Қазіргі тіл біліміндегі варианттылық ұғымы: варианттылықтың түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
СЕМИНАР 10
ЫСҚАҚ ӘСЕЛ
Тақырыбы: Қазіргі тіл біліміндегі варианттылық ұғымы: варианттылықтың түрлері
Сұрақтар:
Варианттылықпен ұштас ұғымдар
Аймақтық (геогргафиялық) варианттылық туралы
Әлеуметтік варианттылық туралы
Фонология арқылы лингвистикаға инвариант ұғымы кірді, онда фонема инвариант ретінде, ал оның дыбыстық қайта айтылуы вариант ретінде сипатталады. В.М. Солнцев варианттар мен инварианттардың шекарасын өте дәл сипаттап береді, ол лингвистикада вариативтілік (варианттылық) ұғымы екі жақты қолданылады деп жазады: "Біріншіден, кез келген тілдік өзгерушіліктің, модификацияның сипаттамасы ретінде, яғни эволюция нәтижесі болуы мүмкін, түрлі тілдік құралдарды ұқсас немесе бір құбылыстарды білдіру үшін пайдалану". Бұлай түсінген жағдайда вариативтілікті инварианттылыққа қарама қайшы қою қажеттілігі жойылады. Екіншіден, вариативтілік ұғымы синхрониядағы тіл бірліктерінің өмір сүру және қолданылу тәсілінің сипаты ретінде қолданылады. Осы екінші жағдайда, әсіресе фонологиялық зерттеулерде вариантталу ұғымы инвариантты, өзгермейтін ұғым аясында түсініледі. Бұл жерде "вариант" терминіне "инвариант" термині сәйкес келеді. Вариативтілік туралы осы екінші ұғымды қолдану кейіннен фонологиядан лингвистиканың басқа да салаларына ауысты. Вариант және инвариант ұғымдарын кез келген тілдік бірліктерге ауыстырған Л. Ельмслев болатын.[ 2]
Тілдік құбылыстарды зерттеуші маман-теоретиктердің пайымдауынша, варианттылық жалпы тілге, тілдік жүйеге тән қасиет, екінші сөзбен айтқанда, тілдік бірлік-тұлғалардың баршасы вариантты болып келеді. Мұны түсіну үшін, алдымен вариант пен инвариант деген терминдердің мағыналарын біліп алған жөн. Вариант деректі ұғымды атайды, ал инвариант сол ұғымды білдіретін дерексіз дүние, біркелкі, ұқсас объектілердің ұғымдық түпатасы. Айталық, т фонемасының қолданыста бірнеше варианты бар: қатаң айтылатын (ат дегендегі), жіңішке айтылатын (ет дегендегі). Бұл жерде т фонемасы - инвариант, ал оның қолданыста жуан, жіңішке, келте, созылыңқы деген сияқты көріністері (айтылуы, естілуі) - варианттар. Вариантинвариант деген танымдар о баста фонология атты тіл білімі саласында дүниеге келген-ді. Мұнда фонеманың (дыбыстың) өзін инвариант (ортақ түбі, түпатасы) деп, ал оның қолданыстағы түрлерін сол фонеманың варианттары деп тану орнықты. Бұл таным бірте-бірте тілдің грамматика, лексика сияқты өзге қаттауларына көшті. Фонологияда: инвариант - фонема, вариант - аллофон, фон; лексика саласында: инвариант - лексема, варианттар - лекса, аллолекса; морфологияда: инвариант - морфема,вариант - алломорф, морф деген ғылыми терминдермен атала бастады. Демек, жалпы тілге қатысты қарағанда, варианттылық дегеніміз - тілдік жүйеге тән табиғи құбылыс болып танылады.[1;38]
Варианттылық тілдің барлық қаттауында орын алады екен, сондықтан оны:
1) лексикалық немесе сөз варианттары;
2) грамматикалық варианттар;
3) лексика-фонетикалық варианттар деп бөліп-бөліп қарастырған жөн.
Сонымен қатар варианттылық құбылысын сөз еткенде зерттеушілер (негізінен орыс тіл білімінде): варианттылықты тудыратын факторлар, оның ішінде тілден тыс тұратындары, варианттылықтың әлеуметтік лингвистика тұрғысынан қарағанда туындайтын проблемалары деген жайттарға көңіл аударуды ұсынады. Бұлардан басқа: ситуативті варианттар, әдеби тіл мен диалектілер тұрғысынан алғандағы варианттылық мәселелері дегендер де зерттеуші назарынан тыс қалмауы керек. Ең соңғысы - тілдік бірлік-тұлғалардың варианттылығын және н о р м а мәселелерін зерттеу ұсынылады. Біздің бұл жұмыстағы негізгі нысанымыз да осы - соңғы көрсетілген проблема.
Демек, вариант құбылысын әдеби норма қырынан қарастырар болсақ, алдымен тағы да кейбір терминдерді айқындап алу қажет. Ол: вариант және дублет терминдері. Зерттеушілердің басым көпшілігі, оның ішінде орыс тіл білімінде де бұл екі сөздің терминдік мәндері бірдей деп қарайды, яғни бірінің орнына екіншісін жұмсау жиі кездеседі. Тепе-тең мағыналас қатарлар болмағанмен, әбден ажыратылып, екеуі екі бөлек тұрақты термин болғанға дейін, осылайша алма-кезектеп жұмсай беруге де болар. Тіл мәдениетіне қатысты бұрынырақ жазған бір мақаламызда біз де дублет терминін жазба әдебиетімізде екі, кейде тіпті одан да көп вариантта қолданылып жүрген жеке сөздер, тұлғалар деген мағынада жұмсаған болатынбыз. Қазақ тіліндегі варианттылық проблемасын арнайы зерттеп, монографиялар жазған И.Ұйықбаев, С.Бизақов сияқты ғалымдар да бұл екі атаудың бір-біріне синоним болып келетінін айтады. Дегенмен оларды айырып жұмсау қажеттігін де ескертеді. И.Ұйықбаев: Вариант сөзінің ауқымы кең жатады, өйткені ол барлық жарыспалы сөздерді қамтиды, ал дублет көбінесе лексикалық-семантикалық дәлме-дәлдікті (аллолекса) білдіру үшін қолданылады деген пікірді айтады. Зерттеуші С.Бизақов А.А.Реформатский, Н.М.Шанский, Рогожникова, И.А.Короленко сияқты зерттеушілердің вариант пен дублет терминдерін орыс тіл білімінде ажыратып қолдану туралы пікірлерін келтіріп, бұл терминдер жайында бірсыпыра толығырақ мағлұмат береді де қазақ тіліндегі еңбектерде бұл екі терминнің ара-жігі ашылмай, қабат алынып келе жатқанын білдіреді. Бұл зерттеуші де вариант пен дублет құбылыстарын бір-бірінен ажыратып танытатын белгілерді атап, фонетикалық дублеттер мен сөздің дыбыстық варианттарына жеке-жеке сипаттама береді.[1;39]
Аймақтық варианттылық дегеніміз адамдардың әртүрлі аймақта, әртүрлі жерде тұруына байланысты туған вариант түрі. Бір Қазақстанның өзінде бір сөздің бірнеше варианттары кездеседі. Мысалы:
бір жұмыртқа сөзін, оңтүстік жерлерінде тұқым дейді;
орталықта қолданылатын шемішке, пісте деп те қолданылады;
сұйқы майды пісте май деп атау кездеседі;
өте,тым,аса-рә; шалбар-сым, таңертең-азанда; тамақ,ас-ауқат;
өзіңнен үлкен әйел адамға әпке,тәте, әпше, апа деп айтылады;
өзіңнен үлкен ер адамға да аға,көке, оңтүстікте тәте деп те атау кездеседі.[3;16]
Әлеуметтік варианттылық
Тілдің әлеуметтік саралануы жалпы тіл білімінде, сонымен қатар тілдік өзгерістің барысы мен болмысын белгілеп отыруры ғылым әлеуметтік тіл білімінде маңызды орындардың біріне ие. Тілдің әлеуметтік стратталуы дәстүрлі түрде тілде страттық жарыспалылық және жағдаяттық жарыспалылық үдерістері арқылы көрініс табады. Тілдік жарыспалылықтың пайда болу бағыты мен қолданылу үдерісін анықтау үшін ең алдымен жарыспалылықтың қай түрінің болмасын жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін тілдік өзгеріс немесе тілдің өзгеру үдерісіне тоқталу керек.
Адамзат қоғамына, дамудың қай кезеңінде болмасын, теңсіздік тән болған. Адамдар тобы арасындағы теңсіздікті белгілі бір құрылымға енгізу, жүйеге келтіру стратификация деп аталады. Қоғамда жүзеге асатын өзгерістер белгілі деңгейде тілдегі өзгерістерге алып келеді. Тіл қоғамдағы жағдайға шұғыл араласып, ол құбылыстарды тілдік бірліктердің жұмсалу нормаларында белгілеп отырады. Осы өзгерістеге сәйкес сол тілде сөйлеушілердің санасы мен сөйлеу мінез-құлықтары да өзгереді. Тілдік өзгерістің басты факторы - қоғамның қоғамдық-саяси саласының өзгеруі. Белгілі бір саяси өзгерістің адамдардың қоғамдық санасының өзгеруіне алып келетіні белгілі. Тіл - әлеуметтік мінез құлықтың формасы. Сонымен қатар тіл - өзге де әлеуметтік үдерістерді тіркеп отыратын сезімтал тетік.
Тілдік мінез-құлықтағы өзгеріс жалпы әлеуметтік дамуға көп әсер етпейді, жеке тұлғаның тағдырына да әсер етпейді. Қайта тілдік мінез-құлықтың формасы сөйлеушінің әлеуметтік жағдайының өзгеруіне орай өзгеріске ұшырайды. Сондықтан тілдің осы жылжымалылығы немесе қозғалмалылығы оның жалпы әлеуметтік өзгерістердің индикаторы ретінде қолданылуына негіз болады. [4]
Тілдік өзгеру ұғымы өз мағынасында екі салаға байланысты: ішкі тарих немесе тарихи лингвистика, яғни тарихи ескерткіштердің негізінде ататілдерді реконструкциялау, сыртқы тарих немесе тіл тарихы яғни, әлеуметтік, экономикалық өзгерістермен байланысты тіл құрылымындағы өзгерістерді зерттеу. Тілдік өзгерістің алғышарты тілдік жылжу үдерісі болып табылады. Өз кезегінде тілдің жылжу үдерісі бірнеше кезеңдерге ие: ең алдымен тілдік жылжу мүмкін болатын жағдаят пайда болады. Одан барып тұтастай тілдік қауымдастық немесе оның кейбір қабаттары (топтары) үстем форманы (немесе тұтастай тілді) қолдануға талпыныс білдіреді. Үстем форманы немесе тілді таңдаудың, қолданудың да өзіндік заңдары мен заңдылықтары бар екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан тұтастай тіл немесе белгілі бір тілдік форма қолданыстан шығып қалуы мүмкін, не тіпті жойылып кетуі мүмкін. Кемінде жүйеге әсер етіп, тілдік өзгеру үдерісіне алып келуі мүмкін. Тіл - әлеуметтік стратификация көрсеткіші. Лингвистикалық тұрғыдан біртекті емес ұжымдардың сөйлеу мінез құлықтарымен танысқан кезде жекеленген тілдер мен диалектілердің шекаралары әлеуметтік топтардың шекараларымен үнемі сәйкес келмейді. Және тілдік жарыспалылық пе тілдердің өзара әрекеттестігін топаралық (әлеуметтік) емес, топішілік мәселелер деп қарастырған жөн. Бір тілдік ұжымның ішінде қалдықтық топтар, өзге топтардың тілдерінен әлдеқашан шығып кеткен формаларды сақтап қалған топтар және инновацияға жақын, сөйлеуінде жиі өзгерулер болып тұратын топтар болуы мүмкін. Осынай топтардың барлығының сөйлеу мінез-құлықтарын әлеуметтік сипаттамаларымен бірге салыстырмалы зерттеу қоғамдағы тілдік өзгерулердің үдерісін бейнелей алады деуге болады [4] .
Мұндай зерттеулерде антропологтар қолданатын бақылаушы эксперименттер, сондай-ақ сауалнама, кірістірілген байқау пайдаланылады. Зерттеу нысаны ретінде тілдік формалар алынғанымен бұл формалардың дистрибуциялары әлеуметтік категориялар арқылы бағаланады. Осы сынды кез келген зерттеудің негізінде тілдік формалардың диффузиясын меңгеретін үдерістер туралы теория жатады. Көп ғалымдар осы тептес зерттеулерде қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздің фонетикалық варианттары
Көркемдік тәсілдер арқылы жасалған фразеологизмнің лексикалық варианттары
Тілдік норманың қалыптануы
Тілдік норма
М.О.Әуезовтің Абай жолы роман-эпопеясының бірінші кітабындағы фразеологизмдер
Лексика - семантикалық, фонетикалық - орфограммалық және грамматикалық варианттардың ерекшеліктерін саралап көрсету, нормадан ауытқу немесе сай келу заңдылықтарын талдау және варианттарды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру
Сөздің варианттылығы тілдің табиғи ерекшелігінен туған лексика грамматикалық құбылыс
Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдердің құрылымы
Сан компанентті фразеологизмдер
Жетімнің құрсағы жеті қабат
Пәндер