Құндылық - бағдар мәселесі ежелгі заманнан бері қарастырылып келе жатқан күрделі ұғым


Адамның мақсаттарын, мұраттарын, сенімдерін анықтайтын құндылық бағдарлары тұлға құрылымында жетекші рөлге ие болады. Психологиялық сөздіктің авторлары А. В. Петровский мен М. Г. Ярошевский "құндылық" ұғымы бірнеше мағына береді деген тұжырым жасайды:
1. Әлеуметтік идеал ретінде құндылық (қоғамдық сана жасаған, онда қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында тиісті атрибуттардың дерексіз идеясы бар) жалпы адамзаттық және нақты тарихи құндылықтар болып табылады.
2. Материалдық және рухани мәдениеттің туындылары немесе адамның іс-әрекеттері түрінде пайда болатын құндылықтар.
3. Әлеуметтік құндылықтар жеке өмірдің призмасы арқылы сынылады және жеке құндылықтар түрінде тұлғаның психологиялық құрылымына енеді.
Құндылық және құндылық-бағдар мәселесі ежелгі заманнан бері қарастырылып келе жатқан күрделі ұғым. Бұл ұғымдар ғылыми әдебиетттерде, әсіресе философиялық еңбектерде көп зерттелген. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде құндылық-бағдар мәселесі жалпы құндылық ұғымының аясында қарастырылды. Құндылықтардың тұлға бойында қалыптасуы құндылық-бағдарлар арқылы іске асатынын әр түрлі бағыттағы - философиялық, психологиялық, әлеуметтану және педагогикалық әдебиеттерді зерттеу негізінде белгілі болды.
Ғылыми әдебиеттерге жасалған талдаулар көрсеткендей, тұлға құндылықтары бұл зерттеушілердің әртүрлі жолдарымен анықтайтын өте күрделі, көп қырлы құбылысы, кейде ол "өзара ерекше және сәйкес келмейтін мағыналарда қолданылады деп көрсетеді. Құныдылық ұғымына қатысты зерттеушілердің пікірін шартты түрде келесідей топарға бөліп қарастыруға болады:
1) адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын кейбір объектілердің немесе құбылыстардың субъективті маңыздылығы ретінде (К. А. Абулханова-Славская, В. А. Василенко, В. П. Тугаринов, А. С. Шаров, С. Л. Рубинштейн, К. Роджерс, Г. Оллпорт, А. Н. Леонтьев, В. Ф. Сержантов және т. б. ) ;
2) қалаулар, идеалдар, стандарттар ретінде (К. Клакхон, В. Б. Ольшанский, Л. М. Архангельский, О. Г. Дробницкий, А. И. Донцов, М. Рокич, Ш. Шварц және У. Билски, В. И. Слободчиков, Е. И. Исаев, Д. А. Леонтьев, С. С. Бубнова және басқалар) ;
3) мінез-құлық қағидалары, нормалары туралы түсінік ретінде (В. А. Бодров, Г. В. Ложкин, А. Н. Плюшкин және т. б. ) ;
4) нұсқамалардың бір түрі ретінде (А. Г. Здравомыслов, В. А. Ядов, и. Г. Афанасьева, у. Томас, Ф. Знанецкий, Н. А. Кириллова және т. б. ) ;
5) қажеттіліктер мен мотивтермен байланысты мотивация элементтері ретінде (Э. Фромм, А. Маслоу және т. б. ) .
Бірақ, құндылықтарды түсіндірудің әртүрлі тәсілдеріне қарамастан, көптеген авторлардың пікірлері жеке құндылықтар жеке тұлғаның бағытын, оның белсенділігін, тұрақтылығын, "мен" тұтастығын, дүниетанымын және т. б. анықтайтын жеке тұлға құрылымының маңызды, ядролық құрамдас бөлігі екендігімен келіседі. Осылайша, жеке тұлғаның бойында құндылықтардың қалыптасуына бағдарлардың
Жеке тұлғаның негізгі құрылымдық компоненттері бола отырып, құндылық-мағыналық бағдарлар адамның ішкі әлемі мен сыртқы әлемнің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, сондықтан олар өмір салтына, субъектінің өмір мен іс-әрекетінің әртүрлі салаларында өзін қалай көрсететініне әсер етеді.
«Құндылық-бағдар» ұғымы 1964-1965 жылдары кеңестік әлеуметтану саласында пайда болды. Алғаш рет бұл ұғымға «Социология СССР» сөздігінде жеке адамның әлеуметтік құндылықтардың белгілі бір тобына қарым-қатынасы, - деген анықтама беріледі [10, 508б] . Бұл кезеңде құндылық- бағдар марксистік теория аясында қарастырылып түсіндіріледі. Осы 60-70 жылдардан бастап құндылықтар теориясы қарқынды түрде зерттеле бастады. Әсіресе, В. П. Тугаринов, О. Г. Дробницкийлер құндылықтар теориясының категориялық аппаратын анықтады. Оған: "құндылық", «құндылық қатынас», «бағалау», «құндылық бағдар» ұғымдарын жатқызады [13, 8б. ] .
Осыған орай, құндылық бағдарларды қалыптастыру мәселесі әр ғылым саласыгда жан-жақты қарастырылды: философияда В. П. Алексеев, О. Г. Дробницкий, В. П. Тугаринов, А. Г. Здравомыслов және т. б., әлеуметтануда В. А. Ядов, И. В. Блауберг, Т. Н. Любимова және т. б., психологияда А. С. Леонтьев, Л. И. Божович, Н. И. Непомнящая, К. А. Абульханова-Славская, В. В. Давыдов, Л. С. Выготский, Д. Н. Узнадзе т. б., ал педагогикада М. Г. Казакина, Т. Н. Мальковская, А. В. Кирьякова, В. С Мухина, М. Е. Дуранов және т. б. зерттеді [11] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz