ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

Турлығожаева Л. Е.

Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі, Алматы қ., Қарасай ауданы, с. Шамалған, Lyaz@inbox. ru

Кез келген халық өз саясаткерлерін, қоғам қайраткерлерін, ақындары мен жазушыларын мақтан тұтады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, халықтың өз Отанын, тілін, мәдениетін, құндылықтарды және тарихын білуге қызығушылығы мен құштарлығы артты. Бұл ежелгі және қасиетті жер ұлы ғалымдарды, ойшылдарды, саясаткерлер мен қолбасшыларды өсірді. Қазіргі Қазақстанда бүкіл саналы ғұмырын сауатсыздықты жоюға, қазақ халқын орыс және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулуға арнаған Ыбырай Алтынсариннің есімі ерекше құрметтеледі. [1]

Ибрай Алтынсарин Ыбырай Алтынсарин-XIX ғасырдың көрнекті ағартушысы, этнограф, ақын, прозашы, аудармашы. Оның күш-жігерінің арқасында қазақ жерінде қарапайым отбасылардың балалары оқи алатын алғашқы мектептер пайда болды. Ыбырай Алтынсарин біздің мемлекеттің құрылуына үлес қосқан алғашқы ағартушы - педогогтардың бірі.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында аса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында орасан зор орын алды. Ол жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Қазіргі таңда білімнің басты мақсаты - бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі жоғары, жаңаша ойлайтын шығармашылықты мамандар даярлау және жасампаз іс әрекетті қалыптастыру.

Ы. Алтынсарин педагогикасының мұраларының негізгі идеяларының бірі - адамның өзара қарым - қатынасы, жастарды еңбекке баулу. Өзінің барлық педагогикалық теориясында жас жеткіншектердің ұлттық тәрбиесін қалыптастырып, жетілдіруде қазақ халқының ғасырлар бойы тәрбие саласында жиған бай тәжірибесін негізге алу қажет деген пікірді ұстанғандардың бірі Ыбырай. Оның дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсіресе, қазақтың мәдениетін, өнерін терең білетін, ақыл - парасаты жоғары, сөзге шешен, елге сыйлы атасы Балғожаның ықпалы ерекше болды. Ыбырай бала жастан халықтық педагогикадан алған тәлім - тәрбиесін, үлгі - өнегесін көңіліне түйгендерін оқу ағарту істері арқылы қазақ балаларының бойына сіңдіре білді. Ы. Алтынсарин шығармалары халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрыптарын сипаттайтын этнографиялық мәнде келеді. Ы. Алтынсарин жастарды оқу - білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатты пайдаланбайды, өзінің ой пікірін оқушы ойына ұғындыру үшін әр түрлі ұстаздық амал тәсілдерді қолданады. [2]

Ы. Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік, нақыл - насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жастарды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер - білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Ы. Алтынсарин надандықтың зиянын, ғалымның қоғамдық маңызын түсіндіреді. Бұл әсіресе «Талаптың пайдасы» т. б. әңгімелерімен көрінеді. [1]

Ы. Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрылысын, тұңғыш берілетін білімнің бағыт-бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке оқу-құралдарын әзірледі. Ыбырай Алтынсарин - бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің жас ұрпағына білім нәрін сусындатқан, оларды тәрбиелеуге, қазақ жерінде үлесін қосатын ұрпақ тәрбиеледі. Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді. Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, әсерлі әңгімелері, мысалдары қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады.

Ы. Алтынсариннің шығармаларында оның өнерге деген ықылас - ілтипаты анық байқалады. Өзінің өлеңдерімен әңгімелері арқылы жастарды табиғаттың әсемдігін, адам сезімін қабылдап, түсіне білуге тәрбиелейді, оның өлеңдерімен ғибрат әңгімелері жас ұрпақты тәрбиелеумен оқытуда күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Ол аймақта мектептер мен кәсіптік училищелер ашу арқылы жалпы және кәсіптік білім беру ісінің негізін қалады.

Сиса көйлек үстінде,

Тоқуменен табылған.

Сауысқанның тамағы,

Шоқуменен табылған, - деп педагогтік тәсіліменен балаға еңбек атаулыдан хабар аңғартады. Мектеп - қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осында, тек осы мектептерде ғана деп жазған болатын. Ы. Алтынсарин шығармаларында еңбекті сүю, білімдіден үйрену, талпыну, адамды сыйлау үгіттеледі. [6]

Сонымен Ыбырай өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ халқының жаңа буынын тәрбиелеп, олардың озық мәдениетті елдерден үлгі ала отырып, білімді де саналы азамат болып жетілуіне айтарлықтай үлкен үлес қосты. Ыбырайдың бұл тарихи қызметі кезінде өзінің замандас достары Н. И. Ильминскийдің, А. А. Мазохиннің, Ф. Д. Соколовтың, А. В. Васильевтің, А. Е. Алекторовтың, Ғ. Балғымбаевтың естеліктерінде жылы ілтипатпен аталып жоғары бағаланды. Алайда ұлы ағартушының сан қырлы педагогикалық, ғылыми зерттеулері, сондай - ақ өлеңдері мен прозасы, аудармалары біздің заманымызда ғана терең зерттеліп, өзінің тиісті, әрі байсалды бағасын алды. Қоғамдық ой - сананың дамуына өзіндік үлес қосқан ұлы тұлғалардың қатарында Ыбырай Алтынсарин есімі де тұрады. Ұлы ғалым - педагог Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» және «Таза бұлақ» деген оқу - әдістемелік еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады. Және болашақ ұрпақтың ақыл ойы мен жеке тұлғаны қалыптастыруда адамгершілік, эстетикалық еңбек дағдылары мен қасиетін тәрбиелеудің негізі болып есептеледі.

Кім сендерді, балалар тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін, - деген, ақын бұл өлең шумақтарынан отбасындағы ата - ана тәрбиесі мен баланы сүйіп, еркелететіндігін және ата - ана баланың алғашқы табиғи тәрбиешісі, балажандық қасиеті мен ерекше мейірімдігін көреміз. Ыбырай келешегінен үміт күткен, өз халқын жан тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот азаматтар еді. Өз заманының ақыл ойшылдары ірі қоғам қайраткерлері, олардың дарқан бейнелері мен іс әрекетінен қазақ халқының мәдени экономикалық дамуын, қазақтың ұлт болып бірігуін, жаппай сауатты, мәдениетті, оқыған ел болуын көксеген біртуар асыл азаматы. Ибрай Алтынсарин выдающийся просветитель [3]

Қазақ педагогикасының дамып, өркендеуіне белсене ат салысып мынандай үлес қосты: қазақ балаларына алғаш мектеп ашты, Ырғыз қазақ қыздарына арналған мектеп - интернат ашты, «Қазақ хрестоматиясын», «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жазды. Қоғамның заңды тіршілік етуі тек қана халықтың ағартушылық деңгейі қоғамдық және дара санының дамуы арқылы мүмкін

болатынын тарихи іс тәжірибе көрсетіп отыр. [1]

Қазіргі кезде Ыбырай Алтынсарин музейінің қызметкерлері ағартушының жаңа қырларын зерттеп жүр. Ұстаз ғалым білім беру жүйесімен қатар экономика мен экологияны да бес саусақтай танып білген. Алтынсарин Торғайда мектеппен қоса қол өнер училищесін де ашқан. Сондай ақ аулаға, көше бойын ағаш отырғызып, белгілі бір аумақта микроклимат қалыптастырудың алғышарттарын да көрсетті. Бұл оны эколог маманы ретінде танытады. Торғайдағы мұражайда осы оқиғалардың барлығының құжаттық және заттай айғақтары сақталған.

Ибрай Алтынсарин биография Ұлы жазушысы Мұқтар Омарханұлы Әуезов Ыбырай Алтынсарин туралы былай жазды: «Ыбырай орыстың мәдениет мектебін танымаса, Ушинский бастаған педагогикалық жаңалықтарды білмесе, орыстың адамгершіл, прогрессшіл классикалық әдебиетінің нәрінен қорек алмаса, Ыбырай болмас еді . . . Ыбырай да сол бір бағытта болумен қатар, өмірі, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік-қоғамдық қайраты, әрекеті жөнінде Шоқанға да, Абайға да ұқсамайды. Ыбырай Шоқан мен Абайдыңда ісін өз өмірінде еңбегіне түйістіріп, қоса білді. Сөйтіп, ол Шоқан мен Абайдың істеген тың тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Әрі ол жаңа үлгідегі ақын, әрі сол кездегі Ресейде батыл жаңалық жасап, тың үлгідегі мектеп ашушы. Қазақтың ең алғашқы мәдениетті мектебін жасаумен қатар, жазушылық пен оқытушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы». Кезінде қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар тарихымызда өшпестей ізін қалдырды. [6]

Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғырту кезеңінде тұрмыз. Әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледжде, университетте жаңа кәсіби білім алуын, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді. Яғни Ыбырай Алтынсаринның ұлы, сара жолын әліде жалғастырып келеміз. Білім беру саласындағы реформалар, әлбетте жаңалықтар, оны тәжірибеге енгізу, оның нәтижесін, қорытындысын шығару үшін жылдар керек болады. Ыбырай атамыздың салып кеткен жаңа мектебінде жаңаша оқыту түрі енгізілді. Ондағы әр бала жеке тұлға ретінде қабылданады.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе білім беру жүйесіне байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни білім алушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі оқушы және студент. [5]

Әрбір оқытушының алдына қазіргі таңда қойылатын талап өте үлкен болып отыр. Мұғалім өзінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырып, оны меңгеріп, өз практикасында қолданған әрбір мұғалім өз сабағын нәтижелі даму жағынан көре алады.

Жаңа педагогикалық техналогиялар оқушының білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өз-іс тәжірибесін байытып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізе алады.

Қазіргі бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтиды. Бұл теория білім алушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. [4]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің еңбектеріне психологиялық тұрғыда талдау жасау
Қазіргі Қазақстандық білім беру жүйесіндегі Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеяларының өзектілігі
Ы.Алтынсариннің педагогикалық еңбектері арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін дамыту жолдары
Әдебиеттің оқу пәні ретіндегі білімділік маңызын дамыту
Ыбырай негізін салған қазақ мектептерінен білім алып шыққан белгілі ағартушы қайраткерлер
Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы
Ыбырай алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Ы.Алтынсариннің білім беру жүйесіне қосқан үлесі
Мұғалімнің жеке тұлғасы оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі туралы ақпарат
Қазақ ойшылдарының қоғам және тұлға дамуына әлеуметтанулық көзқарастары жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz