Шахтадағы қазу жұмыстары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Комерциялық емес акционерлік қоғам
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті

Кафедра
ПҚКӨ

КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС

Тау-кен жыныстарының физикасы (пәннің атауы)
Тақырып: Бекітпеге түсетін жүктемелерді есептеу және көкжиектің әсер ету аймағынан тыс орналасқан тау кен қазбалары бекітпенің түрін таңдау

Қабылдады:тех. ғылым кондиданты Арыстан И.Д.

(оқытушының аты-жөні)
(баға)
(қолы) (уақыты)
Комиссия мүшелері:
Орындаған: Төлегенова А.Е.

(қолы, аты-жөні) (студенттің аты-жөні)
ГД-19-2
(қолы, аты-жөні)
_______________________ (тобы)

(қолы, аты-жөні)
(сынақ кітапшасының шифрі,
нұсқа)

Қарағанды 2022
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті
Кафедра: Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру

Бекітемін
Кафедра меңгерушісі: Имашев А.Ж

_________________2022ж.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Курстық жобаның
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ТАПСЫРМАСЫ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тау-кен жыныстарының физикасы Пәні бойынша

СТУДЕНТ Төлегенова А.Е. Топ ГД-19-2
Жобаның тақырыбы: Бекітпеге түсетін жүктемелерді есептеу және көкжиектің әсер ету аймағынан тыс орналасқан тау кен қазбалары бекітпенің түрін таңдау


Түсіндірме жазбаның мазмұны
Орындау мерзімі
Көлемі
1
Курстық жобаны орындау жүйелілігі
01.03.
3
2
Бастапқы деректерді алу
07.03
11
3
Кен орынын таңдау,геологиясымен танысу
15.03
5
4
Есептеулер жүргізу
25.03-15.04
4
5
Қорытындылау
15.04-25.04
1

Тапсырманың беру күні 25.04.2022ж , Жобаның қорғау күні 25.04.2022 ж
Жобаның тексерушісі тех. ғылым кондиданты Арыстан И.Д.
Тапсырманы орындауға алдым 01.03.2022ж___________
Күні,студент қолтаңбасы

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды Техникалық Университеті
Пайдалы қазбалар кенорындарын өндіру департаменті
Анықтама
Пайдалы кенорындарының қазып өндіру кафедрасында студенттің курстық жобасына салыстырмалы талдау жүргізілді.
Тау-кен жыныстарының физикасы пәні бойынша ГД-19-2 тобының студенті Төлегенова А.Е.
Талдау нәтижесінде курстық жұмыстардың, тест жұмыстарының және курстық жұмыс жобаларының қорымен сәйкестік табылмады.
Орындалған жұмыстың өзіндік ерекшелігі мен дербестігі 92,78 пайызды құрайды.

Бас ПҚКӨ кафедрасы _____________ А.Ж. Имашев

Мазмұны

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
КІРІСПЕ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
6
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
№55 ШАХТАСЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
8
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.1
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ұңгыма циклі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
10
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.2
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бұрғыма аттырма жұмыстары
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
14
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БЕКІТПЕГЕ ТҮСЕТІН ЖҮКТЕМЕЛЕРДІ ЕСЕПТЕУ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
15
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.1
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бекітпенің талап етілетін сипаттамаларын анықтау
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
18
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.2
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бекітпеге түсетін есептік жүктемелерді анықтау
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
21
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.3
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде тау жыныстары массивінің орнықтылығын болжау
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
24
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚОРЫТЫНДЫ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
28
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
30
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚОСЫМША А
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
31
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ҚОСЫМША Б
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
32

КІРІСПЕ
Шахтаны дайындау жұмыстарының көлемі және құрылымы, олардың көршілес технологиялық буындармен және кен кәсіпорындарының жұмыстарымен (тазартпа жұмыстары, жерастылық көлік, желдетпе, жер беті қызметі, қазбаларды күтіп-ұстау және жөндеу) тығыз байланысында. Олар дайындау қазбаларын жүргізу процесінің ерекшелігін және құрылыс тәсілдерін қолдануды анықтайды. Тау-кен қазбаларын жүргізуге қатысушы жұмысшылардың санын азайту, олардың еңбек қауіпсіздігін жоғарылату және жағдайларын жақсарту, кен-дайындау жұмыстарының техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсы жетістікке жеткізу жаңа техникаларды және дайындау тау-кен қазбаларын жүргізудің озық технологияларын қолданумен байланысты. Тау-кен қазбаларының көлденең қималарының пішіндерін, өлшемдерін және тіреудің рациональды конструкцияларын таңдау қазбалардың қызметіне, тау-кен қысымының байқалу сипатына және оның сандық көрсеткіштеріне байланысты. Сондықтан курстын бірінші бөлімінде қазбалардың көлденең қималарының мүмкіндікті пішіндері мен өлшемдері, тіреу материалдары мен конструкциялары, тау-кен массиві мен тіреудің өзара әсері жөнінде мәлімет келтірілген, сондай-ақ тау-кен қазбаларының тіреу тәсілдерін есептеу қараластырылған.
Шахта -- жер астынан пайдалы кен қазу жұмыстарын жүзеге асыратын тау-кен кәсіпорны. Ол жер астындағы кен қазбасынан және жер үстіндегі құрылыстардан (копер, Шахта үсті үйі, қойма, әкімшілік-тұрмыс ғимараты, т.б.) құралады. Қазып алынатын кеннің мөлшеріне қарай орташа Шахтаның жылдық өнімділігі 2 -- 3 млн. тоннға, ал ірі Шахталардың жылдық өнімділігі 8 -- 10 млн тоннға дейін жетеді. Шахтада бірнеше мыңға дейін жұмысшылар мен инженерлер жұмыс істейді. Сирек металдар мен алтын өндірісіндегі Шахталардың қуаты шағын (жылдық өнімділігі 150 -- 200 мың т) болады. Шахтаның тереңдігі кеннің орналасу қалпына (жатысына) және оның құндылығына байланысты. Қазіргі Шахталардың орташа тереңділігі 1000 метрдей, ең терең Шахта Африка мен Үндістанда (3,5 -- 3,8 км). Шахта неғұрлым тереңдеген сайын жер асты жұмыстары қиындай түседі. Әрбір 25 -- 30 м тереңдікте ауаның температурасы 1С-қа өседі де, қазбаны таза ауамен қамтамасыз ету қиындайтындықтан арнайы қондырғы қолданылады . Сонымен қатар кендегі тау жыныстарының ішкі қысымының өзгеруінен қауіп тудыратын әртүрлі құбылыстар (кен дүмпуі, кен қопарылуы, т.б.) пайда болады. Шахта ішінде кен қазу, тас көмір қабатын бұзу, кенді тиеу, тасу және жұмыс қауіпсіздігін сақтау үшін тіреулер орнату, т.б. жұмыстарды машина атқарады . Ірі Шахтадың арнаулы темір жолы, құрал-жабдық жасайтын шеберханалары, т.б. болады.
Қазақмыс корпорациясының ең ірі кәсіпорындарының бірі. Кеніш Жезқазған тау-кен металлургия комбинатының құрылуынан бастап жұмыс істеп келеді. Кен жұмыстарын интенсивтендіру (үдету) мақсатында 1957 жылы №55 және №57 алып шахталардың негізі қаланды. Бұл кеніштерде алғаш рет елімізде кен өндіру мен ұңғылау жұмыстары өздігінен жүретін жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асты. Жерасты жағдайында экскаваторлар, электрлі жүкті өздігінен түсіретін аударғыш машиналар (самосвал), бұрғылау кареталарын өндірісте игеру мақсатында 1959 жылы комбинат құрамында Орталық жобалау-зерттеу тәжірибелік зертхана (ОЖЗТЗ) ашылды. Зертхана өздігінен жүретін жабдықты жасап, оны сынақтан өткізіп соның арқасында еңбекті ұйымдастырудың жаңа тәсілін өндіріске енгізу мүмкіндігі туды.

Сурет-1. Шахтадағы қазу жұмыстары.

№55 шахта - Батыс Жезқазған кеніші 1965 жылдың қыркүйек айында іске қосылды. Сол жылдары Орталық жобалау-зерттеу тәжірибелік зертханасы 75 жаңа шетелдік, отандық, өндірістің жеке өзіне меншікті машиналарын сынақ-тан өткізді, зерттеп және пайдаланылуын тексерді. Оның ішінде 20 шақтысы комбинат инженерлерінің күшімен №55,57 шахталарда енгізілді. Кен қазу жұмыстары автоматтандырылды, жөндеу, монтаждау және қосалқы операциялар механикаландырылды. Кен өндірудің жаңа техника мен технологиясы кеншілердің еңбектерін едәір жеңілдетті, жоғарғы өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етті.
Батыс Жезқазған кеніші (№55 шахта) Жезқазған қаласынан батысқа қарай 25 шақырым, Сәтбаев қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан. Ба-тыс Жезқазған кеніші құрамына №55, 31, Ақши кеніші кіреді. Кеніштің жылдық жобалық және нақты өндірісі 2,190 тонна болып саналады. Жұмыс-шылар саны орта есеппен 830 адамды құрайды, оның ішінде қауіпті өндірісте 520 адам еңбек етеді. Кеніш қорының өңделуі камерлік-бағаналық жүйеге негізделіп, бұрғылап өндіріледі. Кеніште 3 өндіруші учаскеде Аксера, екі Соло бұрғылау қондырғылары, 7 ТОРО, 5 Cat, шөмішті ТОРО бар. Сондай-ақ 180 горизонтта 4 электровоз жұмыс істейді.
2010 жылы №55 алып шахтаның алғашқы пайдалануға берілгеніне 45 жыл толды. Содан бері 187 млн тонна кен өндіріліпті.. Одан 2 657 597 тонна мыс, 274 496 тонна қорғасын, 18 230 тонна мырыш алыныпты. Осы деректерге ой жіберілсе кеншілердің кесек тұлғасы көз алдымызға келеді. Еңбек дәстүріне адалдықтың жарқын көрінісі осындай-ақ болар! деп риза боласыз.
Батыс Жезқазған кенішінде кезінде Зейнеп Әбілбекова КОКП 26-шы съезінің делегаты; Т.Садуақасов Кенші даңқы белгісінің толық иегері; Б.Марцинкевичус забойшылар бригадасының жетекшісі т.б. озаттар еңбек етті.

Сурет-2. Минералдық құрамы.
Кеннің минералдық құрамы: борнит, халькозин, халькопирит, галенит, бетехтинит, сфалерит, пирит, домейкит, арсенопирит, альгондит. Тереңдігі 10-60 м, тотығу белдемінде азурит, малахит, хризоколла, куприт, элит және таза мыс түзіледі. Негізгі кен құрамдас бөліктері: мыс, мырыш, қорғасын, қосымша Au, Ag, Re, Os, Mo, Nі, Co, Cd, Ge, Se, Te, Ga, S, т.б. Кен денелері таспа, линза, кейде күрделі пішінді. Инженерлік-геологиялық жағдайлары бойынша кен алаңдары оңтайлы, орташа, күрделі және өте күрделі түрлерге бөлінеді. Кен өндіру ашық және жер асты әдістерімен жүргізіледі.
Кен жұмыстарын интенсивтендіру (үдету) мақсатында 1957 жылы №55 және №57 алып шахталардың негізі қаланды. Бұл кеніштерде алғаш рет елімізде кен өндіру мен ұңғылау жұмыстары өздігінен жүретін жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асты. Жерасты жағдайында экскаваторлар, электрлі жүкті өздігінен түсіретін аударғыш машиналар (самосвал), бұрғылау кареталарын өндірісте игеру мақсатында 1959 жылы комбинат құрамында Орталық жобалау-зерттеу тәжірибелік зертхана (ОЖЗТЗ) ашылды. Зертхана өздігінен жүретін жабдықты жасап, оны сынақтан өткізіп соның арқасында еңбекті ұйымдастырудың жаңа тәсілін өндіріске енгізу мүмкіндігі туды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
№55 шахта - Батыс Жезқазған кеніші 1965 жылдың қыркүйек айында іске қосылды. Сол жылдары Орталық жобалау-зерттеу тәжірибелік зертханасы 75 жаңа шетелдік, отандық, өндірістің жеке өзіне меншікті машиналарын сынақ-тан өткізді, зерттеп және пайдаланылуын тексерді. Оның ішінде 20 шақтысы комбинат инженерлерінің күшімен №55,57 шахталарда енгізілді. Кен қазу жұмыстары автоматтандырылды, жөндеу, монтаждау және қосалқы операциялар механикаландырылды. Кен өндірудің жаңа техника мен технологиясы кеншілердің еңбектерін едәір жеңілдетті, жоғарғы өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етті.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Батыс Жезқазған кеніші (№55 шахта) Жезқазған қаласынан батысқа қарай 25 шақырым, Сәтбаев қаласынан 10 шақырым жерде орналасқан. Ба-тыс Жезқазған кеніші құрамына №55, 31, Ақши кеніші кіреді. Кеніштің жылдық жобалық және нақты өндірісі 2,190 тонна болып саналады. Жұмыс-шылар саны орта есеппен 830 адамды құрайды, оның ішінде қауіпті өндірісте 520 адам еңбек етеді. Кеніш қорының өңделуі камерлік-бағаналық жүйеге негізделіп, бұрғылап өндіріледі. Кеніште 3 өндіруші учаскеде Аксера, екі Соло бұрғылау қондырғылары, 7 ТОРО, 5 Cat, шөмішті ТОРО бар. Сондай-ақ 180 горизонтта 4 электровоз жұмыс істейді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Сурет-3. Қазбаны тасу.
Көмір және рудалық шақтыларында қаттылығы f 6...8 жыныстар бойынша жазық қазбаларды жүргізудің негізгі тәсілі ретінде бұрғыатпалық саналады.

1.1Ұңғыма циклі

Ұңғыма циклі деп орындалатын жұмыстар мен үдірістердің жиынтығын атайды. Белгілі бір тәртіппен орындалған жұмыстардың арқасында даярлау кенжары теспенің тереңдігін анықтайтын тапсырылған шамаға жылжиды.
Ұңғыма циклінің құрамына негізгі үдіріс пен қосалқы үдіріс кіреді. Негізгі үдіріс тізбекті немесе жартылай бірлестіре орындалады. Қосалқы үдіріс негізгі үдіріспен параллельді орындалады. Негізгі үдіріске келесі жұмыстар кіреді:
- теспелерді бұрғылау;
- теспелерді оқтау;
- теспелік оқтамаларды аттыру;
- аттырыстан кейін кенжарды желдету;
- кенжарды қауіпсіздік күйге келтіру;
- жынысты тиеу;
-тұрақты тіреуді орнату.
Қосалқы үдіріске келесі жұмыстар кіреді:
- құбырлар мен кабельдерді ілу;
- суақпа жырасын қондырғылау;
- рельстік жолдарды өсіру;
- науаны өсіру;
- дара рельстік жолды өсіру;
- уақытша тіреуді орнату.
Негізгі үдіріс міндетті түрде орындалуы тиіс және жоғарыда айтылған тәртіпті сақтайды. Кейбір жағдайда қосалқы үдірістің жұмыстары толығымен орындалмауы мүмкін. Мысалы, егер қазба құрғақ болатын болса, онда суақпа жырасын қондырғылаудың қажеті жоқ, ал рельстік жолдарды салу жұмысы қазбаны толығымен өткеннен кейін орындалуы мүмкін.
Жер қыртысында бос жыныстардың арасында жатқан қатты, сұйық не газ тәрізді пайдалы қазындыларды барынша таза күйінде жер бетіне шығару. Кен қазу кенді қазып алу мен оларды үңгубеттен тысқары тасып, жер бетіне шығару жұмыстарынан тұрады. Қатты кендер ашық әдіспен және жер асты әдісімен өндіріледі. Қалың қабатты әрі жер бетіне таяу жатқан кендер ашық әдіспен, ал кен қабаты тереңде жатса әрі жұқа болса жер асты (шахта) әдісімен өндіріледі. Ашық әдіспен кен қазу тәсілі тиімді, өйткені мұнда ауа тазарту, қазбаларды бекіту сияқты қосалқы жұмыстар жоқ, оған қоса жер үстінде бұрғылау, кентас тиеу, оны тасу жұмыстары үшін үлкен машиналарды пайдалануға болады. Жер асты әдісінде ең алдымен шахта оқпаны жүргізіледі де, одан әрі тау-кен қазбалары тармақтанып, кенді бірнеше бөліктерге бөледі. Соңынан осы қазбалар арқылы қазылып алынған кен жер үстіне шығарылады. Жер астындағы сұйық (мыс., мұнай) және газ тәріздес пайдалы кендер ұңғыма бұрғылау арқылы алынады. 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап кейбір асыл металдар (алтын, асыл тастар, минералдар, қалайы, т.б.) теңіз түбінен де алынып келеді.
Кен қазу жұмыстары - белгілі әдістерді (карьер, шахта) және жүйелерді қолданып, әр түрлі машина-механизмдер көмегімен кен қазып шығару жұмыстарының жиынтығы. Қатты кен қазу жұмыстары кенді бұрғылау, жарғыш заттармен қопарып ұсақтау, көлікке жеткізу, тиеу және пайдаланатын орындарға апару процестерінен тұрады. Жұмсақ кенді қазып алғанда бұрғылау, қопару жұмыстары жүргізілмейді, кен тікелей арнаулы машинамен (экскаватор, комбайн, гидромонитор, скрепер, бульдозер, т.б.) қазылып алынып көлікке тиеледі. Карьерде кен қазу жұмыстары, көбінесе, экскаватормен қалыңд. 10 - 15 м-лік қабаттарда жүргізіледі. Қабаттың ені үңгубетпен шектелген, ұзындығы 100 - 500 м бөлігі блок деп аталады. Бір экскаватордың жұмыс алабында 2 - 3 блок болады. Бұлардың бірінде ұсақталған кентасты экскаватор көлікке тиеп жатса, қалған блоктарда дайындық жұмыстары (бұрғылау, қопару, т.б.) жүргізіліп жатады. Карьерде кен қазу жұмыстары мына тәртіп бойынша орындалады. Блокта бұрғылау станоктарымен тереңд. 50 м-ге жететін 5 - 10 м-лік ара қашықтықта диаметрі 200 - 400 мм болатын ұңғымалар қазылады да, олар жарғыш затпен толтырылып, блок түгелімен атылып қопарылады. Ұсақталған кенді экскаватор көлікке тиеп фабрикаға жөнелтеді. Шахтадағы қатты кен қазу жұмыстарының тәртібі мынадай: қазып алуға дайындалған блоктағы (камерадағы) кен бұрғыланып, жарғыш зат күшімен ұсатылады да, горизонталь не сәл көлбеу кенді алғанда машиналардың (экскаватордың, күреп алып тасымалдайтын машинаның, скрепердің, бульдозердің, т.б.) көмегімен, ал тік не құлама бағытта орналасқан кен өз салмағымен көлікке жеткізіледі. Одан кейін кен фабрикаға тасылады. Жер астында жұмсақ кен қазу жұмыстары комбайндармен (қазба жасау, көмір шабу, т.б.) орындалады. Қарағанды шахталарында комбайнмен кен қазуда бірнеше рет дүние жүзілік рекордтар жасалды. Кен ашу жұмыстары - кенді қазу мақсатында жер бетінен кен қабатына дейін не оның бір бөлігіне жету үшін және кен алынатын үңгубеттерге дейін күрделі және дайындық қазбаларын жүргізу. Кен ашу жұмыстарының негізгі мақсаты мыналар: пайдалы кен қазылған орындар мен жер бетіндегі қабылдау пункттері арасында көліктік байланыс орнату, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс орындарына таза ауа беру. Кен қазу әдістеріне орай Кен ашу жұмыстары екі түрге бөлінеді: 1) кенді ашық әдіспен қазғанда, жер үстіндегі өндірістік құрылыстар мен карьер ішіндегі үңгубет арасына қатынас жасайтын траншея жүргізу және кенді басып жатқан бос жыныстарды карьерден тыс орындарға үю. Карьер әрқайсысының қалыңдығы 10 - 20 м қабаттармен қазылады. Кен, негізінен, карьердің астыңғы қабаттарынан алынады. Сондықтан үстіңгі қабаттар үздіксіз кеңейтіліп кен ашылып отырады. Әр қабатта тау жыныстарын бұзу, экскаватормен көлікке тиеу және оны төгу сияқты жұмыстар орындалады. Ең басты траншеялар қабаттардың бәрін өзара байланыстырады да, олардан алынған жыныстарды жер үстіне тасымалдауға мүмкіндік жасайды. Траншеялар сыртқы және ішкі деп екіге ажыратылады. Сыртқы траншеялар карьер алабынан тыс салынғанымен жұмыс орындарымен байланысты болады. Карьердегі жұмыс толық аяқталғанша, бұл траншеялар кен қазу орындарының орын ауыстыруына сәйкес жылжытылып отырады; 2) жер асты тау-кен өндірісіндегі Кен ашу жұмыстары кенге жету, жұмыс орнын жер үстімен байланыстыру сияқты күрделі қазбалар жасаудан тұрады. Осы күрделі қазбалар негізгі және көмекші деп екіге ажыратылады. Негізгі қазбалар: жер бетіне тікелей шығатын тік және көлбеу шахта оқпандары мен штольня; көмекші қазбалар: квершлаг, бремсберг, т.б. Кенді ашық әдіспен қазу жүйесі - карьерлердің өндірістік қуатына сәйкес кен ашу, кен қазу жұмыстарын тиімді әрі қауіпсіз тәсілдермен жүргізу, қазба байлық қорын ысырапсыз пайдалану тәртібі. Ашық карьер әдісімен кен қазғанда ең көп күш қажет ететіні - кен ашу жұмысы. Жер астындағы кен қазу жүйесі - тереңде жатқан кендерді олардың орналасуына, беріктігіне, т.б. ерекшеліктеріне қарай өнімді тәсілмен қазудың белгілі тәртібі. Жерден қазылып алынатын кендер: кентас, көмір, әр түрлі тұздар, т.б. Кентас әр түрлі металл және металл емес минералдардан құралады. Қазақстан жерінде түсті металл (қорғасын, мыс, алтын, мырыш, т.б.) кентастары өте көп кездеседі. Кен қазу жүйелері камералық, магазинделген, тығындамалы, бекітпелі, құлатпалы және аралас жүйелер деп бірнешеге бөлінеді
Жер астынан кен қазу - жер қыртысындағы пайдалы кеңдерді қазып алу әдістерді.[[1]] Кен орналасқан қабатқа жету үшін алдымен оған қарай шахта оқпаны қазылады. Оның тереңдігі әр түрлі (орта есеппен 600-700 м) болады. Кейбір шахта оқпаның тереңдігі бірнеше км-ге жетеді. Шахта оқпанының кен қабатына жеткен тұсынан квершлаг, штрек, бремсберг деп аталытын кенге қарай бағытталған күрделі жазбалар жүргізіледі.
Тау қабатында орналасқан кенге қарай таудың бір бүйрінен штольня деп аталатын жатық қазба қазылады. Штольня шахта оқпанының қызметін атқарады. Күрделі қазбалардан соң дайындық қазбалары басталады, шахтерлердің немесе кен машиналарының жұмыс орны белгіленеді.
Кенді арнайы тәртіп бойынша оның орналасу жағдайына, қаттылығы және т.б. геологиялық ерекшеліткеріне байланысты ғылми-техникалық талаптарға сәйкес қазады.[[2]]
Ең алдымен кең орналасқан қабатты биіктілігі 60-80 м шамасында бірнеше шартты қабаттарға бөледі. Кен қазу ең үстіңгі шартты қабаттан басталады. Кеннің орналасуы мен көлеміне сәйкес әр қабатта 5-6 жыл жұмыс істеледі. Кенді шартты қабаттарға бөлу үшін әрбір 60-80 м аралықтан шахта оқпанымен байланысқан бірнеше жаттық қазба жүргізіледі. Бір деңгейде жүргізілген осы қазбалар горизонт деп аталады. Екі горизонттың арасы шартты қабаттың биіктігіне тең. Әр қабат блоктарға (қазу алаңы) бөлінеді. Блок сайын арнаулы жатық не көлбеу (кейде тік) қазбалар жүргізіледі.
Екі горизонтты өзара қосатын және қабатты блоктарға бөлетін көлбеу не тік қазбалар өрлеме деп аталады. Дайындық қазбалары жүргізілген соң жұмыс істелетін горизонттан кеннің әр түпкіріе жетуге мүмкіндік туады. Дайындық қазбаларда темір жол салынып, блоктардағы жұмыс орындары материалдары, кен қазатын құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі және қазылған кенді шахта оқпанына тасып жеткізуге, блоктарды таза ауамен үздіксіз қамтамасыз етуге болады. Блоктар дайындалған соң кен қазу жұмысы басталады. Ендігі мақсат - мүмкіндік болғанша кенді жер астында қалдырмай түгелдей жер үстіне шығару. Кенді қалдырмай қазып алу жұмыстарын тазалау жұмыстары деп атайды. Осы жұмыстар нәтижесінде пайда болған қуыстар тазалау қазбалары делінеді.

Сурет-4. Кенжар.

Қазба жүргізілетін жылжымалы жұмыс орны забой деп аталады. Дайындық қазбалардағы жұмыс орны қазба жүргізу забойы, кенді кең түрінде қазуға арналған орын тазалау забойы деп аталады. Ұзын, енсіз тазалау забойы лава, қысқа, бірақ енді забой тазалау камерасы делінеді. Лава көбінесе көмір шахталарында, тазалау камерасы руда қазуда жиі қолданылады.
Әр забойдың ерекшеліктеріне сәйкес онда арнаулы технологиялық процестер орындалады. Бұл процестер - тау жыныстарын бұзу, оларды жүк таситын негізгі штрекке жеткізу және забойдағы тау қысымын басқару. Рудалы тау жыныстарын бұзуда қопарғыш заттар жиірек қолданылады. Көмір және жұмсақ тау жыныстары қазылатын шахталарда кенді механикалық құралдармен бұзу әдісі кең тараған. Кейде жұмсақ тау жыныстары жоғары қысымды су ағынымен бұзылады. Уатылған руданы штрекке жеткізу жұмыстары кеннің орналасуына байланысты жүргізіледі.
Ол құлама тік орналасса, ұсақталған кенді төмен қарай құлата беруге болады. Бұл жағдайда штректің үстінде жоғарыдан жылжып келе жатқан кенді тосып алатын арнаулы қазбалар мен құрылыстар болады. Руданы штректегі вагонеткаға тиеу үшін люк деп аталатын ашпалы-жаппалы құрылыстар пайдаланылады. Жатық не көлбеу жатқан кен уатылғаннан кейін скрепер, конвейер деп аталатын механизмдер көмегімен штрекке жеткізіледі. Жатық орналасқан руданың қалындығы 5-6 м-ден астам болса, кен забойдан машиналар, электр мосвалдар және т.б. арқылы тасылады. Жезқазған шахталарында осы әдіс пайдаланылады. Забойдағы тау қысымын басқару жұмыстары кеннің және оны қоршап жатқан бос тау жыныстарының геологиялық ерекшеліктері мен физика-механикалық қасиеттеріне тәуелді. Кен көлеміне және жыныстың беріктігіне байланысты тазалау камерасының жан-жағынан тау жыныстарынан қауіпсіздігін кен діңгектер қалдыру шарт. Жұқа қабатты кен забойларында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шахта алаңының шекарасы
Көмір қабаттарының сипаттамасы
«Шахта-қабат» сүлбесі бойынша қарағанды көмір кені аймағындағы №25 қабаттағы көмірді өндіру жобасын қарастыру
Соққы қаупі бар кен орындарын өңдеудің қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар және олардың орындалу әдістері, шаралар мен әдістерді таңдау және бейнелеу
Шахтинск шахтасының «K-6 блоктың №4 кенішінің, және тау-кен жұмыстарын дайындау, ашу, өндіру»
Ақбақай кенорнының геологилық сипаттамасы
Костенко шахтасының сутөкпе қондырғысын есептеу
Зырян өндірістік алаңы, Грехов кенішінің өндірістік алаңы және Малеев кенішінің өндірістік алаңы
МЕХАНИКАЛАНДЫРУ ҚҰРАЛДАРЫН ФОРМАЛИЗАЦИЯЛАНҒАН ТАҢДАУ
Шахтаның желдету жүйесінің схемасы
Пәндер