Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу казну универ

Факультеті: «География және табиғатты пайдалану»

Кафедрасы: «Гидрология»

Тақырыбы:Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы"

Орындаған:Келдібек Мөлдір

Тексерген:Сайлан Болат

Мемлекетті басқару тізгінін қолға алғаш алған сәтте Елбасы қазақстандықтарға алдағы өмірдің жеңіл болмайтынын, алайда, жақсы күндерге бірлік пен татулық, іскерлік пен қабілеттілік арқылы жетуге болатынын ескертіп, туған халқын тұғырлы биіктерге бастауға уәде еткен болатын. Ұлағатты ұстанымын тереңдете түскен Ұлт Көшбасшысы елдегі тыныштық пен бірлікті мызғымас берік қалыпқа түсірді, әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін жоғары деңгейге жеткізді. Тұрғындардың тұрмыстық әл-ауқаты артып, тәуелсіз мемлекеттің сыртқы елдермен қарым-қатынасы қанатын кеңге жая түсті. Нәтижесінде Қазақ елі әлемде өзіне тән жасампаз үні бар ықпалды мемлекеттердің қатарына қосылды. Тарихи өлшем тұрғысынан алғанда аз ғана мерзім аралығында Қазақстан талайды таң қалдырып, еріксіз тамсандырған, өзгелерге өнеге боларлық сипаттағы бәтуалы істерге батыл түрде бара білді. Ондаған жылдар бойы барша қазақ халқының қасіретіне айналған Семей полигонының Тұңғыш Президент Жарлығымен жабылуы - соның айғағы. Сол арқылы Қазақ елі жер-жаһанға өшпес өнеге көрсетті, әлем жұртшылығының алдында абыройы асқақтады. Білімді, тәрбиелі ұрпақ - кемел келешек кепілі деп білетін Елбасы оқу-тәрбие мәселесіне де ерекше ден қойып келеді. Соның айғақты дәлелі - «Болашақ» бағдарламасының қолданысқа енгізіліп, зеректігімен дараланған жас буын өкілдерінің шетелде білім алуына қолайлы жағдай тудырылуы. Бүгінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі беделді оқу орындарын тегін оқып, тәмамдаған жалынды жастар қауымы өз Отанының қарыштап дамуы жолында еңбек етуде. Елбасының төл перзенті, әлемдегі ең жас, ең әдемі қала Астана - барша қазақстандықтардың мақтанышы. Сайын дала төсінде тотыдайын таранған сұлу Елордамыз - Нұрсұлтан Әбішұлының алысты болжайтын көреген саясатының арқасында Сарыарқаның бел ортасында бой түзеді. Дамыған елдер басшыларының әр құрлықтан арнайы келіп, адамзат мүддесі үшін мәміле жасайтын қасиетті ордасы ретінде мойындалды. Ұлт Көшбасшысы - Ұлы тұлға. Ел ертеңі саналатын жас буын өз Президентіне еліктеп өсуі тиіс. Себебі, туған халқының ыстық ықыласына бөленген дара бітімді азаматтың кез келген бастамасы - болашаққа салынған сара жол. Тәуелсіздік, бірлік, тұтастық ұғымдары - кейінгі ұрпақтың еншісіне қалар теңдессіз асыл мұра. Жас өскін осы түсінікті жүрегінің төрінде сақтауы - шарт. рекше көңіл аударатын деректанулық талдау талаптарының бірі, ол “Ғасырлар тоғысының” тәуелсіз Қазақстан тарихының дерек көзі ретінде пайда болуының тарихи жағдайы. Жоғарыда автордың өзі айтқандай, еңбек Қазақстанның жаңа Конституция бойынша өмір сүре бастаған алғашқы айларында дайындалған. Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі Қазақстан Республикасының толығымен Президенттік билік фрмасына көшуі еді. Ал Президент 1990 жылдың сәуірінен осы міндетті атқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі. Демек, еңбек бұрыннан билік басында болған, бірақ ендігі жерде, Ата заңымызға сәйкес, тұтас бір республика тағдыры үшін бар жауапкершілікті толығымен өз мойнына алған адамның ел басқару ісіндегі жаңа кезеңінің басында жазылған. Бұл фактордың кітаптың мазмұнына, яғни деректік ерекшелігіне әсер етпей қоймайтындығы түсінікті. Автордың: “Өз басымыз - кейбір үзілді-кесілді кесіп-пішіп сөйлеуге құмар “бір күндік қана” саясатшылардай емес, әр алуан билік ортасында көптен араласып келе жатқан адамбыз. Сол себепті де кісілерге баға бергенде мәмлегерлік әдеп ауқымынан аттай алмасақ, неге олай болатынын оқырман айтпай-ақ түсінеді ғой деп ойлаймыз”-деп жазуы соның дәлелі [126, 3 б. ] . 1998 жылы Н. Назарбаевтың “Қазақстан - 2030” деген атпен Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Өзінің ұзақ жылдарға арналған стратегиялық ұсыныспен Қазақстан халқының алдына шығу себебін Н. Назарбаев: “Мен сіздермен келер ғасырға, жаңа мыңжылдыққа, алыс перспективаға ендеп бойлайтын болашақ жайлы өзімнің ой-толғаныстарыммен бөліскім келеді. Біз өзіміздің болашағымызды және балаларымыздың болашағын қандай күйде көргіміз келеді, осыны айқындап алатын уақыт жетті”-деп түсіндірді [127, 5 б. ] . Ал, оның қалай пайда болғандығы туралы: “Осы жолдау менің Қазақстан халқына ішкі және сыртқы саясатымыздың негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнап сөз сөйлеу жөніндегі Конституциялық міндеттерімнің шеңберінде әзірленген болтын”-деп жазды [127, 11 б. ] . Демек, біріншіден, еңбек Елбысының ел болашағының қандай болатындығы туралы өз ойын, уақыт талабынан шыға отырып, халықпен бөлісу арқылы айқындап алу қажеттігінен туындаса, екіншіден, Президенттің атқаруға тиісті Коститутциялық міндетін орындау барысында пайда болған. Сондықтан еңбек біржағынан, ел басқарып отырған тұлғаның ел болашағының алыс перспективсы туралы ой-толғаныстарының жемісі болса, екінші жағынан Президенттің өз құқықтарына сай ұсынған мемлекеттің дамуының 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының бағытын айқындаған бағдарлама, яғни ресми құжат болып табылады. Біздің ойымызша еңбектің басты ерекшеліктерінің бірі де осында. 2005 жылы 11 қазанда Астана қаласында Даму стратегиясының жарияланғанына сегіз жыл толуына арналған “Қазақстан-2030” Стратегиясы іс жүзінде” деген тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев Жолдаудың қандай жағдайда қабылданғандығы және оның негізгі ерекшеліктері туралы: “Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуын айқындаған осы жолдау жария етілгенде оны қолдаушылардан сынаушылар әлдеқайда басым еді. Мен сол кезде ел өміріндегі әлі шешілмеген түйінді проблемалардың көптігіне қарамастан, алған бағытымыздың анықтығына, таңдаған жолымыздың туралығына сендім. Бүгінгі Қазақстанның қол жеткізген табыстары - біздің бірден-бір дұрыс жолды таңдағанымызды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Талқыланған негізгі мәселелер - 1922 жылғы КСРО құру туралы келісім шартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру
Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі
Н. Ә. Назарбаевтың адамзаттың өткені, бүгіні және келешегі туралы
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріндегі адамзаттың өткені, бүгіні және болашағы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
Қазақстанда саяси топтар демократиялық қоғам қалыптасуы
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz