Негiзгi құралдары қатардан шығуына шот корреспонденциясының құрастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Негiзгi құралдары қатардан шығуына шот корреспонденциясының құрастыру
Кәсіпорындар өздерінің пайдалуындағы, яғни меншігіндегі негізгі құралдарын есептен басқа заңды немесе жеке тұлғаларға тегін бергенде, сатқанда, ұрланғанда, жоғалғанда, табиғи апат, зілзала жағдайында бүлініп жоғалғанда шығарады. Сонымен қатар өздерінің меншігіндегі негізгі құрал дарын басқаларға айырбастағанда немесе ұзақ мерзімге жалға берген кезде де кәсіпорындар өздерінің балансыннан негізгі құралдарды есептен шығара алады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың іске жарамсыздығын, оларды бастапқы қалпына келтіру үшін жүргізілетін күрделі жөңдеудің тиімсіздігін немесе құралдарды есептен шығаруға қажетті құжаттарды толтыру үшін ұйым басшысының бұйрығымен тұрақты комиссия құрылады. Бұл комиссия құрамында мынадай қызметкерлер болуы тиіс:
кәсіпорынның басшысы немесе оның орынбасары (комиссияның төрағасы ретінде);
бас бухгалтер немесе бухгалтерияның басқа қызметкері:
негізгі құралдың сақталуына жауапты адам;
негізгі құрал қызмет ететін бөлім немесе цех басшысы;
мемлекеттік көлік инспекциясы өкілі (егер көлік құралын есептен шығаратын жағдайда);
тағы да басқа жұмысшы-қызметкерлер болуы мүмкін.

Бұл жоғарыда аталған адамдардың құрамында құрылған комиссия
ұйымда мынадай жұмыс пен міндетті атқарады:
1. Есептен шығарылатын негізгі құралдарды толық тексеріп, сонымен қатар оның техникалық құжаттары мен төлқұжаттарында көрсетілген бухгалтерлік есептің деректерімен танысу арқылы обьектіні қалпына келтіруге болатындығын немесе болмайтындығын, яғни ол негізгі құралдардың алдағы уақытта пайдалануға жарайтындығын немесе жарамайтындығын анықтайды.
2. Обьектіні есептен шығарудың нақтылы себебін анықтайды (сапалық тозғандығы, табиғи тозғандығы, апат болғандығына байланысты, дұрыс пайдаланбағандықтан, ұрланғандықтан немесе жоғалғандықтан, қайта құруға байланысты, табиғи апаттар жағдайынан, тағы да басқа жағдайлардан).
3. Неізгі құралдар белгіленген уақыттан бұрын, яғни тиісті белгіленген пайдалану мерзімінен бұрын істен (есептен) шығарылатын жағдайда оның себебін анықтайды. Олардың істен шығарылуына кінәлі тұлғаны (адамдарды) заңдарға сәйкес тиісті жауапқа тарту керектігі жөнінде ұсыныс жасайды.
4. Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерін, детальдарын, материалдарын анықтап, олардың бағасын белгілейді.
5. Есептен шығарылатын негізгі құралдардың іске жарайтын бөлшектерінің, материалдарының, сонымен қатар олардың ішінде қымбат және түсті металдардың дер кезінде жинап алынуын, олардың саны мен салмағын дұрыс анықтап, тиісті орындарға (қоймаларға) тапсырылуын қадағалап отырады.
6. Кәсіпорындарда негізгі құралдарды есептен шығару үшін үлгілі түрі НҚ-3 Негізгі құралдарды есептен шығару актісі немесе үлгілі түрі НҚ-4 Көлік құралдарын есептен шығару актісінің тиістілері толтырылады.
Бұл жоғарыда айтылған актілерді негізгі құралдарды сипаттайтын мынадай деректер көрсетіледі:
- обьектінің салынып біткен (өндірістен шығарылған) уақыты (күні, айы, жылы);
- ұйымға келіп түскен, кіріске алынған уақыты (күні,айы,жылы);
- пайдалануға берілген уақыты (күні, айы, жылы);
- обьектінің бастапқы құны (Қалпына келтіру құны);
- бухгалтерлік есептің деректері бойынша есептелген тозу сомасы;
- жөндеулердің жүргізілген уақыты (күні, айы,жылы);
- көлік құралын есептен шығарарда, сонымен қатар көліктің жүрген
жолы (км) көрсетіледі;
7. Негізгі құралдардың істен шығарылу себебі және оның материалдарының, бөлшектерінің сипаттамасы көрсетіледі;
8. Аварияға байланысты есептен шығарылған негізгі құралдарға жасалған актіге, болған аварияға жасалған актінің көшірмесі тіркеледі;
9. Сондай-ақ осы негізгі құралдардың істен шығуына жауапты адамдарға қолданылатын шараларды актіге жазады.
Комиссия жұмысының нәтижесінде жасалған негізгі құралдарды
есептен шығару актісі кәсіпорынның басшысы бекітеді. Акт екі (2) дана етіліп толтырылады. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарға жауапты адамға беріліп, негізгі құралдарды бұзғаннан алынатын іске жарайтын бөлшектерді, детальдарды, металл сынықтарын тағы да басқаларды қоймаға тапсыру үшін негіздеме болады. Негізгі құралдарды есептен шығару актісі бекітілгенге дейін негізгі құралдарды бұзуға, бөлшектеуге рұқсат етілмейді. Негізгі құралдарды бұзғаннан, есептен шығарудан алынған іске жарайтын бөлшектер комиссияның бағалаған бағасы бойынша бухгалтерлік есепке алынады.
Кәсіпорынның негізгі құралдарды сатқаннан немесе бұзғаннан алған материалды мен алынған сомаларынан негізгі құралдарды сату және бұзуға байланысты шығындарды алып тастағандығы қалған қалдығы ұйымның өзінде қалады. Ұйымдарда есептен шығарылған негізгі құралдардың құны Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар шотының дебитіне, Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар шотының дебитіне, Негізгі құралдар деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдардың есептен шығарылған күнге дейінгі жинақталған (есептелген) тозу сомасына Негізгі құралдардың тозуы деп аталатын шоттың тиістісі кредиттелінеді.
Есептен шығарылған негізгі құралдардан алынған іске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес активтердің аудиті
Төленбеген капиталдың есебі
Негізгі құралдардың аудиті
Delphi командасы және мәзір
Лизинг берушіде лизингтік операциялар аудитінің бағдарламасы
Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу жүйесі.
Бухгалтерлік есепті жүргізу
Синтетикалық шоттар үшін айналым парақтарын пайдалану мүмкіндіктері шектеулі
Ақша қаражаттар қозғалысының есебі
Бухгалтерлік есепте шоттарды жіктеу
Пәндер