Бизнес аңыздары (Әлемдегі бай адамдар)


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мелекеттік университеті

Реферат

Бизнес аңыздары (Әлемдегі бай адамдар)

Орындаған: Қалибекова Н. Қ

Топ:: ХМ-901

Тексерген:: Готман Л. А

2020 жыл, Семей

Кіріспе Әлемнің ең бай адамы атанған Джефф Безос деген кім? Негізгі бөлім 1. 1 Amazon компаниясы 1. 2 Джефф Безос туралы қызықты факт 1. 3 Өмірдің түрлі саласындағы қағидалары Қорытынды


Джефф Безостың бүкіл әлемге әйгілі Аmazon. com интернет-компаниясының негізін қалаушы және сол компанияның иесі екенін білеміз. Джефф Безос 12 қаңтар 1964 жылы АҚШ-тың Нью-Мексико штатының Альбукерке қаласында дүниеге келген. Джефф 4 жаста болғанда анасы кубалық иммигрант Мигель Безосқа тұрмысқа шығады. Өгей әкесі баланы асырап алады.

Жасөспірім кезінде ол бір жаз бойы McDonald’s-та жұмыс істейді, бұдан кейін құрбысымен Dream Institute атты 10 күндік балалар лагерін құрады.

1986 жылы Принстон университетін тәмамдаған соң Безос Intel мен Bell Labs ұсыныстарынан бас тартып, Fitel атты стартапқа жұмысқа тұрады. Кейін D. E. Shaw хедж-қорға қызметке ауысып, төрт жыл ішінде вице-президент лауазымына дейін өседі.

1994 жылы жылдық бонусты күтпестен ол D. E. Shaw-ден кетуді ұйғарады. Интернет арқылы сауда жасау табысты болып жатқанын естіген ол, Сиэтлдегі өз гаражында кітап сату бойынша онлайн-платформасын іске қосуға бел буады.

Amazon шығу тарихы

Аmazon компаниясының тарихы 1994 жылы гаражда басталды. Компания құраушысы американдық кәсіпкер - Джефф Безос. Бастапқыда компанияда тек бірнеше компьютерлер мен серверлер ғана болды. Жақын арада Безос шағын бөлмені жалға алып, сонда алғашқы жұмысын жасады. Ол стартаптың алғашқы штаб-пәтері болды. Жобаны Силикон алқабындағы дарынды бағдарламашылар әзірледі. Интернет дүкеніндегі алғашқы тапсырыстар 1995 жылдың жазында пайда болды. Аmazon компаниясының алғашқы бюджеті Безостың ата-анасы қаржыландырды. Ата-анасы шамамен 300 мың доллар көлемінде ақша беріп және Безоске машина сатып алып берді. Джеффтін айтуынша, интернет-дүкеннің мамандануын таңдау (специализация) басты мәселе болды. Алғашында компания тек кітаптарды ғана сатумен айналысты. Себебі басқа заттарға қарағанда кітапқа көп талаптар керек емес. Және тұтынушы тек оның анотациясын оқып тапсырыс бере береді. Өнім тез қолданысқа енді. Amazon арқылы сатылған бірінші кітап Дуглас Хофштадердің «Сұйық концепциялар және шығармашылық ұқсастығы: ойдың іргелі механизмдерінің компьютерлік модельдері» болды. Алғашқы айда компанияның өнімдері АҚШ-тың барлық штаттарына және 40-тан астам басқа елдерге барды. Қыркүйек айында апта сайынғы табыс 20 мың долларға жетті.

Безос алғашқы болып клиентпен кері байланыс орнатты. Ол дегеніміз өнім алғаннан кейін тұтынушы өнім туралы пікір қалдыра алатын. Басында бұл идея көбісіне ұнамады. Себебі жаман пікір өнімге әсер етуі мүмкін деп ойлады. Бірақ сатылымдар өсуі жалғасты, және пайдаланушылардың өзара әрекеттесуіне байланысты сайт трафигі өсті.

Aмазонның маркетингтік стратегиясы 6 пунктан тұрады:

  • Тауарлар мен қызметтер ашық түрде болу;
  • Клиентке ыңғайлы интерфейс;
  • Кеңею кішкенеден үлкенге дейін болады;
  • Әлемдегі филиалдар;
  • Байланыстың қазіргі заманғы әдістері;
  • Әмбебап ойлау мен іс-әрекеттер;

Амазонның үш ірі филиалы - Amazon Retail , Amazon Web Services және Amazon Kindle. Америкада көпшілікке белгілі: бұл Amazon. com-ның интернет-дүкені, Amazon Payments онлайн төлем қызметі, Amazon Webstore платформасы және тағы басқалар жатады. Бұл салалар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Айта кету керек, AWS компаниясы Amazon. com-ның ешқашан құлап кетпеуге ұмтылуынан (әсіресе Рождестволық мерекелерде) шыққан.

Қызықты фактілер

1. Кәсіпкерде туа біткен көз ауруы бар: ол птозбен ауырады - бұлшықет әлсіздігінен туындаған жоғарғы қабақтың салбырап түсуі.

2. Джефф өзін актер ретінде сынап көрді - ол «Жұлдызды жорық: шексіздік» фильмінің эпизодында келімсектің рөлін ойнады.

3. Атақты адамның сәнді көліктер мен яхталарға қызығушылығы жоқ. Ұзақ уақыт бойы ол арзан 1987 жылғы Chevrolet Blazer-ді пайдаланды, кейінірек оны Honda Accord жаңа моделіне ауыстырды.

4. 2003 жылы кәсіпкердің тікұшағы Blue Origin полигоны ұшып бара жатқанда апатқа ұшырады. Безос жеңіл жарақат алып, тез қалпына келді.

5. Шартты бағалау

2017 жылы Джеффтің фотосуреттері Forbes-тің тағы бір рейтингісіне байланысты тағы да жаңалықтар басылымдарының беттеріне түсті. Журналдың жазуынша, Безостың байлығы 100 миллиард долларға бағаланған.

6. Қаржыгерлер 2019 жылы Безостың секундына қанша ақша табатынын есептеп шығарды. Сол кездегі бұл сома 2 489 долларға тең болды - қарапайым американдық жұмысшының аптасына екі рет алатын табысы.

7. 2020 жылдың тамызына қарай Безостың байлығы 202 миллиард долларға дейін өсті. Билл Гейтс әлі артта қалды, оның шотындағы сома 124 миллиард долларды құрады. Марк Цукерберг үшінші орында, ал Илон Маск төртінші орында.

Безостың өмірдің түрлі салаларына арналған 10 қағидасы

Бизнес туралы

Бизнесте көп қойылатын сұрақтың бірі: «неге?». Бұл әрине жақсы сұрақ, бірақ әлдеқайда дұрысырағы: «неге болмасқа?».

Болашақ туралы

Біз болашаққа сай болуымыз керек. Сенің айнаңдағы әлем өзгергенде, бүкіл әлем саған қарсы шыққанда не істеу керектігіңізді түсінуіңіз керек. Сіз тек шағымдану арқылы қиындықтан шыға алмайсыз.

Кітаптар туралы

Кітаптарды қызықты ету үшін оған видеолар мен анимацияларды қосудың керегі жоқ. Олай етсеңіз, білім алуды емес, алаңдауды үйренесіз.

Тұтыну туралы

Тұтынушылық - шын мәнінде адам өмірін жақсартпайтын заттарды сатып алуға итермелейді. Әсіресе, банкке бара жатып «саяхаттап келу үшін несие алыңыз» деген жарнаманы көрсем қатты ренжимін. Бұл зұлымдықпен тең.

Сын туралы

Егер сіз өмірде сәтті дүние жасайтын болсаңыз, сізге міндетті түрде сын артылады. Егер сынды көтере алмасаңыз, ештеме жасамағаныңыз жөн.

Инновация туралы

Менің ойымша, инновация үшін жаман кезең жоқ. Алайда, сізге оны жасау үшін қолайлы уақыт керек.

Интернет туралы

Бүгінгі интернет - Херлидің 1908 жылғы кір жуғыш машинасының деңгейінде. Бұл біздің қазіргі жағдайымыз. Біз 1908 жылдамыз.

Сөз бостандығы туралы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес аңыздары - Генри Форд жайлы мәлімет
Бизнес аңыздары жайлы мәлімет
Бизнес аңыздары(әлемнің бай адамдары) жайлы
Бизнес аңыздары. Әлемнің бай адамдары жайлы ақпарат
Бизнес аңыздары (Әлемнің ауқатты адамдары)
Бизнес аңыздары, (Әлемнің бай адамдары) - Рокфеллер Джон Дэвисон
Бизнес аңыздары туралы (Әлемнің бай адамдары)
Бизнес аңыздары - Билл Гейтс
Бизнес аңыздары - Джон Рокфеллер
Бизнес аңыздары Әлемнің бай адамдары - Билл Гейтс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz