Болашақ педагог - психологтердің психологиялық мәдениетін дамытудың ерекшеліктері


- Болашақ педагог-психологтердің психологиялық мәдениетін дамытудың ерекшеліктері
Аталмыш бөлімде болашақ педагог-психологтердің психологиялық мәдениетін дамытудың ерекшеліктерін қарастыруды жөн көрдік. Сондықтан негізгі субъектіміз студент болып табылатындықтан біз оның сипаттамасына және оның дамуының психологиялық ерекшеліктеріне тоқталуды дұрыс деп шештік.
«Студент» термині латын тілінен енген болып есептеледі. Қазақ тіліне аударатын болсақ ынтамен еңбектенетін, яғни білімді игеріп алушы деген мағына береді.
Студенттер деп жоғары, кәсіби, арнайы оқу орындарында білім алып жүрген адамдардың әлеуметтік ұжымын айқындаймыз. Студен ұғымының алғаш тарихта пайда болуы XІ-XІІ ғасырларда ең бірінші жоғары оқу орындарының ашылуымен байланысты. Олардың негізгі әрекеті -оқу, яғни жүйелі, тұрақты әрі үздіксіз білім алуға, кәсіби машық-дағдыларды үйренуге талпынуы.
ЖОО оқу кезеңі жастық шақтың екінші кезеңімен немесе есеюдің бірінші кезеңімен тұспа тұс келеді, алайда бұл жас аралығы туралы түсінік уақыт өте дамып, түрлі тарихи қоғамдарда әр түрлі жастық шекаралармен белгіленіп, түрлі мәртебеге ие болып отырған. Бұл үдеріс Б. Г. Ананьев бастаған психологтер мектебі ғалымдарының еңбектерінде жан-жақты талданған. Сондықтан бұл жас аралығы тұлғалық қасиеттердің қалыптасып дамуының өте күрделілігімен ерекшеленеді.
Студенттерді тұлға ретінде қарастыратын болсақ, 18-25 жас - адам зиятының ең күшті дамуы мен мінездің қалыптасып тұраттану және ересек адамның әлеуметтік рөлдері мен орнының (тұлғалық, азаматтық, кәсіби-еңбектік және т. б. ) кешенін меңгеру кезеңі.
А. В. Толстых жастық шақта адам максималды жұмысқа қабілетті, ең үлкен физикалық және психикалық жүктемелерге төзе алады, зияткерлік қызметтің күрделі тәсілдерін игеруге неғұрлым қабілетті дейді. Таңдап алынған кәсіпке қажет барлық білім, дағдылар мен қабілеттер игеріледі, талап етілетін тұлғалық және функционалды қасиеттер (ұйымдастырушылық қабілеттер, бастамашылық, ерлік, тапқырлық, бірқатар кәсіпте қажетті нақтылық пен мұқияттылық, реакция жылдамдығы және т. б. ) дамиды.
Демек, студенттік жастың өзіне тән ерекшелігі бұл кезеңде зияткерлік және физикалық күш дамуының ең қолайлы жағдайларына қол жеткізілуінде. Дегенмен, бұл мүмкіндіктер мен олардың шын мәнінде жүзеге асырылуы арасында қарама-қайшылықтардың пайда болуы да жиі орын алып тұрады. Бірақ студент тұлғасының психологиялық дамуы - қақтығыстар мен мәселелердің пайда болуы мен шешілуінің, өзіндік ізденістің, өзін дамыту бойынша белсенді жұмыстың үдерісі екенін ескеретін болсақ, орын алуы мүмкін қарама-қайшылықтар бұл жаста қалыпты көрініс.
Отандық психолог Ж. И. Намазбаева: Әр студент - болашақ мұғалім өз тұлғасын зерттей алуы қажет. Өз психикалық күйін, өзіндік зияткерлік және эмоционалды - еріктік үдерістерін басқара алуы қажет-деп анықтаған.
Жастық шақ - өзін-өзі саралау мен өзін-өзі бағалау уақыты. Сонымен қатар адам тұлғасының дербес еңбекке енуінің, кәсіби жолда маман болып қалыптасуының бастапқы кезеңі. ЖОО түсу жас тұлғаның өзінің мүмкіндіктері мен қабілетіне деген сенімін арттыра түседі және бойында толыққанды, қызықты өмірге деген үміт отын жағады. Келесі кезекте, ІІ және ІІІ курс аралығында мамандық, кәсіпті таңдау дұрыстығы туралы сұрақтар мен күмән жиі туындайды. ІІІ курс аяғына қарай кәсіптік өзіндік анықталу туралы сұрақ түбегейлі шешімін табады. Сол себепті студенттердің негізгі сипаттарының бірі өз қалауымен таңдап алған кәсібіне құштарлық, сол кәсіпті толық игеріп алау мүддесімен бар күш-жігерін, әрекетін бағыттауы және осы бағытындағы тұрақтылық, жүйелілік және үздіксіздік қасиеті.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде бұл кезеңде жастар мәдениет мұраларын игеруде және рухани тұрғыда дамуда үлкен белсенділік танытады. Сондай-ақ отандық және алыс-жақын шетел зерттеушілерінің пайымдауынша бұл жастың жаңалығы − іс-әрекеттердің саналылығы, өзін-өзі реттеушілік, сыртқының үшкіге алмасуы, басқа адамдардың сезімдері мен мүдделерін қабылдау және оларды өзінің мінез-құлық парадигмасында ескеруі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz