Сөйлеу мәдениеті - оқу пәні
Сөйлеу мәдениеті - жеке адамның білімдік және тәрбиелік көрсеткіші
Тіл - жанды құбылыс. Тіл мәдениеті дегеніміз - бір қарағанда, тілдік норманы сақтап сөйлеу, дұрыс жазу деген түсінік. Алайда бұл ұғым-түсінікке дәл өз мағынасында тереңірек ой жіберсек, сөздік қоры дамыған оралымды, бай тілдің ұлт мәртебесін асқақтатып, халқына қызмет ету үшін қарапайым сөйлеу тілінен бастап, сан түрлі бояуға қаныққан тілге айналуы сатысында соншалықты қиын қалыптасу кезеңі жатыр.
Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы - сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінісуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады. Тілдік қатынас - адамның ойлау, пайымдау, сөйлеу, тыңдау, түсінісу, айту, пікірлесу, т.б. әрекетіне тікелей қатысты құбылыс.
Ойдың тілі - сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды.
Сөйлеу мәдениеті- адамның жалпы мәдениетінің ажырамайтын және құрама бөлімі. Сөйлеу мәдениеті сипаттамасы, ұғымның теориялық қорытындысын талдау.
Сөйлеу техникасы - көркем сөз оқу өнері сөйлеу техникасын әбден меңгеруді талап етеді. Сөйлеу техникасы сөйлеу мүшелерінің қызметімен тығыз байланысты. Сөйлеу техникасына жақсы жаттықпаған, дағдыланбаған адам көркем шығарма тексін таңдыушыларына ауызша мәнеріне, мақамына келтіріп жеткізе алмақ емес. Сөйлеу техникасын игеру тәсілі музыкалық аспаптарды күйіне келтіру сияқты. Егер аспап күйіне келмесе, орындалатын шығарманың әуезділік сапасы төмендейді, тыңдаушылардың, құлағына жағымсыз тиеді. Демек, тексті оқыр алдында сөйлеу техникасына біршама көңіл бөліп, дайындық жұмысын жүргізу қажет.
Сөйлеу техникасына: тыныс алу, (ауына ішке жүту, сыртқа шығару), дауыс, дикция (үн реңкі) жатады.
Мәнерлі сөйлей білу мен оқи білу деңгейіне көтерілу үшін, тілдің дыбыс шығаратын мүшелерін көп жаттықтыру, сөйлеу техникасы біліп, игеру міндеті қойылады. Бұл мәселеге қазақ тілінің фонетикасын өткенде, дыбыстардың шығу, жасалу орнына айрықша көңіл бөлінеді. Сөйлеу мүшелері және оның дыбыс жасаудағы қызметі баса айтылады.
Мектеп жасына дейінгі балдырғандардың дыбыстау мәдениетін тәрбиелеу жөнінде арнайы оқу құралы қазақ тілінде жоқ, сондықтан қазақ тілі дыбыстарының жасалу жолдарын жогары оқу орнына арналған оқулықтан қараңыздар.
Тексті мәнерлеп оқушы, әңгімелеуші сөйлеу техникасына ұдайы, үздіксіз жаттығып, дағдылануы тиіс. Сонда ғана дикциясын жетілдіреді, сөйлегенде дұрыс тыныс алуға әбден машықтанады, әдеби тілдің дұрыс дыбысталуына төселеді.
Сөйлеу аппаратының мүкіссіз болуы мәнерлеп оқу мен оның техникалық жағының дүрыс ұйымдастырылуының негізгі шарты болмақшы.
Оқытудың әсерлі болуы (Тембры) дауыс ырғағын түзейтін бөліктердің әсерлі бөлшегінің бірі - дауыстың әсерлі де нақышты болуы. Сөйлегенде немесе дауыстап оқығанда үннің эмоциялық бояуын түрлендіріп, тыңдаушының делебесін қоздыратындай дауыс нақышын түзеу, оқылатын шығарма мазмұнына тікелей байланысты. Сонтықтан әрбір оқушы немесе тыңдаушы оқылатын шығарманы мазмұн-мағынасы, стилі, білімдік жағы мен тәрбиелік маңызы жағынан талдап, жан-жақты дайындықтан өткізіп барып оқығанда ғана әсерлі оқылады. Шығарма мазмұның терең түсініп, көз алдына елестетіп тұрып, творчестволық елеспен оқылатын көркем шығарма кім-кімді де бей-жай қалдырмайды.
Логикалық кідіріс. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазақ болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына - қай сөзге, кай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі аркылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады.
Күн екіндіге жақындап қалды. Аққасқа ізбен әлі жүріп келеді. Жерден бас алмайды, тоқтамайды ұзап шықты... (М.Әуезов).
Екпін қоя білу - күнделікті сөйлеу мен көркем шығаманы, кез келген текстілерді оқуда, сөйлеп айтуда сөздердің дұрыс айтылып оқылуы мен естілуі екпін қоя білуге де байланысты. Өйткені, сөйлеу барысында сөздерді айтудағы бөлшектеніп шығатына ауа толқыны бірқалыпты айтылмай, сөз ішіндегі бір буын өзгелерге қарағанда күштірек немесе көтеріңкі айтылады. Осы көтеріңкі айтылатын буында екпін түскен буын, немесе екпін деп атайды. Барлық тілдегі сөздерге екпін түседі. Түркі тілдердегі екпін дауыс құйылысының қарқынымен айтылуына байланысты дем екпіні болып бөлінеді. Қазақ тілінің екпініде осыған жатады. Дем екпіні тұрақты екпін қазақ тілі мен басқа тұқымдас тілдерде кездеседі.
Екпіннің тұрақты болуы сөз мағынасын өзгертпейді, бірақ сөздердің құбылып айтылуына, сөз ішіндегі дыбыстардың сапасына әсер етеді. Яғни, кейбір дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылу кезінде бір-біріне ықпал етуі, түсіп қалуы, сөзге қосылып айтылуы жатады. Одан сөз мағынасы өзгеріп кетпейді.
Қазақ тіліндегі екпін сөздің соңғы буынына түсіп отыратындықтан тұрақты екпінге жатады дедік. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына жататындықтан түбірге қосымша қосылған сайын соңғы қосымшаға ауысып отырады.
Бірінші, екінші, төртінші сөйлемдегі бастауыш тобындағы сөзден соң тыныс белгісі қойылмаса да, оқығанда сәл кідіріс жасалып көтеріңкі оқылады. Ал үшінші сөйлемдегі санамалап оқылатын бас алмайды, тоқтамайды деген бірыңғай мүшелерге логикалық кідіріс жасалады. Логикалық кідіріс жасап, логикалық екпінмен оқу үшін сөйлем мағынасын, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысын таба білудің пайдасы бар.
Грамматикалық кідіріс. Мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер - грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.
Қазақ тілі синтаксисінде онға тарта тыныс белгілері бар. Тіліміздегі сөйлемдерді сауатты жазу осы тыныс белгілерін дұрыс қоюға тікелей байланысты. Ал оқу кезінде-де осы тыныс белгілерінің жеке-жеке мағыналарын түсініп, дұрыс оқу қажет. Оқу барысында сөйлемдегі сөздер арасына ешқандай тыныс белгілері қойылмаса да, сөз бен сөздің, сөз тіркестерінің арасына қысқа кідіріс жасала береді. Оны кейінірек сөз етеміз.
Нүкте(.) сөйлем аяғында койылатын, яғни хабарлы сөйлемді аяқтап тұратын грамматикалық белгі. Сөйлем оқылып келе жатып аяқталуға жақындағанда немесе нүктеге жақындағанда кідіру кілт тоқталмай, сөйлем соңындағы сөз, сөз тіркесі баяу созылыңқырап оқылады. Сонда ғана дұрыс, тереңірек тыныстап алуға, екінші сөйлемді толассыз жалғастырып кетуге мүмкіндік жасалады. Егер де нүктеге жасалатын кідіріс кілт, кенеттен, тез жасаланса, сөйлем мен сөйлемнің ара жігі ажыратылмай, жаңа сөйлем алдыңғы сөйлемге қосақталып, сөйлем мағынасының дербестігі сақталмай қалады. Сондықтан нүкте жай қойыла салған шартты белгі ғана емес, мағыналық белгі екенін, оның оқылуын практикалық жолмен меңгеріп алу қажет.
Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл күйін тыңдаушыға бағыттап отырады.
Дауыстың естілуі - тию - филиологиялық әрекеттің нәтижесі.
Адам сөйлеуге ыңғайланғанда тыныс алу мүшесі арқылы ауа жұтады. Осы кезде өкпе кеңейіп, сөйлей бастасымен, өкпедегі ауа сыртқа қарай шығуға бағытталады. Өкпеден қайтқан ауа тамақтағы дауыс шымылдығының аз-кем тосқауылына кездеседі. Себебі дауыс шымылдығы дегеніміз тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екі жағынан бір-біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Ол бірде керіліп, бірде жымдасып тұрады. Өкпеден ауа қайтқанда осы дауыс шымылдығы керіліп тұрса, діріл пайда болып үн шығады.
Ал дауыс шымылдығы жиырылып тұрса, діріл пайда болмай, үннен гөрі баяу сылдыр пайда болады. Яғни дауыс шымылдығының керіліп, жиырылуынан шыққан үн таза дауыс деуге болмас еді. Енді ол қуыс мүшелеріне түседі. Онда мұрын қуысымен ауыз қусындағы дыбыстау мүшелерінің күшейткіштеріне (резонаторларына) тікелей байланысты болады. Себебі, мұрын қуысындағы кеңсіріктің, ауыз қуысындағы кішкене тілдің, таңдайдағы тістің, жақтың тағы басқалардың дұрыс орналасуы, түзу болуы дауыстың дұрыс шығуына мол әсер етеді. Мысалы кеңсіріктің, кішкене тілдің өз орнынан сәл ауытқуы, қисаюы, ауруға ұшырауы дауысты бұзады.
Әр адамның өзгеге ұқсамайтын өз даусы болады. Алайда, сирек те болса ұқсас дауысталар да кездесседі. Соның өзіне өзіндік өзгешелігі болады. Барлығы ортақ табиғи негізі дауыспен қатар, әрбір адамда қосымша дауыс сарыны немесе обертондар болады. Сол обертондар аркылы адамның жеке-дара өз даусы жасалынып, үні таза шығады.
Дауыс белгілі жаратылыс заңдылығымен бірде төмен, бірде жоғары, бірде орташа қалыпта сан рет алмасып, жылыстап қайталанып отырып сөйлеу әуенін түзейді.
Дауыстың өзіндік сапалары - дауыстың күші, дауыстың тазалығы, дауыстың беріктігі, дауыстың икемделегі, тұрақтылығы мен шыдамдылығы.
Дауыстың осы сапаларын жетілдіріп, байқап фонетикалық дыбыстық, буындық жаттығлар жасап, сөзге, сөз тіркестеріне қойылатын екпінде ажырата білу міндет.
Музыка мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің ерекшелігі: шығарманың көркемдік, эстетикалық , өнегелік мазмұнын аша білу, олардың творчествалық талабын дамыту. Т.б.
Сөйлеу мәдениетін жүзеге асыру шартына қойылатын негізгі талаптар:
Алдағы сөз сөйлеу тақырыбын меңгеру, оның мақсатын анық тура түсіну;
Орындаушылық деңгейдегі жеке қызығушылық;
-тыңдаушыларға психологиялы-жігерлі мақсатқа әсер ету;
-орындау процесінде дұрыс жүріс-тұрыс: логикалық-психологиялық , өнегелік, тілдік;
Сөйлеу мәдениеті - оқу пәні . Музыка мұғалімін кәсіптік педагогтық даярлау жүйесіндегі курстың мақсаты, міндеті, орны. Пәннәі философиялық жалпы - ғылыми арнаулы музыкалық пәндермен байланысты. Студенттердің сөйлеу әрекетінде творчествалық көрінуінің даму мүмкіншілігі (оқу процесінде, педагогикалық практикада).
Қазақстанда сөйлеу мәдениеті проблемасының әлеуметтік-қоғамдық алғы шартарырының қалыптасуы, дамуы.
Шешендік өнер-сөйлеу мәдениетінң негізі. Шешендік өнердің даму қайнар көзі (ежелгі Греция, ежелгі рим). Тіл өнерінің белгілі шеберлері, олардың шығармалары (Аристотель Риторика, Ораторт.б.)
Фольклорлық материалға негізделген (мақал-мәтелдер, нақыл сқздер, тарихи әңгіме аңыздар) Қаазқ халқының шешендік өнер дәстүрі (Майқы би, Аяз би, Асанқайғы, Жиренше шешен, Бұқар жырау т.б.)
Қазақ хақының шешендік өнер дәстүрінің ерекшеліктері:
-жазба деректерге қол жетпейтін көпшілік халыққа таралатын ауызша фолрма;
- Шешендік сөз сөйлеуде прозалық, поэтикалық бөлімнің болуы;
- домбыра аспабында сүйемелдеу мүмкіншілігі;
- қарым - қатынас ситуациясына байланысты жүре шығару, импровизация.
Музыка мұғалімінің кәсіптік сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда қазақтың шешндік өнерінің алатын орны.
. Көркем шығарма жанрларының ішіндегі қазақ әдебиетінде кенжелеу дамыды деп жүрген жанрымыз - драматургия. Драматургиялық шығарма сахнаға лайықталып жазылатын болғандықтан, неге кенже дамығанын жақсы түсінеміз. Алайда халқымыздың бай ауыз әдебиетіндегі жар-жар, қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы алғашқы сахналық шығармалардың халық арасындағы қарапайым түрлері деуге болады.
Халқымыздың сән-салтанатымен өтетін әрбір жиын тойлары, наурыз мерекесі мен айт күндері, ақындар айтысынсыз өтпеген ғой. Сахнасы - ашық аспан асты мен ақ боз үй, көрермені - халық. Нағыз өнер айтысын бағалаған халық. Сөз өнерін барлық өнер атаулыдан жоғары бағалаған, әділ төрешісі де, көрермені де, дамытушысы да өзі болып, өнерлі ұл-қыздарының есімдерін ұрпағына үлгі тұтып өткен.
Халық ауыз әдебиетінің жақсы үлгісі жалғасын тауып, жаңа мазұн-мағынаға ие болғанын көріп жүрміз. Жазба әдебиетімізде драмалық шығармалар дамыды. Театр сахнасынан көрермен қауымды тәнті еткен шығармалар көптеп саналады.
Сахнамыздың шымылдығын тұңғын ашқан М.Әуезовтің Еңлік-Кебек пьесасынан бастап, Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Айман - Шолпан, Қыз Жібек т.б. қойылымдар күні бүгінге дейін - сахнамыздың сәні болып келеді.
Осы шығармаларды халық алдына қайта тірілткен артистеріміздің үніне, құлақ түріп, сөз саптауына назар аударар болсақ, ертедегі аты аңызға айналып қалған аяулы аға, апаларымызбен қайта кездескендей боламыз ғой. Бұл ненің құдіреті? Өнер адамдарының орындау шеберлігі, сөйлеу шеберлігі, дауыстарының сан алуан құбыла отырып мазмұн-мағынасына қарай әсер ете білуі.
Олай болса, оқушы алдында драмалық шығарма көркем шығарманың басқа жанрларын талдап барып оқығанымыз сияқты оқылуы керек. Орта мектеп бағдарламасында оқу мен талдауға ұсынған шығарманы түпнұсқадан оқып шығып, сахналық нұсқасын көрген үстаз шәкірттерге драмалық шығарма оқу үлгісіне қиналмайды.
Бастауыш класс оқулықтарында әрине сахналық шығарма жоқ. Бірақ ертегілер мен мысал өлеңдерде,әңгімелерде екі кісінің сөйлеспелі сөздері (диалоги) жиі кездеседі. Сондықтан бастауыш кластың ана тілі оқулығандағы кейбір шығармалар талданып болғаннан кейін, методика бойынша рольге беліп оқыту жұмыстары жиі жүргізіледі, жүргізілуі керек. Бастауыш класс оқулығындағы І.Жансүгіровің Шіркейі басынан аяғына дейін диалогқа құрылған. 3-кластың Ана тілі оқулығындағы Данышпан (ел аузынан), Зеректік (ел аузанын), Байлық пен ақыл (ел аузанын), Өрмекші, құмырска, қарлығаш т.б. тақырыптардың тең жартысынан көбі сөйлеспелі сөзге құрылған. Айта берсе мысалдар өте көп. Мектеп мұғаліміне істейтін творчестволық жұмыс та көп.
Мұғалім әрбір шығармадағы әр кейіпкердің сөзін мүмкіндігінше бір-біріне ұқсамайтын өз даусы болады деген ұғыммен, дара дауыспен оқуға сұраулы сөйлемде балаға алдыңғы айтылған сөйлемдердегі ойды мақұлдату жағы басым.
Кез келген текстерді оку мен әңгімелеуде сөйлеу әуелі тыңдаушыға жағымды үнмен әсерлі жетуі үшін әрбір тақырып талданып, домбырашының домбыраның құлақ күйін келтіріп алып, әнді сүйемелдегені сияқты текст әуенін де солай қойып оқиды. Әйтпесе домбырам бір жақта, мен бір жақтаның кері келіп, дауыс әуені мазмұн-мағынасына сай келмей жатуы ықтимал.
Әр түрлі жанрлағы шығармаларды оқу - бастауыш кластың Ана тілі оқулығы мен Кластан тыс оқу деген құралдарында балаларға лайықты балалар әдебиетінің небір көркем туындалырының үзінділері: ертегілер мен аңыздар, әңгімелер, өлеңдер, мысал өлендер кездеседі. Балалар әдебиеті советтік заманда өз алдына іргелі әдебиетке айналды. Халқымыз бар ақылын, тәрбиесін өз ұрпағына көркем сөз арқылы жеткізіп отырған.
Бастауыш кластардағы оқу бағдарламасында көркем туындылардың үзінділері көптеп қамтылған. Ол заңды да. Мектеп оқушыларын заман талабына сай жан-жақты тәрбиелеуде көркем сөздің атқарар ролі зор. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, образдар, оқиғалар баланы сан қилы сезімге түсіріп ойландырады, қуандарыда, жирентеді. Кейбір көркем сөз, сөз тіркестері тіл ұшына оралып, мақпал-мәтелді жаттап алады. Бас аяғы жинакы, жеңіл де ойнақы шумақтарды сабақ үстінде-ақ жаттап алады. Сол арқылы эстетикалық ләззат алып, өз бетімен тағы да оқығысы келеді де, баланың кітап құмарлығы басталады.
Сол үшін де арнаулы оқу орнында балалар әдебиеті жан-жақты оқылады. Алайда, өкінішке орай, қазақ кластарында көркем шығарманың көркемдігін танып, балаларға творчестволықпен жеткізе алатындар көп емес. Бағдарлама мен оқулық көлемінен аса алмаушылық басым. Ана тілі оқулықтарын талдау кезінде берілген тақырыптардың ішінде көркем шығарманың түрлері өте көп екенін көреміз. Мұның өзі бастауыш кластарда әдеби шығармалардың өзіндік методикалық ерекшелігі барлығын көрсетеді. Бастауыш кластардың Ана тілі оқулығында бір шумақтан 5-6 шумаққа дейінгі өлең текстері өте көп. Мұғалімдер бұл өлеңдерді талдай білетін болса ғана балалар алдында оқу және әңгемелеу қиындық келтірмейді.
Мәнерлі оқу үшін өлеңді талдай білу - өлең сөздің өзге әдебиет жанрларынан ерекшелігі оның әуезділігі мен үнділігінде, ырғағында, ұйқасып келетінінде.
Олең шумақтары қазақ өлеңдерінде екі тармақтан бастап он, он бес тармаққа дейін жетеді. Әсіресе, ауыз әдебиетіндегі шұбыртпалы ұйқаспен жырланатын батырлан жырларында, термелерде жиі ұшырасады. Қазақ өлеңдерінің құрылысы туралы ғылыми талдау жасап, зерттеумен айналысқан ғылымдарымыз Қ.Жұмалиевтің, З.Қабдоловтың, З.Ахметовтың еңбектеріне сүйене отырып талдау жасап үйренуіміз керек. З.Қабдолов: Өлең туралы ілімдегі шумақ жайлы ұғымдардың бәрі шартты: өлеңді терең тану үшін оның шумағын санаудың керегі жоқ, ырғағына қарау керек - дей келіп Қазақ өлеңі - силлабикалық, яки буынға негізделген өлең. Олай болса, буын мәселесі қазақ өлеңінің құрылысын байыптаудағы басты мәселе, - депті. (Сөз өнері кітабынан). Өлең шумақтары. Өлең шумағы - бірнеше сөйлемдерден тұратын синтаксистік тіркес. Қара ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz