Көлік логистикасындағы ақпараттық технологиялар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Орындаған: Нарымханов Саят
Көлік логистикасындағы ақпараттық технологиялар
Жоспары:
1. Бөлім
2. Бөлім
3. Бөлім

Логистиканы, ерекше көлік логистикасын, ақпаратты технологиялардың белсенді қолданылуынсыз елестету мүмкін емес. Тасымалдау үрдісінде тауар жеткізу жұмысын ұйымдастыру мен қалыптастыруда қатысушылар арасындағы қарқынды әрі жедел ақпарат алмасусыз, көлiк қызметтерiнiң нарық қажеттiгiндегi шапшаң қадағалану мүмкiндiктерінсiз елестету қиын. Бүгінде тасымалдау операцияларының тиімділігін, тұтынушыларды тиісті сапалы қызмет түрімен қамтамасыз етілуін, коммерциялық шешiмдердiң қабылдануын қолдауда, талдау және жоспарлауда ақпараттық жүйелерді, программалық кешендерді пайдаланбау іс жүзінде мүмкін емес. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың дамуының арқасында, тасымалдау үрдістеріндегі типтік операциялардың автоматтандыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін, логистика көлiк қызметтерiнiң технология жағынан бәсекелестiгi жоғары тауар нарығының қозғалыс ұйымында үстем болатын түрге ие болды.
Брюссельде 2000жылдың май айындағы 27-ші авто тасымалдау қызметкерлерінің Халықаралық (ХКАТ) одағының бүкіләлемдік конгресінде тасымалдау үрдісін тиімділеу үшін ғаламдық ақпараттық технологиялар (мобильдік телефон байланысы, Интернет, мультимодалдiлiк) бизнесінін дамуы мен жетілдірілуінің маңызы баса айтылып өтілді. Сонымен бiрге, мультимодалдiлiк және транспорт логистикасының негiзiнде белсендi iстестiкке көлiк түрлерінiң арасындағы бәсекелестiктен ауысудың қажеттiлiгi туралы қорытынды жасалды. Шындығында, дамудың аталған бағыты жаhанданудың қазiргi тұжырымдамасы мен транспорт логистикасының үйлестiруiнде базистiк болып табылады.
Бұл құралымда көрсетіледі:
− бiртұтас еуразиялық тасымалдау жүйесі (Қазақстанның мультимодальді көлік коридорлары, Еуропадан Қытайға Кавказ арқылы ұлы жiбек жолын қайта өркендету жобасы және т.б);
− интернеттiң негiзiнде бiртұтас ашық ақпараттық кеңiстiк (тиісті жерге жіберудің вертуальды желілері, жүктердi бақылау, көлiк серiктестiктерiнiң ақпараттық қолдауы);
− адамдар мен тауарлардың тиiстi тұтастығын қамтамасыз ететін көлік бизнесін қолдайтын электрондық информациялық - коммуникациялық жүйелерiндегі бiртұтас стандарты.
Барлық заманауи бағыттар тасымалдау қызметтерінің нарық дамуында іскерлік операцияларын қамтитын электрондық әдістерін белсенді қолдануға бейімделген.
Бұл жаңа, ерекше және тиімді электрондық технологиялардың атаулары:e-mobility; e-business; e-logistics және т.б.
Көп жағдайда тасымалдау үрдістеріндегі ақпараттық жүйелер мен технологиялардың енгізілуінің одан арғы жетістіктері келесілермен байланысты:
− Жаһандық еуропа арқылы өтетін тауарларды бақылау мақсатында, Интернет және телематика негізінде, тасымалдаудағы ақпараттық интеграциямен қамту;
− дистанциялық есеп айырысу нысанылары бар жоғары жылдамдықты , ақылы магистральдардың желiсiнiң дамуы;
− көлік және көлік қызмет көрсету кәсіпорындары арасындағы ішкі және сыртқы құжат алмасудың жетілдірілуі;
− Интернетте тұтынушы (клиет) мен жеткізушілер арасындағы өзіндік ұйымдастырылған үрдістерді (өзіндік сұраныс жасау қызметі) қамтамасыз ету үшін, виртуальды желілерде көлік-экспедитор агенттерін құру;
− шекараларда тұрып қалатын мәселелерді шешу үшін белсенді , электронды құжат (EDI) айналымына негізделген Green Custom (жасыл кеден) технологиясын енгізу;
− Интернет-технология тұғырындағы тұтынушылары бар көлік -қызмет көрсетуші және тауар өтдіруші кәсіпорындардың ақпараттық интеграциясы ;
Дегенмен, коммерциялық қызметтiң жартылай информатизациясына қатысты оңтайлы түрлері, бүгiнде ресейлiк көлiк серiктестiктерiнде (мысалы, құжат айналымының автоматтандырылуы) қол жетімді, әрі жұмыстың тиімділігін арттыру жағдайын қамтамасыз етеді.
Көлік логистикасындағы табанды ақпараттық мәселелер келесi бағыттармен анықталады:
− жекеменшіктердің түрлері бойынша динамикалық өзгеріп отыратын, кәсіпорындардың диверсификациясы, көлiк қызметтерiндегі нарықтың ашықтығының күрделенуі және жоғарылатуымен ақпараттық ағындарды зерттеу;
− кәсіпорынды автоматты басқару үшін программалық жүйелер мен ақпараттарды өңдеу;
− көлiк, экспедитор және агенттiк серiктестiктердегi бизнес-жоспарлау есептерінiң шешiмi үшiн программалық - технологиялық кешендердiң әзiрленуi;
− көлiк үшiн жылжымалы байланыс жүйелерiнiң жетiлдiрілуi;
− ұйымдардағы интернет- технологиялар, тасымалдау үрдістерін басқару және жабдықтау;
Интернет желілерінің дамуы және көптеген виртуальды жұмыстардың белсендігінің артуы арқасында тауарларды соңғы тұтынушыға дейін жеткізу қызметі, транспортты -технологиялық түрге негізделген, ақпараттық және қаржы түрлеріндегі операциялар негізінде әбден нақтылана түсуде. Бұл логистика күшінде барлығы тығыз байланыста және күрделі жеткізу жобаларын тауарларды, ресурстарды бөлуде және әзірлеуде жиі ассоциацияланады. Мұндай жобаларды әзiрлеу және сату бойынша орталықтар құрылады. Және де жобаның заттық саласы әртүрлі болуы мүмкін, көлік-экспедиторлық компаниялардағы басқару жүйелерін әзірлеуден бастап, басқа елде, басқа континенттегi көрмелердің ұйымдастырылуына дейін қатысады. Басқаша айтқанда, қазіргі күндегі Интернет желілеріндегі ірі логистикалық жобалардың ұсынысының, ақпараттық, бағдарламалық-техникалық орталықтардың және фирмалардың жариялануы жаңа логистика дамуының және көп жағдайда көлік логистикасының жаңа кезеңінің басталғанына куәгерлік етеді. Бұл кезең Интернет-технологиясының классикалық логистикада кең қолданылуын ғана емес, сонымен қатар логистикалық жобалау саласындағы зерттеудің белсенділігін, реновациясын және логистикалық байланыстың өздігінен қамтамасыз етілуін сипаттайды. Жаңа сәтті жалпылаулардың бірі, дәстүрлі көлік логистикасын қалыптастыратын бағыттаушы ретінде макро уақыттық концепциясы көлік-логистикасының өмірлік циклы болып табылуы мүмкін.

Қазіргі уақыттағы логистиканың жағдайы және даму құрылымының өзі, осы сфераға компьютерлік технология бизнесін енгізудің арқасында жылдам дамыды.
Логистиканың даму концепциясының көбісі, солардың бірі SDP, JIT, DDT және т.б. , олар жылдам әрекет ететің компьютерлер, есептегіш локальды тораптар, ақпараттық программамен қамтамасыз ету және телекоммуникациялық жүйелерді қолдану арқылы қызмет етеді.
Логистика жүйесіндегі элемент аралық және ішкілік циркулияцияланатың әртүрлі ақпараттық ағымдар сыртқы орта және логистика жүйесімен бірге кең көлемді ақпараттық логистика жүйесін құрады, олар интерактивті құрылым, персоналдан тұратын, қоңдырғылар мен процедуралар, байланысқан ақпаратпен қосатын, логистикалық менеджментті қолдануды жоспарлауға арналған, реттелуі, бақылау мен логистика жүйесін функцияландыратын анализдер ретінде анықталып отыруы мүмкін.
Өңдірістегі басқару сферасына логистиканың кең көлемде ену дәрежесі материалды ағымның компьютермен басқарылуына негізделген. Компьютер әртүрлі мамандықтағы жұмыскерлердің күнделікті еңбек құралы болды, олар оған жүгінуді үйренді, оған сенді.
Компьютердегі программалар әрбір жұмыс орнында ақпаратты өңдеудегі қиын сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді. Микропроцессор техникасы позициялық жүйедегі материалды ағымдарды басқаруға, сұрыптаумен қамтамасыз етуге және логистика жүйесіндегі түрлі қатысушылар арасындағы ақпаратты үлкен көлемде алмасуға мүмкіндік береді.
Ұйымдағы логистиканың функциясы негізгі программалық жұмыстарға бағытталған:

Программалық тапсырманы орындауды анықтауға арналған техникалық құрылғы;
Қажетті көлемде қаржылық және еңбек ресурстарына сапалы талапты құрастыру;
Программалық тапсырманың базалық құрылу әдісін анықтау;
Программалық тапсырманың ұйымдасқан формасын таңдау;
Жұмыстарды орындайтын модел торабын құру;
Іс - әрекет мотивациясы мен бағалауды сынайтын жүйені жаңадан өңдеу;
Бағалауды ұйымдастыру, жұмыстың бағасы мен есебі;

Өңдірісте және ағымды коммерциялық жүйеде барлық жағдайлар жасалынған кезде ғана логистика жүйесі эффективті болады. Бұл мәселе ақпараттық базисті құру арқылы шешіледі. Мұнда маңызды шолуларды кірістіруге болады (тапсырысты жоспарлау, жеткізу, өңдеу, күту, мерзімді сақтау ). Өңдірісте бұл мәліметтерді жинау үшін арнайы датчиктер және өлшегіш құрылғылар болады, олар көлемін, сақталу мерзімін бақылап отырады. Логистика жүйесі өзінің есептеу торабына келесі талаптарды қойды:

1. Тез және сенімді, транспорттық көліктер жайлы, өңдірістік құылғылыр жайлы ақпараттарды жинау;
2. Шешім қабылдауға көмектесетін, ақпараттық жүйедегі ішкі өңдірістік құрылымдарда әрқашанда өңдірістік процесс жайлы ақпарат болады.
Қазіргі таңда серіктестер арасында қағазсыз ақпарат алмасу технологиясы тарап жатыр. Арнайы байланыс каналдары арқылы тауар жайлы толық ақпаратты, қажетті жіберілген бірлігінде, толық реквизиттері жіберіліп отырады. Осындай байланыс жүйесі арқылы әрбір бөлімшеде тауар жайлы толық ақпаратты жылдам, тез алуға болады. Логистика жүйесі тауар жіберушіге файлға кіруге мүмкіндік береді, олар транспорттық қызметтің жағдайын және транспорттық тиуді бейнелейді. Қағазсыз ақпарат алмасу технологиясы арқылы сатып алушы керекті тапсырыстарын алдан ала жасай алады.
Логистика терминінің ең көп кездесетін синонимдерінің тізімі төменде келтірілген. Біздің ойымызша, түрлі терминінің қолданылуы зерттеушінің талғаныма байланысты және логистикалық процестің жеке жақтарына көңіл бөлуді қалаумен түсіндіріледі. Бұл жағдайда көрсетуге болатыны физикалық бөлу терминінің қолдануы, ол батыста 1970-ші жылдардың ортасына дейін логистика түсінігінің синонимі ретінде қолданылып келеді, ал қазіргі уақытта біріккен логистиканың кешенді функцияларының бірін білдіреді және дистрибьюция терминінің синонимі болып табылады. Шетел әдебиеттерінде кеңінен қолданылатын логистика терминінің синонимдері:

физикалық бөліну;
маркетинг логистикасы;
материалды менеджмент;
логистикалық инжинеринг;
өнеркәсіптік логистика;
бизнес логистика (коммерциялық логистика);
логистикалық менеджмент;
біріккен логистикадағы менеджмент;
жабдықтау менеджменті;
логистикалық арна менеджменті;
бөлу менеджменті;
логистикалық тізбек менеджменті (жабдықтау тізбегі);
уақытқа негізделген менеджмент;
біріккен дистрибьюция;
жабдықтау тізбегінің логистикасы;
қызметке жауапты логистика;
біріккен логистикалық тізбектегі менеджмент.

Логистика біршама жас және белсенді дамушы ғылым болып табылады. Оның түсініктеме аппаратына және терминалогиясына қатысты көптеген сұрақтар әр уақытта нақтыланып, жаңа мәнге ие болып, өзгеріп отырады. Осыған байланысты логистика өткен тарихи жолды қарастыру, қазіргі сатыдағы жағдайын бағалау және шетел мен біздің елдегі оның даму келешегін бағалау қызық.

Тарихта әлемдік темір жолдар тиісті инфроқұрылымдары бар, барлық пайдалану және басқару қызметтерін атқаратын және көлік қызметтер нарығында қандай қызметтерді көрсетуді біржақты анықтайтын ұйымдар ретінде дамыды. Мұндай даму уақыт жағдайын нақты белгілейді. XIX ғасырда жер бетіндегі көліктің ең басым түрі ретінде темір жолдар, шын мәнінде, тұтынушылардың таңдау мүмкіндіктернінен тәуелсіз қызмет түрлерін және нақты шығындардан гөрі, көп дәрежедегі сала ішіндегі бәсекелестікке байланысты тарифтерді оларға еріксіз таңды. Темір жол қызметін реттейтін мемлекеттік құрылымдардың бар болуы, тіпті көліктің бәсекелес түрлері нарыққа шыққан ездің өзінде, темір жол монополиясы бар деген түсінікті көптеген елдерде сақтап отырды.

Елдердің көпшілігінде темір жолдағы біртұтастығына (аумақты бөлімшелерді бір орталыққа бағындырып басқаруға.алғашқыда қолайлы болған өндіріс жағдайлары, нарығы және саяси тенденсиялары өзгереді. Темір жол көлігінде қолданылатын технологиялары дамып және жетілдіріле отырып бір сала ішіндегі шеңберден шықты. Инфрақұрылымның құрылысы мен қызмет көрсету, оны пайдалану, басқару, тіпті экономикалық ойлардан туындаған да көп дәрежеде сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүк тасымалдаудың динамикалық ақпараттық үлгісі
Қойма логистикасындағы ақпараттық жүйелерді дамыту шаралары
Техника және электротехниканы тасымалдауды орындайтын логистикалық компания
Көлік жүйелерін жетілдіру
Тарату логистикасы
Шикізат және бастапқы материалдар қоймасы
Логистикалық жобаларды басқару
Кәсіпорынның логистикалық тұжырымдамаларының мәні
Автокөлік тасымалдаудың техникалық сенімділігін қамтамасыздандыру
Жүкті тасымалдау уақыты
Пәндер