ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ - КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ ПОЭМАЛАРЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сланбекова С.К.
Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп КММ
9-сынып оқушысы, Павлодар обл. Екібастұз қ.
Поэма - өлеңмен жазылған шығарма. Оның басты сипаттары - сюжет, характер, лиризм, драматизм. Поэма тіршілігі, табиғаты да оның даму процесінен байқалады. 50-жылдардың екінші жартысы мен 60 жылдары қазақ поэмалары қатты өркендеп, жаңа көркемдік белеске көтерілді. Елімізде болған саяси - әлеуметтік аса елеулі оқиғалар, халықтың экономикалық - рухани өмірінде түбірлі өзгерістер жасаған тың бетбұрыстар әдебиеттің өзге жанрларымен қатар поэмалардың да мазмұны тереңдеп, көркемдік арсеналының молыға беруіне тікелей игі ықпал жасады. Поэмалардың халық өмірімен байланысы артып, идеялық - тақырыптық арнасы кеңейді. Өзіндік мектебі бар ірі ақындарымыздың бірі - Қадыр Мырза Әлі.
Психологиялық параллелизм - Қадыр поэзиясының табиғатын ашатын үлгілер ( З. Серікқалиев ).
Кеудесінде көзі барға күнделікті өмірдің өзі қарама-қайшылыққа толы емес пе? Тіршілік талғама қарама - қарсы бағыттағы екі нәрсені бір - бірімен салыстыру арқылы қалыптасады ғой. Өмірдің өріне ұмтылған адамды бәрін де көріп, ащының да, тұщының да дәмін татып, қарама - қайшылықтармен күресе білуге шақырады. Расында да қиындықты көп көріп, ащы-тұщының дәмін қатар татқан адамның өмірді өгейсінбей, өзінің туғанындай қабылдайтыны да шындық. Өйтпесе өмір өмір ме, сөйтпесе шындық шындық па?
Адам деген, Ақын деген бар атым,
Мазалайды бірақ қайғы - қара түн.
Өмірден де кеткім кейде келеді,
Кетер едім, басқа өмір жоқ баратын.
Ащы болса да - ақиқат. Ақынмен бірге мұңаясыз, ақынмен бірге ашынасыз, аяйсыз.
Қадыр ақын адам өмірінің әр түрлі кезеңдерін келістіре кестелейді, әрине, балалық, жастық, ағалық, кәрілік туралы жырларға қазақ поэзиясы қашаннан да кенде емес. Ақын сол жақсы дәстүрді жалғастырумен бірге жаңғыртушы, жаңа заманның зердесіне сай өрнектеп, сөйлету иесі ретінде көрінеді.
Қадыр Мырза Әлидің Заман - ай ! дастандар кітабының соңында тұтас дүниенің қорытындысы, соңғы сөзі іспетті ақынның Елбасыға жолдаған хаты - Ел сәлемі беріліпті. Ел сәлемі Президентке хат оқырмандардың назарындағы шығарма. Бұл - бір тағдырлы шығарма.
... Биыл мен біраз аралап қайттым Ел ішін.
Шындықты айту шынымен қиын кей кезде,
Өтірік айту одан да қиын мен үшін !
- деген ақын сөзіне иланасыз. Себебі ақынға Ақиқатты айтсын деп тіл берілген.
Әдіптеп таныс рәсіміңізді гүлдермен
Бағзы бір жандар өзгеден бұрын үлгерген.
Мақтамас едім, мақтанар едім заманмен ,
Бірақ та бізге ондай заманды кім берген ?!
Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қадыр Мырза Әлидің Заман - ай атты кітабына енген қадау - қадау дастандардың бір екеуіне арнайы тоқталып, талдап - таразылап көрдік. Бірді - екілі дастандарға арнайы тоқталмасақ та, бұлардың бәрі біртұтас дүние болып бірігетінін, тіпті бірі екіншісіне қатысты, бірін екіншісі толықтырып, байытып отыратынын байқадық.
Дала дидары поэмасы.Туған жер,өскен елін жырға қоспаған ақын жоқ шығар. Алайда қазақ ақындары қысылып-қымтырылып,тілінің ұшындағы тәтті сөзін айтудан тайсақтап, атамекеніне деген ақ сезім,адал махаббатын жырласа отаншыл емес ұлтшыл ретінде ұсталып кетуден қорқып келген. Кешегі Мағжан, Қасымдардың тағдырын құшудан қаймығатын.Содан да туған жер табиғатын суреттеу мен сүйсінуден әріге бара алмай келген.Қадыр ақын сол тасқорғанның тас-талқанын шығарып, қазақ даласының әргі-бергі тарихын,тамаша салт-дәстүрін, ел есімін жеті жұртқа танытқан тұлғалы перзенттерін,қазіргі келбетін әдіптеп, жеке кітап шығарды.
Ақын болса сол кезең үшін керемет батылдық, айтулы жаңалық болғанын ешкім теріске шығара алмас. Дала дидары ішкі құрылымы арқылы да айрықша кітап еді.Тарихи - этнографиялық жырлардың арасына ақынның көңіл-күйі, азаматтық әуендегі өлеңдерін арнайы лирикалық шегіністер арқылы қосып отыруы да қазақ поэзиясына Қадыр әкелген жаңалық.Бұл жерде Қадыр жалаң қылыш, жайдақ ойлы сыншылдардың сойылынан қашудың қамын жасағаны анық.Өңкей өткен кезеңді жырлап, жаңа заманды жадынан шығарыпты демесін деген мақсаттан туған бұл тәсіл түптің түбінде жай айла емес, әдемі әдеби әдіске айналғанын Дала дидарынан кейін шыққан өлеңдер жинағын парақтаған қарақты көз оқырман жақсы білсе керек. Бұл қазір кез келген қазақ ақыны пайдаланып жүрген әдіс.
Сонымен, Көне заман көріністері, Тарихпен тілдесу, Шоқ жұлдыз, Күн ғашық болған қала сияқты бөлімдерге жіктелген, ара-арасында лирикалық шегіністер және бар,композициялық құрылымы біртұтас тарихи жырлар жинағы Қадыр ақынның абыройын асырып,қазақ поэзиясын жаңа бір сапалық биікке көтерді.Сөйтіп, Дала дидары қызыққанның да, қызғанғанның да қолынан түспейтін кітабына айналды да кетті. Қадыр ақын ізденістен інжу-маржан теріп,шығармашылық табыстың шыңына осылай шықты.Осы жинақтағы өлеңдерді қайталап оқымайтын қазақ, тілге тиек етпейтін сыншы жоқ.
Жүйрік десе ішкен асын жерге қоятын қазақ баласының көңілінде жүрген суретін сөзбен суреттеп, көз алдына қалай әкелген: екі аяғын аспанға,алма-кезек лақтырып,қалды бір сәт шаншылып,омпы тұрған асықтай, жерді жара кісінеп, жебедей бір атылды. Екі езуі қызыл қан,Тұла бойы ақ көбік.
Асау атты үйретудің жанды суреті,бүкіл әрекеті көз алдыңнан шыркөбелек айналып өтеді.Сөз құдіретін игерген,шын шебер ақын ғана осылайша сілтесе керек.
Ал осы жинақтағы Бесік жыры өлеңіндегі ананың Байрағы боп намыстың ,бас дұшпанды тақымға, жыласаң да досыңа, жау алдында бүлк етпе, кім болсаң да өзің біл, адал болшы алдымен деген ақ тілегі қандай тамаша.Қадыр ақынның Батасы да зердеңе тоқып алуға шақырып тұр:
Мінеді ме,құлақ сал,мақтады ма,керең бол!,
Кенен ойға ұзын бол,қызыл тілге қысқа бол!
Өз ұлыңнан төмен бол, өз әкеңнен биік бол!
Сөніп өлме, өлсең де,өз отыңа жанып өл!.
Елді қапияда жау шауып,беті ауған жаққа көш түзеген бір сәтті суреттеген ақынның терең тебіреніс пен толғанысынан туған жыр жолдары қандай керемет,жаныңды егілтіп, көзіңе еріксіз жас үйіреді:
Бір қария келе жатыр өлгелі,
Бір келіншек келе жатыр толғатып.
Өмір бар жерде өлім бар екенін, елдің ертеңі үмітсіз еместігін, қарт өлсе,бала туатынын, оның ер болып елінің намысын қорғайтынын мегзеген осы екі жолда қаншама сыр жатыр! Қазақ тарихымен тілдескен Қадыр ақын көмбеде жатқан көп сырды алдымен ашты.Тарихшылар айтпаған ақиқатты алдымен ақын айтты. Жылымықтың жылуы қайтып, бостандыққа бодаулықтың қайта кигізілген тар кезеңде шыңғырған шындықты ақын батыл айтты. Ол қазақ поэзиясының кедейлігінен емес, өлеңдерінің өміршеңдігінен, мән-мағынасы жағынан қазақ елінің тап қазіргі тәуелсіздік алған тұсымен де үндесіп, тілдесіп жатқандығының белгісі.
Қаламгердің қазақтың жыр түндігін желпілдетіп,рухани қазынасын байытып, ұлттық ой-өрісін биіктетуге қосқан үлесін құрғақ сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Ұлысы мен ұрпағының ұйқысын шайдай ашып,рухани мәңгүрттіктің ми батпағына батырмай, нұрлы болашаққа бастауды көздеген ақын мақсаты қандай биік, қандай қастерлі! Қадыр Мырза Әлінің сөзіне сүттей ұйыған халыққа қарап,оның қазақтың қара өлеңінің қасиетін асырған ақын екендігін мойындайсың. Батыры қылышқа емес,бір-ақ ауыз сөзге тоқтаған қазақ баласы Қадырын қалай төбесіне көтермесін!
Қадыр ақынның құдіретін асырған жаңа бір жинағы Жерұйық еді. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz