Үштілділік-заман талабы
Жоспары:
Кіріспе
І. Үштілділік-заман талабы
1.1 Үштілді білім беру-болашақтың бағдаршамы
1.2 Шет тілін оқытуда білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолданудың маңыздылығы
1.3 Ағылшын тілі пәнін оқытуда ойын элементтерін пайдаланудың жолдары мен тәсілдері
ІІ. Политілді білім беру-оқыту жүйесіндегі басты бағыттардың бірі
2.1 Пәнаралық өзара байланысын жүзеге асыру жолдары.
2.2 8 сынып химия курсын шетелдік білім беру жүйелерін пайдаланып оқыту әдістемесі.
2.3 Ағылшын тіліндегі ұғымдарды инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы меңгерту
ІІІ. Эксперименттік бөлім
3.1 Педагогикалық зерттеу әдістері мен нәтижелері
3.2 Өткізілген сабақтардың тиімділігіне сараптама
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі талапқа сай жаһандану жағдайында ұлттық білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ұмтылысымен анықталады.Ол жауапкершілігі мол,халықаралық стандарт деңгейінде тиімді іс-әрекетке қабілетті болуы, кәсіби деңгейінің өсуіне ынталы болуы, әлеуметтік және кәсіби бейімділігі жоғары, үштілді меңгерген тұлға болуы тиіс.Оның жүзеге асырылуына Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасы септігін тигізуде.Елімізде үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде орта мектептерде көрінісін тауып отыр. Маманның шығармашылық өзін-өзі жетілдіру саласын дамытуға, мемлекеттік тілдің қоғамдық өмірдің барлық саласында қызмет етуін қамтамасыз етуге, оның ұлтаралық келісім мен патриотизмді нығайту факторын арттыруға, орыс тілінің лингвистік белсенділігінұстап, ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаһандану экономикасына сәтті кірігу тілі ретінде енгізу бағытталған көптілді білім беруді енгізуді талап етеді. Сол себепті химия пәнін ағылшын тілімен ұштастыра оқыту қажеттілігі туындайды. Білім беру тәжірибесінде жаңаша көзқараспен қарап, зерделеп, қазіргі заман талабына сай алдыңғы қатарлы идеяларды білім беру тәжірибесіне енгізу болып келеді.
Жұмыстың мақсаты: 8 сынып химия пәнін оқытуда ағылшын тілінде білім беру жүйесінің тиімді әдістемелерін оқытуға енгізу және пайдалану үдерісін ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу.
Міндеттері:
-Химияны ағылшын тілінде оқытуда оқушылардың білімі мен біліктілігін қалыптастыру;
-Үштілді пайдалана отырып, оқушылардың пәнге қызығушылықтарын арттыру және химия саласына байланысты тілдік қорларын дамыту;
-Химия пәнін ағылшын тілі пәнімен кіріктіре оқыту тиімділігін қалыптастыру;
Зерттеу нысаны: 8 сынып химия пәні оқу мақсаттарының оқыту үдерісі
Зерттеу пәні: 8 сынып химия пәні
Зерттеу әдістері: Химия пәнін оқытуда, ағылшын тіліндегі ұғымдарды қалыптастыру; ағылшын тілінде оқытудың тиімділігі мен маңыздылығын көрсету; 8 сынып химия пәнін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту тәжірибесін зерделеу, сауалнама жүргізу, оқушылардың химия пәні бойынша ұғымдарды ағылшын тілінде меңгеріун бақылау, тілдік қиындықтар мен ерекшеліктерін анықтау, педагогикалық бақылау мен педагогикалық эксперимент өткізу, оны сапалық және сандық талдай отырып, алынған нәтижені көрнекі түрде көрсету қолданылады.
Практикалық маңыздылығы: Химия пәнін ағылшын тілімен үндестіре отырып оқыту-өмірде өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынас кезінде өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетіні белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, өзге дамыған елдер қатарымен білім бәсекелестігіне түсе алатын, еліміздегі химия саласын дамытуға өзінің үлесін қоса алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген жеке тұлға қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептерде көптілді білім бере отырып, тілді терең меңгерген шәкірттер білім алып шығуы тиіс.
Елімізде үштілділікті білім алуға жағдайлар жасалуда.Бұл еліміздің әлемдік бәсекелестікке қабілетті елдерінің қатарына қосылуына үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Көптілділік-заман талабы.Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларынаүңіліп, өз қабілетін тануына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажжеттілік. Заман ағымына сай қазіргі алдымызда тұрған міндеттердің бірі халқымыздың ұлттыұ дербестігін сақтай отырып, еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
-Қазіргі заман талабына сай келетін химия пәнін оқытудаүш тілде білім берудің жаһандық маңыздылығы мен білім берудегі тиімділігін анықтау;
-Химия пәнін оқытудың белсенді әдістері мен оқушыларға ағылшын тіліндегі оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес ақпараттық және комрьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарының барлық мүмкіндіктерін ұсыну;
-Химияны ағылшын тілімен интеграциялап оқыту жағдайында аудио, бейне кешенін, оқушылардың ауызша және жазбаша аударудағы білімін жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру. Ой-өрісін ғылыми тұрғыда дамыту мақсатында қолдану;
-Қашықтықтан химияны оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының көмегімен, ғаламтор арқылы әлемдік химия жаңалықтарын, химия пәнін өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс-тәсілдерін, коммуникативті бағытта оқыту элементтерін кең қолдану, тілді жүйелі түрде жетілдіру жұмыстарын жүргізуге ұмтылдыру.
(1.1)Ғылым жолы-білім жолы.Ғылым-адамзат дамуының қозғаушы күші.Ғылымсыз, ғылымға апарар білімсіз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мүмкін емес. Қазіргі заманғы ғылымға негізделген экономика осыны айғақтайды.Елбасымыз айтқандай, ғылым жолы тәуелсіз Қазақстан дамуының басты бағдарларының бірі болуы да осында.Бүгінгі ұрпақ ана тілін игеру арқылы тарихи тұлғалармен байланысқа түседі, ана тілі арқылы төл мәдениеті мен әдебиетін бойына сіңіреді. Тарихи сабақтастықтың негізі де осы ана тілін жетік білуде жатыр.Бұл-басты, бірінші негіз. Екіншіден орыс тілі бүгінгі таңда Қазақстан үшін ақпарат тілі ғана емес, ұлтаралық байланыс тілі болып тұр.Үшінші, ағылшын тілі ғылым, инновация тілі десек, оны жетік игеру ғылымды дамытуға ықпал етері даусыз. Ғылым жолына түсу, әлемдік инновациялық ақпарат көзіне тура бару-ағылшын тілін жетік меңгеруге алып келеді. Бұл ағылшын тілін еркін меңгерген ұрпақты бәсекелестікке қабілетті тұлғаға айналдыратыны сөзсіз.
Мәңгілік елді мақсат тұтқан Қазақ елінің мүддесін Елбасы айқындап берді. Біз үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалаймыз.Үштілділіктің кез-келген сыңары ретінде кез-келген шет тілін алуға болар еді, бірақ біз бұл жерде қоғамның нақты сұранысы басым түскен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне мән берген жөн деп түсінеміз-деген. В.Хасанұлының Тілдік қатынас негіздері еңбегіндегі сөздері де Елбасы саясатының басты ұстанымына айқын дәлел бола алады. Ал бұл бағытта Н.Назарбаевтың өзі: Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез-келген ортанқол мектептің балаларына ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз міндет-деп Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында айтқан сөздерімен міндетті бұлтартпастай нақтылайды.
Ғұлама Аристотель осыдан 2 мың жылдан аса уақыт бұрын мемлекеттегі азаматтардың бірлігін: Кемеде біреу капитан, бірі ескек ескіш болса, бәріне ортақ бір мақсат-теңізде аман-есен жүзу деп жазған екен.100-ден аса ұлттарды ұйыстырып отырған Қазақстан мемлекеті үшін бұл аса қажет мысал.Елбасының өз еңбектерінде атап өткен ішкі және сыртқы қателіктерден сүрінбей өтіп. Дамыған 30 елдің қатарында болуына үштілділік қажеттілікті өтеу міндетін жүктейді.
Үштілдікті мектеп бағдарламасына еңгізу оқушылардың бір мезгілде үш тілде қазақша,орысша және ағылшын тілінде ауызекі сөйлеудің негізін игеруге жәрдемдеседі.Мұндағы басты мақсат-мемлекеттік тілдің басқа халықаралық қолданыстағы орыс, ағылшын тілдерімен терезесін теңестіріп, әлемдік деңгейге көтеріп, жаһандану заманындағы жаһандық тілдермен тең қолданылатын биікке жеткізу.Әлемдік қауымдастықта айшықты орын алуды көздеп отырған Қазақстан үшін экономикалық, интеграциялық байланыстарды нығайта түсуде ағылшын тілінің орны айрықша.Демек, осы орайда халықаралық тіл-ағылшын тілін жетік, кәсіби түрде білу қажеттілігі артады.
Ол үшін балалардың қабілеттерін мен дарының дамытып, оларды әлемдік тілде еркін сөйлеуге үйрету балабақшадан, мектепалды даярлық топтардан, мектептегі бастауыш сыныптардан бастау алады.Осы кезеңдерде тілді сауатты, әрі сәтті, талаппен үйренген бала- болашақтың белді де беделді иесі. Ағылшын тілін жетік меңгерген жастар әлемді танудың кілтін қолына алады.Ол-жаһанданудың кепілі.Елбасының 100 нақты қадам Ұлт жоспары-Жаһандық және ішкі-сын-қатерлерге жауап және жаңа тарихи жағдайларда Ұлттық дамуға ұлес қосар маңызды жоба.
100 нақты қадамның 76-қадамында: ЭЫДҰ елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапасын көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңдерімен енгізу, функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту.Жоғары сыныптарда жанбасылық қаржыландыру енгізу, табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру. Яғни біздің қазақстандық білім беру үйеміздің жұмысы Әлемдік жүйемен үйлесімді болуы қажет.
Білім беру жүйесінде соңғы кезеңде мектептерде физика, химия, биология, география пәндері ағылшынша оқыту енгізіліп жатыр. Оқытуды ағылшын тілінде жүргізу-өмір талабы. Қазіргі ғылымның дені, ғылыми ақпараттар түгелге жуық ағылшын тілінде. Қазақ топырағынан даңқты ғалым шығу үшін үш тілді жетік меңгергендер ғана ұтысқа шығады. 100 нақты қадамның 79-қадамындағы: Білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-да ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу.Басты мақсат-даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының әлеуетін көтеру деген жолдар орынды әрі пәрменді айтылған.
Мектептерде қазіргі таңда 1-сыныптардан бастап ағылшын тілі оқытылуда.Ауыл мектептерінде, әсіресе, таза қазақ тілді ортада өзге тілді үйрету күрделірек болып келеді. Алайда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту-уақыт талабы. Функционалдық сауаттылық зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматты әлемдік, әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Басшылыққа алынатын мұндағы сапалар: белсенділік,шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай білу, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болады. Осының бәрі мектеп қабырғасынан басталып, қалыптасады.
Үш тұғырлы үштілділік ұстанымының өзі ұлттық бітім-болмысымыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің өткенін, бүгінгі отбасылық күнделікті өмірден хабар, бейнбаян беретіндей.
Ағылшын тілін меңгеру-әлемдік жаңа саясатқа кірудің басты кілті,-деп Тұңғыш Елбасымыздың айтқандай,ұлт болашағының жарқын бейнесін көруді көздеген деп санаймын.
(Мектептегі шет тілі, Бауржанова Д.Б 2016 №1 12-15бет)
(1.2)Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғам шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделіктің өмірдің өзі бір дәлел. Осыған орай бүгінгі күні білім беру жүйесіне үштілділікті оқыту енгізіліп отыр.тАғылшын тілін оқытудың басты мақсаты-шынайы өмірде оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін қалыптастыру болып табылады. ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып келеді. Жаңаша көзқарастардың дамуы шетел тілін оқыту, дамытуға ықпалын тигізуде. Білім алушылардың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына, өмірде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуінде ағылшын тілін жақсы меңгеруінің маңызы өте зор.Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Еліміздегі мектептерле оқу үрдісі түбегейлі өзгеріп, оқытудың жаңа түрлері, әдістері, жаңа бағыттағы инновациялық педагогикалық технологиялар пайда болып, олар білім мазмұнының толығымен жаңарцына себепші болуда. Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін жеке тұлғаның дамуына әсер етуші фактор ретінде танылып, әдістемелік-теориялық негіздерге сүйене отырып анықталды. Соның ішінде интерактивті, белсенді оқыту әдістерінің маңызды рөл атқаратыны анықталды. Жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық коммуникативтік технологиялармен оқыту үдерісін ұйымдастырудың ерекшелітері осы бағыттағы ағылшын тілі сабақтары жүйесін негіздеп, олардың педагогикалық, психологиялық шарттарын жасау арқылы айқындалды. Ағылшын тілін оқытудың тарихы жүз жылдап есептелінеді, әрине осыншама уақыт ішінде оқыту әдістемесі әр кезеңде тілдің әраспектісіне назар аудара отырып көптеген өзгеріске ұшырап отырды. Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген екен: Take care of the first two stages and the rest will take care of itself.Бұл кездегі бағдарламада оқыту, түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау.Бағдарламада бөлімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Алғашқы кезеңде бірінші орынға оқып-түсіну және аударма қойылады. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды.Ауызша сөйлеуде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауда, яғни монолог және ағылшын тілінде әңгіме жүргізе білуге (диалог) мән берілді.Оқуға қойылатынталап та өзгерді.Орта мектепте мынадай талаптар қойылды: ағылшын тілінде әңгімелесу білу; сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну; оқи білу.Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Яғни оқушылар ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалануы жатады.Тіл қатынас құралы, ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады.Ауызша түрге: тыңдай,түсіну және сөйлеу әрекеті жатады.Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады. Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді.Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек. Білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар жүйесімен оқытудың ерекшелігі: оқу материалының ақпараттық- коммуникативтік технологиялар арқылы оқушылардың оқу іс-әрекетін мұғалімнің көмегімен немесе компьютер арқылы меңгерілуі.Жеке тұлғалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп, саралап оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, ақпаратты-коммуникациялы оқытудың негізгі-қағидалары балаға өз бетімен ықпал ету, өзіндік пікірлерін анық жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Оқыту әдістемесіндегі заман талабына сай әдістердің бірі коммуникативтік оқыту технологиясы.Осы мәселе жөнінде, яғни ағылшын тілін оқытудағы коммуникативті біліктілік деңгейді Германияның оқу бағдарламасын жасаған неміс ғалымдары Г.Нойнер, Г.Хунфельд былай түсіндіреді: коммуникация тіл және іс-қимыл әрекеттер арқылы болады.Оқушылардың сабақта айтылған хабарлардың мағынасын түсінуі, олардың түпкі мақсатын танып білуі және өзінің жеке мақсатын іске асыруы өте маңызды іс.Осы біліктілік коммуникативтік біліктілік деп аталады. Коммуникативтік біліктілік мынадай оқу мақсаттарын қамтиды:
1.Когнитивті мағыналық мақсат, яғни оқушы коммуникативтік жағдаяттарды әңгімелесу, сөйлесу, қарым-қатынас туындайтын жағдайларды таба білуі керек. Ол өзінің іс-әрекетінің, сөйлесуінің, қарым-қатынас жасауының барысында-осы жайттарды ескеруге дағдылануы, үйренуі қажет.
2.Әлеуметтік мақсат, оны жүзеге асыру кезінде оқушы өзін өзі қалай ұстайтынын біле отырып, өз іс-әрекетіне жауап бере алады. Алға қойған мақсатына басқалармен бірге жетуге ұмтылады, сондай-ақ қарым-қатынас жасайтын әріптесімен жеке тұлға ретінде тің жағдайда болуға тырысады.
3.Лингвистикалық біліктілік мақсат. Бұл мақсатқа сәйкес оқушы ойларын, іс-әрекетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz