Ынтымақтастық педагогика



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет

I. Педагогика туралы жалпы ұғым
1.1 Педагогика пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 бет
1.2 Педагогика ұғымдағы тәрбие ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 бет
1.3 Педагогиканың казіргі кезеңдегі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ...10 бет

II. Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
2.1 Ынтымактастық педагогика жайлы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15 бет
2.2 Ынтымактастық педагогиканың негізгі идеялары ... ... ... ... ... ... ..19 бет
2.3 Ата . аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы ... ... ... ... ... ... ..22 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28 бет

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 3 бет

I. Педагогика туралы жалпы ұғым
1.1 Педагогика пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 бет
1.2 Педагогика ұғымдағы тәрбие ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 бет
1.3 Педагогиканың казіргі кезеңдегі міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ...10 бет

II. Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
2.1 Ынтымактастық педагогика жайлы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15 бет
2.2 Ынтымактастық педагогиканың негізгі идеялары ... ... ... ... ... ... ..19 бет
2.3 Ата – аналар мен мұғалімдердің ынтымақтастығы ... ... ... ... ... ... ..22 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28 бет

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 1 бет

Кіріспе

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасында педагогика ғылымының
зерттейтін негізгі мәселелері, проблемалары:
- қоғамды демократияландыру, ізгілендіру жағдайында адамның жеке тұлға
болып қалыптасу проблемасы;
- Республиканың тарихи, мәдени, экономикалық, әлеуметтік ерекшелігі
жағдайында жас ұрпақтың ұлттық санасын дамыту және халықтың бай
дәстүрін тұтас педагогикалық процесте тиімді пайдалану проблемасы;
- Дүниежүзілік мәдениетті, жалпы адамзаттық құнды игілікті және дүние
танымдық көзқарасты, халықаралық қатынасты қамтамасыз ететін – ана
тілі проблемасы; сондықтан тәрбиенің басты мақсаттарының бірі - әрбір
сәбиден бастап рухани, адамгершілік байлықтың көзі ана тілін жетік
меңгеруді, әрбір адамның өмірлік қажеттілігіне айналдыру проблемасы;
- Жеке бастың қалыптасуында қозғаушы күштерді анықтауда әлеуметтік және
биологиялық факторлардың шешуші ролін зерттеу проблемасы;
- Қоғам дамуының өркениеттілік танденциясына байланысты тәрбие мен білім
берудің мақсатын жаңаша қарау проблемасы;
- Қазақстан Респуликасының көп ұлттылық жағдайында жастарды ұлтаралық
қарым – қатынас мәдениетіне тәрбиелеу проблемасы;
- Азаматтардың белсенділігіне жол ашу, әр азамат саяси және экономикалық
әр алуан түрлілік жағдайында меншік иесі ретінде өз қабілетін толық
таныта алатындығын зерттеу проблемасы;
- әртүрлі пәндерді оқып – үйренуде диалектикалық тұрғыдан қарау, оқыту
процесінде пәнаралық және пәнішілік байланыстарды ашу және жүзеге
асыру негізінде қазіргі заманның ғылыми интеграциялық байланыстарын
зерттеу проблемасы;
- тарих төрінен орын алып келе жатқан жаңа дәуір мұғалімнің кәсіби
педагогикалық еңбегінің ерекшелігін зерттеу проблемасы;
- ұлттық мектептерді дамыту және оның білім беру мазмұнын жаңарту
проблемасы;
- кәсіптік техникалық білім берудің педагогикалық проблемасы;
- политехникалық білім беру, еңбекке тәрбиелеу және кәсіптік білім
берудің өзара байланыстылық проблемасы;
- оқу-тәрбие процесін дербестендіру және даралау проблемасы;
- нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдерді өмірге, еңбекке
дайындау, кәсіптік іскерлігін арттыру проблемасы.

I. Педагогика туралы жалпы ұғым
1.1. Педагогика пәні

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстар, олардың өзара
байланысы, даму заңдылықтары айқындалады.
Педагогика – пейдагогис грек сөзі пейда - бала, гогос жетелеймін,
бала жетелеуші - деген ұғымды білдіреді, тәрбие туралы ғылым.
Көп жылдар бойы ұйымдастырылған тәрбие мен тек балалар
қамтылғандықтан, педагогиканы бала тәрбиесі туралы ғылым деп атады.
- тәрбиені, білім беруді, оқытуды зерттейтін теориялық және қолданбалы
ғылымның жиынтығы.
- Жас ұрпақтар тәрбиесі туралы ғылым.
- Адам тәрбиесі туралы ғылым.
- Адам дамуының әрбір жас кезеңіне сәйкес оған білім беру, оқыту,
тәрбиелеу, дамыту, өмірге даярлау туралы ғылым.
Педагогика ғылымының пайда болуы мен қалыптасуы, дамуы қоғамдық
өндірісті сақтап, дамыту, өскелең ұрпақты өмірлік іс тәжірибемен
қаруландыру, болашақ өмірге нәтижелі даярлау негізіндегі қоғамның
әлеуметтік қажеттілігінен туады. Ол қоғамдық қызмет атқарады.
Педагогика пәні – ғылым танымдық сала ретінде педагогика пәнінің зерттеу
саласы – қоғамның ерекше қызметі – тәрбие.
- оқу – тәрбие мәдени ағарту мекемелерінде ұйымдастырылатын тәрбие,
оқыту мен білім беру.
- адамның жеке басының даму, қалыптасы мәнін зерттеу негізінде арнайы
ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
- Тұлғаның жеке басының дамуы мен тәрбиесі арасындағы заңды
байланыстарды зерттеу, оның негізінде тәрбиелеу қызметінің теориялық
және әдістемелік негзін құру.
- адамның адамды тәрбиелеуі.
- Тәрбиелік іс - әрекет.
- Арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала.
Педагогиканың категориялары:
Педагогика, халықтық педагогика, этнопедагогика, адамзаттың дамуы мен
қалыптасуы, тәрбие, білім беру, оқыту, ұлттық тәлім тәрбие, әлеуметтік
қоғамдық қалыптасу және тәрбие. Өзін өзі тәрбиелеу, өз бетімен білім алу,
қайта тәрбиелеу, өз білімін жетілдіру, педагогикалық методология,
методологиялық негіздер, зерттеу әдістері, тәсілдері.

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Шектес (үндес, аралық) ғылымдар (смежные науки)

Психология және оның салалары
Социология
Философия
Педагогика кибернетика
медицина
биология, адам анатомиясы, физиологиясы
және
гигиенасы
этика және эстетика
әдебиет, әдебиет тарихы және фольклор
тарих
этнография
археология
экономика
тектография

Педагогика ғылымының әдіснамалық мәселелерін қарастыруды ғылымдардың
интегрцаиялық өзара ұштасуы мен үндесуін, дифференциялық сараланып даму
тенденциясын ескеру, зерттеу, тәрбие мен білім берудің көптеген
аспектілерін басқа ғылымдардың да зерттейтінін ескеріп, олардың
жетістіктерін пайдалану керек.
Жалпы педагогика негіздері кез-келген жасаралығындағы немесе тәрбиенің
кез келген саласындағы тәрбиені, тәрбиенің негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі педагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың
тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы
ғылым.

Арнайы педагогика (дефектология)

Олигофренопедагогика Сурпопедагогика Тифлопедагогика Логопедия
Дефектология – (лат, кемістік туралы ілім) – дене және психикалық кемшілігі
бар балалардың психологиялық физиологиялықдаму ерекшелігі туралы ғылым.
Дефектологияның -, арнайы педагогиканың міндеті – жүйелі түрде балалар
дамуындағы ақауды, кемшілікті жою, реттеу, коррекциялау, танымдық, қимыл
қозғалыстық, және бастың кемшіліктерін реттеу саласында жүреді.
Сурпопедагогика – саңырау немесе құлағының мүкісі бар балаларды
тәрбиелеу және оқыту мәселесімен айналысатын педагогиканың саласы.
Сурпопедагогика – латынша (Surdus) глухой, саңырау және нашар, мүкіс
еститін балалар мен ересектердің психикалық дамуы мен жетілуін оқыту, білім
беру, үйрету,, тәрбиелеу арқылы реттеу мүмкіндігін қарастыратын арнайы
педагогиканың саласы.
Тифлопедагогика – зағип, соқыр, көз жанары зақымданған, зақип
балаларды тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым.
Қазіргі кезде тифлопедагогика ғылыми негізделген ережелер мен
қағидаларды басшылыққа ала отырып, түрлі жас аралығындағы көз жанарлары
ауыр зақымданған балалардың көру органының бұзылған қызметін алмастыру,
толықтыру, реттеу,(компенсациялау) механизмі мен даму ақауын жою жолын
болдырмау, алдын алу шараларын қарастырады. Жеке дара оқытудың мазмұны мен
әдіс – тәсілдерін белгілейді.
Арнайы оқыту негізінде балалар жалпы ғылыми пол техникалық білім
негіздерімен қаруланып, эстетикалық, саяси мәдениеттілік, адамгершілік,
экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, еңбек даярлығын алады., іс-
тәжірибе дағдыларын игереді.
Олигофренопедагогика - ақыл және педагогика ақыл – ойының дамуы
жағынан кемшілігі бар балалармен жұмыс істейтін педагогиканың саласы.

1.2. Педагогика ұғымдағы тәрбие ұғымы

Тәрбие, білім беру, оқыту, даму, қалыптасу, педагогикалық процесс.
Тәрбие - нақты педагогикалық мақсатты, есепті міндетті шешуге
бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылы, жүйелі өзара
ықпал қызмет ету процесі.
- қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау барысында қажетті әлеуметтік іс-
тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі, жас ұрпақты оны меңгеруі.
- Жеке адамның бойында белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру
үшін мақсатты, бағытты, жоспарлы, жүйелі жүргізілетін процесс.
- Ғылыми дүниетанымын, көзқарасымен сенімін, іс-әрекетін табиғи
үйлестіре алатын, жан-жақты үйлесімді дамыған адамды мақсатты, жүйелі,
жоспарлы қалыптастыру процессі.
- Жаңа ұрпақты қоғамдық өмірге, өндіргіш еңбекке даярлау мақсатын көздеп
, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені ауыстыру процесі.
Оқыту :
– оқушыларды жүйелі біліммен, іскерлік және дағдылармен
қаруландыратын, олардың танымдық, шығармашылық белсенділігін
арттыру, санасы мінез құлқына, дүниеге көзқарасына, сеніміне
әсер етуге бағытталған оқытуш мен оқушы арасында оқыту мен
оқу өзара тығыз байланысты, мақсатты, жүйелі жүргізілетін
педагогикалық процесс.
– Мұғалім мен оқушы әрекеттестігінің барысында білімді,
іскерлікті және дағдыны меңгеруге жағдай жасайтын мақсатты
процесс, оқушыны тәрбиелеу мен дамыту да жүзеге асырылады.
Бұл оқушы мен мұғалімнің мақсатты түрде өзара әрекет жасау
процессі. Бұл процестің барысында білім беру, тәрбие беру,
адамның дамуы, оның білім алуы жүзеге асырылады.
Білім беру:
– оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың
дамуына ықпал жасайтын процесс.
– Оқушылардың жалпыланған қоғамдық – тарихи тәжірибені игеру
және меңгеру процесі мен нәтижесі. Адам баласы жасағаан
білімдер жүйесін игеруді, соның негізінде дүниеге
көзқарасты, таным білім қабілетін, сана сезімін, мінез
құлқын қалыптастыру.
– Арнайы оқу сабақтарында ұйымдастырылатын мақсатты оқыту
процесін ғана қастып қоймайды, өздігінен, әртүрлі хабар
деректеррімен білім алуды да қамтиды. Білім беру – кең
әлеуметтік мағынада тәрбиелеудің құрамды бөлігі.
Педагогикалық процесс жеке тұлғаны жан-жақты жарасымды дамыту үшін мұғалім
мен оқушының, тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің бірлестікте, ынтымақтастық,
өзара байланысты, мақсатты, бағытты жүргізетін қызметі.
Педагогикалық тәжірибе – мұғалімнің іс – тәжірибеде оқу тәрбие жұмысы
процесінд алған білімнің, іскерлігінің, дағдысының жиынтығы.
Бірыңғай педагогикалық талап - отбасы мен мектеп үшін педагогикалық ұжым
жасаған оқу-тәрбие жұмысының жалпы бағыты.
Педагогика құрылымы

Педагогиканың жалпы негіздері

Тәрбие теориясы

Дидактика (оқыту мен білім беру теориясы)

Мектептану

Педагогика ғылымының жүйесі - педагогика салаларының жиынтығы
педагогикалық ғылымның біртұтас жүйесін құрайды.
Педагогика ғылым ретінде зерттеу объектісініе, бағытына, қарастыратын
мәселелеріне, профиліне, кәсібіне, саласына, жасаралығына, денсаулығы мен
даму, жетілу деңгейіне сәйкес жіктеліп, жүйеленіп ғылыми салаларға
бөлінеді.

1.3. Педагогиканың қазіргі кезеңдегі міндеттері

Білім беру жүйесінің құрылымын жетілдіру, біртұтас үздіксіз, үзіліссіз
білім берудің бірыңғай жүйесін қалыптастыру және оны кешенді дамытып отыру.
Ғылыми техникалық прогрестің қазіргі заманғы даму дәрежесіне сәйкес
ғылыми білім негіздерін оқытуда саяси мәдениеттілік деңгейін көтеру.
Оқыту мен білім берудің, тәрбенің сапасын түбегейлі жақсарту. Арнайы
ұйымдастырылған тәрбие жағдайындағы жеке тұлғаның даму және қалыптасу
заңдылықтары мен мәнін зерттеу.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкес оқыту мақсаты мен
білім мазмұнын жетілдіру, сапалы төл оқулықтар шығару. Жеке тұлғаның
қалыптасу заңдылығын зерттеп, оқушылардың танымдық, өзіндік жұмысымен өзін
өзі басқару қызметін жақсарту.
Озат тәжірибені, педагогика жетістіктерін іс тәжірибеге енгізу үшін
ғылыми негізделген жүйе құру.
Оқу мен тәрбие процестерін ұйымдастыру мен жетілдіру туралы
әдістемелік нұсқаулар құрастыру.
Психология, педагогика ғылымдарының теориялық, практикалық негізін
игеру арқылы студент жастарды ұстаздық қызметтің өзіндік ерекшелігімен
таныстыру, ұстаздық шеберлігін жетілдіру.
Педагогикалық ұғымдармен, педагогика ғылымының негізімен таныстырып
олардың бойында азаматтық қасиеттерімен ұстаздық сапаларды қалыптастыру,
білім тәрбие беру жұмысына даярлау.
Болашақ мұғалімдерді негізгі педагогикалық мәселелердің,
проблемалардың шеңберіне енгізу, педагогикалық дүниетанымын, өскелең
ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу, оқыту мен дамыту процестерінің қиын да
қызық, күрделі де қарама қайшы құбылыстарына көзқарасын, педагогикалық
сенімі мен қызығушылығын қалыптастыру, өз білімдерін жетілдіріп оқыту, озат
педагогикалық тәжірибені игеру құштарлығын қалыптастыру.
Педагогикалық заңдылық:
Педагогикалық заң – педагогикалық құбылыстардың дамуына, жағдай
туғызатын олардың объективті негізгі, маңызды тұрақты байланыстары.
Педагогикалық зерттеулер қоғамдық дамудың жаңа дәуіріндегі тәрбие,
білім беру мәселесі, және адамның жеке тұлға болып қалыптасуы,
педагогиканың өз ішіндегі проблемаларымен байланысты қарастырылады.
Педагогикалық зерттеу әдістері – педагогикалық құбылыстар мен
шешімдердің, әртүрлі ғылыми проблемалардың оқу – тәрбиелік сипатын
айқындауға бағытталған тәсілдер мен амалдардың белгілі бір жиынтығы .
Белгілі бір ғылыми ақпаратты пайдалана отырып, педагогикалық процесті
жетілдіру жолдарын саналы, мақсатты іздестіру.
Педагогикалық құбылыстарды жан-жақты білуге және түрлі ғылыми –
педагогикалық мәселелерді шешуге бағытталған тәсілдердің және амалдардың
жиынтығы.
Тәрбиенің, білім беру мен оқытудың сан саласын зерттеуге көмегін
тигізетін тәсілдер.
Зерттеу әдістері – (методтары) – болжамды гипотезаны дәлелдеу мен
тексеруне арналған зерттеушілік іс -әрекеттің, қызметтің, істің жобасы
моделі, үлгі пішім, сызба, ықшамсызығы.
Зерртеу әдістемесі (методика исследования) – мәселені толық және дұрыс
шешуді қамтамасыз ету үшін мақсатты қолданылатын әдістер жүйесі.
Метод әдіс – (путь исследования) теории, учение.
Зерттеу жолы.
1. Әдебиеттерді, ғылыми еңбектерді, монографиялар мен құжаттарды,
педагогика, психология классиктерінің еңбектерін оқып үйрену, талдау.
а) Библиография
ә) Аннотация жасау, конспектілеу, қажетті мәліметтерді, цитаталарды
жазып алу.
2. Педагогикалық процестің қарама қайшылықтарын көрсетететін жалпы
және озат тәжірибені, оның қиындықтарын оқып үйрену.
А) бақылау, байқау
Объектіні бөліп алып педагогикалық ықпалдарын әсерімен қабылдау
объектілерінде болып жатқан қандай да болсын құбылыстарды, өзгерістерді
қадағалауға мүмкіндік беретін азды көпті ұзақ уақыт қабылдау. Байқау іс
жүзіндегі материалды, тәжірибе деректерін жинау мақсатында байқалатын
объектілерді бөліп алып, жоспарлы түрде, деректер мен белгілерді,
мәліметтерді тіркеу, жинау үшін пайдаланылады.
3. Әңгімелесу әдісі. Әңгіме әдісі алдын ала белгіленген жоспар
бойынша, зерттеу мақсатына сай еркін түрде жүргізіледі. Әңгіменің барысы,
оның мазмұны, қойылатын сұрақтар толық баяндалады, хаттандырылады,
қорытындысы шығарылады.
4. Интервью алу әдісі. Интервью педагогикаға социологиялық
зерттеулерден ауысқан. Әңгіме әдісінен айырмашылығы интерьвю алушы,
зерттеуші, алдын ала берілген, әзірленген сұрақтарды белгілі бір тәртіппен,
бір ізді дәйектілікке бере отырып, интервью берушінің жауаптары жазылып
алынады.
5. Сауал – сұрақ, анкета, сұрақтар тізімі – вербальдық қарым қатынас
негізінде көпшілікте жазбаша түрде алғашқы әлеуметтік – психологиялық,
педагогикалық мәліметтер, хабарлар алу үшін қолданылатын әдістемелік құрал.
Сауал-сұрақ – әрқайсысы негізгі зерттеу мақсаты мен логикалық тығыз
байланысты сұрақтар тізімі, жиынтығы.

II. Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
2.1. Ынтымақтастық педагогика жайлы ұғым

Көп жылдар бойы жалпы білім беретін орта мектептің оқыту және тәрбие
жұмысын зерттеу арқылы жетілдіру жаңғырту мақсатында бірнеше мұғалімдер мен
ғалымдар эксперимент жүргізіп, тұтас педагогикалық процесті жоғары ғылыми
әдістемелік деңгейде ұйымдастыруды қажет деп тапты. Өйткені олар ескі
дәстүр бойынша оқытудың әдеттегі әдістерін, принциптерін қолданып, жастарға
білім және тәрбие беру ісі, қазіргі заманның талаптарын қанағаттандырмайды
деп қорытынды жасады. Жаңашыл – экспериментшіл мұғалімдердің әрқайсысы өз
сыныптары мен мектептерінде жеке – жеке, керек десе бірін – бірі білмей 25
жылдай эксперимент жұмысын жүргізген. Бұған қарамастан олардың жұмыстарының
қорытындысы бірдей нәтиже берген.
Экспериментшіл мұғалімдер зерттеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін бір –
бірімен кездесуді, пікірлесуді тәжірибе нәтижесін ортаға салып, талқылауды
ойластырып жаңа педагогикалық шешімдер қабылдауды қажет деп тапты. Бұл
пікірлердің мазмұны Учительская газета беттерінде жарияланды. Осы
газеттің шақыруы бойынша экспериментшіл мұғалімдер үш жыл ішінде төрт рет
кездесті. Бірінші кездесуінде (18 қазан 1986 ).
"Ынтымақтастық педагогика" – екінші кездесуінде (17 қазан 1987 ж).
"Тұлғаны демократияландыру", үшінші кездесуінде (19 наурыз, 1988 ж.)
"Жаңарту әдістемесі", төртінші кездесуінде (18 қазан, 1988 ж), "Жаңа
мектепке кіреміз", тақырыптары бойынша эксперимент жұмыстарының нәтижесіне
сүйеніп, білім және тәрбие саласында көптеген жаңа үздемелі педагогикалық
пікірлер ұсынды. Бұл пікірлердің біразын атап кеткен жөн. Мысалы, балалар,
мұғалімдер және ата – аналар арасындағы ынтымақтастық ұжымдық шығармашылық
тәрбие орындаушылық және шығармашылық қабілеттер, балаларды дербес және
ұжымдық өзін - өзі талдауға үйрету, тұлғаның дамуы, тірек, идеясы, жаңарту
әдістемесі, озып кету идеясы, жаңа мектеп және ғылым үздіксіз білім және
тағы басқа.
Осындай мақсатқа бағытталған педагогикалық идеялардың іске асырылуының
нәтижесінде мектеп өмірінде тек ғана мұғалім емес, әсіресе оқушы жайлы көп
өзгерістер байқалады. Бұрын оқығысы келмейтін немесе оқуға қабілетсіз оқушы
екінші, үшінші жыл орнында қалып, мектептен шығып кететін. Енді оқушыларды
іріктеп алудан бас тартып, оларды оқыту керек. Оқыту үшін баланы
ынталандыру, оған дем беру, себепші болу. Егер оқуға өздігімен
талаптанушылығы жоқ болса, дерлік, егер еріксіз көндірудің тәсілдері тіпті
жоқ болса, егер жалпы пәнге қызығушылығы болмаса, егер біз өз міндетімізді
орындағымыз келсе, онда алдымызда бірақ – жол бар, біз балаларды қуанышты
сезім жетістігіне алға қарай қозғалыс және дамуға шақыра отырып, оларды
жалпы оқу еңбегіне тарту керек. Әйтпесе балаларды оқытуға болмайды, -
дейді бірауыздан жаңашыл мұғалімдер.
Оқудың нәтижесі ынталылық пен қабілеттіктердің көбейтіндісіне тең.
Егер ынталылық нөльге тең болса, онда барлық көбейтінді де нөльге айналады.
Ал экспериментшіл мұғалімдердің бұл анықтамасы оқыту процесін жаңғыртуды
қажет етеді. Олай болса бұрынғы педагогикадан айырмашылығы бар жаңа
педагогика керек, оны ынмақтастық педагогика деп атауға болады деген
біркелкі көзқарастарға келген олар. Мұндай педагогика балдарды
ынмақтастыққа, оқу еңбегіне жетектейді, табысқа жету үшін оларға сенімділік
туғызады, артта қалмаудың жолын іздестіреді.
Жаңашыл мұғалімдердің айтуы бойынша баланы айқай, қорқыту арқылы
тәрбиелеуге, оқытуға болмайды – бұл зорлау, еріксіз көндіру әдісі.
Сондықтан олар баламен үндесуді құлық негізінде қарастырады.
Адамгершілік және ынтамақтастық бала өмірінде үлкен орын алады.
Сондықтан мұғалім ең алдымен баланың дамуы, келешегі жайлы қамқорлық
жасайды. Өйткені олардың өмірге бейімделуі, өмір тәрбиесіне үйрену
мектептен басталады. Міне, осы тұрғыдан қарасақ, ынтамақтастық педагогикасы
– құлық педагогикасы, даму педагогикасы. Іс жүзінде бұлардың үшеуінде,
біртекті құбылыс, мұғалімдер мен тәрбиешілердің әрекет ету тәсілдері,
олардың балалармен қарым – қатынасы, істегі ынтымақтастығы.
Әрбір педагогикалық әсер, әрбір шешім, әрбір әрекет балалардың даму
барысында тексеріліп отыруы қажет. Ал дамудың бірқалыпты немесе оның
қалыптасуы әрбір мұғалімге мәлім. Дамудың артта қалушылығының басты
себептері біріншіден, үйелмендегі рухани қатынастың жетіспеуі; екіншіден
мұғалімдер мен ата – аналардың зорлап оқыту нәтижесінде балалардың оқыту
материалдардың мазмұнына түсінбей жаттап оқуында; үшіншіден балалардың
дамушы қабілеттерін еске алмай, мектептің тек қана оқыту процесінің үш
компоненттеріне (білім, іскерлік, дағды ) сүйену тағы басқа. Осының
салдарынан балалардың көпшілігінің даму процесі тоқтайды. Жаңашыл
мұғалімдердің тұжырымдамалары бойынша ең алдымен баланың дамуын бірінші
орынға қою керек. Бұл оқушының білімді іздеп табуына, игеруіне мүмкіншілік
жасайды, іскерлікті, дағдыны меңгереді.
Сонымен, баланы әр жақты дамыту үшін бәрінен бұрын құлық, рухани ақыл
– ой, дене тәрбиесі бірінші кезекте болуы қажет.
Кейбіреулер ынтымақтастық педагогиканың осы заман педагогикасынан
айырмашылығы бар ма деп сұрақ қояды. Бұл сұраққа мағыналы жауап беру
қиынырақ секілді. Бірақ екеуіне анықтама берсек артық болмайды.
Осы заман педагогикасы – бұл тұлғаның жеке ұжымның тәрбие және өзін
өзі тәрбиелеу процестерінің диалектикасы туралы ғылым.
Ынтымақтастық педагогика – бұл тәрбие мен өзін өзі тәрбиелеудің, мұғалім
мен балалардың шығармашылық еңбегінің диалектикалық бірлігі емес пе?
Мектепке, жоғары оқу орнына жаңа кадрларды дайындауда қоғамның әлеуметтік
тапсырмасын орындау үшін ынтымақтастық педагогика керек. Бұл педагогика жас
мұғалімнің ғылыми педагогикалық теория мен озат педагогикалық тәжірибенің
нәтижесімен қарулануына мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ізгілендіру,
гуманитарландыру жағдайында тұтас педагогикалық процесте жаңа иедяларды
пайдаланудың жолдарын қарастырады.

2.2. Ынтымақтастық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ынтымақтастық педагогикасының ғылыми – педагогикалық негіздері
Ынтымақтастық педагогиканың негіздері
Ынтымақтастық педагогиканың негізгі идеялары
Ынтымқтастық педагогика жайлы ұғым
Педагогика мақсаты
Ынтымақтастық технологиясын оқыту негізінде жеке тұлғаны ізгілендіру
Мектепте Абай шығармашылығын оқыту
Жалпы білім беретін орта мектепті қайта құру жағдайында ынтымақтастық педагогика
Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы
Қазіргі педагогикалық технологиялар – объективті қажеттілік
Пәндер