Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми - педагогикалық, əдістемелік негіздері қалыптасу үстінде
І.КІРІСПЕ
Ақпараттық технологияның білім берудегі маңызы
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8-бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім... Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі ағылшын тілінде еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі мектеп өміріне енуде. Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа ақпараттық - коммуникациялық технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр. Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі XXI ғасыр-білім беру жүйесін ақпараттандырудың ғасыры. Білім беру үрдісін ақпараттандыру-жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын арттыруды негіздейді. Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, азат, шығармашыл, өз бетімен, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр. Қазіргі оқыту барысында қолданылып жүрген көптеген технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне, оқытудың тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Соның бірі-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану білім сапасын арттырудың тиімді жолы болып отыр. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстарының бірі - осы ақпарат. Бірақ оны шектен тыс ашық қолдана берсе, жастар санасын улайтын да нәрсеге айналып кетуі мүмкін. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқу үдерісінде ақпараттық-қатынастық технологияларды кеңінен пайдалану жалпы білім беруді дамытудың басты бағдарының бірі делінген.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Қазіргі кезде жаңа ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдар тек ғылыми зерттеулер мен əр түрлі əлеуметтік, экономикалық жəне саяси процестерді басқаруда ғана емес, білім жүйесінде де кең қолданыла бастады. Ақпараттық технологиялар мен компьютерлік желілерді пайдалану арқылы жүргізілетін оқытудың жаңа формаларының ауқымы кеңейіп келеді. Ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялардың қазіргі оқыту жүйесінде кеңінен пайдалану кезеңінде білім мекемелері негізінде білікті мамандардан, ақпараттық құралдар кешенінен, құжаттар айналымынан, мəліметтер базасынан жəне басқа да ақпараттық қамтамасыз ету элементтерінен тұратын біртұтас жүйе құру қажеттілігі туындайды. Осындай жүйе құру кезінде, бір жағынан, ол уақыт барысында тұрақты өзгеріп отыратын объект екенін, екінші жағынан, мұндай жүйе білім мекемесінің барлық жұмыс түрлерін (оқу үрдісі, басқару, ғылыми, зерттеу) сүйемелдеуді қамтамасыз ете алатынын есепке алып отыру керек.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: Экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті жəне бəсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру жəне кəсіби міндеттерін дербес əрі шығармашылық, тұрғыдан шешуге, кəсіби қызметтің тұлғалық жəне қоғамдық маңызын түсінуге, оның нəтижелері үшін жауап беруге қабілетті кəсіби құзыретті жеке тұлғаны, бəсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады... деп атап көрсетілген .
Қазақстан Республикасында білім жүйесін реформалауда, оны ұлттық модель құруға бағыттау барысында парадигмалардың ауысуы орындалады. Жоғары мектептердің əлемдік білім кеңістігіне ену процесі педагогикалық технологияның жаңару қажеттілігін тудырады. Интеграциялық процестердің интенсивті дамуы, кəсіби жəне академиялық тəжірибелердің өсуі оқыту əдістерінің тиімділігін арттырады.
Соңғы жылдары оқу ағарту жүйесінде жаңа ақпараттық технологияны қолдану мəселесі жиі көтеріліп жүр. Бұл тек ғана жаңа техникалық құралдарды ғана қолдану емес, сонымен қатар оқыту үрдісінде жаңа формалар мен оқытудың жаңа интерактивті əдістерін қолдану деген сөз. Жоғары білім берудің қазіргі жүйесі ақпараттық технологияларды жəне компьютерлік телекоммуникацияларды өте белсенді қолдануда. Қазіргі жаһандану заманында Интернет жүйесінің пайда болуымен байланысты қашықтықтан білім беру жүйесі динамикалық түрде дамуда, ол өз кезегінде білім беру мекемелерінің қуатты компьютерлік технологиялармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Оқытудың компьютерлік технологиясы дегеніміз -- оқушыға компьютердің көмегімен ақпаратты даярлау жəне беру процесі. Компьютерлік технологияға оқытудың əр түрлі əдістерін енгізуге болады: программалық оқыту, интеллектуалдық (проблемалық) оқыту, эксперттік жүйелер жəне т.с.с. [3].
Қашықтықтан оқыту арқылы мынадай əлеуметтік маңызды функцияларды іске асыруға болады:
халықтың қоғамдық білімдік деңгейін көтеру, білімнің сапасын көтеру;
мемлекеттің сапалы мамандар дайындау қажеттілігін қанағаттандыру;
халықтың əлеуметтік жəне кəсіптік жағдайын көтеру, кəсіпкерлерді əлеуметтік түрде белсендіру, өзіндік білім деңгейін көтеру;
жеке мектептерде жинақталған білімдерді сараптау жəне кеңейту.
Қашықтықтан білім беру негізінен компьютерлік техниканы кеңінен пайдалана отырып, білім беру жүйесін ақпараттандыру ісіне негізделген.
Интернеттегі барлық жұмыс технологиялары сияқты қашықтықтан білім берудің басты артықшылығы шет тілін оқытудың вербалды əдістерін іздену əдістеріне, шығармашылық іс-əрекетке араластыру болып табылады. Қашықтықтан оқыту курстары жоо-ға түсушілер үшін оқулықтарды жəне көмекші құралдарды ауыстырмауы қажет, олар, біздің көзқарасымызша, білім алушылардың оқу-танымдық іс-əрекетін ұйымдастыруы үшін негізді қалыптастыруы тиіс.
Интернет арқылы шет тілдерін қашықтықтан оқытудың негізгі əдістемелік проблемасы шет тілдерін оқытудың практикалық курс əдістерін өңдеуге жалпы тəсілдің жоқ болуы болып табылады.
Соның өзінде барлық əдістемелік қағидалардың əрекеттілігін анықтайтын оқытудың басты шарттарының бірі оқытушының біліктілігі болып табылады. Оқытудың құралы қандай болмасын, олар тек құрал болып қалады. Оқыту процесінде басты роль əрқашанда оқытушыға берілген жəне беріле бермек. Оқытушы оқытудың барлық процесін бағыттайтын жəне құратын да өзі, оқыту процесінің жетістікке жетуі де оқытушының біліктілігі жəне педагогикалық шеберлігіне байланысты, өйткені мəшине қандай ақылды болмасын, оны адам басқарады.
Əдетте, оқытудың қашықтық формасында электронды оқулықтар қолданылады. Біздің көзқарасымызша, мұндай оқулықтардың басты жетістігі: біріншіден, олардың мобильділігі, екіншіден, компьютерлік желілердің дамуымен байланысқа қол жетерлік мүмкіндіктің болуы, үшіншіден заманға сай ғылыми білімнің даму деңгейінің адекваттылығы. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайда болуы ақпараттық материалдарды тұрақты түрде жаңартып отыру мəселесін де шешуге жол ашады. Электрондық оқу құралдарының көмегімен білімді бақылау -- компьютерлік тестілеу жүзеге асырылады.
Компьютерлік өнімдер нарығында жылдан жылға оқыту бағдарламалары, электронды оқулықтар саны өсуде. Шет тілі сабағында компьютерлік оқыту программаларын қолданып жұмыс жасау формаларына мыналар жатады: лексиканы оқыту; сөздердің айтылуын өңдеу; диалогтық жəне монологтық сөйлеуді үйрету, жазуды оқыту; грамматикалық құбылыстарды оқыту.
Қазіргі таңда электронды оқулықтарға келесі талаптар қойылады: құрылымдылығы, қатынаста қолайлылығы, мазмұндалатын материалдардың көрнекілігі. Жоғарыда айтылған талаптарды қанағаттандыру үшін гипермəтіндік технологияларды қолдану өте қолайлы болмақ.
Электронды оқулықты қолдану тəжірибесінің нəтижесі жəне тестілік бақылау көрсеткіштері бойынша студенттер оқытылатын материалдарды сапалы меңгереді.
Қазіргі заманда білімнің негізі студенттердің жеке жəне кəсіби өсуіне бағытталған рефлексивті сипаттағы ойлау жəне іс-əрекет тəсілдері болып отыр. Оларға əр түрлі интерактивті əдістер жатады, бұл əдістер студенттерді оқытушылық тəжірибе мен шығармашылық потенциалын дамытуға дағдыландырады. Олардың негізінде рефлексивті ойлауға оқыту, зерттеуге деген қызығушылығын тудыру, проблематизация жəне интенсификация сияқты стратегиялар жатыр.
Қазіргі таңда оқытушыға сабақтың теориялық жəне практикалық материалдарын таңдауда жəне сабақты өткізу əдістемесінде біраз еркіндік беріледі. Теория мен практика қатар жүргенде, яғни оқытушы теориялық материалды түсіндіргенде, бір мезгілде оны компьютерде көрсеткен өте тиімді.
Осыған байланысты оқу процесінде оқыту презентацияларын қолдану маңызды болып табылады.
Олардың мақсаты -- оқыту процесін жекешелендіру, оқыту əрекетін белсендіру, студенттердің қызығушылықтарын ояту, өзіндік жұмысты атқаруға студенттерді үйрету. Педагог функциясы əр түрлі болады: ол ақпартты игеруге көмектеседі, кеңес береді, бақылайды.
Практикалық сабақтарда оқыту презентацияларын қолдану əр түрлі мақсаттарға жету жолын көздейді: білім алушыға оқу əдісінің өзіне лайықты тəсілін қолдануды, студентке өзінің əлді-əлсіз жағын анықтап, оқыту презентациясының түзету тəсілін пайдалана отырып көмектесуді, оқытудың əр түрлі формалары мен əр түрлі тəсілдерін кірістіруді, оқу материалының құрылған бірлігін икемді түрде пайдалануды, кəсіби іс-əрекет деңгейіне білім алушының жоғары дайындығы арқылы жетуді, пəнаралық байланысты орнатуды, оқудың сапасына білім мен біліктілікті жүйелеу арқылы жетуді жəне т.б. Оқыту презентацияларын қолданудың басты мақсаты -- оқытудың ұйымдастырылуы жəне мазмұны бойынша адам бойындағы осы сəттегі қажеттілікті қанағаттандыруда кепілдік беретін əрі жаңа қажеттілікті анықтайтын икемді білім беретін құрылым құру. Оқыту презентацияларында оқу ақпараттарын берудің белгілі жəне сөздік нышандарына назар аударылады, презентациялық оқыту əдістемесінде суреттік жəне графиктік нышандар қоса беріледі. Осылайша өрнектеу толығады жəне олардың білім алушыларға ықпалдары артады, бірінші кезекте, естиді, екіншіден, түсінік алады, бұдан соң сурет сызылады, бекітіледі, қысқаша қайталанады. Оқу материалы жинақталады, тұжырымдалады, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізеді, білім алушылардың ойлау қабілеттерін іске қосады жəне танымдық іс-əрекеттерін жаттықтырады.
Оқыту презентацияларын сызу, құрастыру, жасау белгілі бір психологиялық-педагогикалық заңдылықтары мен шартты белгілерге сүйене келе, есте сақтау, қабылдау, ойлау іс-əрекеттерін дамытып, оқу материалын жеңіл жеткізе, байланыстыра түсуге, қайта шығара білуге үйрететін негізде болады, көру арқылы қабылданып, назарымызды өзіне тартып, зейін қоя ұғынуға баулиды.
Шет тілін оқытудың мақсаты -- бұл оқушылардың коммуникативті əрекетін жүзеге асыру, яғни шет тілін практикалық тұрғыда игеру. Оқытушының міндеті -- оқыту процесінде əр оқушының белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық (творчестволық) жұмыс жасауы үшін жағдай туғызу.
Оқытудың компьютерлік бағдарламалары, Интернет-технологиялар, бейне- жəне аудиоматериалдары сияқты заманға сай құралдарды қолдану мұндай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осылайша, шет тілі пəнінің ерекшелігі, оны оқытудың мақсаты тек ғана пəн туралы білім беру, яғни тіл туралы (тілдік компетенция) білім беру ғана емес, іс-əрекеттің тəсілі жайында алған білім негізінде тілдік сөйлеу əрекетінің төрт түріндегі (оқу, жазу, тыңдап түсіну жəне сөйлеу) белгілі бір дағдыларды жəне біліктіліктерді қалыптастыру. Сөйлеу əрекетінің кез келген түріне үйретуге тек осы əрекетті орындау барысында ғана қол жеткізуге болады.
Осыдан түйетініміз, шет тілін оқыту кезінде студенттердің өзіндік іс-əрекетін оны оқытып жатқан тілдік əрекет түрінде ғана ұйымдастыруға болады. Мысалы: тыңдап түсіну дағдысына үйрету кезінде əрбір студент шет тілде жазылған, сол елдің адамдарының сөйлегенін естуге мүмкіндік алуы тиіс. Бұл жерде үлкен мүмкіндіктерді Интернет желісі ұсына алады [5].
Интернетті білім беруде қолдану төмендегі байланыс құралдары арқылы жүзеге асады.
сайттар;
видеоконференциялар;
қашықтықтан оқыту;
оқу-телекоммуникациялық жобалар.
Телекоммуникациялық құралдарға келесілерді жатқызамыз: электронды пошта;
Chat -- бір арнайы уақыт бойынша сөйлесу;
Web-сервис; Web- конференция;
мобильдік Интернет;
Интернет-дүкен.
Дидактикалық көзқарас тұрғысынан оқытудың дəстүрлі құралдары алдында Интернеттің ерекшелігі түпнұсқа жəне өзекті материалдарды қамтамасыз ете алуында, сонымен бірге мəдениаралық коммуникацияны қамтамасыз етуінде. Біздің университетте (ҚарМУ) студенттерді оқыту кезінде шет тілі сабақтарында Интернетті пəн бойынша жаңа ақпарат, түпнұсқа материалдардың қайнар көзі ретінде қолданамыз. Студенттер рефераттар, курстық жəне дипломдық жұмыстарды, семинарлық жəне практикалық сабақтарға дайындалу кезінде Интернет-ресурстары көмегімен қосымша ақпаратты іздеуді жүзеге асырады. Ағылшын тілі сабағында біз үшін ағылшын тілдік газеттермен жұмыс жасаудың өзекті мүмкіндігі пайда болды. Мəдениаралық компетенцияны меңгеру жоспарында онлайндық газеттер -- таптырмайтын көмекші. Ол студенттерді дəл осы сəтте болып жатқан əлемдік жаңалықтардың ортасына түсіреді. ВВС, World Service (http:www.bbc.co.ukworldservice) ; CNN World News (http:cnn comworld) жəне тағы басқа ақпаратық агенттіктер ағылшын тілінде берілген жаңалықтарды тек оқуға ғана емес, көп тілде берілетін жаңалықтарды тыңдауға да мүмкіндік береді, тіпті ағылшын тілін меңгерудің өзіңе қолайлы деңгейін таңдап, жаңалықтарды Learning English режимінде тыңдауына болады.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде несиелік оқыту жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар оқу үрдісінде кеңінен қолданылады [6].
Олардың білім берудегі негізгі бағыттары төмендегідей:
универсалдық ақпарат технологиялары;
телекоммуникациялық компьютерлік құралдар;
компьютерлік бағдарламалық құралдар;
мультимедиалық бағдарламалық жабдықтар.
Осылайша, жаңа ақпараттық технологияларды жəне Интернет жүйесі ресурстарын қолданып, сондай-ақ оларды оқу үрдісіне кіріктіре отырып, ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық міндеттердің бірқатарын тиімді шешуге болады, яғни: студенттердің бірі немесе оқытушы ұсынатын проблемалық талқылау негізінде монологтық жəне диалогтық сөйлеу біліктілігін жетілдіру;
Интернет желісіндегі түпнұсқалық аудиомəтіндер негізінде студенттердің тыңдап түсіну дағдыларын қалыптастыру жəне жетілдіру;
түпнұсқа материалдарды жүйелі түрде қолдану негізінде студенттердің шет тілінде сөйлеу əрекеттерінің тұрақты мотивациясын қалыптастыру; тек ғана оқулықтардағы мəтіндерге байланысты мəселелерді талқылап қоймай, басқа да кез келген адамды қызықтыратын өзекті мəселелерді талдау;
тілі оқытылып жатқан елдің дəстүрлі, мəдени ерекшеліктерін, қарым-қатынас шарттарында əр түрлі халықтардың тілдік мінез-құлық ерекшеліктерін, тілдік этикеттен тұратын мəдени-танымдық білімімен таныстыру [7].
Жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс кезінде педагогтың да ролі ауысады, оның негізгі міндеті -- жеке тұлғаның дамуын қолдау, оның шығармашылық ізденісін бағыттау жəне қолдау.
Студенттермен қарым-қатынас əріптестік жəне бірегей шығармашылық принцип негізінде құрылады.
Мұндай жағдайларда бүгінгі таңда қалыптасқан оқыту жұмысының ұйымдастыру формаларын қайта қарастыру өте қажет:
студенттердің өзіндік жеке жəне топтық жұмыстарын көбейту, оқытудың түсіндірмелі-иллюстративті əдісін қолдана отырып, дəстүрлі сабақтан оқытудың жаңа интерактивті формаларына көшу, іздену жəне зерттеу сипаттарына ие практикалық жəне шығармашылық жұмыстардың түрлерін көбейту қажет.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тапсырмаларды орындау студенттерге телекоммуникациялық қарым-қатынас арқылы шынайы тілдік ортаға енуге мүмкіндік береді, электронды, дидактикалық жəне анықтамалық материалдарға, өзекті түпнұсқа ақпараттарға қол жеткізу жолын ашады.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу студенттерімізге əлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны анық. Интернетті пайдалану арқылы студенттер өздеріне керекті мəліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.
Заман ағымына қарай күнделікгі сабаққа бейне-, аудиоқондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нəтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дəстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады.
Бұл нұсқаның жетістігі - оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, əдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Қоғамдағы ақпараттану үрдісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологияларды кəсіби саласында қолдана білуге машықтануды, қажет ақпаратты ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашылықпен ойлауды жəне шешім қабылдауды талап етеді.
Осылайша, жоғарыда айтылған ой-пікірлерді қорытындылай келе, біз мынадай тұжырымға келдік, яғни шет тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқыту тиімділігін арттыруға көмектеседі, сонымен бірге студенттердің шығармашылық потенциалын жетілдіруде маңызы зор құрал болып табылады. Оқу үрдісінде компьютерді қолдану негізінде университет пəндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
2.2 Ағылшын тілін меңгертуде мультимедия құралдарын пайдаланудың артықшылықтары
Оқу үдерісінде ақпараттық технологияны қолдану оқытушының жеке іс-тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Ақпараттық коммуникациялық технологиясы оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер береді. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға жігерлендіреді. Ақпараттық технологияны ағылшын тілі сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияны пайдалану - сапалы білімнің кепілі, шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы.
Ақпараттық -коммуникациялық технология мұғалім үшін педагогикалық технологияны игеруі; сабақ уақытын тиімді қолдану, білімнің тереңдігі, жиелік қауымдастыққа, әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу. Оқушы нәтижесінде пәнге деген қызығушылықтары артады, оқушының өз бетінше ізденіп шығармашылық белсенділіктері дамиды, білім, білік, дағды деңгейі қалыптасады, сабақта уақыт үнемделді, оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасауды, сонымен қатар шапшаңдыққа, тез ойлана білуге үйренеді, ағылшын тілін үйренуде тіл тосқауылының кедергілері азайды, ақпараттық технологияны басқа модульдермен ыкпалдастырылып пайдаланады, ғаламтор желісін пайдалану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отырады, бұрынғы білімі мен қазіргі алған білімін салыстыратын болады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиясын қолданғанда сабақта ақпараттық коммуникация құралдарының қатарын түрлендіріп отыру, бастысы ақпараттық коммуникация құралдарын оқушылардың өздеріне пайдалануға мүмкіндік беру, интернет жүйесін тек білім алу мақсатында қолдануға жетелеу керек.
И.В.Роберт ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың келесі педагогикалық мақсаттарын анықтайды.
1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу- тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру:
- оқыту үрдісінің ықпалы мен сапасын арттыру:
- танымдық қызметінің екпінділігін арттыру.
- пәнаралық байланысты тереңдету.
- қажетті ақпаратты іздеуді оңтайландыру жәңе көлемін ұлғайту.
2. Оқушы тұлғасын дамыту , ақпараттық қоғам шартында өмір сүруге даярлау:
ойлардың түрлі формаларын дамыту,
коммуникативтік қабілеттерді дамыту,
күрделі жағдайларда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру.
ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, мәселені немесе жағдайды модельдеу біліктілігін дамыту, ақпаратты өңдей білу.
эксперименталдық- зерттеушілік қызметті іске асыра білуді қалыптастыру.
3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау:
- ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау.
- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау.
Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты оқытушының осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Ақпараттық коммуникациялық технология - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды. Ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану мақсаты - сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүргізуге асыру, яғни:
Компьютер арқылы оқу сапасының артуына ықпал жасау;
Оқыту аймағының кеңеюіне байланысты оқушының білім деңгейінің қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы,
Компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге енгізілуі, оның игеру мүмкіншіліктерін арттыру.
Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі. Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері болады:
Оқыту мақсатын анықтау;
Өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау,керектілерін таңдап алу және оның сценарийін құрастыру.
Сабақты жүргізудің бағдарламасын жасау.
Оқу үрдісінде компютерлік сүйемелдеуі бар сабақты кіргізу.
Оқыту үрдісінде АКТ қолдану оқушылардың өзін- өзі бақылауына өте үлкен мүмкіндік береді. Өзін-өзі бақылау олардың оқу бағдарлама материалы мен игерген іскерлігі мен дағдысының беріктігі толық ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Оқыту жағдайындағы ақпараттық технологиялардың орны: сабақ уақытына, сабаққа дайындалу уақытына, жобаны зерттеу қызметінде.
1. Сабақта АКТ қолдану моделі:
компьютерлік презентациялар көрсету;
жауаптарды таңдаумен тест жүргізу;
электрондық оқулықтарды қолдану;
2. Сабақтан тыс жерде АКТ қолдану моделі;
интернеттен және басқа ақпарат көздерінен ақпарат іздеу;
қоршаған әлем туралы ақпаратты жазу және бекіту;
презентацияларды қолдануымен сөз сөйлеуді дайындау және аз сөйлеу.
Ақпараттық технологияны барлық сабақтада қолдану тиімді.
Ақпараттық технологияны қолданып өткен сабақтың құрылымы:
Айқындылық;
Логикалық үйлесімділік;
Ақпараттық сыйымдылық;
Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, суреттер. Күрделі құралдар: аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе. Бұл технологияларды әсіресе шет тілін үйренуде пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни, өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы әбден мүмкін. Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр.
Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.
Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында ақпараттық технологияларды меңгеру өзекті екені сөзсіз. Осы кезеңде біліктілігі жоғары дәрежеде дамыған, білімі жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесі Қазақстан оқу орындарының ең маңызды міндеттерінің бірі болып табылады..Сапалы білім беру қазіргі уақытта, білім алушылардың жұмысын ұйымдастыруда жаңа әдістер мен технологияларды кеңінен пайдалануды, білім беруді ақпараттандыруды талап етеді. Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, Exsel программасында мәліметтерді енгізу, формулаларды және функцияларды пайдалану, енгізілген мәлімет арқылы диаграмма құруға машықтандыру, оқушының ақпараттық ізденіс қабілеті арттырады.Ақпараттық технологияларды пайдалану-бұрыннан пайдаланатын жүйелерге қосымша болғанда емес, дәстүрлі жүйелермен тұрақты байланыста, оқыту процесінде қатысушыларға жаңа мүмкіндіктерімен ұйымдастырылғанда ғана тиімді. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
2.3 Мультимедия құралдарының түрлері және шет тілін оқытуда қолдану ерекшеліктері
Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz