Сыр десте - сырлы дүние



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
"Сыр десте" - сырлы дүние.
2020 жылдың күз мезгілі. Жаздың ыстығы енді қайтқан, қыстың сызы жайыла бастаған екі температураның ортасындағы қалыпта жатқан жердің бетін сарғайған алтын жапырақтар жауып жатыр. Күннің аса жылу бермес сәулесі бұлт арасынан бірде нұрын шашса, бірде көлеңкеленіп қалады. Күздің бұл көрінісін ҚазҰУ қалашығынан алғаш көрдім.Бұрын-соңды табиғатқа деген шығармашылық көзқарас танытпағанымды сонда ұқтым. Сондай қиялға беріліп тұрған сәтте дипломдық жетекшім Молдахан ұстаз қоңырау шалып, әлгі сабырлы сәттен шығарып алды...
Қазақ тарихында елдің болашағы үшін атқа отырып жауға шапқан, дауға отырып сөз бастап, қалам тербеген тұлғалар көп болған. Адамзаттың құрған қоғамында самғаулар мен құлдыраулар алма-кезек алмасып отырды. Соның барлығын тізбектей санайтын болсақ, қазақтың көрмегені жоқ. Тарихты, табиғатты,адам болмысын, дүниені жазғаннан гөрі айту оңай болғанымен, Ғалымның хаты өлмейді деген бекер айтылмағаны ақиқат. Сондай өшпес мұра қалдыра білген қазақтың замана публицисті Әбіш Кекілбайұлы туралы айта кетуіміз міндет. Ә.Кекілбайұлы өзі көрген, өзі білген дүниелердің, ақпараттардың басын біріктіре отырып қоғамға нақты тұжырымды ойын тастай білген қаламгер.
ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЛҒАУЫ. Ұлт тарихының оқулықтарын оқитын болсақ, 1991 жылдың желтоқсанынан басталған Тәуелсіздік таңы жайлы сөз қозғайды. Оған дейінгі сұрапылды, азапты, қазақтың ұлт ретінде құрып кете жаздағанын айта бермейді. Өрескел қателік осы болып отыр.Ұрпақ өз елінің басынан өткенін білетін болса, бүгінгі тәуелсіздіктің дәмін білер еді. Ә.Кекілбайұлы тарихи деректерді мысал ретінде қолданып, болашаққа идея тастайды. Тәрік болған тәуелсіздік, Қайта оянған үміт, Тізгін қолға тигенде тақырыптары бекер алынбағаны бірден аңғартады.
Дүниежүзілік аренада бой көрсету үшін ел болу керек, ал елдікті сақтайтын ең алдымен тіл болатын болса, келесі маңызды дүниесі тарихы болады. Тарихы белгісіз елдің болашағы да белгісіз, сондықтан болар көпті көрген көсемдер ұрпаққа барынша тарихты ұлықтап әлек. Болашақты тарихпен өлшейтін болсақ, қазақтың болашағы өлмейтін күшке ие секілді. Себебі көне тайпа сақтардың шаңырағына мұрагер болған қазақ елі ғасырдан ғасырға аяқ баса отырып, хандық дәуірді де, патшалық монархияны да, коммунизмге ұмтылған социализмді де, кейін орнаған капитализмді де көріп отыр. Замана суреткер жазушы Әбіш Кекілбайұлы тарихты көркем сөздермен теңеулер келтіре отырып оқырманға салмақты жеткізіп отыр. Сандар мен оқиғаларды ғана тізіп, хронология ретінде жеткізе салмай, әр дәуірдің өзіндік сипатын айтып, тәуелсіздіктің неге арман болғанын ұқтырады. Адам баласы тіршілік ету үшін еңбек етіп, өмірін қолайлы ету жолында түрлі жаңалықтар ашты. Темір өндірісін игеріп қару-жарақ жасады. Осы дамудың әсерінен адамдар тобы тайпаны, одан барып үлкен мемлекеттерді құрды. Күшті әлсізге тісін батырып, өзіне бағындырып отырды. Сондай алпауыттың бірі деп Түрік қағанатын атап өтеді жазушы. Азияның жартысын алып жатқан қағанаттың қолы ұзара берді. Кейін селжүктерге еріп, Еуропаға қарай көшкен халық қағанаттың үлкен екі бөлікке бөлінуіне әкелді. Көшіп кеткен ұлыс рухани байлыққа қатты қызықты, елдегі сауаттылық пен білімді арттырды. Ал Азияда қалған бөлігі өзін бұрынғыша алпауытқа теңеп, өзгенің білімін үйренгісі келмеді. Осының салдарынан ішкі қырқысу басталып, сыртқы жаулардың қысымына тап болды. Кейінгі Алтын Орда заманында да әскери күш жағынан қарсылас көрмегенімен, жаңа дағдыға үйренуге салғырт қарады. Ең басында шаруашылығы озық болған ел, уақыт өте өзгелермен тең, одан өтіп өзгелерден төмен болып қалды. Кезіндегі ұлы даланың алыптарының түбіне соғыс емес, өзімшілдік жеткеніне көз жеткізеді. Ә.Кекілбайұлы осы тарихи оқиғаға Заманына лайық құлық таба алмаған адам мен қоғам заманына лайық әрекет те таба алмайды... деп қорытынды айтады. Алтын Орда ыдырап құрамындағы ұлыстар жеке-жеке хандықтар құрып жатқанда, кезінде көшкен селжүктердің Осман Империясы гүлдене берді. Осыдан адамзат негізгі күш қаруда емес, білімде екенін түсінгендей. Тіпті екі мықтының соғысынан әлсіздер жеңіске жететін тарихи парадокс пайда болды. Шыңғысханның ұрпақтары өз ішіндегі қайшылықтардан ыдырап, бір-біріне жау атанған хандықтар құрды. Моғолстан, Өзбек, Қазақ хандықтары Орта Азиядағы жерді өзара бөлісіп жатқанымен, кезінде бір тудың астында майдан көрген бауырластар өз мүдделері үшін қырқысып жатты. Қылыш сермеп, мал бағып, егін еккен болашақта жалғаса береді деген үміт үлкен державалардың түбне жеткенін кейінгілер де ескермеді. Қару-жарақтың дамуында артта қалып, дамыған елге шәкірт боламыз деп бодан болып кеткендерін сезбей қалды. Ақ патшаның тұсында қазақтың басына бақ қонбады. Тоқтаусыз қанаулар мен езгілер халықтың жағдайын төмендетті. Хандық билік жойылып, кезіндегі ақсүйектердің орнын қарасүйектер басты. Қазақтың бір тудың астына бірігуі арман былай тұрсын, ертегі де бола алмады. Патшаның саясаты уақыт өте халықтың наразылығын тудырып, қазақ даласындағы көтерілістерге әкелді. Исатай мен Махамбет, Сырым, Есет, Атақозы, Саржала, Көктемір, Тіленші, Жоламан, Қасым, Саржан, Кенесары, Наурызбай, Барақ, Арынғазы, Иса, Досан, Сыпатай, Ақкөз, Байзақ бастаған және 1916 жылы орын алған көтерілістер бірі басылмай жатып, келесісі басталып түбі төңкеріске әкелді. Халықты қанап келген патшалық та құлады. Алайда бодандықтың кесірінен орыстар өздерін де, бізді де заманнан артта қалдырды. Билікке келесі кезекте халықтың жанашыры көрінген большевиктер келді. Олардың сасық саясатын ел әлі біле бермеді. Көпшілікке ант берген қызылдардың көсемі қазақ зиялыларының арасына іріткі салып, қазақ қайта бөлінді. Бір-бірінің аяғынан шалып, бірі қазақтың болашағы өз қолында десе, бірі болашақ большевиктерде деп бөсті. Көп түкіріп көл болды, қызылдар өз билігін жүргізіп, әлсіз топты түбімен құртып жіберді. Қылышынан қан тамған қызыл үкімет қазақты толық басқарудың айласын ойлап бақты. Әр реформасы еліміз үшін қиындық тудырып отырды. Демократияның туын тіккен Батыс елдерінің саясаты біріні майдай жақса, біріне ұнамады. Осы үрдіс Үкіметті алаңдатпай қоймады, КСРО-дан тыс елдермен байланысуға тыйым салынып, олардың саясатын харам етіп көрсетті. Елдегі Еуропаша деп білімге ұмтылғандарды қудалап, қаралап, қойдай қыра бастады. Елі үшін бас көтерер ұлт зиялыларынан тазалағап болғаннан кейін қазақтардың сауаттылық деңгейі 3 пайыздан аспау керек деген заң шығарды. Қазаққа өзінің елдігін дәлелдеуде сол 3 пайыздың өзі жеткілікті еді. Ұлт-азаттық көтерілістер бірден басыла қоймады, Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқаев, Халел және Жанша Досмұхамедовтер, Мұхамеджан Тынышбаев сынды Алаш азаматтары өз заманындағы әлемдік ұлт-азаттық қозғалысы көсемдерінің қай-қайсымен де иықтас тұра алды. Әзәзілдей болған қызылдар бірін атып, бірін адастырып құртып тынды. Халықтың тұрмысын да, санасын да ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады. 30-жылдарға аяқ басқан қазақты қолдан жасалған аштық күтіп тұрды. Орта Азиядағы саны жағынан басым халықты аштан қырып, бас көтере алмастай етіп жазалады. Бірақ қазақтың сағы сына қоймады, Екінші дүниежүзілік соғыста алдыңғы шепте шайқасты. Соғыстағы жеңіс қазаққа деген көзқарасты өзгертпеді. Батыр халықты барынша төмен ұстау керек болды. Еуропаны көріп алды деп, бір соғыстан келесі соғысқа аттандырды. Дін мен ділді құртқаннан кейін, тілді құртуға кірісті. Қазақ тіліндегі білім орталықтарын жауып, қоғамдық орындарда өз тілінде сөйлеген қазаққа ұлтшыл деген жала жабылды. Соғыс жылдарынан кейін қызылдар Тың игеру деген атпен жаңа реформа жүргізе бастады. КСРО көсемдері қазақпен алысып әлек болып жатқанда, жаңа құрлықтағы АҚШ әлем санасатындай державаға айналды. Еуразияда билігін жүргізіп отырған алып одақ үшін бақталастары пайда болды. Ендігі саясаттың барлығын АҚШ-тан озуға арнап аспанға да, айға да, сайға да барды. Заманға ілесеміз деген атпен зиянды химиялық тәжірибелерін, атом сынақтарын қазақ даласына әкелді. Бұл да бір бізді құрту үшін жасалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай
Жазушының публицистік шеберлігін қазақтың шешендік дәстүрі аясында қарастырып, болмысты көркем бейнелеу ерекшеліктерін зерделеу
Кекілбайұлы Әбіш
«Әбіш Кекілбаев – жазушы, қоғам қайраткері»
Қазақ әдебиеттану ғылымы және абайтану мәселелері
Дәнді дақылдарды жинауға қойылатын агротехникалық талаптар
Ежелгі Отырар қаласы
Айтбай Белгібайұлы айтыс жанрындағы келбеті
Әбіш Кекілбаев
Қазіргі қазақ поэзиясы
Пәндер