МЕДЕУ СӘРСЕКЕЕВТІҢ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ РОМАН - ЭССЕСІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ


МЕДЕУ СӘРСЕКЕЕВТІҢ «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАНЫШЫ» РОМАН -ЭССЕСІН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ
Токошбекова Г. К.
магистрант, Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
e-mail: gulya76k@mail. ru
Аңдатпа . Мақалада Медеу Сәрсекеевтің «Қазақтың Қанышы » роман- эссесін мектепте оқыту туралы жазылған. Роман-эссенің ғұмырнамалық, естелік сипаттарынан бөлек, ғылыми танымдық, сыни талдамалық сипаты ерекшелігі анықталады. 10 сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу жоспарында қарастырылып жүрген Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы » роман-эссесінің сабақ үлгісі ұсынылады. Түйінді сөздер: роман-эссе, ғалым, жазушы, оқыту.
Аннотация. В статье рассматривается о преподавании в школе романа - эссе Медеу Сарсекеева «Қазақтың Канышы". Помимо биографических, мемуарных характеристик романа-эссе выявляются особенности научно-познавательного, критического аналитического характера. Представлен пример урока романа-эссе Медеу Сарсеке «Қазақтың Канышы». Ключевые слова: роман-эссе, ученый, писатель, преподавание.
Annotation . The article describes the teaching of Medeu Sarsekeev's novel - essay "Kazakh Kanysh" at school. In addition to the biographical and memorable features of the novel-essay, the specifics of the scientific cognitive and critical analytical character are determined. In the curriculum of the discipline "Kazakh literature" of the 10th grade, A sample of the lesson of Medeu Sarseke's novel-essay "Kazaktyn Kanyshy" is presented. Keywords: novel-essay, scientist, writer, teaching.
Соңғы жылдары қазақ прозасы бір жола шарықтап, әдебиет зерттеушілері мен әдебиеттанушы ғалымдар тарапынан жоғары бағаланып келеді. Осы әдеби даму үрдісіне өзіндік жазу стилімен келген дарынды жазушы М. Сәрсекеев шығармалары - өмірдің өзегінен алынып, айналадағы күнде көріп жүрген құбылыстарды өзіндік шұрайлы да құнарлы тілімен, оңтайлы тәсілдерімен тамаша бере білген шыншыл құндылық болып табылады.
Ә. Нұршайықов: «Алыпты алып қана арқалай алады, Абайдай данышпанды Мұхтар Әуезов әлемге танытты. Сатбаевтың ұлы тұлғасын Медеу Сәрсеке ұлықтады» деп айтқандай, ұлы ғалым өмірін ұлыктауға М. Сәрсеке 45 жыл ғұмырын сарп етіп, осы уақытта ұзын саны 10 кітап дүниеге әкелген. Сол кітаптардың ең көлемдісі - «Қазактың Қанышы» мен «Қаныш елі». Автор Қаныш Сәтбаевтың ізімен жүруғе, ол болған орындарды көзімен көруге айрықша мән бергені байқалады. М. Сәрсекеевтің алғаш Қаныш туралы қалам тартуы мен соңғы роман - эссесінің арасында отыз алты жыл өтіпті. Осы уақыт ішінде Қаныш жайында жеті кітап жариялап, бүл кітаптары әлемнің жүз он екі еліне тарапты. [3, б. 42]
«Қазақтың Қанышы» шығармасмы роман- эссе жанрында жазылған.
Роман-эссе - романның да, эссенің де жанрлық ерекшеліктерін қамтитын әдеби туынды. Ақиқат өмірдің барша тыныс-тіршілігін көркем образдар жүйесі мен сюжет, тартыс арқылы жеткізудегі роман жанрының мол мүмкіншілігі эссенің табиғатындағы еркіндікке тұтасады. Роман-эссе жанры - бұл еркін форма мен композицияға ие, автордың субъективті пікірі көрініс табатын, публицистикалық, деректі және ғылыми шығармалардың элементтерінен тұратын жиынтық жанр. Роман-эссенің ғұмырнамалық, естелік сипаттарынан бөлек, ғылыми танымдық, сыни талдамалық сипаты ерекше көрінеді.
Біріншіден, роман-эссеге өмірбаяндық сипат тән. Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» шығармасында оқиға романға тән біртұтас сюжеттік желіні қамтиды. Қаныш Сәтбаевтың тұтас өмірі Медеу Сәрсекенің баяндауы бойынша романда тұтас көрініс береді. Қаныш Сәтбаевтың жүріп өткен белестерін белгілі бір динамикалық байланысқа бағындыра отырып, көркемдік дамудың биік сатысына көтереді. Әрбір үзікте кесек ойдың, өмірлік байламның, күнделікті өмірдің терең ұшығы жатады. Адам өмірінің қайталанбас ерекшеліктері, белгілі бір адамға ғана тән айрықша құбылыстар тарихи-салыстырмалы тұрғыда көркемдік дамудың биік сатысына көтеріледі.
«Қаныш Сәтбаев сияқты қиямет заманның оты мен суын белшесінен кешіп, қияпат кезеңнің ызбары мен ызғарын басынан өткеріп, сол заманы мен кезеңі бетін берсе таспай, сыртын берсе саспай, қашанда халқының қамын өмірінің мағынасы деп білген тағдыры күрделі тұлғаның ғұмырнамалық диалектикасын ашып көрсету және терең біліктілікпен, тегеурінді қаламгерлікпен ашып көрсету қиыннан да қиын шаруа. М. Сәрсеке сол қиынның қиынымен беттесе отырып, замана көлденең тартатын мың сан құбылыстың тағдыр қалыптастырғыш тілін зерделеу арқылы «Заман - Қоғам - Адам» проблемасын тұжырымдамалық өреде көрсетіп бере алған. Яғни заман мен қоғамның ең бір шиеленіске толы ширыққан кезеңінде ұдайы ұлы тұлғалардың сын тезіне түсіп отыратыны және ондай шақта ұлы тұлғалардың тегеурінді әрекет-қарымы керісінше қоғамдық, қажет болса заманалық құбылыстарға ықпал ететіні шеберлікпен суреттелген» деп пікір білдіреді ғалым Рымғали Нұрғалиұлы. [2]
Екіншіден, баяндау тәсілінде шексіздік, еркіндік басым болады. Мұнда романдағы секілді ірі қақтығыс жоқ. Шығармадағы баяндау тәсіліне қатысты Рымғали Нұрғалиұлы келесідей талдау жасайды: «Автор Қ. Сәтбаевтың ізімен жүруге, ол болған орындарды көзімен көруге айрықша мән бергені байқалады. Әсіресе, Қанаңның көзін көргендермен сырласып, ұлы тұлғаның өмір майданындағы болмысын тану үшін, дәлірек айтқанда, ұлы тұлға бейнесін сомдау үшін ұрымтал пайдалана білген. Бұл ретте, тарихи деректер, айғақтар, естеліктер, архив материалдары авторлық баяндауды жандандырып, бас қаһарманның өсіп-жетілу жолдарын, ғылыми-кәсіби шыңдалу кезеңдерін барша ақиқатымен аша түсуіне себепші болып отырады».
Үшіндіден, сыншылдық сипаты болады. Бұл кітаптан Қаныш Сәтбаев секілді ірі тұлғаның бүкіл болмысын, кескін-келбетін, жан дүниесін ғана емес, кісілік қасиетін, азаматтық қалпын, білім деңгейін түгел танып шығуға болады. «М. Сәрсеке романда бас кейіпкерді бірыңғай сыдыра мақтауға бармайды. Өмір шындығын өзек ете отырып, Қанаңның қателескен, сүрінген, шамырқанған, ширыққан тұстарын, сондай-ақ ізденген, күрескен, жеңіске жеткен кезеңдерін шығарманың алтын арқауына айналдыра алған. Мұның өзі, авторлық қиялға көп ерік бере қоймайтын ғұмырнамалық романның көркемдік өресін биіктетуге кепіл болған. Былайша айтқанда, автор өмір драмасын өнерге айналдырған» (Рымғали Нұрғалиұлы) . [2]
Төртіншіден, тұтас бір оқиға үзіктілік арқылы беріледі.
Мысалы: «Баянауыл аясында» бөлімі 8 үзік оқиғаға бөлінеді.
Бірінші үзік - Кенжетай.
Екінші үзік - «Қашаған құлын қасқырға алғызбайды».
Үшінші үзік - Биге шықты дөңгелеп.
Төртінші үзік - «Қанат ұшқанда қатаяды».
Бесінші үзік - Төңкеріс толқынында.
Алтыншы үзік - Тура биде туған жоқ.
Жетінші үзік - Судья мен профессор.
Сегізінші үзік - Сібір шамшырағында.
Қазіргі күнде мектеп оқушыларына мұндай кіріктірілген жанрды оқыту үлкен жаңалық. 10 сыныптың «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу жүрген Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы » роман-эссесінқалай оқытуға болады?
Шығарманы оқыту барысында ең алдымен мақсат қоямыз:
-әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;
-әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау.
Сонымен қатар шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау алған түсініктерін бөлісіп өмірмен байланыстыра білу арқылы оқытып, оқушыларды шағармашылық жетістіктерге жетелейміз.
Сабақты бастамас бұрын оқушылармен көңіл күй ахуалы өткізіп аламыз.
І. Тренинг«Жан жүрек сыры».
- Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес, дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан беруіміз керек. Қатысушыларға түрлі-түсті қағаздардан жасалған кішкентай жүректер таратылып, оған жылы, мейірімді сөздер жазулары сұралды. Жансыз жүректі жандандыру. Плакаттан үлкен жүректі қиып алып, сол жүрекке жылы-жылы сөздер жазылған кішкентай жүректерді орналастыру. Сұрақ: Қалай ойлайсыздар, жүрегіміз жанданды ма? Қайтіп? Неліктен?
Ең бастысы сүйе білу керек. Қайырымды болу-ол еліне, табиғатқа, адам баласына деген махаббаттан басталады. Әр уақытта жақсы сөз айтуға, қайырымды іс жасауға бейім болу. Әр уақытта қасыңыздағы баланың пікірін, не қажет ететінін тыңдай біліңіз. Ерік беріңіз. Шыдамды бола біліңіз. Оның ісін бағалаңыз. Жасаған қателігін көре тұра, оған сенетініңізді білдіріңіз. Күлімдеп, қасында бірге болуға көңіл бөліңіз.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
«Кинометафора» тәсілі
«Тарих. Тұлға. Тағдыр» бейнебаян көрсетіледі. (1 минут, 56 секунд)
«Тарих. Тұлға. Тағдыр» Топтың атын М. Сәрсеке-Қаныш-Тарих немесе Тағдыр-Тұлға ұғымдарымен байланыстырып қорғау. 2 минут топта ақылдасып әр топтан 1 оқушы жауап береді.
Кері байланыс топ бойынша жүргізіледі.
Дескриптор:
- «Тарих. Тұлға. Тағдыр» сөздерінің мазмұнын ашады;
-Қаныштың Отанға жасаған ғылыми қызметін бағалайды;
-Деректерді шығарма мазмұнымен байланыстырады.
Кімде қандай ой туды? (оқушылар пікірі)
« Ой қозғау» әдісі ( Оқушылар қазақта үйдің ең кіші баласын кім деп атаған?)
( Сабақтың тақырыбын ашады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақтың Қанышы» роман-эссе « Кенжетай» бөлімі)
Сабақтың мақсатымен таныстыру
- әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну;
- әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz