Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Оралбаева У. А.
Орталық Қазақстанның елді мекендері атауларының ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі эволюциясы: себептері, этимологиясы және қазіргі жағдайы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6B02204 - «Тарих» мамандығы
Қарағанды 2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е. А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Қ. Т. Бодеев
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Орталық Қазақстанның елді мекендері атауларының ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі эволюциясы: себептері, этимологиясы және қазіргі жағдайы»
6B02204 - «Тарих» мамандығы
Орындады: У. А. Оралбаева
Ғылыми жетекшісі
э. ғ. к., доцент Л. К. Шотбакова
Қарағанды 2022
МАЗМҰНЫ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ АТАУЛАРЫНЫҢ ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢГЕ ДЕЙІНГІ ЭВОЛЮЦИЯСЫ; СЕБЕПТЕРІ, ЭТИМОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
КІРІСПЕ. . ……. . . . .
І БӨЛІМ
ЕРТЕ ҒАСЫРДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ АТАУЛАРЫ, ТОПОНОМИКАСЫ
1. 1 Ерте ғасырдағы Орталық Қазақстан атаулары, топономикасы, аңыз-деректер………. . . . . …
1. 2 Көне жазба мұралардағы Орталық Қазақстан топонимдерінің көрінісі. . . .
1. 3 Қарағанды облысының елді мекен атауларының этнотопонимдер . . .
ІІ БӨЛІМ
ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ. ЭТИМОЛОГИЯСЫ
2. 1Қарағанды облысы топонимиялық жүйесінің қалыптасуының физикалық-географиялық тарихи алғышарты . . . . . .
2. 2 Қарағанды қаласының тарихы мен бүгіні . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
Кіріспе
Өркениеттің дамуы, адам ақыл ойының өрістеуі, қоршаған орта мен қоғамды тануға ұмтылыс жасауы нәтижесінде географиялық ортаға деген ұғым нық қалыптаса бастайды. Табиғатпен «тіл табысу» табиғат ресурстарын игеруге, табиғаттың түр - тұрпатын бедерлеуге, мұнан соң географиялық атаулардың пайда болуына алып келді. Кең дала төсінде, табиғатпен етене өмір сүру жалпы көшпенділер жұртының, қала берді қазақ халқының төл мәдениеті деп түсінсек халықтық ұғымдағы геоэколгиялық түсінік элементтері географиялық атауларда жинақталды. Географиялық атауларды қалыптастырушы негізгі фактор - халық десек, кез - келген халықтың рухани элементті өзі өмір сүрген орта мен өзі қолданыс ретінде пайдаланған, тұтынған шаруашылық тұрғысынан алатыны айқын. Осы ретте, қазақ халқына тән топонимдер көшпелі - отырықшы мәдениетіне орайластырылып, мал шаруашылығы, жануарлар әлемі және фитонимдік ұғым санатында өрбіп, нәтижесінде жер-су аттарын айыра білу, географиялық нысандардағы белгілерді нақтылауға алып келді. Сондықтан да қай өңірге тән топонимді алмайық сол дала халқының түсінік ұғымы, физикалық-географиялық құндылықтарын көрсететін мәлімет екендігіне көз жеткіземіз.
Қазақтың жер-су атауларына келсек бұл тақырып аясында кең көлемде деректер келтірумен қатар олар арқылы дәстүрлі қазақ өмірінің нақты ұғымымен бетпе-бет келе аламыз. Өйткені ғасырлардан бермен тамыр тартқан этникалық рухани мұрада жер-су аттары үлкен мәнге ие. Халықтың табиғатпен етене өмір сүру мәдениеті мен тәжиірбиесі осы топонимиялық атауларда жинақталған. Топонимдік фактор - қазақ тарихының үлкен бір бөлігі деп санасақ, тарихи жер-су атаулары секілді түсініктер тарихи күрделілікке ие.
Географиялық көне атаулар тарихи ескерткіштер іспетті. Себебі өткен замандардың мұралары ретінде мемлекеттер мен халықтардың тарихының, жер жағдайларының, материалдық және рухани мәдениеттерінің белгілі бір тарихи кезеңдердегі келбетін, қалпын көрсетеді. Топонимиканың кесек бір саласы - этнотопонимика, яғни ру, тайпа, халық аттарынан қойылған географиялық атауларды зерттеу бөлігі. Ал этнонимдерден қойылған жер-су аттары - этнотопонимдер делінеді.
Этнотопонимдердің негізін құрайтын компонент - этноним. Этноним дегеніміз ру, тайпа, халық аты, ал оны зерттейтін білім саласын этнонимика деп атаған жөн.
Этнонимге байланысты жер-су атауларының сыры - қазақтың көне тарихына алып барары сөзсіз. Қазақтың ең алғаш ру, тайпа, халық және ұлт болып қалыптасуы - оның ежелгі ұлтардың бірі екенін дәлелдейді. Осы ежелден қазақ жерін мекендеуші ру, тайпа, халықтың атаулары өздері мекен етіп отырған жер-су, тау-тас, өзен-көл т. б. атауларына әсерін тигізбей қоймады. Халқымыздың арғы-бергі тарихына қол жетудің нәтижесінде және де кейбір атауларды тілдік тұрғыдан ғылыми дәйектеме-дәлелдер арқылы жер-су атауларының этнонимге де қатысы бар екенін осы жұмысымызда анықтап-ашып беру.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Жалпы Қазақстанның топонимдері мен табиғи жағдайы барысында сөз қозғамас бұрын оның ежелгі руханияты мен мәдениеті турасында тоқтағанымыз дұрыс. Атап айтсақ, әлемдегі көлемді жер мөлшеріне ие Қазақстанның ұлан-ғайыр даласының тарихы тереңде жатқаны баршаға аян. Атап айтсақ түркі жұртының отырықшы және көшпелі мәдениетінің негізі болып, Орта Азиядағы ең бай да атақты қалары болған, шығыс пен Еуропа арасына алтын көпір болған Ұлы Жібек Жолының бойынан орын тепкен қоғам сол кездерде-ақ табиғат мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға қол жеткізді. Мал шаруашылығы ғана емес, егіншілік, қол өнер, табиғат ресурстарын қолдана білу арқылы өркендеудің жоғарғы сатыларына қол жеткізе білген ескі мәдениеттің ізі мен жұрнағын бүгінде тек қана мұражайдағы тарихи экспонаттар ғана емес географиялық атаулар да айғақтай түседі. Біздің бұл пікірімізге ғылыми жұмыстың дерек көздері ретінде пайдаланған көптеген ғалымдардың еңбектері дем бере түседі. Атап көрсетсек, табиғатпен етене тіл табысуы нәтижесінде үлкен деңгейдегі жетістікке қол жеткізген өңірге тән ежелгі мәдениет турасында, осы ұғымның өрістеуі себепкерлігінен географиялық түсініктер орныққаны-көне саяхатшылар күнделгінен бастап, орта ғасырдағы зерттеушілерге, одан берідегі ғалымдарға азық болғанды. Еліміздің географиялық жағдайы, жер бедері, су көздері, өсімдіктер және жануарлар әлемін зерттеп, климаттың құбылмалылығы, сондай ақ топонимдер тудыруда халық мәдениетінің түрлі себептерінің барысы жайлы бұған дейін көптеген зерттеушілеріміз қалам тартты. Қарағанды облысының топонимдері де - республикамыздың басқа өңірінің топонимдері сияқты белгілі бір мерзім, кезеңнің ғана емес, сан мыңдаған жылдардың, тұтас бір дәуірдің жемісі. «Жер-су аты - тарихтың хаты» деп тектен айтылмаса керек. Топонимика тақырыбы қай халықтың көркем сөз өнерінде болса да өз көрінісін, сөз етілу себебін, кейіпкер әсер еткен географиялық ортасы мен табиғатқа қарым-қатынасын білдірмей тұра алмайды.
Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері : Ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі кезеңді қамтиды
Дипломдық жұмыстың мақсаты: ерте ғасырдағы орталық қазақстан елді мекендерінің атауларын, топономикасын зерттеу. Орталық қазақстанның қазіргі елді мекендері. Этимологиясы
Дипломдық жұмыстың міндеті:
- Орталық Қазақстанның тарихын, өткені мен бүгінін саралау
- Орталық Қазақстанның елді-мекен бойынша топономикалық ерекшеліктерін ескеру, хронологиялық тізбек құру
- Орталық Қазақстанның елді-мекен, жер-су, қыр-төбе, қала, аудан т. б. этиитологиясын зерттеу
Зерттеу объектісі: Орталық Қазақстан елді мекендері атаулары, эволюциясы, себептері, этимологиясы және қазіргі жағдайы
Дипломдық жұмыстың теориялық-методологиялық негізі:
Дипломдық жұмыстың құрылымдық сипаттамасы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім және оның екі тарауынан, корытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
І ЕРТЕ ҒАСЫРДАҒЫ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ АТАУЛАРЫ, ТОПОНОМИКАСЫ
1. 1 Ерте ғасырдағы Орталық Қазақстан атаулары, топономикасы, аңыз-деректер
Топонимиканың кесек бір саласы - этнотопонимика, яғни ру, тайпа, халық аттарынан қойылған географиялық атауларды зерттеу бөлігі. Ал этнонимдерден қойылған жер-су аттары - этнотопонимдер делінеді.
Этнотопонимдердің негізін құрайтын компонент - этноним. Этноним дегеніміз ру, тайпа, халық аты, ал оны зерттейтін білім саласын этнонимика деп атаған жөн /1/.
Этнонимге байланысты жер-су атауларының сыры - қазақтың көне тарихына алып барары сөзсіз. Қазақтың ең алғаш ру, тайпа, халық және ұлт болып қалыптасуы - оның ежелгі ұлтардың бірі екенін дәлелдейді. Осы ежелден қазақ жерін мекендеуші ру, тайпа, халықтың атаулары өздері мекен етіп отырған жер-су, тау-тас, өзен-көл т. б. атауларына әсерін тигізбей қоймады. Халқымыздың арғы-бергі тарихына қол жетудің нәтижесінде және де кейбір атауларды тілдік тұрғыдан ғылыми дәйектеме-дәлелдер арқылы жер-су атауларының этнонимге де қатысы бар екенін осы жұмысымызда анықтап-ашып беру.
Этносты және этнонимдерді зерттеуді әрқашанда баршылыққа алынып келген және алына бермек Ф. Энгельстің ру, тайпа, халықтардың және оның аттарының әр түрлі қоғамдық формацияларда шығуын, дамуын, олардың қоғам құрылысымен байланысты т. б. мәселелерін қарастырған. «Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбегінде марксизм ілімі тұрғысынан жете сипаттап береді /2/.
Ф. Энгельстің аталған еңбегінде семья мен рудың арасындағы қарым-датылас, рудың адам қоғамының алғашқы қауымы есебінде баяндалған /3/. Сонымен қатар ру және тайпа категорияларына анықтама беріледі, конкретті дәлелдермен суреттеледі.
Ру болу үшін оның көп шарртары бар. Ф. Энгельс Морганның еңбегіне сүйене отырып, тайпа руларға бөлінетінің, ол олардың өз әдет-ғұрыптары бар екенін көрсетеді. Соның бірі мынау: «Рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше есімдері болады, ол есімдермен бүкіл тайпа ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана алады, сондықтан әрбір ру мүшесінің есімі де оның қай рудың адамы екенін көрсетеді. Рудың праволары да ру есімімен тығыз байланысты болады» /4/. Тайпалар территориясының арасында бейтарап алқаптар жатады. Егер тілдерді туысқан болса, онда бұл алқап - тілдері түсініксіз болса, алқап - үлкен. Ал тайпа атаулары туралы Ф. Энгельс былай дейді: «Тайпалардың алып жүрген аттары саналы түрде таңдап алғаннан гөрі көбіне кездейсоқ түрде пайда болған деу дұрысырақ болар; беретін келе мынандай жағдай бола беретін болған». Немістерге өздерінің «германдықтар» денен ең алғашқы жалпы тарихи атын кельттердің тақаанв сияқты, іргелес тайпалар маңайындағы тайпаға сол тайпаның өзін-өзі атап жүрген атынан өзгеше ат беріп отыратын болған» /5/.
«Осы тайпаның өзіне ғана тән ерекше диалекті болды. Шындығында тайпа мен оның диалектісі бір жерден шығып отырады; бөліну арқылы жаңа тайпалар мен жаңа диалекті Америкада осы жақын арада ғана жасалды және осы кезде де ол мүлдем тоқтала қойды ма екен» /6/.
Ф. Энгельс тайпаның бұл көрсетілгеннен басқа алты белгісі бар екенін көрсетеді, соның ішінде тайпаға кіретін адам санын да сипаттайды.
Қазақ халқының ертедегі тарихын халық болып қалыптасқанға дейінгі ру, тайпа, тайпа одақторы тарихын, этносы мен этнонимдерін революцияға дейін А. Левшин /7/, Г. Потанин /8/, В. В. Радлов /9/, А. Харузин /10/, Н. Аристов /11/, В. В. Бартольд /12/, Ш. Уәлиханов /13/ т. б. ғалымдар зерттеді.
Бұл ғалымдар өз еңбектерінде көне замандардағы және орта ғасырлардағы грек, қытай, араб, парсы, көне түркі, көне славян нұсқаларын, түркі халықтарының және қазақтардың шежіресін пайдаланады.
Революциядан кейінгі дәуірде түркі халықтарының этногенді, этностық құрамы, кейбір этнонимдердің этимологиясы жөнінде жазған авторлардан М. Тынышпаев /14/, С. Аманжолов /15/, Ә. Марғұлан /16/, І. Кеңсебаев пен Т. Жанұзақов /17/, В. В. Востров пен М. Мұқанов /18/, С. Мұқанов /19/ т. б. еңбектерін атауға болады.
Қаралып отырған мәселеге М. Ақынжанов, Х. Әділгереев, Ю. Зуев, В. Юдин, С. Ибрагимов, Б. Көмеков т. б. тарихшылардың еңбек-мақалалары да қатысты /20/.
Бұл деректерге қарап Одақ көлемінде де, Қазақстанда да халықтардың этногенді, этносы және этнонимдері мәселелерімен көбіне-көп тарихшылар мен этнография мамандары шұғылданып отырғанын көруге болады. Ал тіл білімі тұрғысынан академик А. Н. Кононов пен С. Аманжоловтың еңбектері құнды да бағалы.
Алайда жеке этнонимнің шығуы, тарихи нұсқаулардан орын алуы және оның этимологиясы туралы бұл авторлар да арнайы шұғалданған жоқ. Этнонимдердің тарихы, дамуы және шығу төркіні сияқты мәселелерді тарихи, этнографиялық мағлұматтармен толықтыра отырып, тіл білімі тұрғысынан ретке келтіру, зерттеу тілшілер, тарихшылар үшін құнды материал, ал халық үшін құнды еңбек деп ойлаймыз.
Этнонимдерді зерттеуге сын елегінен өткізуге, шежіренің де келтірер пайдасы бар. Шежіре деген не, ол қалай, қашан пайда болды деген мәселелер жөнінде К. Маркс пен Ф. Энгельс былай деп жазды: «Морганның бұл мәселеге берген жауабын Маркс мына сөздермен қорытып өтеді: «Рудың алғашқы түрінде соған сай келетін қандас туыстық системасы, - басқа да қарапайым жай адамдардағы сияқты гректерде де бір кездерде рудың сондай алғашқы түрі болған, - барлық ру мүшелеріне өздерінің бір-біріне туыстық қатынастарын білгізе алады. Олар бала жасынан-ақ өздері үшін өте маңызды бұл мағлұматтарды тәжірибе жүзінде біліп алатын болады… Рулық аты ру шежіресін жасады, ру шежіресі мен қатар қойғандай жеке семья шежіресі маңызды болмай шықты. Осы ру аты енді оның иелерінің бір тектен тарағандығына айғақ болуға тиіс еді, бірақ ру шежіресінің әбден алыс заманға кететіндігі сонша неғұрлым бертікірек кездегі ортақ ата-бабалары болған біраз реттерде болмаса, ру мүшелері елді өздерінің арасындағы шынымен болған туысқандық дәрежесін дәл анықтай алмады. Ру атының өзі тұқымның ортақ бір тектен тарағандығының дәлелі болды, дәлелі болғанда бөтен адамды ру адамы етіп алу реттерін санамағанда, даусыз дәлелі болды» /21/.
Сөйтіп, марксизм классиктерінің бұл қағидаларынан шежіре рулық қоғам заманында адамдардың бір-біріне туыстық қатысын білу үшін пайда болғанын байқаймыз. Күні кешеге дейін қазақтардың баласына жеті атасына дейін жаттататынын еске түсірсек, жоғарыдағы қағидалардық дұрыстығы растала түседі.
Осылайша туып дамыған қазақ шежірелері де таптық, немесе діни тұрғыдан өңделіп отырады. Қазақ шежіресінің басы үш варианттан басталады. Бірі - қазақтың арғы атасы Мұхаммед пайғамбардың сахабасы Әнестен тараған екен деп келеді /22/.
Бұл шежіре ислам дінін таратушылар мен қошеметтенушілердің пиғылынан туғанын аңғару қиын емес.
Екінші варианттағы шежіре - қазақтың арғы тегін төрелер тұқымына, яғни тарихтын кеше болған Шыңғыс хан әлетіне жабыстыра салады /23/. Бұл шежірені де ғасырлар бойы қазақты билеген төре тұқымы - Шыңғыс хан әулеті идеологтарының ойлар шығарған әрекеті екені көрініпақ тұр.
Ал үшінші варианттағы шежіре - көне заманнан күңгірт, ақиқаты бағзы заманда ұмытылып кеткен, тек ру, тайпа аттарының өзі ғана туыстықты білдіретін шежіре. Бұған ХІХ ғ. Жазып алған ақын Н. Наушабаев пен ХХ ғ. Басында жарыққа шығарған Кәрім Батищевтің шежірелері жатады /24/.
Бұл шежірелердің таптық, діни және идеологиялық үстемелерін сын көзімен қараса, олардың берер пайдасы аз болмаса керек. Тегінде шежіре мәліметтері түркі халықтарында ерте орта ғасырдан бар. Мәселен, түркілердің шығуы жөнінде екі аңыз VI-VII ғасырдағы қытай нұсқаларында сақталған /25/. Бұл аңыздардағы шежіре элементтері мифологиялық түсініктермен ұштасып жатады.
Ал көне түркі жазушыларында да шежіре сюжеттері бар. Мәселен, Кюнь-Тегин ескерткіштерінің үлкен жазуы былай басталады: «Жоғары да көк аспан, төменде қара жер пайда болғанда, екеуінің арасында адам баласы пайда болады. Адам баласына ата тегім Бумын қаған, Естеми қаған хан болады». Осы шежірені тарихшы Л. Н. Гумилев өзінше түсіндіреді. Бумын 545 жылы, ал Естеми 554 жылы хан болған. Ал Кюль-Тегин 731 жылы өледі. Ал Кюль-Тегин заманының түрлері адам баласының пайда болғанына 200 жыл болды, ал оның алғашқы хандары - Бумын мен Естеми деп түсіндірген /26/.
ХІ ғасырдың атақты тілші, этнограф ғаламы М. Қашқаридің еңбегінде /27/ қаншама рулар тарихы мен олардың тұрағы айтылады. Бұдан кейін түркі тайпаларының тарихы, шежіресі ХІІІ ғасырдың аяғы, XIV ғасырдың басында 10 жыл бойы жазылған (1300-1310 жж. ) . Рашид-ад-диннің «Джами ат-тауарих» (Сборник летописей) атты еңбегінде /28/ молынан орын алған. Біздің байқауымызша Рашид-ад-дин еңбегі І томның 1-ші кітабының бас жағында айтылатын шежіре, тайпалар тарихы ауызша айтылып жүрген шежіреден алынған болуы керек. Осы кітаптің бірінші бөлімшесін автор былай деп атайды: «Раздел первый относительно истории и народных рассказов об Огузе и двадцати четырех вышеупомянутых племенах, происшедших от его потомков и от некоторых его родных и двоюродных братьев, присоединившихся к нему. От них произошли племена: уйгуры, кипчаки, каилы, карлуки и калачи. [Все это излагается ] согласно тому, что сообщают мудрые люди [этих народов] [выделего мною - А. А. ] и на чем все они сходятся» /29/.
Міне, бұл тақырыпта айтылып тұрған «халық әңгімелері», «дана адамдардың айтуынша» деген сияқты автор сөздері Рашид-ад-дин еңбегінің бір нұсқасы халық аузында айтылып жүрген шежіре, аңыз-әңгімелер екенін көрсетеді. Ендігі шежіренің бір жазба нұсқасы - «Огуз-нама» /30/. А. М. Щербақтың ойынша бұл шығарма XV ғасырда Жетісуда жазылған. Ал өзінің сюжеті және мазмұны жағынан «Огузнаме» ертерек сияқты. Өйткені мұнда Огузхан адам мен жылқыны жеп шыдаптаған қиятпен (единорог) соғысады, Огуз-ханды жорықтарда көк бөрі бастап жүреді /31/. Міне, бұл оқиғалар шығарманың ертелігін және мифтік бағытта екенін дәлелдейді. Осыған қарағанда Огузнаме кеш жазылғанымен, мазмұны ертеректе. Бұл мәліметтер профессор Ғ. Ғ. Мұсабековтың - «Огуз-наме» ерте орта ғасырда туған деген пікірін растай түсетін тәрізді.
Түркі тайпаларының шежіресі 1659-61 жылдары жазылған Абдулғазының «Шаджари-и-таракіма» атты еңбегінде де баршылық. А. Н. Кононовтың зерттеулеріне қарағанда бұл еңбек Рашид-ад-диннің кітаптарын пайдаланып жазылған /32/.
Түркі және қазақ тайпаларының, хандарының тарихы мен шежіресі (авторы қазақ) Қадырғали Жалалридің «Жамиат-тауарих» атты еңбегінде кездеседі. Темшік Бахадурдың немересі, Қошымбектің ұлы Қадырғали (бек) тарақ таңбалы жалайыр руынан. 1588 жылы Ораз-Мухаммед және Сейдақпен Ертісте қоршыға салып жүргенде, Қадырғали үшеуін Чулков воевода тұтқынға алып, Москваға жөнелткен. Қадырғалидің аталған еңбегі XVI ғасырдың аяғында Москвада жазылған және орыс патшасы Борис Годуновқа арналған.
Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, Қадырғали Рашид-ад-адиннің еңбегін аударып қана қоймай, Қазан, Астрахань, қазақ халықтарының құрылуын, яғни XIV-XV ғасырлар оқиғаларын т. б. жазған.
Қадырғали еңбегінің үлкен бөлімін Ш. Уәлиханов орыс тіліне аударған және жоғары бағалаған /33/.
Міне, бұл аталған тарихи нұсқа еңбектердің асса түркі халықтарының, қама қазақ халқының этностық құрамын, көне тайпалардың тегін анықтауға пайдасын тигізері сөзсіз. Бұл нұсқаларда кейбір этнонимдердің халықтық этимологиялары да берілген. Соларды сын көзбен қарап, ғылыми қажетіне жарату біздің, тілшілердің міндеті деп білеміз.
Этнонимдер (сол сияқты этнотопонимдер де) қалай зертеулік керек? Этнонимдерді зерттеу үшін тарих, этнография және тіл мамандарының ізденістерін бірлестіру қажет этнонимнің, оның иесі этностың пайда болу, даму, тарихтан орын алуы сияқты мәселелерін тарихи этнография және тарих мамандары қарастырушы керек. Ал олардың қай тілдің сөзінен шыққанын, қай тілде сөйлегенін анықтау - тіл мамандарының міндеті. Міне, осы екі саланың басын қосып зерттеу жүргізу сол халықтың этногенезін, халықтың этностық құрамын анықтауға зор пайдасын тигізбек /33/.
Осы жағдайларды ескере отырып, дипломдық жұмыста қазақ халқының этностық құрамына енген ең ірі компоненттердің - ұлыстардың, тайпа одақтардың тарихын және сол атаулардың шама келгенше этимологиямын ашуды алдымызға мақсат етіп қойдық.
1. 2 Көне жазба мұралардағы Орталық Қазақстан топонимдерінің көрінісі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz