Екінші дүниежүзілік соғыс жөнінде
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті ҚеАҚ
СӨЖ
Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс.
Орындаған: Токенова Д. К.
Тексерген: Керейбаева А.С.
Семей - 2021.
Соғыстың басталуы. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939ж 1 қыркүйекте Германияның Польшаға шабуылынан бастады.Польшаның Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты. Қауырт соғыс жүргізу мақсатында ол Польшаға қарсы барлық әскерінің үштен екі бөлігін топтастырды.
1939ж 3қыркүйекте Англия мен Франця Польшамен одақтасты міндеттерін орындау мақсатында Германияға соғыс жариялады. 1939ж 19қыркүйекте Скандинавия елдері басталған соғыста бейтараптылық саясат ұстайтындарын мәлімдеді.
Польшаға қарсы қауырт соғыс жоспарын іске асыру үшін неміс әскерінің барлық түрлері бір мезгілде екпінді шабуылға шықты. Сонымен қатар неміс ұшақтарын поляк қалаларын үздіксіз бомбылаумен болды.Немістер алғашқы күндері-ақ поляк әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып, Варшаваға бағыт алды. 16 қыркүйекте олар Варшаваны қоршап алды Ал 17 қыркүйекте шығыстан Польша жеріне Кеңес Одағының әскерлері енгізілді. Қоршаудағы Варшава 28 қыркүйекке дейін шайқасты, алайда күш тең емес еді.
1939ж 28 қыркүйекте Достық және шекаралар туралы кеңес- герман келісіміне қол қойылды. Бұл келісім екі мемлекеттің Польшаны ықпал аймағына бөлісуін бекітті және КСРО мен Германияның арасындағы жаңа шекараны белгіледі 2 қазанда қорғаныс шайқастарын жүргізіп жатқан соғыс поляк бөлімдері берілді. Осылайша Польша мемлекеті төртінші түсті.
Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы соғыс. 1939жылғы 23 тамызда кеңес-герман келісім бойынша, Финляндия және Прибалтика Кеңес Одағының ықпал аймағы болуға тиісті еді. 1939ж қазанда КСРО Финляндияға Щығанағындағы бірнеше аралды Карел мойнағының және Рыбачий түбегінің бір бөлігін ауыстыру туралы және Ханко аралын жалға беру туралыталап қойды. Ханко аралында кеңес әскери - теңіз базасын салуды жоспарлады. Финляндия негізгі талаптарға келісті, бірақ Ханко аралын беруден бас тартты, бұл Финлядияның қаіпсіздігіне нұқсан келтіретін еді. Қараша айында Финляндиямен шекараға кеңесә скерлері топтастырыла бастады. 1939ж 26 қарашада Кеңес үкіметі Финляндияға әскерлерін шекарадан 25 шақырым алысқа алып кету туралы талап қойды. Фин үкіметі тура осындай қашықтыққа кеңес әскерлері шекарадан шегінсе, бұл талапты орындаймыз деді. Алайда Кеңес Одағын қанағаттандырмады. 1939ж 30қарашада Кеңес Одағы ресми түрде соғыс жарияламай-ақ, Финляндияға шабуыл жасады. Бұл 1920 жылғы кеңес фин бейбіт келісімшартын, 1932 жылғы бір - біріне шабуыл жасамау туралы кеңес-фин келісімшартын және Гаага конвенциясын бұзу еді. Сонымен қатар бұл 1939ж жарияланған Финляндияға бейтараптылығын бұзу еді. Сондықтан бұл соғысты ірі мемлекеттің ұсақ мемлекетке күш көрсету деп есептеп, Ұлттар Лигасын Кеңес Одағына басқыншы деген айып тағып, оны 14 желтоқсанда Лига қатарынан шығарып тастады. Соғыс 1939жылдың 30 қарашасынан 1940жылдың 12 наурызына дейін созылды.
Кеңес фин соғыс Солтүстік Еуропада халықаралық жағдайды шиеленістірді және оған Батыс Еуропада бір- бірімен соғыс жағдайында тұрған Германиямен және Англия мен Францияның тартылу қаупін төндірді. Егер бұл соғысқа Англия мен Франция қатысса, олар, әрине Финляндияға жақтасқан болар еді күш тең емес еді. 1миллион кеңес әскеріне қарсы 420 мыңдық фин әскері соғысты. Батыстың 11елі Финляндияға әскери техника, қару - жарақ берді және 11 мыңнан астам еріктілерді жіберді.
1940ж наурызда Швеция мен Норвегияның делдалдығымен кеңес-фин соғысы тоқтатылып, келісім жасалды. Келісім бойынша, КСРО құрамына Карел мойнағы, Выборг шығанағындағы аралдар, Ладога көлінің батыс және солтүстік жағалауы, Рыбачий және Средний түбектері кіреді. Кеңес Одағына Ханко аралы 30жылға жалаға беріледі. Кеңес Одағының халықаралық беделіне нұқсан келтірді және адам шығыны да көп болды.
Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы.
1940 жылдың көктеміне қарай Германия Батыс Еуропаны тікелей жаулап алуды бастады. Әрине, Германияның бұл бағыттағы қарсыласы ағылшын - француз әскерлері болатын.
Германия ағылшын - француз әскерлеріне қарсы соғыс қимылдары табысты болу үшін Солтүстік Атлантикада тиімді стратегиялық база болатын Дания мен Норвегияны басып алу керек деп шешті. 1940 ж 9 сәуірде Дания мен Норвегияның бейтараптылығы бұзып, оларды жеріне неміс әскерлері басып кірді. Дания жеңілгендігін бірден мойындады . Ал Норвегия барлық қарулы күштерін соғысқа жұмылдырып, қарсылық көрсетті. Алайда күші басым неміс әскерлері елдің көп бөлігін жаулап алып, өкімет билігін жергілікті фашисстерге берді. Норвегия королі мен үкіметі талқандалған әскерінің қалдығын алып, Англияға кетті. Норвегия үшін болған соғыста неміс әскери - теңіз күштеріне ағылшындар ауыр соққылар берді. Екі жақтың да соғыс флоты үлкен шығынға ұшырады. Бірақ ірі теңіз державасы англия олшығынның орнын жылдам толтырды, ал Германия болса, осы кезден бастап теңіздегі соғысты сүңгуір қайықтарды күшімен ғана жүргізуге мәжбір болды.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың кезеңдерi. Кеңес тарихшылары екiншi дүниежүзiлiк соғысты бес кезеңге бөледi. Бiрiншi кезең -- екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы: гитлерлiк Германияның Польшаны басып алуы мен Кеңес Одағына қарсы агрессияға дейiн (1 қыркүйек 1939 жыл - 22 маусым 1941 жыл). Екiншi кезең -- фашистiк агрессияның кеңеюi: гитлерлiк Германия мен оның одақтастарының Кеңес Одағына шабуылы мен Кеңес Армиясының Сталинград түбiндегi қарсы шабуылына дейiн (22 маусым 1941 жыл - қараша 1942 жыл).Үшiншi кезең -- екiншi дүниежүзiлiк соғыс барысындағы түбiрлi бетбұрыс: кеңес әскерлерiнiң Сталинград түбiндегi қарсы шабуылынан Украина мен майданның орталық бөлiгiндегi шабуылға дейiн (қараша 1942 жыл - желтоқсан 1943 жыл). Төртiншi кезең -- Европада фашизмдi талқандау: Кеңес Армиясының Ленинград түбiндегi шабуылынан Францияда екiншi майдан ашылуы мен фашистiк Германияның жеңiлуiне дейiн (қаңтар 1944 жыл - 9 мамыр 1945 жыл). Бесiншi кезең -- милитаристiк Жапонияның талқандалуы: Германияның капитуляциялануынан Жапонияның капитуляциялануына дейiн (9 мамыр - 2 қыркүйек 1945 жыл).
КСРО құлағаннан кейiн тарих ғылымында жасалынған жаңа тұжырымдарға байланысты екiншi дүниежүзiлiк соғыс тарихы үш iрi кезеңге бөлiнедi. Бiрiншi кезең -- 1 қыркүйек 1939 жылдан - маусым 1942 жылға дейiн. Бұлкезең агрессорлар күшiнiң басымдығымен соғыс аймағының кеңеюiмен сипатталады. Екiншi кезең -- маусым 1942 жыл - қаңтар 1944 жыл - соғыстың барысында түбiрлi бетбұрыс, басымдылық та, күш те антигитлерлiк коалиция елдерiнiң қолына көшкен кезең. Үшiншi кезең -- қаңтар 1944 жыл 1945 жылдың 2 қыркүйегiне дейiн - соғыстың қорытынды кезеңi, оның барысында антигитлерлiк коалиция елдерiнiң басымдылығы шегiне жеттi, ол агрессор-мемлекеттердiң басқару режимдерiнiң дағдарысы бiлiнгенде және олардың күйреуi басталған сәтте жау әскерiн талқандауға қолданылды.
Францияның талқандалуы. Норвегияны талқандаумен қатар немiстер ағылшын-француз әскерлерiне қарсы шабуыл жасауға дайындық жүргiздi. Вермахт қолбасшылығы 1914 жылдағыдай бейтарап Бельгия мен Люксембург территориясы арқылы негiзгi соққы берудi жоспарлады. Айырмашылығы 1914 жылы герман әскерi Шлиффен жоспары бойынша Бельгия арқылы Парижге барса, ал 1940 жылы басты соққы Бельгия мен Люксембургтiң Франциямен қиылысқан шекарасына бағытталды, Арденна тауы арқылы Кальдегi ағылшын-француз әскерiн айналып өту көзделдi. Қарсыластың әскерiнiң негiзгi тобын жағалауға тықсырып, онан соң жою жоспарланды. Шабуыл 10 мамыр 1940 жылы басталды. Вермахт танктердi пайдаланды. Одақтастар әскерiнiң 340 мыңдық тобын Дюнкерк ауданында жағалауға тықсырып және қоршап, 20 мамырда немiс әскерi Кальге шықты. Екi аптаға созылған оқ пен бомбаның астында ағылшындар қоршалған әскердiң үлкен бөлiгiн эвакуациялады. Техника жауға қалдырылып кеттi. Осы мезетте немiс әскерi Францияның астанасына қарай жылжыды және 14 маусымда оған кiрдi.
Екi күн өткен соң Франция үкiметiнiң басшысы маршал Петэн бiтiм сұрады. Оған 1918 жылы Германияның жеңiлгенiн әйгiлеген бiтiмге қол қойылған Компьен орманындағы маршал Фоштың штаб-вагонында қол қойылды. Франция екi бөлiкке бөлiндi: солтүстiгiн немiстер оккупациялады, орталығы Виши қаласы болған оңтұстiгiнде француз үкiметi мен аз ғана әскерi сақталды. Флот қарусыздандырылды. Отарлар француздардың әкiмшiлiк бақылауында қалып қойды. Петэн бастаған Виши үкiметi Германдық саясат жүргiздi. Франция конституциясы жаңа конституциялық актiлермен ауыстырылды. Францияда демократия жойылды. Алайда француздардың барлығы мұнымен келiспедi. Генерал Шарль де Голль күресуге шақырды. Англияға кетуге мәжбұр болған ол онда антифашистердiң орталығы болған "Ерiктi Франция" комитетiн құрды.
"Үштiк пакт". Африка мен Балкандағы соғыс қимылдары. КСРО территориясының кеңеюi. Польшаны тез талқандау, бiрқатар Европа мемлекеттерiн оккупациялау, Батыс Европада ең iрi армиясы бар ұлы держава Францияны жеңу Германияны шаттыққа бөледi. Франциядағы жеңiстi әйгiлеп он күн қоңырау соғылды және мемлекеттiк жалау iлiндi. Соғыстың аяқталуы жақын болып көрiндi, ал шығын көп емес: Польшада 16 мың адам, Францияда 50 мыңға жетер-жетпес едi. 1941 жылы оккупацияланған елдерден Германияның әкеткен материалдық байлығының жалпы құны оның жылдық ұлттық табысынан екi есе асып тұстi. Немiс монополиялары байыды, алып концерндердiң ролi өстi. Германия қатаң құпияда ракеталық-ядролық қару жасай бастады.
Соғыстағы iрi жеңiстер фашистiк партия мен мемлекеттi күшейттi. Көптеген халық нацистiк насихаттың ықпалында қалды. Германия басшылары Франция жеңiлген соң Англияның қаруын тастайтындығына сенiмдi болды. 1940 жылы жазда Гитлер Англияға фашистердiң жеңiсiн мойындап бiтiм жасауды ұсынды. Бiрақ, ағылшын үкiметi мұны қабылдамады. Мұнан соң гитлерлiк Германия алдында Батыста Англияны тiзе бүктiру үшiн шабуылды жалғастыра беру немесе Кеңестер Одағын басып алу мәселесi тұрды. Алғашқыда Англияға ену және КСРО-ны басып алу жоспары қатар жасалынды. 16 шiлде 1940 жылы Гитлер Англияға десант тұсiрудi көздеген "Теңiз арыстаны" жоспарына қол қойды. Операцияға бiр ай мерзiм берiлдi. Алайда немiс флоты Англияға десантты белгiлеген уақытта тұсiре алмайтыны мәлiм болған соң, немiс самолеттерi Лондон мен басқа қалаларды бомбылады. 15 қыркүйек 1940 жылы 1000-нан астам немiс бомбылаушы самолеттерi Лондонды нысанаға алды. Англияға әуе шабуылында Гитлер 1700-ден астам самолетiн жоғалтты.
Германияға қарсы күреске Америка Құрама Штаттары да тартылды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz