ХҮІІІ ғ. екінші ширегінде Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі
Тақырып 9. ХҮІІІ ғ. екінші ширегінде Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі.
XVIII ғасырдың 80-жылдарында Сырым Датұлы бастаған көтеріліс барысында Орынбор губернаторы О. Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жоюға әрекеттер жасаған еді. Ол Игельстром реформасы деген атқа ие болған болатын. Бірақ ол жүзеге асырылмай қалды. Бұл саясат XIX ғасырдың 20-жылдары қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады. Сонымен қазақ жерін әкімшілік реформалаудың жаңа үлгісі Ресейдің әкімшілік-саяси басқару жүйесіне сай жасалынды. Реформа Орта жүзден басталды. Сібір генерал-губернаторы М. Сперанскийдің басшылығымен Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы жасалып, ол 1822 жылы қабылданады. (Орыс әкімшілігі сол кезде қазақтарды қырғыздар, ал қырғыздарды қара қырғыздар деп атаған еді.) Бұл реформа бойынша Сібір екі бөлікке - Шығыс және Батыс беліктерге бөлінді. Шығыс бөлігінің басқармасы Иркутскіде, ал батыс бөлігінің орталығы Тобольскіде, ал 1839 жылдан бастап Омбыда орналасты. Батыс Сібір бөлігіне Тобыл, Томск, Омбы облыстары және Орта жүз бен Ұлы жүздің бір бөлігі енді. Батыс бөлік Сібір қырғыздарының облысы деген атқа ие болды.
Жарғы бойынша Сібір қазақтарының облысы әкімшілік тұрғыда округ - болыс - ауыл жүйесі бойынша бөлінді. Округке 15-20 болыс, болысқа 10-12 ауыл, ауылға 50-70 шаңырақ (үйлер) кірді. Округ басшылығында округтық приказдар болды. Округтық приказдарды қазақтар дуан деп атаған. Округтарды формальді түрде аға сұлтан басқарды. Болыс басшылығында болыс сұлтаны тұрды, олар округтық приказға бағынды. Ауылды ағаман басқарды. Ағамандарды үш жылда бір рет ауыл тұрғындары сайлап, оны округтық приказ бекітті. Болыстар сұлтанға бағынды. Хандық билік толығымен жойылды.
Реформада сот жүйесінде де үлкен өзгерістер болды. Онда Қазақ жеріне Ресей заңдарын енгізуді мақсат тұтты. Дәстүрлі билер соты тек ру арасындағы, ауыл ішіндегі дауларды шешу үшін ғана сақталынды. Қылмыстықтар, мысалы, Отанға опасыздық жасау, кісі өлтіру, ұрлық, билікке бағынбау т.б. империялық заңның негізінде шешілді.
Сібір қырғыздары туралы Жарғыда Сібір қазақтары көшпелі біратаналарға жатады, сондықтан олармен құқықтары теңестіріледі деп атап көрсетілген. Желілер бойындағы қазақтардың қазіргі жағдайы әртүрлі, олар болыстарға, болыстар ауылға бөлінген, кейбірі қазіргі атауларын сақтап қалған. Одан әрі былай делінген: Олар болыстық басқару ыңғайлы болуы үшін округтерге қосылған. Округтер көбіне бұрыннан қалыптасқан бір рудан және көрші болыстардан құралады. Әр округтің өзіне белгіленіл берілген жері бар және оған басқа округтың адамы жергілікті басшылықтың рұқсат-ынсыз өте алмайды.
Басқару құрамы бөлімінде мыналар анықталып берілген: Ауылды старшындар басқарады. Болысты сұлтандар басқарды. Ауыл мен болыстағы сот мәселелерін талқылауда ауыл ақсақалдары мен билер өз билігін сақтайды. Бүкіл округті басқару үшін болыстар аға сұлтанды сайлайды. Әрбір округте округтік приказдар ашылған. Ал Сайлау тәртібі бөлімінде: ауылды басқару үшін ағаманды қазақтардың өздері сайлайтын болған және оны округтік приказ бекіткен. Ағамандарды сайлау әр үш жылда өтіп отырған, бір ағаман бірнеше рет қатарынан сайлана алады. Ағамандарды сайлау ауылдық жерлерде ауызша өткізілетін. Көпшілік дауысты олар өздері шешті. Сұлтан лауазымы мұрагерлік жолмен жүргізілді. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайласа, ал приказ заседательдерін билер мен ағамандар сайлады. Осының барлығын облыс басшысы бекітті. Аға сұлтан үш жылға сайланатын, заседатель екі жылға сайланады, - деп, сайлау тәртіптері белгіленген. Сондай-ақ Жарғыда: Аға сұлтан - земство шенеунігі. Ол сайланғаннан кейін жергілікті әкімшілікті басқару үшін Ресей үкіметінің атынан оған өкілеттілік беріледі. Барлық жұмысты ол округтік приказ арқылы жүргізеді делінген.
Жарғы бойынша қазақ халқы үшін салық пен міндеткерлік мөлшері де белгіленді: Жасақ малмен өтеледі, жүз бастан біреу алынады. Салық қазақ-тардан болыс бойынша жиылады. Салық жинау жылына бір рет жазды күні жүргізіледі. Жарғыдағы тағы бір маңызды мәселе, ол Медициналық бөлімнің енгізілуі болды. Әрбір округке екі емдеуші, тұрақты аурухана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz