Ш. А. АМОНАШВИЛИДІҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ІЗГІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ӘӨЖ: 37

М. Д. Жағықпанова, Б. А. Кобыкбаева

Ш. Уәлиханов атындағы №3 лицейі, Өскемен

Ш. А. АМОНАШВИЛИДІҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ІЗГІЛЕНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Осыған орай, Ш. А. Амонашвилидің білім берудегі ізгілендіру технологиясын оқу үрдісінде қолдану тиімді. Гуманизм- латынның “Нumanitas” - адам табиғаты және адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген сөзін білдіреді екен Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі. Осы бағытта жұмыс атқаратын Шалва Александрович Амонашвили - ынтымақтастық педагогикасын насихаттаушы жаңашыл педагогтардың бірі. Ол мұғалімдерді педагогика даналығын шынайы да бай қайнар көзін пайдаланып, өздерінің педагогикалық шеберлігін үнемі байытып, шыңдап отыруға шақырады

Ш. А. Амонашвили 1931 жылы 8 наурыз күні дүниеге келген грузия және ресей педагогы және психологы. Шалва Александрович Амонашвилидің педагогикаға ғылымына қосқан үлесі өте көп екеніне көзім жетті. Оның балаға деген сүйіспеншілігі шексіз екенін айтылған әр сөзінен білуге болады. Ол біріншіден мұғалім болу үшін біз баланы сүюіміз қажет дейді және де олардың позициясында тұра білуіміз керек дегені менің Амонашвили жайлы барлық ойымды өзгертті өйткені оның әр сөзі қалайда болсын балаға білімді ынтымақтастық жолмен беруді ұстанды және де оның адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттері мені қатты қуантты [1, 102с] .

Ш. Амонашвилидің гуманды педагогикасы баламен бір деңгейде жұмыс жасау, бала өз пікірін еркін айта алу осының бәрі демократиялық қарым-қатынас түріне жатады. Ал қазіргі таңда бұл қарым-қатынас түрі бастауыш сыныптарда мүлде қолданылмайды десек болады. Неге бұлай? Менің өзімнің субьективті ойым қазіргі мұғалімдердің көбі еріншектікке, балаға деген немқұрайлық және де баланы сүймеу авторитарлы қарым - қатынасқа алып келеді [2, 97-98с] .

Ш. А. Амонашвили мұғалімдерге арналған «Сәлеметсіңдер ме, балалар?!» атты көмекші құралында ең кішкентай мектеп оқушыларының тұлға болып қалыптасуын зерттеу нәтижелерін сипаттап жазады. «Менің балалармен тәжірибе жұмыстарым, мектептегі қызықты да қуанышты күндерді ұйымдастырудағы ғылыми ізденістерім, эксперименттік сыныптың көптеген мұғалімдерімен өткізілген көп уақыт менде білім беру мен тәрбиелеуде ізгілік, оптимисттік бастаулардан туындайтын кейбір педагогикалық пікірлер қалыптасты, »- деген. Бұл кітаптың негізгі арқауы балаларға деген махаббат, баланың нәзік жанына сүйіспеншілікке толы қарым-қатынас болып табылады.

Бұл сипаттама Ш. Амонашвилидің «Мектепке алты жастан» деген кітабында да қарастырылады. Ол «Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен білім беру жүйесінің тиімді түрде жүзеге асырылуы толықтай мұғалімнің тұлғасына байланысты» деп есептейді. Ол ең негізі тұлғалық қасиеттерге басты назар аударады. Олар:- Баланы сол қалпында жақсы көру. Тентек пен тілалғышты, ұғымтал мен ойлау қабілеті төмен, ұқыпты мен жалқау оқушыларды бөліп жармай, барлығын да бірдей жақсы көру керек. Балаларға деген мейірімділік пен сүйіспеншілік бар жерде қатыгездік болмайды, намысына тиетін сөздер айтылмайды, олардың әрбір жетістіктеріне қуанып отырасың; - оларды түсіне білу, яғни солардың көзқарастарымен санасу, оларды ересектерше қабылдау, қамқорлық танытқанына қуану, ақылдасып отыру. Олардың танытқан қамқорлықтары мен әрбір ісіне кешіріммен емес, үлкен құрметпен қарау керек. Балаларды түсіну дегеніміз - оларды билігіне бағындыру емес, керісінше олардың бүгінгі өміріне сүйене отырып, болашақ өміріне алғашқы дәндерін себу.

Бала жүрегінің тебіренісі мен жан дүниесінің қозғалысын түсіне білген педагог оқушысының тәрбиесімен тереңдей айналыса алады. - оптимист болу, тәрбиенің оң әсер беретіндігіне сену қажет. Баланың ішкі жан дүниесіне тереңдей ену, осыған байланысты тәрбие берудің, оқытудың, дамытудың түрлі жолдарын қарастыратын, яғни әрекетшіл оптимизм жайлы. - мұғалімнің бойынан адамға тән жақсы қасиеттердің барлығы - күлімсіреу, қаталдық, ұстамдылық, салмақтылық, сезімталдық, шынайылық, зияткерлік, тіл табысушылық, өмірге деген махаббат болуы керек.

«Мен ұстаз» өлеңінде Ш. А. Амонашвили:

Мен - Махаббат және Адалдық,

Сенім және Шыдамдылық.

Мен - Қуаныш және Ортақтастық,

Мұң мен Ортақтастық.

Мен - Шындық пен Жүрек, Ар мен Намыс.

Мен - Іздеуші және Сыйлаушы, Кедей және Бай.

Мен - Мұғалім және Оқушы, Тәрбиеші мен Тәрбиеленуші.

Мен - Жол көрсетуші мен Өмір суреткері.

Мен - Балалықтың қорғаны мен Адамзат бесігі.

Мен - Келешектің жарқыны мен Осы шақтың алауы, - дейді Ш. А. Амонашвили.

Ендігі ұрпаққа біз Амонашвилидің баланы қорқыту, ұрысу арқылы емес адамгершілік, сүйіспеншілік арқылы білім беруді көздеуіміз қажет. Ол үшін қазірден өзімізді тәрбиелеп, білімімізді шындап балаға тәрбие, білім бере алатындай дәрежеде болуымыз қажет.

Эксперименттік оқытуда көшбасшылық проблемалық әдістер болды, және де бұл әдістер оқушылардың белсенді іздестіру қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік береді және де олардың өз бетінше жұмыс жасауын оятады.

6 жастан бастап балаларды оқыту үшін Ш. А. Амонашвили түрлі әдіснамалық тәсілдерді ұсынды, олардың көпшілігі педагогикалық ойын нұсқалары болып табылады. Оларды пайдалану үшін мұғалім әртіс бола алуы керек, эмоционалды және мәнерлеп сөйлейтін қарым-қатынас әдістеріне ие болуы керек. Және мұғалім өз сезімдерін бет - әлпет қимылымен, қол қозғалысымен, дауысымен, өзінің жақсы әзілдерімен балаға түсінікті тілде жеткізе алуы қажет.

Амонашвилидің ең қызықты және баланың өзіндік жұмыс жасата алу тәсілдерінің бірі «құлаққа сыбырлау» тәсілі болып табылады.

1. «Құлаққа сыбырлау»

Ол шамамен келесі ретпен орындалады:

- Мұғалім балаларға белгілі бір танымды тапсырманы қояды (балаларға болжауды талап ететін тапсырмаларды мұғалім ұсынады және зеректікті, өзіндік бағалауды, ойлануды қажет ететін қиын операцияларды ұсынады) және олардың әрқайсысының өз жауабын өз құлағымен тыңдайтыны туралы ескертеді;

- Ойлануға бір-екі минут береді;

- Сұрақтың жауабын тапқан оқушылар қолын көтеріп мұғалімді келуге шақырады;

- Мұғалім тез арада оны шақырған адамға барады, ол оған жауапты, оның шешімінің өз нұсқасын құлағына сыбырлап айтады [3, 123б] ;

- Егер бала сұрақтың жауабын дұрыс тапқан болса мұғалім балаға тыныш қана бет әлпет мимикасы арқылы күлімсіреп немесе қолын алып мадақтайды;

- Ал егерде бала сұрақ жауабын қате тапқан болса онда мұғалім балаға құлағына сыбырлап жол көрсетіп көмек береді және де мұғалім сен қайта ойланарсын дейді де( «мен кәзір саған қайта ораламын . . . ») деп айтады екен;

- Мұғалім көп оқушылардың қасына жақындауға, жауаптарын тыңдауға тырысады;

- Егер қойылған тапсырманың шешімін оқушылардың көбі тапқан болса онда бүкіл сынып болып сол шешімді талқылайды екен;

Бұл тапсырма бір тапсырма бойынша төрт-бес минуттан аспауы керек. Бұл тәсілді жайдан жай қолдануға болмайды, егер тек тапсырма өте қызықты және де баладан ойлануды қажет ететін тапсырма болса ғана қолдануға болады.

Құлаққа сыбырлау тәсілін мұғалім өзінің практикасында көптеген варианттар арқылы қолдануға болады. Алайда бұл тәсілді алдын ала ойланып балаға гуманды жолмен қолдан жөн.

Құлаққа сыбырлау тәсілінің маңыздылығы сабақ кезінде берілген тапсырма өзінің жауабын бүкіл сынып шешпегенше өз жауабын сақтап тұрады. Ал қарапайым сабақ кезінде берілген тапсырманы бір оқушы жауабын бірінші болып бүкіл сыныпқа жариялап жбереді, яғни бұл тәсілдің басты назарға алатыны әр оқушы тапсырманы жеке өздігінен табады және ешкімнің көмегінсіз [2, 100б] .

2. «Басыңды төмен түсір»

Бұл тәсіл өте қызықты және де ол басқа тәсілдер секілді алты жасар баламен жұмыс жасау кезінде пайда болған. Ал кейін келе бұл тәсіл екінші сынып оқушыларынада қызықты болды және олар бастарын партаға қойып көздерін жұмып тапсырмаларды орындады. Үшінші, төртінші сынып оқушыларына тек көздерін жұмып тіке отыру арқылы тапсырмаларды орындатуға болады. Неміс педагогы А. Дистервегтің еңбегінен Амонашвили осы тәсілдің бастауын алған болатын. А. Дистервег сабақ уақытында терезелерді жабу арқылы сынып бөлмесін қараңғылап оқушыларға математикалық тапсырмаларды беретін болған. Ол бұл тәсілде оқушының өздігінен ойлануын және де математикалық тапсырмаларды өзінің қиялында, ойында өзгертулер арқылы баланың ойлау қызметін дамытқысы келді. Осылайша мұғаліммен қарым-қатынас қараңғы бөлмеде ешқандай тақта, борсыз өтетін болған [2, 15б] .

Алты жасар балалар сыныбында «басыңды төмен түсір» тәсілі ең алғаш сергіту сәті ретінде пайдаланылған. Амонашвили балалардың шаршағандығын білген сәттен балаларға басын партаға төмен түсіріп, көздерін жұму арқылы 1-2 минут осы қалыптарында демалдырған екен. Кейде Амонашвили балаларға осы қалыптарында музыка тындатып немесе ертегілер айтқан екен.

Мұны дамытқан экспериментальды сынып мұғалімдері мұндай қалыпта яғни басын төмен түсіріп көзін жұму арқылы балалар тапсырмаларда үлкен жетістіктерге жете отырып 1-2 минут ішінде бірнеше тапсырмаларды орындай алады. Және де бұл тәсілді әр кезде әр уақытта қолдана беруге болмайтынын айтқан. Ал оқу материалды басқаша түрде ұйымдастыруды талап етеді, және тек қысқа формада. Әрбір шығармашылық мұғалім, ең алдымен, бұл тәсілдің өзіндік орындауын таба алады, сонымен қатар қандай сабақта, қандай материал кезінде қолданылуға болатынын өзі анықтайды.

Амонашвили бұл тәсілді сабақ кезінде қалай қолданғаны жайлы былай деп жазады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.А.Амонашвилидің ізгілік педагогикасы
5 сыныпта қазақ тілін ізгілендіру технологиясы арқылы дамыта оқыту әдістемесі
Қазіргі педагогикалық технологиялардың теориялық-әдіснамалық негіздері
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Оқытудың қорытынды нәтижесін арттыруда білім беру үдерісін технологизациялаудың рөлі
Зерттеу нысаны мектеп оқушыларын оқыту процесі
6-сынып биология пәнінен «Өсімдіктің өсімді вегетативті мүшелері арқылы көбею жолдары» тақырыбында тірек-сызба технологиясын пайдаланып өткізу әдістемесі
Ш.А.Амонашвилидің педагогикалық көзқарастары
Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту
Жалпы орта мектептерде оқушылардың білімін жетілдіру және оларды белсендендіру үшін оқытудың инновациялық технологияларын қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz