КИБЕРҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
КИБЕРҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТТЕГІ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТТЕРГЕ
ҚАРСЫ КҮРЕС

Тақырыптың өзектілігі. XXI ғасыр компьютер мен техника заманы атанып, өмірімізге көптеген өзгерістер алып келді. Бүгінгі таңда ғаламтор желілерінің, компьютермен басқарылатын құрылғылардың қарқынды дамуы, компьютерлік технологияларды өміріміздің ажырамас бөлігіне айналдырды. Соңғы онжылдықта Қазақстан тұрғындарының 70%-ы ғаламтор желілерімен қолдану үстінде. Компьютер заманы өмірімізді жеңілдетіп, ғаламтор арқылы сатып алу, сату, тіпті үйден шықпай тамаққа тапсырыс беру процесстерін ұйымдастырғаны анық, бірақ ғаламтордың теріс жақтары да бар екендігі белгілі. Ғаламтор желілерінде алаяқтарының қолына түсіп, қаржыларынан айырылғандар, өзге адамның атын пайдаланып, қарапайым халықты алдау көріністері, әрі адамның жеке басының деректерін жинаумен айналысатын алаяқтардың саны жылдан жылға артып бара жатыр. Бұл тақырып аясының ауқымды екені сөзсіз, осыған байланысты жүргізілген саралау нәтижесінде адамдарды ғаламтордағы құқық бұзушылыққа не итермелейді деген сұрақ туындап тұр. Сондықтан да зерттеу тақырыбының әрбір адамға қатыстылығы мәселені тек өзекті етіп қоймай, оның ауқымды қаралуына себепкер.
Жобаның мақсаты Жаһандану заманындағы киберқылмыстардың түрлерімен танысу, шығу себептерін зерттеу және одан сақтану, алдын алу шараларын ұсыну.
Жобаның міндеті:
oo ғаламтор арқылы жасалатын заң бұзушылық түрлерін қарастыру;
oo ғаламтордағы заң бұзушылықтың пайда болу себептерін зерттеу;
oo киберқылмыстың шығу себептерімен күресу жолдары және сақтану шараларын ұсыну;
oo киберқылмыстың алдыну алуда бала тәрбиесі мәселелерінің маңызын көрсету.
oo
Зерттеу жұмысының нысаны - ғаламтор
Зерттеу жұмысының пәні - ғаламтордағы заң бұзушылық
Зерттеу әдістері: сипаттау, салыстыру, жіктеу, статистика, сауалнама.
Ғылыми жобаның құрылымы: Ғылыми жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

Киберқылмыс және интернеттегі заңсыз әрекеттерге қарсы күрес

1. Киберқылмыс ұғымының теориялық сипаттамасы
2. Ғаламтор арқылы жасалатын заң бұзушылық түрлері.
3. Ғаламтор арқылы заң бұзушылыққа бару себептерін зерттеу
4. Киберқылмыстың шығу себептерімен күресу жолдары және сақтану шаралары
5. Киберқылмыстың алдыну алуда бала тәрбиесі мәселелері

Киберқылмыс ұғымының теориялық сипаттамасы
Компьютерлік технологияларды қолдану саласындағы қылмыс (киберқылмыс) - қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды енгізу және дамыту деңгейіне, оларды жалпы қолдану және оларға рұқсат беруге тікелей тәуелді деңгей болып табылатын халықаралық маңызды құбылыс.
Киберқылмыс - ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау әрекетін көздейтін қылмыс түрі.
Киберқылмыскердің негізгі мақсаты әртүрлі үдерістерді басқаратын компьютерлік жүйе және онда таралатын ақпарат болып табылады. Оның арсеналы - ақпараттық қару, желіге ену, программалық жасақтаманы бұзу және модификациялау, ақпаратты рұқсатсыз алу және компьютерлік жүйенің жұмысын уақытша тоқтатуға қолданылатын барлық құралдар.
Киберқылмыс
Біріншіден, қазіргі заман талабына сай ақпараттық және компьютерлік технологиялардың дамуына байланысты олардың функционалдық мүмкіндіктері де өсе түсуде, ал бұл өз кезегінде киберқылмыстар деректерін табу процесін қиындатады. Қылмыстың басқа дәстүрлі түрлеріне қарағанда киберқылмыстан зардап шеккендер көп жағдайда қылмыстық қол сұғушылыққа тап болғандарын сезбейді, немесе қылмыс байқалған кезде құқық қорғау органдарына ол туралы хабар өте кеш түседі.
Екіншіден, киберқылмыстарға байланысты қылмыстық істер бойынша анықтау және тергеу істерін жүргізетін мамандардың көбіне техника саласынан білім деңгейлері жеткіліксіз болады.
Үшіншіден, көптеген компьютер жүйелері мен желілерінде қорғаныс жүйесі төмен немесе мүлдем жоқ, ал мұндай жағдайда қылмыстық әрекеттің табыспен аяқталуы және "байқатпай кетіп қалу" мүмкіндігі зор.
Төртіншіден, өз фирмалары мен кәсіпорындарының беделін ойлайтындар бұл туралы көпшілікке жария етуді, заң орындарына белгілі себептермен құқық қорғау органдарына хабарлауды артық санайды.
Желідегі шабуылдар, пластикалық төлем карточкаларымен алаяқтық, банктік шоттардан қаражат ұрлау, корпортативтік тыңшылық, заңсыз порнографиялық материалдарды тарату - бұл киберқылмыскерлердің Интернет желісінде жасап жүрген қылмыстарының тек бірнешесі ғана. Мұндай құқық бұзушылық әрекеттер басқа көптеген әлем елдеріне ғана емес, сонымен қатар біздің мемлекетке ұлттық қауіпсіздіктің жасаушысы - ақпараттық қауіпсіздікке қатер төнгізетін маңызды қоғамдық қауіп-қатерлерді құрайды.
Мемлекеттің ұлттық инфрақұрылымы бүгінде заманауи компьютерлік технологияларды қолданумен тығыз байланыста. Мемлекеттің ақпараттық жүйелеріне компьютерлік шабуыл жасау мен қарақшылық әрекетті жүзеге асыру әдісі ретінде қолдану қаупі артуда. Энергетикалық және банктік жүйелердің, әуе көлігін басқарудың, көліктік жүйенің, тіпті жедел медициналық көмектің күнделікті қызметі автоматтандырылған электронды-есептеуіш жүйелердің сенімді және қауіпсіз жұмыс жасауына толығымен тәуелді.
Соңғы кезде киберқылмыс террористік мақсатта да кеңінен қолданылуда, яғни компьютерлік жүйелер мен желілердің көмегімен мемлекеттік органдарға, корпорацияларға немесе жалпы ел халқына қарсы террордың анағұрлым ыңғайлы әдісі болып табылады.
Киберқылмыстың арту себебін былайша түсіндіруге болады:
oo кибертерракт жасаған осы мақсат үшін қару сатып алғаннан арзанырақ;
oo жасырын қалудың қамтамасыз етілуі;
oo шабуыл жасау үшін объектілердің көп саны;
oo қашықтан жасалу мүмкіндігі;
oo кәдімгі терроризммен салыстырғанда өте көп адамдарға әсер етуі.

Ғаламтор арқылы жасалатын заң бұзушылық түрлері.

Киберқылмысты оның объектісіне қарай, шабуыл нысанына қарай және орындалу құралына қарай бірнеше түрлерге бөледі. Шабуыл нысанына қарай киберқылмыс келесі топтарға бөлінген: экономикалық компьютерлік қылмыс, жеке құқыққа және жеке саладағы мызғымастыққа қарсы компьютерлік қылмыс, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге қарсы компьютерлік қылмыстар болып бөлінеді.
Еуропа кеңесінің конвенциясы киберқылмысты 5 топқа бөлген.
Бірінші топтағы қылмысты компьютерлік мәліметтер мен жүйелердің құпиялығы, тұтастығы мен қолжетімділігіне қарсы қылмыстар. Олар: заңсыз қолсұғушылық (компьютерлік жүйеге немесе оның бөлігіне құқықсыз әдейі қолсұғушылық), заңсыз алып қою (әлеуметтік желіге арналмаған комьютерлік мәліметтерді компьютер жүйесіне немесе компьютер жүйесінен заңсыз тарату), деректерге араласу (компьютерлік деректерді құқықсыз бұзу, жою, ауытқулар туғызу, өзгерістер жасау), жүйеге араласу (компьютерлік деректерді жұмыс істеуіне қарсылық тудыратын құқықсыз іс-әрекеттер).
Екінші топтағы киберқылмысқа компьютерлік құралдар арқылы жасалатын қылмыстар жатқызылған. Конвенция киберкеңістікте жасалатын алаяқтыққа мынадай анықтама берген: Ғаламтордағы алаяқтық - бұл негізінде алдау көзделетін, арам ниетпен әділетсіз экономикалық табыс табу үшін, компьютерлік құрылғылармен жасалатын кез келген енгізулер, тузетулер, өшірулер, деректерді бұғаттау немесе кез келген компьютердің қызметіне зиянын тигізетін әрекеттер арқылы, басқа тұлғаны жеке меншігінен айыру.
Үшінші топтағы киберқылмыс түріне ақпараттық мазмұнмен байланысты қылмыстар жатады. Сөз балалар порнографиясына байланысты айтылғандықтан, Конвенция балалар порнографиясының қандай түрлерін тарату заңмен қуғындалатындығын жеткілікті түсіндіреді.
Төртінші топтағы киберқылмысқа авторлық құқық пен көрші құқықты бұзу қылмыстарына байланысты айтылады.
Бесінші топ - қоғамдық қауіпсіздікке қолсұғушылықпен байланысты қылмыстар. Бұл топтағы қылмысқа кибертерроризм және киберкеңістікті террорлық әрекеттер жасау үшін қолдануды жатқызады (мысалы, террорлық әрекеттерге тарту немесе осы террорлық әрекеттердің орындалуына сыбайластық жасауға тарту).
Киберкеңістікте қазіргі таңда өте өзекті болып отырған киберқылмыстың түрі - ғаламтордағы алаяқтық. Ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтыққа кез келген адам, тіпті өзінің қауіпсіздігіне ең сақ қарайтын адам түсе алатындығы құпия емес. Ал егер де сіз пластикалық катрочканың иесі бола отырып және онымен ғаламтор арқылы жасалатын түрлі әрекеттер үшін қолдансаңыз, алаяқтардың қармағына түсу қауіпінің артуына бірден бір себеп. Бұрын адамдар қаржылық пирамидаға түсуге, тауар алысуда алданып қалудан қауіптенсе, қазіргі кезде желелілік технологиялардың дамуымен қатар алаяқтықтың фишинг, спуфинг, төлем жүйесінде жүргізілетін алаяқтық, вишинг, варминг, сайттарды бұзу, DdoS шабуылдар, кликфорд, скимминг түрлерінен қауіптенетін болды. Негізінде әр түрлі технологиялық ашылулармен бірге алаяқтықтың да түрлері көбейе беретіндігі анық, сондықтан бұл мәселенің шешімін табу ауқымды қаралуы қажет.
Ғаламтордағы алаяқтықтың ең танымал формасы - бұл фишинг. Ағылшын тілінен аударғанда балық аулау деген сөзге ұқсастығы кездейсоқтық емес. Фишинг барысында қармаққа еш нәрсеге күдікті емес құрбан түсіп, зиянкестерге өзінің дербес ақпаратын, PIN-кодтарын өз еркімен береді. Фишингпен айналысу оңайға соқпайтын жұмыс, ол психологиялық саладағы білімділікті, өмірлік тәжірибені және де адамның сенімене кіру үшін қолданылатын дайын схемаларды қажет етеді. Көбінесе фишинг атақты брендтердің немесе банктердің атынан жаппай электронды хат тарату арқылы жүзеге асады. Бұндай хаттар сайттың түпнұсқасынан жай көзбен айыра алмайтындай жалған сайттарға апаратын сілтемелермен қамтылған. Сілтемеден адам банктің жалған парақшасына өтеді. Әр түрлі психологиялық әдістердің қолданылуымен алаяқтар адамды өзінің логины мен паролін ғаламтор-банкке кіру үшін енгізуге мәжбүрлейді. Осындай жолмен алаяқтар адамдардың есептік жазбалары мен банктік шоттарына қол сұғушылық әрекеттерін жасайды.
Фишингті бірнеше түрлерге бөледі. Ең алдымен, бұл пошталық, онлайндық, аралас фишинг болып есептелінеді.
Пошталық фишинг - бұл құрттар, трояндық бағдарламаларды және басқа да вирустарды таратуға негізделген. Бұл фишинг түрінің қауіптілігі зиянкестердің компьютердегі орнатылған спам-сүзгілерді айналып кету мүмкіндігіне иелігімен ерекшеленеді. Сонымен қатар фишингтік хаттар түпнегіз сайттың түрін қабылдап, адамды жаңылыстырады.
Онлайн фишинг негізінде адамдар қолданатын онлайн-банкингтің жалған сайтын құрастырып, адамдарды қармаққа ілу. Бұндай жалған сайттарды түпнегізгі сайттардан ажырату өте қиын, сондықтан адам еш күмәнсіз өзінің логинын және құпия сөзін тереді. Ал алаяқтар енгізілген мәліметтерді тез арада ұстап алып, ақшаны өз шоттарына аудара бастайды.
Аралас фишинг негізінде жоғарыда айтылған жалған сайттар арқылы құрбандарымен хат алысып, оларға банктің жаңа өнімдері туралы айтып, кейбір операцияларды өзіне орындауды ұсынады. Мысалға, өзіңіздің шотыңыздан сізге арнап ашылған депозитқа ақша аудару секілді іс-әрекеттер. Нәтижесінде алаяқ құрбанның банктік деректеріне иемденіп, аталған жағдайлардағыдай алданған адамның шотынан өзінің шотына ақша аудара бастайды.
Фишингтің тағы да аса танымал емес түрлері де кездеседі. Олар: вишинг, смишинг, варминг.

Ғаламтор арқылы заң бұзушылыққа бару жолдарының себептері
Компьютерлік техниканы қолдану арқылы жасалатын қылмыстар - бұл ақпараттық саладағы қылмыстың мамандандырылған бөлігі.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында компьютерлік техника мен ақпарат құралдары көбінесе шабуыл нысаны ретінде қолданылады. Бұның себебі қылмыстың жоғары дәрежелі латенттілігі, ал кейбір кездерде компьютерлік-ақпараттық жүйелердің болмауы.
Қазақстандағы кибербұзақылық өсуінің тағы бір себебі, Шығыс елдерімен салыстырғандағы ақпараттық дамуының, моральдық-құқықтық стандарттар мен нормалардың артты қалуы. Адамдарға ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз етілудің оңай жолы еліктіреді. Мысалы, интелектуалды меншіктің сақтау проблемалары.
Лицензияланған бағдарламалар бұқаралық тұтыну үшін қымбат, сондықтан да адамдарға осындай арзан бұзылған бағдарламалармен қолдануға ешқандай моральдік кедергілер жоқ.
Киберқылмыс мәселесі бойынша, Крылов атап өткендей, құқық қорғау органдарына белгілі бір кәсіпке байланысты компьютерлік қылмыстардың 5-10% ғана белгілі болады. Бұның себебі компьютерлік қылмыстардың құрбандары құқық қорғау қызметкерлерімен байланыс орнатуға қашқақтайды. Инвесторлар мен акционерлердің арасында сенімсіз жұмыс пен немқұрайлы көзқарас жайлы ақпараттың таралуынан қауіптенетін кәсіпкерлер, өзінің мекемесінің экономикалық құлдырауынан, кейін мүлдем банкроттығынан қауіптенеді.
Көптеген ғалымдардың бірнеше жылдар бойы жинақтаған пікірлері бойынша киберқылмыс жасауға психологиялық себеп те бар екендігі анықталды. Кибербұзақылықтың әлеуметтік-психологиялық аспекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемде және Ресейде киберқылмыстың даму мәселелерін зерттеу
Ақпараттық дәуірдегі – ақпараттық қауіпсіздік
ЗАМАНАУИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Киберқылмыс
Зиянды бағдарлама түрлері
Киберқылмыс - Ақпараттық технологиялар саласында жасалатын қылмыстар
Зиянды бағдарламалардан қорғау
Зиянды бағдарламалар
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Компьютерлік қылмыстардың криминологиялық сипаттамасы
Пәндер