Қоректендіру жүйесінің ақаулары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Физика-техникалық факультеті
Транспорт және логистикалық жүйелер кафедрасы

Реферат
Тақырыбы: Дизельді моторды қоректендіру жүйесі

Орындаған: Гафарова Айдана
ТТТиТ-11 тобының студенті
Тексерген: Бейсембеков Мейірхан
Құрманғазыұлы

Қарағанды-2022

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі қызметтер.
Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері
Дизельді қозғалқыштар деген не
Дизель қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесінің элементтерін диагностикалау
Қоректендіру жүйесінің ақаулары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Кез келген автокөлік жанармай (бензин, солярка немесе газ) құюды талап етіп тұрады. Заманауи автокөлік толық бакпен 600-800 км жол жүре алады.Жалпы автокөліктің қоректендіру жүйесін адамның қоректену жүйесімен салыстыруға болады. Ең алдымен жанармайды құйып алу керек,одан кейін автокөлікті қоректендіру керек. Жанармай асқорыту жүйесі арқылы қозғалтқышқа, ал қалдық пайдаланылған газ ретінде сыртқа шығарылады.
Тәжірибелі автокөлік жүргізушілері қозғалтқышқа әр түрлі жұмыс кезеңінде қандай мөлшерде жанармай керек екенін жақсы біледі. Дәл уақыт кезеңінде автокөлікке қажетті жанармай мөлшері тағы қоректендіру жүйесі арқылы анықталады.
Кез келген адам автокөлік тек жанармай құйғанда жүретінін жақсы біледі. Сәйкесінше автокөлікте жанармайды сақтайтын арнайы бак болуы керек.
Ережеге сай бензин багі автокөліктің артқы бөлігінде орналасады. Жағармай багі карбюратормен байланысқан. Жанармай карбюраторға бармастан бұрын тазалаудан өтуі керек. Осы себепті таза жанармаймен ғана жүретін жаңа шетелдік автокөліктер тез істен шығады. Егер сіз жанармайды канистрден құятын болсаңыз, тазалаудан өткізуді ұмытпағаныңыз жөн.
Жалпы автокөлікті пайдаланбастан бұрын оны жөндеуден өткізген жөн. Әсіресе қоректендіру жүйесіне баса назар аударылуы керек. Жалпы қоректендіру жүйесінің істен шығуына алып келетін жағдайларға мыналар жатады:
1)Тым көп немесе тым аз мөлшердегі жанғыш қоспаның түзілуі;
2)Жанар жағармайдың ағып кетуі;
3)Жанар жағармайдың карбюраторға берілуінің тоқтатылуы;
4)Жанғыш және салқын қозғалтқыштың жұмыс істеу қиындығы;
5)Пайдасыз жұмыс кезіндегі қозғалтқыштың нашар жұмыс істеуі;
6)Жұмыстың барлық кезеңінде қозғалтқыштың істен шығуы;
7)Жанар жағармай шығынының артуы.
Жанар жағармайдың карбюраторға берілуінің тоқтауы жанар жағармай құбырының және торлы сүзгіштің ластануынан, жанар жағармай сорғышының бұзылуынан, негізгі тазалаушы сүзгіштің лайлануынан, сонымен қатар екі ретті тазалау қақпағының ақауынан болуы мүмкін.
Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесінің ерешеліктеріне, мұнда дайын жану қоспасының орнына сырттан цилиндрге таза ауа сорылады, ал жану қоспасы цилиндрдың ішінде жасалады. Ол үшін цилиндр ішіне, дер кезінде жанар май бүркіп шашылады да ондағы ауамен араласып жану қоспасын құрайды.
Олай болса, цилиндр ішінде жасалатын жану қоспасының сапасы оған шашылып берілетін жанар май мөлшеріне байланысты болады. Сондықтанда дизельді двигательдерде жұмыс жағдайларына байланысты жану қоспасының әртүрлі жасалады, яғни қалыпты байытылған немесе кедейлетілген түрлері.
Дизельді двигателдердің тағы да бір ерекшелігі, жану қоспасы цилиндр ішінде өздігінен, қосылған ауа температурасының көмегімен тұтанады. Сондықтаңда жанар майды цилиндр ішіне қысу процесінің соныңда бүркіп береді. Себебі қысу процесінің соныңда, оының температурасы жану қоспасын тұтандыра алатын деңгейге жетеді. Бұл кезде цилиндр ішіндегі ауаның тек температурасы ғана көтеріліп қоймайды, осыған қосымша оның қысымы да үлкенболады. Ал осындай қысымы үлкен ортада, жанар май ауаны араластырып жану қоспасын жасау үшін, бүркіп берілетін жанар май қысымы, сол цилиндр ішіндегі қысымнан едәуір жоғары болуы қажет. Сонда ғана ол ауамен араласып, жану қоспасын түзетеді.
Дизельді двигательдердің осындай ерешеліктерінің салдарынан, оның қоректендіру жұйесі өте күрделі құралдарды қажет етеді.
Дизельді двигательдердегі негізгі құралға жағары қысым насос пен форсунка жатады. Себебі олардың атқаратын жұмыстарыда саған байланысты құрылыстарыда күрделі болып жасалады.
Жоғары қысым насос екі түрлі қызмет атқарады: Біріншісі - жанар майды цилиндр ішіне дер кезінде ғана, яғни қысу процесінің соңында үлкен қысыммен, форсунка арқылы бүркіп береді. Екінші қызметі двигательдердін жұмыс жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын қамтамасыз ету үшін, жанар майды мөлшерлеп береді.
Сонымен жоғары қысымды жанар май насосы әрі дер кезінде, әрі қажетті мөлшерде ғана жанар май беруді іске асырады.

Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі
Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.
Қоршаған ортаны қорғау мақсатында двигательден шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты. Мысалы: Европалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді двигательдер пайдалануға тыйым салынған. Қазіргі автомобиль двигательдеріенде орталық және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.
Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртқа шығаратын бөліктер. Осылайша құрылған.
Карбюраторлы двигательдерде жанар май үшін көбінесе мұңайдан алатын ең жеңіл және тез буланатын қоспаларынан жасалған бензин қолданылады. Сол ыдыстағы бензин майда сүзгі арқылы бензин насосымен сорылып алынады. Бензин насосы двигательден қозғалыс алады. Ол үшін арнаулы білікте экцентрик орнатылған. Ол айналған кезде насостың тұтқасын әрі - бері қозғайды да насос жұмыс істейді.
Насоспен сорылған бензин енді карбюраторға беріледі. Карбюраторда бензин құйылатын арнаулы қалқымасы бар қуыс жасалған. Қалқыма осы қуыстағы бензин деңғгейіне байланысты жоғары - төмен қозғалып тұрады. Оның осы қозғалысы үстінде орналасқан инелі клапанға әсер етеді.
Ауа мен жанар майды араластыру процесін "карбюрациялық" процесс деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды. Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген. Ал двигательдерге орнатылған карбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады. Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың өзара қатынасы болып табылады. Жалпы 1 кг жанар май толық жануы үшін 15 кг ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жаслса, онда оныв қалыпты жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды. Осы қажетті ауа мен нағыз шығын болған ауаның қатынасын a - деп белгілесек, онда қалыпты жану қоспасының бұл коэффициенті a=1,0. Егер a1,0 ден болса, онда байытылған, ал a1,0 ден болса, онда кедейлетілген қоспа деп атайды. Ондай байытылған немесе кедейлетілген қоспалар бірнеше түрге бөлінеді. Егер a=0,8:0,9 мөлшерінде болса, онда ондай қоспаны аздап байытылған қоспа, ал a0,8 ден аз болса өте байытылған қоспа дейді. Сол сияқты a=1,01 шамасына дейін аздап кедейлетілген, ал a1,1 болса өте кедейлетілген қоспа болады.
Сонымен, двигательдің жұмыс істеу кезінде карбюратор осы аталғандай қоспа жасап бере алатын қабілеті болуға тиіс. Сол үшін оның құрылысына бірнеше қосалқы қондырғылар жасалады. Олар двигательдің мынандай жұмыс жағдайына байланысты төмендегідей қоспамен қамтамасыз етуге тиіс: оталдыру кезінде жанар майдың булануы төмен болғандықтан өте байытылған (a=0,6 - 0,8) жану қоспасы; бос айналыспен немесе аз қуатпен жұмыс істеген кезде аздап кедейлетілген жану қоспасы; толық қуатпен істеген кезде аздап байытылған (a=0,8:0,9) жану қоспасы. Осыларға қосымша, двигатель бір жұмыс жағдайынан екінші жұмыс жағдайына тез ауыса қалған кезде де байытылған жану қоспасы жасалуға тиіс.
Осындай двигательдің жұмыс жасау жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын өзгертіп тұру үшін карбюратор мынандай қондырғылармен жабдықталады: іске қосатын қондырғы; бос айналыс жүйесі; басты мөлшерлегіш қондырғы; экономайзер; эконостат (кейбір ғана карбюраторларда); тездеткіш насос.
Бензин мен ауа қоспасы қопарылыс тәрізді өте тез жануын детонация дейді. Двигательдің осындай жағдайда жұмыс істеуіне болмайды, өйткені поршеньге, поршень саусақтарына, шатунға және түпкі подшипниктерге соққылы күшпен, бөлшектердің жергілікті қызуымен, поршеньдердің және клапандардың жануымен, түтін шығуымен, двигатель қуатының төменделуімен және жанармай шығынының артуымен қабаттаса жүреді. Оның пайда болуына поршень мен цлиндрдің қалпақшасында күйеніңғ қалыңдауы, ерте от алу әсер етеді.
Жанармайдағы октан саны деп детонациялық беріктілігі бойынша сыналатын жанармаймен бірдей болатын қоспадағы изооктан мен гептанның ппроценттік құрамын айтады. Мысалы, егер 93% изооктаннан және 7% гептаннантұратын қоспа детонациялық қасиеттері бойынша сыналатын бензинге сәәйкес келсе, онда мұндай бензиннің октан саны 93 - ке тең болады. Жанармайдағы октан саны неғұрлым жоғары болса, оның детонацияға қарсы беріктілігі соғұрлым артығырақ болады.
ГОСТ - қа сәйкес автомобиль бензинінің маркасы Шығарылады: А-66, А- 72, А - 90, А - 95, АИ - 93 және АИ - 98. А әрпі - автомобиль бензині екендігін, ал цифры - бензиннің октан санын көрсетеді.
Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері
Карбюраторлы автомобиль двигателі тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май-бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады. Бензинді мұнай өнімдерінен тікелей ажырату немесе жоғары температура мен қысымда қайта өңдеу жолымен тазартудан -- крекинг-бензин алынады. Автомобиль двигательдері үшін негізінен крекинг-бензин колданылады. Бензиннің сапасы оның тығыздығымен, жылу шығарғыштық қабілеті және детонациялық қасиеттерімен сииатталады.
Бензиннің тығыздығы 200С температурада 0,700 -- 0,760 гсм3 аралығында болады (Бір текше сантиметр заттың граммен өлшенген массасын оның тығыздығы деп атайды).
Бензиннің жылу шығарғыштық қасиеті 10 500 -- 11000 ккал шамасында болады (Жылу шығарғыштық қасиеті деп -- I кг отын түгел жанғанда шыға-ратын жылудың шамасын айтады. Ол калориямен өлшенеді).
Бензиннің сапасын анықтаудағы бірден-бір көрсеткіштердің бірі оның буланғыштығы. Сондықтан неғұрлым бензиннің булануы жақсы болса (қайнау температурасы төмен), соғұрлым двигательді іске қосу жеңіл және ол үнемді жұмыс істейді.
Отынның детонациялық қасиеті. Цилиндрде сығылған жұмыстық қоспа қалыпты жағдайларда 20-30 мсек. жылдамдықпен жанып, цилиндрдің ішіндегі қысым бірқалыпты өсіп отырады. Кейбір жағдайларға байланысты (бензиннің сапасының нашарлығынан двигательдің шамадан тыс қызып кетуінен, ерте от алу бұрышының артуы т.б.) қоспаның бір бөлегі өте жоғары 200 мсек. жылдамдықта соққы толқынымен жануымен және қысымның тез өсуімен қабаттаса жүреді. Жұмыстық қоспаның осылайша жануын детонация дейді. Отынның детонациялық жануы двигательдің жұмысына үлкен зиян келтіреді. Детонацияның белгілеріне двигательден дүрсілдің шығуы, қуатының кемуі, өшіргіштен қою қара түтін шығуы және двигательдің тез қызуы жатады. Сондықтан детонация кезінде двигательдің бөлшектері тез тозады.
Кейде жұмыстық қоспаның өздігінен ерте от алуын детонациямен шатастырады. Өздігінен ерте от алу дегеніміз -- жоғары температурада жұмыс істейтін" қоспаға ашық жалынның әсері тимей-ақ өздігінен от алу қасиетін айтады. Өздігінен от алу двигатель шамадан тыс қызған уакытта сығу тактісінің соңында сығылған жұмыстық қоспаның температурасы өте жоғарылағанда қоспаның тұтануы электр ұшқыны пайда болғанға шейін болады. Өздігінен от алу кейде жоғары температурадағы қоспа свечаның қызған электродына немесе күйе бөлшектеріне қызудан от алу типінен де пайда болады. Өздігінен от алуда от алу жүйесі ажыратылғанда да, двигатель біраз уақыт өздігінен жұмыс істейді, ал бұл жағдай детонация кезінде кездеспейтін жай.
Отынның детонацияға қарсы тұрушылығы октандық санымен бағаланады. Отынның октандық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның детонацияға қарсы тұрушылығы арта түседі. Автомобильдерге қолданылатын бензиннің октандық саны 66-98 аралығында болады. Бірақ кейде октандық саны басқа да бензин қолданылуы мүмкін. Бензиннің детонацияға карсылығьгн оған антидетонатор (этиль сұйығы) қосу арқылы езгертіп отырады. Этиль сұйығын бензинге қосқанда бензиннің 1 литріне 1,0 см3 сұйық қосады. Этиль сұйығы қосылған бензинді этильденген деп атайды.
Ескерте кететін жай, этиль сұйығы у болғандықтан бензинге азғантай ғана қосқанның өзінде бензин улы болады. Этильденген бензинді жай бензиннен ажырату үшін оған қызғылт-сары, не көк-жасыл бояу қосады. Этиль сұйығы өзінің ерігіштігі, ұшпалығы және адам терісіне тез сіңіп, өткіштігінің арқасында адам организміне өтіп оны қатты уландырады. Этильденген отын этиль сұиығындағыдай өте хауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде өте сақтықпен, ұқыпты болып, оның теріге тиіп, не ішкі организмге кіріп уландырмауына мұқият болу керек. Этильденген бензинмен деталь мен қолды жууға, кір жууға, шланг арқылы ауызбен соруға немесе бензин жүретін түтіктерді үрлеп тазартуға болмайды. Егер этильденген бензин теріге тиген болса оны әуелі керосинмен, кейін сабынды сумен жуу керек. Этильденген бензинмен жұмыс істеген двигательді бөлшектегенде детальдарын ұқыпты түрде керосинмен жақсылап жуу керек. Жоғарыдағы айтылғандай сақтықпен қолданылған этильденген бензиннің жұмыс істеушіге ешбір зияны жоқ. Әр түрлі двигательдер үшін бензиннің бірнеше маркалары - ВАЗ 2106 автомобилі үшін АИ-98 бензиндері колданылады.
Жанғыш қоспаның құрамы. Карбюраторлы двигательдің әрбір жұмыс тактысы циклінің тактысы өте аз уакыт ішінде (0,02 -- 0,01 сек.) өтетін болғандықтан, жұмыс жүрісінің бас кезінде-ақ қоспа жанып бітуі керек, олай болса қоспаның жану уақыты одан да аз (0,002-0,003 сек). Сондықтан қоспаның жоғарыдағыдай өте аз уақыт ішінде жанып үлгеруі үшін отынның өте ұсақ бөлшектеріне ауа қосылуы керек. Өте ұсақ бөлшектер отынның бүркуінен және булануынан пайда болады, ал толық жануы ауаның қажетті мөлшерімен осы булардың мұқият араласуынан болады.
Қоспадағы бензиннің - толық жануы үшін әрбір килограмм отынға 15 кг ауа араласса, мұндай қоспаны қалыпты қоспа деп атайды. Әдетте қалыпты қоспадан басқа да құрамды қоспалар болуы мүмкін. Байытылғай қоспада 1 кг бензин мен 13-тен 15 кг дейін ауа болады. Мұндай қоспа үлкен жылдамдықпен жанады да оның әсерінен цилиндрдегі газдардың да қысымы өте үлкен болады. Бай қоспаның құрамында 1 кг бензинге келетін ауа 13 кг кем болады. Бүл коспа жай жанады, ал 1 кг бензинге 5 кг ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.
Кедейленген қоспаның құрамында 1 кг бензин, 15-16,5 кг ауа болады. Қоспаның қүрамы мұндай болған жағдайда бензин толық жанады, бірақ жану жылдамдығы төмендеуі салдарынан двигательдің қуаты кемиді, әрІ отынның үнемділігі артады. Кедей қоспаның құрамында 1 кг бензинге 16 кг артығырақ ауа болады және өте жай жанады. Егер І кг бензинге 21 кг не одан да артық ауа келсе, ондай қоспа от алмайды. Түрлі жағдайларда жұмыс істейтін двигательге қолданылатын қоспаның құрамы әдеттегі қалыпты жағдайдан өзгеше болуы да мүмкін.
Салқын двигательді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрқы бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Автомобильді және оның электро техниканы жөңдеу
Жөндеу жұмыстардың міндеттері
«Дизель сорғысының қалған режимді реттеуші»
Карбюраторлы қозғалтқыштың қоректендіру жүйесі
Қақпақ бөлшегі үшін құйманы жасаудың технологиясын әзірлеу
Қоректендіру аспаптары және узелдерін жөндеу
Қоректендіру жүйесінің приборлары
Қоректендіру жүйесінің қондырғылары. Қоректендіру жүйесінің приборлары
Аккумулятор батареясындағы электролит тығыздығы
Пәндер