Эпостық жырлардағы топонимдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Эпостық жырлардағы топонимдер: Қырымның қырық батыры жыры бойынша
Ерден Ерлан ЕҰУ, филология факультеті, 4-курс студенті.
Ғылыми жетекшісі: доцент Кенжалин Қуанышбек

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ТОПОНИМИЯ

0.1. Эпостық жырлардың қазақ тіл білімінде зерттелуі
0.2. Қазақ ономастика ғылымының бір саласы топонимика

2 ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ ЖЫРЫНДАҒЫ ТОПОНИМДЕР ... .

2.1 Қырымның қырық батыры жырындағы топонимдерді топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қырымның қырық батыры жырындағы топонимдердің этимологиясы мен сөзжасамы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .

1. ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДЫҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ТОПОНИМИЯ

1.1 ЭПОСТЫҚ ЖЫРЛАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

Эпостық жырлар қазақ әдебиетінің өте көне замандардан бері жалғасып келе жатқан күрделі саласы болып саналады. Эпостық жырларды зерттеу ісімен әдебиеттанушы ғалымдар да, тілші ғалымдар да айналысып жүргені белгілі. Кез-келген көне эпос халықтың өткенінен сыр шертіп, ұлт тарихының қайта жандануына жол ашады. Әсіресе тілді жойылудан сақтаушы фактор бола біледі. Қазақ эпостық жырлары бар ғұмырын ел қорғау ісіне арнаған, сол жолда қан төккен батырлардың өміріне жазылады. Әрине бұл жырлар бір ғана дәуірдің емес, бірнеше дәуір өмірінен, сол заманның тұрмыс-тіршілігінен, сол заманда өмір сүрген адамдардың қоғамдық өмірінен баян етеді. Бұл жырлар халық арасында ауыздан ауызға тарап, осы күнге жеткендіктен толықтырылып, бірнеше заманның жайынан хабар етеді. Әсіресе эпостық жырлар көшпелі өмір сүрген қазақ халқының арасында кеңінен таралған.
Эпостық жырлар ең алдымен фольклористика ғылымының саласы болғандықтан, көбінесе фольклортанушы ғалымдар бұл жырларды зерттеуді қолға алған. Эпостық жырлар қазақ жеріне орыс миссионерлері келгеннен бастап, бүгінгі күнге дейін ғалымдар арасында әлі де зерттеліп келе жатқан тақырып болып саналады десек те болады. Кеңес дәуіріне дейін Ш. Уалихановтың, Н. Ильминскийдің, В. Радловтың, Г. Потаниннің, Ә. Диваевтың еңбектерінде эпостық жырлар алғаш зерттелді. Бұл ғалымдар алғашқылардың бірі болып, эпостық жырлардың халықтың мұрасы екенін, халықтың көркемсөз өнерінің озық үлгісі болатынын, әйтсе де тарихты тура баяндап бермейтінін дәлелдеп көрсеткен.
Кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарында қазақтың эпостық жырларын алаш зиялылары, қазақ оқығандары қолға ала бастады. Мәселен, С. Сейфуллин, М. Әуезов секілді ғалымды қазақ эпосының зерттелуіне жол ашып, кейіннен С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмаилов, М. Ғабдуллин, Ә. Марғұлан секілді ғалымдардың осы іспен айналысуына себепші болды. Бұл ғалымдардың эпостық жырлардың тілін, олардың тарихқа қатыстылығын, сонымен қатар шығу тегін, көркемдік ерекшеліктерін талдады.

1.2 ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКА САЛАСЫНЫҢ БІР САЛАСЫ ТОПОНИМИКА

Қазақ ономастика саласында топонимика саласының алғашқы кезеңі 1950-1970 жылдар аралығын қамтиды. Топонимиканың қазақ тіл біліміндегі орнын анықтап, оны ғылыми бағыт ретінде қалыптасуына үлкен әсерін тигізген географ-ғалым Ғ.Қоңқашбаев болды. Ғалым 1948 жылы Қазақтың халықтық географиялық терминдері деп аталатын қағидаттық диссертация қорғады. Қазақ топонимикасы төңірегінде көптеген мақалалар жазылуына себепші болды. Ғалым өз еңбектерінд географиялық жер-су атауларының пайда болу жайлы, олардың ерекшеліктерін, моңғол, араб, орыс тілдерінен енген кірме атаулардың түрлері жайлы, және халық арасында қалыптасқан топонимдер сияқты мәселелерді қозғады.
Географ Ғ.Қоңқашбаевтан кейін өзге ғалымдар осы еңбекті жалғастырып, қазақ топонимика саласының дамуына үлес қосты.
Қазақ жеріндегі топонимдерді тарихи-лингвистикалық аспектіде зерттеп, оны басқа туыстас халықтардың тілдерімен салыстырып, алғашқылардың бірі болып зерттеген ғалым А.Әбдірахманов кандидаттық диссертациясын 1955 жылы қорғап, ғылыми дәрежесін алды. Ғалым 1959 жылы осы диссертацияның жалғасы ретінде жеке монография жариялады. Бұл еңбекте көптеген топонимдердің этимологиясына талдау жасалып, тілдің өткені мен бүгіні сараланды. Сонымен қатар топонимдердің жасалу жолдары, ондағы лексика-граматикалық құбылыстар, топонимдердің лексикалық жүйедегі алатын орны, топонимдерді классификациялау жұмыстары жасалған еді.
Келесі онжылдықта ономастикалық зерттеу проблемаларының ауқымы кеңейе түсіп, топонимия саласындағы картографтялық, ареалдық, аймақтық тұрғыдан зерттеу басталды.
Қазақстан топонимдерін регионалдық, картографиялық, ареалдық бағытта зерттеген кандидаттық диссертациялар Қазақстанның барлық облыстарындағы топонимдердің шығу тарихын, пайда болу, даму жолдарын анықтау ісімен айналысты. Топонимдердің лексика-семантикалық топтарын, хронологиялық топтарын, лексика-фономорфологиялық құрылымдарын сипаттау тәрізді мәселелер қамтылды. Жетісу жеріндегі топонимдер жайлы еңбекті 1967 жылы Е.Қойшыбаев Жетісу топонимдерінің негізгі типтері деген атпен жарыққа шығарды. В.П.Попованың солтүстік өлкедегі топонимдер жайлы еңбегі Павлодар облысының гидронимдері 1969 жылы жазылды. Осы тақырыпты ары қарай жалғастырушы ретінде О.А.Сұлтаниевтың Көкшетау облысының топонимдері атты кандидаттық диссертациялары қорғалды.
Осы кезеңнің ерекшелігі ретінде қазақ ономастикасы ғылыми теориялық, фактологиялық мол материалмен байытқанын айтсақ болады. Зерттелмеген тың лексикалық қабат есімдер жүйесіне арналған Т.Жанұзақовтың қос еңбек жарық көрді. Олар: 1965 жылғы Қазақ тіліндегі жалқы есімдер және 1971 жылғы Қазақ есімдерінің тарихы.
Келесі 2-кезең 1970 жыл мен 1990 жылдың аралығын қамтыды. 1971 жылдан Тіл білімі институтында онамастика бөлімі ашылды. 1974 жылы Е.Қойшыбаевтың Краткий толковый словарь топонимии Казахстана атты сөздігі бөлімнің алғашқы еңбектерінің бірі атанды. А.Әбдірахманов осы бөлім қызметкері болып, 1975 жылы Топонимика және этимология атты еңбегін, 1979 жылы Қазақстан этнотопонимикасы атты жаңа кітабы жарыққа шығарды. О.Сұлтаналиневтің де еңбектері осы бөлім негізінде жазылды. Мысалы: 1973 жылғы Понятные непонятности атты оқу құралы және сол жылдары мерзімді баспасөз бетінде жарық көрген көптеген оқулықтары ұлттық топониямия ғылымының дамуына негіз болып, тілдік, тарихи-деректік тұрғыдан үлкен үлес қосты деп бағалауға болады.
1959 жылы ҚазССР Ғылым академиясы Тіл білімі және әдебиет институтының қатысуымен Мәскеудегі профессор Донидзенің жетекшілігімен жазылған Инструкция по русской передаче географических названий Казахской ССР атты кітапша Тіл білімі институты мамандарының күшімен 1971 жылы қайта толық қаралып, толықтырылып екінші рет басылым бетінен орын алды.
1979 жылы жарыққа шыққан Т.Жанұзақовтың Очерк казахской ономастики атты монографиясы қазақ ономастика ғылымының негізгі бөлімдерін қамтыған кешенді сипаттағы тұңғыш еңбек болып қана қоймай, ұлттық топонимикамыздың қалыптасу тарихының екінші кезеңіне жаңа деңгейге шығуына септігін тигізді.
1984 жылы екі кітап бірдей жарық көрді. Біреуі белгілі жазушы Е.Керімбаевтың Атаулар сыры атты қазақ атауларынан сыр шертетін еңбек болса, екіншісі Б.Нұржекеевтің Өзендер өрнектеген өлке. Ел-жұрт, жер-су және Жетісу жайында тараулар атты кітабы болды. Сонымен қатар осы жылдары қазақ ономастика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан Тюркская ономастика, Қазақ антропонимикасының мәселелері, 1988 жылғы Қазақ есімдері, 1989 жылғы Есіміңіз кім?, сол жылы жазылған Орталық Қазақстанның жер-су аттары секілді кітаптар жазылды.
Соңғы кезең 1990 жылы тәуелсіздік алғаннан бастап, бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтиды. Кеңес Одағындағы қайта құру кезеңінде ұлттық республикаларда жаңа саяси, мәдени реформалар қолға алынып, ономастика ғылымының дамуының жаңа кезеңін бастады бастады. Ұлттық сана қайта жаңғырып, жойылып кете жаздаған мұраларды қайта зерттеу қайта қолға алынды.
Қазақ топонимиясы 90-жылдардан бергі кезең өте жемісті кезең бола білді. Нәтижелі болғандығының үлкен дәлелі ретінде осы жылдар аралығында қорғалған 20-дан астам диссертациялар және олардың сапасы куә деуге де болады. Аймақтық топонимия осы жылдары жоғары деңгейге жетті. Еңбектерді топтастырып атайтын болсақ, 1990 жылы Г. Мадиева Шығыс Қазақстан облысы гидронимдерін зерттеуге арналған кандидаттық диссертация қорғады, 1991 жылы А. Жартыбаев Қарағанды облысы жер-су атауларының құрамы мен құрылымын талдады. Қ. Сембиев 1992 жылы Қызылорда облысы топонимдерін талдаған еңбек жазды. Қ.Рысбергенова Түркістан облысындағы жер-су атауларын тарихи-лингвистикалық тұрғыдан зерттеді. Ғ.Сағидолда қазақ-моңғол топонимдерінің салыстыра зерттеді. Б.Тілеубердиев Оңтүстік өңір топонимдерінің этнолингвистикалық сипатын айқындайтын кандидаттық диссертациялық жұмыстар арнады. 1998 жылы Батыс Қазақстан облысы топонимдердің этнолингвистикалық ерекшеліктері Ұ.Ержанованың жұмысында талданды.
Географ мамандар да тілші ғалымдар секілді топонимдік мәселелерді зерттеп, ономастика ғылымына үлес қосты. сөйтіп Мәселен ғалым К. Каймулдинова қазақтардың табиғатты пайдалану және қорғау дәстүрлерінің топонимикалық аспектілерін қарастырды. Географ ретінде А. Омарбекова 1999 жылы Социальное и природное в формировании топонимии Улытау-Торгайского региона атты тақырыпта зерттеді, ал Э. Аяпбекова Батыс Қазақстан аймағынын ландшафт ерекшеліктерін анықтайтын топонимдер бірлестігі жүйесін 2002 жылы зерттеді.
Қазақстан аймақтарының жер-су атауларын зерттеу жұмыстары әрі қарай Б. Бияров еңбектерінде жоғары деңгейде талданды. Мысалы 2000 жылғы Оңтүстік Алтай оронимдеріне тарихи-лингвистикалық талдау жасаған жұмысы ауқымды еңбек болды. 2002 жылы Г. Бекенованың Солтүстік Қазақстан гидронимдерінің семантикалық типологиясын зерттеуге арналған диссертациясы да жарыққа шықты.
Б. Тілеубердиев Қазақ ономастикасының лингво-концептологиялық негіздері атты докторлық диссертациясында қазақтың жалқы атауларының қызметіндегі лингвомәдениеттанымдық аспектілерді қарастырды. Жалқы есімдердің семиотикалық қырларын талдап, ономастикалық концептіні жасады. Ғалым осы негізде кеңістік, адам, жан-жануарлар, өсімдіктер сынды әмбебап концептілер құрылымын жасап, олардың концептуалдану ерекшеліктерін дәлелдеп көрсетті. Зерттеуші өз жұмысында алғашқы болып ғаламның ұлттық онамастикалық бейнесін мифонимиялық, антропониялық, топониялық тұрғыдан сипаттап, белгілеп, бедерлеген болатын [1;55].
Орыс тіл білімінде XIX-XX ғасырларда А. В. Никонов, А. В. Суперанская, О. Н. Тручев, А. Попов еңбектері топонимика саласының зерттелуіне айтарлықтай үлес қосты және Біз қарастырғалы отырған еңбек ғалым А. В. Суперанскаяның 1985 жылы жарық көрген Что такое топонимика? еңбегі. А. В. Суперанская бұл кітабында топонимдердің жасалу жолына, сонымен қатар топонимдердің топтастырылуына баса мән берген. А. В. Суперанская топонимдердің атауын 2 түрге бөліп қарастырған. Алғашқысы жалпы топонимдер. Бұл топқа жалпы есім болатын: өзен, тау, арал, көл секілді жалпыға ортақ атаулар жатады. Ал екіншісі жеке, яғни жалқы топонимдер. Бұл топты жалқы есімдер: өзендердің, таулардың, қалалардың, және тағы да басқа географиялық орындардың жеке атауы жатады. [2;21].
Топонимдердің көлеміне және қолданыс аясына қарай бөлінісіне келетін болсақ, бұл жайында орыс ғалымы А. В. Суперанская топонимдерді ауданына, аталған жердің көлеміне қарай микротопонимдер және макротопонимдер деп бөлуді ұсынады. А. В. Суперанская микротопонимдер деп, шағын ғана топтың арасына белгілі, бірнеше адам ғана білетін жер-су атауларын микротопонимдер деп атайды. Микротопонимдерді сол жерде бірнеше жылдар бойы тұрып келе жатқан шағын адам топтары да, халықтан бөлініп жалғыз өзі өмір сүріп жүрген адам да жасай алады. Демек, біздің кез-келгеніміз де микротопоним жасай аламыз. Микротопонимдер топонимия саласының бір бөлшегі ғана, олар жылдар өткен сайын қолданыс аясы кеңіп, макротопонимге айнала алады, не болмаса керісінше атауы жойылып кетеді.
Макротопонимдер - географиялық орындардың (тау,өзендер т.б.), саяси және әкімшілік аудандардың (мемлекет, облыс т.б.) атаулары. Макротопонимдердің қолданыс аясы микротопонимдерге қарағанда әлдеқайда ауқымды және олардың қолданысы микротопонимдерден маңызды [2;43].
Қазақ ғалымдары арасында Иманбердиева С. Қ. мен Мадиева Г. Б. топонимдерді толық жіктейді. Ғалымдардың жіктелімінде топонимдер орнына қарай, ресми, әкімшілік бөлінісіне қарай, көлеміне қарай және т.б. белгілеріне қарай толық жіктеген.
Топонимдердің жалпылық белгілері: Топонимдердің барлық түрлерінің ортақ белгісі - кез-келген географиялық обьектті атау.
Топонимдердің жекеленуі аталатын обьектке байланысты. Осыған орай келесі аталатын обьектілер ажыратылады:
* гидрографиялық (өзендер, көлдер, теңіздер, мұхиттар,бұлақтар, құдықтар, каналдар);
* орографиялық (жердің үстіңгі қабатының жағымды және жағымсыз рельеф обьектілері);
* кез-келген жолдар (жер үсті, су, жер асты, әуе);
* кез-келген елді мекен (қала, ауыл);
* ресми, әкімшілік бөліністерінің кез-келген обьекті (территория, облыс, аудан);
* кез-келген табиғи жер асты обьектілер (үңгір, жер асты бұлақтары, көл, құдық, сарқырама);
* флористикалық обьектілер (орман массивтер, өсімдік әлемінің реалийлері).
Топонимдердің барлық түрлері бір-бірімен белгілі бір жүйелі байланысқан және өзінің семантикалық, сөзжасамдық, морфологиялық құрылымы жағынан сол тілдік жүйеге сай келеді. Сонымен бірге географиялық атаулар ұлттық менталитет, ұлттық таным бойынша ерекшеленеді. Осыған орай топонимдер келесі белгілерге ие:
* әр халықтың географиялық атау жасауында тілдік жүйеге сай келетін белгілі бір заңдылық сақталады;
* атау беруші топтың әлемге көзқарасына сай қоршағанн болмыс топонимде беріледі;
* адамның құндылықтарына сай ақпарат топонимде көрсетіледі;
* топоним мазмұны тарихи, әлеуметтік, географиялық және басқа да экстралингвистикалық факторларға байланысты;
* топонимдер тілдің ұлттық-таңбаланушы белгілері болып табылады;
* топонимдер антропонимдерден кейін ономастикалық кеңістіктің өзегін құрайды (яғни адам санасындағы обьектілерді қамтиды және кеңістікте қозғалысының бағыт-бағдары болады);
* ұлттық топонимиконның негізгі қорын көбінесе ана тіліндегі атаулар құрайды;
* топонимдік жүйені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Алпамыс батыр» жырының лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Қадыр Мырза әлі шығармаларындағы жалқы есімдер
Қазақ антропонимдерінің зерттелуі
НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
Батырлар жыры. Эпостағы дәуір және дәстүр мәселесі
Қаһармандық жырлардағы әйелдер бейнесі
Қырымның қырық батыры жыры және Мұрын жырау
Батырлық жырлар, батырлар жыры
Пәндер