Адам организміндегі химиялық элементтер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ІХ тарау. Адам организміндегі химиялық элементтер Зертханалық жұмыс : «Ауыр металдардың ақуызға әсері»

Мақсаты: Ауыр металдардың ақуыздармен тұз түзілу процесін анықтау

Құрал-жабдықтар : сынауықтар, шприц.

Реактивтер: : Жұмыртқа және қорғасын, кадмий, мыс, мырыш, никель қосылыстарының ерітінділері

Жұмыс барысы.

  1. Зерттеу үшін бір жұмыртқаны жарып, ақуызын бөліп алаңыз
  2. Ақуызды шприцпен бес пробиркаға бірдей мөлшерде бөліп құяңыз
  3. Әр пробиркаға 5-6 мл әртүрлі ауыр метал ерітінділерін құйып шығаңыз.
  4. Нәтижесінде ауыр металдардың тұнба түзілу барысын бақылайңыз

Байқалған құбылысты жазып аламыз, түзілген тұнбалар жайлы қорытынды шығарыңыз.

Х тарау. Органикалық химияға кіріспе

Зертханалық жұмыс : «Органикалық қосылыстардағы көміртегі мен сутегін анықтау»

Мақсаты: органикалық қосылыстар құрамында кездесетін элементтер көміртегі мен сутегін сапалық анықтау

Құрал-жабдықтары: спритшам, қасықша, әйнек таяқша, штатив, сынауық, түтікшелі қақпақ, ұн, бензол, мыс изооксиді, қант, сусыздандырылған CuSO 4

Жұмыстың барысы:

1-жұмыс «Көміртегін анықтау»:

  1. Қасықшаға ұнды салып, қара түс пайда болғанша жалында ұстап тұрамыз
  2. Біраз уақыттан соң ұнның жанып жатқанын көреміз

Көміртегі жақсы жалын шығарып жанады, сонымен қатар ауадағы оттекпен шабытты әрекеттеседі

2-жұмыс «Көміртегін анықтау»:

  1. Әйнек таяқшаны бензол ерітіндісіне батырып аламыз
  2. Спиртшамды жағып, оңған ташаны жақын ұстаймыз
  3. Таяқшадағы бензол ашық жалын шығарып жанып кетеді

Байқалған құбылысты жазып алып, қорытындышығарыңыз. Формуласын жазыңыз

3-жұмыс «Органикалық қосылыстан көміртегі мен сутегін анықтау»:

  1. Бірінші сынауыққа(А) мыс оксиді мен одан екі есе көп қантты салып, пробирканың ауызын жауып, жақсылап араластырамыз
  2. Штативке дайын қоспа салынған сынауықты(А) көлденең орнатамыз
  3. Сынауықтың(А) ортасына сусыздандырылған CuSO4ұнтағын саламыз
  4. Газ шығарылатын түтікшелі қақпақпен сынауықтың(А) ауызын жабамыз
  5. Түтікшенің ұшын әк суы құйылған екінші сынауыққа(В) саламыз
  6. Спиртшамды жағым, штативке орнатылған, ішінде қоспалары бар сынауықты(А) қыздырамыз
  7. Түтікше арқылы әк суына газ өтіп жатқаның байқаймыз.
  8. Қыздырылып жатқан сынауықтың(А) қабырғаларында су тамшылары пайда болғанын байқауға болады
  9. Екінші сыынауықтағы(В) әк суының лайланғанын көруге болады

Бұл жерде байқалатын құбылыстың реакция теңдеулерін жазыңыз

ХІ тарау. Көмірсутектер. Отын

Зертханалық жұмыс: «Органикалық қосылыстар мен мұнай өнімдерінің жануы»

Мақсат: Органикалық қосылыстар мен мұнай өнімдерінің жануын бақылау

Құрал-жабдықтар: Көмірсутектер (бензол, гексан, циклогексан), этанол, анилин, бензин дизель отыны, асбест талшығы, фарфор ыдыстар

Жұмыстың барысы:

Кішкентай фарфор ыдыстарға әр реактивтан 2-3 мл құйып, жағыңыз.

Органикалық қосылыстарды жаққанда байқалған құбылыстарды бірінші кестеге, ал мұнай өнімдердің жаққанда байқалған құбылыстарды екінші кестеге жазыңыз.

Кесте 1

Органикалық қосылыс
Формула
Жалын түсі
Қосылыс класы
Реакция теңдеуі
Органикалық қосылыс: Гептан
Формула:
Жалын түсі:
Қосылыс класы:
Реакция теңдеуі:
Органикалық қосылыс: Циклогексан
Формула:
Жалын түсі:
Қосылыс класы:
Реакция теңдеуі:
Органикалық қосылыс: Бензол
Формула:
Жалын түсі:
Қосылыс класы:
Реакция теңдеуі:
Органикалық қосылыс: Этанол
Формула:
Жалын түсі:
Қосылыс класы:
Реакция теңдеуі:
Органикалық қосылыс: Анилин
Формула:
Жалын түсі:
Қосылыс класы:
Реакция теңдеуі:

Кесте 2

Мұнай өнімі
Сұйықтық түсі
Жалын түсі
Элементтік құрамы
Түзілген өнім
Қауіп деңгейі
Мұнай өнімі: Бензин
Сұйықтық түсі:
Жалын түсі:
Элементтік құрамы:
Түзілген өнім:
Қауіп деңгейі:
Мұнай өнімі: Дизель отыны
Сұйықтық түсі:
Жалын түсі:
Элементтік құрамы:
Түзілген өнім:
Қауіп деңгейі:

ХІІтарау. Оттекті органикалық қосылыстар

Зертханалық жұмыс : «Өсімдік құрамынан органикалық қосылыстарды анықтау»

Мақсаты: Өсімдік құрамында кездесетін көмірсулар (крахмал және ақуызды) анықтау

Құрал-жабдықтар : Стақан, тостаған, марлы, араластырғыш таяқша

Реактивтер : картоп, ұн, йод ерітіндісі, су

1-жұмыс «Крахмалды анықтау»

Жұмыстың барысы:

  1. Картоп түйнегігің бір бөлігін алыңыз. Оған йод ерітіндісін тамызыңыз
  2. Пайда болған көк түс крахмал бар екенінің айғағы. Крахмал көмірсу болып табылады.

2-жұмыс «Ақуызды анықтау»

Жұмыстың барысы:

  1. Ыдысқа ұн салып, біртіндеп су құя отырып араластырып, қамыр алыңыз.
  2. Алынған қамырды (ол өсімдік дәнінің ұнынан жасалғандықтан, химиялық құрамы бірдей болып табылады) марлыдан жасалған қапқа салыңыз. Сосын стақанға су құйып жақсылап шайыңыз.
  3. Марлыда тұтқыр жабысқақ масса қалады. Ол-глютен. Глютенді тауық жұмыртқасының ақуызына ұқсас келеді және оны өсімдік ақуызы деп атайды.
  4. Қамыр жуған су құйылған стаканға, 2-3 тамшы йод ерітіндісін тамызып, араластырыңыз. Не байқалды? Картоп түйнегіне жасалған тәжірибемен салыстырыңыз. Нәтижесін дәптерге жазыңыз

Зертханалық жұмыс №2 : «Тауық жұмыртқасы мен сүттен нәруыздарды анықтау»

Мақсаты: Азық-түлік өнімдерінен нәруыздарды анықтау және нәруыздардың қасиеттерімен танысу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасушалық теория
Геохимиялық ортаның өсімдіктің өсуі мен химиялық құрамына әсері
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру. Қазақ ұлттық тамақ түрлері және оның маңызы
Гомеостаздық нейро – эндокриндік реттелуі
Цезий-137 радионуклидінің улылығы және метоболизмі
Мал азығының химиялық құрамы
Биогенді макро және микро элементтер
Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау
Жұмыртқа
Биогеохимиялық циклдердің классификациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz