Зейіннің ерекшеліктері және шығармашылық қиялды дамыту


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті: _Биология және биотехнология __
Кафедрасы: Биология
СӨЖ
Тақырыбы: Зейіннің ерекшеліктері және шығармашылық қиялды дамыту
Орындаған: Зиябек Айшабибі
Тексерген : Сейітнұр Жарас Сейітнұрұлы
Зейіннің ерекшеліктері және шығармашылық қиялды дамыту
Зейін дегеніміз - адамның бойындағы маңызды тұлғалық белгілерді таңдауды және заттардың да қандай да болса белгілерін бөліп алуды айтамыз. Адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы.
Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді.
Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т. б. жатады.
Зейіннің негізгі қасиеттері тұрақтылығы, зейіннің аударылуы, бөлінушілігі, көлемі, алаң болушылық.
Зейіннің тұрақтылығы - адамның зейіні бір обьектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейіннің аударылуы деп бір обьектіден екінші обьектіге назарымызды көруді айтады.
Зейіннің бөлінушілігі - адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі не үш нәрсеге бөле алады.
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын обьектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.
Алаң болушылық деп белгілі бір обьектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады.
Қиял және шығармашылық қиял
Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселердің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейнелер жасайды. Немесе бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың жаңа елестер мен ой пікірлер тудырады. Осындай жаңа бейнелер мен идеяларды қиял деп атайды. Қиял - тек адамға ғана тән, соған меншікті психикалық процесс. Ал жануарлар дүниесінде мұндай функция болмайды. Өйткені, қиял - адамның еңбек әрекетімен дамитын психикалық қызмет . Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сияқты шындықты бейнелеп, болмыстағы оқиғалар мен бірлікте пайда болып отырады.
Қиял арқылы пайда болып отыратын жаңа бейнелер адамның білім қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психикалық әрекеттерінде бір ғана процестің дараланып жеке кездесуі мүмкін емес. Осындай процестер бір бағытпен, арнамен өзара ұштасып, араласып жатады. Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік қызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз - бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Фантазия бейнелері ешқашан шындықтан алшақтаған болмайды. Қиялдың жадыда сақтау, қабылдау және ойлау спецификаларымен байланысты қиялдың индивидуальды, типологиялық ерекшеліктері бар. Кейбір адамдарда нақты, әлемді бейнелі қабылдау бар. Мұндай индивидтер жақсы ойлаудың шығармашылық түрімен икемделген. Ол физиологиялық түрде мидың оң жақтағы шарымен байланысқан. Басқалар белгілер және түсінікпен бейнелеуге икем келеді. Қиял адамның жеке тұлғалық ерекшелігі, оның нақты сәттегі психологиялық жағдайы. Шығармашылық өлшемі, мазмұны мен формасы бейнелеушінің жеке тұлғасын жақсы бейнелейді. Бұл дәлеледеме психологияда, әсіресе психодиагностикалық әдістеме құрылуында кең таралған.
Қиял өзінің дараланған күйінде әр жеке адамның өте мәнді, ерекше қасиеттерін айқындайды. Қиял әрбір жеке адамда бірнеше белгілерімен айқындалады. Фантазия бейнелері жаңалығы, қайталанбастығы және дәлдігімен бөлектенеді. Ең алдымен қиял даралығы бейнелердің жарқындылығымен еленеді. Кей адамдардың қияли бейнелерінің айқындығы соншама, тіпті тікелей қабылданған немесе ес елестеріндегі бейнелерден бірде-бір ажырамайды. Мұндай жағдайда болмыс шындығы мен қиялдағы бейнелер өздерінің ұқсастығымен ерекшеленеді. Мысалы, Л. Бетховен ән-күй әуенін соншалықты дәл елестете алатындығынан, тас керең болып қалған күнінен де ғажайып музыка туындыларын шығарудан қалмаған.
Қиялдың жарқындығы мен қуаты адамның көңіл-күй болмысымен тығыз байланысты. Көрікті картиналар тұлға фантазиясында оның терең сезімталдығының арақатынасында өрбиді, өріс алады. Қорқыныш сезімі адамға алдағы қатерді сездіреді, керісінше, сол қатерді қиялдаудан адамдағы қорқыныш сезімі ұлғая түседі. Сезім күшті болған сайын, қиял бейнелері де жарқырай түседі. Сезім күшті болған сайын, қиял бейнелері де жарқырай түседі. Ал сезімталдығы кем адамның қиялы да көмескі, бұлдыр келеді. Әрқандай жеке адамдағы қиял даралығы шындық дүние, болмысқа жақындық дәрежесімен айырылып тұрады. Осыдан кей адамдар «өтірікті шындай, шынды құдай ұрғандай» етіп бейнелеуге шебер келеді, ал екінші біреулері көрген, білгенінен асып қиялдауға марқұм болады. Қиялдың бұл ерекшелігі жеке адамның болмыс шындығын қайта түзу қабілетінің артық не кем болуынан туындайды. Шынында да, кейбір ойға шорқақ адамдар «мұрын астынан әрідегіні көрмей», қоршаған дүниемен қатынасын шектеп алады да, сүрлеу жолдан шыға алмай, өз фантазиясын өрістетуге шамасы жетпейді.
Қиялдың кеңдігі, аумақтылығы, әр адам қиялына қатысты болмыс дүние салаларының сан-алуандылығына тәуелді. Қиял өрісі кең адамдар бір мезеттің өзінде табиғат, адам, қоғам тарихының өткені мен болашағынан, жер тұңғиығы мен ғарыш әлемінен, техника мен өнер саласынан бірдей дерек елестерді қамти алады. Кейде мұндай қиялдауда шындыққа жанаспайтын фантастикалық бейнелердің де қалыпты қабылдануы ғажап емес.
Өрісі кең қиял мазмұны жағынан да ауқым келеді. Мысалы, «Абай жолы» романын жазған М. Әуезов мазмұнды қиялдың кемеңгері десе де болады. Даналық қиялдау үлгілерін О. Бөкеев, Ш. Айтматов шығармашылығынан да таныған жөн.
Қиялдың даралық сипаты оның ерекшелігінен, яғни қиялды алға қойылған міндетке ойыстырып, қажетті нәтижеге ерісу үшін пайдалана білу. Жоғары кемелденген қиял иелері ойға келген бнйнелердің әр түрлілігіне қарамастан, негізгі бағыттан алшақтамай, оларды қажетті байланыстарға келтіріп, бір идея төңірегіне орайластыру қабілетіне ие. И. А. Гончаров өз шығармашылық ісіне орай келесідей ой топшылайды: «Менің алға жетелейтін бір бейнем мен басты неиетім болады, ал жол-жөнекей кездейсоқ қолға ілінгендерді негізгі бейнеге қатысы болса, тере барам».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz