Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру


Тақырыбы: Болашақ педагогтардың ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Біздің мемлекетіміздің жастары оқуға, жаңа заманға сай ғылым - білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, ғылым мен технологияны күнделікті өмірде шебер пайдалануға міндетті [1] .
Зaмaнaуи бiлiм бepу, әлeмнiң жeтeкшi мeмлeкeттepiнiң бәceкeгe қaбiлeттi тaлaптapынa жәнe нәтижеге бағытталған білім беру моделіне cәйкec құрылуын басшылыққа алынуда. 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ғылым саласындағы ахуал ерекше назар аударуды талап етеді. Біз ғылымсыз еліміздің дамуын қамтамасыз ете алмаймыз. Отандық ғылым жүйесі қаншалықты сапалы әрі тиімді? Үкімет аталған мәселені ғылыми зерттеулердің деңгейін көтеру және оларды тәжірибеде қолдану тұрғысынан қарастырғаны жөн», - деген ұсынысы біз зерттеуге кіріскен ғылыми жұмысқа нық бастама. Бұл бастаманы жүзеге асыруға бағытталған бәсекеге қабілетті білім беру жүйесін ұсына алатын, жоғары білікті мамандарға деген қажеттілік артуда. Осы және басқада бірқатар басты мемлекеттік құжаттарда жүктелген міндеттер іске асырылу үшін, aғымдaғы зaмaнaуи бiлiм бepу, әлeмнiң жeтeкшi мeмлeкeттepiнiң бәceкeгe қaбiлeттi тaлaптapынa жәнe нәтижеге бағытталған білім моделінің cтpaтeгиялық дaмыту жоспарына cәйкec құрылуы қaжeттілігі өзекті болмақ [2] .
Осыған орай, әлeмдiк бiлiм бepу кeңicтiгiндe тек ақпарат жиынтығын меңгертумен шектелмей, іс-әрекетін өздігінен тиімді ұйымдастыра отырып, шығармашылық бағыт ұстанатын, күнделікті өзгерістерге тeз бeйiмдeлeтiн, жaнжaқты интeгpaциялық бiлiмгe құмap, өз бeтiмeн кpeaтивтi ic-әpeкeттep жacaй aлaтын, шығармашыл, дара болмысын таныта алатын, өндіріс пен білім, ғылымды дамытудың стратегиясын жоспарлап жастарды нақты бір кәсіпке баулитын, зерттеушілік функцияны атқаратын болашақ кәсіптік оқыту педагогтарын даярлау көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Демек, жоғары оқу орнындарында болашақ педагогтарды даярлау үшін мынандай талаптардың маңызы арта түсуде: тұлғалық, үнемі өз білімін жетілдіріп отыруға деген құлшыныс, креативтілік, қабілеттілік, ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке даярлығын қалыптастыруы, жаңа білім алу, болашақты болжай білуі. Әлбетте, бұл проблеманы бүгінгі заман проблемасы деп қарауға болмайды. Осы мәселенің кейбір бағыттары бойынша айналысқан ғалымдар да жоқ емес.
Қазақ халық ойшылдары Әбу Насыр әл-Фараби [3], Ж. Баласағұни [4], Қ. А. Ясауи [5], Ы. Алтынсарин [6], А. Құнанбайұлы [7], Мәшһүр-Жүсіп Көпеев [8] еңбектерінде жастарды білімге, ізденуге, ғылымға бет бұру мәселесіне назар аударады және Ш. Құдайбердиев [9], А. Байтұрсынов [10], Ж. Аймауытов [11], М. Жұмабаев [12] және т. б. еңбектерінде жастарды ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру, ойлау өнерін шарықтау шегіне жеткізу тұрғысында қарастырған. Студенттердің ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың проблемалары бойынша В. И. Андреев [13], Ю. К. Бабанский [14], 7 В. В. Давыдов [15], С. И. Архангельский [16] және т. б. еңбектерінде қарастырылған. Студенттердің ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың ерекшеліктері, формалары және педагогтар мен студенттердің ынтымақты жұмыс істеу түрлері бойынша Н. В. Сычкова [17], Л. И. Аксенов [18], Б. И. Сазонов [19] және т. б. ; студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының әлеуметтік функциялары және студенттердің зерттеу қызметінің кешенді жоспарлау тәжірибесі бойынша Л. Г. Квиткина [20] және т. б. ; студенттердің ғылыми-зерттеу қызметі мен оқу үдерісінің педагогикалық талаптарға сай өзара байланысы бойынша В. Н. Намазов [21] және т. б. ) ; студенттерді оқыту үдерісі барысында зерттеушілік біліктілігін қалыптастыру проблемалары П. Ю. Романова [22] және т. б болашақ маманның ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту мәселелерін қарастырған.
Соңғы жылдары университеттік білім беру жүйесінде ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру мәселесін Ph. D дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияларында А. С. Мизимбаева [37] ; бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру А. Д. Сыздықбаева [38] және т. б. ; болашақ әлеуметтік педагогтардың зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру А. К. Жексенбинова [39] зерттеген.
Болашақ кәсіптік оқыту педагог-мамандарын даярлау мәселелерін қарастырған ғалымдар И. Б. Сихимбаев [40], Б. Т. Кенжебеков [41], К. Өстеміров [42], С. А. Жолдасбекова [43] С. Қоқанбаев [44], А. Б. Саипов [45], Г. Т. Мусабекова [46], Ю. Н. Камалов [47], Т. Ш. Маханов [48], Г. А. Бакирова [49] және т. б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу жасап, талдау нәтижесінде қарастырылған еңбектер болашақ педагогтарды даярлауда айтарлықтай үлес қосады, дегенмен, болашақ педагогтардың ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке даярлығынн қалыптастыру мәселесінің толық зерттелмегендігі айқындалды. Атап айтсақ, болашақ педагогтардың ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке даярлығын қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық педагогикалық жағдайды анықтау, болашақ педагогтардың зерттеушілік іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру деңгейін анықтауға арналған диагностикалық бағалау құралдарын әзірлеу;
Айтылған проблеманы шешу үшін қазіргі кезде жоғары оқу орнында болашақ педагогтардың ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке даярлығының негізін салалық, және өндірістік-технологиялық дайындық құрайды. Сонымен қатар, заманауи өндіріс пен қоғам дамуының инновациялық заңдылықтары мен тенденциясының әсері, әрбір салалық педагогтардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың қажеттілігі бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан, болашақ педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру құралдары, механизмдері, технологиясын ұсыну, болашақ мамандарды кәсіби-педагогикалық тұрғыда даярлаудың мәнін ғылыми тұрғыда қайта ойластыруды қажет етеді.
Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып бізге, бүгінгі қоғам сұранысы, ғылым мен практика арасында келесі қарама-қайшылықтар анықталды: - зерттеушілік функциясы қалыптасқан педагогтарына қоғам сұранысының қажеттілігі және бітіруші кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясының жеткілікті деңгейде қалыптаспауы арасында; - болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеушілік функциясын қалыптастырудың жоғары білім беру үдерісіндегі маңыздылығы және табысты кәсіби әрекетке қажетті зерттеушілік функцияның кәсіби құндылық екендігін толық негізделмеуі арасында; - болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру қажеттілігін педагогикалық қауымның мойындауы мен оның ғылыми-педагогикалық негіздерінің жеткіліксіз зерттелуі және әдістемелік жүйенің жеткілікті деңгейде жасалмауы арасында байқалды. Көрсетілген қарама-қайшылықтар зерттеу мәселесін анықтап, тақырыпты: «Болашақ педагогтардың ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты: Болашақ педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру үдерісін теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемелік жүйенің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында дәлелдеу.
Зерттеу объектісі: Болашақ кәсіптік оқыту педагогтардың ғылыми зерттеушілік іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру үдерісі.
Зерттеу пәні: Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжам: егер жоғары оқу орнында болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың ғылымитеориялық негіздері айқындалса, оның ұғымдық жүйесі ғылыми тұрғыда сұрыпталса, қоғамның сұранымына сай болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың құрылымдық моделі мен педагогикалық шарттары анықталса, әрі оқу-әдістемелік кешенімен қамтамасыздандырылып, әдістемелік жүйесі арқылы жүзеге асырылса, онда 9 болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясы қалыптасады, өйткені бұл оларға орта кәсіптік білім беру жүйесіндегі білімгерлерді зерттеушілік іс-әрекет пен шығармашылыққа баулуға септігін тигізеді.
Зерттеудің міндеттері:
1) Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың әдіснамалық-теориялық негіздерін айқындау.
2) Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау.
3) Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын ұсыну.
4) ЖОО оқу-тәрбие үдерісінде болашақ педагогтардың зерттеушілік іс-әрекетін даярлауды қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жолмен тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: Орта кәсіптік білім беру жүйесінде білімгерлердің ғылыми зерттеушілік функциясын қалыптастыру және шығармашылық іс-әрекетке баулитын, бәсекеге қабілетті зерттеушілік функциясы қалыптасқан кәсіптік оқыту педагогын даярлау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері ретінде зерттеудің әдіснамалық ұстанымдары, философиялық тұрғыда адамның танымдық қызметінің мәні туралы қағидалары, білім беру үдерістері мен жүйелерін құру теориясы туралы ережелері, болашақ педагогтардың зерттеушілік функциясын қалыптастыруға ықпал ететін психологиялық-педагогикалық, философиялық тұжырымдары мен ұстанымдары болып табылады.
Зерттеу көздері ретінде философиялық, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық әдебиеттер; Қазақстан Республикасы Конституциясы; Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңдары; Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті орта білім және жоғары білім берудің мемлекеттік стандарттары; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары; Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; Қазақстан және ТМД елдерінің ғылыми-педагогикалық басылымдары; оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары; 12 жылдық білім беру туралы құжаттар мен жарық көрген ғылыми-педагогикалық және әдістемелік еңбектері алынды.
Зерттеу әдістері: - теориялық әдістер (зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттер, диссертациялар, мерзімдік ғылыми басылымдар, зерттеу мәселесі бойынша нормативті-құқықтық құжаттарды оқу және зерделеу, талдау, сараптау, салыстыру, үлгілендіру) ; - эмпирикалық әдістер (мақсатты бағдарланған бақылау, сауалнама, сұрақжауап, тестілеу, таңдаулы сынамалы диагностикалық зерттеулер, эксперименттің анықтаушы, қалыптастырушы, бақылаушы түрлері, психологиялық-педагогикалық диагностикалық әдістер, мәліметтерді 10 математикалық-статистикалық өңдеу, мониториг жасау) .
Зерттеудің негізгі кезеңдері: Зерттеу төмендегідей кезеңдерден тұрды: Бірінші кезеңде (2020-2021) зерттеліп отырған мәселе бойынша материалдар жинақталды; болашақ мұғалімдердің бағалау құзыреттілігінің бастапқы жағдайы, мәселенің түйінді сөздері айқындалды; зерттеудің ғылыми аппараты анықталды. Зерттеу мақсатына орай тәжірибелік-педагогикалық жұмыс мазмұны және әдістемесі дайындалып, алғашқы анықтау эксперименті жүргізілді.
Екінші кезеңде (2021-2022) қалыптастырудың әлеуметтік - педагогикалық алғышарттары және тарихи - педагогикалық кезеңдері, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеліп отырған мәселенің ғылымда зерттелу жайы зерделенді. Болашақ мұғалімдердің бағалау құзыреттілігін қалыптастырудағы жоғары оқу орнының мүмкіндіктері мен осы сапаны қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік жүйесінің мазмұны анықталды.
Зерттеу базасы: тәжірибелік-сараптамалық жұмыс М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттерінде өткізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:
1) Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың әдіснамалық-теориялық негіздері айқындалды.
2) Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың құрылымдық моделі жасалды.
3) ЖОО болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды.
4) Оқу-тәрбие үдерісінде болашақ педагогтардың зерттеушілік құзыретттілігін қалыптастырудың әдістемелік жүйесі жасалды және ол тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексерілді.
Практикалық мәні: Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыруға арналған болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру бойынша әдістемелік жүйесі жасалып, тәжірибеге енгізілді; - Зерттеу нәтижелері болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыру үлкен мәнге ие және ЖОО-да болашақ құзыретті маман даярлау теориясы мен тәжірибесіне белгілі бір үлес қосады. Зерттеу нәтижелерін жоғары және орта арнаулы оқу орындарының болашақ педагог мұғалімдер дайындайтын факультеттері мен бөлімдерінде, мектептерде, педагог кадрлар біліктілігін арттыру жүйесінде пайдалануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық- әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, зерттеу мақсатына, міндеттеріне, нысанасына, пәніне сәйкес кешенді әдістердің логикалық тұрғыда қолданылуымен, теориялық тұжырымдаманың нәтижелілігімен, тәжірибелік-педагогикалық жұмыс бағдарламасының зерттеу мақсатына сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытындылануымен, олардың тиімділігін тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар арқылы тексерілуімен және практикаға ендірілуімен қамтамасыз етілген.
Жұмыстың негізгі материалдарын жариялау. Зерттеу жұмысының негізгі қағидалары мен нәтижелері ғылыми мақалалар түрінде халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары жинақтарында: «Жаһандану заманындағы гуманитарлық ғылым: ізденістер мен шешімдер» атты ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция. М. Әуезов атындағы ОҚУ (2021), ОҚМПИ (2020) 2 мақала жарық көрді.
Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, зерттеу көздері, әдіснамалық, теориялық негіздері, кезеңдері, базасы туралы сипаттама беріліп, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі, тәжірибеге енгізілуі қарастырылды.
«Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері, психологиялық-педагогикалық аспектілері мен ерекшеліктері және ЖОО студенттерінің зерттеушілік функциясын қалыптастырудың құрылымдық моделі, көрсеткіштері мен өлшемдері қарастырылды.
«Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмысы» атты екінші тарауда болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың педагогикалық шарттары, диагностикасы, болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі қарастырылып, оны эксперименттік-тәжірибеден өткізудің қорытындысы ашып көрсетілді.
Қорытындыда: зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары түйінделді, эксперименттік іс-тәжірибелер негізінде болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастыруды жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
1 БОЛАШАҚ КӘСІПТІК ОҚЫТУ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУШІЛІК ФУНКЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері
Жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісі өте күрделі құрылым екендігі белгілі. Бір ғана аспектіні - болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының зерттеушілік функциясын алып қарастырайық. Оқу үдерісі әдіснамалық негіздерге сүйенетін болғандықтан, оқытудың ұстанымдары (қағидалары), теориялық негіздері, әдіс-тәсілдері мен ережелері белгілі жүйеге бағындырылады. Болашақ педагогтардың зерттеушілік функциясын қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде қарастырсақ, алдымен «ғылым» сөзінің мәнін айқындауға тура келеді.
«Ғылым - адамдардың арнайы іс-әрекеттері нәтижесінде табиғат пен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың объективті заңдылықтарының үздіксіз дамып отыру жүйесі жөніндегі ізденістер. Сондықтан ғылымның негізі ізденіс, яғни жинпақталатын білім болып есептеледі» деген ойды айтады Д. Пошаев. Сонымен қатар, ғылымның логикалық құрылымы: іргелі ғылым немесе жалпы қағиданың (теорияның) жағдайы; заңдар; негізігі ұғымдар; қағидасы (теориясы) ; мұраты (идеясы) болуы керек дейді [50] . Әлдебір теорияның, ілімнің негізгі, бастапқы жағдайы қағида деп түсіндіріледі. Білім беру саласын зерттеушілер білім беру үдерісіне белсене араласады. Мәселен, зерттеуші адам білім беру мен оқытуды өзі жүзеге асрып, күнделікті тәжірибелерін, мүмкіндіктері мен жетістіктерін тереңдеткісі, жетілдіргісі келетін мұғалім болуы мүмкін мұндай зерттеулерді ғылыми-педагогикалық зерттеулер деуге болады . . . Принг әлеуметтік ғылымдарға негізделген білім беруге де қатысты бар зерттеулер, білім берумен тығыз байланысты, ол ғылымдар арқылы жинақталған білімдер негізіне бағытталған зерттеудің айырмашылығын анықтады. Яғни түрлі дәстүрлер мен мақсаттарды көздеген білім берушілік немесе ғылыми-педагогикалы деп атауға болатын зерттеулер бар [51] . Ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу қағидалары, формалары мен әдістері жөніндегі білімді «әдіснама» деп айтамыз. Педагогикалық зерттеу әдіснамасы - жаңа педагогикалық білімді қалыптастыру үдерісі әрі білімгерді оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың объективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет болып танылады. Яғни, белгілі бір мәселені зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері тиісті әдіснамалық тәсілдердің жиынтығы. Философиялық тұрғыда «ұстаным» көзқарастың мәні, әдістер мен принциптердің жиынтығын қамтиды. Ұстаным әдіске қарағанда бай, құрылымы жағынан күрделі, мазмұны жағынан көп қырлы, жетекші идея мен принципті көрсетеді. Педагогикалық оқыту кезіндегі ұстанымға жүгінер болсақ, құбылыстар мен үдерістер келесі жағдайлардан туындайды: а) педагогикалық құбылыстар мен үдерістер күрделі, көп қабатты құрылымға ие; б) педагогикалық фактілер мен құбылыстарға көптеген факторлар мен жағдайлар әсер етеді; в) жеке тұлғаның дамуы жүретін білім беру кеңістігінде нақты шекаралары жоқ; г) педагогикалық үдерістің жұмыс істеуі, оны басқару бір уақытта бірнеше заңдар мен принциптер негізінде жүзеге асырылады; д) педагогикалық үдеріс тұтас жүйе ретінде әрекет етеді және интегративті тәсілді талап етеді; е) педагогикалық үдеріс өзінің үздіксіздігі және динамизмімен, кездейсоқ факторлар мен жағдайлардың әсерімен ерекшеленеді, оларды әрдайым қарастыруға да, ескеруге де болмайды; ж) педагогикалық үдеріс көп функциялы, ол бір уақытта тұлғаның зияткерлік, эмоционалды, ерікті және тиімді практикалық саласына әсер етеді. Әдіснамалық ұстаным - зерттеудің принципті әдіснамалық бағдары, зерттеу объектісі қаралатын көзқарас (объектіні айқындау тәсілі), зерттеудің жалпы стратегиясын басқаратын ұғым немесе принцип болып табылады. Үшінші мыңжылдықта өркениетті дамытудың өзіне тән ерекшелігі - индустриялық қоғамнан ақпараттық қоғамға көшу болып табылады. Бұл үдеріс өз кезегінде қоғамдық еңбек құрылымының түбегейлі өзгеруін ғана емес, сонымен қатар кәсіби білім берудің негізгі парадигмаларын қайта құруды да қажет етті.
Зерттеулерде болашақ мұғалімді ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау тәжірибесі жинақталған (Э. Д. Днепров, Л. С. Подымова, Н. Д. Никандров, А. Н. КанКалик, А. В. Хуторской және т. б) [52-56] . Кәсіптік-педагогикалық білім беруді зерттеу жұмыстары С. Я. Батышева А. П. Беляева, К. Я. Вазина, Э. Ф. Зеера, М. В. Кузьмина, В. В. Леденев, С. М. Маркова, Ю. Н. Петрова және т. б. [57- 64] еңбектерінде зерделенген. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында [65] : «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтірген жөн. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысар еді. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды», - деп балаларды шығармашылық зерттеу жұмыстарына баулу мәселесіне назар аударады. Осы орайда оқушыларды шығармашылық зерттеу жұмыстарына баулитын педагог кадрлардың шығармашылық әлеуеті мен құзыреттілігі жоғары болу қажет. Үздіксіз білім беруге көшу кәсіптік білім берудің жаңа үрдістерін іске асыру үшін өзге де жағдайлар жасайды және бұл проблеманы айтарлықтай өзектендіреді, бұл ретте кәсіптік білім берудің мәні мен функциялары қайта пайымдалады.
Кәсіптік білім - адамның үздіксіз білім берудің ең маңызды буынының бірі. Қазіргі қоғамдағы кәсіпқойлық феномені бір жағынан көп аспектілікпен, салыстырмалы жан-жақты ғылыми әзірлемелермен сипатталады, ал екінші жағынан, қоғамдық практикада кәсіби білім беру жүйесінде жұмыс істейтін болашақ мамандар кәсіптік оқытудың теориясы мен тәжірибесін жеткілікті меңгермеген, бұл сөзсіз, мамандарды даярлау үдерісіне де әсер етеді. Мұндай тәсіл еліміздің барлық субъектілерінде білікті кадрларды даярлаудың құзыреттілік деңгейі технологиясының мазмұнын әзірлеу үшін тұтас теориялық-әдіснамалық базаны құруды практика саласына қояды. Бұл міндет мамандарды даярлауға және педагогикалық кәсіби білім беру деңгейінде ғылыми негізделген көзқарасты талап етеді. Бірінші кезекте маманның теориялық және практикалық дайындығының нақты тетіктерін құру қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz