
oo әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей:
oo жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
oo шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;
oo бәсекелік ортаны барынша қолдау.
Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:
oo экономикалық өсім;
oo жұмысбастылық жағдайы мен деңгейі;
oo бағаның тұрақтылығы;
oo сыртқы экономикалық тепе-теңдік.
Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және реттеуді қажет ететін салалары мен аумақтары [4].
Мемлекет тарапынан экономикалық үдерістерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.
Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда - өзін-өзі реттеу және мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарында қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму үдерісіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржылық тұтқалар арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика ара қатынастарының (ұдайы өндірістік, салалық, өңірлік және т.б.) сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржылық ресурстарды шебер пайдаланудың күнделікті үдерісін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану үдерісі ретінде сипатталады. Мұндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің дамуын керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады.
Мына бастапқы негіздемелер мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттары болып табылады:
1. Қоғам дамуының объективті экономикалық заңдарының әрекетін есепке алу. Қаржылық реттеу үдерісі қаржылық саясаттың субъективті түрде белгіленген бағыты және оны шаруашылықтық практикаға асыру механизмі бойынша өтетіндіктен, экономикалық заңдар мен оларға сәйкес келетін экономикалық категорияларда бейнелеп көрсетілген шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделері неғұрлым толығырақ ескерілсе, бұл саясат пен механизмнің шаралары соғұрлым шынайы әрі практика талаптарына жауап беретін болады. Ал олай болмаған күнде нақтылы экономикалық өмірде қаржылық механизмнің нысандары мен әдістерін күшпен алу реакциясы пайда бола бастайды.
2. Қоғамның барлық мүшелерінің түпкі мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актілерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады; ойда болмаған жағдайларға байланысты тактикалық сипаттағы түзету жасалуы мүмкін.
3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің, әлеуметтік, ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған олардың демократиялық институттарының болуы. Басқарманың автократиялық нысаны шешімдердің валютаризмін, оларды қоғамның қабылдамауын және олардан айыруын, бұрмалама орындалуын, мемлекеттік құрылымдар жұмыстарының төмен тиімділігін: игіліктің сырт көрінісі кезінде қоғам тоқырауға ұшырайды, әлеуметтік-экономикалық мешеулікті және азғындауды тудырады.
4. Шаруашылық қызметте қылықтың нормасы мен ережесінен шегіністі айқын және жедел сезінетін елде жақсы жолға қойылған заңнамалық, жүйенің болуы. Сөздің кең мағынасында заңнамалық жүйе әсері оның заңнамада келісілген таза заңды жауапкершілік шегінен шығып кететін нормалар, соның ішінде шешімді атқару үшін билік құрылымдарының жауапкершіліктері үшін қоғамда өнегелі климатты қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни басқару саласы, құзырлылық және басқарудың бүкіл иерархиялық құрылымындағы тәртіп ұйғарылады.
Қаржылық реттеудің көмегімен мемлекет халықтың төлем қабілеттігінің сұранымына, қорланудың қарқынына, тауарлар мен қызметтерді өткізуге, елдер арасындағы тауарлар мен капиталдардың қозғалысына, макроэкономиканың салалық және аумақтық құрылымына ықпал етеді.
Сонымен бірге қаржылық тұтқалардың көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:
материалдық өндіріс сферасында жұмылдырылатын қаржылық ресурстардың жалпы деңгейін реттеу;
өндірістік сферадағы монополиялық қызметті экономикалық шектеу;
кәсіпорындардың, ұиымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісімшарттық тәртібін қамтамасыз ету;
кәсіпорындарда, ұйымдарда, фирмаларда өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру;
кәсіпорындардың, ұйымдардың, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік ара қатынасын реттеу;
ел, өңір, сала, кәсіпорын, ұйым, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық үдерістерді реттеп отыру.
Сөйтіп, өндірісті қаржылық реттеу мен ынталандырып отырудың негізінде жалпы алғанда елдің экономикалық дамуының үрдісіне қаржылық тұтқалардың көмегімен ықпал жасалады. Әдетте реттеу үдерісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың жұмыс істеу шарттарының әр алуандығымен, әр түрлі категорияларды, олардың элементтерін пайдаланумен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеу жүйесін ажыратудың, тұрпаттарға, түрлерге, нысандарға және әдістерге сыныптаудың маңызы зор.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.
Валюталық, қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюта бағамы, ақшалай капиталға пайыздық мөлшерлемелер, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың сан алуан әдістері.
Реттеудің ішкі шаруашылықтық түрінде коммерциялық немесе шаруашылық есеп, қаражаттарды нормалау әдістері, қаржылық қорларға аударылатын аударымдардың нормативтері және оларды пайдалану қолданылады.Сонымен бірге экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін тегіс қамти алмайды. Ол, әдетте, өлшеулі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді.

1.3 Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі

Реттеудің екі тұрпаты бар: ол экономикалық (оның: қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық, еңбекке ақы төлеу бөліктерімен) жәнеәкімшілік реттеу.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кредиттік-тарифтік, валюталық-қаржылық, шаруашылық ішіндегі (фирма ішінде, кәсіпорын, ұйым, корпорация шегіндегі және т.б.) реттеуді қамтиды. Қаржылық реттеудің осы түрлеріне сәйкес оның мынадай нысандарын атауға болады: мысалы, бюджетте - қаржыландыру (субвенциялар, субидиялар, трансферттер), салықтар-тура және жанама салық салу, валюта-қаржыда - сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар, сыртқы борыш. Бұлар - қаржылық реттеудің негізгі нысандары.
Ортақ нысан жаспарлау (болжау) болып табылады. Реттеудің айырықша нысаны мемлекеттік сатып алу болып табылады.
Мемлекеттік сатып алу - мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындардың, заңи тұлғалардың және олармен аффиландырылған заңи тұлғалардың олардың қармағындағы ақшалардың есебінен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу.
Мемлекеттік сатып алудың үдерісі мынларды кірістіреді:
- сатыпалынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің номенклатурасы мен көлемін қалыптастыру;
- жеткізушіні таңдау, онымен мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасу;
- мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың атқарылуы.
Мемлекеттік сатып алуды реттеу мына қағидаларға негізделеді: сатып алуға пайдаланылатын ақшаны оңтайлы әрі тиімді жұмсау; барлық әлеуметті жеткізушілерге мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру; жеткізушілер арасында әділетті бәсеке; мемлекеттік сатып алу үдерісінің жариялылығы.
Рыноктық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме іс әрекет етеді. Сыныптаудың ең көп элементтері реттеу әдісітері болып табылады, олар сондай-ақ жекелеген нысандар үшін (мысалы,салықтардағы мөлшерлемелер әдісі, қарыздардағы жаңғырту) айрықшалықты сияқты болуы, немесе бірнеше нысандарда (мысалы, бюджеттерде және шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржы жоспарларында теңестіру, бұл нысандарда резервтер жасау әдісі, әр түрлі нысандар мен түрлер үшін индекстеу әдісі және т.б.) қолданылуы мүмкін.
Әдістер дербес амалдарға, тәсілдерге межеленеді және реттеу жүйесінің неғұрлым жылжымалы, өзгермелі элементтері болып табылады. Мысалы, салық салуда - салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, табыстарды, мүлікті, активтерді мағлұмадамалау, аванс төлемі және басқалары; бюджеттен қаржыландыру кезінде - шығыстарды нормалау, қаражаттардың пайыздық аударымдары, бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдістері, бюджет артығын пайдалану; амортизацияның нормалары, кәсіпорныдардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырудың нормативтері және басқалар.
Бұл реттеушілер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның көлемі, валюталық бағам), кредит (кредит үшін сыйақылар (мүдделер), есеп мөлшерлемесі мен қлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктегі ұлттық банк операцияларының ауқымы), баға (реттемелі бағалардың деңгейі, еркін және тіркелген бағалардың арақатынасы, рентабелділіктің шекті деңгейі) реттеуіштерімен толықтырылады.
Мемлекеттік қаржылық реттеу тұтқаларының ішінде салықтарға аса маңызды орны берілді. Салықпен реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділіктегі ынталығын қамтамасыз етуге арналған.
Мемлекеттік қаржылық реттеу проблемасының екінші жағы бюджеттен қаржыландыруды пайдалану тиімділігінің дәрежесі болып табылады.
Валюталық-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер мыналар болып табылады: валюталық бағам, ақша капиталының пайыздық мөлшерлемелері, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздардың бағамдары, валюталық тәуекелдерді сақтандырудың саналуан әдістері.
Мемлекеттік сатып алуда мыналар әдістер болып табылады: ашық конкурс, жабық конкурс, бағалы ұсыныстардың сұрау салуын пайдалана отырып жеткізушіні таңдау және басқалары.
Қаржылық реттеме жүйесінің элементтері - түрлері, нысандары, әдістері - қабылданған бағытта экономиканың үйлестірілген тұрақты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуі тиіс. Рынок жағдайында реттеменін жанама әдістеріне көп көңіл бөлінеді.
Мемлекет шаруашылық үдерістердің барлық қатысушылары үшін қызметтің ортақ шарттармен ережелерін, қызметтің басым сфералары үшін олардың преференициалдықтарын (жеңілдіктерін) белгілейді; бұл салықтар, олардың мөлшерлері, қаражаттар аударымдарының мөлшерлері, субвенциялар, жеңілдіктер, тарифтер, тіркелген бағалар, ақша-кредиттік, валюталық, кедендік және әлеуметтік реттеменің нормативтері.
Ықпал жасаудың осы негізгі индикаторларының негізінде сұраным мен ұсыным сәйкестігінің сипатымен ұсынылатын реттеудің қайталама, рыноктық-бағдарланған элементтері қалыптасады: еркін бағалар, кредиттер үшін пайыздық мөлшерлемелер, валюталық бағам, түрлі қорларды қалыптастырудың және шаруашылық жүргізуші субьектілерде олардың пайдаланудың нормативтері. Алайда реттеменің жанама элементтерінің іс-әрекеті әсіресе дамудың белгіленген курстан едәуір ұнамсыз ауытқулары кезінде мемлекет тарапынан тура, директивалық әдістермен толықтырылуы мүмкін.

2 Қазақстан экономикасының қаржылық реттеудің әдістерін талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы экономиканы реттеудің қаржылық әдістерін талдау

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырамас элементі болып табылады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi. Экономиканы салықтық және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты саясат фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу - бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және нақты қолдану процесі.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық реттеулерді қамтиды. Осы аталған экономиканы қаржылық реттеулердің ішінде салықтық реттеудің орны мен маңыздылығы ерекше болып табылады. Экономиканы салықтық реттеуде тура және жанама салықтар қолданылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме негізгі қолданыста болады. Дүниежүзілік тәжірибе салықтық реттеуде келесідей реттеу әдістерін: салық салуда - салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен санкциялар, салықтық-бюджеттік ынталандыру және тежеу саясаттары, салықтық бөлу және қайта бөлу, бақылау қызметтері жатады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады. Салықтар өз кезегінде қаржының бастапқы категориясы.
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей үш қызметтерi бар:
oo Фискалдық;
oo Реттеушiлiк;
oo Бақылаушылық.
Салықтардың экономиканы реттеудегі басты қызметi - фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер - салықтар болып табылады. [5]
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты - бюджет (мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Мультипликатордың іс-әрекеттерінің жоғары баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспанция) - бұл саясат қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзег асырылады.
Аталған ынталандырушы бюджеттік-салық саясаты мыналарды қарастырады:
- мемлекет шығыстарының көбеюі;
- салықтардың төмендеуі;
- мемлекеттің шығыстарының артуының үлкен нәтижесін ескере отырып фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс. Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілк фискалдық саясат кері бағыттарды қамтиды:
- мемлекет шығыстарының азаюы;
- салықтардың көбеюі;
- бұл бағыттардың өзара үйлесуі.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Сонымен қатар экономиканы мемлекеттік рететулердің негізгі құралдарының бірі болып табылатын мемлекеттік бюджет, мемлекеттік қаржылардың басқа да қорларының негізгі қайнар көзі салықтық түсімдер болып табылады. Сондықтан мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі - салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын халыққа және шаруашылық қызме тетуші субъектілерге салынатын тура және жанама салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады. [5]
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi салықтық төлемдердiң үлесiн келесi 3-кестеден көре аламыз.
Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар, одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағай жасауы қажет.

Кесте 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң жалпы кiрiсiндегi салықтық түсiмдердiң үлес салмағы

2015
2016
2017
2018
2019
2020
Мемлекеттiк бюджет кiрiсi (млрд. теңге)
Оның iшiнде салықтық түсiмдер
2 098, 5

1 998, 3
2 338, 0

2 209, 1
2 887, 8

2 356, 0
4 034, 4

2 819, 5
3 505, 3

2 228, 6
4 299,1

2 934,1
Салық түсiмердiң мемлекеттiң бюджетiндегi үлесi (%)
95,2
94,5
81,5
69,8
63,5
68,4
Е с к е р т у - автор [18] дереккөз негізінде құрастырған

Осыған орай қазіргі кездегі салық салу жүйесіндегі заңнамаларға сәйкес салықтар фискалдық, реттеу, бақылау, бөлу сияқты негізгі функцияларды атқаратындығын еске түсіре кеткен дұрыс. Фискалды функцияның мақсаты жалпыға ортақ немес мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды орындау үшін қаржы құралдарын бюджетке жұмылдыру болса, ал қалған функциялар осы аталған функциядан бастау алады. Яғни, салықтардың реттеу қызметі мемлекеттің салық механизмі арқылы белгілі бір қаржы-экономикалық (ынталандыру, шектеу, ұдайы өндірістік) мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
Бақылау функциясы табыстар көрсеткіштері мен мемлекеттің қаржы ресурстарына деген қажеттілігін салыстыру арқылы салық сомасын бағалау мақсатында кәсіпорындар мен халықтың қаржы - шаруашылық қызметтерінің нәтижесін қадағалауға бағытталады. Әлеуметтік немесе бөлу функциясы халықтың түрлі әлеуметтік топтарының арасында әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау мақсатында табыстың бір бөлігін бір әлеуметтік топтан алып, әдетте әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар категориясы деп аталатын екінші топтарға қарай беру арқылы қоғадық табысты қайта бөлуге бағытталған [5].
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтарға бөлінеді. Тура салықтар - салық төлеушінің кірісі мен мүлкінің тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал) салынады. Жеке тура салықтар - бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы - жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайында ескереді.
Жанама салықтар - баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар.
Корпорациялық табыс салығы. Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi. Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар - шағын бизнестiң субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс салығын төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Жалпы табыс салығының мөлшерлемесi 30% болып белгiленген. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнiң салық салынатын табысына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Төлем көзiнен салық салынатын табыстар - дивидендтер, депозиттер бойынша сыйақы, ұтыстар, заңды тұлғаларға төленетiн сыйақы, борыштық бағалы қағаздар бойынша купон түрiндегi сыйақы 15 % мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады.
Жанама салықтардың iшiндегi ең маңыздысы 1992 жылы енгiзiлген қосылған құнға салынатын салық - ҚҚС болып табылады. Салық төлеушi мемлекетке оны төлеу нәтижесiнде шеккен щшығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеудi сатып алушыға ауыстырады. Салық салу объектiсi материалдық шығындарсыз өндiрiлген өнiм (амортизациясы бар таза өнiм) болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнiмге кешендi шығындар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бiрқатар шығындар қамтылуы мүмкiн.
Демек, бұл салықтың ерекшелiгi - оның салық салынатын объектiсi сатудан түскен бүкiл түсiм-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзiнiң 40-тан астам елдерiнде, соның iшiнде Еуропа экономикалық одағының 17 елiнде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: бiрiншiден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушiлердiң үлкен тобынан алынады; екiншiден, төлеушiлер үшiн де есептеудiң салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленедi және үшiншiден, бағалардың өзгеруiне, төлеушiнiң қаржылық ахуалына, инфляция деңгейiне қарамастан мемлекет бюджетiнiң кiрiстерiн қалыптастырудың сенiмдi және тұрақты базасын қамтамасыз етедi. ҚҚС қазiргi кезде Қазақстан Республикасының бюджет кiрiстерiнiң аса маңызды көздерiнiң бiрi болып саналады және мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң жалпы сомасында бұл төлемнiң үлес салмағы 13-14%-ды құрады.
Акциздер - бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтiн тауарларға салынатын салық. Акциздердi өзiнiң айрықшалықты ерекшелiктерiне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды өндiрушiлер төлейдi. Акциздер көрсетiлген қызметтерге де салынуы мүмкiн.
Акциз ставкаларын Үкiмет бекiтедi және тауар құнына пайызбен және заттық нысандағы өлшем бiрлiгiне абсалюттiк сомада белгiленедi. ҚР-ның Мемлекеттiк бюджетiндегi акциздердiң үлесi 2007 жылы 3,5%-ды құрады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау процесі келесідей сипатта болады:
Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
oo мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
oo бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
oo бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
oo республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
oo бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
oo мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
oo ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi [7].
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда - ұлттық шаруашыылқтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруға тиіс.
Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканын мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап отыр.
Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингіне, қаржы құралдарына салық салуды және оның нормаларын жетілдіру жәек кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылықтарын күшейту инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтіледі. Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.
Индустриялды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу
Экономикалық міндеттері мен мемлекеттің функциялары
КӘСІПКЕРЛІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ
Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі
Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының бақылау және реттеу агенттігінің сипаттамасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Экономикалық теория ғылымы
Мемлекеттік қаржылық реттеудің экономикадағы құрама бөлігі – салықтық реттеу
Екінші деңгейдегі банктердің құқықтық жағдайы
Экономика негіздері
Пәндер