Әлеуметтік әлемдегі өзгерістер мен оларды түсіну: әлеуметтанулық пікірталастар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ПС Әлеуметтік әлемдегі өзгерістер мен оларды түсіну: әлеуметтанулық пікір-таластар
Әлеуметтану - қызықты және іс жүзінде пайдалы ғылым. Ол қоғамда және адамдар арасында не болып жатқанын, әлеуметтік өзгерістердің қалай жүзеге асырылатынын және өмірдегі сан алуан трансформацияның нәтижесі қандай болатынын білуге мүмкіндік береді. Әлеуметтану ғылымы қоғамның қараңғыда қармаламай, мақсаттары мен мүддесін, болжам нәтижелерін айқын түсіне отырып саналы түрде алға басуына жәрдемдеседі. Таза ой-тұжырым ғылымы болмағанымен әлеуметтану, біріншіден, басқа қоғамдық ғылымдарда сәтті пайдаланылатын мықты тәжірибелік базаға сүйенеді, екіншіден, оның өзі әлеуметтік практиканың сенімді теориялық негізі болып табылады.
Жалпы, қоғамдағы болып жатқан барлық жағдайлар әлеуметтік өзгеріске алып келеді. Әлеуметтану ғылымының негізгі мәселелерінің бірі әлеуметтік өзгерістер мәселесі, олардың механизмдері мен бағыттылығы. Әлеуметтік өзгеру - бұл әлеуметтік жүйелердің, ұйымдардың, институттардың және ұжымдардың бір қалыптан екінші қалыпқа көшуі. "Әлеуметтік өзгеру" түсінігі даму түсінігімен анықталады. Даму - бұл материалдық және идеалдық объектілердің қайталанбас, бағытталған өзгерісі. Даму қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға, т.б. ауысуды білдіреді.
Осы тақырып барысында біз социолог ғалымдардың тұжырымдамаларына сүйене отырып әлеуметтік өзгерістердің мағынасы және түрлері туралы мәлімет береміз. Әлеуметтік өзгерістің қоғамға әсері және қоғамдағы әрбір тұлғаның әлеуметтік өзгерісті туындататын факторларын қарастырамыз. Әлеуметтік өзгерістердің қоғамға пайдалы болуы әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі кепілі болып табылады. Әлеуметтану ғылымының негізгі тенденцияларын жіктейміз.
Әлеуметтік өзгеріс - Әлеуметтік өзгеріс барысында әлеуметтік жүйе, олардың ішкі құрамдас бөліктері мен құрылымдары, байланыстары мен карым-қатынастары бір күйден екінші күйге ауысу, не кейбіреуі жаңадан пайда болу, немесе жоғалып кетуахуалын бастан өткереді.
Әлеуметтану ғылым ретінде тек XIX ғасырда пайда болған деп есептелінеді. Огюст Конт (1798-1857) әлеуметтанудың негізін қалаушы болып табылады. Оның Позитивтік философия курсы атты еңбегі бар.
Конттың пікірінше әлеуметтану әлеуметтік статиканы және әлеуметтік динамиканы зерттеуі тиіс.
Әлеуметтік статика - қоғамдағы өмір сүріп тұрған құрылымдар. Әлеуметтік динамика - әлеуметтік өзгерістер үрдісі. О.Конттың пікірінше әлеуметтану қоғамды эволюциялық жолмен өзгертетін ғылым болуы тиіс.
Қоғамның нақты құрылымын зерттеуде Конт оның негізгі элементі ретінде отбасын алады. Адам отбасында жаратылыстық жағдайда болады. Осы жағдай барлық қоғамдық қатынастардың жаратылыстық негізі болып табылады.
Әлеуметтану қоғамды эволюциялық жолмен өзгертуде адам ақылына (интеллектуальдық эволюция) сүйенеді. Адам ақылы өз дамуында үш сатыдан өтті; 1) теологиялық, қоғамдағы өзгерістер қасиетті күштер әсерінен деп түсіндіріледі; 2) метафизикалық қоғамдағы өзгерістер абстрактылы-философиялық ұстанымдар көмегімен түсіндіріледі; 3) позитивті-ғылыми, бұл кезеңде адам ақылы реалды-шыншыл фактілерді зерттеуге тоқталады. Осылайша адам ақылының үш кезеңді дамуы туралы О.Конт заңы жалпы әлеуметтік даму теориясы болып табылады.
Әлеуметтік өзгеріс, негізінен, екі деңгейде: микродеңгейде және макродеңгейде өрбиді. Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдағы этникалық топтар әлеуметтанулық зерттеулер
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері
Қазіргі қоғамды түсінудегі әлемметтанудың рөлі туралы эссе
Инженер түсінігі
Саяси режимдердің жіктелуі
Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Миграцияның жалпы теориялық мәселелерін қарастыру
Қылмыстық құқық жүйесі
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Пәндер