Тыныс алу жүйесінің патологиясы. Жоғарғы тыныс жолдарының негізгі аурулары


Тыныс алу жүйесінің патологиясы
Тыныс алу жүйесіне жоғарғы және төменгі тыныс жолдары кіреді. Газ алмасудан бөлек тыныс алу жүйесінде терморегуляция, ауаны тазалау және ылғалдандыру, қанды оттегімен қанықтыру қызметтері жүзеге асады. Тыныс алу органдары иіс сезімін қалыптастыруда, дауысты қалыптастыруда, белгілі бір гормондардың синтезінде, гепариннің, тромбопластинның және т. б. арқасында коагуляцияның сақталуына қатысады, сондай-ақ май және су-тұз алмасуына қатысады. Тыныс алу жүйесінің негізгі функциясын орындау үшін - қанды оттегімен қанықтыру және көмірқышқыл газын жою үшін ауа қанмен тығыз байланыста болу керек. Бұл функцияны жүзеге асыру кезінде өкпе көбінесе жұқпалы агенттерге ұшырайды. Соңғысы ауамен, сыртқы ортадан немесе ауа жолдарынан мұрын-жұтқыншақ арқылы тарайды. Бұдан басқа, тыныс алу жолдары шаң, шылым шегу және басқа да ластаушылардың жиі қайталанатын әсерлерімен кездесіп отырады. Мұндай әсерлер бронхиттің жоғары жиілігі, созылмалы өкпе аурулары және гемодинамикадағы қатерлі ісік ауруларының себебі болып табылады. Сонымен қатар, қан ағымына кедергі жасайтын өкпедегі бастапқы өзгерістер, өз кезегінде, жалпы жүрекке және қан айналым жүйесіне әсер етеді.
Тыныс алу жүйесінде жоғарғы тыныс алу жолдарына: мұрын, мұрын-жұтқыншақ, көмей, трахея және барлық өкпеден тыс бронхтар жатады. Тыныс алу жүйесінің қалған бөлімін өкпе және өкпе тінінде орналасқан бронх тармақтары құрайды.
Жоғарғы тыныс жолдарының негізгі аурулары
Мұрын. Мұрын ауруларының көпшілігінде травматикалық сипаттағы патологиялар, инфекциялық және қабыну процестері түрінде өтеді. Оларды көбінесе вирустар тудырады, бірақ әр түрлі бактериялық асқынулар да болуы мүмкін.
Кей жағдайларда мұрын қуысында некрозды процестер мен ісіктер дамуы мүмкін.
Қабыну аурулары. Жұқпалы ринит - суықтау, мұрынның бітелуімен сипатталып, бұлардың этиологиясы вирустар болып табылады. Бұларды аденовирустар, ECHO вирустары және рино-вирустармен шақырылады. Аурудың бұл түрінде мұрынның шырышты қабаты қалыңдайды, ісінеді және гиперемияға ұшырайды. Мұрын жолдары біршама тар болуы мүмкін, ал мұрын раковиналары кеңейе түсті. Кейде процесс дамып, фарингит пен тонзилитке әкеледі. Бұл жағдайда қайталама бактериалды инфекцияның рөлі маңызды, экссудат шырышты-іріңді, тіпті өткір иісті іріңге де айналуы мүмкін. Дегенмен, ауру сирек жағдайда ғана 4 аптадан асады, егер бұл жағдай орын алатын болса, адамның иммунитеті әлсіреген деген сөз.
Аллергиялық ринит сырттан келетін көптеген аллергендерге, көбінесе өсімдік тозаңдарына жоғары сезімталдық реакцияларымен байланысты.
Бронх демікпесі сияқты, аллергиялық ринит IgE арқылы иммундық реакцияның ерте және кеш жауап фазасына ие болады. Аллергиялық реакция шырышты қабықтың айқын ісінуімен және гиперемиясымен ерекшеленеді, онда шырыштың мол өндірісі байқалады. Лейкоциттердің инфильтратында орналасқан жасушалардың арасында эозинофилдер басым. Арнайы емес инфекциялық немесе аллергиялық риниттердің бірнеше шабуылынан шырышты қабатта 3-4 см ұзындыққа жететін ошақтық өсінділерге алып келеді. Бұл өсінділер мұрын полиптері деп аталады. Басқа фиброзды және безді полиптермен салыстырғанда, оларды қатерсіз ісіктер емес, аллергиялық және қабыну сипатындағы пролиферативті нысандар ретінде қарастырады. Олардың стромасы күрт ісінумен көрінеді, сонымен қатар шырышты безден тұратын, кистозды кеңею мен эпителий гиперплазиясының белгілері болады. Әдетте тамырлар мен тіндердің стромасы қабыну реакциясының әртүрлі жасушаларында, соның ішінде нейтрофилдер, эозинофилдер, плазмалық жасушалар және лимфоциттермен өтеді. Екіншілік бактериялық және вирустық инфекция болмаған жағдайда әдетте мұндай полиптерді қамтитын эпителий сақталады және өтпелі жасушаға немесе тегіс жасушалы түрдегі дифференциацияға ие. Алайда, инфекция қосылса, жараларды және одан да қатты қабыну өзгерістерін көруге болады. Полиптер ірі көлемді және саны көп болған жағдайда, олар тыныс алу жолдарына түсуі мүмкін және мұрындық тыныс алуына, сөйлеуіне кедергі жасайды.
Созылмалы ринит - бұл жедел қайталанатын ұстамалы вирустық-микробтық немесе аллергиялық риниттің жалғасы болып табылады және ары қарай бактериалдық табиғатқа ие болады.
Сурет 1. Стромасы ісінген мұрын ірі полипінің бөлігі.
Мұрын кіреберісі ақаулары немесе мұрын полиптері эпителийдің үстіңгі десквамациясы немесе жаралануларымен, сондай-ақ нейтрофилдермен, лимфоциттермен және плазмалық жасушалармен сипатталған шырышты қабықтың әр түрлі қабыну инфильтрациясымен ұштасатын осындай созылмалы инфекциялық процестің дамуына бейімдейді. Инфекциялық процесс мұрын қойнауларына таралуы мүмкін.
Жедел синусит әдетте созылмалы ринитпен аяқталады. Кейде гайморит, яғни жоғарғы жақтағы гаймор қуысының қабынуы, инфекцияның тіс түбірі өзегі арқылы таралуының нәтижесінде пайда болады. Қоздырғыштар ауыз қуысында орналасқан бактериялар болып табылады, сондықтан қабыну реакциясы қандай да бір ерекше қасиеттерге ие емес. Шырышты қабықтың қабынуы кезінде пайда болатын қойнаулардағы бұзылған дренаж, емдеу процесін тікелей қиындатады және қойнау эмпиемасының дамуына ықпал етеді. Торлы сүйек немесе маңдай қойнауының инфекция болмауынан сирек жағдайларда дренаж обструкциясы байқалады. Бұл шырышты секрецияның шамадан тыс жиналуына әкеледі.
Созылмалы синусит қойнау дренажының қиындауынан және ауыз қуысының инфицирленген микрофлорасының салдарынан дамиды. Созылмалы синуситтің ауыр формаларын, әсіресе қант диабетімен ауыратын науқастарда Mucor немесе аспергилла түрлерінің саңырауқұлақтары шақырады. Синусит тұқым қуалайтын ауру Картагенер синдромының бір компоненті есебінде де кездеседі. Өз кезегінде созылмалы синусит ауыр сырқат емес. Дегенмен, инфекция орбитаға және сүйек тіндерінің остеомиелитін дамытумен немесе тіпті мидың қатты қабатының веноздық қойнауларының септикалық тромбофлебитін дамыту арқылы таралуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz