Қазақ ертегілері сан алуан
Бастауыш сынып оқушыларын әдебиеттік оқу сабағында ертегілер арқылы сөздік қорын дамыту
Maзмұны
НOPMAТИBТIК CIЛТEMEЛEP ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
2
AНЫҚТAMAЛAP ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
КIPICПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1
Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдаланудың педагогикалық негіздері
1.1
Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.2
Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші ғалымдардың ой-пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
22
1.3
Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
31
2
Бастауыш сынып оқушылардың тілін дамытуда ертегілерді
пайдаланудың әдіс-тәсілдері
2.1
Оқушылардың тілін дамытуда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
42
2.2
Ертегілерді оқушылардың тілін дамытуда пайдалану
тәжірибесі және оның нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
50
2.3
Ертегілерді оқытуда әдіс-тәсілдерді пайдаланудың
тиімді тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
57
ҚOPЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
67
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИEТТEP ТIЗIMI ... ... ... ... ... ... ... ...
70
ҚOCЫMШAЛAP ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл зерттеу жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:
2007 жылдың 27 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.
Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауы АСТАНА. 17 қаңтар. 2014.
АНЫҚТАМАЛАР
Бұл зерттеу жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:
Тіл - қоғам өмірін ұйымдастырудың басты құралы болумен бірге әлеуметтік және экономикалық өрлеу мен дамудың, халық пен қоғам өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтардың айнасы.
Тiл нeмeсe тiл дaмыту -- пән apaлық түciнiк: oл лингвиcтикaлық, пcихoлoгиялық жәнe әдiстeмeлiк әдeбиeттeрдe кeздeсeдi. Лингвиcтикa тiл жәнe oның дaму, зaңдaрын зеpттeсe, пcихoлoгия aдaмның бір-бірімен қaтынaсындa oйын, epкiн, сeзiмiн жәнe пiкiрiн жeткiзу үшiн тiл мaтepиaлдaрын қoлдaну прoцесi - сөйлeудi зeрттeйдi.
Тіл дамыту - оқушының тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа адамға толық жеткізуге дағдыландыру, басқа адамдардың сөзін жақсы түсінуге үйрету.
Сөздік қор дегеніміз - тілдің құрамының ең тұрақты, талай ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан, жалпы күнделікті өмірде кеңінен қолданылатын халықа ортақ сөздер жиынтығы.
Халық ауыз әдебиеті - халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы.
Халықтық ертегілер - халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмыстың көкейкестілігі. Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.
Зерттеу жұмыстың мақсаты: ертегілерді оқыту барысында балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмыстың нысаны: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу жұмыстың пәні: Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі.
Зерттеу жұмыстың міндеттері:
- түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
- ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
- оқушылардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
- бастауыш сынып оқушылардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.
Диплом жұмысының құрамасы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА ПАЙДАЛАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Халық ауыз әдебиеті және оның түрлері
Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың ұжымдық творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі.
Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, соның сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының, жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет.
Образды ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәсәле төңірегінде сан-салалы. пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі совет ғалымы В.Е.Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс бергенді. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты өзара жақын. Осыған біз халық ауыз әдебиеті деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті
шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арнайы екі саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп варианттылық, ауызекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық (жазба) мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырматышылығы да осында. Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді.
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А.Н.Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатына халық ауыз әдебиеті деген атаудан гөрі халық поэзиясы деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, Халық ауыз әдебиеті деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.
Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поәзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші,
ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз.
Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының қарапайым жасаушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт айтыс сияқты ұсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Ғылымда халық поәзиясын фольклор, ал оны зерттейтін ғылым саласын фольклористика деп атайды. Неміс ғалымы Н.Ф.Кнафльдің анықтауынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді (Folk - халық, Іоге - білім, даналық) ағылшын ғалымы У.Дж. Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған.
Фольклор оның мәні туралы Н.П. Андреев, Е. В. Аничков, Ф.И. Буслаев, Л.Н. Веселовский, В.Ф. Миллер, Е.Г. Кагаров, Ю.М. Соколов, В.Е. Гусев, В.Я. Пропп, В.П. Аникин, Ю.Г. Круглов, П. Г. Богатырев сияқты көптеген шетел фольклористері де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н.П. Андреев фольклор материалдарының тарихшы, этнограф, тілші-лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын айта отырып, оны халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б.Н. Путилов та фольклорды халықтың (ұжымдық) тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді. Рас, Б.Н. Путилов фольклорды әдебиетпен де жақындастырады. Алайда оны бір ғана көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер ретінде бағалайды. Е. В. Аничков фольклорды діни нанымдармен байланыстырса, В.Ф. Миллер әтнографиямен жақындығын сөз еткен.
Осы сияқты көптеген пікірлерді ескере келгенде, фольклор шығармаларына бір ғана тұрғыдан сыңаржақ баға берудің ұтымсыздығы көзге түседі. Фольклор туындыларына біржақты баға берудің нәтижесі оның әстетикалық табиғатына қайшы келетінін В.Е. Гусев те атайды.
Фольклор шығармаларының табиғаты туралы М.К. Азадовский, Ю.М. Соколов сияқты көрнекті ғалымдар да ғылыми тұжырымдар айтқан. Өзінің Фольклор как коллективное творчество народа (М., 1969) деген еңбегінде В.П. Аникин бүгінгі фольклористика ғылымындағы екі түрлі ғылыми концепцияны анықтай отырып, Ю.М. Соколов - М. К. Азадовский бағыттығына қарсы уәж айтыпты. Ол қандай бағыттар? Алғашқысы - фольклорды әдебиеттен бөлмей, қатар қойып зерттейтін (Азадовский, Соколов), соңғысы - фольклор шығармалары мен әдебиет туындыларының арасына меже қоятын (Белииский, Буслаев, Миллер) бағыттар.
Орыс, кеңес фольклористикасында туған түрлі ғылыми пікірлерді бұлайша топтастырудың өз орнында жүйелілік сипаты болуға тиіс. Алайда бұл тұста кейбір ғалымдардың фольклор шығармаларының мәні туралы айтылған бір ғана пікіріне сүйеніп, олардың дәл осы мәселе төңірегіндегі басқа да тұжырымдарын елемей, ескермей кетушілік де бой көрсетіп отырады.
Мысалы, В.П.Аникин сын семсеріне алатын Ю.М.Соколов
әдебиетті фольклормен, фольклористиканы әдебиеттану ғылымымен байланыстыра отырып, олардың табиғаты бөлек екенін де теріске шығармайды. Атап көрсетер болсақ, өзінің Значение фольклора и фольклористики (в реконструктивный период) - деген еңбегінде ол халық поәзиясының маңызды, бір буыны ретінде фольклор туындыларын атай отырып, оған әдебиеттану және өнертану ғылымдарының методологиясын қолданудың қажеттілігін баса көрсетеді. Бұл тұста ғалымның мұндай тұжырымы оның фольклор мен әдебиеттің бірлігі жайындағы пікірінен көп бұрын айтылғандығын да ескеру қажет сияқты. В.П.Аникиннің осы бір пікірін қазақ зерттеушісі Б.Абылқасымов та дамытып, Ю.М.Соколовтың фольклор әдебиеттің бір бөлігі болса, фольклористика - әдебиеттанудың бір бөлімі деген тұжырымын келтіріпті. Автордың бұл бағытқа Н.П. Андреевті жатқызуы да сыңаржақ пікір. Өйткені ол 1934 жылы жариялаған Проблемы истории фольклора деген мақаласында фольклорды халық тұрмысымен тығыз байланыстыра сөз еткенді. Оны жоғарыда айтып өттік.
Фольклор жанрлары туралы В.Я. Пропптың пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды.
Олар:
а) фольклор шығармаларының поэтикасын зерттеу;
ә) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау;
б) олардың орындалу тәсілдеріне (формасына) жете көңіл бөлу.
Осы айтылғандарға фольклор шығармаларының тағы да бірнеше сипатын қосуға болар еді. Олар - фольклордың коллективтік және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлілігі, тарихилығы және ауызекі дамуы.
Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан. Ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағүрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-сапасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.
Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның образдары есте қалғыш та, тілі ерекше көркем, тартымды әрі қарапайым. Осы екі сипатқа қосылатын тағы бір белгі - әрбір өлең жыр, жар-жар, айтыс, жоқтаудың өзіне тән арнаулы әуені мен музыкалық мақамының болатындығы. Ақын-жыраулардың импровизациялық дәстүрі поәзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігіне негізделіп, қобыз немесе домбыра аспабымен айтылған. Мысалы, Сыр елінің аты шулы жырауы Рахмет Мәзқожаев бір ғана Алпамыс немесе Көрұғлы жырын он төрт түрлі мақаммен жырлаған. Демек, фольклор шығармалары белгілі дәрежеде театр қызметін де атқарған. Оның артистері -орындаушылар, ән мен поәзияны қатар меңгерген шебер импровизаторлар.
Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң-зары, келешектен күткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан. Әрбір айтушы-импропизатор да тындаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік-сезімін келелі ой-ниеттерге бастап отырған. Мұндай өлең-жыр мен ән-күй көп жайда өмірдің өзінен туындайды. Оған қазақ фольклорының көтерген мәселелері мен тақырыбы да айғақ бола алады.
Фольклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба әдебиетке жол салған. Дария басы - бұлақ демекші, қандай да болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі - фольклор. Ауыз әдебиеті, одан соң жазба әдебиет туғанда оның көптеген сюжеттері фольклордан алынған. Бұл дәстүр бүгінгі әдебиет тәжірибесінде де бар. Мысалы, М. Әуезовтің Қара қыпшақ Қобыланды, Қалқаман-Мамыр, Айман-Шолпан, Еңлік-Кебек, Ғ.Мүсіреповтің Қозы Көрпеш-Баян сүлу сияқты пьесаларының
сюжеті мен образдары фольклордан алынған. Мұны фольклор
мен әдебиет арасындағы табиғи-органикалық байланыс дейміз.
Жазба әдебиет сияқты ауыз әдебиетінде де өмір шындығының
сәулесі бар.
Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Соның ішінде бастылары: халық арасында әр алуан тақырыпқа шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры, тұрмыс-:салт жырлары, айтыс өлендері, ертегілер т. б.
Ауыз әдебиетінің бұл аталған түрлері, әрине, бір мезгілде туып, бірден калыптасқан жоқ. Әрқайсысының шығу, өсіп-өркендеу тарихы, ұзақ уақытқа созылған даму жолдары бар. В.Г.Белинский Әдебиеттің түрлері дейтін мақаласында ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасында елеулі айырмашылықтар барлығын көрсетеді. Оның айтуынша: ең басты айырмашылық шығарманың авторы белгілі болу-болмауында. Осыған байланысты, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В. Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: ...Ауыз әдебиетін алатын болсақ, оның жүртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім біл-мейді... Ал әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның авторлары - халық рухының әр алуан жақтарын өзінің акыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі өздерінің праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп, әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді.
Белинский бұл пікірін Әдебиеттің түрлері және Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы туралы жазған еңбектерінде де айтады. Ұлы сыншының пікірінше ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы басты айырмашылықтың бірі жеке авторлардың болу-болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл халықтың рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы әкономиканың дамыған, қоғамдық ой-сананың ұлғайып өскен кезінде болады; экономиканың дамуы мәдениеттің, техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке авторлардың шығармалары жүртқа жазу үлгісінде, баспа арқылы тарайтын болады,- дейді.
Демек, жазба әдебиеттің қандай туындысын алсақ та оның авторы белгілі болады. Соған қоса оның өмірбаяны, шығармаларының қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т.б. көпшілікке мәлім болып отырады. Ал ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады. Бұдан, әрине, ауыз әдебиетінде автор болмайды деген ұғым
тумайды. Онда автор болған. Мәселен, Ер Төстік, Күн астындағы Күнікей қыз, Алдар Көсе, Қобыланды батыр т.б. сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал шығармалары ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай туған.
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен келесі бір айырмашылығы - ауыз әдебиеті шығармаларында варианттардың көп болуында.
Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің аттары үқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Мысалға: Қобыланды батыр жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың 28 варианты бар. Олардың жалпы мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері бір-біріне үқсас келеді. Бәрінде айтылатын басты әңгіме: Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға қарсы күресі, осы жолда оның жасаған ерліктері. Бұл оқиғалар жырдың варианттарында әртүрлі жырланады, ал ол варианттарда өз ара үлкенді-кішілі айырмашылықтар болып отырады ... ..
Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан, ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі - өнегесінен нәр алары анық.
Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында ертегілердің тәрбиелік мәні зор. Қазақ ертегілері сан алуан.
Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.
Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз.
Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Ертегі шығары бұл менің балалармен рухани қатынас жасауымның ең бақытты сәттері, ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы.
Табиғат аясында мұғалімнің ойынан туып, аузымен айтылған ертегі балалар үшін жарық сәуле, ол сәуле олардың ми қуысының барлық құпия түкпірлерін шарлайтын жарық сәуле. Олар ертегіге құмартады.
Ертегісіз балалар арасындағы интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды түсіну мүмкін емес, ертегіге әуестенбейінше ұжымдық күйініш-сүйініш болмақ емес, ертегі туындамайынша оймен шабыттанған қуаныш балаға ұғынықсыз.
Мектеп табалдырығынан жаңа ғана аттаған балалар, мектеп тартып тұрады, өйткені олар ертегіден ескен теңдесі жоқ сезімдерді ұжымымен бірге сезінгісі келеді. Оларды мұғалім де тартып тұрады, өйткені олар ертегіні содан естиді, ертегіні ұйып тыңдайды. Мұғалім өмір бойы естерінде қалады, ол баланың рухани дүниесінен ең алдымен ертегі ретінде орын алады. Ертегі - бұл кішкентай дән, баланың өмірлік құбылыстарға эмоцияның баға беруі осы дәннен өсіп жетіледі.
Ертегі - бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек.
Ертегі - бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға өз қабілетін орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады.
Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А. Байтұрсынов "Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:
1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе.
2. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор кедергі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.
3. Бұрынғылардың сана - саңлау, қалып-салты жағынан дерек беруші үшін керегі бар нәрсе"- деп айтқан болатын. Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді.
Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді.
Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіре тәрбиелеудеауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте, тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.
Адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Жақсы істерге ұмтылдыру жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі мәдениетті азамат болуға тырысу адамдардың өзіне байланысты. Сондықтан адамгершілікке кір келтіретін мінездер: әдепсіздік, жеңілтектік, екі жүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуымыз керек.
Жүсіп Баласағұнидің "Құтты біліктің" әр сөзі, әр тарау тынысы - адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады. Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан-жақты жетілген адам даярлау сияқты тәрбиенің жалпы мақсатына бағытталады. Адамгершілік қасиетінің негізгі имандылық пен ізеттілікте. Ал сыйластық, жасы үлкенді сыйлау, сәлемдесу, үлкеннің сөзіне жөнді - жөнсіз араласпау, кісінің алдынан кесе өтпеу, көп алдына дарақыланып күлмеу, есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ санасына ақырындап сіңіру қажет. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Жастардың жадына "сіз" деген сыпайылық, "сен" деген анайылық, "Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені", "Кішіпейілділіктен кішіреймейсіз", "Құдай деген құр қалмайды" деген қағидаларды үнемі уағыздаған.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі - қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген.
Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу - жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді. Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы - оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі. Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын.
Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады.
К.Д. Ушинский: "... шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма" деп жазған.
Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің "Бұрынғы өткен заманда", "Баяғы өткен заманда", "Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде" деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес.
Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Олардың еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, елдік тарихы, қилы-қилы қиын қыстаулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген.
Қазақ ертегілерін академик М. Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы - қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген.
Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады. Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді.
Қиял-ғажайып ертегілеріндегі қаскөйде аса үрейлі, жауыздығында шек жоқ жалмауыз кемпір жойқын күш иесі болып бейнеленеді. "Алтын сақа" ертегісіндегі кейіпкерлер жалмауыз кемпір бойында қандай ерен қуат бар, күнәсіз балаға деген қаскөйлігі қандай.Сақасын іліп ала қашқан балаға жете алмасын білген соң, ол бір тісін жұлып түсіреді тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі.
Қиял-ғажайып ертегілердегі мекен жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жиһазға толы. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі кейіпкерлердің ішіндегі адамға жағымсыз, сұм кейіпкерлер-мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар.
Солармен қатар адамдарға дос, қиын-қыстау кезде жол табар, ажал аузынан алып қалар, адамның қаскөй күштерді жеңуіне көмектесер жанды тіршіліктер, жансыз заттар да көп кездеседі.
Көп ертегілерде суреттелген әділдік пен жауыздық арасындағы күрес халықтың әділдікті аңсау арманынан туған. Әділдік пен адалдық жолындағы халық ортасынан шыққан қаһарман жалпы адам бақыты үшін ешбір қауіп қатерден тайынбай, үрейлі алып күштерге қарсы айқасқа түседі. Әділеттіктің жақтаушысы ретінде мерген, батыр, айлалы, ақылды адамдар бейнеленген. Олар қарапайым адамдар. Бірақ алдына қойған мақсатты биік, сондықтан да ертегілер көбіне жақсылықпен аяқталады, әділдік жақтаушысы адамның мерейі үстем болумен тынады.
Кедей, жесір кемпірдің баласы немесе әке-шешесі жоқ, өмірі кедейліктен көз ашпаған тазша өзінің ақыл-айласы, тапқырлығымен ханды, оның уәзірлерін жеңіп, ақыр аяғында хандықты не уәзірлікті өз қолына алады. Ертегінің аяғы жақсылықпен аяқталады.
Ертегінің тағы бір саласы - тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. "Түлкі мен ешкі" ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп-оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі "ешкі мүйізіне шығып " зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: "Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар",- деп аңқау жандарды сақтандырған. Ертегілерде түлкі қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады.
Сонымен қазақ ертегілерінің ең мол тараған түрі - шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс-әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын. "Айлалы тазша" әңгімесінде тазша бала айла-амалмен, тапқырлық, ақылдылығымен ханнан да, оның баласынан да кек алады. Тазша жайындағы ертегілерде жауыздық иелері күлкі-ақуа етіледі, олардың зұлымдықтары әшкереленіп отырады. Тапқыр да алғыр, ақылды да айлакер тазша халықтың сүйікті қаһарманы. Халықтың сүйікті қаһарманы арқылы жауыздыққа қарсы тұрады.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Сынып оқушыларын ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Оқу пәндерінде ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады.
Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л. Исаков, О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса, кейін Э. Дидаев, Н. Пантусов, А. Мелков, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады.
Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді.
Ертегілерге үлкен мән беріп зерттеген Максим Горький "Ертегі деген нәрсе маған басқа бір өмірдің сәулесін ашқандай, сондай жақсы өмірді ойлаған, сол үшін қорықпай, еркін күресетін бір күш барлығын көрсеткендей болды",- дейді. Бірақ, М. Горький әрі қарай бір күштің не екенін түсіндірмейді. Біздің түсінігімізше, бала ертегіні тыңдай отырып, өмірді түрлендіре алатын күш адаммен ғана байланысты, адамның өзінде екенін сезе алады. Адам ғана құдіретті күштің иесі. Сонымен қатар қазақ ертегілерінің адамды тәрбиелеуге қатысты ерекшеліктерін, соның ішінде, өмір мұратын, оған жетудің жолдарын көрсететін жақтарын алып қарастырайық.
Ертегінің құрылымын, негізгі мазмұнының бағытын қарайтын болсақ, оның басты мақсатының өзі өмір мұратына жетудің жолдарын, ол үшін қажет адамдық сапаларды көрсету екені айқын көруге болады. Ең алдымен өмір мұратына жетуге қазақтың даналықта бірінші кезекте келетін, ең басты сапа ақылдылық.
Ақылдылық ертегілерде адамдық қасиетте ең жоғары идеялық дәрежеге дейін көрінеді. "Аяз би"ертегісінде ақылдылық басты көрінісі - тапқырлық болып келеді. Ертегідегі Жаман өзінің тапқырлығының арқасында хан қызына үйленеді, хан болады. Ханның қызы Жаманға жеңгесінен гауһар тас, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді. Жаман балға мен төсті алған соң, қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөліп, тәрелкені уатып, пышақты жетесінен сындырып, гауһар тасты қақ жарып қызға беріп жібереді. Мұндағы хан қызының сыры: "Қайрақтай болып үгітілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі мына гауһар тастай қақа жарып мені алады",- дегені еді, сол сыры "пышақтай болып басым кесілгенше айтпасын!"- деп пышақты сындырып, "қайрақтай үгілгенше"- деп қайрақты уатып, "тәрелкедей уатылғанша"- деп тәрелкені қиратып, сыр шашпаймын, гауһар тастай қақ жарып сені аламын,-деп гауһар тасты қақ бөліп, уәде беріп едім деп Жаман жауап береді.
Ертегілер өз кейіпкерлерін өмір мұратына, адам бақытының ең биік шыңына жетумен аяқталады. Ертегі балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады.
Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі - көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, "Ер Төстік" ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.
Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі.
"Ер Төстік"ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі - асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты - табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.
"Ер Төстікте" кездесетін ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлер басқа ертегілердеде бар. Кейде олардың іс-амалдары, айла-тәсілдері де өзара бір-біріне жақын. Ертегілердің бірыңғай жауыздық өкілі ретінде жиі кездесетін ұнамсыз кейіпкерлер - мыстан кемпір. Ол қай ертегіде болсын қастық істейді және жер жүзі халықтары ертегілеріне тән зұлымдық бейнесі. "Ер Төстік" әңгімесінің оқиғасы да басқа ертегілер тәрізді, тыңдаушыларға ауызша айтып беруге лайықты құрылған. Оқиғаның алғашқы басталуы шындық өмірде бола беретін құбылыстарша басталады. Алдағы қыстың қатаң болатындығын ерте сезген ел жылқысын алыс отарға қыстауға айдатуы, Ерназар балаларының көп жылдар келмеуі, шал-кмпірдің ашығуы- бәрі де шындық оқиғаларға ұқсайды. Бірақ мұның бәрі келешек негізгі оқиғаның кіріспесі - экспозициясы. Сюжет жүйесіндегі алғашқы байланыс - "Шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі". Ер боп туған ұлдың есімі, ертегінің аты,әңгімеде кездесетін шындық және ғажайып оқиғалардың бір тамыры сол кер биенің төстігінде жатыр. Ертегі желісіндегі екінші байланыс - Ерназардың Сөрқұдыққа қонуы, жанынан қорқып, жалмауыз кемпірге садағының ұшын шығаратын Ер Төстіктің егеуін қалдырып кетуі. Осыдан әрі қарай оқиға шиеленісе түседі. Егер біз осыған дейінгі оқиғалар Ер Төстіктің ағаларын іздеп жатуы, айдауға жүрмеген көп жылқының күрең биенің ертуі. Ерназардың тоғыз баласына қыз іздеу, үйлендіруі бәрі де халықтың өміріне шындық өміріне жанасса, Ер Төстіктің жер астына түсуінен қиял-ғажайып оқиғалар басталады.
Жылан патшасы бапы Ет Төстікпен достасып, оны жер астының патшасы Темір ханға жұмсайды. Ертегі оқиғасы қиындай, шеленсе түседі. Темір ханға беттеген сапарында: шаужұқпас, Саққұлақ, Таусағар, Көлтауысар, Қиян-қырағы тәрізді. Жақсылық иелері болмаса, Ер Төстіктің не болары белгісіз еді. Қиын жағдайда көмектесу үшін және зұлымдық өкілдерін Ер Төстіктің жеңіп шығуы үшін енгізілген бұл эпизодтық қаһармандар, бір жағынан, ертегіге қиял-ғажайыптың сипат берсе, екінші жағынан, темір хан мен Кенде ханды қалай жеңгеніне дәлелдеме болып отыр.
Ертегідегі оқиғаның шарықтау шегі - Ер Төстіктің жер бетіне шығып, шойынқұлақпен күресуі, ал оны жеңіп, үйіне келуі оқиғаның шешуі болып саналады. Қандай ертегі болса да аяғы жақсылықпен бітеді. "Ер Төстік" ертегісі де осыны дәлелдейді. Ер Төстікке сандаған бөгет, қиындықтар кездеседі. Оның әрқайсысы - жеңуге болмастай қиындықтар. Әйтсе де әр түрлі себептермен бас қаһарман сол бөгеттепрдің бәрін жеңіп шығады да, "барша мұратына жетеді". Бқл барлық ертегілерге тән шешу және халықтың өмірге оптимистік көзқарасын көрсететін тұрақты шешім.
Сонымен қатар, "Тазшаның қырық ауыз өтірігі" ертегісінде ханның: "Қызымды мүдірместен қырық ауыз өтірік айтқан өтірікшіге беремін",-деген хабарын естіп, талай байдың ханның қызынан дәмелі көптеген мырзалар келеді, бірде-бір қойылған шартты орындай алмайды, мұны тек тазша бала орындайды. Ол өзінің әңгімесін "мен анамның құрсағында жатқанда, тумаған атамның жылқысын бақтым" деп бастайды да, адамға таныс жанды жансыз табиғат дүниесінің барлығын қосады. Барлық әңгімесінде бір ауыз шындық қоспай, бір оқиғадан екіншісін тудыра отырып, барлық өтірік әңгімелерін тапқырлықпен айтып береді. "Бұл әңгімелерде әдейі даярлап келген екен, мен оны мүдіртейін",- деп оқыс сұрақтар қояды. Ханның бәйтерегі қысқа шығар деген сұрағына "болса болар, түбінен ұшқан күйкентай басына кещке жетіп, қонушы еді",-дейді, "Құдығың тайыз шығар" дейді, дегенде "болса болар, ертемен тастаған тас түбіне кешке жетуші еді" деп жауап қайырады. Тазшаның "тазша" деген аты болмаса, оның халық арасынан шыққан алғыр, ақылды, тапқыр бала екендігін көруімізге болады. Ол өзінің ақыл-өнері арқасында көптеген қиын жағдайлардан, ауыр халдерден аман есен құтылып, сан алуан сындардан мүдірмей өтеді. Ертегілердегі Ер Төстік, тазша бала, Аяз бидегі жаман арқылы, адамды ақылды жасайтын еңбек екенін көрсетуді мақсат ететіндігін көруімізге болады.
Ертегіде өмір мұратына жету үшін ең керек нәрсе адам үшін ақылдылық екені айтылса да, сол ақылдылыққа жетудің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz