Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуы және дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
География және табиғатты пайдалану факультеті
ГЕОИНФОРМАТИКА мамандығы

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстанның құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде қалыптасуы мен дамуы

Орындаған: Жалғас Тоқтаров
Тексерген: Ермек Өміржанұлы

Заңның үстемдігі ұзақ тарихи даму процесінде құрылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында елдің құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолына түскені жазылған. Заңның үстемдігінің алғашқы көрсеткіші - қоғамдық өмірдегі үстемдігі. Қоғамдық өмірдің маңызды жақтары заңдар арқылы реттелуі керек. Конституция заң шығарушы органдарды осы жағдайға бағыттайды. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне қатысты қағидалар мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруға құқылы және т.б. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі тек қабылданған заңдарға негізделген мемлекет. Лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың мемлекеттің қолданыстағы заң ережелерін бұзуы мемлекеттің өзін ауыр зардаптарға әкеледі. Көптеген жақсы заңдар болса да, олардың мемлекеттік органдар тарапынан бұзылуы, бір жағынан, заңның үстемдігін қалыптастыру процесін кейінге қалдырады, ал екінші жағынан, халықтың оған деген сенімсіздігін тудырады. Азаматтардың заңдарды бұлжытпай сақтауы құқықтық мемлекеттің маңызды қағидасы болып саналады. Ол үшін азаматтар өздерінің құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін белгілейтін заңдарды, басқа да құқықтық актілерді білулері қажет. Азаматтардың заң ережелерін орындауының тағы бір маңызды шарты - олардың құқықтық санасын қалыптастыру. Бұл мәселеге тиісті көңіл бөлінбеді. Мемлекеттің халықты құқықтық ағарту мәселелеріне қатынасының түбегейлі өзгеруі Республика Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы Жалпыға бірдей құқықтық оқытуды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар туралы қаулысынан басталды. Бұл - үлкен саяси маңызы бар іс-шара, оның негізінде құқықтық мемлекеттің қалыптасуын қамтамасыз ету идеясы жатыр. Онда мектепке дейінгі жастан бастап құқықтық және моральдық нормаларды оқыту қарастырылған. Құқықтық оқыту барлық жастағы және барлық деңгейдегі азаматтарды оқу саласына, жұмысына және қызмет жағдайына қарамастан, министрлерге дейін қамтиды. Заңдардың талаптарын сақтай отырып, азаматтар, әрине, мемлекет алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс. Бірақ, бұл жауапкершілік біржақты болуы керек дегенді білдірмейді. Азаматтар мемлекет алдында ғана жауапты емес, сонымен бірге мемлекет азаматтар алдында да жауапты болу керек. Құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі Конституцияда соттың тәуелсіздігі. Құқықтық мемлекетте сот ерекше орын алады, өйткені ол мемлекеттік биліктің үш тармағының бірі. Барлық даулы құқықтық мәселелер негізінен сотта шешіледі. Конституцияның 77 бабында сот төрелігін жүзеге асыруда тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне ешкімнің де араласуына жол берілмейді және ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫНЫҢ ДАМУ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ
Қоғамның құқықтық жағдайы
Азаматтық қоғам туралы мәлімет
Егеменді Қазақстанның саяси ақиқат ретінде қалыптасуы мен дамуы.
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Құқықтық мемлекет: түсінігі,түрлері және белгілері
Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекеттің арақатынасы
Азаматтық қоғамның құрылымы
Азаматтық қоғамның қалыптасуы барысындағы жеке тұлға мен мемлекеттің арақатынасы мәселелері
АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ
Пәндер